Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі

мАЗМҰНЫ                                                                                                                              

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3-4 бет

І тарау. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ ...................................................................................................................................5-14бет

1.1.Патриоттық тәрбие  ұғымының  мәні және оның  педагогикалық 

      еңбектерде  зерттелу  жағдайы..........................................................................5-9 бет

1.2.Бастауыш  мектеп оқушыларында  Қазақстандық патриотизм  

       сезімін  қалыптастырудың маңызы...............................................................10-12 бет

ІІ тарау.   БАСТАУЫШ   МЕКТЕП   ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ   ҚАЗАҚСТАНДЫҚ   

ПАТРИОТИЗМ  СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ................................ 13-31бет

2.1.Оқу – тәрбие  процесінде  бастауыш мектеп оқушыларының  Қазақстандық патриотизм  сезімін қалыптастырудың  шараларын  жүзеге  асыру жолдары мен құралдары...............................................................................................................13-22бет

2.2. Бастауыш мектеп  оқушыларының Қазақстандық   патриотиз сезімін қалыптастыруда тәжірбиесі ............................................................................... 23-26бет

 

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................... 27-28бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................................29бет

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда тиянақты  білім беру  жүйесінде  оқушылырмен  тәрбие жұмысын  дамыту  басты  мақсат  болып отыр. Осыған  байланысты  мектептің  алдына қоятың ең басты  мәселелердің  бірі - өркениетті,  прогрешілдік  қасиеті мол, сондай – ақ  ұлтық тілін  жоғалтпаған, өзге елдердегі  замандастарымен  тең  дәрежеде  бәсекелесе  алатын биік, өрелі, терең білімді  ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

Тәрбие – қоғамдық үрдіс,  қоғам мен  жеке  тұлғаның арақатынасы  қамтамасыз ететің басты  жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті  тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін  және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған  іс- әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті  – қоғамның қажетті талаптарын  әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадыр- қасиет сияқты биік адамгершілік  стимулдарына айналдыру.

Патриотизм мәселесі қай заманда болмасын ерекше көңіл  бөлетін тәрбие  мәселелерінің  бірі еді. Қай ұлт педагогтары  болмаса да олар патриотизм мәселелерін  өзінше зерттеу жүргізген. 

Орыс педагогтары Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластелин,В.П Каширин де патриотизмге  өзінше талдау береді.

Патриоттық тәрбие оның  ішінде қазақстандық патриотизмді мектеп оқушысының бойында қалыптастыру қазан  төңкерісіне дейін  арнайы сала болып  зерттелмегенімен қазақ даласының  ұстаздары  аталған ойшылдарымыз (Әл-Фараби,М.Қашғари, Ж.Баласағұн) бен жыршы- жырауларымыз(Шалкиіз, қазтуған,Тәтіқара,  Ақтамберді)  тағылымдарында халық батырларының (Есет батыр, Исатай батыр, Сырым  батыр ) ерліктерінде, ұлы ағартушымыз (Абай, Шоқан,  Ыбырай) шығармалары мен  еңбектерінде Отанды сүю, елді қорғау,ерлік, елдік  істері жайлы біршама  тұжырымды  пікірлер айтылды. Қазіргі кездері де патриотизм мәселесі терең зерттелуде. Көрнекті ғалымдарымыз, аға ағартушыларымыз, оқытушыларымыз, педагогика ғылымдарының кандидат, доценттеріміз де партиоттық тәрбие мәселелерін зерттеуде. Олар:С.Әбілдина, Г. Белгибаева, С. Темірғалиева,  А. Иманбетов, 

М. Жаздықбаев,О.Б. Шарипова, Р.Шәдібекова,Р. Нұрмұхамедов, Р. Джанабаев, С. Берғалиева,  С. Иманбаева, Н. Мухамединова.

Қазіргі танда әсіресе, көп көңіл бөлінетін  мәсенле  Қазақстандық патриоттық тәрбие беру   жұмысын жандандыру, адамгершілік тәрбиені  күшейту.

Оқыту тәрбиеден бір  елі де бөлінбейтін біртұтас процесс. Сондықтан тәрбиені оқытудан бөліп  алып,  сынып сағатына сыра беруге болмайды.        

  Әл – Фарабидің:«... Адамға  ең бірінші  білім емес, рухани  тәрбие берілуі керек,  тәрбиесіз берілген білім – азаматтың  қас жауы, ол келешекте  оның барлық өміріне  атап әкеледі», - деген сөзі  сабақты  ұйымдастырудағы  басты мақсат – оқушының  жан – дүниесін  түсіну екенің мездейді.

Еліміз  тәуелсіздік  алғаны жас ұрпақ патриоттық сананы  қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс- әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша, мен  мектептердегі  оқу-тәрбие процесіндегі  патриоттық тәрбие  беруді жетілдіру  қажеттілігі  туып отыр. Сондықтан , жас ұрпаққа  патриоттық  тәрбие беруде  бұрынғы тәжірбие  мен бүгінгі  практиканы және  болашақ  жоспарлады  байланыстыру қажет.  Сонда ғана  балалардың  бойында  ұлттық патриотизм  сезімін  қалыптастыруға қорл жетеді. Ұлттық патриотизм  жеке тұлғаның  өз халқына деген  сүйіспеншелігі . Әрине, ол  адамның ерекшелігі, тегі, қоныстанғакн мекені,  тарихи дәстүрі сияқты  категорияларға  байланысты  әртүрлі денгейде  көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани  ерекшеліктерді  білу, оны  қалыптастыру – патриоттық  тәрбиенің негізгі  мақсаты.

Зерттеудің  мақсаты:  Бастауыш сыныптағы патриоттық тәрбие   берудің жолдарын анықтау.   

Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні:  Бастауыш мектеп оқушыларына Қазақстандық патриотизм тәрбиесін беру мәселесі.

Зерттеудің  міндеттері:

          - Патриоттық тәрбие  ұғымының  мәнін ашу және оның  педагогикалық  

                 еңбектерде  зерттелу жағдайын  қарастыру.

- Бастауыш  мектеп оқушыларының Қазақстандық патриотизм  сезімін

     қалыптастыру  жолдарын  көрсету.

Зерттеудің  болжамы:

Егер  сабақтың  мазмұны   және  оқушылардың  жас ерекшелігіне сәйкес

сабақтан тыс жұмыстар жүйесі анықталса, онда бастауыш сынып  оқушыларында Қазақстандыцқ патриотизм  сезімін қалаптастыру тиімді жүзеге асады, өйткені ол  бала бойында өз отанына, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға  негіз болады.

Зерттеу  әдістері. Философиялық,  педагогикалық әдебиеттерге  талдау жасау,  озат тәжірбиелерді  зерделеу.

Курстық  жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған  әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ

 

1.1. Патриоттық тәрбие ұғымының мәні және оның  педагогикалық  әдебиеттерде зерттелу жағдайы.

 

«Отан -  отбасынан  басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі  - Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала  - бір ғана  отбасы ғана емес,  күллі қоғамның  келешегі. Бір сәт «Ел боламын  десең,  бесігінді түзе » деген даналық  сөзінің  мәніне үңілсек, бала  тәрбиесіне  болашақ  шағынан – ақ  көңіл бөлу  міндеті  тұрғанын  аңғару қиын емес.

Өсіп келе жатқан  жас  ұрпаққа  шежірене үйретудің  Отанға деген  сүйіспеншілігін  арттыруда  орны  ерекше. Бұрын балаға 7-9 жасында  әкесінен  бастап,  ағайын – туысын,  нағашы жұртын, алыс – жақындарын  таныстыруға, ата – тегін, руын,  ел – жұртын білдіруге ерекше көңіл  бөлінген.  «Жеті атасын білу»  заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі  балаларының атын  жаттатып  қана қоймай, олардың   қандай адам  болғанын,  ел – жұртын үшін  жасаған  ерлігі, өнегелі істері жайыеда әнгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін  жалғастырса екен деген мақсат көздеген.

«Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына  ата тарихын  жастайынан  жаттатқан. Ел – жұрт тарихын  білу ер азататты елдікке, Отанын сүюге  баулитынын білген. 

Отан сүйгіштік  сезім  өрге  бастайтынын  өз ұлтымыздың  тарихы да талай  дәлелдеп  келеді. Кейде шіркін бір өзіне  бірнеше  мемлекет сыйып кететін  ұлан – байтақ  жерді  ата – бабамыз сан ғасырлар  бойы қанаттыға қақтырмай  тұмсықтыға  шұқтырмай  қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында да талай зобалан кезеңдерді  бастан кешірген  қазақ жері «Найзаның ұшымен, біліктің  күшімен »  өз жер көлемін сақтап қалған.

Ғылыми деректерге зер  салатын болсақ, патриотизм  немесе отансүйгіштік  ұғымы ХҮ ғасырдың  басында  француз  халқының  ұлттық батыры Жанна д, Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін  басшылармен  күресіп,

 өз Отанының дербестігін   сақтап қалуды  көздеген ұлы   жеңістің  нәтижесінде  пайда  болды десек, артық  айтпаған  болар едік. Басқа да елдердегі   патриотизм  де француз еліндегідей   сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі  жаман пиғылдарға қарсы  күрес  тұрғасынан  сипатталады.

Патриотизм  терминің  мағынасын айқындауда  психологиялық, философиялық, педагогикалық тұрғыда  зерттеу барысында  әр кезеңде  туындаған патриотизм  ұғымына  талдау  жүргізейік.  Қазақ елінің ұлы географы, ғалым, жазушы Ш.Ш. Уәлиханов патриотизм  ұғымына мынадай түсініктеме береді: «Менің патриоттық сезімін ірбіт сандығындай»(матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең  алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел- жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін»- деген екен. Тағыда да сол сияқты Ұлы  Отан соғысының ардагері, халық батыры Бауыржан Момышұлы  да патриотизм  ұғымына талдау жасады. Оның тұжырымы бойынша «Патриотиз- Отан (мемлекетке) деген сүйіспеншілік және адамның аман-саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті  нығайту дегеніміз жәке адамды күшейту екенін мойындау, патриотизм, мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның  өткенімен бүгінгі күнімен және  болашағымен қарым- қатынасты білдіреді». Сол сияқты тағыда философиялық сөздіктерде, педагогикалық энциклопедияларда және қазақ кеңес энциклопедиясында да, патриотизмге анықтама берілген.  Қазақ  кеңес энциклопедиясында мынадай мағынада түсіндіріледі.

Патриотизм- (грек  patriotes- отандас, patris-Отан, туған жер)- Отанға даген сүйіспеншілік, бойындағы  күш- қуатты мен білімін Отан игілігі  мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тіліне елдің әдеп- ғұрпы мен дәстүрін  құрмет тұту сияқты. Патриотизм  элементтері ерте  заманнан бастап-ақ  қалыптаса бастайды. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да  таптық,  өйткені әрбір тап Отанға деген ниетін  өз мүддесі тұрғысынан бейнелейді.

Патриотизм- 1918-1920 жж.  Азамат соғысы  интервенция жылдары  және  1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы кезінде  айқын көрінеді. Өйткені бұл соғыста  адамдардың   еліне,Отанына, халқына, туған жеріне  деген  сүйіспеншілік  сезімдері  айқын дәлелденген, олар сол  үшін құрбандыққа барған, бұл  нағыз патриоттық сезімдер.

Ал философиялық сөздіктерде  Патриотизм- (грек  сөзінен  patris- Отан)  адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны- отанға сүйіспеншілік  оған адалдық  оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға  құлшыныс. Патриотизм- адамның мыңдаған жылдар бойы  бекіген ең терең сезімінің бірі, Туған жерге, тілне, салт дәстүріне  адал болып, олардан қол үзбеу түрінде   патриотизмнің тарихи  элементтері  көне заманда-ақ   қалыптаса бастаған.  Ал  педагогикалық энциклопедияда  Патриотизм Отанға, туған жерге,  өзінің  мәдени  ортасына  деген сүйіспеншілік.

Орыс педагогтары Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А Сластелин, В.П.Каширин  де  патриотизмге  өзінше талдау береді.

Бабанский Патриотизмді әдетте Отанға  сүйіспекншілік деп атайтын, нақты  бір әрекет  бейнесінде және  қоғамдық сезімдердің  күрделі жиынтығында  көрініс беретін, балалардың Отан анаға  дегене  көзқарасын сипаттайтын  қоғамдық  адамгершілік принцип. Ал Лихачев «патриотизм  өзінің Отанына, оның мәдениетіне, дәстүріне  деген  шексіз сүйіспеншілік, жеңістеріне деген мақтаныш, өз мемлекетінің экономикалық және саяси қуатын арттыруға бағытталған әлеуметтік  белсенділік, Отанының,  оның бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тән»деп санаған. Және сол сияқты педагогтар В.А Сластелин, В.П.Каширин де «Патриотизм  тұлғаның  бойындағы Отан үшін қызмет  етуге дайын, шын  берілген, Отанға деген сүйіспеншілік қасиет. Патриотизм  өз Отанына және  отандастарына  сүйіспеншілік  және  құрмет мұраты, ал интернационализм  басқа халықтар мен елдерге деген  құрмет пен бірлік  мұраты».

Патриоттық тәрбие оның  ішінде қазақстандық патриотизмді мектеп оқушысының бойында қалыптастыру қазан  төңкерісіне дейін  арнайы сала болып зерттелмегенімен қазақ даласының ұстаздары  аталған ойшылдарымыз (Әл-Фараби,М.Қашғари, Ж.Баласағұн) бен жыршы- жырауларымыз(Шалкиіз, қазтуған,Тәтіқара,  Ақтамберді)  тағылымдарында халық батырларының (Есет батыр, Исатай батыр, Сырым  батыр ) ерліктерінде, ұлы ағартушымыз (Абай, Шоқан,  Ыбырай) шығармалары мен еңбектерінде Отанды сүю, елді қорғау,ерлік, елдік істері жайлы біршама тұжырымды пікірлер айтылды.  Қазақ халқының ерлік дәстүрлері, жауынгер ұл- қыздарының батырлығы, қазақстандық патриотизм идеялары, бірқатар көркем шығармаларда кеңінен мазмұндалған («Б. Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов,

С.Сейфулин, І.Жансүгіров) халықтық шығармаларының дәстүрлерін  пайдалана отырып, балаларға арнап  өлең-жырлар жазған. Олардың  шығармалары  бала тәрбиелеудегі негізгі мақсаттары  дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып ойын дамыту, елдікке,Отанды сүюге тәрбиелеу.

Жоғарыда  берілген анықтамаларды  сараласақ, әр кезенде де патриотизм  ұғымы Отанға  деген сүйіспеншілік  тұрғысынан қарастырылады. Бүгінгі  жаһандандыру процесс  тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм  ұғымы халықтар мен ұлттардың  өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік  дамытудың тыныштығымен бейбітшілігін сақтау  үшін барлық күш- жігерін   жұмсау.

Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс- тіршілігіне  байланысты патриот халық екенің айқын аңғаруға болады. Бұны  қазақтың тұңғыш  ғылымдарының бірі Шоқан  Уәлиханов  жақсы зерттеген және  өзінің патриотизмге берген ғылыми тұжырымдамасында айқын айтқан. Біз бұл тұжырымадан   патриотизм  от басынан бастау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат  және сол кездегі алдынғы қатарлы елдердің бірі  Ресейді атап кеөрсету де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың  да негізі  екенін көрсетеді.

Ш. Уалихановтың  патриотизм  ұғымына берілген  тұжырымдамасына  сәйкес  моделі.

 

 

 


 

 

 

Б. Момышұлы  мемлекеттік  байлығы және  адам  байлығының  нәтижесінде  құралатынына  тоқтала  келе, өткенгі, бүгінгі және болашақтағы  тарихтың  өзара  байланысы, қарым - қатынасы  арқылы  патриоттық сезімді қалыптастыруға болады дейді.

 

 

 

Б.Момышұлы  патриотизімге  тұжырымдама бойынша моделі.

 

 

Қазақстан халқының  бойындағы  патриотизм  рухын  жетілдіруде ел президентінің  ұлттың  болашағына, оның, өзіндік «Мен» дегізерлік  қасиеттерін  сақтау мүмкіндіктеріне  сеніммен  қарау, - дей келе, ұлттық әрекеттің  аясын үш  түрлі фактор  тұрғысынан, бірінші – ұлттық бірігу (интервенция), екінші  - қазақтың  ұлттық  тұтастануы, үшінші – ұлттың  жасақталу үрдісінде өзінің  рөлі мен қызметін  айқын сезінулері   қажет,

-деген сөзі Қазақстандағы  негізгі идеолоргия – ұлттық  бірлік, экономикалық, әскери, апараттық   дербестікті  сақтауда негізгі орын алара сөзсіз.

 

 

 

 

1.2 Бастауыш  мектеп оқушыларында Қазақстандық  патриотизм сезімін қалыптастырудың  маңызы

Жас ұрпақтың тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына  ие болғанда өз мемлекеттігін  қалыптастыруға  байланысты  бала тәрбиесін  қайта қарау  маңызды міндеттердің  бірі болып отыр. «Қазақстан  - біздің ортақ үйіміз, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен еткен . Егер  біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді  сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір тамшыбақты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда  біз  өзімізді    нағыз   патриот  деп санай алмас едік »,

- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі мемлекетіміздің келешегінің  тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты  осы бастан отанына, атамекеніне  шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетеді.

Қазақстандық  патриотизмнің  қайнар көзі – халықтың береке –  бірлігінде, ынтымақ – ықыласында, елдігімен – ерлегінде екендегінде  ешкімнің  дауасы бола қоймас.  Қазақстандық патриотизм  қоғамды  топтастырудың  жетекші  факторы болып  қала береді. Мемлекетіміздің  беріктігі мен күш қуаты,  өміршендігі  де, оның ұлан байтағының біртұтастығы да Отанды Сүюге, патриотизмге байланысты.

Жас ұрпақтың соның ішінде  төменгі сынып оқушыларының  төл  мәдениетінен нәр алуын ұлттық  факторларымен  тығыз байланысты. Халықтың   құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлекке, азаматтыққа  тәрбиелеудегі  өлең – жырлар, мақал – мәтелдердің  әсері ұтымды  болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Отанына деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру  мәселесі  - бүгінгі  күннің  білім беру жүйесі алдында  тұрған маңызды  міндеттерінің  бірі. Халқымыздың отынсүйгіштік, патриоттық  туралы ұлттық мұрасының даму тарихына  үңілетін болсақ, ХҮ-ХҮІІ  ғасырлардағы  Асан қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспанбет, Шалкиіз, Бұхар, Маханбет т.б. ақын – жыраулардың  поэзияларындағы  тәлімгерлік  ой – пікірлерінен көреміз.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде  ұлттық ерекшеліктерде, халықтың педагогика құндылықтарын  ескере отырып тәрбиелеудің  тұтас жүйесін  жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы – педагогтардың соның ішінде Ш.Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның. М. Жұмабаевтың  және т.б. да маңызды  ой – пікірлері, отансүйгіш, патриоттық туралы қағидалары  қазіргі кезде  өз жалғасын табуда.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек,  тәрбиесіз  берілген білім – азаматтың қос жауы, ол келешекте оның барлық өміріне  атап әкеледі», - депті   

 әл – Фараби  бабамыз. Осыдан өз тағдырын  өзі шешуге қолы  енді жеткен  халқымызға  ұлттық рухани  болмысты  дұрыс қалыптастыру аса қажет  екендігін байқаймыз.

Негізгі білім  бастауышта  болғандықтан, жастайынан  халықтың  тарихи – этникалық  мұрасын, ұлтының  әдет – ғұрып  өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын  қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын тұғызуға оқушыларды  жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп  саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Мектепке келген  баланың  отбасында  бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді  қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде  патриоттық сезімді  оята білу үшін  әрбір мұғалім  жүйе бойынша  белгіленген  нақты  іс – шараларды  аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

Біздің  пікірімізше   жас буынды  соғыс іс-әрекеттерінде  немесе  басқа жағдайда ерлік, отаншылдық істерге бару  үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болу тиіс. Өйткені, қару- жарақты  қанша меңгергенмен, Отаншылдық іс- әрекетке ішкі жан-дүниесі, сана-сезімі дайын болмаса,ел мен жер үшін жанкештілікке  баруы екі талай. Бұл жерде ататектен келе жатқан  ұлттық болмыстағы патриотизмнің орны  бөлек.

Біздіңше, өсіп келе жатқан жас  буындарда Отанымыздағы  әлеуметтік-саяси  құбылыстарға дұрыс  көз қарас қалыптастыра білсек, жаңа мазмұнды сана сезім, іс-әрекет аясында  олардың  жалпы  патриоттық ой-пікіріне  ықпал етер еді. Мұндай ойды толығымен келтіріп  отырған себебіміз- бейбітшілік жағдайында патриотизмнің сипатын көрсету.  Бұны  жай ғана күнделікті   өмірде  қарапайым  ұсақ- түйек деп қарауға болмайды. Сол  үшін  бүгінгі таңда Қазақстандық патриотизм сезімін  қалыптарудың басты міндеті-ол оқушылардың  ана тілінде сөйлеуі, балалардың   ұлттық   тәрбиені алуы, ұлттық мінез, жүріс- тұрыс бойларында қалыптастасуы, ізет, құрмет, қайырым, мейірім т.б. сезімдерін дамыту. Қала, жер- су аттарын  өз атауымен атауы, ұлттық- мәдениетті  бәрінен жоғары тұтуы, қазақ  өнеріне  ден  қою секілді  толық жатқан ірі- ұсақ нәрселерді ескерген жөн.

Қазақстанда  120-дан  астам  ұлт өкілдері  өмір сүруі   қазақ ұлтының біртұтас мемлекет екені жоққа шығармауы  бала  бойында қалыптастыруымыз тиіс. Сондықтан Қазақстан Республикасында ең алдымен сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірегейлігін  сақтап, дамытуға қызмет етуге тиіс екенін  түсіндіруіміз және  қалыптыстыруымыз маңызды. Бұл біздің Қазақстандық патриотизмдік ұлттық  патриотизге негізделуі  керек екенімізді  дәлеледейді. «Ел болам десең, бесігінді түзе», -деді  ұлы  жазушы М. Әуезов.

Біздің   халқымыздың  тәрбие- тәсілдерімен тәжірибелері көп. Халқымыздың  ғасырлай бойы қалыптасқан  салт- дәстүрлері, әдет-ғұрып  үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елің сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Оқушыларды  өз елін туған  жерін қорғауға және оны сүюге  баулап, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін  азаттық  үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіді жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында  елтану  материалдарын, белгілі қоғам қайраткерлерінің  өмір деректерін көптеп  қолдану, елжандық сезім тереңдететіні сөзсіз.

Қайдай мемлекетің де ертені еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың тағдыр-тәлейінің қалай  қалыптасқанына байланысты. Сондықтан   мектепте  соның  ішінде бастауыш сыныптар тәрбиесінің басты  міндеті- ұлттық және жалпы   азаматтық  құндылықтарды игеру  қабілеті, ғылыми  және тәжірибе жүзінде терең білім ала  отырып, жеке тұлға болып  қалыптасуға  дайын ұрпақ тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. БАСТАУЫШ  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ   

      ПАТРИОТИЗМ  СЕЗІМІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ЖОЛДАРЫ 

2.1. Оқу - тәрбие  процесінде бастауыш  мектеп оқушыларының патриоттық сезімін  қалыптастырудың шараларын  жүзеге  асыру  жолдары мен құралдары

Әр елдің болашағы сол  халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталғандықтан,  оқу жүйесін  неғұрлым тиімді құра білу  қажеттілігін қай  кезенде де  өзекті мәселе  болып қалмақ.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы Заңыңда»  әр баланың  жеке қабілетіне қарап  интелектуалдық дамуы, жеке адамның  патриоттық сезімін   Отанға деген сүйіспеншілік дамыту мәселелері мемлекеттің білім саясатының ұстанымы екендігі атап көрсетілнен. Бұдан өкімет саясатывның Қазақстандағы білім ісін әлемдік білім кеңестігімен үйлесімді джамуын кездесетіндігі байқалды.

Бастауыш мектепте сабақтың мәні мен мазмұнын анықтау, оның тиімділігін  арттыру, Я.А. Каменский еңбектерінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін көкейкесті мәселе болып отыр. Білім беруді  ізгілендіру барысында  жеке тұлғаны дамыту  патриоттық сезімін  ояту бірінші орынға  қойылды.

Бастауыш сынып оқушыларын  шығармашылыққа баулу үрдісін ұйымдастыру  арқылы патриоттық тәрбие беру мәселелерін әдіскер ғылымдар  С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Ә. Қоңыратбаев, зерттеуші – ғылымдар С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Б.Т. Қабатай, Қ. Бозжанова, Х. Арғынов Ғ. Сулейменов т.б.  өз еңбектерінде қарастырылған.

Білім мен тәрбие беру процессіндегі  күрделі  өзгеріс тердің нәтижесінде оқулықтар мазмұны қайта қаралып, жаңаша тұрғыда толықтырып жазылды.

Оқу бағдарламаларын , оқулықтарды, оқу - әдістемелік құралдарын зерделеп шықсақ қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, әдеп , музыка, бейнелеу  өнері сабақтарында халықтық педагогиканы негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру жағына назар аударылған.

Бастауыш сыныптардағы  оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән- ана тілі. Ана тілін үйрету-сөздерді  түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, тіл заңдарын білу, соңымен  қатар, бала Отан туралы ұғым, туған жер, атамекен  туралы мәлімет, тарихи тұлғалармен танысып, ата – дәстүрін меңгереді.

Оқушылардың танымдық қабілетін  арттыру,  Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, азаматтық  борышын сезінуге баулу  мақсатында бастауыш  сынып оқулығынан орын алған көптеген мавтериалдарды меңгертудің, оқу сабағының басқа сабақтармен байланысын іске асырудың  бірнеше тәсілі бар. Мысалы 3 сынып оқулығында Б. Ысқақовтың «Сенің Отаның» атты  өленін диафильмдер, үнтаспалар, Қазақстанның картасын, Қазақстандағы облыстардың экономикасы мен  мәдени  тұрмысын  бейнелейтін суреттер, альбомдар қолдана отырып,  сабақты өте  қызықты етіп  өткізуге болады. Қазақ  халқының мәні зор  ой  толғаныстары  бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс  терминдерде, жұмбақ, жанылтпаштар мен мақал –мәтелдерде  көптеп кездеседі. Мұндағы  ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні- адамгершілік–имандылық, ақыл–ой, еңбек, эстетика, дене- патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Қазақ  халқы  бала тәрбиесімен арнайы айналысатын  қоғамдық орындар, балалар бақшасы ашпаса да, ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең- жырмен, әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді  мәтіндік  ұлағаттарымен санамақ, жанылтпаш, сияқты ойындар  арқылы тәрбиелеп отырған.

Ауыз әдебиетінің басқа  түрлеріне қарағанда, мақал –  мәтелдердің  өзіне тән ерекшеліктері  мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс– тіршілікте, қоғамдық   жағдайда көрсететін   әр түрлі  құбылыстарға, тарихи  мәні бар оқиғаларға  берілген даналық баға,  тұжырымды  түйін есебінде  қолданылады.

Мақал–мәтел  ойды қысқа  да ұтымды жеткізетің  өмір тәжірбиесіне  қолдана айтатын сөздер. Онда ел,  халық, Отан, ерлік, бірлік жайында  айтылған  өнегелі  сөздер өте  көп. «Туған жерге туың тік», «Ер  өзі үшін туады, ел үшін өледі», дейтін мақалдар ертедегі  батырлардан бастап, Отан соғысы  күндеріне дейін елді ерлікке шақырып, патриотизмге  баулыған  асыл сөздер болған.

Ел  қорғау, батырлық–ерлік істерін жайында  туған халық  мақалдары  халықтың бұл жөніндегі  ой–тілегі,  арман  мүддесі, патриоттық  сезімі, ұлттық  мақтанышы  қандай екендігін  біліп отырады. Бұл тақырыптағы  мақалдар,  ең алдымен  кімге  болса да  туған жер,  өсіп-өнген ел–Отан аса  қасиетті, қадірлі, ыстық  деп  көрсетеді. «Туған жердің  тауы ыстық», «Ел–жұрты  бардың жұтамы жоқ»,  «Туған жердің  күні де , күлі  де  ыстық», «Туған жер–тұғырын, туған ел  қыдырың», «Ата  қоныс–алтын мекен» деумен  туған елді  басқа елдермен  салыстыра келіп,  әркімге  өз елінің  артық екенін аңғартады. Мұны халық «Жат елдің сұлтаны болғанша, өз елінің ұлтаны бол», «Жат елі-күміс, өз елің-алтын», «Жат елдің жақсысы болғанша, өз елінің сақшысы бол» деген мақалдары  арқылы  сипаттайды.

Өзінің мақалдарына  туған жер, ел–отанды аса жоғары  бағалап ардақтаған  халық, енді оларды қорғау  әрбір  ер–адамның  басты борышы деп біледі. Ел талап,  ойран салуды  көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы  аттану, қасықтай қаны қалғанша, артық демі біткенше  алысу,  сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген  әрбір ер жігіттің  азаматтық борышы  болатындығын  көрсетеді.  «Елін сүйген  ер  болар», «Жүкті жар көтерер, қайғыны  ер көтерер», деген мақалдар жоғарыда айтылған пікірдің айғағы.

Халық мақалдары ел  қорғау,  басқыншы жауды  тақандап жеңу жолында  ерлік жасаған, қара  қылды  қақ  жарған, қиядан  тартып  жол салған, жау қамалын  қиратқан, табан  тірескен айқастарда  тайсалып  тартынбаған  жігіттерді  ардақтайды, абыройлы  атақ  пен  даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген  ерлік істерін  кейінгі ұрпаққа  үлгі етеді. Кіші мектеп  жасында  оқушыларға  патриоттық тәрбие  беруде осындай  мақал–мәтелдердің  мазмұның  түсініп,  патриоттық сезімге  ұлттық мақтанышты, Отаның, елін,  жерін сүюге  тәрбиелеудің  іргетасын   қалауға  болады деп  түйіндейміз.

Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі