Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

 

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі  

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеті 
 
 
 
 
 

Али Айгерім 
 
 
 

Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

5B020700 - мамандығы – «Аударма ісі» 
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Талдықорған 2011 

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым  министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
 
 
 
 

«Қорғауға жіберілді»

________кафедра

меңгерушісі м.а._________ С.М.Машанова 
 
 
 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

Тақырыбы: Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі 

5В020700 – мамандығы бойынша – «Аударма ісі» 
 
 
 
 
 

Орындаған:                                                       АІ 321 тобының 3 курс

                                                                              студенті                                                                                     

                                                                               А.Али

                                                                                                                                    Ғылыми жетекші:                                             Шетел тілдері кафедрасының                                                                        

                                                                              аға оқутышысы                                                                             

                                         А.Б.Муханова

                                       
 
 
 
 
 
 

Талдықорған 2011 
 

    

Мазмұны 
 

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3  

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2  ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2  Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46 

ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..62  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            КІРІСПЕ 

     Тақырыптың  өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

     Зерттеу тақырыбының маңыздылығы, ең алдымен, Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шыңжаң өлкесінің, сонау ерте заманнан бастап, күні бүгінге дейін Орталық Азиядағы геосаяси жағдайы ерекше, халықаралық қатынастардағы өте күрделі аймақ екендігімен тікелей байланысты. Бірақ осы күнге дейін мамандар Шыңжаң өлкесіне деген Қытайдың, Ресейдің ерекше мүдделі саясатының астарына терең үңіліп, оның сан қилы аспектілеріне жан-жақты талдау жасалынбай келгенінің сыры тереңде. Орыс-қытай, кеңес-қытай қатынастарының тарихына байланысты еңбектердің Қытайда да, Ресейде де көптеп жарық көргеніне қарамастан, екі ел арасындағы қатынастардың қитұрқы саясаттың салдарынан ашылмай қалған құпия тұстары, жасырын сақталған келіссөздер мен дипломатиялық кадамдары, құпия құжаттарының болуы екі мемлекеттің де сыртқы саясат жөніндегі дәстүрлі ұстанымдары жөнінде қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болып, қалыптасуына жол ашып берді. Екі елдің арасындағы қалыптасқан тарихи процестерді шындықтан алшақ, саясат пен идеологиялық тұрғыдан біржақты баяндау, сыңаржақ сараптау орын алды. Сондай құпиясы мен ашылмаған астарлары көп, зерттеушілердің назарын ерекше аударып келе жатқан маңызды мәселенің бірі - осы мемлекеттердің Шыңжаңдағы саясаты болып табылады.

     Қазіргі таңда, әлемнің әр түкпіріндегі қалыптасып отырған оқиғаларды бағамдауда, оған нақты сараптама жасауда дербес халықаралық қатынастардың белгілі бір тәжірибесі жинақталған кезеңде өткен тарихи оқиғаларды терең зерделеу аса қажет болып отыр. Мұның өзі Орталық Азиядағы ұзақ халықаралық қатынастар тарихынан, соның ішінде Шыңжаңның өткен тарихынан сабақ алу үшін ғана емес, сонымен бірге алдағы уақытта бұл аймақтың тағдырына мүдделі мемлекеттердің болашақта ұстанатын сыртқы саясаттарының басым бағыттарын бағамдап алу үшін де керек. Өткен оқиғаларды сын тұрғысынан талдау, Шыңжаңның өткені мен даму болашағы туралы объективті қорытындылар жасау үшін жаңа методологиялық әдістерді пайдалана отырып зерделеу - аса өзекті мәселе.

     Шыңжаң  халқы ғасырлар бойы өз тәуелсіздігі жолында аса ауыр, әрі өте қатерлі  қарсыласу әрекеттерін тоқтатқан  емес.

     Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда үстемдікке, ондағы саясатқа ықпал ету беделіне ие болу үшін, патшалық Ресей де, одан кейін Кеңес Одағы да саясатының сабақтастығын жалғастырып, Шыңжаңды ерекше назарында ұстады. Сөйтіп, олардың геостратегиялық және геосаяси мүдделерінде Шыңжаң әмірлік маңызы зор объектіге айналды. Себебі олардың Шыңжаңмен шекаралас болуы сыртқы саясатта бұл өлкеге байланысты принциптерді қалыптастыруға мәжбүр етті, Шыңжаң олардың сауда-экономикалық саладағы аса маңызды рыногы ретінде, ал саяси сахнада геосаяси, геостратегиялық ерекшелігіне орай, халықаралық қатынастардағы саяси ықпал ету аймағы ретінде сақталып келді.

     Өзін  Шыңжаң жерінің ресми иесі санаған  Қытайдың бұл аймақтағы саясаты әркез қауіпке толы болды. Шыңжаңның ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси мөселелерінен туындаған дағдарыстар мен сыртқы күштердің Шыңжаңның тағдырына белсенді араласуға ұмтылысы қытайлық билікке қарсы наразылық отына үнемі май құйып отырды. XIX ғасырдың екінші жартысында Қытайға Шыңжаңнан біржолата айрылып қалу қаупі төнеді. Шыңжаң жерінде жаппай өрістеген ұлт-азаттық көтерілістер нәтижесінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер пайда болады. Дегенмен, Қытай өзінің Орталық Азиядағы геосаяси мәні зор аймағына билігін сақтап қалу жолында жанталаса әрекет етті. Бұл көтерілістер күшпен жаншылып, Қытай екінші рет Шыңжаңды жаулап алады.

       Қытай Халық Республикасының құрамына 1949 жылдан бері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы (ШҰАА) ретінде енген бұл өлке өзінің халықаралық қатынастардағы геосаяси, геостратегиялық маңыздылығын сақтап, қазірде ҚХР-ның ішкі және сыртқы саясатында ерекше орын алып отыр.

     ШҰАА  жері ішкі Қытайдың өзінен басқа 8 мемлекетпен - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия, Ресей, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстанмен шектеседі. Өзінің ұлттық құрамы жағынан да бұл өлке 48 ұлттың өкілдері бар көп ұлтты аймақ ретінде маңызды. Шьңжаңдағы негізгі ұлттар - мұсылман дінін ұстанушы халықтар: ұйғырлар, қазақтар, тәжіктер, татарлар, дүңгендер, қырғыздармен қатар басқа діндегі - моңғолдар, сиболар, маньчжурлар, ханьдықтар сияқты ұлт өкілдері де өмір сүреді. Қазір Шыңжаң жерінде дүниежүзілік әртүрлі діндер - ислам, буддизм және христиан діндері таралып, оны ұстанушылар бейбіт қатар өмір сүруде. Бұл жерде бірнеше мәдени-тарихи әлем өркениеттері - мұсылман өркениеті, қытай өркениеті, христиан өркениеті мен буддизм өркениеті қатарласа дамып, өркендеуде.

     Қазіргі заманда, Шыңжаңмен шекаралас мемлекеттермен қатар, Иран, Түркия, Жапония, тіпті, АҚШ сияқты елдер де, Орталық Азиядағы саяси ықпалға ие болу мақсатында, тікелей өздерінің мемлекеттік мүдделерін осында түйістіріп отыр. Орталық Азиядағы қазіргі таңдағы күрделі халықаралық қатынастар жағдайында, Шыңжаңның геосаяси жағдайы, оның тағдырына қатысты мәселеге мүдделі елдердің өз саясаттарын өте ыждаһаттықпен саралауды талап етеді.

     Зерттеу тақырыбының маңыздылығы Шыңжаңмен  шекаралас, өткен дәуірлерде қалыптасқан  тарихи дәстүрлі байланыстары бар тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті үшін де арта түсетіні сөзсіз. Шыңжаңның өткен тарихындағы Қытай мен Ресейдің ондағы жүргізген саясатының тарихи сабағы, тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен, оның Шыңжаң өлкесімен байланыстарын қалыптастырып, оны болашақта обьективті көзқарас тұрғысынан талдау қажеттілігі осы зерттеу жұмысты жазуға негізгі себеп болды.

          Тақырыптың тарихнамасы. Қытай тарихын зерттеудегі синологияның осы күнге дейінгі қол жеткізген зор жетістіктеріне қарамастан, оның жекелеген кейбір аймақтарының, соның ішінде Шыңжаңның даму тарихы жеткілікті түрде зерттеліп, тарих ғылымында өз орнын алды дей алмаймыз. Қытайдың бұл солтүстік-батыс аймағының әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларының, ұлт-азаттық қозғалыстарының белгілі бір тарихи кезеңдердегі жекелеген аспектілері көптеген орыс, қытай және шетел зерттеушілерінің еңбектеріне арқау болғаны рас. Бұған бір жағынан себеп болған ғалымдардың зерттеу жұмыстарына қажетті деректерге қол жеткізе алмауы, кеңестік саясаттың салдарынан мұрағаттардағы құжаттар мен материалдардың құпияда сақталуы еді. Бірақ Ресей мен Цин империясының Шыңжаңдағы саясаты, олардың объективтік нағыз шынайы сипаты ашылып, сабақтастығын көрсете отырып, жан-жақты, жүйелі түрде ашылған емес. Бұған дейін екі мемлекетте өздерінің бұл өлкедегі саясатын өз ұлттық және мемлекеттік мүдделері тұрғысынан қарап, оның шынайы астарлы жақтарын толық ашып көрсетпеді. Сол кездің тарихи деректері ешбір бұрмалаусыз объективті түрде толық ашылып, ғылыми айналымға түскен жоқ. Көптеген деректер әдейі құпия түрде саясаттың құрбаны болып жасырын қалды.

       Сонымен, Ресей мен Қытайдың арасындағы сан-салалы қатынастар тарихына арналған теориялық, аналитикалық еңбектердің жеткілікті жазылуына қарамастан, осы мемлекеттердің Шыңжандағы саясатын жүйелі түрде зерттеп, тарихи оқиғалар мен аталған мемлекеттердің жүргізген саясатының сабақтастығын жаңа методологиялық тұрғыдан сараптаған, қазіргі тарихи талаптар түрғысындағы көзқарастарын білдірген іргелі тарихи зерттеу еңбектердің әлі де жарық көрмегендігін  еске саламыз.

       Мәселенің төңкеріске дейінгі Ресейлік тарихнамасы. 1917 жылға дейінгі ресейлік тарихнамада зерттеушілердің назары негізінен нақты тақырыптарға арналған.  Мысалы, ресей-қытай сауда байланыстарына, екі елдің арасындағы келісім-шарттарға немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғаларына аударылды.

       Жоңғария мен Шығыс Түркістанның XVIII—XIX ғғ. тарихының кейбір аспектілері, Цин империясының бұл жерлерді жаулап алуы сияқты оқиғалары революцияға дейінгі орыс зерттеушілерінің: А.К.Гейнс, И.Ф.Бабков, В.П.Васильев, Н.Н.Пантусов, Н.А.Аристов, А.Н.Куропаткин, Г.Н. Потанин, Е.Ф.Тимковский, Д.Я.Федоров, Н.В.Богоявленский, В.В. Григорьев, Е.П.Ковалевский, Л.Ф.Костенко, Ю.А.Сосновский, Н.М.Пржевальский және қазақтың шығыстанушы ғалымы, атақты саяхатшы Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектеріне арқау болды [1]. Аталған авторлардың бірқатары саяхатшы ретінде Орталық Азия жеріне, оның ішінде бізді қызықтырып отырған Шыңжаң өлкесі жайлы жан-жақты құнды мәліметтер жинақтаса, бірқатары патша өкіметінің тікелей арнайы тапсырмасымен осы өлкеде сапарда болған кездерінде Шыңжаңдағы қытайлық үстемдік саясаттың тарихы, тұрғын халықтың азаттық күрестері, орыс-қытай сауда байланыстары жайлы, Шыңжаңдағы басқа шетелдік мемлекеттердің әрекеті туралы мәліметтер береді. Бұл тарихи еңбектерде сол заманның әрқилы оқиғалары жайлы маңызды фактілерге толы материалдар жеткілікті қамтылған. Олардың әрқайсысында аталған кезеңнің тарихи, географиялық, экономикалық және әскери мәселелері қарастырылып, авторлар оқырманды өз заманының саяси қөзқарастарынан да хабардар етеді. Орыс зерттеушілерінің еңбектерінде Цин империясының өзіне көрші елдерімен жүргізген саясатының басқыншылық сипатына баса көңіл бөлініп, сонау көне замандардан бері билік етіп келе жатқан қытай императорларының сыртқы саясатының сабақтастығына назар аударылады. Патша үкіметі тұсындағы зерттеу еңбектерде, Қытайдың немесе Ресейдің аймақтағы жүргізген саясатының мәселелері орыс империясы саясатының принциптері шеңберінде сарапталады. Ресейлік авторлардың еңбектерінде ол мәселелер объективтік тұрғыда, кең көлемде, жүйелі түрде қарастырылмайды. Ғалымдар Ресей мен Қытайдың жүргізген отаршылдық саясатына өз мемлекеттерінің ұлттық мүдделері түрғысынан қысқаша немесе біржақты баға берумен шектелген.

         Мәселенің Кеңес заманындағы тарихнамасы. Кеңес дәуірінің екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жазылған тарихи еңбектерінде патшалық Ресейдің жүргізген саясаты өткір сынға алынып, оның сыртқы саясаттағы отаршылдық, басқьшшылық әрекеттері әшкереленіп отырды. Мысалы патшалық Ресейдің Қытаймен арадағы және Шыңжаң өлкесіндегі саясатының мақсатын ашып көрсеткен С.Н.Ростовскийдің «Царская Россия и Синьцзян в XIX-XX вв.» атты зерттеу еңбегін атауға болады. Автор патша өкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкерелей отырып, Шыңжаң өлкесіндегі Ресейдің ықпалының өсуіне кедергі болған себептерге тоқталады. Ресейдің Шыңжаңдағы басқыншылық саясатының мақсатына, патша өкіметінің Англиямен Орталық Азиядағы үстемдік ету жолындағы бәсекелестік күресіне назар аударады. Ростовскийдің бұл зерттеуінен патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының шынайы бейнесін көруге болады. Өкінішке орай, соғыстан кейінгі жылдардан бастап, бұндай шындық фактілерге негізделген, патша өкіметінің саясатын әшкерелейтін еңбектер азайды [2].

         Орыс ғалымы П.И.Фесенконың Шыңжаңның тарихына арналған «История Синь-Цзяна» атты монографиялық еңбегі 1935 жылы жарық көрді. Аталмыш зерттеудің деректік негізінің тапшылығына, автордың саяси талдауларының таяздығына қарамастан, ресейлік ғалымның Шыңжаң тарихына арналған бұл туындысы осы өлкені жүйелі түрде сипаттауға талпынған алғашқы зерттеу еңбек ретіндегі өзінің маңыздылығын әлі күнге дейін сақтап келеді [3].

     Қытай мемлекетінің ертеде «Батыс аймақ» деп  атап келген 
Шыңжаң жерімен байланыстарына, қытайлық императорлық 
саясаттың, «қытай-варвар» концепциясының мәніне талдау 
жасамайынша, қытайлық сыртқы саясатты түсіну мүмкін емес. 
Қытайдың «Батыс аймақ» туралы түсініктерінің қалыптасуы 
мен онымен байланыстарының тарихына, Қытайдың ресми 
сыртқы саясат доктринасы мен оның іске асырылуы мәселелеріне арналған зерттеу еңбектерге ресейлік ғалымдар — А.А.Бокщаниннің, Л.А.Боровкованың, Л.И.Думанның, Л.С.Васильевтің,     К.В.Васильевтің,     С.Н. Гончаровтың, М.В.Крюковтың, Ю.Л.Крольдің, А.Г.Малявкиннің, А.С.Мартыновтың, Л.С.Переломовтың, В.С.Мясниковтың, С.Л.Тихвинскийдің еңбектерін атап өтуге болады [4].

     Қытайдың  Орталық Азия елдерімен байланыстарының  тарихын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан орыс синологы Якинф Бичуриннің еңбектерінің аса маңызды екендігі бізге мәлім. Алғашқы синологгардың барлығы дерлік Бичуриннің еңбектері арқылы тұңғыш рет Қытайдың Азия елдерімен байланыстары туралы мағлұмат алғандығын атап айтады. Бичурин шығармалары Қытай мемлекетінің Орталық Азия халықтарымен байланыстары туралы құнды мәліметтерімен ерекшеленеді және ол сонысымен маңызды.

     Шығыс Түркістан мен Жоңғария жерлерінің және ондағы мекендейтін халықтардың, көне заманнан бері, Қытайға тәуелділігі, олардың жерінің Қытайдың бөлінбейтін бөлшегі екендігін дәлелдеуге тырысқан, қытай тарихнамасында берік орын алған қытай ғалымдарының дәйектеріне жауап ретінде, ресейлік және ортаазиялық ғалымдар осы қағиданың негізсіздігін айқындайтын, тарихи фактілерге бай, ғылыми еңбектерін жариялады. Өзбек зерттеушісі М.Кутлуковтың Орта Азия халықтарының Қытаймен ежелгі дәуірдегі және орта ғасырлардағы байланыстарының тарихына арналған бірнеше зерттеу мақалалары Орта Азия халықтары мен Шығыс Түркістанның тарихи байланыстары, этникалық және діни ортақтығы мәселелеріне арналып, олардың Қытай елімен байланыстарының қаншалықты дәрежеде болғандығы нақты дәлелдермен көрсетіледі [5]. Дәл осындай сипаттағы, Б.А.Литвинскийдің редакциялық басқаруымен 1984 жыл Мәскеуде шыққан «Восточный Туркестан и Средняя Азия. История. Культура. Связи.» атты көлемді зерттеу еңбек Шығыс Түркістан халқының этномәдени қауымының тарихы мен сыртқы байланыстарының тарихынан мәлімет береді. Шығыс Түркістанның Қытаймен байланыстарының сипатына талдау жасай отырып., зерттеушілер, олардың Қытайға ешуақытта толық тәуелділікте болмағандығын бұлтартпас фактілермен бекемдейді [6].

     Шығыс Түркістан мен Жоңғарияның Қытай  мемлекетімен арадағы қарым-қатынастар тарихы мен бұл екі аймақ жерінің XVIII ғасырдың ортасында Цин империясының құрамына ену мәселелері, Қытай мен Ресейдің бұл аймақтарға қатысты саясаттарының кейбір меселелері кеңес заманының ғалымдары В.Васильевтің, И.Я.Златкиннің, Л.И.Думанның, Б.П.Гуревичтің, В.С.Кузнецовтың, В.А.Моисеевтің, өзбек ғалымы Л.Ходжаевтың арнаулы зерттеу еңбектерінде қарастырылды [7].

     Л.Ходжаевтың «Цинская империя, Джунгария и Восточный  Туркестан» атты монографиясында XIX ғ. екінші жартысындағы Шыңжаңдағы ұлт-азаттық қозғалыстың шығу тарихын талдай отырып, Цин билеушілерінің екінші рет өлкені қайта жаулау саясатына объективті баға береді. Қытай, орыс тіліндегі деректермен шектелмей, ұйғыр тіліндегі деректерді де кеңінен пайдалану ұлт-азаттық қозғалыстың мақсатын әділетті, шынайы тұрғыдан сипаттауға мүмкіндік берген. Шыңжаң халқының азаттық жолындағы күресінің нәтижесінде дүниеге келген Жетішар мемлекетінің құрылуының объективті себептерін аша келе, автор «елдің бір орталыққа бірігуі оның қайта түлеуіне, экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне жол ашқан еді» дей келе, «өлкені маньчжур-қытай басқыншыларының қайта жаулап алуы, оны жаулау барысындағы орасан зор адам шығындары, өндіргіш күштердің, тарихи ескерткіштердің күйреуі халықтың өркендеуінің жолын кесті» деген пікірін білдіреді [7].

     Академик  В.П.Васильев Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды жаулап алу саясатын кең ауқымда қарастырады. Жоңғарияның аймақтағы ең түйінді стратегиялық территория болуына байланысты, Цин империясы бұл жерлерді басып алу арқылы бүкіл Шығысқа мәңгілік үстемдік жасауды және өзінен Батыс жағында жатқан көршілерін өз ықпалында ұстау мақсатын көздегендігін айтады [7]. Л.И.Думан өзінің мақаласында Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістан жерлерін жаулап алуы оған үлкен экономикалық пайда әкелгендігіне және соның нәтижесінде, моңғолдарға, тибеттіктер мен орта-азиялық халықтарға бағытталған саясатына тоқталады [7].. Думан сондай-ақ, Цин империясының алыстағы батыста әскери бекініс жасап алып, Орталық Азияға енуін жалғастырып, қазақ және қырғыз халықтарының да тағдырына қауіп төндірді дейді.Л.И.Думан Цин империясының басқыншылық саясатындағы стратегиялық императивке ерекше назар аударады.

     Ресейлік  зерттеушілердің жарыққа шығарған «Китай и соседи в древности и средневековье», «Китай и соседи в новое и новейшее время» атты зерттеулер жинағының, О.В.Зотовтың «Китай и Восточный Туркестан в XV -XVIII вв. Межгосударственные отношения», С.Л Тихвинскийдің «История Китая и современность» атты көлемді монографияларын, Б.П. Гуревичтің «Международные отношения в Центральной Азии в XVII-первой половине XIX в.» атты монографиясы мен бірқатар зерттеу мақалаларын, В.С.Мясниковтың «Империя Цин и Русское государство в XVII веке» атты монографиясы мен зерттеу мақалаларын атар едік [8].

   Ресей мен Қытайдың сауда-экономикалық байланыстары тарихына ресейлік зерттеушілер В.С.Кузнецовтың, М.И.Сладковскийдің, қазақстандық ғалым Ж.Қасымбаевтың және Н. Алдабектің монографиясы, бірқатар зерттеу еңбектері арналған. Бұл еңбектерде олардың Шыңжаң өлкесіндегі сауда-экономикалық байланыстары және өлкедегі екі мемлекеттің экономикалық саясаттары туралы да біраз мәліметтер қамтылған [9].

     Қытайдың  Шыңжаңдағы жүргізген экономикалық саясатының тарихы Л.И.Думан мен  В.С.Кузнецовтың арнайы зерттеу еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Цин империясының экономикалық саясатының әр қыры жан-жақты талданып, «Шыңжаңның табысын Шыңжаңның шығына жұмсау» деген принципінің жасалу себептерін, өлкедегі Қытай билігін сақтап қалудың қаншалықты экономикалық шығынмен жүргенін, әскери және әкімшілік аппаратты ұстап тұру үшін кеткен орасан мол мөлшерде қаржыны жергілікті бюджет есебінен толтырмақ болып, цин үкіметінің жүргізген ақша қатынастары, аграрлық сауда мәселелері туралы шараларының мазмұнына талдау жасайды. Шыңжаңды империя құрамында ұстап қалу жолында әрекет еткен цин билеушілерінің отаршылдық саясатына сипаттама береді. В.С.Кузнецов — цин үкіметінің Шыңжаңдағы XIX ғасырдың бірінші жартысында жүргізген экономикалық саясаты еш нәтиже берместен, жергілікті халықтың әл-ахуалының одан әрі нашарлауына себеп болып, нәтижесінде Шыңжаңда 60-70—жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына әкелді, — дейді [9].

     Шыңжаңдағы 1864-1878 жылдардағы мұсылман халықтардың Қытай билігіне қарсы ұлт-азаттық кетерілісі тарихына әлемдік қытайтанушы ғалымдар өз еңбектерін арнады. Шыңжаңдағы дұңған-ұйғыр көтерілістерін XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастардың маңызды факторы ретінде қарастырған орыс ғалымы, академик А.Л.Нарочницкийдің көлемді еңбегін айтуымыз керек[10]. Автор сол кездегі барлық мүмкін болған орыс тіліндегі деректерді пайдалана отырып, XIX ғ. екінші жартысындағы Қытай мен шетелдік державалардың арасындағы қарым-қатынастар тарихына тоқталады. Бірақ автор бұл халықаралық байланыстарды сипаттауды, таза марксистік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Дегенмен, бұл зерттеу жұмысы фактілер мен деректік материалдарға мол еңбек екендігімен құнды.

     Мәселенің Қытай Халық Республикасы тұсындағы  тарихнамасы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін, қытай тарихшылары тарихты жазуда жаңаша көзқарастарды қалыптастыруға қадам жасай бастайды. Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға байланысты, Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар, Қытайдың бұл аймақпен байланыстар тарихы, Шыңжаңдағы орыс-қытай қатынастары, Шыңжаң халқының ұлт-азаттық қозғалыстары сияқты ауқымды мәселелерді қамтыған зерттеу еңбектерді осы мәселелерге байланысты бірнеше топтарға белуге болады. Қытай зерттеушілері ҚХР-ның тарих ғылымының ұстанымдарын орыс-қытай қатынастарының мәселелері мен екі елдің байланыстарының нақты мәселелерін зерттеуде негізге алады.

     Орыс-қытай  қатынастары тарихын зерттеген кезде, кез келген зерттеуші ғалым бұл қатынастардың сипатына баға беруде, яғни бұл қатынастардың, қол қойылған келісім-шарттардың тең немесе тең емес деп сипатын айқындауға байланысты туындайтын маңызды мәселеге тап болатыны сөзсіз. Қытай тарихшылары Нерчинск және Буринск келісім-шарттарынан басқа, барлық орыс-қытай келісімдерінің барлығы патшалық Ресейдің Қытайға күшпен таңған әділетсіз келісім-шарттары деп есептейді. Қалай дегенмен де, ғылыми методологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, орыс-қытай қатынастарын Қытай үшін әділетсіз деп сипаттайтын қытайлық концепцияға басқаша фактілермен қарсы жауап беріп, өз позицияларын сақтауға тырысқан орыс тарихшыларының ресейлік концепциясының да өмір сүруге құқы бар. Себебі екі концепцияның артында екі елдің арасындағы байланыстарды сипаттайтын бай тәжірибелер мен нақты фактілік материалдар жеткілікті.

     XX ғасырдың 60-жылдарына дейін, қытай тарихнамасында Шыңжаңды екінші рет жаулап алу тарихын цин империясының баскыншылық    саясаты    ретінде    бағалап,    маньчжурлардың жаулаушылық саясатын қатал сынға алған Шан Юэ, Фань Вэньлань, Люй Чжэнъюй еңбектерінде Цин империясының сыртқы басқыншылық саясатын дәріптеуден аулақ, қайта цин әскерлерінің жазалау жорықтарының сипатын әшкерелеген, аймақтағы Цин үстемдігін орнату кезеңінде жергілікті халықтың наразылығын аяусыз басып жаныштаған маньчжур-цин әскерінің қатігездігін батыл айыптаған пікірлер басым болды [11].

     Мысалы  белгілі қытай тарихшысы Люй  Чжэнъюйдің 1951 жылы жарық көрген «Қытай халықтарының қысқаша тарихы» атты зерттеу еңбегінде цин билеушілерінің ұлтшылдық саясаты сынға алынып, маньчжурлардың қытай халқы мен басқа ұлт өкілдеріне үстемдік жүргізу саясатының кесірінен халықтың наразылық әрекеттерінің күшеюін көрсете отырып, қытай халқы мен мұсылман халықтардың арасына от салып, оларды бір-бірімен өшіктіруі XIX ғ. 70-жылдарындағы көтеріліске әкелген шындықты бұрмаламай, турасын айтады. Дәл осындай көзқарастағы пікірді қытайлық зерттеушілер Чжу Вэнь Чжанның, Го Индэннің зерттеу еңбектерінде кездестіреміз [11]. Олар Цин империясының басқыншылық саясаты туралы объективті шындықты жазып, Шыңжаңды екінші рет қайта жаулау жорығын жүргізген Цзо Цзунтанның қатыгездік жорықтарын фактілермен ашып көрсетіп, оған «баскесер, бүлікшіл» деген ат қойған болатын.

     Қытай тарихнамасындағы 60-шы жылдардағы саяси  бетбұрыс кезеңнің басталуына орай, бұндай меселелерге арналған еңбектерде енді Цин империясының саясатын әшкерелеу бәсеңдеп, тіпті, кейінірек, оны толығымен ақтау, мадақтау үрдісі белең алды. Цин империясының басқыншылық жолмен империя құрамына қосып алған жерлерін «ежелден бері Қытайдың бөлінбейтін бөлшегі» деп қарауға негізделген «жаңа принцип» басымдық алды. Қытай авторлары Цин империясының саясатын барынша ақтап, жергілікті халықтардың азаттық күресін сепаратистік бүлікшіл әрекет деп қарастырады.

     Қытай тарихшысы Чжу Вэнь Чжанның ағылшын  тілінде жарық көрген, Шыңжаңдағы 1862-1878 жылдардағы мұсылмандардың антициндік көтерілісін зерттеуге арналған еңбегінде цин империясының саясаты қарастырылып, ол жөнінде автор өз көзқарасын білдіреді. Зерттеушінің ойынша, Шыңжаңдағы, цин сарайының ғана емес, одан кейінгі Қытай үкіметтерінің, тіпті, ҚХР-дың да саясаттарының айқындаушы факторы - аймақтың саяси маңыздылығында. Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың көтерілісінің тез арада жеңіске жетуінің және Жоңғария мен Шығыс Түркістанның осы көтерілістің нәтижесінде, Цин империясының билігінен шығып кетуінің негізгі себептерін, автор, бұл өлкенің ішкі Қытайдан тым алыста жатқандығымен түсіндіреді. Қытайдың өлкедегі билігінің қайтадан қалпына келуі, оның ойынша, Пекиннің бұл маңызды аймақты жоғалтпауға бекінген жанкешті әрекетінің нәтижесі. Чжу Вэнь-чжан Солтүстік-батыс Қытайдың көпшілік бөлігінің шектен тыс кедейлігі, оған шөл далалар арқылы барудың қиындығы мен алыстығы бұл өлкенің оңай және тез бөлініп қала беруіне әкеліп отырды — деп жазады[11]. Қытай зерттеушісінің еңбегінде Шыңжаң халықтарының антициндік көтерілістерінің түпкі себептеріне, тәуелсіздікке ұмтылған халықтың азаттық күресінің жалпыхалықтық сипатына назар аударылмайды. Ол цин үкіметінің жергілікті халықтар жөнінде ұстанған басқыншылық саясаты жөнінде жақ ашпайды, көтерілістің мәнін айқындаушы әлеуметтік және экономикалық факторларды айтпайды. Бұл кезеңде жазылған қытайлық авторлардың зерттеулерінде Цин империясының басқыншылық саясатын керісінше ақтау, мемлекеттік, ұлттық мүдделерді қорғау, «Отанның біртұтастығын, бөлінбестігін сақтау» мақсатында жүргізілген, отансүйгіштік пиғылдан туындаған әрекет деп бағалау басымдық ала бастады.

Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі