Климат Казахстана
Жоспар
1 Климат........................
- Климатология
- Климатология түрлері
- Климаттық белдеулер
2 Қазақстан климаты.......................
2.1 Радиация
2.2 Атмосфера айналымы
2.3 Қазақстан климаттық белдеулері
2.4 Орманды дала климаттық белдемі
2.5 Далалық климаттық белдем
2.6 Шөлейт климаттық белдем
2.7 Атмосфералық құбылыстар
3 Қорытынды.....................
4 Әдебиеттер....................
Климаттың аудандастыру негіздері.
Сендер белгілі бір аумаққа тән
ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып
отыратын жиынтығын климат деп атайтынын
білесіңдер. Жер шарының кез келген
аймағындағы климаттың
Климатология(климат және logos – ілім) – климат және оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт бойынша өзгеруі туралы ғылым. География ғылымдары жүйесіне кіреді. Климат қалыптастырушы процестердің табиғаты геофизизикалық болғандықтан, Климатология геофизизикалық ғылым ретінде метеорологиямен тығыз байланысты. Кейде климатологияны метеорологияның географилық бөлімі ретінде қарастырады. Көп жылдық метеорологиялық бақылау деректерін статистикалық өңдеуден алынған климат типтері және олардың Жер шарында таралуы туралы нақты материалдар климатографияның (климат және грек. grapho – жазамын, сипаттаймын) мазмұны болып табылады.
Климаттың түпкі тегі мен
физикалық жаратылысын
Физикалық климатологияның
ерекше тарауы – динамикалық климатология.
Динамикалық климатология климаттың
Жер шарында таралуын атмосфераның
жалпы айналымы процестеріне байланысты
қарастырады. Атмосфераның биік қабаттарын
зерттеу мәселелерімен
Климатология өзге пәндермен шекаралас бірқатар қолданбалы климатологиялық пәндердің қалыптасуына себепші болды. Бұл пәндерге биоклиматология (климаттың тірі табиғат пен адамға әсері туралы ғылым), агроклиматология (климаттың егіншілікке әсерін зерттейді), курорттық және медициналық климатология, техникалық климатология (онда авиациялық климатология, көліктік климатология және құрылыстық Климатология пәндері бөлек қарастырылады) жатады.
Климаттық белдеулер - Жер шарының ендік немесе субендік бағытта тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай біртекті өңірлері. Климаттық белдемділік - планетаның беткі жазықтығын климаттық өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге болу принципі. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағышталған.
Әрбір климаттық белдем құрамында
бірнеше климаттық облыстар оқшаулануы
мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым
аймақтық түсінік ретінде де қолданылады.
Мәселен, таулы өңірлерге тән
түрлі биіктік деңгейлерінін, тек
өздеріне ғана тән климаттық жағдайлармен
сипатталуы осы деңгейлерді дербес
климаттық белдемдер ретінде
даралауға мүмкіндік береді. Климаттық
белдеулер климаттық
экваторлық,
субэкваторлық,
екеуден (Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда) тропиктік,
субтропиктік,
қоңыржай белдеулер деп,
биік ендіктерде — субарктикалық,
арктикалық,
субантарктикалық және антарктикалық деп бөлінеді.
Оларды бөлу радиациялық
баланс пен ауа температурасы
мәндерінің полюстерден экваторға
карай өсуіне, әр ендіктердегі ылғалдылық
ерекшелікгеріне және атмосфераның
жалпы циркуляциясының
Қазақстан климаты
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Радиация
Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төмен қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны керісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысынында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ға дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай.
Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері солт-тен оңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлшері турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа темп-расының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуыАлматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа темп-расын өзгертеді. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан оңт. аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа темп-расы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 —30°С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік темп-ра 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.
Қазақстанның оңт. аудандарының
қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында
жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы
кезінде ауа темп-расының ең жоғ.
деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі.
Соған қарамастан мұнда кейбір күндері
–30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да төмен
аяздар байқалады. Республиканың қиыр
оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің
аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің
2-жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік
Қазақстанның таулы өңірінен тыс
бөлігінде жаз тым ыстық әрі
ұзақ. Кейбір жылдары ауа темп-расы
45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты
70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін.
Күн энергиясының мұншама көп
қоры Қазақстан аумағында
Атмосфера айналымы
Қазақстан жері қыс маусымында
Сібір антициклонының тармағы мен
жаз айларында азорлық
Қазақстан климаттық белдеулері
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі
республиканың ылғалы ең мол бөлігі.
Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 –
315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы
мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа
тәуліктік ауа темп-расының
Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.
Далалық климаттық белдем
республиканың солт-ндегі
Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік темп-расы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 – 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге созылады.
Қазақстанның таулы және
тауалды аудандарының термикалық жүргісі
оларға іргелес жазықтардың термикалық
жүргісінен күрт ерекшеленеді. Әдетте,
таулардағы температура жазықтарға
қарағанда төмен және де биіктеген
сайын темп-раның амплитудасы
азаяды (кемиді). Сонымен қатар тауалды
және таулы белдемдерде қыста, негізінен,
радиац.-орограф. инверсиялар дамыған.
Оған тіктеме бойынша ауа темп-
Каспий және Арал т-деріндегі,
Балқаш, Жайсан, Теңіз және бірқатар
өзге де көлдер секілді ірі су нысандарының
ауа темп-расының жүргісіне
Өсімдіктердің жылумен қамтамасыздығы,
жалпы алғанда, оңт-тен солт-ке қарай
нашарлайды. Мыс., егер Қазақстанның қиыр
оңт-нде ауаның орташа тәуліктік
темп-расының жиынтығы, ауаның орнықты
темп-расы +10°С-тан жоғары кезеңде, 4200°С-тан
асады, ал солт. облыстарда (Солт. Қазақстан,
Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарының
солт. бөліктері жәнеҚарағанды
Қазақстанда соңғы 50 жылда (1954 – 2003) ауа температурасының өсу үрдісі байқалады. Орташа алғанда, Қазақстандағы ауаның жылдық орташа темп-расы жоғарыда көрсетілген кезеңде 1,5°С өскен және өсуі бірқалыпты емес. Орташа жылдық темп-раның ең үлкен өсімі (2,0 – 2,5°С-қа) Қазақстанның солт.-шығысында (Павлодар), шығысында (Семей) және оңт-нде (Қызылорда) байқалады. Тек Қазақстанның оңт.-батысында (Ақтау) темп-раның 50 жылдағы өсімі 0,7°С-ты құрады.
Тянь-Шаньның таулы
Жауын-шашынның жылдық жүргісінде республика аумағының геогр. орнына байланысты елеулі айырмашылықтар байқалады. Солт. Қазақстанда ең мол атмосф. жауын-шашын жазда байқалса, ал оңт. пен оңт.-шығыста – көктемде Қазақстанның солт. жартысында жауын-шашынның жылдық жиынтығының шамамен 70 – 80%-ы жылдың жылы кезеңінде жауады да, оңт-ке қарай жылжыған сайын суық кезеңдегі жауын-шашын мөлшері өсе түседі. Жазда кейбір жылдары оңт-те жауын-шашын 2 – 3 ай бойы жаумайды. Мұндай кезеңдерде жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей буланып кететін «құрғақ» жаңбыр жауады. Жазғы жауын-шашын кезінде күннің күркіреуі жиі байқалады.
Қазақстандағы соңғы 50 жылдағы
(1954 – 2003) атмосф. жауын-шашынның өзгеруіндегі
жалпы үрдіс оң. Жауын-шашын мөлшерінің
ең көп өсуі (50 жылда 60 мм-ден астам)
Қазақстанның солт. облыстарында (Қостанай,
Павлодар, Ақтөбе) анықталған. Тек Шығыс
Қазақстан және Ақмола облыстарындағы
жауын-шашын мөлшерінің өзгеру үрдісі
теріс болды және бұл жерлерде
жауын-шашын мөлшерінің азаюының орташа
көрсеткіші 15 – 60 мм-ді құрады. Қазақстандағы
жел жүргісі, негізінен, қысымдық-айналымдық
жағдайларымен анықталады. Жылдың суық
кезінде жел жүргісі, негізінен,
Сібір антициклонының батыс сілемі
ықпалымен қалыптасады. Осы сілемнің
барлық топография карталары бойынша
жақсы байқалатын климаттық осінен,
қыс айларында республиканың
солт-не және оңт-не қарай ауа қысымы
төмендейді, ал жер бетіне жақын
изобаралар негізінен солт.-шығысқа
және оңт.-шығысқа қарай шашырайды.
Қыстың барлық жағдайында Қазақстанның
басым бөлігінде орталық
Жазда Қазақстандағы жел
жүргісі, Еуразияның үлкен бөлігіндегідей
күрт өзгереді. Жылдың бұл кезінде
қыспен салыстырғанда, ауа массаларының
құрлықтың ең шеткі солт. ендіктерінен
орталық аудандарға қарай басымдылықпен
ығысуы айқын көрініске ие. Жылдың
жылы мезгіліндегі ауаның жоғары темп-расы
және құрлықтың күшті жылынуы, жалпы
алғанда, Еуразия аумағындағы бар
(қысым) өрісінің айтарлықтай қайта
құрылуына әкеп соқтырады. Алайда Қазақстандағы
бағыты бойынша басым желдер жаз
айларындағы әлсіздігі
Қазақстанның жазық
Желдің жылдамдығы жыл
бойы өзгереді. Қазақстанның үлкен
бөлігінде желдің ең үлкен жылдамдықтары
жылдың өтпелі кезеңдеріне тұспа-тұс
келсе, ал ең әлсіз желдер жазда болады.
Жел жылдамдықтарының максимумы
асуларға, тау шыңдарына, жел өткізуші
дәліздерге және жағалауларға (Каспий
т.) тән, ал қысқы минимумдар мен жазғы
максимумдар желден қорғалған орындарға
(қазаншұңқыр, тауалды аудандары, т.б.)
тән. Қар жамылғысы. Қар жамылғысы
сипаттамаларының аумақтық үлестірімінде
жазықтағы ендік белдемдік және
таулық бедер жағдайындағы биіктік-экспозициялық
белдемдік айқын байқалады. Қазақстанның
ашық кеңістіктік жағдайында қардың
тасымалдануы және бұрқасынның қайталану
үдерістерімен қар жиналудың
қайшылықтары өте зор. Еліміздің
солт.-шығыс және солт. аудандарында
орнықты қар жамылғысы
Атмосфералық құбылыстарға жауын-шашындар және әр түрлі тұмандар, бұрқасындар мен жаяу борасындар, электрлік құбылыстар – күн күркіреу, жарқылдар, полюстік сәулелену; долы жел, шаңды боран, шаңды борасын құйын, қара құйын, көктайғақ, мұнар, мұз инелері, қырау жатады. Тұманның Қазақстан аумағындағы үлестірімі күрделі сипатқа ие. Жер бедері кедір-бұдыр болып келетін Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және де Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы таулы және тауалды аудандарында тұманның үлестірімі ошақтық сипатта дамыған. Тұманның ең көп жылдық қайталанғыштығы Мұғалжарда (67 күн), Алтайда (Өскемен – 51 күн), Қордайда (63 күн) байқалады. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында тұманды күндердің саны көбірек байқалады (Қарағандыда – 37, Алматыда – 56, Қарсақбайда – 54).Тұмандар әсіресе шөлдерде өте сирек байқалады. Қазақстанның көпшілік бөлігінде тұманның қайталанғыштық максимумы желтоқсан және қаңтар айларында байқалады. Солт-те және батыс аудандарда тұманданудың жоғары мәні көбінесе наурызда, қар еру кезеңіне тән. Тұманды күндер тау етектеріне қарағанда жазықтарда сирек байқалады. Алматы маңындағы тау етектерінде Іле аңғарымен салыстырғанда тұманды күндердің саны 4 – 5 есеге артып, жылына 75 – 100 күнге жетеді. Тұманның ұзақтығы оңт. және оңт.-шығыстағы шөл аймағында 80 – 90 сағаттан, еліміздің оңт., оңт.-шығыс облыстарындағы тауалды және таулы аудандарында 300 – 500 сағатқа жетеді. Тұманның ұзақтығы әсіресе Мұғалжар тауларында жоғары. Онда тұман жылына 50 – 60 күнге дейін, ал кейбір жылдары 100 күнге жетеді. Ең ұзақ тұмандар қыс кезінде байқалады, ал жазда тіпті жоқ деуге болады. Бұрқасындар күшті жел кезінде, ұлпа қар болған жағдайда туындайды. Бұрқасынды күндердің орташа саны біркелкі емес, алайда орташа алғанда солт-тен оңт-ке қарай 30 – 40 күннен (кей жерлерде 51) 1 – 5 күнге дейін кемиді. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-тен оңт-ке қарай 300 – 400 сағаттан (кей жерлерде 500 және одан да көп) 1 – 5 сағатқа дейін азаяды. Қазақстанда Атбасар, Мұғалжар, Біршоғыр, Жаңғызтөбе сияқты бұрқасындар өте ұзақ уақыт болатын бірнеше ошақ бар. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-те 300 – 500 сағаттан (кей жерлерде 500 сағаттан да көп) оңт-те 1 – 5 сағатқа дейін кемиді.
Желдің жылдамдығына тәуелді
атмосф. құбылысқа шаңды дауыл
жатады. Далалық белдемдегі шаңды
дауылды күндердің саны жылына 20
– 38 күнге тең, ал топырақ бетінің
жағдайына тәуелді шөлдерде (Арал
маңы және Балқаш маңында) 50 – 60 күнге
дейін жетеді. Найзағай зор будақты-жауынды
бұлттардың дамуымен тығыз байланысты,
сондықтан найзағай кезінде күшті
долы желдер, нөсерлі жаңбырлар жиі
байқалады және бұршақ ұруы да сирек
емес. Қазақстанның солт-ндегі жазық
бөлігінде найзағайдың
Қорытынды
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, кыстың солтүстікте ұзак әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болады. Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр кашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз. Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің катты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады. Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Әдебиеттер
http://kk.wikipedia.org/wiki/
http://kk.wikipedia.org/wiki/
http://kk.wikipedia.org/wiki/
http://kk.wikipedia.org/wiki/
|

- Клиническая дозиметрия при тотальном облучении тела человека
- Клітини с ульфатновідновлюючих бактерій
- Книга стихов В.Нарбута "Аллилуйя" в контексте поэтики акмеизма
- Книгоиздание в Китае
- Книгораспространение в Китае
- Коагулянт для очистки природных и сточных вод, способ его получения и способ его использования
- Когнитивная абилитация в системе психосоциальной практики
- Классификация электрооборудования автомобиля
- Классические задачи на построение, не разрешимые с помощью циркуля и линейки
- Классное руководство
- Классы фиттинга конечных групп
- Кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
- Кластерная модель развития экономики как фактор повышения конкурентоспособности Республики Казахстан
- Климатические и геологические условия площадки строительства