Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………........
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке
толмағандарға тағайындалатын жазаның
түрлері....….................
2.2 Кәмелетке
толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…......
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі
күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты
сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы
сұрақ …………………………………....……...........
3.2 Кәмелетке
толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу
тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….……………………………………...
3.3. Пайда
болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі
- ювеналды әділет........................
3.4. Кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығының
мәселелі сұрақтары ..............................
Қорытынды……………....………………………………
Қолданылған
әдебиеттер тізімі …....……….........…………………………...
Кіріспе
Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ерекше белгілері Қазақстан Республикасында заң шығарушыны қылмыстылық жауаптылық пен жазалаудың ортақ ережесі мен бастамаларынан ауытқитын , кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын мұқият регламенттеу қажеттілігіне әкелді. Заңнамамен кәмелетке толмағандарға жаза түрлерін белгілеудің, оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың, ескеру мерзімі есептелуінің және соттылықты жоюдың ерекше шарттары көзделген.
Тақырыптың актуальдығы мынада, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының өсуі қоғамның қарқынды жіктелуі, тұрғындардың көпшілік бөлігінің өмірлік деңгейі төмендеуі, неке-отбасы қатынастарының қолайсыз дамуы, кәмелетке толмағандарға қатал қараудың көрініс табуы жағдайында болатындығы. Мұндай жағдайда әлеуметтік, экономикалық және тәрбие-профилактикалы шаралардың басты маңызы бар. Дегенмен, қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмағанның қылмыстық жауаптылығы мәселесі туындайды.
Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын алдын-алу бойынша бірқатар тұжырымдамалар әзірленгене, заңнама гуманизацияланғанына, осыған байланысты нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруіне қарамастан жасалған құқықбұзушылықтар санының өсуі қолданылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін куәландырады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстанда қылмыстылықтың өсуімен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының төмендеуі байқалады. Егер Павлодар облысында 2001 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған 7021 қылмыс тіркелсе, онда 2007 жылы - 5137. Жалпы қылмыстылықтың құрамында кәмелетке толмағандар қылмыстылығының үлесі сәйкесінше 2001 жылы -12,2 % және 2007 жылы -11, 5%.
Қылмыстық
жауаптылыққа тартылған кәмелетке
толмағандардың үлес салмағы қылмыс
жасаған тұлғалардың жалпы
Кәмелетке
толмағандарға қатысты
Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпегендіктен, ақтау емес негіздері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған кәмелетке толмағандар саны көбейді.
Ерекше уайымды тудыратын факт, бүгінгі күнге қылмыстылық «жасарды», құқыққа қарсы әрекеттер жасаған 14 жасқа дейінгі тұлғалар саны өсті.
Осылай, егер статистикалық мәліметтерді қарстырмай, негізге қоғамымыздағы іс жүзіндегі жағдайды алсақ, кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғауды жетілдіру және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, өздерін, қылмыс жасауда айыпталған кәмелетке толмаған сот алдында болғанда ғана танытады.
Тап
осы кезеңде проблемалар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін зерттеуде ең үлкен үлес қосқандар М.Б. Нәрікбаев, Н.И. Архипцев, Л.А. Андреева, Б.А. Жетпісбаев, М.П. Евтеев, У.Б. Джекебаев, М.М. Бабаев, И.И. Астимиров және т.б.
Бұл
жұмыстың мақсаты – қылмыстық-құқықтық
мәселелерді зерттеу мен
Қойылған мақсатқа жету жолында келесі нақты міндеттерді шешу мақсатқа лайық деп ойламыз:
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігіне зерттеу жүргізу.
2.
Кәмелетке толмағандардың
3.
Теориялық қортындылар мен
Бұл міндеттерді шешу үшін келесі әдістерді қолдану қажет:
а) құрылымдық талдауды;
ә) синтезді;
б) салыстырмалы құқықтануды (кәмелетке толмағандардың жауаптылығын алдын-алудағы ортақтықты және әртүрлілікті айқындау үшін);
в)
қисынды жинақтауды ( көрсетілген
мәселелерді талдағаннан кейін,
белгілі қортындылар жасап, даулы
сұрақтар мен қарама-қайшылықтарды айқындау
үшін).
1.
Кәмелетке толмағандардың
қылмыстық жауаптылығы
түсінігі
1.1
Кәмелетке толмағандардың
қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері
Қолданыстағы заңнама алғаш рет кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктеріне арналған дербес тарауды қарастырады.
Гуманизм қағидасына негізделген мұндай тәжірбие, БҰҰ мақұлдаған, қазіргі шетелдік қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді. /2/
Арнайы тарауды енгізу, ақырында, қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу құқығы нормаларын сәйкестікке келтіреді. ҚР ҚІЖК «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу» тарауы бар және онда мұндай процессуалдық әрекеттердің ерекшеліктеріне жататын барлық нормалар жинақталған /3/. Жағымды болып табылатыны, 1997 жылғы ҚР ҚК алғаш рет «кәмелетке толмағандар» ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар. Жасы он төртке толмаған тұлғалар – жас балалар, он сегіз жастан үлкендері –кәмелетке толғандар.
Арнайы тарауды енгізу, кәмелетке толмағандарға ҚР ҚК ересектердің қылмыстық жауаптылығы мен жазалау мәселелерін регламенттейтін кейбір баптарын қолдану мүмкіндігін болғыза алмайды. Мысалы, қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімдері және т.б. Біздің заң шығарушыға бұрын белгілі болмаған басты ерекшелік, психикасы бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы қалып қоюы нәтижесінде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айырылған, қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартпау құқығын сот және тергеу органдарына беру болып табылады /4/.
Бұл
өте маңызды ереженің заңға енгізілуімен
көпжылдық теориялық
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшеліктерін дербес бөлімге бөлу, бұл тұлғаларға қатысты қылмысты жауаптылық туралы нормалар, осы бөлімде көзделген ерекше жағдайларды ескере отырып қолданылатынын білдіреді. Мұндай ерекше жағдайлардың ҚР ҚК енгізілуі, осы жас санатындағы тұлғалардың әлеуметтік-психологиялық ерешеліктерімен байланысты. Он төрт жастан он сегіз жас аралығындағы кәмелетке толмағандар, бір жағынан социализацияның жеткілікті жоғары деңгейіне жетеді (оларда дербестік, қайсарлық, өз тәртібін бақылау қабілеті, өзін ұстай білу қабілеті пайда болады), екінші жағынан – жеке тұлғаның онан арғы социализациясы жалғасады (мектепте немесе колледжде оқуы жалғасады немесе бітеді, қоғамдағы өз орнын анықтайды, жеке адам аралық қатынастары жиналады).
Тәжірбие
көрсеткендей кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың
көбінде өлшем мен борыш
Бұд
балалар өздерінің
ҚазКСР ҚК да сияқты, жаңа ҚР ҚК қылмыстық жауаптылық туындайтын екі жас деңгейін белгіледі. Жалпы ереже бойынша көптеген қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауаптылық он алты жастан туындайды. Тек қана, көп жылғы тәжірбие көрсеткендей, қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын он төрт жасқа жеткен жасөспірімдерге де белгілі кейбір қылмыстар үшін ғана, қылмыстық жауаптылық осы жасқа жеткенде басталады.
Он төрт жастан қылмыстық жауаптылық басталатын қылмыстардың тізімі ҚР ҚК 15-бабының 2-тармағында берілген. Бұд тізім толыққанды болып табылады және сот пен тергеу органдарына кәмелетке толмағандар жауаптылығының мәселелерін шешкенде орындауға міндетті. Сонымен бірге ескере кететіні, он алты жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстарда, он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстардың элементтері бар /8, 86б./.
Осылай, бандаитаизм үшін (ҚР ҚК 237-бабы) қыдлмыстық жауаптылық он алты жастан ғана туындайды. Бірақ, бандитизм күрделі қылмыс болғандықтан, ұрлық, тонау, қарақшылық, кісі өлтіру және т.б. тұруы мүмкін. Бандиттік шабуылға қатысқан, он төрт жасқа толған жасөспірімдер, сәйкесінше басқа айтылған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бірақ бандитизм үшін емес.
Ұқсас жағдай, осындай жас өспірімдердің басқа кейбір қылмыстары үшін, қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелерді шешкенде туындауы мүмкін, мысалы, тонаудан (ҚР ҚК 178-бабы), бұзақылықтан (ҚР ҚК 257-бабы), және тағылықтан (ҚР ҚК 258-бабы) тұратын жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанда (ҚР ҚК 241-бабы). Олардың әрекеттері сәйкесінше, тек қана 178, 257, 258 баптармен сараланады, бірақ ҚР ҚК 241-бабымен емес.
Он алты жастан қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қоғамға қауіпті әрекеттерді жасағанда және ҚР ҚК 15-бабы 2-тармағында көзделген қылмыстардың элементтері болмаған жағдайда, он алты жасқа толмаған жас өспірімдер қылмыстық жауаптылыққа тартылмыйды. Осыларға және қоғамдық қауіпті әрекет жасаған, он төрт жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстылық жауаптылыққа тартпай, оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданады.
Кәмелетке толмағандардың жас шегін анықтай отырып, заң шығарушы барлық жағдайларды ескереді, дегенмен шешуші маңызды кәмелетке толмағандардың жасына сәйкес келетін психологиялық ерекшеліктерге, әрекетінің қоғамдық қауіпті екендігін сезіну қабілетінің дәрежесіне береді. Кәмелетке толмағандардың көбісіне типтік болып келетін нақты жасқа жеткен, оның интелекті мен еркінің даму ерекшеліктері ескеріледі /10, 12б./.
Кәмелетке толмағандар саналы түрде тиісті тәртіп нұсқасын таңдай алады, яғни құқық нормаларының және адамдық ережелердің талаптарына сәйкес әрекет ете алады. Ең бірінші кезекте осымен, заңмен қылмыстық жауаптылық он жас емес, нақты кейбір қылмыстар үшін он төрт жастан, ал қалғандары үшін, ережедегідей он алты жастан белгіленетіндігі түсініледі.
Он төрт пен он алты жасқа жеткен кәмелетке толмағандар, жеткілікті деңгейде өздерінің әрекеттерінің заңмен қылмыс деп танылатынын, олардың қоғамдық қауіптілігін ұғына алады. Егер, кәмелетке толмағандар осыған қарамастан қылмыстардың сәйкес түрін жасайтын болса, олар толық негізде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін, және де тартылуға міндетті /6, 52б./.
Заңмен
көзделген жасқа жету кәмелетке
толмағандарды қылмыстық
Қылмыстарды тергегенде және қылмыстық істерді қарағанда тергеу органдары, прокуратуражәне сот қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқан кәмелетке толмағанның жасын анықтауға міндетті. Әдетте тиісті құжаттар (төл құжат, туу туралы куәлік) бойынша жас шамасы тез әрі жеңіл анықталады /12, 124б./.
Егер жас шамасын анықтайтын құжат жоқ болатын болса, онда жас шамасы сот-дәрігерлік сараптама сияқты басқа да дәлелдемелер арқылы анықталады. Жас өспірім қайсыбір жасқа туған күнінде емес, келесі күнен, яғни келесі күнгі нөл сағаттан бастап, толған деп саналады. Сараптама тағайындалған жағдайда, туған күні болып сарапшылар көрсеткен жылдың соңғы күні саналады. Сарапшылар жасты ең аз және ең көп жылдар санымен анықтағанда (мысалы, 14 пен 15 жасқа дейін), сараптама ұсынған ең аз мөлшердегі жасымен тоқталады /13/.
Тағы бір айта кетуге қажет, кәмелетке толмағандар жауаптылығының ерекшелігі, олар кейбір қылмыстардың субъектісі бола алмайтындығы. Олардың санына ең біріншіден қылмыстардың екі санаты жатады:
1. Кәмелетке толмағандардың өздері жәбірленуші болып табылатын қылмыстырда, мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (ҚР ҚК 131-бабы) , кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (ҚР ҚК 132-бабы), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (ҚР ҚК 137-бабы);
2.
Субъектілері он сегізден
Қылмыстық жауаптылықтың жасы мен есі дұрыстықтан басқа, онсыз қылмыстық жауаптылық туындамайтын маңызды шарты қылмыс жасаудағы кінә болып табылады. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде болуы мүмкін.
Он төрт пен он алты жас аралығындағы тұлғалар ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қаудастықты (қылмыстық ұйымды), құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысуүшін жауаптылыққа тартылмайды (ҚР ҚК 235-бабы). Мұндай жағдайда, жасалаған әрекеттердің сипатына қарай оларға он төрт жастан жауаптылыққа тартылатын қандай да бір қылмысқа мысалы, кісі өлтіру, қарақшылық шабуылына (ҚР ҚК 96, 179-баптары) дайындық үшін ҚР ҚК 24-бабы 1 және 2 тармақтарына сілтеме жасап, жаза тағайындалады не аяқталған қылмыс үшін жаза тартады.
Кәмелетке толмағандар, ересектер сияқты қылмысты аяғына дейін жасаудан өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Сот
тәжірбиесін зерттеу
Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген жағдайларда, ересек тұлға тек қана ҚР ҚК 28-бабы бойынша ғана емес, кәмелетке толмағанмен (біреу арқылы орындау) жасалған қылмыс үшін осы қылмыс қарастырылған ҚК бабы бойынша жауап береді. Бұл бірнеше басқа жағдайларда да растығын табады. Осылай, қарақшылық шабуылын немесе тонауды, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген кәмелетке толмағанмен жасағанда, ересек адамның әрекеті, ҚР ҚК 179-бабының 2-тармағы «а» тармақшасы немесе ҚР ҚК 178-бабының 2-тармағы «а» тармақшасы бойынша сәйкесінше сараланады. Кәмелетке толмағандар көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанына қарамастан ересек тұлға жауапқа тартылады. Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған жағдайда, қылмыстық топ құрамымен жасалған зорлау бойынша ересек қатысушыларға қылмыс топпен жасалды деп саналмайды және ҚР ҚК 120-бабының 1-тармағына сәйкес саралауға жатады /4/.
Ересектердің қатысуымен жасалған, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы туралы істерді қарағанда, ересек пен жасөспірім арасындағы өзара қатынастардың сипатын мұқият айқындау қажет, өйткені ересектің кәмелетке толмаған адамды қылмыстық немесе басқа қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту бойынша ролін белгілеуде бұл мәліметтердің шешуші маңызы бар.
Кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылық
ерекшеліктерін айқындап, заңнама ҚРҚК
Жалпы бөлімінде не кәмелетке
толмағандар жауаптылығын әдейі регламенттейтін,
не кәмелетке толмағандарға таралатын
бірқатар жағдайлардың бар екендігінен
шығады. Нақтырақ айтқанда олар: он сегіз
жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы
үшін соттылығы қылмыстың қайталануын
тану кезінде ескерілмейді (ҚР ҚК 13-бабы),
қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жастың
шегі жалпы және кейбір қылмыстар үшін
белгіленетіні (ҚР ҚК 15-бабы), кінәлінің
кәмелетке толмауы жеңілдететін мән-жай
ретінде қарастырылады (ҚР ҚК 53-бабы). Осыдан
туындайтыны, кәмелетке толмағандардың
қылмыстық жауаптылығы мәселелерін шешкенде
тергеушілер, прокурорлар және соттар
тек қана жаңа ҚК Ерекше бөлімнің жағдайларын
ғана емес, ҚК Жалпы бөлімі жағдайларын
да жетекшілікке алуға міндетті.
1.2. Кәмелетке
толмағандарды қылмыстық
жауаптылықтан босату
Кәмелетке толмаған жалпы негіздер бойынша да, тек қана осы санаттағы тұлғаларға қатысты арнайы жағдайлар бойынша да қылмыстық Кәмелетке толмаған жалпы негіздер бойынша да, тек қана осы санаттағы тұлғаларға қатысты арнайы жағдайлар бойынша да қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Есте боларлық бір жайт, қылмыстық жауаптылықтан босатудың жалпы түрлерін қолданғанда он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды қылмыстылық жауаптылыққа тарту ерекшеліктері ескеріледі. Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылықтан шын өкінуіне байланысты (ҚР ҚК 65-бабы), жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚР ҚК 67-бабы), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚР ҚК 69-бабы) босатылуы мүмкін. Оларға қатысты жоғарыда көрсетілген негіздер жалпы ережелерден қандай да бір алып тастауларды қарастырмайды. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚР ҚК 69-бабы) кәмелетке толмаған тұлғаны қылмыстылық жауаптылықтан босатқанда, кәмелетке толмағандарға қолданылатын ескіру мерзімідерінің ерекшеліктерін есте ұстау қажет. ҚР ҚК 85-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты бұл мерзімдер тең жартысына қысқартылды. Ересек қылмыскерлерге сияқты он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға да, рақымшылық пен кешірім жасау қолданылуы мүмкін.
Заңнамада
қылмыстық жауаптылықтан
Кәмелетке
толмаған адамды тәрбиелік әсері
бар мәжбүрлеу шараларын
1.
кәмелетке толмаған адамдның
кішігірім немесе орташа
2.
осы санаттағы қылмысты
3. кәмелетке толмағанды түзеуге қылмыстық жауаптылықпен емес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болатындығы жөнінде сендіретін жағымды мінездеменің болуы.
Мұндай соттың сенімі кәмелетке толмағанның істеген әрекетін, сондай-ақ, оның тұлғасын, істің мән-жайын, құқықтық сана-сезім деңгейін, адамгершілік қасиетін, ата-анасымен, айналасындағылармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты талдау негізінде қалыптасады.
Жоғарыда айтылған жағдайдардың болғанына, сондай-ақ жасалған қылмыстың уәжі мен кінәлінің қылмыс жасағаннан кейін тәртібі, бұрын оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданды ма және қандайы қолданғаны туралы сұрақтар анықталғаннан кейін, оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешіледі. Бұл тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сұрақ тергеу сатысында да, соттық қарау сатысында да қойылуы мүмкін.
Алдын-ала тергеу сатысында тергеуші прокурордың келісімімен, не прокурордың өзі қылмыстық істі қысқарту және оның материалдарын ҚР ҚК 82-бабының ережелеріне сәйкес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындайтын арнайы мемлекеттік органға беру туралы қаулы шығарады. Сотта істі қарау сатысында соттың өзі кәмелетке толмағанды қылмыстық жауаптылытан босату туралы қаулы шығарады және бір немесе бірнеше тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындайды.
Он сегізге толмаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатудың барлың арнайы түрлері тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысыты, яғни кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартпай, педагогикалық құралдардың көмегімен оларды түзеу мақсатымен, заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану. Мәжбүрлеу деп аталдығының себебі, олар кәмелетке толмағаннң немесе оның заңды өкілінің еркіне қарамастан тағайындалады және орындалады, әрі қылмыс жасаған тұлғаларғада, басқа азаматтарға міндетті болып табылады. Олардың жүзеге асырылуы арнайы өкілеттіктері бар мемлекеттік органдардың күшімен қамтамасыз етіледі.Тағайындалған шараны орындамау заңда тікелій қарастырылған, жағымсық құқықтық салдарларға алып келеді.
ҚР ҚК 82-бабында қарастырылған шаралар, өздерінің мазмұны жағынан тәрбиелік сипаты бар. Оларды қолданғанда кәмелетке толмағанға әсер ету, ең алдымен оны сендіру, санасына қылығының жағымсыз бағалауын жеткізу, қоғамға қауіпті тәртіптің жол берілмейтіндігіні әдістерімен жүзеге асырылады. Жасөспірімді қылмыстық жауаптылыққа тартпай және қылмыстық жазаны қолданбай, қылмыстық қуғын-сүргін шараларын үнемдеп түзету мақсатына жетеміз /15, 96б./.
Бұдан шығатыны, жоғарыда айтылған шаралар мазмұны жағынан тәрбиелік, ал орындау сипаты бойынша – мәжбүрлік болып табылады. Қылмыстық жазамен олардың тек қана сыртқы ұқсастықтары бар. Олардың арасында әрқандай құқықтық табиғатын анықтайтын, сапалық әртүрліліктербар. Мәжбүрлеу шараларында жаза беру элеметі жоқ. Олар негізгі және қосымша болып бөлінбейді, салдар ретінде соттылықты болдырмайды. Кәмелетке толмағанға бұл шараларды тағайындайтын органның өзі істің барлық мән-жайы мен кінәлінің жеке қасиеттері мәліметтеріне негізделіп, олардың мерзімін анықтайды. Кәмелетке толмағанмен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын орындамаудың салдары болып, арнайы мемлекеттік органның ұсынынмымен және материалдарды сотқа жіберумен, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту мүкіндігі табылады. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларды тағайындау сәтінде кәмелетке толмағандарға ғана қолданылады да, тұлғамен он сегіз жасқа жету оларды қолдануды болдырмайды.
ҚР ҚК 82-бабының 1-тармағы былай дейді, сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін:
а) ескерту;
ә)ата-аналардың
немесе олардың орнындағы адамдардың
не мамандырылған мемлекеттік
б) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
в) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
г)кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
Адам мен азаматтың құқықтарын шектейтін тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын (ҚР ҚК 82-бабында айтылған) қолдану ҚР Конституциясының 16-бабына сәйкес заңмен қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады /16/.
Тәрбиелік
әсері бар мәжбүрлеу

- Кәсiпкерлiктегi тәуекелдiлiк
- Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы
- Кәсіпкерлік және олардың түрлері
- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпорын басқару
- Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер
- Качество помадно-глазированных конфет на АО «Баян-Сулу»
- Качество продукции
- Качество продукции и пути его повышения
- Качество продукции как фактор повышения конкурентоспособности
- Качество связи города Новошахтинска путем замены устаревшего оборудования на цифровое
- Качество социального обслуживания на дому пожилых граждан
- Качество услуг на предприятиях розничной торговли