Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде



 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................2

 

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ  МӘНІ................................................6

1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6

1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26

2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32

2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40

2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45

 

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56

3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56

3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша  жауапкершілік........................................59

3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62

 

4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68

4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68

4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78

4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82

 

Қорытынды................................................................................................................87

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

              Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.

              Сол Қазақстан Республикасы Концтитуциясының ең бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды». Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік тегіне, бірлестікке мүшелігіне, сондай –ақ бұрын құқықа тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.  

              Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.                

Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз» деп көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда мемлекетіміз алға дамып келеді, яғни заман талабына, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды көрсетуге болады.

Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он бес жылдан асты . Осы жылдар ішінде еліміз әлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы «Сатып алу-сату шарты» болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір «сатып алу-сату» күрт өсіп отыр. Дипломдық жұмысты жазу мақсатым осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады. 

Тағыда бір еркеше айтатын мәселе Азаматтық кодекстің 25-тарауға  «Сатып алу -сату шартына» біздің елімізде әлі де ғылыми зертеулер жүргізілмеген.  Ғылыми-әдебиетке шолу жасайтын болсақ, жалпы  «азаматтық құқық» мәселелеріне бұрынғы Одақ бойынша көңіл бөлген авторлардың ішінде ерекше айтарлық  Басина Ю.Г.,Суханов Е.А,  Богатых Е, Сулейменов М.К., Диденко А.Г., Иоффе О.С.  Гаврилов Э.П.,  Волнин И., және басқалар.

Сатып алу-сату шарты бойынша өз ұстанымдарын барынша толық және нақты мынадай В. В. Витринский, А.П. Сергеев секілді ғалымдар жазған. Олар сатып алу –сату шарты туралы жалпы ережелерді, сондай-ақ оны жасау шарттары  және сатып алу –сату шартының бөлік түрлерін жан-жақты қарастырған.

Ал біздің Республикамызда Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999ж. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 ж; Темiрғалиева Р.А. Шарттар жинағы: Сатып алу- сату. Айырбас, сыйға тарту, жалдау.. / ҚР жаңа Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiмi негiзiнде құраст.; Құраст.Р.А.Темiргалиева.- Алматы: ЖШС "Аян Әдет", 2000.- 128 бет.
жылғы еңбектер баршылық.

Бұл дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Азаматтық кодекстің –бабы «Сатып алу -сату шартын» қолданудың тиімділігін күшейтуге бағыталған ғылыми тұжырымдар беру.

Осы басты мақсатқа байланысты зертеу барысында мынандай міндеттер тұрды:

                            Азаматтық кодекстің –бабы «Сатып алу -сату шартының»- түсінігін ашу, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау;

                            «Сатып алу -сату шартының» субъектілері мен объектілеріне тоқталу;

                            «Сатып алу -сату шартының» түрлерін анықтау;

                            Сатып алу -сату бойынша меншік құқықығының пайда болу кезеңін белгілеу;

                            «Сатып алу -сату шартының» қолдану тәртібін анықтау;

                            «Сатып алу -сату шартының» әлеуметтік сипатын анықтау.

Аталған міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының нормативтиік құқықтар мен актілеріне  сүйенеді. Атап айтсақ - Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.;  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27  желтоқсан 1994 ж. (жалпы  бөлім),Қазақстан Республикасының     Азаматтық   кодексінің  1  шілде  1999 ж., Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж. Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2 шілде 2003 ж.

Сонымен бірге Нормативтік актілер («Жылжымайтын мүлікті және онымен келісім құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» , «ҚР электрлік және жылу энергиясының тарифтін мемлекеттік реттеу туралы» , «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы), азаматтық, коммерциялық, міндеттемелік, келісім-шарттық, жекешелендіру және халықаралық жеке құқық бойынша ғылыми - құқықтық әдебиеттер қолданылды.

              Зертудің обектісі - «Сатып алу -сату шартының» түрлері мен оның құрылымы.

Сатып алу –сату шартының пәні болып заттар (тауарлар) табылады. Мұндай заттар:

                            жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік сату шарты);

                            кәсіпорын бөлек мүліктік кешен ретінде (кәсіпорынды сату шарты);

                            электр энергиясы (энергиямен қамтамасыз ету шарты);

                            ауыл шаруашылық өнімі (контракция шарты)

                            сауда-саттықпен айналысуға заңнамалық актілер тыйым салатындарды қоспағанда, құнды қағаздарды және зияткерлік меншік объектісін қосқанда  барлық өзге заттар.

Дипломдық жұмыс  кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы мен әдіснамалық негізі, қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Алғашқы бөлімде «сатып алу -сату шартының» мәні, ссату-сатып алу шартының ұғымы және элементері (бағасы, мерзімі), сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері берілді.  Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты.

Қазақтан Республикасының  Азаматтық кодекстің  25-тарауыдың  406 бап бойынша «Сатып алу-сату туралы жалпы ережелері» берілген.

1)                 Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

2)                 Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

3)                 Осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

4)                 Осы параграфта көзделген ережелер, егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады.

5)                 Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары турал өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

Ал екінші бөлімде «Сатып алу –сату шартының» төрт түрі тереңірек қарастырылды. Яғни-

1.                  Бөлшек сауданы құқықтық реттеудің ерекшеліктері, тұтынушылардың құқықтары және оларды азаматтық құқық тәртібімен қорғау мәселесіне терең мән берілді.

2.                  Тауар жеткізілім шартының ұғымына, белгілері мен елеулі жағдайлары сипаталады. Тауар жеткізілім шартының субъектілері, пәні және объектілері қарастырылды. Тауар жеткізілім шартының мазмұны мен қолдану мерзімі, жеткізілетін тауарлар үшін есеп айырысу, тауар жеткізілім шартын орындау жолдары ашып көрсетілді.

3.                  Келісім-шарт жасасу шартында - оның ұғымы және ерекшеліктері, дайындаушының міндеттері, ауыл шаруашылық өнімін өндірушінің жауапкершілігі қарастырылды.

4.                  Энергиямен шарт жасасу түрінде –шарт жасасу тәртібі, энергия мөлшері, сапасы және оған ақы төлеу мәселесін анықтайды. Энергияны қосалқы абанетке беру, шартты өзгерту және бұзу, тараптардың жауапкершілігі көрсетілді.

Үшінші бөлімде «Сату-сатып алу шарттарының»  өзекті мәселелері берілді.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ  МӘНІ

1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері

 

 

Қазақтан Республикасының  Азаматтық кодекстің  25-тарауыдың  406 бап бойынша «сатып алу-сату шарты» бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСРО Одағының және Республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.

Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға бо­лады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және онын құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пай­да болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойын­ша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байла­нысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы  нор­малар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны­мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энер­гиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).

Бір-біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъектиетік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін. Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі.¹ Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады.

Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады" деген И.В. Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғүрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба – 1 - Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады

 

Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан — құқықтық қатынас нысаны.²

Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.

Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысанда жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен

жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.

 

 

 

Сатып алу- сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық

субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшектеп сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы" Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.

Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға  олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқығы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, 1-тармақ). Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілүі мүмкін. Негізінен: "Құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады"³ Қазакстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді.

Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі). Құқықтық қатынастың объектісін  материалды  (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.

Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және идеологиялық объектілеріне иемденеді.

Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Де­генмен, қазіргі

өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісім шарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша "күшейтуге" әрекет етеді.

Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.

Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда

сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы "болашақ заттар" болып келгенде де орын алады.

Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар: біріншіден, кез келген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады;

екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт "нысананың болмауы" салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес "сатып алушының үміті" болып табылады.4

Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.