Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

 

Кіріспе

 

 

Кәсіпкерліктің пайда  болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі – орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әкімшілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субьектілерінен өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа фомаларын қолданбай еліміздің  экономикасын жандандыру, халқымыздың  әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, нарықты  халыққа қажетті  тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны  бастан кешіріп отырған жекелеген  аудандарды қалпына келтіруде осы  шағын және орта бизнес шешуші фактор.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің  әрекеттері монополияландырылған ортаның  қарсылығына тап болуда. Ал монополизмге қарсы күресудің тиімді жолдардың  бірі де  – шағын және орта бизнесті дамыту.

Шағын және орта кәсіпкерлік  – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің  елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге  ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы  бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан  халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын  және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары  санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан  да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік  ортаның бастамашылығын іске асыру  үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы  ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы  өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана  білсе игі!», деп айтқан болатын.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар  Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында  Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. 1997 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.

Жалпы менің бұл тақырыпты  алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым  - ол  нарықтық  экономикаға  тән елдің болашағы үшін, шағын  және орта бизнестің маңызын ашып,оны  дамыту жолдары  жайлы жазу. Оған қоса Қазақстан Республикасының  дағдарыстан кейінгі экономика  жағдайында шағын және орта  бизнестің  дамуындағы ерекшеліктер мен проблемаларын  зерттеп жазуға тырыстым.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  мен міндеттері - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын  талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде  ұсыныстар жасау:            

-  шағын бизнестің экономикадағы  алатын орны мен маңызын ашу;

-  оны дамытудағы несиелендірудің  рөлін қарастыру;

- шағын бизнесті несиелендірудегі  шетелдік тәжірибелердің мазмұнын  ашу; 

- Қазақстан Республикасындағы  шағын бизнестің қалыптасуы мен  дамуын талдау;

- шағын бизнестің заңдық  негіздерін қарастыру мен қалыптасқан  механизмдеріне талдау жүргізу; 

- қазіргі кездегі шағын  бизнесті несиелендірудегі негізгі  проблемаларды ашып көрсету; 

- шағын бизнесті басқарудағы  экономикалық жетілдіру жолдарын  көрсету. 

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі - елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған  институционалдық жағдайларды жетілдіру  болып табылады.  
Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.

Диплом жұмысымның теориялық  бөлімінде, шағын бизнестің экономикада  алатын орны, шағын фирмалардың ірі  фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі, олардың  жергілікті нарыққа  жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, сонымен  қатар шағын бизнесті дамыту арқылы экономиканы жетілдіруге болатындығы, бәсекелестік орта өркендеп, қосымша  жұмыс орындары пайда болып, тұтыну секторы ұлғаятыны туралы сөз  етіледі. Шағын кәсіпорын тек  белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында ғана емес, сол сияқты кейбір бөлек узелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті тауарлармен, қызметтермен толықтыру.

Сонымен қатар Қазақстан  Республикасының шағын бизнесінің дамуын, дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі  батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың  жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын  кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту  мәселесін шешуде үлкен рол атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс  орындарының 70-80 % келеді Шағын кәсіпорын  дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол  сияқты кейбір бөлек үзелдер мен  механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі  басты өндірісті қамтамасыз етуде  маңызды орын алады. Елімізде шағын  кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі  танда еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы кедергілер жойылып  келетіндігі туралы жаздым. Шағын  кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы –қаражаттарын  тиімді жұмылдыратын басты құралдардың  бірі.Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған  болатын еді. Шағын кәсіпкерлік  бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай  үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің  жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы  жағдайында бірінші кезекте тұратын  маңызды ерекшеліктерінің бірі.

Ал аналитикалық бөлімде, осы проблеманы практикалық тұрғыдан қарастырдым. Елбасы ұстанып отырған стратегияық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын және орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына септігін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру. Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде. Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Осы қағидаға сүйене отырып, мен тақырыбымды өзім диплом алды іс-тәжірибемді өтеген «Еуразиялық банк» АҚ Рудный қаласындағы филиалының мысалымен толықтыра түстім.

Дегенмен, қоғамда қандай жағдай болмасын, оның да өз алдына алі  болсада толық игерілмеген проблемалары болады. Сондықтан да дипломдық жұмысымның үшінші бөлімінде, «теңізге құйылған  тамшыдай» болсада осы мәселені шешуге өз ұсыныстарымды кіріттім.

Демек мен осы жұмысымда шағын және орта бизнестің біздің еліміздегі даму қарқынын статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіп, республикамыздағы кәсіпкерліктің маңызды даму жақтарын және оған кері әсерін тигізіп отырған факторларын көрсеткім келеді. Және ең бастысы мен осы саланы дамытуда өзекті деп саналатын,  Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру. Менің дипломдық жұмысымның басты тірегі де осы болмақ, яғни шағын және орта бизнесті банктер тарапынан тиімді несиелендіру жолдарын қарастыру болып табылады.

Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға  ұшырап, иілмелі нарық жүйесі алдында  дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды. Қысқасы, шағын және орта кәсіпкерлік дағдарыстағы экономикамызға тіреу болды деп  айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

 

1.1     Шағын және  орта бизнес ұғымы және оның  экономикалық маңызы 

 

 

Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа  түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған  кезінде атақты неміс экономисі  Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф  етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен  кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан  Батист Сэй былай деген: “Кәсіпкер  – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында  ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік”  терминін алғашқы рет ағылшын  экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек.

Кейбіреулері болса, шағын  бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған  деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер  ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар  мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған  Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы  ғылыми-техника дамудың теоретигі  Кристофер Фример және менеджмент теоретигі  Питер Друпердің айтулары бойынша  кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан  ұсынған, оны алғаш зерттеген  Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуды қозғалтатын өзіндік элемент.

Сонымен, қазіргі ұрпақ  теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы  пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына  тура келеді, бұл бір қатар экономистер  мен студенттерді дұрыс емес бағытта  талқылауды қорғайды.

Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай  ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі  түсініктің орын алуы капитализмнің  қалыптасу және даму кезеңіне сай  келеді. Буржуазиялық саяси экономикада  “кәсіпкерлік” түсінігі ХҮІІІ ғасырда  пайда болды да, “меншік иесі”  деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған  меншік иесі деп сипаттайды. Ол өндірісті  өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен  кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда  болуымен байланысты өзгереді. Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің  қызмет етуші капиталдан бөлінуі  орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке  ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХҮІІІ  ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында  өмір сүрген әйгілі француз экономисі  Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен  салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады.

Сонымен, меншік пен кәсіпкерлік  арасында қатты бағыныштылық болмағанымен кәсіпкерлікті дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды.

Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті  шарты мен белгісі, субъектінің  белгілі бір дәрежеде еркіндігі  мен құқығы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өнімдерді  өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға  өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша  айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған  субъектісі болуы керек.

Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге  тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік  болмайтын болса, ол кәсіпкерлік  болмағаны, жай тапсырма бойынша  жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек.

Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің  белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұнын  өзі экономиканың қажетті нарықтың құрылымын орнатумен байланысты.

Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан – жақты дамуына оның құқылық  базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік – экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз нарық  пен кәсіпкерлік  кенеттен пайда болып тез дамымайтыны  кім –кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен  іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз, қозғаушы күші-бәсекесіз, олар дами алмайды.

Төртінші шарты, жоғарыда атап өткендерден  туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің  әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі

Кәсіпкерліктің анықтамасына тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті  қандай категорияға жатқызу керек  екендігін нақтылап алайық.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік»  және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз  байланысты.

Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық  және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа  тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету  немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика  бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс  жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының  арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың  да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде  бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің  бір формасы ретінде қарастырылады  және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы  бөлім): « Кәсіпкерлік – азаматтар  мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген  ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен  және өзінің мүліктік жауапкершілігімен  жүзеге асырылады».

Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін – бірі алмастырады.  Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі – біріне синоним  бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік  пен айналысатын шағын кәсіпорындардың  қызметін қарастырады.

Одақтық Республикалардың тәжірибесінде  экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен  қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты  танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді  өз кезеңінде байқауға және олардың  жедел шешілуі бойынша шаралар  қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын  өнім көлемі.

Сонымен кәсіпорындардың  үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа  негізгі өнім шығарушылар болып  табылады. Ірі кәсіпорындар – экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен  және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар  жағдайында елеусіз материалдар  мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына  өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі  сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан  аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл  көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда  қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар  жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін  қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың  өз-ара алмасуының жоғарылығымен  ерекшеленеді.

Бәрімізге белгілі, шағын  және орта бизнесте жеке секторлар  басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын  ашу барысында адамдарды не қозғайды?

Келесідей себептерді бөліп  көрсетеді: пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту.

Басқалардың ішінде кәсіпкерлік  қызметпен айналысудың мативі ретінде  келесілерді көрсету керек: тұлғалардың  өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға  ұмтылу.

Шағын және орта бизнестің  артықшылықтары мен ерекшеліктері: 
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады.

Біріншіден, шағын кәсіпорындар үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің  стратегияларын өзгерту қиындық  тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5– 6 жыл қажет.

Екіншіден көпшілігі қателесіп  инновация ірі кәсіпорындардан  жүреді деп ойлайды, ал статистикаға жүгінсек  Екінші Дүние Жүзілік  соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің  жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық  кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі  экономикалық  дағдарысқа  байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын  ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының  өсу қарқыны тұрып қалған ірі  компанияларға қарағанда 3 есе көп.

Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне  тез жауап беру және тауарлар ассортиментін  ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару  сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың  басқаруға және табысқа тікелей  қатыс алу мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің  ерекшелігі қызмет ету сферасы болып  табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар  номенклатурасымен және көтерме  сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі  және екінші реттік шикізат өндірісінің  қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне  жатса, автомобильді жөндеу – шағын  және орта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің  келесі бір тиімді ерекшелігі - ұжымның  еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын  сақтап қалуға тырысуы және пайдаға  қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің  максималды болуына мүдделілік болып  табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер  бір  тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін  бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары  мен көрсететін қызметтері бойынша. Жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың  толықтай қызметі оның икемділігін  арттырытын маңызды сұрақтар болып  табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің  даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.

Қазақстан үшін шағын бизнестің  қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет.

Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-  қоғамның және халықтың  қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға  мүмкіндік береді, өркениетті бәсекеге  қабілетті нарықтық қатынастардың  қалыптасуы;

-  ассортименттің кеңеюі, тауарлар мен қызметтердің сапасының  артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін  қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету  мен өнім сапасының артуына  мүмкіндік туғызады;

-   тауарлар мен қызметтердің  нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-   экономиканың құрылымдық  өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік  экономикаға өтімділік, икемділік  береді;

- өндірісті дамытуға халықтың  өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын  иегерлері өз істеріне өз ақшаларын  үлкен қызығушылықпен салады;

-   қосымша жұмыс  орындарының ашылуы, жұмыссыздық  деңгейінің қысқаруы;

-  адамдардың шығармашылық  мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,  дарындарының ашылуына, әр түрлі  қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі  кәсіпорындар белгілі – бір  шектеу қоятын халықтың жекелеген  топтарын (үй жұмысымен айналысушылар,  зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан  адамдар) тарту;

- меншік иелері, кәсіпкерлер,  басқарушылардың әлеуметтік қатарларының  қалыптасуы;

-   ғылыми-техникалық  дамуды жандандыру;

-   жергілікті шикізат  қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары  қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға жинақталған   бұйымдарды дайындау және жеткізу  жолымен, көмекші және қызмет  көрсету өндірісін құру арқылы  әсер ету;

- жалға алу немесе сатып  алу арқылы төмен рентабельді  және тоқыраудағы кәсіпорындардан  мемлекетті босату;

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің  экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.

Бірақ шағын және орта бизнестің  ролін талдай отырып, оның дамуына  кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы  күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы  жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіпкерліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге  толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың  әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік  органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға  сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал  – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды  мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  экономикалық жағдайда мемлекеттік  тікелей немесе  жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек.

Бұл бағытты жүзеге асыру  үшін келесідей шаралар қажет:

  • заңдық және нормативтік базаларды әрі қарай қалыптастыру мен дамыту,
  • өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыру,
  • бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдау аясын кеңейтуге әсер ету,
  • тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері