Шағын және орта бизнесті жетілдіру

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Кіші және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуының теориялық

   негіздері....................................................................................................................7

1.1 Кіші және орта бизнестің мәні мен мазмұны.....................................................7

1.2 Кіші және орта бизнестің  қаржыландырудың процедурасы мен  жағдайы....16

  1.3 Кіші және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі                      мен дамуы................................................................................................................. .28

 

2 Қазақстан Республикасындағы кіші және орта бизнестің қазіргі                  

 жағдайы мен қаржыландыру тетіктеріне талдау..........................................46

2.1 ҚР-сы бойынша кіші және орта бизнестің дамуының жалпы

сипаттамасы...............................................................................................................46

2.2 ҚР-дағы кіші және орта бизнестің қаржылық қамтамасыз етілуі..................53

2.3 Қостанай облысындағы  кіші және орта бизнестің жағдайын   талдау.........56

2.4 Кіші және орта бизнестің даму стратегиясы.....................................................63

2.5 Кіші және орта бизнестің даму деңгейін кешенді бағалау..............................66

 

3 Кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру  жолдары.....................................................................................................................70

3.1 Кіші және орта бизнесті  мемелкеттiк қолдау және дамыту   бағдарламаларын жүзеге асыру...............................................................................70

3.2 Кіші және орта бизнестің негізгі проблемасы және оның шешу  жолдары..75

3.3 Кіші және орта бизнесті дамытуға нақты ұсыныстар.....................................80

 

 

Қорытынды..............................................................................................................88

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................91

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Кіріспе

Зерттеп отырған  тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің «Қазақстан -2030» ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің  «2011 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» Үндеуіне сәйкес экономикаға аймағындағы басты міндет ретінде экономикалық өсудің максималды қарқынына қол жеткізу қойылған. Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық коньюктурасының өзгеруін тез қабылдау, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалар, шағын кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогрестің  дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, шағын кәсіпкерлік – қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.

Қазіргі кезде  шағын кәсіпкерлікпен қол жеткізілген  нәтижелер бойынша республикада дамыған және дамушы мемлекеттерімен  қатар, ТМД-ның жеке елдерінен артта  қарастырылды. 2011 жылдың басында Қазақстанда 449,9 мың шағын кәсіпкерліктің субъектілері (ШКС) жұмыс істеді, олармен ЖІӨ-ң 20,4 пайызы ғана өндірілді, ел бюджетіне 67,9 млрд. теңге аударылды, халықтың 21,0 пайызы жұмыспен қамтылды, бұл экономикасы дамыған елдер нәтижелерінен 2-4 есе төмен. Сонымен қатар, экономиканың осы секторына экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан деңгейден, бәсекелестік қабілетілігінің артта қалу факторының үдей түсуі тән. Осыған байланысты сыртқа шығарылатын инновациялық жете зерттеулері мен өнімдердің өндірісі жоқ деуге болады.

Жоғарыда айтылған шағын  кәсіпкерліктің артықшылықтары және ең бастысы, республикада оның дамуының қанағатсыз болуы алынған тақырыптың өзектілігіне шарт болды.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі көптеген шетелдік және отандық ғылымдар жұмыстарымен анықталады. Кәсіпкерлік проблемаларының дамуына шетелдік ғалымдар үлкен үлес қосқан: Ричард Кантиллион, Адам Смит, Альфред Маршалл, жан Батист Сэй, Джозеф Шумпетер, Давид Макклеланд, питер Друкер және басақалар. Шағын кәсіпкерлік проблемалары ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан ғалымдары зерттеулерінің нысаны болып табылады. Атап айтқанда, Абалкин Л.И., Блинов А.О., Бусыгин А.В., Крутик А.Б., Лапуста М.Г., Горфинкель В.Я. зерттеушілерінің еңбектері. Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің қалыптасу ерекшеліктері Григорук В.В., Есентугелов                А., Есіркепов Т.А., Қаңтарбаева А.К., Кенжегузин М.Б., Қошанов А.К., Сабден О.С., Сатубалдин С.С., Сатыбалдин А.А., Ерали А.Қ., Окаев К.О., Шевченко В.В. және басқалардың жұмыстарында қарастырылған. Бұл нарықтық қатынастарға өтуге, бәсекелестің дамуына, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен өтуге, бәсекелестің дамуына, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіруге, меншік түрлерінің өзгеруімен байланысты, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке деген көзқарасты қайта қарастыруға алып келді, қазіргі қоғамның экономикалық механизмінде атқаратын маңызды функцияларын бағалауды талап етті. Сонымен, шағын кәсіпкерлікті басқару проблемаларына А.Н. Тоқсанованың жұмысы; оның даму деңгейін бағалауға –                            А. Турғынбаеваның зерттеулері; салықтардың ынталандырушы функцияларын күшейту тұрғысынан кәсіпкерлікті дамыту – В.А. Васильченконың; республиканың шағын кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру – Е.А. Адасбаевтың, А.С. Краубаевтың, Р.Н. Әлімбаеваның жұмыстарында; ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерлікті несиелеудің тиімділігін бағалау әдістерін үлгілеу және анықтау – Д.А. Қалдияровтың зерттеулерінде қарастырылған.

Қазіргі кезде  шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесі қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функцияаларға, қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларға және тағы басқаларға қатысты басылымдардың көп болуына қарамастан, зерттелетін проблемалар шеңбері азаймай, керісінше, ұлғая түсуде. Және бұл заңды. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерліктің өткен жолы өте қысқа және ол бар және қайтадан пайда болған проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің болашағы бар ма, ел экономикасында маңызды ролді атқарады ма, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның экономикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр – мұның бәрі зерттеу обьектісі. Ал шағын кәсіпкерлік аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде ШКС арасында зерттеудің, таратудың және енгізудің тек алғашқы кезеңінде тұр.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Кіші және орта бизнесті қаржыландыру тетіктерін жетілдіруді қолдау тәжірибесі және оны несиелендірудің нарықтық экономиканың өзегі арқылы шағын кәсіпкерлікті  несеилендіру: жағдайын мен перспективаларын талдап, толық мәселесін толық ашу.

Диссертациялық  жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

  • шағын кәсіпкерлікті нарықтық экономиканың өзегін қарастыру;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және оның нарық жағдайындағы даму деңгейін талдау;
  • шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің процедурасын мен жағдайын талдау;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың  және несиелендірудің әлемдік тәжірибесін қарастыру,
  • екінші деңгейлі банктердің шағын бизнесті несиелендіру жағдайын талдау;
  • коммерциялық банк клиенттерге қызмет көрсетуі Казкоммерцбанк мысалында қарау;
  • Казкоммерцбанктің заңды тұлғаларды несиелеу тәртібін көрсету;
  • Казкоммерцбанктің шағын кәсіпкерлікті несиелендіру процедураларын талдау;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерліктің нәтижелілігі және оның даму жолдары көрсету;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қазіргі жағдайын талдау;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерліктің даму жолдарын қарастыру.

Зерттеу нысаны ретінде ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің мәліметтері алынған  және оның шағын кәсіпкерліктің несиелендірудің жағдайы.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады

            Ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмысты орындау нәтижесінде кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру  жолдары теориясының бағытталған ғылыми әдебиет жүйелері және ҚР-ның банк қызметтерінің қазіргі кездегі даму көрсеткіштеріне талдау жүргізілуі, соның нәтижесінде қалыптасқан үдерістер анықталды.

       Диссертация жұмысының пәні – Қазақстанның қазіргі жағдайдағы  кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіруде  өзара қарым-қатынастары жиынтығын талдау.

Диссертация жұмысының  объектісі  болып  ҚР екінші деңгейлі банктердің кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру  жолдары көрсететін қызмет түрлерінің сандық көрсеткіштері табылады.

Осы жұмыстың методологиялық негізі – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистерінің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі - Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары.

Диссертация жұмысында банктіктік мониторинг : мәні , ұйымдастыру, жетілдіру ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан Батыс елдерінің, Ресейдің  және Қазақстан Республикасының танымал және кәнігі маман ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтсақ: Роуз П.С., Гольцберг М.А., Дж. Р. Брик., Э.Дж. Долан, Лаврушин О.И., Жуков Е.Ф., Красавина Л.Н., Сейткасымов Г.С., Калиева Г.Т. 

Диссертация жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық материалдары, отандық және шетел ғалымдардың экономика саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттер мен журналдар,  сандық материалдары құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кіші  және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуының                  теориялық негіздері 

 

    1. Кіші  және орта бизнестің мәні мен мазмұны

 

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас  бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Қоғам мен  өндірістің даму үрдісінде адамдар  әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатнастар  аясында  кәсіпкерлік  қызметпен  айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алды. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, қолөнершілер, жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас  қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты.

Экономикалық  әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші  рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ  сөздігінде» келтірілген. Мұнда  кәсіпкер – өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік берілді[1].

Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі  ағылшын экономисі Ричард Кантильонның  XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алу, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған[2].

Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты  кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын  иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы өндірістік қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстаған. Альфред Маршалл мен жолын ұстаушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы – кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ұстанған Иозеф Шумпетер, кәсіпкерлік тек жеке адамдар  болып қана қоймайды, ол адамдар  тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептелген.

Кәсіпкерлік ұғымы  әр түрлі көз қарастар тұрғысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу  стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б (Кесте 1).

 

 

Кесте 1

«Кәсіпкер»  және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық тұрғыдан дамуы

 

Мерзімі

Анықтама авторы

Анықтама мазмұны

1

2

3

1723

Коммерция-ның жалпыға ортақ сөздігі, Париж қ.

Кәсіпкер –  өнім өндіру немесе құрылыс объектісі  бойынша міндеттемені өз мойнына  алатын адам.

1725

Ричард Кантильон

Кәсіпкер –  белгісіздік жағдайларында шешім  қабылдайтын және өз қажеттіліктерін  қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің тыбысы – ол тәуекел үшін төлем.

1776

Адам Смит

Кәсіпкер –  кәсіпорын иесі және тәуекелді коммерциялық идеяларды жүзеге асырушы. Негізгі функциясы – күнделікті шаруашылық қызмет барысында өндірісті ұйымдастырумен басқару.

1797

Карно Бодо

Кәсіпкер – атқарылып жатқан іске жауапты тұлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын, бақылайтын, ұйымдастыратын және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдық деңгейі, яғни алуан түрлі ақпараттар мен білім иесі.

1830

Жан Батист Сэй

Кәсіпкерлік –  бұл нарықтық кеңістіктің аталған нүктесіндегі өндіріс факторларының рационалды комбинациясы. Кәсіпкер – өндірістік бірлік аясында адамдарды ұйымдастыратын тұлға. Кәсіпкер өнім өндіру мен бөлу үдірісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін – өнім өндірісі мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті құрайды.

1890

 

Альфред Маршалл

Әрбір қалаған  адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкердің  «табиғи» таңдауы Ч.Дарвин ашқан  табиғи таңдауға сәйкес жүргізіледі.


    

 

                                                                                          

                                                                                                    

                                                                                                            Кесте 1 жалғасы

1

2

3

1977

Иозеф Шумпетер

Кәсіпкерлікте ең басты – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып танылмайды. Кәсіпкер ретінде, өндіріс факторларының жаңа комбинацияларын жүзеге асыратын кез келген адам, акционерлік қоғамның қызметкері, мемлекеттік шенеунік және меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын менеджері бола алады. Бастысы « ...басқалар жасайтын іспен айналыспау» және «...басқалар жасайтындай етіп жасамау». Кәсіпкерлік статус тұрақсыз, өйткені нарықтық экономика субъектісі тек жаңашылдық функцияларын жүзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал өз қызметінде күнделікті ұсақ-түйек жұмыспен айналысқан кезде осы статусынан айрылады.

1964

Питер Друкер

Кәсіпкер –  кез келген мүмкіндікті максималды табыспен қолдана алатын адам.


    

 

Әр түрлі  көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік  қызмет – бұл инновациялық тәуекелді тәсіл негізінде, өндіріс факторларын оңтайлы үйлестіру тұрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген тұжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады , жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жұргізушілерге қарағанда көп пайда табады. Сонымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады.Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады [3].

Кәсіпкерлік табыс  деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері немесе сыртқы жағдайларға байланысты өндіріс факторларын жаңа тұрғыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.

Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір функцияларды жүзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның экономикалық, әлуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыратын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үрдісі ретінде сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

1)   қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен;

2) продуценттен  тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.

Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік  пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.

Кәсіпкерлік идея – қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәйкестендіру , немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады [4].

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанаға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыстыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті түрде болмауымен сипатталады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу – бұл да инновациялық жағдай.

Қазіргі уақытта  нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын  өнім көлемі.

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар  болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын  номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Қазақстанда шағын  және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген  зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар  жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын  еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес : «Кәсіпкерлік– азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».

Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бір – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды келесідей себептер ықпал етеді: пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мотивы ретінде келесілерді көрсету керек:

  • тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі;
  • шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу;
  • қосымша және басқада ресурстарды қосу;
  • азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

Кәсiпкерлiктiң  құрылуы үшiн келесi шарттардың болуы қажет: экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық және т.б [5].

Экономикалық  шарттар – сатып алушылар сатып алатын тауарларға сұраныс пен ұсыныстың болуы. Экономикалық жағдайға ақша қаражаттарының саны, заемдық (қарыздық) құралдардың мөлшерi өз әсерiн тигiзедi.

Әлеуметтiк шарттар – тұтынушылардың талғамдарына жауап беретiн сатып алушылармен тауарларды сатып алуы. Әртүрлi сатыларда бұл қажеттiлiктер әртүрлi болады.

Құқықтық шарттар – кәсiпкерлiк iс - әрекеттi реттейтiн заңдылық негiздерiнiң болуы.

Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың  басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті  жетілдіру болып табылады. Жалпы  кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше  белгілі шарттар орындалуы қажет:

- кәсіпкерлік субьектінің белгілі  бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы керек. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді;

- кәсіпкерлік қызметтің белгілі  коммерциялық табысқа жетуге  бағдар ұстауы, экономикадағы  қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты[6].

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі  өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың  бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан  экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен  қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің  артуына тікелей әсер етеді.

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы  рөлін бағалауға келмейтіндей жоғары екені көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды.

Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жалдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.

 

 

 







 




 











 


 



 




 


 

Сурет 1. Кәсіпкерліктің түрлері

 

 

  1. Өндiрiстiк кәсiпкерлiк. Бұл нақты тауарларды өндiру процесi, жұмыстар мен қызметтердi көрсету және оларды тұтынушыларға ұсынып өткiзу. Өндiрiстiк кәсiпкерлiктiң материалды өндiрiс аясында қызмет етуiне және шаруашылық етудiң саласына байланысты кәсiпкерлiктi өнеркәсiптiк, құрылыстық, ауылшаруашылық және т.б. түрлерге бөлiнедi.
  2. Коммерциялық-саудалық кәсiпкерлiк. Бұл кәсiпкерлiк түрiне келесi екi шарттың болуы қажет: сатылатын тауарларға тұрақты сұраныстың болуы және тауарлардың ең төменгi сатылу бағасының орнатылуы. Мұнда өнiм өндiрiлмейдi, бiрақ өндiрiлген дайын өнiмнiң өткiзiлуi жүзеге асырылады.
  3. Қаржылық-несиелiк кәсiпкерлiк. Бұл кәсiпкерлiктiң ерекше түрi, мұнда сату-сатып алу заты ретiнде құнды қағаздар, валюталық құндылықтар, ұлттық ақша қаражаты болады. Қаржылық - несиелiк кәсiпкерлiктiң мақсаттары үшiн ұйымдардың мамандандырылған жүйесi құрылады: коммерциялық банктер, қаржылық-несиелiк компаниялар, қор, валюта биржалары және т.б.
  4. Делдалдық кәсiпкерлiк - әртүрлi қызмет көрсетумен айналысатын компаниялардың қызметтерi – пәтердi жалға алу, беру, сату.
  5. Сақтандыру кәсiпкерлiгi ол - адам өмiрiн сақтандыру, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi сақтандыру қызметтерiн көрсететiн ұйымдар.

6. Кеңес берушілік кәсіпкерлік. «Консультант» — латын сөзі, «кеңес беруші» деген мағынаны біддіреді. Бұл сөзді нақты бағытта, өз мамандығы бойынша кеңес беретін іскер-маман деп түсіну керек[6].

Шағын бизнеспен  айналысу үшін болашақ кəсіпкер бизнестің нысанын белгілеп  алу  керек. Ол үшін келесі көрсеткіштер басты болады:

  • бизнесті тіркеу мен жүргізудің ерекшеліктері;
  • қаржылық тəуекелдердің көлемі;
  • салықтар;
  • пайда;
  • заңдық жауапкершілік.

  Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың арықтауынан  және  үкіметтің  сауатты нарық  реформаларды жүргізуінен  алады. 

Шағын және орта бизнесті жетілдіру