Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім
Кіріспе.......................
1.Шығармашылық бөлім
1.1.Сән бағыты................
1.2.Эскиздік жоба.............
1.3.Модельдің технологиялық
сипаттамасы...................
1.4.Материалды таңдау және
негіздеу......................
2.Құрастыру бөлімі
2.1. Бұйымның негізгі сызбасы
және модельдеу конструкциясы.................
2.2. Киім бөлшектерінің
оригинал лекалоларын
2.3. Материал шығынын мөлшерлеу....
3. Техникалық бөлім
3.1. Өңдеу әдістерін және
құрал жабдық таңдау........................
3.2. Түйінді өңдеу тәртібі.........
3.3. Бұйымды дайындаудың
техникалық бірізділігі........
4. Экономикалық бөлім
4.1. Бұйымның өзіндік құны
және рентабельдігі............
5. Экология және еңбекті қорғау
5.1. Техникалық қауіпсіздік
ержесі........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Киім
қазіргі кезде қолданбалы
Киімнің
адамдар тұрмысындағы рөлі
Ұзақ
уақыт аралығында адамдардың
жалпы әлеуметтік және мәдени
дамуына байланысты киімнің
Қазіргі кезде әр түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптер, иірім жіптерді тігін бұйымына қолданудың арқасында, киімдерге арналған материялдардың ассортименті тоқтаусыз кеңейіп жаңаланып отырады. Өйткені, олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді, пішу және тігін бұйымын өндірудің технологиялық процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізеді.
Қазіргі өркендеу кезеңінде
тігін бұйымдарының сапасы
Қазақ халқының киімдеріне халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан
Қазақтар құланның, киіктің және жолбарыстың терілерін, сондай-ақ қара түсті жанаттың, су тышқанның, бұлғының және сусардың, ақ түсті тышқанның, күзеннің үлбірлерін аса бағалы деп санаған. Сусар мен бұлғынныңүлбірлері басқа мамық жүнді аңдардың үлбірлеріне қарағанда қымбат бағаланған. Теріден тондар тігілген. Мамық жүнді аңдардың үлбірлеріненжасалған тондарды қазақтар ішектер деп атаған. Жанаттың үлбірлерінен дайындалған тон- жанат ішік, қара түлкінің үлбірінен тігілген тон-қара түлкі ішік, алтайдың қызыл түлкісініңүлбірінен тігілген тон-алтай қызыл алтай түлкі ішігі деп аталған. Жоғары түкті жібекпен көмкерілген үлбірлі ішік қыз жасауындағы ең қымбат мүліктердің бірі саналып, бас тон делінген. Қазақтар аққудың, гагара мен құтандардың да мамығынанжасалатын ішіктердің дайындау техникасын білген. Оған 1878 жылы Ақмола көрмесіне қойылған гагара мамығынан тігілген ішік мысал бола алады.
Шапандар
және кең шалбарлар жібекпен
кестеленген. Семей өлкесінің
суретшісі және өнертанушысы
В.Н. Белослюдов кесте
нақыштарды кестелеу барысында ою-өрнектің суретіне немесе кестеленетінбұйымның пішініне байланысты дөңгелек немесе тік бұрышты арнайы кергіштерді пайдаланған. Әйелдер және ерлердің бас киімдері- желек, кимешек, сәукеле, телпек, тақиялары, әйелдер көйлектерінің желбіршектері, сондай-ақ, омырау әшекейлері-омырауша, алқаларды және күдеріден тігілген шекпендерді, шапандарды, кең шалбарларды инемен және ілгекті бізбен кестелеген. Тығыз кестелеу әдісі өте кең таралған. Тығыз кестелеу арқылы кимешек, шұғадан жасалған ерлер шалбары әшекейленген. Ілмектен ілмекке біз кестелеу әдісіде жиі қолданлған. Біз кесте және тығыз кесте әдістерімен киімдерге геометриялық және өсімдік тектес ою өрнектер, кейде адамдармен жануарлардың контурлы бейнелері, толық сюжеттер әшекейленген, мысалы Эрмитаждағы күдеріден тігілген шапанда аң аулау көрінісі толық кестеленген. Санкт-Петербург, Мәскеу, Алматы, Омбы қалаларының мұражайларында сақталған бірқатар кең шалбарларда біз кестелеу арқылы безендірілген. Олардың он шақтысы Эрмитажда сақтаулы. Солардың ішінде Ш.Уәлихановтың Арынғазы Ханқожиннің (Семей облысы), Н.А.Крижановтың , Л.Ф.Баллюзектың (Батыс Қазақстан) сыйға тартқан экспонаттарының кестелері ерекше көзге түседі. Ш.Уалиханов сыйға тартқан шалбарда сары түсті кестенің ерекше бір талғаммен орындалуы көз тартады. Кестеде бедерлі өсімдік тектес мотивтер – жапырақтар, бүршіктер, сондай-ақ, ирек бейнелі сызықтар қолданылған.
Киіз
– ертедегі көшпенділердің
Түйе
жүнінен дайындалған ежелгі
Шапан – қазақтардың негізгі және ежелгі киімі. IX-XIV ғасырлардағы қыпшақтардың тас мүсіндерінен шапан бейнелерін кездестіруге болады. Шапанды әйелдерде ерлерде киген. Шапандар күдеріден ғана тігілген жоқ, басқа елдерден әкелінген жібек, жүн және мақта маталарданда дайындалады. Орыс халқының дерекнамаларында шапандарды «кафтандар» деп атаған. Бабиковтың қызыл шұғадан жасалған шапан суретін салғаны белгілі. Осы шапан біз кестемен кестеленген. Кестенің негізгі мотивтері - қатар-қатар орналастырылған шеңберлер мен қара, ақ сызықты жиектер. Әр шеңбердің ішіне ақ жібектен жұлдыз кестеленген, ал шеңбер төңірегіне – төрт мүйіз және ашық алақан бейнесі әшекейленген. Қазақтар арсынан ең әдемі шапандарды ақын, сал-серілер киетін болған.
Ерлердің
және әйелдердің бір қатар
бас киімдері киізден
Қалпақтың тағы бір түріне телпек жатады. Телпекті тек сұлтандар киетін болғандықтан, ол ХІХ ғасырға дейін-ақ қолданылған.
Ерлер
бас киімінің бір түрі
Тақия
– барқыттан, қамқадан
Сәукеле – ХІХ ғасырға дейін қолданылған ертедегі бас киімдердің бірі. Ол туралы И.Георги, Ш.Уалиханов, И.Ибрагимов және т.б жазған болатын. И.Ибрагимовтың жазбасы бойынша «сәукеле – күміс және алтын ақшалармен, інжумен, сондай-ақ маржанмен әшекейленген, биік конус тәріздес құрастырылған бас киім». Ұзындығы – 1,5 аршын. Осы бас киімді келін күйеуге шыққан алғашқы күндерінен бастап бір жыл киген, сонан соң төрт немесе бес жыл қатарынан тек қана үлкен той-жиын, мерекелерде киген. ХІХ ғасырда қымбат сәукелелердің бағасы мың сомға дейін немесе таңдаулы жүз аттың құнына жеткен. Олардың металдан жасалған торлы тәжісінің (алтыннан немесе інжу, маржан жіптерінен құрастырылған) маңдайында салпыншақтары және иек асты әшекейлері болған. Сәукеленің қаңқасы матамен қапталған және оған әр түрлі конфигурациялы металдан жасалған белгілер жапсырылған, олардың ара арасына қымбат және жартылай қымбат тастар қойылған. Белгілердің ұсақ та, ірі де түрлері болған. Ұсақтары ірілермен бекітілген. Сәукеле үсті жібек немесе барқыттан жасалған орамалдармен жамылған.
Сәукелені
ісмерлігі тігінші, кестелеуші
шеберлер дайындаған. Сәукеле орамалымен
таспасына әшекейлер жуан
Келіннің
бір жыл толғанан кейін киетін
бас киімдерінің бірі- желек. Ол
сәукеленің қарапайымдатылған
1. Шығармашылық бөлім
1.1. Сән бағыты
Адам
әрдайым қоғамда, ортада өмір
сүреді, сондықтанда қоғамда болып
жататын қозғалыстар жеке
Жалпы
сәнге бағыттамаға келетін
Ол белгілі бір өлшем, тәртіптің немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп тұруы деп те аударуға болады. Талғам ұғымында моданың айырмашылығы ол көркем туындыларға және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үстірт өзгеруінбілдіреді.
Ал тар мағынада «Мода»дегеніміз салыстырмалы түрде аз ғана уақыттың аралығында киімнің сыртқы түрімен үлгісінің өзгеріп отыруы.
Жалпы
моданың екі бағытын
Жеке адамдарға арналған, ерекше сәнді және салтанатты сән үлгілері;
Жалпы халыққа арналған сән үлгілері.
Бұлардың біріншісі
Байқап
отырсақ, мода барған сайын
қоғам өмірінің барлық
Костюм тарихының адамзат қоғамындағы ең бір маңызды түсініктердің бірі «сарын».
Сарын-суретшілердің,
дизайнерлердің ойлауындағы
Сонымен қатар сарын дегеніміз – киімнің модельеріміздің, дизайнерлердің шығарған бұйымдарында жалпы ортақ ерекшеліктерін сақтап тұру.
Романтикалық
сарын- бұл сарындағы
Романтикалық сарындағы
Киім ассортименті-мұның өзі
Айқындалған белгілері бойынша
барлық киімдер ассортименттік
топтарға бөлінеді: киімнің мақсаты
материялдардың түрімен киім
өндірудің әдісі, негізгі
Типтік ұсыныс дегеніміз-
Сұлба
дегеніміз- француз сөзінен
Қынамалы сұлба- өте сымбатты тұлғалы адамдарға келеді, олардың фигураларын нақты көрсетіп тұрады.
Пропорция дегеніміз- киім пропорциясына жақын ара қатынас, ең әдемі жетілген дұрыс арақатынас болып табылады.
Костюмде
қалыпты пропорциялармен қатар
әдемі өзгертілген
2013 жылдың сән маусымы қандай болмақ?
Ал енді «Құралай» сән үйінің жетекшісі, дизайнер Құралай Нұрқаділова ханым не дейді? Соңғы 15 жыл ішінде шетелдерде өткен барлық сән көрмесіне қатысқан Нұрқаділова ханымның бұл мәселеде айтары да тәжірибесі де жеткілікті:
– Жаңа маусымда алуан түрлі бедерлері бар маталардан тігілген киімдер сәнге айналады. Егер батик сияқты, графикалық немесе қиял-ғажайып суреттері бар маталар мен киімдер көрсеңіз, батыл түрде одан киім тіккізуіңізге, немесе сатып алуыңызға болады.
Алуан түсті суреттері бар орамалдарды да кәдеге асырып, келістіріп белдік немесе одан жеңсіз кеудеше тіктіріп алыңыз. Тіпті әдемі орамалды белге байлай салуға да болады. Және бір айта кететін жайт, әйелдердің Коко Шанельдің қішкентай қара көйлегі секілді, жинақы ғана қызыл көйлегі болса артықтық етпейді. Неше түрлі көйлектер мен жакеттер, жарасымды блузалармен киюге болатын айқарма ұзын юбкалар сәннен қалмайды. Әдетте ақылды сәнқойлар жаңа жылға, тойға немесе салтанат кештеріне киім сатып алғанда, оны кейін де басқа күнделікті киімдермен үйлестіріп киюге болатын жағын қарастырады. Егер Жаңа жылды алтын түстес былғары белдігі бар ашық лимон түсті блузамен қарсы алсаңыз, Айдаһар жылында ақшадан тарықпаймын деп ырымдайсыз әрі сәннен де қалмаған болып шығар едіңіз.
Классикалық қара кеудешені ұзындығы жер сызатын феруза, яғни көгілдір ақық түстес юбкамен және сондай матадан тігілген бедерлі шарфпен үйлестіріп кисеңіз болады. Және бұл киімдер кейін жеке-жеке де пайдаға асады, – дейді ол.
Ашық түс алға шықты.
Сән
үлгісін жасаушыларды үнемі
Нәзіктік нағыз сәнге айналды
Ерлерше киініп, тақымдарынан
шалбар тастамайтын арулардың «
Нәзіктігі бой бермейтін әдемі шифон көйлектер қайта сәнге айналмақ. Мойныңызға үлбіреген әдемі жеңіл шарф тағып алсаңыз, тұлғаңыз тартымды көрінері хақ. Мойын орағышыңыздың нәзік қызғылт түстен болғаны тіпті жақсы.
Романтикаға жаны құмар бикештер
бұл тенденцияны жіберіп
Шаш күтімі жайлы алдыңғы тақырыпта біраз айтылған екен. Сонымен қатар шаштараз мәселесін де ұмытпаған дұрыс деп шештім.
Орташа қазақ жігіті, ішінде өзіңіз де барсыз, көбінесе шаштараздың маңыздылығын, өте сирек жағдайда сезінеді. Шашымыз көзге түсіп, құлаққа кіріп, көзіміз қитарланып, «Шашың өсіп кетіпті» дегенді естігенде ғана шаш шеберіне жалқаулана жол тартамыз. Тіпті кейбір жас жігіттер ол міндетті мамасына, папасына, ағасы немесе досына жүктейтіні бар. Егер олай етсеңіз, 10 жағдайдың 9-ында шаш үлгіңіз сәтсіз, немесе түсініксіз жүн-жұрқа бірдеме болатынына өкпелемеңіз.
Өте нәзік қызғылт түспен қатар биылғы көктемде опаның және қызыл күрең түстер де сәнге шығады. Қаншалықты үйлестіре аласыз, ол тікелей сіздің талғамыңыз-ға байланысты.
Қазактың
қәзіргі киімдеріне бүгінгі
1.2. Эскиздік жоба
1.3. Модельдің технологиялық сипаттамасы
1-модель. Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (жилет, көйлек, жаға).
Көйлек қазіргі заманға сай жасалған, сахалық стилге сай тігілген. Бұл көйлек екі түрлі матадан тігілген. Жилет астарсыз, жағасыз өңделген. Артқы бойы тұтас пішіліп, бүкпе орналасқан. Алдыңғы бойы екі бөліктен тұрады. Жеңі бір тігісті қондырмалы, шынтаққа дейін барқыт матасынан тігілген. Шынтақтан төмен қарай қытайлық моноро матасынан тігілген, алты қатар желбірленіп, жең аузына қарай кеңейтілген. Жилеттің мойын ойындысы, өңірі, етегі әдіппен өңделген. Мойынын айналдыра, өңірі мен етегі қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген.
Көйлектің жоғарғы және төменгі
бөліктері бөлек тігілген.
Көйлектің төменгі бөлігінде белі белдікпен өңделіп, түймемен түймеленеді. Етегі сегіз қиықты. Сегіз қиықтың арасынан төрт қиыққа көлденеңінен он екі қатар желбір жүргізілген. Етек ұзындығы тобықтан төмен түседі.
Жағасы бөлек өңделген. Көлденеңінен бір қатар желбірленген, жаға үш ілмек арқылы ілінеді.
2-модель.Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (қамзол, көйлек).
Қамзол тік жағалы, астармен өңделген. Жеңі қондырмалы, бір тігісті жең. Жең ұзындығы шынтақтан төмен, жең аузы оюмен өрнектелген. Қамзол ұзындығы тізеден төмен түседі.Алдыңғы бойында қолтық ойындысынан басталып, етегіне түсетін бедер сызығы бар. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі бар.
Алдыңғы өңірі мен етегі жағалай қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген. Алды сәнлік ілмекпен ілінеді.
Көйлегі жағасыз. Жеңі қондырмалы, жең аузы кеңейтілген, ұзын жеңді. Мойын ойындысы әдіппен өңделген, айналдыра оюмен өрнектелген. Алдыңғы және артқы бойы бел бүкпесімен өңделген, белі қыналған. Көйлек ұзындығы тобыққа дейін, кең етекті.
3-сурет. Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (жилет, көйлек).
Жилеті жағасыз, астарсыз өңделген. Мойын ойындысы, қолтық ойындысы, өңірі және етегі әдіппен өңделген. Алдыңғы және артқы бойында иықтан басталып етек сызығынан аяқталатын бедер сызығы бар. Жилет ұзындығы белден төмен.
Алдыңғы өңірін бойлай оюмен өрнектелген. Артқы бойында орта тұсында дөңгелектеніп қошқар оюымен өрнектелген.
Көйлектің жағасы айналдыра желбірленген. Жеңі ұзын, кеңейтілген, үш қиықты. Жең үстінен бастап, аузына дейін тігінен үш қатар желбірленген.
Алдыңғы бойында бел бүкпесі бар, ою- өрнекпен өрнектелген. Артқы бой тұтас пішілген, бел бүкпесімен өңделген.
Көйлектің етегі алты қиықты, кең етекті. Белінен бастап етегіне дейін тігінен алты қатар желбір қондырылған.
4-сурет. Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (жилет, көйлек).
Жилет жағасыз, астармен өңделген. Жеңі қысқа, оюмен өрнектелген. Жилет ұзындығы белден төмен. Алдыңғы бойда қолтық ойындысынан басталып, етек сызығына аяқталатын бедер сызығымен өңделген. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі бар. Мойын ойындысы, өңірі және етегі әдіппен өңделген.Мойын ойындысын айналдыра, өңірі және етегін айналдыра қазақтың ою-орнегімен әшекейленген. Алды сәндік ілмекпен өңделген.
Көйлек жағасы тік, екі қатар көлденеңінен желбірленген. Жеңі кеңейтілген, төрт қатар желбір жүргізілген. Алдыңғы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі бар. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесімен өңделген. Етегі алты қиықты, кең етекті. Көлденеңінен айналдыра сегіз қатар желбір жүргізілген.
1.4. Материалды таңдау және негіздеу
Жақсыжағы:Атлас – барлық мерзімнің классикасы. Ол ацетаттан жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады.
Нашаржағы:
Еңыңғайлы атлас - полиэстер атласы мен атлас эффектісі бар трикотаж матасыболыпесептеледі.
Бес жіптік
атластық
айқаспа
Атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ ұзын жапқышы болады, сондықтанда олардың оң беті тегіс және жылтыр боп келеді. Атластық айкаспада негіз жібі басым болады. Атластық айқаспалардың раппортында кемінде бес жіп болуға тиіс.
Атластық айқаспада сәтенге ұқсас болып келеді. Бірақ бес жіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негізгі жіп төрт арқау жіпті жабады да, бір арқау жіптіңастына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негізгі жіптерден тұрады. Бұл әдіспен мақта түрлерінен – сәтен-дубль және ләстік; зығырдан – костюмдік-коломенок; жібектен – креп-сәтен, корсет маталар, іш киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі – сусып, ыдырағыш төсегенде, тіккенде сырғымалы болып келеді.
Жартылай барқыт және барқыт – тарақтық жіптен тоқылады, беті түгел түкті, түгі қысқа. Оны – түкті айқаспамен тоқып жібек жіптерден алады. Түгінің биіктігі 1-2 мм. 1м2нің массасы 190гр, ені 70, 90 және 135 см. Барқытты пішіп тігу өте күрделі. Ылғал жылумен өңдеуді кардолентада жасаған жөн.
Шибарқыттың
түгі жолақ болып матаның
Шибарқыттың
негізіне тарақтық немесе
Түкті маталарда тігу күрделі. Пішіп кескенде түктерінің қалай қарай еңкіштігін есте ұстау қажет. Тіккенде тесілуі мүмкүн. Бұл маталардың тігісін сөкпеген жөн, себебі сөккен жердің түгі түсіп қалуы мүмкін.

- Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу
- Жастар мәдениеті
- Жастармен әлеуметтік жұмыс
- Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы
- Жастармен жұмыс
- Жауапкершілік орталықтары бойынша талдамалық есеп
- Ж Аупбаев - журналист, публицист
- Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы
- Жарасқан әбдірашев поэзиясының көркемдік қырлары
- Жаргонная лексика в языке современных газет
- Жареная рыба
- Жарнама қызметтiнiң теориялық аспектiсi
- Жаропонижающие препараты
- Жартылай өткізгіштердегі рекомбинациялық құбылыс