Ж Аупбаев - журналист, публицист
Жанболат Аупбаев
– журналист, публицист
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік
ғұмырбаяны....................
1.1 Журналисттік қызметтегі
алғашқы қаламгерлік
1.2 Облыстық, республикалық
басылымдардағы
1.3 Қазақ баспасөзін
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы................
2.1 Қаламгер журналистикасының
тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..............
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің
жанрлық түр алуандығы, стильдік
айшықтары.....................
2.3 тілши сухбаттары мен
мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері.................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Жанболат Ауытбаев – XX ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап өзінің қоғамдық және шығармашылық қызметімен тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қатайып, нығаюына елеулі үлесін қосып келе жатқан, ұлттық әдебиетімізден алар орны айрықша қаламгерлердің бірі. Таза журналистік еңбектерімен де оқырмандарының жүрегін жаулап, республикалық басылымдар беттерінде проблемалық мақалалар мен очерктер жазған Ж. Ауытбаев – қоғамның күн тәртібінде тұрған сан-салалы проблемаларды қозғап қана қоймай, оларды шешудің жолдарын да көрсете білген публицист.
Оның осындай биік адамгершілік қасиеттерін, туған халқы мен еліне, жеріне деген мәңгілік іңкәр махаббатын, ғұмырында өмірден жинаған мол ғибраттық тәжірибесін, оның ішінде публицистік мұрасын уақыт талабына сай журналистиканың ғылыми айналымына түсіріп, болашақта өзінен кейінгі ұрпаққа озық тәжірибе, үлгі-өнеге ретінде ұсынып, тәуелсіз мемлекетіміздің мұрағатына айналдыру – диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Бұл орайда Жанболат Ауытбаевның әр жылдары баспасөз беттерінде түрлі жанрда жарияланған материалдары мен баспалардан жарық көрген публицистикалық шығармаларының қоғамнан, қазақ журналистикасы тарихынан алатын орнын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсету қажет. Сонымен қатар, оның публицистикасының тақырыбы мен идеясы, көтерген жүгі, мән-мазмұнын анықтап, жанрлық алуан түрлілігі, стильдік сипаты, суреткерлік шеберлігін жан-жақты қарастыру да керек.
Өйткені қазақ публицистикасының тарихы сонау XIX ғасырдың екінші жартысынан – Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығынан басталады десек, оның дәстүрлі жалғастығының арқауы күні бүгінге дейін үзілмей, қайта жаңа заман үрдісіне сай жаңарып, түрленіп, төртінші биліктің мұқалмас қаруына айналып отырғандығы шындық. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдарына бүгінгі күннің тәуелсіз көзқарасынан қарайтын болсақ, оның түп-тамырының тым әріде жатқандығы байқалады. Қай заманда, қай қоғамда болмасын бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі, көтеретін жүгі, адамзат баласы алдындағы міндеті өте зор. Әсіресе, бүгінгідей ескі кеңестік біржақты идеологияны бұзып-жарып, жаңа тәуелсіздік заманның сұранымына сай әлеуметтік-саяси көзқарас қалыптастырып, орнықтырып жатқан кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен оның өкілдеріне де қойылатын міндеттер өте қиын, әрі жауапты болмақ. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ мерзімді баспасөзінің көп жылдық тарихының талай белестерден өткен тәлім-тәжірибесі бар. Мұның өзі өткенді бүгінгі күн биігінен бағамдап, күрішті күрмектен ажыратып, өз ұлтымызға тән жаңа тәуелсіз қоғам орнату үшін де маңызы зор. Олай болса, Шоқан, Ыбырай, Абай ғана емес, олардың ізбасарлары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгірұлы, Бейімбет Майлин, бергісі Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Әзілхан Нұршайықов, Сәуірбек Бақбергенов, Ұзақ Бағаев, Сафуан Шаймерденов, Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мәуленов, Шерхан Мұртаза, Жанболат Ауытбаев сияқты біртуар жазушы, публицист, қоғам қайраткерлерінің бай мұраларынан тәлім-тәрбие алып, олардың шығармашылықтарын зерттеу нысандары қылып, тәжірибе мектептеріне айналдыру қажеттігі де журналистиканың өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазақ журналистикасының өсіп, өркендеп нығаюына айтарлықтай өзіндік үлес қосқан, публицистика мен журналшы дәрежесін биікке көтеріп, шынайы әдеби-публицистикалық мұраларды дүниеге әкеліп, бүгінгідей егемендік еркіндігіне үн қосып, қолынан қаламы түспей келе жатқан ірі суреткердің бірі – Жанболат Ауытбаев. Ол – танымал шығармашылығымен қатар, баспасөзінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Сонымен қатар, Ж. Ауытбаев – өзі өмір сүрген дәуірдің бағдаршамы ретінде туған халқының мұң-мұқтажын жоқтап қана қоймай, соның шешімін табу үшін қаламын қару етіп күресіп келе жатқан абзал азаматтардың бірі. Бұл орайда алгашкы қадамының алғашқы баспалдағын журналистикадан бастаған Жанболат Ауытбаев – қарапайым хат қорытудан бастап, кейін хабарлама, репортаж, фельетон, көкейкесті тақырыпты көтерген очерктер, проблемалық мәселелерді қамтыған ойлы мақалалар, естелік-эсселер, жолсапар очерктеріне дейін жазып, публицистиканың көптеген жанрларына қалам тартқан журналист. Сондықтан, біз диплом жұмысының нысаны ретінде алып отырған ақын, жазушы, публицист Жанболат Ауытбаев шығармашылығындағы публицистикалық еңбектерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруды – өзекті мәселе ретінде алға қойдық.
Диплом жұмысының нысаны. Диплом жұмысының материалдық зерттеу өзегіне Жанболат Ауытбаевның журналист ретінде қолына алғаш қалам алған 1970- жылдардан бастап, Қазақстан халық жазушысы атанып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған кезіне дейінгі аралықта жазған публицистикалық еңбектері, мемлекеттік мұрағат құжаттары, Ұлттық және республикалық орталық кітапханалардың арнайы және сирек қолжазбалар қорларында сақталған материалдар, сондай-ақ Жанболат Ауытбаевның әр жылдары баспадан жарық көрген кітаптары, газет-журналдардағы мақалалары алынды. Зерттеу нәтижесінде осы жылға дейінгі уақыт аралығындағы басылымдарда жарық көрген публицистикалық мақала, очерктері пайдаланылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – Жанболат Ауытбаевның публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты ғылыми талдаудан өткізу арқылы оның журналистік және публицистік шеберлік сырын ашу, сол негізде ұлттық баспасөз тарихындағы қаламгердің алар орнын айқындау. Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат
Ауытбаевның журналистикаға
- Жанболат
Ауытбаевның журналистік
- қаламгер
публицистикасының қоғамдық-
- журналистің
публицистикалық
- Жанболат
Ауытбаевның публицистикалық
- публицист
шығармаларының жанрлық әр алуа
- журналистің
көркем-публицистикалық
- қаламгердің публицистикалық қызметін кезеңге бөліп, журналистік ғұмырбаянымен байланыста қарастыру.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдында қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталды. Диплом жұмысында объективтік-аналитикалық, салыстырмалы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, талдау, қорыту, жинақтау және өз тұжырымымды дәйектеп жүйелеу арқылы негіздеп саралауға күш салдым.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ мерзімді баспасөзінің тарихы, теориясы мен тәжірибесі туралы ғылыми зерттеулер жазған белгілі ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Б.Кенжебаев, Қ.Бекхожин, Т.Қожакеев, Т.Амандосов, М.Барманқұлов, Т.Ыдырысов, Ү.Сұбханбердина, К.Смайылов, Ә.Ыдырысов, Ә.Қалмырзаев, С.Қозыбаев, Н.Омашев, Ш.Нұрғожина, Б.Жақып, Қ.Алдаберген, А.Шәріп, С.Байменов, Қ.Тұрсын, Қ.Сақ, М.Шындалиева, т.б. еңбектері пайдаланылды.
Диплом
жұмысының ғылыми жаңашылдық
сипаттары мен қорғауға
- Жанболат
Ауытбаевның облыстық және
- қаламгердің публицистік қызметінің даму кезеңдеріне талдау жасалып, жаңаша көзқарас тұрғысынан бағаланды;
- Ж. Ауытбаевтыңбарлық шығармашылық кезеңін қамтитын публицистикалық еңбектері библиографиялық ретпен барынша қамтылды;
- Ж. Ауытбаевтың
кезінде жарияланбай қалған
- Жанболат
Ауытбаевның республикалық
- қазақ
көсемсөзінің өкілі Жанболат
Ауытбаевның ұлт
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жалпы публицистік шеберлік журналистика ғылымының теориясы мен тәжірибесін зерттеудің құрамдас бір бөлігі болғандықтан, Ж. Ауытбаевтыңондаған жылдар бойы жинақталып, шырқау шыңына жеткен публицистикалық шеберлігі өз алдына бөлек журналистік шеберлік курсына алынып, журналистика факультетінің студенттеріне арнайы сабақ ретінде өткізуге лайық мұра. Сол себепті болашақ журналистерге, баспасөзде қалам тартып жүрген публицистерге Ж. Ауытбаевтыңжурналистік шеберлігін көрсете отырып, оның тәжірибесін үйрену, тілі мен стилін оқып білу, жалпы қазақ публицистикасының теориялық-методологиялық деңгейін көтеруге ықпалын тигізетін жарияланымдар болғандықтан, оларды практикада үлгі ретінде қолдануға жарайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ж. АУЫТБАЕВТЫҢ ЖУРНАЛИСТІК ҒҰМЫРБАЯНЫ
1.1 ЖУРНАЛИСТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚАЛАМГЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР
Көркем әдебиетте публицистиканы
өмірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық
құбылыстарын, рухани құндылықтарын арқау ететін әдеби жанр ретінде
қарастырсақ, екінші жағынан алғанда,
публицистика журналистер мен жазушылардың
өмір, қоғам, заман шындығын тебірене жазатын
толғауы іспетті ақиқат айнасының сырлы
суреті болып табылады. «Публицистика
-әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы
көкейкесті, өткіп мәселелерді қозғайтын
саласы»[1,122] болғандықтан оның
негізгі өзегі - шындық, нысаны — өмір,
зерттеу орны — адам десек, бұл әдебиет
саласының қай уақытта, қай ғасырда болсын,
қоғамда алар орны ерекше. Сол ретте аса
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,
ағартушы-демократ, ақын, жазушы, ғалым
сөз болып отырған көркем жанрдың дамып
көркейуіне зор үлес қосқан алаш зиялысы
Ахмет Байтұрсынов өзінің атақты «Әдебиет
танытқыш» атты іргелі зерттеу еңбегінде
публицистиканы әдеби жанрдың озық үлгісі
ретінде бағалап, «көсем сөз» деп атаған,
соған орай «Көсем сөз — шешен сөз сияқты
әлеуметке айтқанын істету мақсатпен
шығарылатын сөз»[2,405] деп басып айтқаны
белгілі.
Көсемсөзші, яғни публицист өзі өмір сүрген кезең тынысын дәл танып, күнделікті тіршілікке белсене араласатын, саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылысты қалың көпшілікке пәрменді жеткізіп, жұртшылықтың талаптілегіне дер кезінде үн қоса алатын қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген жан-жақты білімді, өзі көтерген мәселелерге байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жазушы болуы шарт. Сол ретте публицистикаға назар аударып, ден қойған көптеген ғалымдардың пікірінше публицист өз кезегінде ағартушы-педагог, фәлсафашы, тарихшы, экономист, заңгер, жиһанкез, ғылымды көркем әдебиетпен тығыз сабақтастыра білетін сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болуға тиіс. XIX ғасырда қалыптасқан қазақ публицистикасының негізін салған ұлы ағартушы-ойшылдар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтардың қай-қайсысы болса да, публицистке қойылатын талаптардың кез келгеніне де сай екендіктерін сондарында қалдырған публицистикалық мұраларымен айқын байқатты.
Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық еңбектерінде туған халқының өзі өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайы мен мәдениетін әңгіме қылып, көкейкесті мәселелерді күн тәртібіне қойды, патшалық үкіметтің қазақ даласында жүргізіп отырған озбыр саясатын, отарлаушы өкімет орындарының жергілікті халыққа жасаған қиянат қылықтарын аяусыз әшкереледі, қазақ билеушілерінің басбұзарлық әрекеттері мен қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылығын сынап, өзінің әділетсіздік, озбырлық, ұлттық езгі атаулыға наразылығын білдірді.
Ұлы ағартушы-демократ Ш.Уәлиханов публицистиканы проблемалық-талдамалы сипатта дамытты да, оның публицистикалық еңбектерінде сөз болған заманада мәселелерді ақиқат тұрғысынан шешудегі кедергілерге жан-жақты талдау жасалып, олардың себеп-салдары жай ғана әлеуметтік-саяси тұрғыда ғана емес, өмірден алынған тәжірибелік, танымдық, имандылық жағынан ашып көрсетілді. Сыншылдыққа негізделген, әшкерелеуші қуаты мол, фельетон, памфлет белгілерімен де айшықталған Шоқан публицистикасының тілі уытты, орағытып түйреумен, мысқылдаумен ерекшеленіп, өз кезінде жұрт көкейінде жүрген түйткілдерді мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәселе етіп көтеруімен әсер-ықпалы мол болды, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жалпыхалықтық, демократиялық деңгейде қойып, батыл да ашық айтқан ой-пікірлерін бұқара халық мүддесімен ұштастыра білді, халқымыздан шыққан тұңғыш публицист ретінде ағартушы-ғалым қазақ әдебиетін көркем публицистиканың хат, суреттеме, очерк сияқты түрлерімен байытып, өз еңбектерінде саяси-әлеуметтік күрделі мәселелерге ғылыми-тарихи тұрғыдан терең талдау жасай алды.
Ыбырай Алтынсарин өз тұсында жарық көрген қоғамдық-көпшілік мерзімді баспасөз бетінде, әсіресе, қазақ тіліндегі тұңғыш газеттердің бірі — «Дала уәлаятының газетінде» халқымыздың тұрмыс-күйі, тарихы мен мәдениеті, оқу-ағарту жайынан сыр шерткен терең ойлы публицистикалық туындылары алдыңғы қатарлы қауымға қозғау салып, ойландырып-толғандырған.
Ұлы ағартушы-педагогтың көсемсөз жанрында жазылған мақалалары «Оренбургский листок» газетінде жиі жарияланып, негізгі тақырыбы қазақ халқының отаршылық қыспағындағы ауыр халін кеңінен әңгімелейді, қазақ шаруаларының құнарлы жерінен айрылып, бейшара күйге түскен жағдайын бүкпесіз айтып, жоғарғы өкімет орындарына қарапайым халықтың мұңшерін жеткізеді, жұртшылық қамын ойлап, тез арада көмек көрсетілуін талап етіп қояды. Оның қай публицистикалық мақаласы, яки жазысқан көсемсоз үлгісіндегі хаты болсын, халықтық мүддеден туған, өз дәуірінің ең негізгі мәселелерше арналған.
Ы.Алтынсариннің белсенді публицистік қызметі таза қазақ тілінде тұңғыш газет шығаруға ниет еткен зор талпынысына ұласты. «Қазақ газеті» деп аталған газеттің Ыбырайдың өз қолымен жасаған бірінші санының үлгісінде алдын ала ойластырылған материалдардың дені көсемсөз үлгісінде жазылғанын 1880 жылғы архив деректері айғақтайды. Бас мақала іспетті жазған қалың жұртшылыққа арнаған үндеуінде: «Қазақ халқы көшіп-қонып, шаруашылық қылып, болашақ күнді ойламай бейпіл жүріп, бұл күнде бөтен қатар жұрттардан әрбір ісі кемге соғып жүр. Қазақтан бөтен Ақ патшаға қарап тұрған жұрттардың қай-қайсысы болса да, еш болмаса өз мұңын, арызын өзі айта біледі: болмаса қағазбен жазып көрсететін адамдары бар» деп бастап халқының білімнен артта қалғанын тілге тиек етіп, сауатсыздықтың кесірін нақтылы мысалдар дәлелдейді, «Өнерлі өрге жүзеді» деген мәтелді негізгі арқау етіп алып, елді оқу-білімге шақырады[3,7].
Ұлы ағартушының қазақ тіліндегі тұңғыш газетті шығару талпынысының жарқын белгісі болған бұл үлгі бастамасы кейін қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Дала уәлаяты газетінің» шығуына жалғасып, XX ғасырдың басында алғаш рет тек қана ана тілімізде бүкіл елге тараған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті сияқты ұлттық баспасөз ізашарларының қараңғы елді оятып, оқу-білімге, бостандыққа үндеген, сөйтіп, шынайы халықтық басылымдарға айналған ізгі іске ұласты.
Абай қазақ әдебиетінде публицистикалық прозаның негізін салып, көсемсөздің очерк, эссе, мақала, памфлет сияқты түрлері кеңінен пайдаланылған қарасөздерінде өз кезінің көкейкесті мәселелерін көтеріп, адамгершілік, иманшылық мұраттарын үндеді. М.Әуезовтің Абай қарасөздері туралы: «Оның қара сөзбен нақылдай айтылған бұл әңгімелерінің түр, мазмұн жағынан қандай жанрға жататынын кесіп айту өте қиын. Ақынның бұл әңгімелерінде пәлсафалық — мораль, қоғамдық-публицистикалық мысқыл — сын мәселелері бірдей кездеседі. Шебер қиыстырып, мейлінше тапқырлықпен айтылған бұл нақыл сөздерде кейде күнбе-күнгі тіршілік жайы, кейде кекті мысқыл немесе жабырқап — қайғыру сарындары естіледі. Абайдың бұл сөздері аз айтып, көп мағына беретін өткір тілді өнегелі өсиеті болып табылады» деп айтқандай[4,171] «Феодалдық қоғамның кертартпа салт-санасына қарсы сын айтты. Өнербілімге үндеді. Көрші орыс елінің мәдениетін үлгі етті»[5,231].
Академик З.Ахметов: «Абайдың қарасөздері қазақ прозасының, публицистикасының, әсіресе әдеби тілдің прозалық жанрларында өркендеуіне ықпалын тигізді. Сондықтан қарасөздер Абайдың шығармашылық мұрасының салмақты бір саласы және әдебиет тарихында елеулі орын бар дей аламыз» деп айтқан пікірі[6,391] ұлы ақынның публицистикалық мұрасына берілген орынды баға дей аламыз.
Үшеуі үш мұнарадай болған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ұлы ағартушылардың қазақ публицистикасының негізін қалаушылар сапында болғандығын баса айтқанымызбен ұлттық көсемсөз қалыптасуының бастауында осы алтын желінің ортасында аталуға тиіс тұлғаның бірі - әмбебап ғалым, публицист Мұхаммедсалық Бабажанов есімін есте ұстау керек. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 1851 ж. үздік бітірген қазақ офицері патша үкіметінің отарлау саясатына ашық қарсы шығып, Санкт-Петербург, Орынбор, Астрахань қалаларында шыққан газет-журналдарға халық мұңы мен мұқтажын жеткізген. билік орындарының қарапайым жұртшылыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылығын аяусыз сынап әшкерелеген публицистикалық сипаттағы мақалалар жариялайды. «Қазақтың көпшілікке шағымы», «Қазақтың өз хал-ахуалы және оның туыстарының тағдыры туралы», «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары» және т.б. публицистикалық еңбектерінде отарлық жүйені сын қыспағына алып, патша шенеуніктерінің оспадар қылықтарын бүкпесіз айтады, мектеп ашу мәселесіне баса назар аударып, қазақ балаларын оқыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу туралы ойларын жеткізеді.
Қазақ публицистикасының туу, қалыптасу тарихын жете зерттеген әдебиеттанушы ғалым М.Н.Фетисов өзінің «Зарождение казахской публицистики» атты іргелі монографиялық еңбегінде Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы туралы жеке-жеке әңгімелей келіп: «Чокан Валиханов, Ибрай Алтынсарин и Абай Кунанбаев заложили прочные основы казахской демократической публицистики. Сделанное не прошло бесследно, а пробудило сравнительно широкий общественный интерес к публицистике, как к средству выражения и защиты народных интересов, освещения казахской жизни. Круг казахских публицистов, разных по дарованиям и масштабам социально-политической действительности, медленно, но неуклонно расширялся в последние предреволюционные десятилетия» деп[7,313] ХІХ ғасырдағы қазақ публицистикасының даму тарихына әділ қорытынды жасап, ХХ ғасыр басындағы ұлттық көсемсөз өнерінің мақсат-міндеттерін былай ашып көрсетеді: «Казахские просветители не только оставили ценное литературное наследие, поучительные образцы вдохновенных выступлений, но и создали боевые традиции молодой публицистики казахского народа»[7,313].
Шынында да талым атап өткендей XIX ғасырда қалыптасып, XX ғасырдың басында үрдісті даму сатысына шыққан «Жас қазақ публицистикасы» ұлт зиялыларының «қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып... халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылтаң»[8,724] қам-қарекеттеріне қызмет етіп, олардың өз халқын отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінің саяси-мәдени құралына айналды. Бұл күресте «Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады»[9,724-725].
Ұлт-азаттық идеясы жолындаты мақсат-мұраттарын жүзеге асыру үшін олар қолдарына қалам алып, саясат, оқу-білім, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қамтыған көкейкесті публицистикалық мақалалар жазды. Алаш зиялыларының, жазушы-ақындары мен журналистерінің бұл игі мұратына алғашқы қазақ газеттері жемісті қызмет етті. XIX ғасырдың соңында пайда болған қазақ тіліндегі алташқы баспасөз қарлығаштары «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 1882), «Дала уәлаятының» газеті (1888 – 1902) патша үкіметі тарапынан шытып, отарлаушы басқару орындарының жарлықтары мен заңдық-құқықтық нормативтік актілерін, әкімшілік істерін қазақ даласына жеткізу мақсатымен шығарылса да, бұл басылымдарда қазақ халқының мұң-мұқтажын, арман-тілегін қозғаған алғашқы публицистикалық мақалалар жарияланды. Қоғамдық-саяси мәні зор, көркемдігі жағынан ықпалы мол болтан бұл көсемсөз мақалаларының авторлары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтантазин және т.б. ұлттық көркем публицистиканың одан әрі дамуына зор әсер етті.
Қазақ көркем публицистикасының жаңа үрдісте, жаңа екпінде дамып, XX ғасырдың басындаты демократияшыл бағыттағы әдебиеттің негізгі бір арнасына айналып, ұлт зиялыларының азаттық жолындағы қуатты сөз құралы болып шыңдалуына осы кезеңде таза қазақ тілінде шыққан алғашқы қазақ газеттері мен журналдарының рөлі үлкен болды.
Қазақ көркем публицистикасының қалыптасып дамуындағы XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз басылымдарының рөлін айтқанда қазақ тіліндегі шын мәніндегі тұңғыш газет – «Серке» газеті ойға оралады. Олай дейтін себебіміз: осыған дейін айтылып жүрген «Гүркістан уәлаятының газеті» «Дала уәлаятының газеті» ұлттық баспасөздің алғашқы басылымдары болып есептелгенімен бұл газеттер көбінесе аударма нұсқасында, қазақ және орыс тілдерінде шықты да, патша үкіметінің тікелей органдары ретіндегі үнқағаз болып есте қалды. Әрине, бұл газеттердің қазақ баспасөз тарихындағы орнын жоққа шығармаймыз, екі газет те алғашқы ұлттық баспасөз басылымдары болып қала береді.
Ал «Cepкe» газетіне келсек, ғұмыры ұзақ болмағанымен таза қазақ тілінде шыққан демократиялық бағыттағы алғашқы газет ретінде ұлттық баспасөз тарихындағы орны ерекше. «Үлкен совет энциклопедиясының» 1-ші басылымында бұл газет қазақ баспасөзінің тұңғышы ретінде атап өтілген болатын[10,590]. Өзінің халықтық рухымен, бостандық сүйгіш идеясымен жарқ етіп көрінген «Серке» газеті Санкт-Петербургте татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде 1907 жылы шыққан[11,9-10]. Ресейдің II Мемлекеттік думасының мүшесі Шәймерден Қосшұғыловтың басшылыгымен жарық көрген газеттің үш-төрт нөмірі басылған соң тоқтап қалған[12,47]. Ш.Қосшұғылов газеттің басты мақсаты және аты туралы: «Серке бір отар қойды боранда дұрыс жолға алып шығады, олай болса «Серке» газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол көрсететін, оның ұлттық сана-сезімін оятатың жолбасшы болу керек» деп өз естелігінде жазыпты[11,9].
Осы газеттің 2 нөмірінде «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатының асқынған, шегіне жеткен түрі — мындаған мұжықтарды қазақ даласына күштеп қоныстандырып, қазақтарды шұрайлы жерінен айырудың халық құқығын қорлаумен пара-пар екендігін айтып, «Қазағым менің, елім менің» деп туған халқына наз айтады, «Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады» деп халық күйзелісін жан-тәнімен сезініп, "Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді» деген ашу-ызасын білдіреді, «Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті жеке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» деп билік орындарының шектен шыққан өктемдігін ашық көрсетіп, отарлық жүйенің қазақ жеріне қомағайлықпен сұқтана қарағандығын: «Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мындаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерін еркін иемденуде. Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде» деген жолдар арқылы ащы шындықты жайып салады[11,31].
М.Дулатовтың бұл мақалаласы патшалық Ресейдің отарлық жүйесін тұтастай алып, қарапайым халыққа тигізер кеселді жақтарын жер-жебіріне жете әшкерелеген памфлет түрінде жазылған көркем-публицистикалық шығарма. Көсемсөзші өзінің прозалық памфлетінде патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатына тән типтік кеселдердің әлеуметтік-саяси астарын ашып, самодержавиелік зорлық-зомбылықты, шенеуніктердің жергілікті жерлердегі озбыр әрекеттерін ащы мысқылмен аямай сын тезіне алу арқылы көркем-сатиралық жинақтау жасайды.
«Біздің мақсатымыз» мақаласының жоғарғы билік орындарына ықпал еткені соншалық, памфлет мазмұнынан қылмыстық белгілер көрінеді», — деп қауіптенген Петербург баспасөз істері жөніндегі комитеті «Үлфәт» және «Серке» газеттерін тәркілеп, жауып тастайды. Тиісті бақылаушы орындар «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды» деп ресми жауап берген[12,48]. Осы мақалаға байланысты әдебиеттанушы-ғалым Ж.Ысмағұлов Міржақып Дулатовтың бес томдық шығармалар жинағы жайлы «Сәулесі жарық жолға ұмтылған» деген зерттеу мақаласында: «Ал осы газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында М.Дулатов қаламынан туған «Біздің мақсатымыз» атты мақала бар екен. Газеттің шықпай жатып тұншықтырылуына басты бір себеп те сол болса керек» деп ақиқатын айта келіп: «Демек, айтылмыш мақаланы сол кездегі қазақ қауымында қалыптасып келе жатқан қоғамдық ой-пікірдің, қазақ даласында анық бой көрсеткен әлеуметтік қозғалыстың көрінісі деп жазуға болатын еді. Патшалық әкімшіліктің зәресі кетіп, үріккені де сондықтан болатын» деп салмақты ой қорытады[13].
Қазақ көркем публицистикасының қалыптасу жолында «Қазақстан» газетінің де өзіндік орны бар. Газет 1911 жылы 16 наурызда Орда қаласында шығуы басталып, 27 мамырда екінші нөмірінен кейінгі сандары шықпай жыл соңына дейін тоқтап қалады. Осы аралықта газет редакциясы Орал қаласына орын ауыстырып, 15 қарашадан бастап қайта шығады. Барлығы 18 нөмірі шыққаннан кейін 1913 жылы шілде айында жұмыс істеуі тоқтатылады[12,49]. Газетті шығарған редактор ақын Елеусін Бүйрин, оны қаржыландырғандар алаш зиялылары Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қарашев, Сейітқали Мендешев, Мәжит Шомбалов болды. Газеттің шығуына басқа да ондаған мұғалім, дәрігер қаржылай үлес қосқан.
Газеттің бар ауыртпалығын өзі көтеріп, түгел дерлік редакциялық мақалаларды өзі жазған Е.Бұйрин басылымның беташар нөмірінде: «...Бізді бір тілек, бір ниетке жиятұғын зат... - біздің басшымыз!.. - біздің достар алдындағы көркіміз! Дұшпандарға қарсы құралымыз!.. - білмегенді көрсететін ұстазымыз!.. Қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!» деп газет маңызына зер салып, «Заман өзгереді, заман шаруаны, адамды өзгертеді. Өзгермесе, жаңаға ыңғайланбаса, ол кейін қалады. Заманымыз өзгеріп отыр, біз де өзгерейік» деп ұран тастайды[14].

- Ж/д участок Уяр – Иланская Красноярская
- Жезказганцветмет
- Жезказганцветмет
- Жезқазған-кен-орнын-ашу-қазып-алу-және-жерасты-жұмыстар
- Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары
- Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік
- Жеке тұлғаларды тұтыну несиесімен несиелендірудің теориялық негізі
- Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім
- Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу
- Жастар мәдениеті
- Жастармен әлеуметтік жұмыс
- Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы
- Жастармен жұмыс
- Жауапкершілік орталықтары бойынша талдамалық есеп