Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Халықаралық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жеке тұлғалардың жауапкершілік институты, оларды жүзеге асыру механизмі осы құқық саласын кодификациялау шегінде үнемі дамып және күрделеніп отырды. Қазіргі таңда халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік институты және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйе ретінде, оның негізінде халықаралық құқық пен ұлттық имплементацияланған заңнаманың нормалары жатыр. Әскери қылмыстар жасағаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілік институтының аралас сипаты және осы әрекеттерді алдын-алу жүйесі өзара тығыз байланысты.
Халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі қылмыстық әрекеттер үшін нақты санкция енгізу жолымен емес, белгілі бір тәртіпке тыйым салу және ұлттық заңнамаларға сәйкес осы тәріздес құқық бұзушылықтар үшін ізіне түсу міндеттемелерін мемлекеттердің тануымен халықаралық шарттарда бекіді. Дегенмен, бұл үлгі жаңылысқа әкелді және әскери қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту міндетін орындай алмады, нәтжесінде халықаралық қылмыстық соттардың құруына қажеттілігіне әкеп соқты. Мұндай соттарды құру процесі 1993 жылдан басталды. Осы жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал құрды. Кейін осы тәріздес Руанда бойынша ad hoc трибунал пайда болды, Косовода, Шығыс Тиморда, Сьерра-Леонада және Камбоджада интернационалдық трибуналдар құрыла бастады. 1998 жылы Рим статуты қабылданып, 2002 жылы күшіне енді. Ол халықаралық қылмыстар жасағаны үшін айыптылардың ізіне түсу үшін тұрақты сот органы – Халықаралық қылмыстық сотты құрды. [1]
Халықаралық
қылмыстық құқықты бұзушылықтар
жасаған айыпты тұлғаларды жазалауға
арналған қылмыстық заңнаманы әрекетке
енгізу бойынша міндеттемелер
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Халықаралық қылмыстық құқық бұзғаны үшін халықаралық құқықтың индивидтерге қандай көлемде жауапкершілік жүктейтінін анықтау қажеттілігінен тұрады.
Зерттеудің объектісі ретінде халықаралық қылмыстық жауапкершілікті бұзғаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілігімен байланысты қоғамдық қатынастар саналады, зерттеудің пәні ретінде халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілігінің халықаралық-құқықтық институты саналады.
Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық
құқық бұзушылықтар
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдіс табылады. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстық теориялық негізі қылмыстық іс жүргізу, жедел іздестіру қызметі ережелері қолданылды. Сонымен қатар, логико-теориялық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық және республикалық құқықтық актілер құрады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік мәселесіне халықаралық құқықта көптеген ғалымдардың ғылыми зерттеулері, еңбектері арналған. Осы еңбектер дипломдық жұмыстың теоретикалық негізін құрады. Дипломдық жұмыс жазу барысында ізденуші халықаралық қылмыстық құқық бойынша, халықаралық құқық бойынша және халықаралық қылмыстық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерді қолданды. Осы қайнар көздер арасында, Л.К. Бакаев, М.В. Кудайбергенов, В.Ю. Калугин, Ағыбаев, Алауханов, Н.М. Боголюбов, С.М. Әпенов, А.Я. Капустин, И.И. Котляров И.И. Лукашук, В.И. Кузнецов, Ж. Пикте, И.О. Тиунов, Г.К. Дмитрева, И.Н. Арцибасов, Е.В. Мартыненко, Ю.М. Колосов, В.Н. Русинова, И.П. Сафиуллина және т.б. ғалымдардың жұмыстары қолданылды. Сонымен қатар 1949 ж Женева конвенциялары мен оған 1977 ж Қосымша Хаттамалар, Халықаралық қылмыстық сотының Рим статуты, Халықаралық қылмыстық трибуналдардың Жарғылары, БҰҰ Резолюциялары, ҚР заңнамалары және т.б нормативтік актілер қоланылды.
Сонымен
қатар, дипломдық жұмыс Рим статутының
ережелерін талдауға негізделеді. Бұрынғы
Югославия мен Руанда бойынша
Халықаралық қылмыстық
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, жеті тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде
Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берiлетiн құқықтар көлемiнiң халықаралық және аймақтық деңгейiнiң кеңеюiне байланысты, ол халықаралық құқық субъектiсiнiң бiрi болды. Көпке дейiн халықаралық–құқықтық әдебиеттерде индивидтiң құқық субъектiлiгi жоққа шығарылып келдi. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтiң халықаралық құқық субъектiлiгi жоққа шығарылды (мысалы, А. П. Мовчан, С. В. Черниченконың еңбектерiнде). ХХ жүз жылдықтың 80-шi жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субьектілігінің жеке элементтерiн мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің халықаралық құқық субъектiлiк теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өмiрiндегi объективтi өзгерiстер қазiргi заманғы халықаралық құқықтағы тұлғаның құқық субъектiлiгi жөнiндегi мәселеден “табуды” алып тастады. [2]
Индивидтер халықаралық құқықтың шектелген құқық субъектiлiгi бар субъектiсi екендiгiн айтып өткен жөн, өйткенi оның халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда, халықаралық-құқықтық нормаларды қолданудың тиiмдiлiгi индивидтің құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемiн кеңейтiп жатыр. Тиiсiнше – халықаралық қатынастарда жеке тұлғаның рөлi де ұлғаюда. Мұнда, бiз “индивид” және “жеке тұлға” ұғымдарын теңдей қолданатынымызды айтып кетсек, себебi, жеке тұлға - бұл әлеуметтiк – маңызды белгiлерiнiң тұрақты жүйесi бар индивид болса; индивид – бұл жеке адам, жеке өмiр сүретiн тiрi тiршiлiк.
Халықаралық құқық нормалары халықаралық құқықтың негiзгi субъектiлерi болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған, ол индивидтердiң орындауы үшін адрестеледi. Мұнан басқа, жеке тұлғаның құқықтық жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекеттi индивидтерге белгiлi бiр мәртебенi қамтамасыз етулерiн мiндеттейдi. Қазіргі жағдайларда индивидтің халықаралық органдарға жолдану мүмкіндiгi жоқ екендiгi талас тудырмайды, кейбiр жағдайларды ескермегенде. Халықаралық құқық индивидтердiң құқықтарын бұзған жағдайларды қарастыру іс-жосығын айқындайды. Онымен адам құқықтары жөнiндегi Комитетi, нәсiлдiк кемсiтушiлiктi жою жөнiндегi Комитетi, азаптауға қарсы Комитет және еркiн қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады. [3]
Индивидтердің құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберiнде қосымша институттар құрылуда. Мысалы, 1996 жылдың 20 желтоқсанындағы Бас Ассамблеяның 48/141 Резолюциясына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметi құрылды. Бiрiншi Жоғарғы Комиссар жұмысына 1994 жылдың 5 сәуiрiнде кiрiстi. 1997 жылы оның отставкаға шығуына байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның бұл лауазымды тұлғасына адам құқықтары жөнiндегi қызметтiң негiзгi жауапкершiлiгi жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкiлеттiгi адамның барлық құқықтарын қорғаудан және оны тиiмдi жүзеге асыруды қолдаудан тұрады. [4]
Сөйтiп, индивидтің халықаралық құқық субъектiлiгiн үзiлдi-кесiлдi жоққа шығару қазiргi кезде ескiрдi деуге болады. Халықаралық қатынастарды гуманизациялау адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету iсiндегi жеке тұлғаның белсендi рөлiн таниды. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда индивидтердің халықаралық құқық субъектiлерiнiң көлемi кеңеюде.
Бейбiтшiлiктi жақтайтын кез-келген
мемлекеттің адам құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз етуi
басым орында болатыны талас тудырмас.
Халықаралық құқықта
Жеке құқықтар мен ұлттар құқығының
ара қатынасы мәселелерiнде гармониялық
үйлесiм қажет, бiрде-бiреуiнiң бiрiнен-
Адам құқықтарының халықтар мен
ұлттар құқықтарынан басым тұруын қалай
түсiндiруге болады? Адам құқықтарын қорғаудың
келiсiлген механизмiн қалай жасауға
болады?... деген мәселелерде бiз
шешiм табуға қиналамыз. Адам құқықтары
проблемаларында жалпы
Тұлғаның мәртебесi мәселесiндегi ұлттық
заңнама конституциялық ережелермен
қамтамасыз етiледi-Қазақстан Республикасы
Конституциясының II бөлiмiмен; 1991 жылдың
20 желтоқсанындағы азаматтық
Қазақстанда мемлекеттiлiктiң алғашқы
қалыптасу сатыларында
Индивидтердің халықаралық құқық субъектiлiгi мәселелерiн қолданудың келесi бiр сферасы халықаралық қылмыстық сот туралы мәселе, онда индивидтер Нюрнберг және Токия трибуналдары бекiткен тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады. Индивидтердің халықаралық сот органдарына жолдану құқығы 1907 жылдың 18 қарашасындағы шақырылатын халықаралық сот құру туралы Конвенцияда қарастырылғанын атап айтқанымыз жөн болар. Аталмыш Конвенция ратификацияланбады, ал шақырылатын халықаралық сот сол күйде құрылмай қалды. Индивидке сот талқылауын қозғау құқығын беру туралы мәселенi дұрыс шешу адам құқықтарын халықаралық қорғау мәселесiнен келiп шығады. [8]
Халықаралық құқықтың жауапкершiлiк
институты теориясында
Халықаралық құқықтағы тұлғаның
мәртебесiн сараптауды халықаралық
қылмыстық процесс саласында
одан әрi жалғастырамыз. Халықаралық
қылмыстық процестiң құқықтық нормалары
бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне
қарсы қылмыстар туралы Кодекс
Жобасында, Халықаралық қылмыстық
полиция ұйымы – ИНТЕРПОЛ
Жарғысында, БҰҰ-ның ең төменгі стандарт
ережелерiнде, кәмелетке толмағандарға
қатысты сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға
қатысты 1985 жылғы “Пекин ережелерiнде”,
сотталушыларға қараудың 1995 жылғы Ең
төменгі стандарт ережелерiнде, өлiм
жазасына кесiлгендердiң құқығын
қорғауды кепiлдейтiн 1984 жылғы іс-шараларда
кездеседi. Жоғарыда аталған халықаралық
құжаттарда мемлекеттердің қылмыскердi
ұлттық сотқа беруi немесе басқа
мемлекетке қылмыстық қудалауды
жүзеге асыруы үшін беру мiндеттерi;
бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке
Тараудың басында тұлғаның конституциялық тәртiбi туралы мәселенi қозғаған болатынбыз. Соңғы айтылған тезис біздің ойымызша тұлғаның халықаралық құқықтағы мәртебесiн айқындап бере алады. Азаматтық адамға оның тұлғасын мойындауға кепiл берерi сөзсiз. Мұнан басқа, азаматтық адамның қоғамдағы материалдық және рухани жағдайын көрсетедi. Азаматтықтың реттелмеген мәселелерi саяси қайшылықтар мен дауларды туындатады, халықаралық-құқықтық нормаларда азаматтықтың болмауын қысқартатын мәселерге шешiмдер табылған. Мәселен, Халықаралық Стандартқа сәйкес, мемлекет осы мемлекеттің аумағында дүниеге келген кез-келген тұлғаға азаматтық бередi.[11] Адамды қандай да бiр мән-жайларға байланысты, ұлты, этникалық тобы, дiни және саяси сенiмдерi үшін азаматтығынан айыруға жол берiлмейдi. Тұлғаның мәртебесiне қатысты конституциялық ережелер адам құқықтары жөнiндегi Халықаралық биллге толықтай сәйкес келедi. Дегенмен, мұның жеткiлiксiз екенiн де айту керек. Демократиялық, құқықтық мемлекетке ұмтылатын кез-келген мемлекет өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындауы үшін нақты экономикалық, әлеуметтiк мүмкіндіктерi болуы керек, мысалы, мемлекеттің ең Жоғарғы жаза - өлiм жазасынан бас тарту мүмкіндiгi. Қазақстан Республикасы өлiм жазасына мораторий жариялағаны белгiлi. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекстiң 49 бабы өлiм жазасын ең Жоғарғы жаза деп бекiткен. Егер бiз бұрын өлiм жазасын кәмелетке толмағандар мен екiқабат әйелдерге қолданбасақ, ал қылмыстық заңның жаңа редакциясында ату жазасы кәмелетке толмағандарға, екiқабат әйелдерге тағайындалмайды; сондай-ақ еркектерге соттың үкiмi шыққан кезде 65 жасқа толған жағдайда бұл жаза тағайындалмайды. Сөйтiп, біздің мемлекетiмiз қазiргi жағдайда өлiм жазасынан бас тартып, оның орнын өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыра алмай отыр. [12]
Немесе тағы бiр қарама-
Тұлғаның халықаралық
Қазақстан Республикасы әйелдер теңсiздiгiн жоюда оң нәтижелерге жете қойған жоқ. Мәселен, мемлекеттiк құрылымдардағы әйелдер саны 5–6 % құрайды, ал төмен кәсiби еңбекпен айналысатын әйелдер деңгейi ерлерге қарағанда екi есе аз, дегенмен әйелдердiң бiлiм деңгейi 8–10 % жоғары болғанымен, жұмыссыздардың 70 %-ын әйелдер құрап отыр. Жоғарыда аталған цифрлер біздің қоғамда әйелдер мәртебесiне жете көңiл бөлiнбегенiне айғақ болады. Әйел проблемасы әрқашан отбасының, балалар мен жастардың проблемаларымен бiрге жүретiнi белгiлi. Әйелдер проблемасымен айналысатын жалғыз мемлекеттiк құрылым отбасы, әйел және демографиялық саясат проблемалары бойынша Кеңес деп аталады. Президенттiң “Әйел және Қазақстан балалары” атты бағдарламасы да аяқталған жоқ.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасын саралағанда, нормативтiк
актiлерде сексизмдер бар екендiгi,
яғни, тек ерлерге байланысты құрылғаны
белгiлi болды. Неке және отбасы туралы
Кодексте әйелдер мен еркектер теңдiгi
көзделген; мәжбүрлеп жасалған некенiң
жарамсыздығы, ескi дәстүрдiң жарамсыздығы
көрсетiлген. Отбасы заңнамасында сондай-ақ
ең төменгi неке жасы бекiтiлген, неке шарты
институты некеге отырғанда мiндеттi
болып саналмайды, ал баламалы сипатта.
Сондай-ақ неке шартының талаптары
тек мүлiктiк қатынастарға байланысты.
Өкiнiшке орай, заңнамада ресми
тiркелмеген азаматтық
Өмiрдiң түрлі салаларында әйелдер құқығын бекiту мақсатында ұлттық заңнамаларды жетiлдiрудiң объективтi қажеттiлiгi туындап отыр. Әр түрлі салалардағы әйелдер құқығын реттейтiн құқықтар туралы заң қабылдау қажет, отбасы, қызмет немесе жұмыстағы әйелдер мен балалар мәселелерi бойынша мемлекеттiк негiздердi айқындау керек. 147]
Осыған байланысты әйел мәртебесі мәселелері жөніндегі қазақстандық заңдарға енгізу қажет деп ойлайтын ұсыныстарымыз:
- Қол астындағы әйелдерге қатысты жыныстық күштеу көрсететiн лауазымды тұлғаларды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн қайта қарау;
- Әйел құқығын қорғау мәселелерiндегi халықаралық ынтымақтасық белсендiлiгiн арттыру;
- жұмысқа қабылдағанда әйелдер мен балалы әйелдерге квотаны заңнамада бекiту қажет, кейбiр мемлекеттердің заңнамаларында белгiленгенiдей;
- Әйелдерге балаларының саны мен жалақысының көлемiне қарамастан жәрдемақы беру институтын қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
- жұмысқа қабылдағанда жынысына байланысты кемсiтушiлiк жiберген жұмыс берушiлердің жауапкершiлiк шараларын бекiту;
- мемлекеттiк басқару саласына әйелдердi тарту мәселесiне мемлекеттің көңiл бөлуiнiң белсендiлiгiн арттырудың объективтi қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi;
- Әйел денсаулығын репродукциялау туралы заң қабылдау қажет;
- адам құқықтары мәселесiнде әйелдердiң бiлiмiн көтеруге кешендi-ағарту мәселелерін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер жағдайын жақсартудың 1997 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамасының “Әйелдерге қатысты күш көрсету проблемалары” атты бөлiмiнде Қазақстанда күш көрсетудiң кең таралған нысандарына бiрге тұруға мәжбүрлеу және жезөкшелiк, зорлау, тұрмыстық жағдайда кiсi өлтiру, маскүнемдік, нашақорлық, садизмге байланысты кiсi өлтiрулер, ұдайы ұрып-соғу мен психологиялық зорлау түрлерi жатқызылған. Күш қолданумен күрестегi әлемдiк тәжiрибеден, ең тиiмдi шара кiнәлiнi әкiмшiлiк қамау екенi белгiлi болды. Бұл қайталануы мүмкін күш көрсетудi қысқартудың ең тиiмдi құралы болып отыр. Мұнан тыс, үй жағдайында күш қолдану, ерлi-зайыптық зорлау сияқты түсiнiктер енгiзудiң объективтi қажеттiлiгi туындауда. Аталған мәселелер ғылыми-пiкiрталаста аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, жоғарыда аталған ұсыныстарды мемлекеттің дереу қарап, шешім қабылдау мүмкіндiгi жоқ. Бұл, біздің көзқарасымыз бойынша жiтi қарауды қажет ететiн жағдай. [15]
Қазақстан Республикасының неке және
отбасы заңнамасында 1998 жылы енгiзiлген
өзгерiстер халықаралық құқықтың ұлттық
құқықтан басымдығының қолданылуын
дәлелдейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасы
1989 жылғы Бала құқығы туралы Конвенцияны
ратификациялады. Бұл Адам құқықтарын
қорғау жөнiндегi алғашқы
ратификацияланған халықаралық-
Адам құқықтарын зерттеу халықаралық
құқықтың дамуының маңызды бағыты мен
қазiргi таңдағы тиiмдiлiгi болып табылады.
Аталған саланың жеткiлiктi бай
нормативтiк базасы болғандығына қарамастан,
осы мақалада бiр қатар проблемаларды
айтып өтуге тырыстық. Мұнда, айтып
өтетiн бiр мәселе, бiрiншiден, нормативтiк
актiлердiң көпшiлiгi жеке тұлғаға
қолдану мәселелерiнде
1.2 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік интитутының қалыптасуы мен даму тарихы
Тарихқа жүгінетін болсақ, тек қана соғыс құқығының емес, жалпы халықаралық құқық ғылымының қалыптасуына үлкен септігін тигізген голланд заңгері Гуго Гроций (1583-1645 жж) болып табылады [18]. 1625 жылы жарық көрген «Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы» атақты еңбегінде ол испандық Ф. Витторио мен Ф. Суарес, итальяндық А. Джентили, француз Ж. Боден, және тағы басқа атақты заңгерлердің көзқарастары мен халықаралық құқықтық тәжірибені жүйелендіріп ортақтастырған болатын. Олар соғыс заңдары мен дәстүрлерін, сонымен қатар соғыс кезіндегі жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігін, әскери тұтқындар мен жараланғандарға үшін жазалауды қалыптастырған болатын.
Гуго
Гроций «әділетті» соғыс концепциясын
ұстанған болатын. Өз кезегінде Г. Гроций
соғыс бастау үшін мемлекет жариялайтын
«әділетті себеп» қарсыластардың соғыс
заңдары мен дәстүрлерін
Осы кезеңде
әскери қылмыстар жасағаны туралы істер
бойынша алғашқы ұлттық сот істері
қарастырыла бастайды және осы жауапкершілікті
ұлттық дәрежеде реттеуге ұмтылыс пайда
болады. Алғашқы сот талқылауы
Жоғарғы Рейндегі Брайзах қамалы
қаласының губернаторы Петер
фон Хагенбах процесі саналады. Хагенбах
адам өлтіру, зорлау және әйелдер мен
балалар толығымен олардың
Осыған орай 1644 жылы Англияда қарастырылған L’Estrange ісі де көзден таса қалмайды. Сол кездің өзінде әскери прокурор сотта айыптау «тек қана Ерекше баптар мен Парламент Ордонанстарында емес, сонымен қатар әр жауынгер білуге тиіс жалпы соғыс заңдары мен дәстүрлеріне» негізделуі керек екенін айтқан болатын.
Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бқзғаны үшін жауапкершлілікті ұлттық дәрежеде реттеудегі алғашқы мүмкіндіктер 1386 жылғы Англия королі Ричард ІІ шығарған әскерді басқару туралы Жарғысында көрініс тапты. Осы құжатқа сәйкес соғыс әрекеттерін жүргізуді және өлім арқылы қорқытумен қарусыз діни сенушілерге және әйелдерге қатысты зорлық көрсетуге, үйлерді өртеу және шіркеулерді қорлауға тыйым салынған болатын. Ұқсас нормалар 1526 жылы Фердинанд Венгерскиймен, 1570 жылы император Максимилианмен, 1621 жылы Швеция королі Густаво ІІ Адольфпен шығарылған кодекстерге енгізілген.
Орталық және Шығыс Европа мемлекеттерінде құқықтың дамуы үшін Ұлы княждық Литовскийдің Статуты үлкен маңызға ие болды. Оның құрылымына 1529 жылдағы Статуттан бастап «Об обороне земской» тарауы қосылған. Бұл тарау соғыс кезінде немесе әскери жүріс кезінде әскери қызмет етушілермен жасалған қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті орнатады.
1588 жылғы Статуттың ІІ параграфының 18 бабына сәйкес әскери әрекеттер кезінде немесе әскери әрекеттер орнына барар жолда не қайтар жолда жүзеге асқан «үйлер мен шляхеттік гумналарға» шабуыл жасау қылмыс болып саналды. «Прысвойванне знойдзенай у паходе маёмасці» ($ ІІ 25-бап), «незаконнае карыстанне або пашкоджанне маемасці мірных жыхароу» (ІІ 25-бап) және тағы басқалары қылмыс ретінде саналды. Статутқа сәйкес жазалауды тағайындау кезінде бірінші орында істелген әрекеттің нәтижесі ескерілді. Мысалы, өлім, зорлық, жарақат келтірумен байланысты шляхеттік үйлерге шабуыл жасағаны үшін тиісті штрафтарды төлеумен қатар өлім жазасы тағайындалды, дәл осындай тек мүлкіне зиян келтірумен байланысты шабуыл жасау келтірілген зиянның орнын толтыру міндеттемелерін жүктеді.
Әкери
әрекеттер немесе әскери
Осыған ұқсас қарулы қақтығыстарды гуманизациялау процесі Ортағасырда Азия мемлекеттерінде де орын алды. 1339 жылы жапон императоры Годайго көтерілісті басуға әскер жібере отырып, бас қолбасшыға тек қана көтеріліске себепші адамдарды ғана өлтіруді ғана бұйырды, ал қамқоршылық көмегіне мұқтаж кінәсіздерді және тонауға тыйым салынғандарға тиіспеуді бұйырған болатын [4].

- Жеке тұлғаларды тұтыну несиесімен несиелендірудің теориялық негізі
- Желілік техника негіздері пәні бойынша электрондық оқулық
- Жемисти айран
- Жемисти айран
- Жемисти айран
- Женская блуза из синтетического трикотажного полотна
- Женская преступность
- Жауапкершілік орталықтары бойынша талдамалық есеп
- Ж Аупбаев - журналист, публицист
- Ж/д участок Уяр – Иланская Красноярская
- Жезказганцветмет
- Жезказганцветмет
- Жезқазған-кен-орнын-ашу-қазып-алу-және-жерасты-жұмыстар
- Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары