Агрессия психологиялық феномен ретінде
Жоспар:
Кіріспе
- Агрессия психологиялық феномен ретінде
- Агрессия түсінігі
- Агрессия классификациясы
- Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
2.1 Жеткіншектік кезеңдегі
агрессивтіліктің көріну
2.2 Жеткіншектерде агрессивтілікті
2.3 Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері
Кіріспе
Əлеуметтік, экономикалық , экологиялық, идеологиялық жағдай біздің қоғамымызда жеке тұлға дамуы мен мінез-құлқының ауытқушылығына түрлі себептер туғызады. Оның ішінде тек бөтендік, жоғары үрейлік жəне балалардың рухани өмірінің құнсыздығы ғана емес, сонымен қатар олардың шектен шығуы, қатігездігі, агрессивтілігі алаңдаушылық туғызады. Бұл үрдістің жүруі əсіресе балалардың балалық шақтан ересектікке өту кезеңінде, яғни жеткіншектік шақта айқын байқалады. Сонымен қоса, жеткіншектердің агрессивтілік мəселесі бүкіл қоғамды тұтасымен қамтиды- педагогтарды, ата-аналарды, ғылыми зерттеушілерді мазасыздандырады.
Жеткіншектік ортада
агрессивтілік
- Балалардың əлеуметтік өмір жағдайларының төмендеуі;
- Отбасылық тəрбие дағдарысы;
- Паталогиялық босанулардың нəтижесінде баланың бас миына зақым келгендіктен;
- Мектептегі балалардың жүйкелік-психикалық жағдайларына назар аудармауынан;
Агрессивті балалар- ең аз басқарылатын жəне терапияға нашар берілетін балалар контингенті. Агрессивтіліктің көрінуі көбінесе психикалық ауруларға шалдыққанда білінеді. Агрессивтілік ғылымда кездесетін ең бір өзекті де қиын мəселелердің бірі. Бұл жағдайды түсіндіруде ғалымдар көптеген көзқарастарға сүйенеді. Психология ғылымының дамуында адамдар агрессивтілігі түсінігі маңызды өзгерістерге ұшырап отырды.
1. Агрессия психологиялық феномен ретінде
1.1 «Агрессия» түсінігі
Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: «Жағымсыз қатынас туғызатын
ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру əрекеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу, күш жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Агрессия түсінігіне формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру ойларынан бастап, кісі өліміне дейін. Өшпенділік неғұрлым тар мағынада алынады, белгілі бір объектіге бағытталады. Əдетте өшпенділік жəне агрессивтілік үйлесімде болады, бірақ адамдар өшпнділік сипатындағы қарым-қатынаста бола отырып, агрессивтілік көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы маңызды мəселе бұл осы терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы.
- К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған [10, ].
- А. Басс бойынша агрессия- бұл басқа адамдарға нұқсан келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет [17,16].
- А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді [2,225].
- Д. Зильманн бойынша агрессия-бұл басқа адамға дене жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
- Л. Блендер агрессияны объектіге жақындау немесе одан алыстау деп түсіндірсе, Ф. Аллан оны сыртқы күштерге төтеп беруге мүмкіндік беретін адамның ішкі күші дейді.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
- Х. Дельгадоның тұжырымдауы бойынша адамдардың агрессиясы- бұл мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға зиян, шығын келтіру жəне күш көрсетумен сипатталады [6,64].
- Э. Фромм агрессияны адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді [13,3].
Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер қарастырылуда: агрессияның туындауына биологиялық жəне əлеуметтік орта əсері, оны меңгеру жəне бекіту механизмдері, агрессивті əрекеттің жекелей жəне жыныстық жас кезеңдік ерекшеліктері, агрессияның алдын алу тəсілдері.
Кесте 1
Психология ғылымында агрессия түсінігі.
№ |
Автордың аты-жөні |
Агрессия – бұл … |
1 |
Л Блендер |
объектіге жақындау немесе алыстау тенденциясы; |
2 |
Ф. Аллан |
адамның ыртқы күштерге төзе алу мүмкіндігін беретін ішкі күш; |
3 |
Х. Дельгадо |
мінез-құлық реакциясы, қоғам мен адамға зиян немесе нұсқан келтірумен көрінеді; |
4 |
А. Басс |
нəтижесінде ауырсыну стимулын алатын басқа ағзаға бағытталған реакция; |
5 |
А Уилсон |
дене əрекеті немесе бір жақтан болатын қауіп төндіру, ол екінші жақтың еркіндігін 6тарылтады немесе генетикалық бейімделуін төмендетеді [16,6]; |
6 |
Д. Зильманн |
басқаларға дене жəне тəндік жарақаттар əкелетін зиян келтіру мүмкіндігі; |
7 |
Э. Фромм |
адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру; |
8 |
Психологиялық сөздік |
латынша aggress- шабуыл жасау, мінез-құлық, нəтижесінде зиян немесе шығын келтіріледі [11,7]; |
9 |
Р Бэрон, Д.Ричардсон |
мінез-құлық, тіршілік иелеріне зиян немесе нұсқан келтіру əрекеті [3,38]; |
10 |
Р. С. Немов |
адамның басқа адамға деген мінез-құлқы, оларға жағымсыз жағдайлар туғызып, зиян келтіруге ұмтылумен ерекшеленеді; |
11 |
З. Фрейд |
супер-эгомен басып тасталатын деструктивті күш [18,11]. |
12 |
1.2 Агрессия классификациясы.
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Агрессивті мінез-құлықтың кең тараған классификациясына А. Басстың ұсынған классификациясы жатады. Ол агрессивті мінез-құлық формасын сипаттайтын негізгі параметрлерді бөліп көрсеткен [6,64]:
1) Физикалық-вербалды;
2) Белсенді-пассивті;
3) Тікелей-жанама.
Осы формалар А. Бассқа агрессивті мінез - құлықтың 8 түрін бөліп көрсетуіне мүмкіндік берді. Төменде бұл классификацияны схема түрде көрсеткен:
Схема 1
Тағы бір классификацияны С Фешбах ұсынған. Ол өз классифи- кациясына мотивацияланған мінез-құлықпен байланысты ауыспалы енгізді. Осының негізінде агрессияның келесі типтерін анықтайды [6,64-65]|:
1) Өшпенділік агрессия- басқа субъектіге жағымсыз психологиялық сезімдер қалдырады.
2) Инструментальді агрессия- басқа субъектіге зиян келтіру емес, белгілі мəселені шешу жатады;
3) Экспрессивті агрессия- өзін үстемдік көрсету арқылы көрсету.
Д. Зильманн классификациясы «стимул-реакция» сызбасы бойынша құрастырылады. Осының негізінде агрессивті мінез-құлықтың сегіз типін
Aнықтады [6,65]:
1) Төтеп беру агрессиясы;
2) Қорғаныс агрессиясы;
3) Жауап агрессиясы;
4) Қоздырмалы агрессия;
5) Қоздырмаушы агрессия;
6) Тітіркендіру шақыратын агрессия;
7) Оятушы агрессия;
8) Санкционерлі агрессия.
Э. Фромм агрессияның екі түрін бөліп қарастырады [19,34]:
-Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады;
- Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.
Агрессия түрлері:
)
Кесте 2
Агрессияны классификациялау
Объектінің бағыты бойынша бөлу |
Гетероагрессия – басқа адамдарға бағыттылық: өлтіру, зорлау, соғу, т.б. |
Аутоагрессия - өзіне бағытталған:психосоматикалық ауру, өзін жоятын қылық-əрекет, өзін өлтіру | |
Көріну себебіне байланысты бөлу |
Реактивті агрессия – белгілі бір сыртқы тітіркендіргішке жауап беру реакциясы (конфликт, ұрыс, т.б.) |
Аяқ астынан – белгілі бір себепсіз, əсіресе, импульс тəуелділігінде | |
Мақсаттың бағыттылығына байланысты бөліну |
Саймандық агрессия – нəтижеге жетуде қолданатын құрал ретінде жүзеге асырылады:спортшы, стоматолог. |
Мақсатты (мотивациялық) – алдын ала белгіленген əрекет ретінде қарастырылады. | |
Көрінудің анықтылығына байланысты бөлу |
Тікелей агрессия – қозуға, тітіркендіргішке себеп болатын объектіге тікелей бағытталады: дене күшін жұмсау, т.б. |
Қосалқы – тітіркендіргішті, қозуды тудырмайтын, бірақ агрессия көрсетуге қолайлы объектіге бағытталады. | |
Көріну формасына байланысты бөлу |
Вербалды – сөз формасынан көрінеді |
Экспрессивті – вербалды емес құралдармен айқындалады: мимика, интонация. |
Дене – моральды немесе дене … көрсету үшін тікелей күш жұмсау. |
- Агрессияның пайда болуы, табиғаты, көрінуіне əсер ететін факторлары жайында теориялық негіздемелер өте көп. Бірақ олардың барлығы төмендегідей 4 категорияға жіктеледі. Агрессия қатысты:
1.Тума тітіркендіргішке жəне қабілетке:
2. сыртқы стимулдармен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге:
3. өзекті əлеуметтік жағдайларға;
4. танымдық жəне эмоционалды процестерге.
2.1 Жеткіншектік кезеңдегі агрессивтіліктің көріну спецификасы жəне
себептері
Қазіргі кездегі біздің қоғамда қатал əрі тұрақсыз əлеуметтік, экономикалық, экологиялық, идеологиялық жағдайлар белең алуда. Өсіп келе
жатқан балалардың жеке тұлғалық дамуы мен əрекет-қылығындағы түрлі ауытқулардың өсуі осы жағдайлармен тікелей шарттас. Олардың ішінде тек прогресс түрінде дамып келе жатқан балалар бойындағы алыстық, бөтендік, жоғары дəрежедегі мазасыздық, рухани бос болу ғана емес, сонымен қатар қатыгездікті, қаталдықты, агрессивтілікті де атауға болады. Бұл процесс жеткіншектік шақта өзінің аса айқын көрінісін табады. Алайда қоғамға толықтай қатысты жеткіншектердің агрессивтілік мəселесі ата-аналар мен педагогтардың терең мазасын тудырса, тура солай зерттеушілердің ғылыми-практикалық қызығушылығын өсіруде. Жеткіншектердің агрессивті əрекет-қылығының алғышарты болып табылатын келесідей психологиялық ерекшеліктерді атап өтуге болады:
- интеллекттің жеткіліксіз түрде дамуы;
- өзін-өзі бағалау дəрежесінің төмендігі;
- төмен деңгейдегі өзін-өзі басқару;
- коммуникативті дағдылардың дамымауы;
- түрлі себептерге байланысты (сырқат ауру, травма, жарақаттар) туындайтын жүйке жүйесіндегі аса жоғары қозғыштық;
- ойын іс-əрекетінің дамымауы;
- құрдастармен қатынастың бұзылуы.
Жеткіншектік ортадағы агрессивті тенденцияның өсімі біздің қоғамдағы əлеуметтік мəселелерінің өзектілігін көрсетеді. Ақырғы жылдары біздің қоғамда жастар арасындағы қылмыс, əсіресе жеткіншектер арасындағы қылмыс саны өсті. Топтар арсындағы төбелестер жиіледі. Олардың көбі аса қатал міңездемеге ие.
Жеткіншектік шақ жас шақтарының ішіндегілердің аса кризистілерінің бірі болып табылады. Бұл жыныстық жетілуге байланысты күшті физиологиялық перетурбация арқылы жиі күрделене түсетін жеке тұлғаның барлық компоненттерінің толыққанды дамуымен түсіндіріледі. Жеткіншектің бойына тəн жеке тұлғалық ерекшеліктердің ішінде əсіресе ересектік сезімінің жəне «Мен-концепциясының» қалыптасуымен ерекше байқалады. Ересектік сезімі – өзін-өзі танудың ерекше формасы. Ол қоршаған орта адамдарының жеткіншекке қатынасы кішкентай балаға сияқты емес, ересек адамға сияқты болуын қалауынан өз көрінісін табады. Ол өзінің ересек позициясында тұрып, ересектермен қатынаста тең құқыққа ие болуын қамтамасыз етуге тырысады. Сонымен қатар бұл сезім өзбеттілікке ұмтылыстан, өз өмірінің кей қырларын ата-анасының араласуынан шектеуге деген қалаудың болуынан көрініс табады. Бұл сырт келбетке, қатынасқа, оқуға қатысты болып келеді. Ересектік сезімі кіші жеткіншектің жаңа түзілістерінің ішінде бастыларының бірі. Ал жеткіншектік шақтың аяғына қарай, шамалап 15 жаста, жеткіншек өзінің жеке тұлғалық дамуында тағы бір қадам жасайды. Өзін іздегеннен кейін – «Мен» образдарының, өзі жайында түсініктердің іштей келісімді жүйесі – «Мен-концепциясы» қалыптасады. Əдетте жеткіншек бойында қызулық жəне қозғыштық сияқты ерекшеліктер кездеседі. Физиологтар мұны осы жас шағына тəн жыныстық жетілуге байланысты дейді. Бұл кезенде қыздарда көңіл-күй өзгерісі, көп жылау, өкпелегіштік қасиеттер байқалады. Ұлдар болса қозғалғыш əрі тынымсыз болады.
Жеткіншектік шақта агрессивтілік қатыгездік жəне садизм сияқты ауытқулар байқалады. Мұндай əрекет-қылық жеткіншектің психикасының
тұрақсыздығы жəне тəрбиесіндегі дефекттермен байланысты. Балаларды зерттеу практикасы мұндай əрекет-қылықтың негізінде отбасы тəрбиесінің дұрыс болмауынан деп көрсетті.
Қазіргі заманғы жеткіншек өз агрессиясын екі əдіс арқылы жүзеге асырады:
- агрессияны ашық түрде көрсету, таяқ жеу жəне өмірлік тəжірибе алу – осы жолмен жүре отырып, ол не бедел (авторитет), престиж, өзін-өзі жүзеге асыруға жетеді, немесе психикалық тұрғыдан бұзылады, тіпті суицидке дейін де жетуі ықтимал;
- агрессияны тығады, басады, тұншықтырады. Өмірде ерекше ештемеге жетпесе де, энергиясының бір бөлігін жоғалтады. Бастырылып тасталған энергияның сырт көрінісі невроз түрінде де немесе басқа бір психосоматикалық сырқат түрінде байқалады.
2.2 Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлар
Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлардың бірнешеуін атап көрсетуге болады:
1. Эндокринді жарылыс, жыныстық гормондардың кенеттен өсіп кетуі: ең бірінші, агрессивтіліктің өсуіне алғышарт болып табылатын ұл балалардағы тестостерон;
2. Бас миындағы органикалық сырқаттар – травмалар, менингиттер, арахноидиттер жəне т.с.с.
3. Агрессивтілікті дамыта түсетін бұқаралық ақпарат құралдары, кино, бейне жазбалар, компьютерлік технологиялар.
4. Ересектер қатынасы – мектеп, ата-аналар
Бұл біріншіден, өсіп келе жатқан адмдарға қойылатын жаңа талаптарға сəйкес, техника-технологиялық түзілестердің қарқыны мен ритммен тікелей байланысты. Екіншіден, анық өмірлік позициясы қалыптаспаған жеткіншекке қатты əсерін тигізетін, «шу» тудыратын ақпараттың толық сипатымен байланысты. Үшіншіден, балада үмітсіздік сезімін жəне үлкендердің оларға осындай мұра қалдырғаны үшін ызашылдық сезімін тудыратын, біздің қоғамда орын алған экологиялық жəне экономикалық дағдарыспен байланысты
Жеткіншектер бойында агрессивтіліктің дамуына итермелейтін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі, сонымен қатар жеткіншек бойында агрессивтілікті тəрбиелейтін өтірік, зұлымдық, зорлық-зомбылыққа толы кинофильмдер ағысы. Көптеген жеткіншектер белгілі бір манераларға сəйкес жəне түрлі ақпарат құралдарымен ұсынылатын стереотиптерге, тіпті нақты бір адамдарға еліктейтіндерін атап өткен жөн болар. Бұл жерден «боевиктердің», «детективтердің», т.с.с. көбі жеткеншікті өз алдына ересек етіп көрсетіп, өз демонстрациясының маңыздылығының амалы бола отырып, əрекет-қылығының агрессивті формасын тудырады. Бұл сонымен қатар референтті топта белгілі бір орын алу, өзіндік мойындалуға жету, басып ұялтуға болмайтын өзін адам екенің сезінуге деген қалаудың болуынан да көрінеді. Ересектермен формальді не формальсыз қатынас жүйесінде жəне көптеген жанұяда микроклимат орын алған жағдайда, бөтендік, қаталдық, жағымсыз қасиеттерге ие болуы ықтимал. Мұндай жағдайда жеткіншектер ересектермен ерегісіп, барлығын керісінше орындайды, сөйтіп агрессивтіліктің объективті алғышартын тудырады. Жеткіншектердің агрессивті əрекет-қылығының неғұрлым толыққанды негізін оның мотивациясының анализі береді. Бұл мотивацияда айтарлықтай маңызды рольді негативті мінезге ие сезім мен эмоция атқарады. Олар: қаһар, ашу, үрей-қорқыныш, кек, қасшылдық, жаушылдық т.с.с. Жеткіншектік жастағы балалардың агрессивті əрекет-қылығындағы эмоциялар төбелес, ұру, балағаттау, дене жарақаттары, кісі өлтіру, дүние мүлікті бұзу, құрту түрінде көрінеді.
- Агрессивті жеткіншектермен жүргізілген жұмыстарындағы психологиялық-педагогикалық аспектілерде негізінен үш бағыт бар:
1. Жеткіншектің əрекет-қылығының
бұзылуының типін
2.Агрессивті жеткіншектермен жұмыс жасаудағы кеңестермен ұйымдастырылған іс-шаралар;
3.Осындай балалармен тəрбиелік жұмыстың мазмұны, сонымен қатар қоршаған ортаға оның ішінде отбасына əсері.
2.3 Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері:
1. Агрессивті баланың жанұясында ата-аналармен бала арасындағы эмоционалды байланыс бұзылған. Əсіресе əке мен ұл баласы арасында. Ата-ана бір-біріне жаушыл сезімде жəне бір-бірінің қызығулары мен құндылықтары үйлеспейді.
2. Əке жиі түрде өзі агрессивті əрекет-қылығының моделін демонстрациялайды, ортаға салады. Сонымен қатар өз балаларының бойындағы агрессивті тенденцияларды жақтап-қостайды, қолпаштайды.
3. Агрессивті балалардың
аналары балаға талап қоймайды.
Олардың əлеуметтік құндылықтарына
селқос қарайды. Баланың үй
шаруасында міндеттері
4. Агрессивті ата-ананың балаларында өз əрекет-қылығы мен тəрбиелеу бір-біріне қарсылас келеді. Əдетте, өте қатал əке жəне тым жұмсақ ана, нəтижесінде балада оппозициянық əрекет-қылықтың моделі қалыптасады. Ол тікелей қоршаған ортада байқалады.
5. Агрессивті балалардың ата-аналары қолданатын негізгі тəрбиелік шаралар мынадай:
- Денені жарақаттау;
- Қауіп төндірулер;
- Түрлі қолдауларда шектілік;
- Баланы жиі изоляцияда ұстау;
- Түрлі шектеулерді енгізу, қолдаудың болмауы;
- Белгілі бір іс жағдайында сүйіспеншіліктен саналы түрде айыру.
6. Агрессивті балалардың
ата-аналары өз балаларының
деструктивті əрекет-қылығының
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Артемьева Т. Агрессия: Проявление агрессивности у подростков 11-12 лет // Приложение к газете «Первое сентября», серия «Спорт в школе».- 2008. -№14. – С. 35-45
- Берковиц Л. Агрессия.- Н.,У. – 1962. -225 стр.
- Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия подростков: эмоциональный и кризисный механизм.- СПб, 1999.- С. 38- 131
- Волкова Е.В. Скажем «Нет!» агресии! // Психологический практикум ПГ5\92.- №5.- 2003. - С. 17-20
- Гонохова Л.Г. Особенности проявление агрессии у детей и подростков // Валеология: здоровье и жизненные навыки.- 2008. -№3. –С. 18-25
- Ениколопов С.Н. Понятие агрессии в современной психологий // Прикладная психология. – 2001. -№1. - 60-70 ст.
- Ениколопов С.Н. Психология агрессии: основные подходы // Вестник.- 1994.-№1.- 62-68 ст.
- Ескендиров А.У. Влияние семьи на проявленияагрессивного поведение детей и подростков // Менеджмент образовании.-2003. -№3.- 101-109 ст.
- Журавлев Д. Подростковая агрессивность – психологическая законемерность или социальный феномен? // Народное образование. – 2003. -№2. -185-191 ст.
- Изард К.Э. Эмоции человека.-М. 1980
- Психология. Словарь./ Под ред. А.В. Петровского., М.Г. Ярошевского. – М.:Просвещение., 1990.-С.7
- Психологические аспекты исследования агрессивности в школе (Опросник Басса- Дарки) // Психология в казахстанской школе.-№1(25). -2011.- 36-39 ст.
- Реан А.А. Агрессия и агрессивность личности // Психологический журнал Том 14.- 1996. -№5. -3-17 ст.
- Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М.:Владос., 1996.-С.15-21
- Сакович Н. Шаги навстречу: коррекционная работа с агрессивными детьми и подростками // Приложение к газете «первое сентября» Выш. Школьный психолог.- 2007.-№20.- 19-30 ст.
- Семенюк Л.М. Психологические особенности агрессивного поведения подростков и условия его коррекции. - М.,1996.- стр.6
- Семенюк Л.М. Психологическая сущность агрессивности и ее проявления у детей подросткового возраста // Методические рекомендации в помощь педагогам – практикам. –М.., - 1991.- 16 стр.
- Фрейд З. Психология бессознательного. – М.:Просвещение., 1990. – С.39-123.
- Хасенова А.И. Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі // Шағын мектеп.- 2003. -№4(4). – 33-35 б.
- Христофорова В., Айымов Е. Тұлғаның мінез- құлқындағы агрессия себептері және жою жолдары // Мектептегі психология. -2008. - №3(15). – 20- 21 бет

- Агрессия ребенка. Причины и профилактика
- Агрессия средствах массовой информации
- Агриппина Яковлевна Ваганова
- Агробиологические основы в животноводстве
- Агроинженерный сервис в АПК
- Агроклиматическая характеристика Белгородской области
- Агролесомелиорации с основами лесоводства
- Агрессия и агрессивная личность
- Агрессия и агрессивная личность
- Агрессия и агрессивное поведение
- Агрессия и агрессивное поведение
- Агрессия и агрессивность. Мотивация агрессивного поведения
- Агрессия и влияющие на нее факторы
- Агрессия и влияющие на нее факторы