Аймақтардың экономикалық ерекшелігі болып инвестициялық

Жоспар

Кіріспе

 

1.    Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызметтің тиімділігі

2.    Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызметтің тиімсіздігі.

3. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды және экспорттың жай-күйін дамыту үшін күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қатерлерді талдау.

 

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Талдауда инвестицияны жүзеге асырушы инвесторлар, ал инвесторларды  жүзеге асырушы қандайда ұйымдар, яғни олар қандай органдармен, жүйелермен байланысты екені туралы көрсетілген.

 Инвестиция макродеңгейлік өте үлкен роль атқарады. Бұл деңгейде келесі мақсаттарға қол жеткізуі тиіс:

 • Өндірістік дамуы мен ұлғайуы.

 • Негізгі қордың маральді және физикалық тозып кетуіне жол бермеу.

 • Өндірістің техникалық деңгейін көтеру.

 • Нақты бір кәсіпорынның өнімін сапасын арттыру және өнімінің бәсекелесе алуын қамтамасыз ету.

 • Табиғатты қорғау  шараларын жүргізу.

 • Бағалы қағаздарды басқа да кәсіпорындар активтеріне салу.

 

 Инвестиция көзі ретінде қаржы сақтау қорларында жатқызуға болады. Бірақ қаржы сақтау қорларының инвестиция ретіндегі қиындығы сол, сақтық қорын тек бір ғана шаруашылық субьектісі іске асырады,ал бірақ инвестицияны жүзеге асырушы мүлде басқа тап немесе шаруашылық субьектісі. Сонымен «Инвестициялар» түсінігі көп түрлі құбылыс оның бірнеше мағыналы анықтамасы бар:

- ең алдымен, инвестициялар жөнінде сөз еткенде құрал жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;

- соңғы кездегі бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады;

- мұндай анықтама шеттеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады.

 Осы процестің әлеуметтік  – экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамассыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.

 Қорта айтқанда инвестиция  дегеніміз – ақша қорын сатып алу және оны өсіру үшін қажетті шығын:

 Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз - өз ақшаңды бір іске сала тұрып, одан қайтарым бола ма, болмай ма, оған мемелеке кепілдік бермейтін өз ішкі есебінің дұрыстығынан шығатын нәрсе. Ақшаны саласың, пайда өзіңе байланысты. Мемлекет барлық кәсіпорындарға бірдей, тең болатын жағдайды, шартты заңмен бекітіп береді.

 Инвестициялар: венчурлік, тікелей, портфельдік, аннуиетет болып бөлінеді.

 Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялар мен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.

 

 

 

1. Инвестициялардың экономикадағы ролі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайында тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т.б. сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.

Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген тікелей инвестициялар  қатар қатарына Қазақстан Республикасының  арнайы кепілдемесімен белгілі бір  мемелекеттік және жеке техниканың көмектермен  гранттарға ие инвестициялардан өзге барлық инвестиция түрлері енеді. Ал жанама инвестиция дегеніміз - бұл портфельдік  жинақ былайша айтқанда құнды  қағаздар мүліктік құндылықтардың жиыны. Мысалы: инвестор түрлі фирмалардың  құнды қағаздар жинағы болып табылатын  несие қорынан акция сатып  алуы мүмкін. Инвестицияның тиімділігі тікелей шығыс пен кіріс, сатып  мерзімі, рентабельділігіне байланысты.

 Акцияны инвестор сатып  алу арқылы белгілі бір компанияның  қажетіліктерін қанағаттандырып,  оларға тиімді табыс әкеліп  қана қоймайды, инвестор сол құнды  қағаздардың белгілі бір мөлшерін  иемденеді. Осыдан өзге инвестициялау  белгілі бір жер бөлігін иемдену мүліктік құқыққа ие боу (ақша эквиваленттермен бағалану) шаруашылық өндірістік жекеменшіктік лицензия және өндіріс құпияларымен патент түрлері, жаңа технологияға анықтама өндірістік тиімді моделдер, товар беліглерімен өндіру әдістері, түрлері, өндіріс технологиясы, өнім сертификаты, жерді пайдалану құқықтары негізінtн жүзеге асады, жүреді.

 Инвестиция құрылымы  оның түрі бойынша құрылымы, пайдалану  бағыты және жалпы инвестициядағы  үлесі түсініледі. Капитал жинақтаушы  инвестициялар кәсіпорындар мен  мемлекеттік акциялармен құнды  қағаздар сатып алу негізінде  инвестициялық фактор жүйесі  арқылы іске асады. 

 Бірінші жағдайда өнеркәсіпке инвестор инвестиция салушы ретінде өнеркәсіптік өндірістік қорындағы айналымда функциональды түрде сақтап, өз өндіріс капиталын көбейтуді көздеп, капитал қорын жинақтайды. Ал екінші жағдайда инвестор құнды қағаздар кірісі арқылы дивидент алу негізінде өз капиталын толықтырады.

 Инвесторларды кәсіпорындарда тиімді пайдалану, олардың қаржылық жағдайы кәсіпорындағы инвестиция құрылымына байланысты болады. Кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымы – жалпы суммадағы нақты және портфельді инвестициялардың ара қатынасы. Олардың дамығандығы портфельді және нақты инвестицияларды максимальды қайтарып алуынан көрінеді. Демек, бұд тиімді жобаларға инвестиция үлесі максимальды ұмтылу керектігін білдіреді. Қазіргі таңда кәсіпорын үшін нақты және портфельді инвестициялардың құрылымы маңызды әсер етеді. Портфельді инвестиция құрылымы - олардың бөлу және кәсіпорын сатып алған бағалы қағаздар түрі бойынша ара қатынасы түсініледі.

 Мемелекеттік инвестиция үлесі төмендеп, ал кәсіпорынның үлесі ұлғайған кезде, инвестицияның жалпы тиімділігі олардың кәсіпорындағы тікелей пайдалану тиімділігіне байланысты болады, ал мәні бойынша кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымына байланысты.

 Жоғарыда айтылғандарды  жинақтай отырып, қорытынды жасауға болады - әр түрлі бағыттар бойынша инвестиция құрылымына талдау жасау ғылыми және тәжірибелік мәнге ие болады берілген талдаудың тәжірибелік мәні арқылы инвестиция құрылымының өзгеру тенденциясын анықтап және осының негізінде ұтымды, тиімді инвестициялық саясатты жасауға болады. Инвестиция құрылымы талдаудың теориялық мәні арқылы инвестициялық қызметке және инвестицияны пайдалану тиімділігіне әсер ететін, бұрын белгілі болмаған жаңа факторлар пайда болады, бұл факторлар инвестициялық саясатты жасау үшін өте маңызды болып табылады.  Ал енді инвестиция типтеріне келетін болсақ, кез – келген фирманың негізгі қызмет саласы айналымдағы қаржы, жобалардың іске асуы, әрбір фирманың жылдық табысын реттеп отыратын инвестициялық операция жүйесі болып табылады. Инвестициялар әртүрлі обьектілергетартылуы мүмкін:

 Физикалық активтегі инвестицияға - өндіріс орындары мен құрал - жабдықтау салаларын, сонымен қатар бір жыл мерзімдегі түрлі машина, техника, материалдық мүліктерді жатқызамыз.

 Ақшалай активтегі инвестицияға – кез- келген физикалық және заңды тұлғалардың белгілі бір құнды ақшаның қарым-қатынасын жатқызамыз. Бұл банктердегі депозиттер, облегациялар, акциялар, кредит, салық,несие, қарыздар.

 Материалдық емес инвестицияға - құнды материалдар мен құпия программалар, өнім әдістері тиімді моделдер, жерге иелік құқықтары, жекеменшіктік лицензиялар, патенттер мен сертификаттар енеді. Жоғарыда аталған инвестицияның 3 типті де әрбір фирманың дамуы кіріс көзінің өсуіне тікелей ықпал етеді.

 Инвестиция класификациясы фирманың қай мақсаттардағы қандай маңызды мәселелерді шешуге болады және тиімді шетел инвесторларының басқаруына берліген кәсіпорындар мен бәсекелескен кәсіпорындар өздерін өздері қаржымен қамтамассыз етіп бар жұмысты өздері жолға қоюға міндетті. Қазір бұл нәтижесін беріп отыр. Біріншіден, кәсіпорындар бар қуатында жұмыс істейді. Екіншіден, өндірген өніміне қарай заңды белгіленген тәртіппен салық төлеп отыр. Үшіншіден, жұмыссыздықты азайтуға өзіндік үлесі бар.

 Соңғы жылдары белгілі өндіріс орындарын шетелдік компаниялармен фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжірибесі елмізде көбірек қолданылып жүр әсіресе , бұл шикізат өндіруші салаларда шетелдік инвесторладың айрықша ынта- ықыласын тудырып отыр. Өйткені әбден тіс қаққан, не нәрсе болсын әріден ойлайтын шетел кәсіпкелері шикізат өндіріп, оны экспортқа шығарып сатудан ұтылмайтын анық. Сол себепті олар Қазақстан үлкен қызығушылыұпен капитал салып отыр. Бұл дәл қазір екі жаққа тиміді. Осындай тәртіппен жекешелендірген өндіріс орындардың саны бүгінде 60 – тан асады. Оның басым бөлінген отын мен энергетика салалары құрайды.

 пайдалану арқылы фирманың шығындарын азайтып, өндіріске қолайлы жагдай жасау, қүрал-жабдықтармен технологиялау, фирма мүшелерінің шеберліетері мен нарықтық экономикадағы сұранысқа қарай инвестициялық жоба жасау жүйелерінен тұрады. Сонымен қатар инвестициялау жүйесіндегі мемлекеттік органдар мен байланыс, ал экономикасының жағдайы, экологиялық стандарт, шығарылатын өнімнің сапасы ескерілуі тиіс. Мұндай классикалық инвестициялар типі мен (төуекел) мен еңбек сферасындағы жүзеге асады.

 Кез-келген кәсіпорынның экономикалық потенциалының сақталуы мен дамуына кәсіпорын қызметі мен менеджмент, инвестор шеберліктері қажет. Инвестициялық қызмет субьектілеріне инвестициялық қызметті іске асырушы инвесторлар, физикалық және занды жеке тұлғалар, тапсырыс берушілер, орындаушылар, инвестициялық қызметті қолданушылар мен үйымдық жеткізушілер, банк және қауіпсіздендіру қызметкерлері, инвестициялық процеске қатысушылар енеді. Сонымен қатар инвестициялық обьект қызметіне қолданушылар қатарынан физикалық жеке тұлғалардан бастап, заңцы түлғалар, мемлекеттік органдар, шет мемлекеттер халықаралық қызмет Қазақстан зандарында арнайы Президент жарлығы бойынша салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер, «Шетел инвестициялары мен инвесторлары", «Ішкі басқару мен қарыздар", «Қазақстан Республикасының инвестиция қорлары", жөне өзге де нормативтік актілерін түрінде еліміздің заңында өмір алған.

 Қазақстан мен ТМД  елдерінде инвестиция тартып, қаржы жинактау жылдамдығы онша жақсы емес. Бізде ол жалпы ішкі өнімнің 4/3 процентін құрайды. Деген мен, алғашкы жылдарға қарағанда, соңғы жылдары шетелден инвестор тарту біршама жандана түсті. Оған еліміздегі саяси түрақтылық шикізат қорының молдығы инвесторларды заң жүзінде қорғау басты рол атқарып түр. әсіресе, Президентіміз Нүрсүлтан Назарбаевтың соңғы кездегі Америка Қүрама Штаттарына,Германия мен Польшаға сапарлары күткен үмітті ақтады. Инвестиция салудан дамыған, өркениетті басқа да мемлекеттер де тартынып отырған жоқ.

 Деректерге сүйенетін болсақ, қазіргі кезге дейін Қазақстанға келген инвестицияның 40 процентін АҚШ, 25 процентін Оңтүстік Корея, 13 процентін Англия инвесторлары қүрайды екен. Жалпы кәлемі 9,5 миллиярд доллар түратын Қытай Халық Респупликасымен жасалған келісім өз алдына бір бөлек.

 

 2.  Нарықгық экономикада инвестицияның негізгі үш түрі кең қолданылады. Атап айтқанда: займ арқылы, несие беру жөне тура инвестициялау. Осы үшеуінің ішінде бізге қолайлысы әрі тиімдісі- тура инвестиция. Өйтксні мүнда шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар өздерін өздері қаржымен қамтамасыз етіп бар жүмысты өздері жолға қоюға міндетті. Оазір бүл нөтижесін беріп отыр. Біріншіден, кәсіпорындар бар қуатында жүмыс істейді. Екіншіден, өндірген өніміне қарай занда белгіленген тәртіппен салық төлеп отыр. үшіншіден, жүмыссыздықты азайтуға өзіндік үлесі бар. Соңғы жылдары белгілі бір өндіріс орындарын шетелдік компаниялармен фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжіриебесі елімізде көбірек қолданылып жүр. әсіресе, бүл шикізат өндіруші салаларда шетелдік инвесторлардың айрықша ынта-ықыласын тудырып отыр. Өйткені әбден тіс қаққан, не нәрсе болсын өріден ойлайтын шетел кәсіпкерлері шикізат өндіріп, оны экспорткд шығарып сатудан үтылмайтыны анық. Сол себепті олар Қазақстанға үлкен қызығушылықпен капитал салып отыр. Бүл дәл қазір екі жаққа тиімді. Осындай төртіппен жекешелендірген өндіріс орындарының саны бүгінде 60-тан асады. Оның басым бөлігін отын мен энергетика салалары қүрайды.

 Қазақстан экономиканың  қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде инвестицияны тартудың қатаң әдістерін қолдана бастады, бұл әдістер төмендегідей бағыттарды қамтиды:

- Үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы тәлеуді, кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді.) Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мүндай формасының басымдылығы өр түрлі түсіндіріледі:

- Тікелей шетел инвесторлары донордың үзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

- Донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы-

 тиіс;

- Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз

 етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;

- Тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық

 белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

 Мұның барлығы Үкіметтің  орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау жөне жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты. Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мөселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

 Инвестицияны тартуда Қазақстанды дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белілі бір ортақтықтың бар екендігін атап етуге болады. Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең темендегідей нәтижелерге әкеледі:

- реформалаудың бірінші кезеңі- инвестициялық жекешелендіру қорының

 қалыптасуына және  капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына

 жағдай жасады.

- екінші кезең- жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акцияларды мемлекеттік пакеттерінң 80%-ке дейін шетелдік инвесторларға сатылуын амтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің теленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы мәселелері қабат-қабат жүріп отырды.

- үшінші кезең- жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін "тереңірек" өтті, нәтижесінде инвестициялық саясаттың Аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда аз шығынды әдіс өндеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту қүралдарының дамуына жағдай жасады.

 Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы өсу нүктесі болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік береді сыртқы экономикалық саясатты иөсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, өлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының темен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды. Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының көбеюі жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар, яғни 20 мың жаңа жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезендерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.

    Жүйелей айтсақ, пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық жөне қаржылық емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа : тікелей инвестиция жөне сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі, кредит беруге қүштар болып отырғаны анық байқалуда. Мүның сыры өзіне-өзі түсінікті. Кредит үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы үзақ мерзімді қажет етеді, әрі мүнда төуекелдің үлесі жоғары. Экономикалық қауіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы кдрызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестициялық тиімсіз жағы, инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесі, қажет еткен сала ескерусіз қалады. Үкімет кепіддігімен сырттан тартылған займдар мен кредиттердің экономиканың өндірістік жөне кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамасыз ету мақсатында алғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай бүл шара (сырттан қарыз алу көлемін арттыру) экономиканың түрақтылығын сақатп қана қоимай, оны дамытуға тиіс еді. Алайда, іс- жүзінде бөрі басқаша болып шықты. Талдау нәтижелері көрсеткендей, үкімет кепілдігімен тартылған займдар мен кредиттер, негізінен, бюджет тапшылығы мен түтыну саласының қажеттіліктерін қаржыландыруға пайдаланылуда.

 Бүгінгі танда Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тарту көлемі жағынан ТМД елдері арасында екінші орынды иеленеді. Тікелей инвестиция, негізінен, бірлескен кәсіпорындар қүру, еншілес кәсіпорындар ашу және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешклендіруге шетел капиталын қатыстыру есебінен іске асырылуда. Өкінішке орай, Қазақстандағы көпшілік бірлескен косіпорындар мен шетелдік кәсіпорындар экономиканың жанама секторларын ғана қамтып отыр, әрі оған қомақты қаржы салмауда.

 Тағы бір қынжынарлық жәйт, Қазақстанға негізінен алып-сатарлық мақсатты ғана көздеген үсақ-түйек кәсіпорындар келуде. Ал өзінің қомакды капиталымен келген ірі кәсіпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ. Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу шикізат саласы. Бүл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 60%-ы - мүнай-газ саласының үлесіне тиеді. Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда-5%, тамақ өнеркөсібінде-5%, басқа салаларда-2%. Мүның ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу-28%-ды құрайды. Шикізатқа деген әлемдік сұраныстың күрт азаюы тек өндіріс қарқынының бәсеңсуіне ғана әкеліп соқтырған жоқ, сонымен бірге осы салаға күйылатын инвестиция келемінің кемуіне де өз ыкдалын тигізді. Соңғы әлемдік уақиға көрсеткішіндей, тек шикізаттық әндіріске бағыт үстаған экономикалық саясат, ішкі экономикалық түрақсыздыққа үшыратады. Үлттық экономикаға саясат, сыртқы рынок конъюктурасының елеулі түрде өзіндік әсері бар. Сөйтіп, зертеушілердің атап көрсеткеніндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел кәтеріп жіберетіндігі туралы әңгімені айту әлі ертерек. Тікелей шетел инвестициясының негізгі бөлігі қаржы саласына несие пен қарыз түрінде құйылуда.

Сонымен, шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға байланысты атқарылған істерді зерттеудің нөтижелерін сарапқа сап, сыртқы инвестициялаудың бұрынғы моделінің тиімсіз болуының негізгі себептері мынадан көрінеді:

- шетел инвестициясының экономиканың нақты секторларына аз бөлінуі;

- инвестициялық ресурстың  жарым жан құрылымы;

- сырттан алынған несиелердің өндірістік емес мақсатқа, яғни бюджет

 тапшылығын қаржыландыруға көбірек жұмсалуы;

- тікелей шетелдік инвестициясының экономиканың нақты секторларынан

 гөрі, қызмет көрсету, сауда-саттық саласында пайдалануы;

- шетел инвестициясын барынша өндіруші салаға жұмылдыру тенденциясының өсуі, соның салдарынан экономиканың өзге секторларының тұрақсыздыққа ұшырауы;

- сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуі т.б.

 

 

3. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды және экспорттың жай-күйін дамыту үшін күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қатерлерді талдау

Қазақстанға инвестиция тартудың SWOT-талдауы 

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдің қолайлы бизнес-ахуалы

2. Бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы салдарынан, елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы

3. Орталық және Алдыңғы Азияның, Ресей, Үндістанның, Қытайдың ірі тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы

4. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын сезіну

5. Инвестициялардың ағынына жәрдемдесуге бағытталған мамандандырылған институттар мен олардың ресурстық базасын қалыптастыру 

1. Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудегі жүйеліліктің болмауы.

2. Елдің заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін тетіктердің жоқтығы

3. Инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсекелік жағдайлар (салықтық, кедендік және валюталық режимдер)

4. Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның (арнайы аймақ, базасын қаржылық, ақпаратты-талдамалық, консалтингтік, көліктік және өзгелері) дамымағандығы

5. Инвестицияларды тартуға байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы

6. Визалық режім

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Инвестицияларды тарту көлемі бойынша өңірлік көшбасшы ұстанымына шығу.

2. Әлемдік капитал нарықтарындағы елдің оң инвестициялық имиджін қалыптастыру.

3. Инвестицияларды тарту жөніндегі жүйелі және бірізді мемлекеттік саясатты құру.

4. Инвестицияларды тарту жөнінде тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымды қалыптастыру.

5. Экономиканың өндіруші секторындағы инвестицияларды қайта бөлу есебінен, елдің тұрақты және теңгермелі экономикалық дамуын қамтамасыз ету.

6. «Кaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің ресурстары

1. Шикізат базасының таусылуы салдарынан елдің инвестициялық тартымдылығын жоғалтып алуы

2. Шикізаттық сәйкессіздіктің және инвестициялық бағыттылықтың сақталуына байланысты жоғары қатерлі экономиканың сақталуы.

3. Негізгі капиталға инвестициялардың аз көлеміне орай ел дамуының өнеркәсіптік-өндірістік қолда бар әлеуетін жоғалтып алу.

4. Инвестициялары тарту жөніндегі нақты мемлекеттік саясаттың және оның іске асырылуының болмауы себебінен, елдің теріс инвестициялық имиджін бекіту

5. Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаты тиімсіз пайдалану салдарынан мемлекеттік бюджет қаражатының тікелей шығындары

6. Сыбайлас жемқорлық (салық төлеу кезінде, кеден бекетінде)


 

 

Қазақстандағы АЭА дамуының SWOТ-талдауы 

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдің қолайлы бизнес-ахуалы

2. Елде бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы.

3. Орталық Азияның және Ресейдің ірі тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы

1. Реттеу мен басқару тиімсіздігі

2. Инфрақұрылымға инвесторларды тарту

3. Аймақтардың жеке

ерекшеліктерінің болмауы

4. Бюрократияландыру

5. Бюджеттік шығындардың төмен тиімділігі

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Кеден одағының және басқа елдердің нарықтарына шығу

2. 2015 жылға қарай ҮИИДМБ-нің индикаторларына қол жеткізу

Тиімсіз мемлекеттік саясаттың нәтижесінде АЭА-ның инвестициялық тартымдылығының жоғалтып алуы.


 

 

Әлсіз жақтары:

1. Қазіргі уақытта АЭА-да кәсіби басқарушы компанияны тарту тетіктері жоқ, дирекциялар мен басқарушы компаниялар арасындағы өкілеттіктер қолданыстағы заң бойынша бөлінбеген, сондай-ақ басқарудың жалғыз мемлекеттік органы жоқ (нақты әрбір АЭА-да басқарудың меншікті мемлекеттік органы бар).

2. Қазіргі уақытта қазақстандық АЭА-ның инвестициялық тартымдылығы жеткілікті жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі инвесторлардың нақты қажеттілігі мен мүдделеріне бағытталмаған.

Арнайы экономикалық аймақтың салалық байланысын алып тастау болжанады, компания үшін негізгі өлшем өндірістің экспорттық бағыттылығы және еңбектің өнімділігі болады. Инвесторлардың АЭА-ға қатысуының негізгі мәртебесі АЭА қызметін экономикалық тартымды ететін арнайы преференциялардың және жеңілдіктердің болуы болып табылады. Бүгінгі күні АЭА туралы қолданыстағы заңнама анағұрлым өзекті міндеттерді шешуге тараптық инвесторларды тартуға ықпалдасатын мәртебелердің жеткіліксіз санын қамтиды, Қазақстан Республикасының АЭА әлеуетін іске асыру қолайлы емес.

3. АЭА үшін ЭКЖЖ-нің рұқсат берілген түрлерінің тізбесі АЭА қызметіне қатысушыларды тартуды шектейді. Сондай-ақ, АЭА үшін инвестициялық жобаларды қарастыру кезінде ірі инвестициялық жобаларға бағдарлану жүргізіледі. АЭА жұмыс істеуінде АЭА қатысушылары үшін мамандандырылған қызметтер санының жеткіліксіздігі байқалады.

4. АЭА қызметін жүзеге асыру кезінде АЭА дирекциялары мен уәкілетті ұйымдары арасындағы келісулердің үлкен саны байқалады. АЭА аумағында өндірісті ашу үшін инвесторларға оларды АЭА қатысушысы ретінде бекітуді 1 жылдан астам күтеді.

5. АЭА құру және құрылысын аяқтау үшін бюджеттік қаржыландыру баяу бөлінеді. Сондай-ақ, құру кезінде бюджеттік шығындардың төмен нәтижелігі байқалады (инфрақұрылым орнына бос конференц-залдар салынады).

Күшті жақтары:

1. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында елдің бизнес-ахуалын ұстау байқалады - кәсіпкерлікті дамытуға үлкен назар аударылады. Жалпы экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік субъектілерді қорғау және қолдау үшін белгілі жеңілдіктерді заңнамалық жолмен белгілейтін реформалар жүргізіледі. Бірақ, қолданатын шаралар өнеркәсіптік және өңірлік саясатты дамыту үшін жеткіліксіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Инвестициялық әлеуеттің  құрылымдағы олардың қатынасынан  ел экономикасындағы нақты инвестициялық  орта және сәйкесінше инвестициялардың нәтижелілігі тәуелді болады. Яғни, сырттан тартылған шетелдік инвестициялардың үлесі ішкі инвестициялардың үлесінен артық болатын болса инвестициялық  ортаның ерекшелінген либерализмін қалыптастырады. Бұл жағдайда, барлық кезде осындай үлгімен таңдалған  инвестициялық модель нәтижелі болмайды. Әлемдік тәжірибеде инвестициялардың сыртқы көздері көп болып келетін  инвестициялық ортаны қалыптастырудың тиімді және тиімсіз жақтары да кездеседі.           Инвестициялық әлеуеттің сыртқы көздерінің көлемі есебінен ұлғаюынан инвестициялық орта кеңейсе, ол міндетті түрде оның институционалдық құрылымынан көрінетінін айта кеткен дұрыс. Яғни, шетелдік капиталдың экспансиясына экономикалық тұрғыдан қарсы тұратын құралдар объективті түрде қажет. Шетелдік инвесторларға инвестициялық жеңілдіктер берумен қатар белгілі бір заңнамалық база шегінде олардың қызметтерін реттейтін ерекше инвестициялық режим қажет. Ол әсіресе келесідей бағдарламалық стратегиялар жүзеге асырылған кезеңдерде өте маңызды:

  • ұлттық экономиканы жекешелендіру;
  • қаржылық нарықты құрылымдық қайта құру;
  • ресурстық әлеуетті қайта ұйымдастыру;
  • қор, сақтандыру нарықтарын құру;
  • әлемдік қаржы нарығына шығу.

Осы аталған барлық стратегиялық бағдарламалар дамушы нарықтық жүйелерге  тән сипат және инвестициялық  ортадағы қызығушылықтардың балансы  сақталмаған кезде ұлттық басымдылықтар үшін тиімсіз салдары көрінуі де мүмкін.

Инвестициялық аядағы реттеуші орта оны ұйымдастыру көзқарастарынан  бірқатар белгілерімен ерекшелінеді, оларға келесілер жатады:

  • белгілі бір нақты инвестициялық ахуалды құру бойынша ұйымдастыру-экономикалық шешімдерді іске асырудың кезеңділігі;
  • инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерін таңдаудағы ерекшеліктері;
  • инвестициялық қызметті ұйымдастырудағы әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеттерінің келісімділігі;
  • инвестициялық әлеуетті қалыптастыруға және оның қозғалысына тұрақты, жүйелі түрде мониторинг жүргізу.

Кез-келген дамушы нарықтық жүйелер сияқты қазақстандық экономика  үшін бұл жағдайға тез қол жеткізілмегендігін айта кеткен жөн, себебі белсенді түрде қалыптасып келе жатқан инвестициялық кеңістіктегі тиімсіз жағдайлардан айналып кетуге болмады .

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы
  2. «Гос. рег. рыночный экономики » — Кушлин: Москва-2000
  3. «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002
  4. «Гос. рег. условиях Казахстана » Мамыров: Алматы -1998
  5. «Гос. и бизнес » Мамыров, Брузатый: Алматы-1999
  6. «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003

Аймақтардың экономикалық ерекшелігі болып инвестициялық