Аймақтардың дамуының теориялық негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жұмыс

 

 

 

Ғылыми жұмыс тақырыбы : ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015 жыл

Мазмұны:

І Кіріспе

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Аймақтардың дамуының теориялық негіздері.
  2. Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында).
  3. Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқаруды жетілдіру жолдары.

ІІІ Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса маңызды өндірістік және өмір сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр. Әр аймақ, жалпы экономикалық тенденциялар мен құбылыстардың күшті ықпалына ұшырай отырып, дәл сол уақытта өзінің қауіпсіздік мәселелеріне ие, олар аймақтың ерекшеліктерімен анықталады: жағрафиялық орны, климаттық жағдайлары, экономика салаларының құрылымы, тұрғындардың ұлттық құрамы және оның мінез-құлқының мәдени-тарихи дәстүрлері. Қазіргі уақытта мемлекеттің, оның аймақтарының және ұйымдарының, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызмет салаларының экономикалық мүдделерін қорғау әдістері мен тетіктерін қалыптастырудың жаңа тұжырымдамалық әдістерін іздестіру жүргізілуде, ол Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясынан көрінеді.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы аймақтардың даму жағдайын зерттей отырып, оларды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:

  • аймақтық экономиканың мәні мен оның дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасы аймақтарының және зерттеу объектісі ретінде алынған Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму деңгейін бағалау;
  • Қазақстан аймақтарын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәнi болып Қазақстан Республикасындағы аймақтық экономиканы мемлекеттік басқару жүйесінде қалыптасатын қатынастар қарастырылады.

Зерттеу нысаны ретiнде Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасы (Оңтүстік Қазақстан облысы) алынған.

 

 

 

1. Аймақтардың дамуының теориялық негіздері

Аймақтар экономикасы - бұл өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуын ел аумағындағы әлеуметтік экономикалық үрдістерді және оның аймақтарын табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым.

Аймақтар экономикасы ғылымы 20- ғасырдың 50-ші жылдары батыста қалыптасты. Бұл ғылымды ұйымдастырушы белгілі ғалым У.Айзарт, ал аймақтық экономика ғылым ретінде дамуына үлес қосқандар: А.Г.Гранберг, Н.Н.Некрасов, А.И.Добрынин, Э.Б.Алаев, А.С.Новоселов.

Аймақтар экономикасының зерттеу нысанына елдің әлеуметтік экономикалық жүйесінің аумақтық аспектілері ұлттық экономиканың аумақтарының қызметі олардың өзара байланысы және аймақтардың дамуы нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.

Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.

Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар  мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".

Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.

Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз - біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред  Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан. Және де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиететіміздің профессоры Шеденов Ө.Қ және доценті Смагулова Г.С.  зерттеулер жасаған.

Аймақтық экономиканың басты міндеті - бұл аймақтардың экономикалық дамуының бастапқы деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу.

Аймақтар экономикасын зерттеудің келесідей бағыттары бар:

1.Аймақтар  экономикасына әсерлі үрдістерді  зерттеу –аймақтардағы еңбек  бөлінісін, аймақтағы шаруашылықтардың  аумақтық ұйымдастырылуы, экономиканың  құрылымдық өзгертілуі, халықаралық  байланыс және өндіргіш күштердің  жеке аймақтардағы жағдайы.

2.Нарықтық  мамандандырылудың аймақтық ресурстарды  ұтымды пайдалануына әсер етуі  және аймақтық шаруашылық кешендердің  қалыптасуы.

3.Басты  дамытуға қажетті аймақтарды  айқындау.

4.Депрессиялы  аймақтарды анықтау және оларды  дамыту бағдарламаларын даярлау.

Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.

Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап ететін аймақтар. Проблемалық аймақтар саны тым жоғары болмауы тиіс. Өйткені мемлекеттің олардың барлығын қолдауы тым тиімділігі төмен болады.

Әр түрлі ғылыми аймақтық институттардың мамандары көптеген аймақтарды жіктеуді ойлап тапқан. Олардың ішінде өте жиі қолданылатыны өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ұсынылған әдістері.

Аймақтарды жіктеу әдісі негізгі 3 өлшемді қолданады:

1.Аймақтардың  әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.

2.Даму  динамикасы 

3.Табиғи  географиялық жағдайлары.  

Аймақтардың экономикалық дамуын талдау әдістемесі бойынша негізгі 3 типтік проблемалық аймақ ажыратылады;

1.Артта  қалған аймақтар

2.Депрессивтік  аймақтар 

3.Күйзелістік  аймақтар.

Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән белгілері бар:

1.Шаруашылық  жүргізу белсенділігінің төменділігі.

2.Өнеркәсіптерінің  өндірістік құрылымы өзгерістерге  икемсіз.

3.Ғылыми-техникалық  әлеуеті әлсіз.

4.Даму  деңгейі төмен әлеуметтік сферасының  болуы.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.

Сурет1. Қазақстан аймақтарының жіктелу белгілері.

Автормен құрастырылған.

 

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы  аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

  • минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;
  • отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
  • ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
  • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
  • нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді  аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Олардың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
  • ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңатехнология мен техникаларды енгізу және пайдалану,
  • тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік -экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын  ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
  • Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
  • өндіріс қарқынының төмендеуі;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
  • жұмысбастылыққа  қатысты  жағымсыз  тенденциялардың  етек  алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
  • демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.

    Кесте-1. Қазақстан  аймақтарын топтастыру *

Топтар

Сипаттамалары

 

Бірінші топ

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда,  Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы және әлемдік шаруашылыққа  жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар. Бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар.

Екінші топ

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін - өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми өндірістік әлеуетімен сипатталады, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Үшінші топ

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.Бұл аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту алға койылуы керек.

Төртінші топ

Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, яғни әлеуметтік - экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.

*Ескерту: [2] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


 

Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістеріне тоқталып өтейік.

Аумақтық шоғырландыру. Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады. Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің алдында аумақтарды сан-салалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын «халықтың экономикалық тығыздығына» бірте-бірте қол жеткізумен «шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін орналастыруға көшу міндеті тұр. Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады.Полярлық даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы инновациялық-индустриялық технологияларға негізделген экономиканы әртараптандыру жатады.

Урбандалу және агломерацияларды қалыптастыру. Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуын базасы ірі қалаларда нақты даму алғышарттарына ие жаңа экономика болуы тиіс. Бұл ел экономикасының басым салаларында жоғары технологиялық өндірістерге бағдарланған кластерлерді қалыптастыруды және дамытуды, урбандалған өңірлерде шоғырландыра отырып көздейді. Агломерациялық даму қалалардың дамуын жандандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Аумақтардың басты ресурстары қаржылық, адами, инновациялық, табиғи-климаттық, мәдени ресурстар шоғырландырылатын агломерацияларды қолдау осыған ықпал етеді. Агломерациялардың дамуын тежеуші факторға - негізгі әлеуеті елдің оңтүстігінде шоғырландырылған адами ресурстардың шектеулі болуы жатады.

Инновациялық даму. 2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылату болып  табылады.

 

 

 

 

   2. Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының  қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында).

    Қазақстан үшін  экономикалық табыстар мен қоғамдық  игіліктерді қамтамасыз етудің  оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды мәселе.    

 «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты»-деп Елбасы өзінің «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында атап көрсетті.  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, болашақта өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Дәл қазіргі уақытта республикамызда 14 облыс және республикалық 2 маңызды қала бар. Әрбір аймақ өзінің географиялық орналасуына қарай экономикалық және әлеуметтік жағынан ерешеленеді. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік-шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып, көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық үдерістердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланылып,  керекті басқарушылық шешімдерін қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.

        Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп  бүтін экономикалық бірлік құрайды.

     Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.

     Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.

Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады. Жоғарыдағы айтылған барлық өндірістердің, өндіріс әдісі бойынша өңірлердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2011 жылы 27 571 889,0 млн. теңге, 2012 жылы 30 346 958,2 млн. теңгені көрсетсе 2013 жыл 34 140 040,4 млн. тенгені құрады. 

    Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім- жалпы аймақтардағы даму деңгейін және экономикасының артта қалуын немесе ілгерілеуін көрсетеді. (сурет-2)

 

  Сурет2. 2013жылғы жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім.

  

Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша Атырау және Маңғыстау облыстары көш бастап отыр.  Жалпы, өнеркәсіп Атырау және Маңғыстау өңірлерінің экономикасының негізгі саласы болып табылады. Өңірлер өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі.  Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбалар мол. Облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ел экономикасының аршындап алға басуын қамтамасыз етіп отырған басым бағыттардың бірі - мұнай-газ өндірісі болып отырғандықтан бұл өңірлердің даму қарқынын бәсеңдетпей, бұл көрсеткіштенде жоғары етуге мемлекет тарапынан әлі де болса аса көп назар аударуы керек деп ойлаймыз. Маңғыстау және Атырау облыстарының Жалпы өңірлік өнімі бойынша алға шыққандығына байланысты донор-аймақтар қатарында.

    Аймақтың экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геосаяси және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын жандандырады. Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып өткен жылғы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне назар саламыз.

 2014 жылдың қорытындысы бойынша, аймақтардың экономикалық көрсеткіштері көрсетілген (кесте-2)

Кесте-2. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша 2014 жылғы экономикалық көрсеткіштер

 

Халық саны(мың адам)

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық (мың адам)

Жұмыспен қамтылған

Халық (мың адам)

Жұмыссыздар %

Орташа жалақы (%)

Ақмола

736,2

444,2

422,1

5,0

100 826

Ақтөбе

821,6

434,4

413,0

4,9

135 787

Алматы

2013,8

1089,8

1038,7

4,7

102 220

Атырау

580,4

300,1

285,3

4,9

271 922

Батыс Қазақстан

629,4

332,8

316,3

4,9

123 211

Жамбыл

1097,4

565,6

537,8

4,9

94 778

Қарағанды

1377,6

737,6

701,8

4,9

129 193

Қостанай

881,5

529,5

503,3

5,0

111 871

Қызылорда

752,2

362,1

343,9

5,0

118 994

Маңғыстау

605,2

283,4

268,6

5,3

317 860

Оңтүстік Қазақстан

2784,7

1260,4

1193,2

5,3

99 898

Павлодар

755,4

443,2

422,1

4,8

136 436

Солтүстік Қазақстан

572,0

347,0

330,1

4,9

90 905

Шығыс Қазақстан

1395,1

743,6

707,7

4,8

126 215

Астана қ.

850,4

452,8

429,2

5,2

265 335

Алматы қ.

1544,3

810,2

765,7

5,5

202 060

Мәлімет көзі: ҚР Статистика агенттігі

 

 

    Өңірлер бойынша халық санының  көрсеткіші жағынан алғашқы орында  Оңтүстік Қазақстан облысы (2784,7 мың.адам), басқа өңірлердің даму қарқыны баяу. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында басым және де жұмыспен қамтылу жағдайы осы жағдайға бейімделген. Жұмыссыздық деңгейі Республикалық маңызы бар қала Алматы өңірінде 5.5%-бен тіркелген. Маңғыстау облысы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыссыздық деңгейі тең түсіп отыр, ал халқының саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан басым болғанына қарамастан, Маңғыстау облысымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі төмен. Ал, әр аймақтың орташа айлық жалақысы бойынша Атырау облысы мен Маңғыстау облыстарында басқа аймақтарға қарағанда басымырақ. Бұл өңірлерде мұнай өнімдерін өндірумен байланысты аймақ тұрғындарының орташа жалақысы басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары.

Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы бұл мәселені кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға байланысты болады.

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет.

Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына  жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу.

Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Облыс орталығы – Шымкент қаласы, республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 800 жылдан астам. Облыс ауданы 117,3 мың шаршы шақырым немесе республика аймағының 4,3% құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы нарықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы даму жағдайын талдай отырып, өндіріс саласы әлеуетінің дамығанын, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарып келе жатқанын көре аламыз. Халық саны жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы ең ірі аймақ болып келеді, мұнда 2,6 млн.адам (республика халқының 15,7%-ы) тұрады. Бүкіл еліміз үшін облыс стратегиялық маңызға ие, біздің бірегей артықшылықтарымыз – бұл білікті еңбек әлеуеті, барит, көмір, темір және полиметалл кендері, уран, фосфор, бентонитті саз, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс және кварц құмдарының қорлары мол болып табылады. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметін жүзеге асырып келеді, оның ішінде 13-і уран, алтын, гранит, гипс және басқа да шикізаттарды өндіру саласы шетелдік кәсіпорындардың қатысуымен жұмыс атқарады.

Аймақтардың дамуының теориялық негіздері