Қазақстанның экологиялық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Арал теңізінің экологиялық
жағдайы.......................
2. Семей ядролық полигоны......................
3. Каспий теңізінің экологиялық
жағдайы.......................
4. Балқаш көлінің жағдайы.......................
5. Ірі өндіріс орталықтары мен үлкен қалалардың экологиялық жағдайы...........8
6. Еліміздің экологиялық жағдайын
жақсарту шаралары......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Экологияның күрт нашарлап
кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік
әсерінен болып отыр. Атмосферадағы
көмірқышқыл газдардың
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүрді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Экологиялық жағдай күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде шешімі табылмай жатқан өткір тақырыптар ретінде алға қойылуда. Табиғи
қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен.
Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Осы байлықты заңды, әрі тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Су қорларын, қоймаларды сақтау-экологиялық проблеманың ең күрделі саласы екені барамызға мәлім.
Қазіргі уақытта табиғат
және биологиялық орта тұтас алғанда
бүкіл адамзат алдына күрделі
талап қойып отыр.Табиғатты
Арал теңізінің экологиялық жағдайы
Бұл проблеманың тууына себепші
болған — адам әрекеті. Ұзақ жылдар
бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария
мен Сырдарияның суын теңізге
жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді
(мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып
келді. Буланушылық дәрежесі жоғары
болатын шөл зонасында
Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км2 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болып отырған жағдайы бар.
1960 жылға дейін Арал
аймағы қандай болды? Ол КСРО-
Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтары жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады. Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды.
Арал теңізінің болашағы
дүниежүзі халықтарының толғандыруда.
Оның біржола жойылып кетуі
Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес
көптеген Шығыс елдерінің тыныс-
Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің
өздігінен табиғи реттелуін
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Семей ядролық полигоны
Еліміздің тарихындағы ең
қайғылы парақтардың бірі — Семей
ядролық сынақ полигонының
Қазақстандағы сансыз ядролық
зерттеулердің салдарлары әлі де
толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын
Олжас Сүлейменовтың
Дәл осыдан 22 жыл бұын – 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы қабылданып, ядролық қарудан бастарту туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда, бұл бастаманы әлемнің көптеген мемлекеттері қолдап, халықаралық конгрестер, конференциялар мен саммиттер ұйымдастырылуда. Солардың бірі, 2011 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызы күні АҚШ-та өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы.
Бұл сессияда БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун былай деген болатын: «Қазақстан президентінің осынау сынақ алаңын жауып қана қоймай, тұтас өңірде ядролық қарудан таза аймақ құрғанына зор қолдау білдіремін. Оның бұл қадамы біздің ядролық қарусыз әлемді құру ісіміздің ең бірлік іргетасы іспетті. Барлық елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, оның жолымен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын». «Мен кеше Семейде болдым. Ол өңірге жасаған сапарым мен үшін баға жетпес тәжірибе. Семей полигонындағы сынақтар барысында зардап шеккен миллиондаған адамдардың қасіреті мен ондағы экологиялық ахуалдың қиындықтарын суреттеуге тіл жетпейді. Тіпті оны елестетудің өзі аса ауыр. Егер сіздің көрегендігіңізбен басшылығыңыз болмаса кім білсін, қазірде сол миллиондаған адам сол қасіретті бастан өткізіп жатқан боларма еді?
Мен сізге Семей ядролық сынақ алаңын жапқан және Қазақстан аумағында барлық ядролық инфроқұрылымдарды жойған ұлттың басшысы ретінде шексіз ризашылығымды айтқым келеді… Ядролық сынақтарды тоқтатып, ядролық қарудан ада болу қажеттігін әлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде сізден лайық адам жоқ», деді.
БҰҰ-ның Бас хатшысы
Пан Ги Мун мырзаның сөзіне Қазақстан
Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев
былай деп ризашылығын
Н.Ә.Назарбаев өз сөзінің
соңында Бас хатшының осындай
Жоғары деңгейдегі кездесу ұйымдастыру
идеясына ризашылығын айтып, осында
жария етілген ұсыныстар
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Каспий теңізі – жер
шарындағы бірден-бір тұйық су
айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий
теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін
1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км
аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс
бөлігінің климаты
Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.
Каспий теңізінің алып
жатқан географиялық орнына байланысты
(шөл зонасы) еліміздің шаруашылық
саласында атқаратын маңызы өте
зор. Сонымен қатар сол маңдағы
шөлді алапқа ылғал әкелуші су
айдыны ретінде де үлкен рөлі бар.
Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің
салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі
теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты.
Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай
мен газды өндірудің маңызды
экономикалық ауданына айналды. Теңіз
деңгейінің көтерілуіне байланысты
бұл аймақ табиғи апат жағдайына
ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де,
бұл аудандағы табиғат
• экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
• мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
• осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
• аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Балқаш көлінің жағдайы
Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш — Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі — 501мың км2, ұзындығы — 605 км, ені — 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері — 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және
шөл табиғат белдемдерінде
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.
Аталған антропогендік жағдайлар
Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі
нашарлауына Іле өзені бойына
салынған Қапшағай суқоймасы да әсер
етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы
Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай
бөгеті салынды. Оған қосымша Іле
өзенін қоректендіріп отырған Шелек
өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп,
онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды.
Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК)
салынды. Каналдың салынуына байланысты
Шелек өзені Ілеге құюын
Іле – Балқаш алабының ауыл
шаруашылығында барынша пайдалануымен
1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын
судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта
ағысы мен төменгі сағасында
Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала
күріш алқаптары пайда болды.
Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының
табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің
фаунасы мен флорасы зардап шегуде.
Балық аулау соңғы жылдары 5 есе
төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су
қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар
балықтардың Іле бойындағы
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы
өндіріс орындарында суды
2. Қапшағай суқоймасынан
Балқашқа жіберілетін судың
3. Ақдала және Шарын
массивтеріндегі күріш
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы
Ірі өндіріс орталықтары мен үлкен қалалардың экологиялық жағдайы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.
Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту шаралары
Осы жоғарыда көрсетілген
қазіргі Қазақстан
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану –
көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар,
шайынды сулар, пестицидтер,
3. Биологиялық ластану
– ауру қоздырғыш бактериялар
мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар,
шектен тыс көбейіп зиян
4. Эстетикалық зиян –
табиғаттың қайталанбас сұлу
ландшафтарының бүлінуі, орман-
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналадағы қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ
президенті Клинтон атақты
«Қызу әсерінің» салдарынан
болатын климаттың өзгеруі
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық
тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын
бекіту біздің ел үшін халықаралық
инвестицияларды тарту, басқа елдердің
экономикасына активтерді орналастыру
мүмкіндігімен инвестор рөліндегі
бірлескен жүзеге асыру жобаларына
және «таза даму» процестеріне қатысу,
өндірістік энерготиімділігін арттыру
үшін жаңа технологияларды қолдану,
сыртқы энергетикалық рынокта елдің
экономикалық мүдделерін қорғау үшін
көміртегі кредиттерін
Киото хаттамасын біткеннен
кейін нақты жобалар мен іс-
Қорытынды
Табиғатпен қайшылықтың
шиеленісуіне техника, өндіріс қана
кінәлі емес, кінә адамдардың іс-әрекетін
дұрыс басқармаудан, қабілетсіздіктен,
қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан
болып отыр. Табиғатпен тиімді қатынасты
қалыптастыруда адам шешуші фактор болып
табылады. Табиғатты қорғаудағы басты
стратегиялық бағыт-мүмкіндігінше
қалдықсыз технологиялық
Табиғат қорықтары, парктер өсімдік және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы үлкен. Ол үшін көгалдандыру, бау-бақша өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу қает. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі-оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі-экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика бойынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.
Адам мен табиғат арасындағы
қайшылықты шешуді қоғам реттейді,
оның қызметі-адамдардың санасын тәрбиелеу
және олардың өзін қоршаған әлемді
қорғауға бағытталған ынталы жігерін
қолдау. Адам әрекеті нәтижесінде
табиғи кешендердің өзгеруі Адамның
шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне
әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек
пен ақыл ойдың арқасында қоршаған
ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді
де. Сондықтан табиғатты өзгерту
барысында адамзат оның кейінгі
зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат
кешендеріне кері әсер ететін озық
ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ.
Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес,
техникалық жобаларда адамның шаруашылық
әрекетінің әсері есепке алынбаған.
Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын
ескерместен топыраққа
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

- Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
- Қазақстан Республикасында салық жүйесінің құрылуы, даму мәселелері
- Қазақстан Республикасының азаматтық объектілерінің бірі – бағалы қағаздар
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының Жобасы
- Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
- «Қазақ» газетіндегі публицистика
- Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
- Қазақстандағы жануарлар әлемі
- Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы
- Қазақстандағы микрокредиттеу жүйесі
- Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі
- Қазақстан мемлекетінің рәміздері