Бақылау басқару қызметі
КІРІСПЕ
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады
Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Басқару,
менеджментте бірдей категориялар
пайдаланады,яғни бұларға жататын
ұғымдар мынадай – «басқарудың объектісі
мен субъектісің, «олардың арасындағы
тура және кері байланыс», «басқару
жүйесі», «қоршаған орта» .
1.Бақылау- басқару қызметі
1.1Бақылаудың
типтері
Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспар да ойлағандай орындала бермейді. Адамдар да өзіне қатысты құқтар мен міндеттерді қабылдай бермейді. Басшылар адамдарға қойылған мақсатты әрдайым дәлелдеп, түсіндіре алмауы мүмкін.
Ұйымдастыру қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Ұйым басшысы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін анықтауы үшін өз қатесін және қызметшілерінің қатесін байқауы үшін бақылау қажет. Бақылау ұйымы да, қызметкерлерді де шығыннан алдын – ала қорғауы тиіс.
Бақылау қызметі өндіріс процесінің нақты барысын ұдайы бақылаудан, талдаудан, бағалаудан және басқарудың келесі циклінде қажетті іс-әрекеттерді айқындау мақсатында оны белгіленген бағдарлама бойынша жалғастырудан тұрады,
Бақылау- бұл ұйымның өз мақсатына жетуіне қамтамасыз ету процесі . Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау болмаған жерде берекесіздік етек алады, кез келген топтың қызметін біріктіру мүмкін болмайды. Бақылау – ұйымның өмір сүруінің негізгі элементі болып саналады. Бақылаудың қажеттілігі, дүдамалдықтан, көмескі жәйттардан туындайды. Жоспардың жүзеге асуына көптеген жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін. Мәселен, заңдардың, әлеуметтік құндылықтың, технологияның, бәсекелесу жағдайының өзгеруі және қоршаған ортадағы басқа шамалардың өзгеруі жоспардың орындалуына себепші болуына ықтимал.
Басқа бір дүдамал факторға, кез келген ұйымдағы көпшілік жұмыстарды орындайтын адамдар жатады. Жаңа нұсқаулар мен бұйрықтардың енгізілуін, қосымша праволар мен міндеттердің жүктелуін жұмыскерлердің қалай қабылдайтындығын менеджерлер әрдайым дәл біле бермеуі мүмкін.
Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайының пайда болуын алдын ала сақтандыруға да байланысты. Ұйым ішіндегі жағдайды талдаған кезде пайда болатын қателіктер мен проблемаларды дер кезінде түзетіп дұрыс арнаға салмаса кейіннен оны қалпына келтіру қиынға соғатыны сөзсіз.
Бақылау
қызметі – бұл проблеманы айқындауға
мүмкіндік беретін әрі
Бақылауды
жүзеге асырудың қажеттілігінің басты
себептерінің бірі сол, кез келген ұйым
өз қателіктерін дер кезінде
таба білуі, әрі оны ұйымның алдындағы
мақсатына нұқсан келмей тұрып дұрыс арнаға
бағыттай білуі.
1.1Бақылаудың
типтері
Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта- жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі – бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық қанығын жете білетін, соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі көрсете білетін адамдар ған бақылай алады.
Бақылаудың келесі принципі – ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа қызметтерді одан бөлек қарастыруға болмайды.
Тиімді бақылаудың басты принциптері – жүйелік және жан- жақтылық.
Бақылаудағы мақсаттылық та, яғни тексеру барысында тек кемшілікті ашып қана қоймай, сондай – ақ оны жою шараларын қарастырудың зор маңызы бар. Бақылауды күшейту мақсатында кейбір жағдайда қазіргі есептеу техникаларын пайдалана отырып, арнайы жүйе құрылады.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, күнделікті және қорытынды. Бұлардың жүзеге асыру нышаны бір – біріне ұқсас, өйткені көздейтін мақсаттары бірде: нақты алынған нәтижелердің талап етілетін нәтижелерге жетуіне ықпал ету.
Алдын ала бақылай.
Мұндай бақылауды жүзеге асырудың негізгі
құралдары – белгіленген
Адам ресурстары саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндетерін орындауға қажетті кәсіптік білімі мен шеберлігін мұқият талдау және біршама дайындығы мен біліктігі бар адамдарды таңдау арқылы жүргізіледі. Жұмысқа қабылданушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды немесе міндеттерді орындай алатындығына көз жеткізі үшін,жалданушылардың осы саладағы тиісті білім дәрежесін жұмыс стажын айқындап, олардың құжаттары мен мінездемелерін тексеру қажет. Ұйымға білікті жұмыскерлерді тартуда, тұрақтандыруда, оларға еңбек ақысы мен өтемін әділ белгілеудің, сондай – ақ жұмыскерлерді жалдар алдында әңгіме өткізудің зор маңызы бар.
Көптеген
ұйымдарды адам ресурстарын алдын
ала бақылау жұмыскерлерді
Фирмадағы пайдаланып отырған материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда материал сапасының стандартқа сәйкестігі, жаңадан келіп түскен материалдардың жай – күйі, жарамдылығы анықталады.
Қаржы
ресурстарын алдын ала
Күнделікті бақылау. Күнделікті бақылау жұмыс барысында жүзеге асырылады, оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшы. Бағынышты адамдардың жұмысын ұдайы тексеру мақсатында туындаған проблемалар мен ұсыныстарды талқылау белгіленген жоспарлар мен нұсқаулардан ауытқуға жол бермейді.
Күнделікті
бақылау нақты жұмысты
Кері байланыс жүйесі – алынған нәтижелер туралы деректер.
Кері байланыстың қарапайым мысалына басшының қарамағындағы адамның қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы хабарын айтуға болады. Кері байланыс жүйесі басшыға көптеген күтпеген проблемаларды айқындауға, соған сәйкес тиісті шаралар қолдануға, қойылған мақсаттан ауытқуды дер кезінде болдырмауға мүмкіндік береді.
Кері байланыстың барлық жүйесі бірден - бір іргелі элементтерден тұрады, әрі бірден – бір принциптермен жұмыс істейді.
Кері байланыстың барлық жүйесінде:
-мақсаты болад;
-сыртқы ресурстарды пайдаланады;
-сытқы ресурстарды ішкі ресурстарға пайдаланады;
-белгіленген
мақсаттың едәуір ауытқуын
-белгіленген
мақсатқа жету үшін осы
Қорытынды бақылау. Мұның екі маңызды қызметі бар. Бірінші қызметі: егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда, қорытынды бақылау басшыға аппаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыру арқылы басшының жоспардың қаншалықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік болады. Мұның өзі, сонымен қоса, пайда болған проблемалар туралы ақпарат алуға, сөйтіп болашақта мұндай проблемалардан құтылу үшін жаңа жоспар жасауға ықпал етеді.
Қорытында бақылаудың екінші қызметі мотивацияға ықпал етеді. Егер ұйым мотивациялық көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда, әрине, нақты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бақылау қажет.
Сонымен кез келген жобаның және кезеңдегі жұмыстың аяқталу нәтижесін бақылау артқа сондай – ақ зер салудың, әрі келесі сұрақтарға жауап берудің негізі болуы тиіс:
-біз нені үйрендік?
-келесі жолы қалайша басқаша істеуге болады?
-белгіленген межеден ауытқу себебі неде?
-жаңа
мақсатты ойластыру үшін
2.БАҚЫЛАУ СХЕМАСЫ
2.1 Бақылауды мәліметтермен қамтамасыз ету
Бақылаудың процесі үш кезеңнен тұрады: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау, олардың әрқайсысында алуан түрлі шаралар жиынтығыжүзеге асырылады.
Стандартты белгілеу. Бақылауға пайдаланылатын барлық стандарттар ұйымының мақсаты мен стратегиясына орай таңдап алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарт ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың маңызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар уақыт аясының болуымен, сол уақыт аралығында жұмыстың орындалуымен сипатталады, сол жұмыстың орындалу дәрежесін бағалауға болады.
Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер сандық өлшеммен беріледі. Алайда ұйымда сандық өлшемге келмейтін мақсаттар мен міндеттер бар. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал – ахуалы туралы мәлімет алуға болады.
Қол жеткен нәтижені белгіленген стандарттармен салыстыру процесінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер қол жеткен нәтижелердің алдын ала күтетін нәтижелермен сәйкес келуін, ірі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айқындайды.
Бақылаудың осы кезеңінде тиісті баға беріліп, оның тиісті шешім қабылдауға негіз қалайды. Мұндағы мақсат ауытқу ауқымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау.
Жоғары буын басшылары мүмкін болатын ауытқуды, сол арқылы алынған нәтиженің белгіленген нәтижеден ауытқуы қауіп қатер туғызбауы тиіс. Шағын бизнесмендер де солай істеуі мүмкін, алайда оларда ауытқу ауқымы шамалы болады.
Егер нақты нәтижені стандартпен салыстырғанда көздеген мақсатқа жеткені айқындалса, онда ештеңе қолданбауды ұсынады.
Ауытқуы байқалған жағдайда, сол ауытқудың себебі анықталса, онда ұйымды жоспарланған іске қайтару шараларын қолданып, ауытқуды жояды.
Түзету енгізуді бір ішкі ауыспалы факторлардың мәнін жақсарту, басқару қызметін немесе технологиялық процестерді жетілдіру арқылы жүзеге асырады.
Стандарттар
жоспарларға негізделеді, ал мұның
өзі болашақ болжамы ғана болып
саналады.Сондықтан
Бақылаудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін ерекшелік принципі бойынша бақылау тәсілін қолданады, мұндайда стандарттан едәуір ауытқу байқалғанда ғана бақылау жүйесі іске кіріседі.
Нәтижелерді өлшеу бақылаудың қиын да, қымбатқа түсетін элементі.
Ұйымның мақсатына жетуді көздейтін күллі бақылау, кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін өлшем бірліктерін, жылдамдық, жиілік және дәлдік өлшемдерінің қолайлы бірліктерін таңдап алуды қамтамасыз етеді.
Аудиторлық тексерудің және материалдық қорларды түгендеудің кезеңділігі белгіленеді. Бақылау өлшемі үшін компьютерлерді пайдалану мұндай тексеруді жедел, арзан, әрі дәл жүргізуге мүмкіндік береді.
Бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуде мәліметтерді берудің және таратудың зор ролі бар. Бақылау жүйесі тиімді әрекет ету үшін міндетті түрде тиісті жұмыскерлерге белгіленген стандарттарды, қол жеткен нәтижелерді хабарлап отыру қажеттер дәл болуы, уағында келіп түсуі және қажетті шешімдер мен әрекеттер жасау үшін басшыларға дер кезінде беріліп отыруы тиіс. Стандарттар қызметкерлерге барынша түсінікті болсын.
Алынған
нәтижелер туралы мәліметтерді салыстырып
бағалаудың қорытында кезеңінде
менеджер алынған мәліметтерді бағалайды
және алдағы іс-әрекеттері жайлы шншім
қабылдайды.
2.1 Бақылауды мәліметтермен қамтамасыз ету
Басқару қызметіндегі жоспарлау мен бақылау өзара байланысты болуы үшін дер кезінде, нақтылы, дәл берілетін мәліметтер қажет.
Күнделікті, жедел шешімдерді қабылдау үшін бейресми жолмен жиналған мәліметтерді пайдаланады. Ол үшін басшы қол астындағылармен пікірлеседі, әріптестермен және клиенттермен әңгімелеседі, газеттерді және мерзімді басылымдарды оқиды. Сол арқылы ол көптеген пайдалы жәйттарды біледі, алайда осы мәліметтердің өзі тіпті шағын ұйым үшін басқару ісінде шешім қабылдауға жеткіліксіз. Сондықтан да басшы үшін мәліметтерді ресми жолмен жинау және өңдеу қажет болады.
Мәлімет көлемі қабылданатын шешімнің күрделілігіне байланысты, әрі ұйым ұлғайған сайын арта түседі.
Мәлімет тасқыны артуына байланысты тиімді, әрі жедел шешім қабылдау үшін ақпарат – басқару жүйесін ұйымдастыру қажет болды. Ол әкімшілікке шешім қабылдауға қажетті мәлімет беріп отыратын ресми жүйе.
Ақпарат басқару жүйесі ұйым ішінен де, одан тыс та өткен, қазіргі және болашақ істер туралы мәліметтер беріп отыруы тиіс.
Ақпарат – басқару жүйесінің мақсаты жоспарлау, бақылау қызметінің және өндірістік істің тиімді орындалуын жеңілдету.
Бұл
жүйенің маңызды міндеті
Ұйымдарда компьютерлерді кеңінен пайдалану барлық деңгейдегі басшыларға өз қызметінде өте мол мәліметті пайдалануына мүмкіндік берді.
АҚШ – тағы он компанияның тоғызында компьютерлер пайдаланылады.
Бақылау ісінде компьютерлерді пайдалану басшыларға қажетті мәліметтерді беріп қана қоймай, оларға жоспарлы және нақты нәтижелерді салыстыруына, ондағы айырмашылықты дер кезінде байқауына, туындаған проблемаларға өзгеріс енгізуіне жәрдемдеседі.
Ақпарат – басқару жүйесі пайдаланушыларға бейімделуі, яғни олар өңдейтін материалдар соны алатын басшылардың қажетіне жарауы тиіс.
Ақпарат – басқару жүйесін жобалағанда ескертетін жайт, басқарушылардың мәліметті қажетсінуіне түрліше келеді, әрі оның қызметі лауазымдарының бір – біріне бағыну дәрежесіне және қызмет міндеттеріне байланысты.
Энтони басқарушылардың мәліметті қажет етуіндегі өзгешеліктерін зерттей отырып, басқару ісін үш категорияға бөледі.
1.Стратегиялық
жоспарлау – «тұтастай ұйым
мақсатына орай шешім қабылдау
процесі, осы мақсаттарға жету
үшін ресурстарды пайдалану,
2.
Басқару бақылауы – «
3.
Жедел бақылау – «нақты
Іс әрекеттегі осы категориялар жоғарғы, ортаңғы және төменгі буындағы басқарушылардың міндеттеріне шамамен сәйкес келеді.
Ақпарат – басқару жүйесі осы аталған категориядағының әрқайсысының түрліше талаптарына сәйкес келетін мәліметтер беруі тиіс
Жоғары буындағы басшылықтың стратегиялық жоспарлау қызметіне бірінші кезекте ұйым мен қоршаған ортаның арасындағы болашақ қарым – қатынасы жатады.
Жоғары буын басшыларына сыртқы ортадан аланатын мәліметтердің дәл болуы міндетті емес, алайда айқын шекарасы, ой – мақсаты болуы тиіс.
Басшы бақылауы үшін мәлімет жоғарғы және орта буынды басшыларға қажет. Мұндай мәлімет ішкі, сондай – ақ сыртқы көздерден келіп түсуі тиіс. Мәселен, жоғарғы буын басшысына өз компаниясының негізгі бөлімшелерінің жұмысы туралы және бәсекелесуші ұйымның іс- әрекеті туралы мәліметтер қажет.
Орта буын басшылары еңбек өнімділігі, шығындар, айналым және де мүмкін тұтынушылар өзгергені немесе технология саласы туралы мәліметтерді қажет етеді. Мұндай мәліметтер неғұрлым дәйекті, дәл болуы, әрі едәуір қысқа, ең соңғысы болуы, әрі ішкі көздерден келіп түсуі тиіс.
Жедел бақылау үшін мәлімет дәл, қысқа, ең соңғысы болуы, әрі ішкі көздерден келіп түсуі тиіс.
Мәліметті өңдеу әдістеріне сыртқы ортаның өзгермелілігі ықпал етеді. Мәліметті өңдеудің төрт әдісі бар:
Өзін - өзі бақылау – бұл адамдардың өз мәліметтері
Әрекеттестігі – бұл бір немесе бірнеше адамдармен кездесу, сол кезде өзара мәліметтер алмасу.
Қарым – қатынас – бұл хаттар, файл деректеріжәне арнайы ұйымдастырылған зерттеулер.
Талдау – бл сандық модельдер мен шешім қабылдау әдістемелері арқылы мәліметтерді өңдеу.
Өзгермелілігі
мен беймәлімділігі шамал болған
жағдайда көптеген шешімдер бағдарламалануы
және алдын ала белгіленген
Алайда, көптеген шешімдер стандартсыз және беймәлім болатындықтан, олар үшін көптеген орындардан, мәселен, әрекеттесу мен өзін - өзі бақылау арқылы алынатын көп мәліметтер пайдаланылады.
Мұндай мәліметтерді пайдалану қиын болатындқтан басшылар кейбір фактілерге, атап айтқанда, ұйым пікіріне, пікір таласына ресми емес қарым қатынасқа көбірек көңіл бөлуге тура келеді, ал мұның өзі алатын мәліметтердің сапасына да, санына да әсер етеді.
Ақпарат – басқару жүйесін жобалау кезеңдері.
1.Шешім қабылдау жүйесін талдау. Процесс барлық шешім типтерін анықтаудан басталады, ал оларды қабылдау үшін мәліметтер өажет. Мұнда әрбір деңгейдегі қажеттілік пен функциялық салалар ескерілуі тиіс.
2. Мәлімет қажеттілігін талдау. Шешім қабылдау үшін қандай мәлімет қажеттілігін анықтайды
3. Ақпарат – басқару жүйесінің шешімдерін агрегирлеу ұйымдық құрылыммен үйлестірілуі, әрі интегралдануы тиіс.
4.
Мәліметті өңдеу процесін
5.
Бақылау жүйесін жобалау және
қадағалау. Бұл кезеңде
Төменде ақпарат – басқару жүйесінің тиімділігіне ықпал ететін кейбір кеңестер беріледі.
Пайдаланушылардың жүйені жобалауға қатысуы. Ақпарат – басқару жүйесін жобалауды әдетте кеңесшілердің көмегімен мамандар тобы жүзеге асырады.
Ақпарат
– басқару жүйесінің
Шығын критерийі – тиімділік. Ең тәуір жүйе – басқарушы мақсаты үшін шығынды барынша аз жұмсай отырып, қажетті мөлшердегі және сападағы мәліметтерді беретін жүйе.
Ақпарат
– басқару жүйесін пайдалану
құны мамандарға еңбек ақы төлеу
шығындары мен жабдықтық
Қажетті мәліметтерді жинау. Мәліметтердің тым көп болуы да, тым тапшы болуы да шешім қабылдау процесін қиындатады. Ақпарат – басқару жүйесі басшыны оның іс-әрекетіне қажетті мәліметтермен ғана қамтамасыз етуі тиіс.
Ақпарат-басқару
жүйесіндегі жабдықтарда жұмыс
істейтіндер қажетті
Жүйе
деректерін жетілдіру. Ішкі және сыртқы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты жаңа
қажетті мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу
және тарату мақсатында ақпарат – басқару
жүйесін жетілдіру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорыта келетін болсақ әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Бақылау процессі стандарттарды бекітуден, нақты жеткен нәтижелерді өлшеуден және нәтижелер бекітілген стандарттардан ерекшеленген кезде түзетулер енгізуден тұрады.Бақылау өз дамуында өндірістік циклмен сәйкес үздіксіз процесс дедік жоғарыда.
Бақылаудың кеңдігі.Бақылау басқарудың маңызды және күрделі функциясы.Әр бір жетекші міндеттемелердің бөлігі,оны тұрақты түрде жүзеге асыру керек.
Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Герчикова В.Е. «Менеджмент» -М:1998г.
- Қазақстан энциклопедисы
- Оқу-әдістемелік кешен баспа ісі мамандығы үшін; /құраст.: Д. А. Сейдуалин, Д. М. Темирбаева, А. А. Абаев. - Қарағанды : ҚарМУ басп., 2006. - 108 б. - 130.00 тг.

- Бақылау жұмысы
- Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді
- Бала қиялының дамуы
- Балалар бойында пайда болатын стресс
- Балалардағы лейкоздар.Клиникалық синдромдары Медициналық көмектің күтімі және принциптері
- Баланс банка, его содержание и принципы
- Баланс банка и принципы его построения
- Бактериальные удобрения
- Бактерии и гельминты в продукции животноводства
- Бактериологическое (биологическое) оружие
- Бактериологическое (биологическое) оружие, краткая характеристика
- Бактериологическое оружие
- Бактериофаги
- Бакунин и Кропоткин