Менеджмент технологиясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
- Менеджмент
технологиясының негізі мен мазмұны.......................
...................5 - Шешім қабылдау
әдістерінің мінездемесі...................
.............................. ...........8
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндеті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылмаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы, т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.
Қазақстан
экономикасында ақырғы он жылда өткізілген
нарықтық реформалар өндіріс пен
басқару үдіріміне
1
МЕНЕДЖМЕНТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшағы дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшыдық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Басқарудың жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:
- Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
- Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
- Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
- Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
- Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
- Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:
- кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
- ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет;
- сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
- басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
- алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.
Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент және т.б.
Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар, т.б.) басталған кезеңде пайда болды. Басқару практикасы өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Академиялық зерттеу аймақтары сияқты менеджмент жиырмасыншы ғасырдың өнімі.
Ұйымның негізгі ортақ мақсаты – айқын анықтадлған өмір сүру себебі – миссия ретінде байқалады.
Мақсаттар осы миссияны іске асыру үшін анықталынады. Басқарудың алғашқы аттану нүктесі болып басқару мақсатын анықтау, құрастыру, белгілеу есептелінеді.
Мақсаттылық
– бұл басқару жүйесінің
Басқару мақсаты – басқару жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті, нәтижесі оған қол жеткізу үшін басқару объектісінің жұмыс жасауы бағытталынады.
Менеджмент
басқарудың мақсатына адамдардың еңбек
белсенділігін ынта-ықыласы
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісіндегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жету үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысмен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Мененджмент
макро және микроэкономиканың негізгі
қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл
бірыңғай экономикалық пән болып
табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына
айтарлықтай ролді психология, педогогика,
социология, кибернетика және математика
атқарады. Онымен қатар, менеджменттің
өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті
және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты
басқа қолданбалы пәндерді зерттеуге
негіз болып табылады.
2
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ
Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.
Шешім қабылдау процесінің институвтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.
Интуитивтік
шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын
сезуге негізделген таңдау. Мұндайда
шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын
сезуге негізделген таңдау. Мұндайда
шешім қабылдайтын адамдар
Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.
Шешімді
жасау процесі үш негізгі кезеңнен
тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және
жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін
жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің
үлгі схемасы келтірілген:
| Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау | Проблемалар мәселесіп қою | Жинақталған мәліметтерді талдау | Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау | Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау |
Шешімді жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың «Технологиялық» процесінің енгізілу – енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезеңдері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым міндеттерді шешкен кезде аталған кезеңдердің барлығын пайдалану міндетті емес, және де керісінше, біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабыдауға, әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.
Келтірілген кезеңдердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.
Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады – бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.
Проблема
мен мақсат дұрыс тұжырымдалғанжағдайда
міндеттің шешілуі 50 %-ға қамтамасыз
етіледі деп есептеуге болады.
Басшының міндеті – өндірістік-
Басшы
кез келген проблеманы ең алдымен
ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады.
Басшының басқару объектісі
Нақты
мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын
қарастырған кезде басшы
Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-қайшы болуы да мүмкін.
Дұрыс шешімді қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.
Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған нышан бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттердің пікірін таңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.
Шешімдер варианттарын (баламаларын) тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының (баламаларының) болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вариантты ғана ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатындығы да қолданады.
Шешімнің
қолайлы вариантын таңдау. Шешім
варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан
кейін, әр вариантты жеке қарастырады.
Шешім қабылдаудың бұл
Проблеманы жедел шешудің кең таралған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау – «ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәнісі эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешім қабылдау амалдарын қарастыру.
Басқару функцияны зерттеу мен жобалау кезінде осы факторлар қалай ескерілетінін қарастырайық.
«Жүйе ретінде ұйымның мінездемелері» факторы функцияларды өндірістік үрдістер мен өнімдермен жұмыс істейтін негізгі қорларын, ресурстарын басқару бойынша ерекшелеуге мүмкіндік береді. Оларға материалдық-техникалқы, еңбектік, энергетикалық, ақпараттық және басқа да ресурстарды басқару функциялары, сонымен қатар өндірістік үрдістерді басқару – кәсіпорындардың қызметтердің нәтижелелерін басқару жатады.
«Өнімнің тіршілік циклінің сатылары» факторы тіршілік циклінің барлық сатыларында басқару функцияның толық жиынтығын зерттеуін: дайындаушы, өндіретін, жинақтайтын, сынайтын ұйғарады.
«Шешімдерді қабылдау циклі» факторы басқару шешімдердің барлық дайындық сатыларын жазуға болады. Оларға жатады:
- Шешімді дайындау.
- Шешімді бекіту.
- Шешімді енгізу.
- Шешімді енгізу нәтижелерін бағалау.
Шешімді дайындау – бұл шешімнің дұрыстығын негіздеу, құру мен тексеру, олар басқару аппаратымен құрылады және жаңадан дайындаған құжаттар қол қоюмен аяқталады.
Шешімді бекіту – шешімді қабылдау фактіні бекіту. Осы қызметті қабылдаған шешімге жауапты бөлімше немесе ұйым бастығы жүзеге асырады.
Енгізу – басшылардың және орындаушылардың лайықты бұйрықтарын беруімен байланысты қызмет.
Осы сатысында алдында қабылданған басқару шешімдерінің іске асырудан кейінгі алынған нәтиже бағаланады; шешімнің өзі және басқару шешімдерді енгізу нәтижелері бағаланады.
Осымен басқару функцияның құрамын құрастыру реті:
- зерттелетін объектіні таңдау;
- ерекше функция жиынтығын құрастыру;
- зерттеуге жататын нақтылы ерекше функцияны таңдау;
- таңдалған ерекше функция шектеуінде басқарудың жалпы функцияларын қолдану қажеттіліктерін зерттеу;
- басқару шешімдер терминінде нақтылы функцияларды құрастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық нарықтық өатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілік етуді қазіргі заман талаптары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы – менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Менеджментте
батыл шешімге барғысы
Практикада мәні шамалы міндеттер деген сирек болады. Өзінің табиғаты жағынан олар мүмкін болатын, демек, тәуекел міндеттер. Мәлімет жетіспегенде және фактілер айқын болмаған жағдайда басшы түрліше таңдау жасауға тура келеді.
Отандық
және шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей,
іскерлік тәуекел ету, белгілі бір
принциптерге сәйкес әрекет ете білуге
байланысты. Сондықтан да іскер басшылар
батыл шешім қабылдаудан
Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі заңды шешімдерді таңдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.
Менеджмент басқару үрдісінде адамдардың өзара қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.
Менеджменттің әдістемелігі үрдістік, ахуалдық, жүйелі және бағдарламалы-мақсатты тәсілдерге негізделеді:
Үрдістік тәсіл басқаруды негіpгі функцияларды жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау үздіксіз өзара әрекетінің үрдісі ретінде қарастырғанды ұйғарады;
Ахуалдық тәсіл басқаруды жай жағдайда қарай болғанын талап етеді;
Жүйелі
тәсіл саланы тұтас ретінде және
әрбір кәсіпорынды толық жүйе
ретінде қарауға және олардың
іс-қимылының оңтайлы
Бағдарламалы-мақсатты тәсіл мақсаттардың айқын анықталуын, олардың қатарларының лайықты болуын және дәйектілікпен жүруін күні бұрын ескереді.
Басқарудың
заңдылығы – бұл басқару
Басқарудың
принциптері – бұл басқаруды
ұйымдастыруға, оның құрылымына және жүйесіне
қойылатсын негізгі талаптарды анықтайтын
басшылықтың ережесі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Литвак Б. Г. Разработка управленческого решения. Учебник. – М.: Дело, 2003г
- Фатхутдинов Р.А. Разработка управленческого решения. Учебник. – М.: ЗАО Бизнес-школа “Интел-синтез”, 2008г
- Бирман А.Л. Управленческие решения. Учебник. – М.: Дело, 2004г
- Балдин К.В. и др. Управленческие решения. Учебник. – М.: Дело, 2006г
- Лафта Д.К. Управленческие решения. Учебник. – М.: Дело, 2004г

- Менеджмент: тип управления,концепция, профессионализм
- Менеджмент транспортных услуг
- Менеджмент туризма
- Менеджмент түсінігі
- Менеджмент управленческой мысли
- Менеджмент устойчивого развития
- Менеджмент у ХХІ столітті
- Менеджмент России
- Менеджмент, степ факторы
- Менеджмент. Стратегическое планирование
- Менеджмент: сущность и основные категории
- Менеджмент: сущность и понятия, наука об управлении людьми
- Менеджмент: сущность и содержание. Менеджмент как вид деятельности
- Менеджмент США