Қызмет етуді сертификаттау

 

                              Қызмет етуді сертификаттау 

 

    Қазақстан  Республикасы Дүниежүзілік ұйымына  /әрі қарай ДСУ/ кіруге әзірлік  жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет  саудасының Бас келісіміне /ҚСБК/ қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвистицияның бір елден бір  елге еркін жүруіне кедергі  жасамайды. Бас келісім бағалы  қағаздар, көлік түрлері, телекоммунация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім,  медициналық қызметтер т.б. қызмет  ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге  қол қойған ел, қатысушы елдерге  өз рыногында ең қолайлы жағдайлар  жасауға тиіс, оның ішінде, сауда  тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің  анықтығы т.с.с. Қызмет етуді  сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа  нақты стандарт талабы болуын  қажет етеді. Республикада қалыптасқан  тұрмыстық қызмет етудің ішінде  – шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.

    Аталған  қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды  талап етеді.

    Қызмет  етудің қауіпсіздігіне байланысты  басты міндеті бірнеше сатыларға  бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай  сертификаттау құрылымы да өзгеріп  отырады. Мысалы, шаштараз қызмет  ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын  химикаттар т.б. заттар адам  өміріне қауіпсіз болуы керек.  Осындай көрсеткіштер автокөлік,  киім тазарту т.с.с. қызмет етуде  де орындалуы қажет.

    Қазақстан  Республикасында қызмет етуді  сертификаттау автокөліктерге техникалық  қызмет көрсету және өңдеу  /ҚР Е 3.24-94/, химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа қалыптасып келеді.

    Қызмет  етуді сертификаттау жүйесінің  принципі, өнімдерді сертификаттау  жүйесімен бірдей /міндеттілігі  және өз еркімен, үшінші жақтың  қатынасуы, сертификаттау органын  аккредитациялау, сәйкестік сертификатын  беру т.б./. Сонымен қатар қазмет  етуді сертификаттаудың өзіндік  ерекшелігі де бар, қызмет ету  барысында орындаушы мен тұтынушының  қарым-қатынасы, тұтынушыға көрсетілген қызметтің әсері, уақыты, сапасы т.б.

    Қызмет  ету жұмысын салыстырмалы түрде  материалды емес /қасиетінің өзгеруі,  жасауы, т.б./ және моральдық-психологиялық, рухына әсер ету деп екіге бөлуге болады.

    Қызмет  етуді сертификаттау құрылымына  мына жұмыстарды қосуға болады:

          -  материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;

          -  көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;

          -  қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;

          -  қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;

          -  қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;

          -   инспекциялық бақылау.

    Қызмет  етуді сертификаттау құрылымы  негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызмет етудің үрдісін,  кәсіпорынды аттестациялау, сапа  жүйесін сертификаттау, қызмет  етудің нәтижесін қалауынша тексеруден  тұратындай етіп алуға болады. Ал инспекциялық бақылауды қызмет  ету нәтижесін бағалау, технологиялық  бағалау, үрдістің тұрақтылығын  тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты  таңдап алынады.

    Қызмет  етудің материалдық түрін сертификаттағанда  орындаушының кәсіптік деңгейін  аттестациялау /шағын кәсіпорындар  және кәсіпкерлерді/ қызмет ету  үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін  сертификаттау және осы аталған  көрсеткіштерді инспекциялық бақылау  арқала жүргізіледі.

    Қазақстан  Республикасында қызмет етуді  сертификаттауды мемлекет деңгейінде  заң, ережелер, негіз болатын стандарттар,  классификаторлар пайдаланылады.  ҚРСТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады.

    Міндетті  сертификаттауда пайдаланылатын  құжаттарда адамның денсаулығы  мен өміріне қауіпсіздік нормасы,  экологиялық параметрлері, қызмет  ету тәсілі, технологиялық үрдістің  орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету  тәсілдерінің талаптары көрсетілуі  тиіс.

    Сертификаттау  жүйесінде қызмет етуді инспекциялық  бақылауды сертификаттау органы  немесе эксперт-аудитор жүргізеді.

 

 

Қазақстан Республикасы территориясында өндірілетін, сатып алынатын және әкелінетін бірінші  кезекте міндетті сертификаттауға  жататын біртекті өнім /жұмыс, қызмет/ топтарының тізімі.

      Балалар тауарлары, ішетін су

      Тағамдық өнімдер, ауыл шаруашылығы  өндірісінің және азық өндірісінің  өнімдері

      Медициналық техника

      Емдік препараттар мен өсімдіктер

      Терімен, тағамдық өнімдермен  және ішетін сумен байланысатын  халық тұтынатын тауарлар

      Жанармай шикізаты

      Тұрмыстық химия тауарлары

      Парфюмерия, косметика

      Улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар

      Тұрмыстық машина жасау және  құралдар жасайтын өнімдер

      Ауыл шаруашылығы техникасы

      Жол және құрылыс машиналары

      Жекелей қорғау құралдары

      Электромагниттік үйлесімдер және  қауіпсіздігін сынайтын электротехникалық,  радиотехникалық, электрондық бұйымдар

      Құрылыс материалдары мен конструкциялар

      Байланыс құралдары

      Өрт жарылыс қауіптілігі бар  заттар, материалдар және бұйымдар

      Әуе құралдары, олардың құрамындағы  бөлшектер және әуежай көліктерін  пайдалану

      Азаматтық су кемелері, өзен және  кіші кемелер, кеме салқындатқыш  қондырғылар, жүк көтергіш қондырғылар  мен контейнерлер, материалдар мен  бұйымдар, кеме жасауда пайдаланатын  жылжымалы құрылымдар, қуат, сигнал  және байналыс қондырғылары.

      Автокөліктер

      Тау-кен шахтасының қондырғылары, рудалық электр бұйымдары, жарылыс жұмыстары үшін жарылғыш материалдары мен қондырғылары, қысым ыдыстары мен жүк көтеретін машиналар.

    

                       Тауарды тегін сертификаттау

    Тауардың  тегінің сертификаты – аталған тауардың өндірілген елін көрсететін құжат.

    Тегінің  сертификаты кедендік территориядан  шығару үшін емес ол:

                     - кіретін кедендік салықты төмендету үшін қажет;

                     - тауар шындық түрде аталған елде өндірілгені туралы   

              кәләндіру үшін қажет.

     Тегінің сертификатын жасау үшін  – Қазақстан Республикасының  өкілетті органдары ғана тауардың  осы елде өндірілетін растауы,  Қазақстан территориясынан тікелей  жөнелтілгені туралы құжаттар  қажет. Тегі туралы сертификат  бір шетке шығарушының жіберген  тауардың бір партиясына, бір  тауар-тасымалдау және бір есеп-фактура құжаттарына беріледі. Жарамдылық мерзімі 10 ай. Әрбір сертификат сараптау актысымен негізделеді.

    Тегі  сертификатының түрлері.

    СТ-1 СТ – ТМД елдеріне беріледі. Жалпы форма – барлық елдерге беріледі.

    Тегінің  сертификатын алу үшін қажетті  құжаттар.

    1. Фирманың Қазақстанда тіркелгендігін және коммерциялық қызметпен растайтыны туралы құжаттар.
    2. Тауар – жолдамасы.
    3. Экспорт және импорт жасау шарты.
    4. Тауар-тасымал құжаты.
    5. Есеп-фактура.
    6. Қазақстанда жасалғанын растайтын құжат.
    7. Өнім паспорты.
    8. Өнімнің сипаты.
    9. Пайдалану нұсқауы.
    10. Сәйкестік сертификаты.
    11. Өнімнің сызылымы.
    12. Техникалық шарт.
    13. Технологиялық үрдістің қысқаша жазбасы.
    14. Тауарды дайындаушыдан алғаны туралы құжат.
    15. Шеттен келтіруші мен кетірушінің шарты.
    16. Алдын-ала төлем жөніндегі есеп немесе құжаты.

   

  Сараптау актысын жасау және тегінің сертификатын негіздеу  

    Сараптау  актісін қолдан жазуға болады. Сараптау актісі /міндетті түрде  бірінші данасы/ қолға беріледі.

 

 

   

  1. Жіберуші_________________

                       /атауы, мекен жайы, елі/

  1. Алушы____________________

                    /атауы, мекен жайы, елі/

  1. Көлік түрі және бағдары
  2. Тегінің елі

Түп нұсқа және

Тегінің сертификаты

Қазақстан Республикасы берген

 

 

4-15.Қызметтік белгі үшін

6. Қосымша мәліметтер

     ?

  8. Тауардың сипаты

9. Орын саны және орам түрі

10. Жалпы салмағы немесе басқа саны

     11. Куәлік

            Осымен шеттен келтірушінің декларациясы  дұрыстығын куәләндірген

 

 

 

     

 

             Өкілетті адамның

 

             Орны, уақыты, қолы

12. Шеттен декларациясы. Төмендегі қол қоюшылар көрсеткен мәліметтер шындыққа сай келеді, сертификатталған тауар 5-те көрсетілгендей елде шыққан, тауар экспорттық____ шеттен жіберуші           шығады

 

Шеттен келтіру ұйымының өкілетті адамы

 

           Орны, уақыты, мөрі, қолы


 

                   Сапа жүйесін және өндірісті  сертификаттау

 

    Сапа  жүйесін және өдірісті /ҚР БҚ  50 3.4-94/ сертификаттау,экономикалық және басқа жағдайларға байланысты туып отыр. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау нәтижесі мынандай жағдайда олданылуы мүмкін:

    -өнімді сертификаттауда;

    -жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда;

    -мемлекеттік органдардың мемлекет тапсырыстарын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда;

    -банк ұйымдарының кәсіпорынды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтауда;

    -сақтандыру ұйымдарының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтағанда;

    -басқа жағдайларында, кәсіпорынның тұрақты қажетті деңгейдегі өнімді шығара алатындығын дәлелдегенде.

    Сапа  жүйесін және өнеркәсіпті сертификаттау  жұмысы Қазақстан Республикасы  мемлекеттік сертификаттау жүйесінің  әрі қарай /ҚР МСЖ/ сапа жүйесін  және өндірісті сертификаттау  органы /әрі қарай сертификаттау  органы/, ол болмаған жағдайда  ҚР мемстандарт комитетінің өкілетті  органы жүргізеді.

    Өндірісті  сертификаттау жұмысы, өнімге таралатын  нормалық құжаттардың талабы  бойынша, сертификаттаған дайындаушы  кәсіпорынның тұрақты өнім шығаруды  қамтамасыз етуіне, техникалық және  ұйымдастырушылық мүмкіндігі бар  екендігіне көз жеткізеді және  бағалайды.

    Сапа  жүйесін сертификаттау дайындаушы  кәсіпорынның МЕМСТ 40.9001-40.9003 /ИСО 9001 – ИСО 9003/ талаптарына сай, сапа жүйесін анықтау және бағалау.

    Сапа  жүйесін және өндірісті сертификаттаудың  негізгі принциптері: өз еріктілігі  және құпиялылығы, міндеттілігі, бағалаудың объективтілігі, бағалау  нәтижесін жаңғырта алу. Өз  еріктілігі – дайындаушы-кәсіпорынның ынтасымен келісім түрде өнімді міндетті сертификаттаудың 5,6 құрылымы бойынша /ҚР СТ 3.4-94, В қосымшасы/ жүргізіледі.

    Бағалау  объективтілігі – сертификаттауды жүргізетін органның және эксперт-аудиторлардың осы кәсіпорынды сертификаттауда өтініш берушіден де, басқа жақтан да тәуелсіздігін қамтамасыз етуінен және сертификаттайтын эксперт-аудиторлардың жетіктілігінен болады.

    Бағалау  нәтижесін жаңғырта алушылығы  – тексеру тәсілі және өндірістің сапа жүйесін бағалау, бірдей тәсілмен жүргізуімен және толық бірлестірген талаптармен бағалауды, шынайы мәліметтерді есептеуді ұйымдастырып, құжаттарды дұрыс сақтауды қамтамасыз етуден.

    Сертификаттау  кезінде алынған коммерциялық  құпиясы бар кәсіпорын туралы  мәлімет, сертификаттау органының  құжаттары, эксперт-аудиторлардың жұмыс құралдары, құпиялық талаптарына кіреді.

    Сапа  жүйесін сертификаттағанда және  инспекциялық бағалауда, бағалау  объектісі – кәсіпорынның таңдап  алған үлгісі бойынша, МЕМСТ  40.9001 – МЕМСТ 40.9003 /ИСО  9001- ИСО 9003/ талаптарына сәйкес сапаны қамтамасыз ететін және басқа жұмыстарға, белгіленген талаптар бойынша, сертификатталған өнімнің сапасын тұрақты ұстап тұратындай кәсіпорынның жағдайы мен өнімнің сапасы.

    Өндірісті  сертификаттағанда бағалау объектісі  болып, өнімді сертификаттағанда  бақылайтың өндіріс элементтерінің  сипаттамасы және өнім сапасы /әрбір деректерден/.

    Өндірісті сертификаттау тәртібі.

    Өндірісті  сертификаттауды мынандай тәртіппен  жүргізеді:

    - сертификаттауды өткізуге сұраным беру;

    - алдын ала бағалау;

    - сертификаттаукдың тәсілін құрастыру;

    - тексеру жүргізу;

    - сертификат беру;

    - сертификатталған өндірісті инспекциялық бағалау.

    Сұраным  /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша А/ мүдделі кәсіпорын сертификаттау органына береді. Сұраныммен бірге негізгі мәлмет /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша А/, толтырылған сұрақ – анкета /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша В/, өндірісті алдын-ала бағалау үшін төлем қағазы беріледі.

    Алдын-ала бағалау сұранымды алған күннен бастап бір ай ішінде аттестатталған эксперт-аудиторлар жүргізеді. Топ құрамына технология сапасын бақылау және сынақ жүргізуде жеткілікті тәжірибесі бар, сертификаттау органының аттестацияланған эксперт-аудиторлар кіреді, қажет болған жағдайда, басқа ұйымдардың мамандары да шақырылуы мүмкін. Топ құрамына кәсіпорынның адамын кіргізуге болмайды.

    Алдын-ала бағалауға кәсіпорын берген материалдарды сараптау және бағалауға, кәсіпорынның сертификаттау өткізуге дайындығы туралы тұжырымы кіреді. Сараптау және бағалау, негізгі материалдарды, сертификаттайтын өндірістің өндіретін өнімге нормалық құжаттар талабын, сертификаттау тәсілінің талаптарын талдау және өнім сапасы жөнінде тәуелсіз жерден мәліметтер алу арқылы жүргізіледі.

    Алдын-ала бағалау тұжырымы кәсіпорынға жіберіледі, онда ағалауды әрі қарай жалғастыру немесе байқалған кемшіліктер көрсетіледі.

    Өндірісті  сертификаттау тәсілі /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша В/ келтірілген тәртіптер мен талаптардың бірдейлігі, тәсілдер мен талаптардың дәлелдегі, алынған нәтиженің жаңғырғыштығы, тексеру тәсілінің аңықтығы, жасылынатын жұмыстар мен тексеру ережелерінің мазмұнының толықтығын қамтиды.

    Тексеруді,  өндірісті, сертификаттау органы  бекіткен комиссия жүргізеді.  Өндіріс басшылығы комиссия келген  кезде жиналыс өткізіп, онда: тексерудің  мақсаты мен міндетін түсіндіреді,  тексеру бағдарламасын талқылайды  және комиссия мен өндіріс  жұмыскерлерінің арасындағы өзара  тәртіпті бекітеді. Тексеру бағдарламасына  тексеру мақсаты мен аумағы, комиссия  мүшелерінің тізімі, тексерілетін  құрылым атаулары, тексерілетін  сапа жүйесі мен өндіріс жүйесінің  атаулары, өнім сапасы туралы  мәлімет көздері, тексеру аумағында  өндірісте жауап бекітушілердің  тізімі, жеке құрылымдарда тексеру  жүргізу үшін комиссия мүшелерінің  міндетін бөлу, тексеру жұмыстарын  өткізу кезеңінің уақыты кіреді.

    Тексеру  нәтижесі бойынша акт /ҚР БҚ  50 3.4-94 қосымша Д/ жасылынады. Актіде өндірістің өнім сапасын тұрақты қамтамасыз ете алатындығы және өндірістің талаптарға сай /сай емес/ екендігі туралы қорытынды көрсетіледі. Комиссия бір ай мерзімде акт жасап, өндіріске жібереді.

    Тексеру  нәтижесінде оң шешім қабылданса, өндіріске сәйкестік сертификатын /ҚР БҚ  50 3.4-94 қосымша Е/ жасап, ҚР МСЖ Реестіріне тіркеп, дайындаушы - өндіріске сертификат беріледі.

    Сертификаттың  мерзімі сертификаттау органымен  бекітіледі, ол 3 жылдан аспауы тиіс.

    Өндірісті  сертификаттау нәтижесімен келіспеушілік  жағдайда кәсіпорын бір ай  мерзімде сертификаттау органының  шағымарыз комиссиясына шағым-арыз беруге құқықты. Егер кәсіпорын сертификаттау органының шағым-арыз комиссиясының шешімімен келіспесе, Мемстандарт Комитетінің шағым арыз комиссиясына шағым-арыз беруіне болады. Мемстандарт Комитетінің шағым-арыз комиссиясының шешімі –соңғы шешім болып есептеледі.

    Сертификатталған  өндірісті, инспекциялық бақылауды  сертификат берген орган жүргізеді,  қажет болған жағдайда оның  өкілетті инспекциялық бақылау  органы үргізуі мүмкін. Инспекциялық  бақылау тәсілі, сертификат берген  сертификаттау органымен бекітіледі. Бақылау нәтижесі бойынша акт  жасалады, онда бақылау объектісі  және осы объектілердің жағдайы  көсетіледі.

    Тексеру  теріс нәтиже берсе, акт сертификат  берген органға және ҚР Мемстандарт  тКомитетіне жіберіледі. ҚР Мемстандарт  Комитеті сертификат берген органның  берген құжаттары бойынша өндірісті  сертификаттау күшін тоқтатуы  мүмкін.

    Сертификат  күші мынандай жағдайда тоқтатылуы  мүмкін:

    • өнім нормалық құжаттарға сәйкес болмаған жағдайда;
    • өнімді жасау технологиясы өзгеріп, ол өнім сапасын төмендетуге соқтырған жағдайда;

    Сертификат  күшін ұзарту туралы шешім,  сертификат 3 ай бұрын берілген сұраным бойынша, тексеруден кейін беріледі.

 

                        Сапа жүйесін сертификаттау тәртібі

    Сапа  жүйесін сертификаттағысы келген  кәсіпорын Қазақстан Республикасы  МСЖ аккредитацияланған органға  сұраныс /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша Ж/ береді. Сұраныспен бірге негізгі мәліметтерді /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша К/ алдын-ала сапа жүйесін тексергені жөніндегі толтырылған анкета-сұрақ және өндіріс сапасының нұсқауы жіберіледі.

    Сапа  жүйесін сертификаттау мына кезендерден  тұрады: бірінші – сапа жүйесін алдын-ала бағалау; екінші – соңғы тексеру және сапа жүйесін бағалау; үшінші – тексеру нәтижесін қарау және сертификат беру;

Төртінші  – сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық тексеру.

    Сапа  жүйесін алдын-ала бағалау, жүйені сертификаттаудың қажет не қажет еместігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Сертификаттау органы бас эксперт-аудиторды тағайындайды, ол эксперт-аудитордан білікті мамандардан комиссия құрады. Комиссия құрамына өтініш беруші кәсіпорынның немесе сертификаттау нәтижесіне мүдделі адамдарды кіргізуге болмайды. Алдын-ала бағалау жұмысының төлем ақысы өтініш берген кезде жүргізіледі.

    Комиссия, тапсырылған құжаттарды кәсіпорынның  сапа жүйесі үшін таңдап мемлекетаралық, халықаралық құжаттарын, тәуелсіз  жерлерден алынған сапа туралы  мәліметтерді есептей отырып  талдайды. Қажет болған жағдайда, комиссия қосымша мәліметтер  жинау үшін өзінің өкілетті  адамын кәсіпорынға жіберуге  құқылы.

    Алдын-ала бағалау, комиссияның жазбаша түрде қорытынды шығаруымен аяқталады. Қорытындының бір данасы өтініш жасаушы кәсіпорынға жіберіледі. Оң шешім қабылданған жағдайда, сертификаттау органы соңғы тексеруді жүргізу үшін кәсіпорынға шарт жібереді.

    Теріс  шешім қабылдаған кезде, тексерілген  сапа жүйесінің МЕМСТ 40.9001-40.9003 /ИСО 9001-ИСО 9003/ стандарт талаптарына сай еместігі туралы негізделген қорытынды жіберіледі.

    Соңғы  тексеру және сапа жүйесін  бағалау үшін, комиссия тексеру  бағдарламасын жасайды. Тексеру  бағдарламасында тексерудің мақсаты  мен аумағы, комиссия мүшелерінің  тізімі, тексерудің уақыты мен  орны, кәсіпорынның тексерілетін  құрылымы, тексерілетін сапа жүйесінің  және өндірістің элементтері,  өнім сапасы туралы басқа жерлерден  алынған мәліметтер, комиссия мүшелерінің  тексеру кезіндегі атқаратын  міндеттері, тексеру бағдарламасын  іске асыру үшін жасалған жұмыс  бағдарламасы кіреді.

    Тексеру  жүргізу мына жұмыстардан тұрады: алдын-ала жиналыс жасау, тексеру өткізу, қорытынды жиналыс,тексеру жөніндегі есеп. Алдын-ала жиналыста комиссия өзінің құрамымен, тексеру бағдарламасымен, кәсіпорын жұмыскерерімен тексерушілердің ресми қарым-қатынасымен және қорытынды жиналыстың уақытымен таныстырады.

    Тексеру  өткізу үшін комиссия:

    1/ кәсіпорынды тексереді,

    2/ алынған материалдарды талдайды,

    3/ соңғы жиналыс өткізу үшін  алдын-ала қорытынды жасайды.

    Тексеру-сұрау, құжаттарды зерттеу, тексеру учаскесін қадағалау т.с.с. жұмыстар арқылы жүреді. Алынған мәліметтер басқа жерлерден алынған мәліметтермен салыстырылады.

    Нақты  алынған материалды талдау жұмысы  сапа жүйесінің мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар, нормалық  құжаттарға сәйкес /сәйкес емес/ екендігін, өндірістің тұрақты  түрде белгілі сападағы өнім  шығаруға мүмкіндігін анықтайды.

    Талдау  нәтижесін пайдаланып, сапа жүйесінің  стандарт талабына, тұрақты түрде  сапалы шығаруға, өнім сапасы  нормалық құжаттардың және тұтынушылардың  талабына сәйкес /сәйкес емес/ екендігі  туралы қорытынды дайындайды.

    Қорытынды  жиналыста тексерілген кәсіпорын  басшыларына байқалған кемшіліктер  жөнінде ескертулер жасалынады.

    Тексеру  және сапа жүйесін бағалау  нәтижесінде есеп /ҚР БҚ 503.4-94 қосымша Л/ жасалады. Есепте тексерілген кәсіпорынның атауы және адресі, сертификаттау органының атауы, жасаған күні, тексерудің міндеті мен мақсаты, тексеру бағдарламасы туралы мәлімет, тексеруге қатысқан комиссия мүшелері және шақырылған мамандар, тексеруге пайдаланған нормалық құжаттар, /пайдаланған нормалық құжаттар/, тексеру барысында байқалған кемшіліктер /сәйкес еместік/, сапа жүйесінің мемлекетаралық, халықаралық стандрттардың талабына сәйкестігі /сәйкес емес/ туралы комиссия қорытындысы, жүйенің сапа аумағында қойылған міндеттерге жете алу мүмкіндігі және есепті жіберетін ұйымдардың тізімі келтіріледі.

    Есеп  бір ай ішінде жасалып өтініш  берушіге жіберіледі.

    Сапа  жүйесін тексеру нәтижесінде  мынандай қорытынды шығарылады:

    - Жүйе стандарт, нормалық құжаттар талабына толық сәйкес /1-түр/;

    - Жүйе негізінен стандарт, нормалық құжаттар талабына сәйкес, бірақ жүйенің кейбір элементтері бойынша сәйкес емес /2-түр/;

    - Жүйе көп мөлшерде стандарт, нормалық құжаттар талабына сәйкес емес кемшіліктерді жоюға ұзақ уақыт қажет /3-түр/.

    Тексеру  нәтижесінде оң шешім /1-түр/ алынған сапа жүйесіне сертификат беруге шешім қабылданады.

    2-түрдегі шешім қабылданған кезде, кәсіпорын 6 ай ішінде көрсетілген кемшілікті жойып өтініш беруге құқықты. Бұндай жағдайда, тексеру қысқартылған құрылыммен, яғни кемшіліктер байқалған элементтер бойынша жүргізіледі.

    3-түрдегі шешім қабылданса, сапа жүйесі кемшіліктерді жойғаннан кейін толығымен қайта қаралады.

    Оң  шешім қабылданғаннан кейін, сертификаттау  органы сертификат /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша  М/ дайындайды. Сертификат нөмірін  ҚР МСЖ Реестріне тіркеп, сертификатты  кәсіпорынға тапсырады.

    Сертификаттың  жарамдылық мерзімін сертификаттау  органы бекітеді, бірақ 3 жыл мерзімнен артық емес. Сапа жүйесін сртификаттауда тексеру нәтижесімен келіспеушілік жағдайда, кәсіпорын бір ай ішінде сертификаттау органының шағым-арыз комиссиясына, ал онымен келіспегенде ҚР Мемстандарт Комитетінің шағым-арыз комиссиясына шағым-арыз беруіне құқты. ҚР Мемтандарт Комитетінің шағым-арыз комиссиясының шешімі, соңғы шешім олып табылады.

    Сертификатталған  сапа жүйесін сертификаттың жарамды  мерзімі ішінде инспекциялық  бақылау жүргізеді. Бақылау кезеңін  сертификаттау органыбекітеді, бірақ,  жылына 1 реттен аз емес.

    Егер  сертификатталған сапа жүйесінде  инспекциялық бақылау барысында  кемшіліктер байқалған болса,  онда сертификаттау органы жүйені  уақытына немесе толығымен тоқтатуға  құқты.

 

                            Экологиялық сертификаттау

 

    Экологиялық  сертификаттаудың мақсаты өнім  өндірушілердің қоршаған ортаға, табиғатқа, тұтынушыларға, олардың  өмірі мен денсаулығына, мүлкіне  жәнек өмір сүретін ортасына  аз түрде зиян келтіру керек.

    Көпшілік  өнімдер үшін өкологиялық сертификаттау  және белгісі бәсекелестіктің  көрсеткіші ретінде пайдаланады.

    Қазақстан  Республикасы экологиялық қиындықтарға  көп ұшыраған аймақ ретінде,  экологиялық сертификаттауды үш  топқа бөлуге болады.

    • Қазақстан Республикасының заңарына байланысты өнім, үрдіс, жұмыс, қызмет етуге, экологиялық талаптарды мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес келтіру;
    • сертификаттау ережесінің жүйесінің ережесі бойынша экологиялық ерекшклігіне сәйкес сертификаттауға жатпайтын объектілер.
    • қоршаған орта, оған сертификаттау жұмысының нормалық құжаттары жасалмаған болса.