Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
1 Қытай медитациясының құпиялары.....................
2 Дзэн-буддизмнің негіздері. Дайсэцу Тайтаро
Судзуки.......................
2.1 Дзэн деген не?...........................
2.2 Дзэн-буддизм..................
2.3 Дзэн-буддизм – бас тарту деген сөз...........................
2.4 Дзэндегі адами құндылық......................
2.5 Мәңгілік тұрғысынан өмір
сүру..........................
3 Қазіргі өркениет және дзэн. Косё Утияма-роси...................
3.1 Жұбатушы діндердің күні өткен – дегенмен де.......................13
3.2 «Мен»-ді өзімде бекіту........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.
Дегенмен сол даму үдресінде тепе-теңдіктен гөрі, не басым, не кем түсіп жатқан бағыттардың алмағайып түсуі заманының шындығына айналуда. Бұл бағыттардың бір сарасы Шығыстың Батысқа, ал келесі сарасы Батыстың Шығысқа иегін бұруы басым келуі куә. Бұл заңды да құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар және болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және батыстық, керісінше батыстық және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуімізге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі бастаулардың – Шығыс пен Батыстың бірін бірі толықтырылуына негізделеді»,-деуі себеп / 1 /.
Батыс пен Шығысты мәдени екі тұма ретінде қарастыра отырып, зерттеуші қауым ортақ бір қағидаға тоқталады / 2 /. Ол Батыс пен Шығыстың адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі өмір сүру ұстанымы екендігі. Шын мәнінде, олар бір-бірінен рухани да, материалдық да құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы екі әлемді тұтас бір өркениет ретінде қарастыруға болады.
Тарихқа үңілсек жаңаға ұмтылған, ескіні қызметі кәдеге жарап болған дүние ретінде қарастырған Батыс өте қарқынды дамыса, ал әлемнің дамуын бақылаушы ретінде қарастырған, табиғат пен бүткіл табиғи әлемді қадірлеген әрі өмірдің даму мәнінен үйлесімділік іздеген Шығыс асыға қоймады.
Сонымен, Батыс пен Шығыстың мәдени әлемін ерекшелейтін, оларды бір-бірінен ерекшелейтін нендей өзгешеліктер бар. Олардың мәдени, өркениеттік дамуы, әлеуметтік-экономикалық құрылымы, саяси өмірінің қалыптасуы, рухани жаңғыруы жолындағы басты ерекшеліктер қандай?
Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады. Мәселен Күн Шығыс елі – Жапония тұрақты экономикасы мен саяси құрылымен әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі – Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде. Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген рухани құндылықтардың өркендеуімен ерекшеленуде / 3 /.
Батыс пен Шығыстың арасындағы айырмашылық психологиялық тұрғыдан, екі өркениеттің менталитеті тұрғысынан алғанда байқалатыны рас. Еуропалық пен күншығыстық философиясы түрліше. Бұған олардың табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарасы мен қарым-қатынасы куә. Оған еуропалықтың табиғат «ғибадат тұтушы емес шеберхана» ретінде таныса, ал шығыстық тұлға табиғатты өзімен бірге «тұтас әлем» ретінде қарастырады.
Дегенмен осы екі өркениет, екі мәдениет арасындағы айырмашылықтар жігі анық бола тұра олардың қайсысы үздік деген сұраққа жауап іздестіру артық болар еді. Өйткені екі өркениет жер шарының екі жартысы сияқты, полярлық әлемнің өзіндей бірін-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес тұтастық әлемі. Осы күнге дейін айтып келген Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықтар мен бәсекелестік қазіргі жаһандану әлемінде тұтастанып, үйлесімдік пен бірлікте дамуы белең алуда. Сондықтан бүгінгі адамзатқа ортақ әлемді Батыстың да, Шығыстың да парасатты, дарынды, өнерлі тұлғалары өркениетті дүниеге айналдыруда.
Дзэн буддизм - діни философиялық ілім. Буддизм таралғаннан кейін Жапонияда осы атаумен белгілі.
Қытайда будда дінінің идеялары б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бұл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.
Кез келген нәрсені түсіну үшін мәселенің мәнісіне бару қажет болады. Осыған байланысты дзэндегі жеке тәжірибе – ең басты нәрсе. Жеке тәжірибесіз ешбір идея түсінікті болмайды. Бұл айдан анық. Сәбиде ешқандай идея болмайды, өйткені оның ақылы әлемді идеялар арқылы қабылдайтын дәрежеге жетпеген. Сондықтан заттың ең толық әрі айқын түсінігін білу үшін жеке тәжірибе қажет. Тәжірибесіз ешқандай нәрсенің мәні ешқаша дұрыс ұғынылмайды. Барлық ұғымдардың негізіне қарапайым, тікелей тәжірибе алынған. Бұл тәжірибеге дзэн ерекше мән береді, оны негіз санайды.
1. ҚЫТАЙ МЕДИТАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
Планетамыздың мәдениетіне Жапония тарапынан да біршама үлес қосылды. Қайта түленген дзэн–буддизмнің Батыстың көптеген елдеріне таралуының өзі айтуға тұрарлық құбылыс. Ал енді Қытайға келетін болсақ, онда бұл елде философиялық ой екі бағытта өрбіді. Алдымен дәстүрлі сипаттағы рухани көрініс болып табылатын даосизм мен чань–буддизм бағыттары жаңа элементтерді енгізбей–ақ дамитындығын байқатса, жаңаконфуцияшыл идеология Маоның басқару кезеңінде саяси күрестің құралына айналғанын атап өтуге болады.
Қытай мен Жапония ойшылдарының философиялық туындыларында теориялық қырлардан гөрі практикалық қырлар басымырақ екені байқалады. Ондай шығармаларды еңбекке енгізудің өзі қисынға сияды. Шығыс философтарының түсінігінде практика өзіндік сипаттала айшықталады: олар практикалық іс–әрекет деп негізінен психикалық практиканы түсінеді. Адам шынайы даналыққа және кемелденуге йога, психожаттығу және т.б. сол сияқты психосоматикалық практикалармен барынша шынайы ынтамен, ыждағатпен айналысқанда ғана жете алады деп есептелінеді. Міне сондықтан Қытай мен Жапонияда психикалық және психофизикалық мәдениетті дамыту бойынша әр түрлі мектептер күшті дамыған. Атақты жапон ойшылы Дайсэцу Судзукидің дзэн–буддизм бойынша еңбектерінің үзінділері берілген, сонымен қатар кейбір қытай даошыларының шығармаларынан үзінділер келтірілген / 9 /.
Шығыс философиясы – өзіндік ерекшелігі бар әлем және ол көрініс беру формасы мен тәсілі бойынша айрықша сипатқа ие болады. Мәселен, ол адамның практикалық өмірімен тікелей байланысты, ол кейбір ойшылдың мәтінін тек баспен, ақылмен ғана қабылдауды талап етіп қоймайды, сонымен қатар өз психикаңды, өз ағзаңның мүмкіндіктерін басқару бойынша қадамдар жасауды, басқа адамдармен келісімде өмір сүрудің нақты қабілеттерін дамытуды талап етеді. Міне, сондықтан Шығыс философиясында, соның ішінде қазіргі заман философиясында психотехникалық сауықтыру практикасын, медиативті жаттығуларды және т.б. баяндау үлкен орын алады.
Дайсэцу Тайтаро Судзуки (1870-1966) Киотодағы Отани университетінің буддалық философияның профессоры. Ол қазіргі кезеңдегі дзэн–буддизмдегі ұлы тұлғалардың бірі болып табылады. Оның дзэн–буддизм туралы 25 еңбегі ағылшын тіліне аударылып, әлемге тарап кеткен, сонымен қатар Батысқа әзірге белгілі емес 18 еңбегі жапон тілінде бар екендігі белгілі.
Доктор Судзуки өзінің еңбектерін шынайы ізденістер арқылы жазғанын танытады. Ол буддалық төлтумалық еңбектерді санскритте, пали, қытай және жапон тілдерінде зерттеп қана қоймай, сонымен қатар неміс, француз және ағылшын тілдеріндегі қазіргі философиялық әдебиеттерге тамаша талдау жасай алатындығын танытты. Ол, тіптен, ағылшын тілінде ойларын жазады. Сөйлей де алатын. Ол ешқандай буддалық секталардың ешқайсысында діни қайраткер болмаса да оны әрбір жапонның храмында сыйлайтын. Өйткені оның еңбектерінде рухани құндылықтарды жақсы білетіні айқын байқалып тұратын. Яғни ол өзі рухани қарым–қатынас жасаған адамдарға парасаттылықтың оөық үлгілері туралы рәміздерді жеткізуге тырысты және сондай әсерлер қалдыра алды. 50 жыл бойы жазылған үш томдық «Дзэн–буддизм туралы эсселердің» және кейбір мақалалардың мазмұны әлемге әйгілі болды.
Дзэнге деген қызығушылық қазіргі кезеңнің өзінде батыста өсе түсуде. Батыс жазушылары кейбір шығармаларында осы ілімнің элементтерін қолдануға талпынуда. Бірақ дзэннің табиғаты мен оның жолын түсінуде жаңылысуға ұшырау оңай екенін де ескертеді. Ол өз кезегінде талай пенделердің ақылы мен жүрегін тазартуға, рухын жетілдіруге көмектесетін болса, онда оның тәжірибесін зерттеп, үйренудің де мағынасы мүмкін әрі қарай тереңдей түсері анық. Судзукидің дзэн–буддизм туралы жұмыстары соңғы ондаған жылдар бойы әлемде буддизмді зерттеудегі ең таңдаулы үлес болып табылады. Будданың дзэн ақылы ішкі таза және қасиетті даналығымызды ашуымыз керек. Бұл – қасиетті жарық, ішкі жұмақ, барлық моральдік қазыналарға кілт, барлық әсерлер мен биліктердің бастауы, ізгіліктің, әділділіктің, жақсы көрудің, шынайы махаббаттың, адамилықтың және қайырымдылықтың мекені, барлық нәрселердің өлшемі. Бұл ішкі даналық бойымызда ашылған кезде біз әр қайсымыз әмбебап өмірмен немесе Буддамен рухымызда, мән бойынша, табиғатымыз бойынша сәйкес келетінімізді пайымдауға қабілеттіміз және барлық адамдардың Буддамен жүздесіп тұратындығын, әр адам Қасиетті дүниенің қайырымдылығын сезінетіндігін, Ол оның моральды табиғатын оянтатындығын, Ол оның рухани көздерін ашатындығын, Ол оған жаңа қабілеттерді сыйлайтындығын, Ол оның жаңа миссиясын анықтайтындығын және өмір деген қиналыстар, дүниеге келу, өлім, немесе көз жасы мұхиты емес, ол бірақ Будданың қасиетті храмы, әрбір жан Нирвананың рақатына бөленетін Таза Жер екендігін зерделейміз. Міне сонда біздің санамыз толық төңкеріске ұшырайды. Одан кейін бізді ашу-ыза мен жек көру қинамайды, кектенбейміз, реніштер мен өкпелеулер шақпайды, меланхолия мен назданулар толып кетпейді».
Нұрланудың мәнін дзэннің жолындағы шығыс адамы осылай сипаттайды. Нұрлану (сатори) – дзэннің жаны және онсыз дзэн жоқ дейді. Дзэндік әңгімелердің ерекше қасиеті бар: оларда аз нәрсе айтылса да адамдарға көп нәрсені жеткізе алатындай қабілетке ие болады. Сатори бір күтпеген жерден келетін құбылыс сияқты, оны жоспарлап күту мүмкін емес. Көптеген саториалдық тәжірибелер мағынасыз істердің жиынтығы сияқты көрініс береді. Ал, енді солардың барлығын сүйіспеншілікпен сезінуге, пайымдауға, түсінуге ұмтылғаншығыстық рухтың терең иірімдерін батыстық менталитет игере алмай қалуы да ғажап емес. Өйткені оның тұңғиығына бойлау үшін бір сәттік кездесу ешнәрсені сездіре алмайды. Оны түсіну үшін жаныңмен, діліңмен сол ғаламның ортасына түсуің қажет. Дзэнді зерттеп білгенше таулар таулар болып, су-су күйінде қалуы мүмкін. Ал дзэннің ақиқаты жарқ еткеннен кейін тау ол үшін тау емес, су болса су емес. Содан соң сатори деңгейіне жеткеннен кейін таулар қайтадан тауға айналады, ал су болса су қалпына түседі.
Косё Утияма-роси батыстық философияға маманданған болатын. Рухани саладағы алған білімі Батыстың тілдеріне тереңдеп енуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында дзэнді таратушылардың алдаңғы қатарында болады. Ол Жапонияда үлкен беделге ие болған кішкене ғана монастырлық қауымдастықты басқарады. Оның ілімі бойынша екі бағыт бойынша алға жылжуға тырысады: бұл барынша қарапайымдылық және терең пайымдау. Барлық әлемге, барлық адамзатқа, Шығысқа да, Батысқа да ашық оның назары осыларға бағытталған.
Ол христиандық негізде тәрбиеленген Батыс адамының жан дүниесіне бойлай отырып қазіргі Жапонияның бай және кемелденген тәжірибесіне ие дзэннің шеберіне айналады. Өзінің дзэнге жету жолын бізге барынша ашықтықпен жеткізеді. ТМД елдерінде көп болмағанмен Еуропа мен Америка сияқты көптеген жерлерде дзэн практикасына қатысып жүрген пенделер көптеп саналады. Бұл батыста дзэннің әжептәуір маңызға ие болғанын білдіреді. Бірақ дзэнді түсіндіріп беру мүмкін емес: тек ежелгі принципте көрсетілгендей оны « менің жүрегімнен сенің жүрегіңе беруге» ғана болады.
Косё Утияма бізге дзэннің шындығын ұсынады. Ол ұқыпты, назар аударғыш оқырманның тікелей «жүрегіне» ынтаны бағыштай отырып бізді сол әлемге жетелейді. Сөйтіп біз төмендегідей сұрақтарға жауаптар аламыз: дзэн жолындағы жанның «ішкі дүниесінде» не болып жатады? Менің «ет пен сүйегіммен» дзэнге енуімнің жолы қандай? Менің «ішкі дүниемде» ол нені туындатады? «шынайы Менге» қалай жетуге болады?. Бірақ бұлардың бәрі дзэннің алға қойған мақсаттары емес, өйткені дзэн өз алдына мақсат қоймайды. Бірақ ол практиканың ең соңғы нәтижесі ретінде түсініледі.
Міне, жоғарыдағы мәселелер
бойынша Утияманың өзіндік
Косё Утияма өзінің алғашқы шағын «Қазіргі өркениет және дзэн» деген кітабының өзінде дзэнді әлемге таныстыру мақсатын қояды. Оның еңбегінен Жапонияның Батысқа қарай ұмтылысын, сұхбатқа деген қалауын сезінуге болар еді. Ал Батыс болса дзэнді жақсы қабылдай алды деп ауыз толтырып айтуға да болады. Дзэн туралы батыстық авторлардың шығармалары көптеп кездеседі. Жапонияның өзінде ғана емес, басқа елдердің кейбірінде дзэнге бойлап ену тәсілі практика жүзінде іске асырылуы дәстүрге айнала бастайды. Көптеген жерлерде дзэн үйірмелері мен қауымдастықтары қалыптаса бастайды, ал енді Калифорнияда американдықтардың еркін барып тұруы үшін дзэн монастыры ашылады. Бұл мысалдар әлеуметтік дүниеде дзэн мен христиан діні арасында өзара қатынастардың тереңдей бастағанын, дзэннің батыстық өмір салтында басқа діни бағыттар арасында да бірте-бірте рөлінің арта түсіп келе жатқанын білдіреді.
Шын мәнінде дзэнді әлемге танытушы Дайсэцу Судзуки болып табылады. Оның жарты ғасырлық еңбегі өз нәтижелерін берді десе де болады. Оған дейін Жапонияның мәдениетімен танысуға тырысқан батыстықтар дзэнді жете түсінген емес. Сөйтіп, доктор Суздуки өзінің лекцияларымен, жеке жазып қалдырған еңбектерімен дзэн әлемін алдымен Солтүстік Америкаға, содан соң Англияға ашады. Одан кейін Еуропа құрлығы толығымен дзэннің құпия әлемімен толық танысады. Әрине, оның еңбектері барлық мәселелерді шешіп тастамайтыны анық еді, оның үстіне ол кейбір әділетсіз сынға да ұшырап отырды. Дегенмен Шығыс пен Батыстың арасында жол салынған еді және дзэн туралы білімдер тоқтаусыз тарап, әлемге жаңа мағлұматтар тарала бастайды.
Сөйтіп, әлем Жапониядан шыққан дзэн теориясын алып қана қоймай, ол оның жанды практикасына да ие болады.Жалпы буддизмнің негізін салушы Готама Будданың «Мен әркімге дхарманы (ізгілікті хабарды) өз тілінде білуге мүмкіндік беремін» деген әмбебап миссиясымен толық сәйкес келетін қадам болатын. Яғни бастапқы идея әлемге нұрлану құбылысы туралы түсініктерді кеңінен тарату болып табылады. Өзінше алғанда дзэн экспортқа шығарылатын тауар емес, оның мақсаты риза емес христиандар мен дінге селқос қарайтын жандарды жақсы буддашылардың қатарына қосу емес.
Косё Утияма дәуірге байланысты өрбіген теріс таптаурындардан босатып, оны қамтып тұрған жаңылысулардан қоғамдық сананы тазартуға талаптанады. Ол біздің күнделікті қолданып жүрген тілімізде сөйлеп, біздің мәселелеріміз бен ойларымызды түсінуге ұмтылады, жалпыадамзатқа тән жағдайларды талдауға тырысады. Жаңадан пайда болып жатқан әр түрлі діни секталар қоғамдық болмыс пен қоғамдық болмыс пен қоғамдық санадағы біршама іркілістердің айғағы екені белгілі. Ал енді дзэнге деген қызығушылық осындай жағдайлардың өзінде төмендемей отыр. Оған негізінен қарапайым тіршілікпен айналысып жүрген пенделер әлемнің әр бұрышында өз еріктерімен келіп жатқаны да белгілі.
Жүргізілген әлеуметтік-философиялық және терең психологиялық талдаулар қазіргі жаһандану заманындағы процестерді қамтып, көптеген елдердің, халықтардың өзекті мәселелерін күн тәртібіне қояды. Бұл еңбектердің Қазақстан Республикасының өркендеп өсуіне, рухани дамуына өзіндік игілікті әсер ететін тұстары бар екенін де байқауға болады. Көптеген проблемалардың астарынан философиялық мазмұндарды анықтай алған, сонымен қатар күрделі мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын шеберлікпен көрсете алған.
2. ДЗЭН-БУДДИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Дзэн деген не?
Дзэн, көптеген буддашыл ілімдер сияқты жоғары зиятты және
терең метафизикалық
сипаттағы философиялық жүйе ме? Дзэнді
сөздің кәдімгі мағынасындағы
Дзэн дінге жата ма? Бұл көпшілік түсінігіндегі дін емес, өйткені дзэнде табынуға болатын Құдай да, сондай-ақ ешқандай рәсімдік салттар мен о дүниелік болғандар баратын сертті мекен де, ең ақыры, басқа біреу қамқор болуы тиіс және мәңгі бақилығы кейбіреулерді қатты алаңдататын жан сияқты ұғымдар атымен жоқ. Дзэн мұндай қасаң қағидалы және діни қиындықтардан ада. Дзэн Құдайды жоққа шығарады деген сөз емес. Дзэннің Құдайдың бар болуымен не оның жоқ болуымен ісі жоқ. Дзэн дін де, философия да емес.
Дзэн-адам рухы. Дзэн бұл рухтың ішкі тазалығы мен құдіретіне сенеді. Ақылдың немесе жанның табиғатына ену – дзэн-буддизмнің негізгі мақсаты. Дзэн тәжірибесі жанның көкірек көзін ашып, өмірдің негізін көруді мақсат тұтады. Дзэн еркіндікті, яғни кедергілер мен шарттылықтардан азат болуды бірінші орынға қояды. Дзэн – аспанда көшіп жүрген бұлт тәрізді. Оны ештеңе ұстай да, тоқтата да алмайды, ол баратын жеріне барады. Ешқандай медитацияның дзэнді бір орында ұстап тұруға шамасы келмейді. Медитация – дзэн емес.
Дзэннің негізгі идеясы – біздің мәніміздегі ішкі үдерістермен байланыс орнату және ол ешқандай сыртқы немесе жасанды нәрселердің көмегінсіз жүзеге асуы тиіс.
Осыған байланысты, тысқары нәрсемен байланысы бар нәрсенің бәрін дзэн жоққа шығарады, өйткені онда жалғыз ғана бедел бар, яғни ол - өзіміздің ішкі болмысымыз.
Дзэнде ешқандай құпия жоқ. Христиандар да, буддашылдар да оны қолдана алады. Дзэн деген сіздің күнделікті ойларыңыз.
Адамның әр түрлі әділетсіз және шектеулі нәрселерді елемей, тіршілік негізін тани алатындай қабілетіне сеніммен қарауы – дзэннің ең басты қызметі. Дзэн шу мен арпалысқа толы қарапайым адамның кәдімгі және қызықсыз өмірінде көрініс табады. Ол ақылдың жүйелі жаттығуларын талап етіп, өмірдің қайнап жатқан қазанында бірдеңені көруге үйретеді. Ол адамға өмірдің ұлы құпиясының әр сағаттағы, әр күндегі көрінісін ашып береді. Дзэн бізге жердегі жұмақтың есігін ашады.
Дзэн туралы не айтсақ та ол қарапайым, қолдануға жеңіл, сонымен қатар, өте өміршең. Дзэннің әріптерге, сөздерге немесе сутраларға ешқандай қатысы жоқ. Ол сізден өзіңізге пана болатын ақиқатты тікелей тануды ғана талап етеді.
2.2 Дзэн-буддизм
Екі жүз жылдан астам уақыт ішінде байыпты әрі жүйелі
дамыған дзэн-буддизм даосизм мен конфуцианшылдықтың мекенінде нық орын теуіп, мынадай нәрселерден тұратын ілімді ұсынған:
- Киелі Жазбаларға сүйенбейтін ерекшк аяндар;
- Сөздер мен әріптерден тәуелсіз болу;
- Адамның рухани болмысымен тікелей байланысу;
- Адамның қастерлі мәніне және Будданың кемелдігіне жету.
Дзэн-буддизм ілімін сипаттайтын осынау төрт жолды кімнің
және қай жерде тұжырымдағаны бізге беймәлім. Қытайлықтардың санасын шынымен жаулап алуды дзэн Таң әулеті өркендеп тұрған шақта бастаса керек.
Енді дзэнді анықтайтын келесі екі жолды алайық: «Адамның рухани болмысымен тікелей байланыс жасау» және «Адамның қастерлі мәні мен Будданың кемелдігіне жету». «Адамның рухани болмысы» оның кәдімгі ақылы немесе психикалық қызметі емес, ақыл да емес. Ол - осы ойлар мен сезімдердің арғы жағында тұратын нәрсе. Егер біз ақылдың не екенін түсінсек, онда табиғатты да түсінеміз, өйткені бұлар бірдей нәрсе. Ақылдың болмысын танып, табиғатпен бірге үнемі үйлесімділікте өмір сүретін адам – нағыз будда немесе ағарған адам. Будда – табиғаттың өзі.
Сонымен, бұл үш термин – табиғат, ақыл және будда - әр түрлі бастапқы нүктелер болады дегенді айта аламыз.
Жоғарыда аталған төрт
жолда көрініс тапқан дзэннің
мұраты зиятты, моральды, жоралық және
т.б. түрдегі қиындықтарсыз нақтылық
Нақтылыққа тікелей жету – праджнидің немесе трансцендентті даналықтың оянуы болып табылады. Праджня – бір мезетте ерік те, түйсік те болады. Міне, сондықтан дзэн еріктің дамуымен тығыз байланысты нәрсе.
Ақыл, табиғат, Будда – бұлардың бәрі ұлы растаушы қағидат болып табылатын бір ғана идеяны жеткізудің әр түрлі тәсілі. Дзэн бізге соларды қолдануды ұсынады.
2.3 Дзэн-буддизм – бас тарту деген сөз
Шындықты дзэн тұрғысынан тану – қарапайым тілмен айтқанда адам ойының бүкіл тарихында кездесетін барша дәстүрге (олар қазіргі не ежелгі болса да) қарсы шығып, олардың қайнарына немесе бастапқы нүктесіне жету дегенді білдіреді. Дзэн барша нәрседе қайнарға жетіп, сол жерден жаңа жолдың бастауын табуға ұмтылады. Дзэн ұстаздары өте қызық адамдар. Олар ешқашан сіз алғыңыз келген «тура жауапты бермейді». Бірақ, олардың барлық жауабы іс жүзінде ең тура жауап болып табылады.
Дзэн әдетте игілік және зұлымдық деп аталатын нәрсенің бәрін бізге, әлемге және адамзатқа қатысты нәрсенің бәрін мүлде елемейді деп ойлауға болатындай көрінеді. Жалпы дзэн адам тағдырына ешқандай мән бермейтіндей болып көрінеді. Егер бұл дәл солай болса, онда ол ешкімге де керек болмайды, әсіресе, адамзаттың жойылуына әкеліп соғатын өзара қастандық өршіп тұрған қазіргі кезде. Онда дзэн туралы айтудың мәні қанша?
Дзэн кәдімгі ойлаудан, растау мен терістеуден бас тарту. Біз, әдетте, «А» дегеніміз «А» және «А» ешқашан «Б» бола алмайды дейміз. Бірақ дзэн тұрғысынан келгенде «А» - «А» емес және осыған байланысты «А» дегеніміз «А» болады. Сіз мұны шатастырылған диалектика дерсіз. Мұны дзэннің «бихевиоризмі» деп атауға болады. Мұрын ұшынан қысқанда ауырады. Дзэн ізбасарларының басы ауырса, оның сөйлескісі келмейді. Құс ән салса, оның бұлбұл екенін біле қояды. Тауға барып, ауадағы хош иісті сезгенде, лаврдың гүлдегенін біле қояды. Дзэннің ізбасары күнделікті тәжірибеміздегі барлық деректердің бүкіл болмыспен ажырамас байланыста екенін саналы түрде ұғынуымен бізден ерекшеленеді / 9 /.
2.4 Дзэндегі адами құндылық
Өзімшіл, ұждансыз мақсатта жасалатын кез келген әрекет жаман, сұрықсыз болады, өшпенділік тудырып, адамзаттың ортақ игілігіне нұқсан келтіреді. Сонымен, ондай кез келген әрекеттің негізінде әрқашан өзімшілдік жатады. Өзімшілдік – зұлымдық жасаушы агент. Жалпақ тілмен айтсақ, құндылықтың екі қыры болады: субъективті және объективті, құндылық өзімшілдік импульстен субъективті түрде ада болмаса, ол құндылық болудан қалады дегенді айтамын.
Егер зат шынымен-ақ өз мәнінде болса, ол құнды болады. Жасанды сұлулық – сұлулық емес.
Сұлу нәрсе жарнамалауды қажет етпейді: біз оған қараймыз және әрқайсымыз оның сұлу екенін білеміз. Кейбіреулер сұлулықтың, жақсылық пен ақиқаттың мұндай түрі адам әлеміне емес, құдірет әлеміне тиесілі нәрсе. Адами және құдіретті нәрселер – бірдей нәрселер, өйткені адами құндылық құдіретті болған соң ғана сондай болады. Сондықтан мен ескі нәрсені жаңа, ал жаңа нәрсені ескі деймін.
Біздің бар болуымыз Құдайдың ісі: біз барлық нәрсе үшін Құдайға қарыздармыз. Тіпті, Құдайдың ісі болмаудың өзі, оның иелігінде дегенді білдіреді. Біз Құдаймен ажырамайтын байланыстамыз. Адамның заттары Құдайдан келгендіктен ғана құнды болады. Біз осы ойдың желісімен жүре берсек, құнды, маңызды, адамға қажет, сақтауға тұрарлық деп санайтын нәрсенің бәрі жаңа, асқақ мәнде болады. Әрқайсымыз махаббатты адам қоғамының құрылымын өзгертіп, нығайтатын ұлы күш деп білеміз.
Адам өзі өзгермесе ешқандай ғылым мен техника біздің бүгінгі жағдайымызды жақсартпайды. Жеке адам ретінде саяси қайраткерлер құрметке бөленетін, жақсы адамдар болуы мүмкін, бірақ олар кіші не үлкен топты басқарғанда көсемдер көсем болудан қалып, демократтарға айналады. Олар, санасы орташа деңгейде болатын және сол деңгейден екі ғасыр өткенде ғана аса алатын тобырдың жетегіне еріп кетеді. Сондықтан солай болғанша дейін, бір, екі мың немесе миллион жыл төзімділікпен шыдап бағайық, бірақ сол кезде біз барша моральды және рухани күш-қуатымызды адам табиғатын жақсартуға жұмсап, табандылықпен үнемі еңбектенейік. Бұл мақсатқа жету үшін ең дұрысы бұрынғының рухани тәртіп тәсілдерін жеке және ұжымдық түрде пайдалану. Бұл тәсілдер жасампаз альтруизм сезімін дамытудағы жаңа тәсілдер болатынына өз басым сенімдімін.
2.5 Мәңгілік тұрғысынан өмір сүру
Философтың анықтауынша мәңгілік дегеніміз «келешектегі әрбір оқиға әуелі қазіргіге, кейін - өткенге айналатын уақыттың шексіз кесіндісі». Уақытты мәңгіліксіз, мәңгіні уақытсыз анықтау мүмкін емес. Мәңгілік, екі бағытта - өткенге және болашаққа қарай шексіз созылған уақыт пе екен?
Біздің көріп жүргеніміз аспан емес, Құдайдың ақылында болатын әуелгі жаратылған мәңгі нәрсе. Сондықтан, егер біз «мәңгілік тұрғысынан өмір сүргіміз» келсе, біз Құдай ақылының бір бөлігіне айналуымыз қажет болады. Сіз: «Бұл өзі мүмкін нәрсе ме?»,-деп сұрайсыз. Бірақ мәселе осындай мақсатқа жету мүмкіндігінде емес, оның қажеттілігінде, өйткені, басқаша болса, біз уақытпен байланысты болып, күнмен, түнмен, аймен және жылмен өлшенетін өмірімізді ары қарай жалғастыра алмауымыз мүмкін.

- Лiтературне дисидентство в Українi
- Лабараторные работы по "Информатике"
- Лабораторна робота,консультація,залік,іспит у навчальному процесі Вузу України
- Лабораторная диагностика инфекционных болезней
- Лабораторная работа по информатике МГИМО
- Лабораторная работа по "Математике"
- Лабораторная работа по «Нечеткой логике и нейронным сетям»
- Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы
- Құндылықтар
- Құрылтай құжаттары
- Қызмет етуді сертификаттау
- Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде
- Қылмыстық заң
- Қытай мәдениеті