Ағаш станоктарының құрылысы

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

    1. Құрылыс материалдары

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Ағаштар туралы мәлімет
    2. Ағаш шебері
    3. Ағаштан жасалатын бұйымдар
    4. Ағаштан жасалатын құрылыс материалдары
    5. Ағаш ұсталығы аспаптары

ІІІ. Сәулетті – құрылыс бөлімі

    1. Қазақстандағы ағаш өңдеу зауыты
    2. Мекеме туралы
    3. Лицензиялары
    4. Өнімдері
    5. Технологиялық картасы

ІV. Қорытынды

    1. Ағаш конструкциялары
    2. Ағаш конструкциясы кезіндегі қауіпті факторлар
    1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.). Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс  материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді.

Ағаштар туралы мәлімет

Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер.Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралияэукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды түрге бөледі: қалқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физика-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.

Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштарда жаны бар «тіршілік иесі».

Ертеде  дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен  шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген. Ал, ағаштардың өсу, даму сатысына байланысты да екі түрге бөледі: жас ағаш және тіршілік циклы аяқталуы жақын кәрі ағаш. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «көктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Өсіп жетілген ағашты шірімей, құрт жемей тұрып қажетке жаратады. Кәрі қуарған ағашты жығып, шауып отынға пайдаланған.

Ағашты  кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына қарап, жасын анықтайды. Ағаштың  таудың теріскей беткейіне өскен  ағаш діңінің көлеңке (солтүстік) жағындағысын «ұрғашы ағаш» атайды. Ондай ағаштардың бұтағы жоқ, жылдық сақиналары жиі, шайыры аз болғандықтан «шешен», яғни акустикалық сипаты, яғни дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары болады дейді шеберлер. Саз аспаптарының құлағын ырғай, тобылғы т.б. қатты ағаштардан әзірлейді. Ағаш шеберлері тәжірибе жүзінде кез келген ағаштың түп жағы берік болады деп санайды.

Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар -үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер - киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.

Ағашшы  күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын: тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын: жүкаяқ,кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жаcaп, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.

Ағаш  тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.

Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.

Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.

Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.

Ағаш  шеберінің негізгі құралдары  мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және тағы басқа ағаш шеберінің аспаптар қатарына ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сайманды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі - өлшеуге (ақсақтемір) немесе кұрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады.

Ағаштан жасалатын бұйымдар. Ағаштан  жасалатын құрылыс материалдары

Ағаш  құрылымдары (ор. деревянные конструкции) - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т.б.). Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т.б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т.б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Ағаш  материалдарды тілетін екіқабатты жақтау(ор. двух этажная лесопильная рама) — механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 ... 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 ... 700 мм.

Ағаш материалдары(ор. древесные материалы) — табиғи сүректі  байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.

Ағаштан бұйым  жасағанда ағаш шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы,жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.


Сүрегі  біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен  ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды.

Қарабұта  теріскей бетте, күнгейде теріскен, жирен, жусан, сарытабан, ал биік суық жерде қарағай, қайың, шөлейт пен құмды өңірде сексеуіл отынға жиі пайдаланылады. Шетен, жыңғыл, сексеуілдің қызуы мол, бұта-шілік, балғын, баялыш, тал тамызыққа ғана, қызуы мол делінетін қарағаш, қарағай, қайың, емен, терек қыста үй жылытуға пайдаланылады.

Ағаш бұйымдарды дайындау және жөндеу үшін тақтайлар, тұтас немесе жалғамалы сырғауылдар, тақталар мен фанера, сондай-ақ жоңқалы ағаш тақта (ЖАТ, яғни ДСП — древесностружечные плиты) және талшықты ағаш тақта (ТАТ, яғни ДВП — древесно-волокнистые плиты) пайдаланылады.

Тақтай, сырғауыл, тақталар табиғи ағаштардан жасалғандықтан ағашқа тән қасиеттер  оларда да болады. Ол түрлі соққы  мен тербеліс әсерлеріне төзімді, өңдеуге ыңғайлы, желімден құрастырғанда берік және сәндік бұйымдар жасауға қолайлы болып келеді. Фанера бір-біріне желімденген үш немесе одан да көп жұқа (қалыңдығы 0,5—1мм) ағаш қабаттардан (шнон) тұрады. Оларды қабаттардағы ағаш талшықтары бір-біріне перпендикуляр болатындай етіп желімдейді.

Фанераның қалыңдығы 3—25 мм болып келеді. Одан түрлі жәшік, сөре, рамкалар мен әр алуан бұйымдар жасауға болады. Фанера жиһаз жасауда, телевизор мен акустикалық жүйелердің (дыбыс колонкасы) қорабын қаптауға, тұрғын жайды сәндеуге т. б. мақсаттарға кеңінен пайдаланылады.

ЖАТ ағаш жоңқасына  жабыстырғыш зат (смола) қосып престеу арқылы жасалады. Тақталар қалыңдығы 10, 18, 20 және 30 мм болып шығарылады. ЖАТ негізінен жиһаз жасауға пайдаланылады. ЖАТ-тан жасалған бұйымдар өндеуге жеңіл, берік, бүріспейді, бірақ оны ылғалды жерде ұстауға болмайды, ондай жағдайда жігі ажырай, бастапқы қалпын жоғалтады.

ЖАТ-тан жасалған бұйымдарды ылғалдан сақтау үшін оны  фанерамен қаптап, ағаш пленкамен  желімдеп, бетіне лак немесе майлы бояу жарады. Осындай өңдеуден өткен ЖАТ бұйымдар әдемі әрі табиғи ағаштан жасалған бұйымдардан айырмашылығы байқалмайтын болады.

ТАТ-ты ұнтақталған және ұсақталған ағаш қалдықтарына түрлі қоспалар (парафин, смола, канифоль т. б.) қосып престеу арқылы жасайды. Оны бөлмені жылылауға (қабырғаны, төбені қаптал, бетіне сәнді қағаз желімдейді немесе сырлайды), түрлі ағаш ыдыстар жасауға пайдаланады. ТАТ бұйымдар өндеуге ыңғайлы болғанымен онша берік емес. Ағаш ісмерлігінің дені ұста столында түрлі аспаптарды пайдалану арқылы жасалынады. Ұста столы болмаған жағдайда кәдімгі столды немесе еденді пайдалануға да болады, оның бетін бүлдіріп алмау үшін ұшқат төсеу керек.

Ағаш ұсталығы аспаптары негізінен үшке бөлінеді:

  • өлшегіш-белгілегіш (сызғыш, бүктемелі метрлік, циркуль, бұрыштауыш, үлгі),
  • кескіш-тескіштер (ара, балта, сүргі, қашау, шапқы, бұрғы т. б.),
  • көмекші аспаптар (балға, қырғыш, түрпі,егеу, бұрауыш, ұңғы, тістеуік, түзегіш т. б.), ал желімдеу мен құрастыруға винтті қысқыш пен қамыт пайдаланылады.

Ағаш  детальдарды механикалық өңдеуден еткізерден бұрын тиісті белгілеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін ағаш немесе металл метрлік (мата тектес рулетка метр мен тігінші метрін пайдалануға болмайды, өйткені олар созылғыш болғандықтан белгі дәл түспейді) қолданылады. Қарындашпен белгі түсірілгеннен кейін өңделетін (кесілетін) жердің бойымен сызық жүргізіледі. Ағашты қол аспаптарымен механикалық өңдеуге: аралау, сүргілеу (дайын бұйымдарды қалыпқа түсіру үшін), тиек, тесік жасау, ұяшықтарды үңгу мен тесіктерді бұрғылау, бекіткіш детальдар мен фурнитуралар ою, жымдастыру мен тегістеу жұмыстары жатады.

Шағын ағаш детальдар мен фанераларды  және ЖАТ-ты кесуге ең қолайлы аспап  — қол ара. Сондай-ақ жүзі ауыстырмалы  әмбебап ара да тиімді құрал. Оның жүзі майдасымен фанера, жұқа тақтайлар мен шыбықтарды араласа, жүзі орташалауымен жұқалау тақтайлар мен ЖАТ-ты, ал жүзі ірісімен қалың тақтайларды аралайды.

Оның  жүзін түзегішпен егеп оңға, солға  қисайта шығарады. Мұндай ара ағаш арасына қысылмай еркін араланады. Қол араның жүзін дұрыстап шығару үшін оның тістерін екі жаққа кезектестіріп 0,5—0,7 мм-ге қисайтады. Тісі тұтас емес, оның ұшын ғана, шамамен 2/3 бөлігін, екі жағына бірдей етіп қисайтқан жөн. Тістерін дұрыстап шығарғаннан кейін оны үшбұрышты егеумен қайрайды. Жүзі өткір қол арамен тегіс әрі тез аралап кесуге болады.

Кесілетін заттық сапасы араға және оның дұрыстығына  байланысты болады. Егер тістері ірі  немесе жүзі дұрыс шығарылмаған араны  пайдаланса, ағаш кедірбүдірлы, қисық  немесе жырымдалған күйде кесіледі. Белгі сызықтық сыртыл ала және қатты салмақ түсірмей аралаған жөн. Аралап бітуге таянғанда ағаттық немесе фанераның кесілетін бөлігін ұстап тұрған дұрыс, өйткені ағаш жарықшақтанып немесе сынып кетуі мүмкін.

Сүргілеу — ағаш ісмерлігіндегі басты жұмыстың бірі. Сүргілеуді жоңғы сүргі (дөрекілеу өңдеу), кәдімгі сүргі (алғашқы және таза өңдеу), жұқа сүргі (ұзынша детальдарды соңғы рет өңдеу) және тегістегіш сүргі (соңғы тазалау) сияқты аспаптар арқылы жүргізеді. Әр түрлі формалары айшықты бұйымдарды сүргілеуге арнаулы сүргілер пайдаланылады. Үй жағдайында жонғы сүргі мен шағындау сүргі ұстаса жеткілікті, тіпті болмаған жағдайда кәдімгі қарапайым сүргі болса да жарайды.

Сүргілер ағаш және металл корпусты болып келеді. Ағаш сүргінің қол тірегіші және ортасында ойығы, металл шынағы, пышақты қозғалмайтындай етіп бекітіл тұратын сынасы болады. Пышақтың ұшы сүргілен 0,5— 0,8 мм шығыңқырап тұрғаны дұрыс. Көбінесе өңделетін ағаштың құрамына және сүргілеу сапасына қарай көз мөлшерімен белгіленеді. Егер пышақ тым шығыңқырап тұрса, ол ағашқа бірден қауып, сүргіш жүргізбейді. Керісінше, пышақ жүзі тым аз шығарылса, сүргілеудің сапасы жақсы болғанмен, процесс тым ұзаққа созылады.

Пышақ жүзінің мөлшерін реттеу үшін сыпайы балғамен ұрып босатыл, белгілі мөлшерге келтіргеннен кейін қайта бекітеді. Пышақтың жүзі біркелкі шыққаны жөн, қисық болса ағаш беті жолақтанып қалады. Металл сүргілердің пышағы металл сыналардың көмегімен реттегіш винт арқылы бекітіледі. Ағаттық бойымен сүргіні түзу ұстан, оған онша көп салмақ түсірмей жайлап сүргілеген жөн. Өңдейтін деталь қозғалмауы үшін оны бір нәрсеге тірен немесе верстак болмаған жағдайда, ас столына орнатылған бекіткішке орнықтыру керек.

Атқарылатын жұмыс мөлшері аз болғанда еденге қойып, плинтусқа тіреп сүргілеуге де болады. Сүргілеу барысында пышақ жүзі мұқалады. Оны үй жағдайында электр қайрақтық көмегінсіз қайрау өте қиын болса да ептеп жүзін шығаруға әбден болады. Сүргі нышағының жүзін майда қайрақпен шығарады. Пышақ жақсы қайралуы үшін жүзіне минеральды май жарады немесе қайрақты сулап отырады.

«Майланған» пышақты керосинмен сүртеді. Қайраққа салмақ түсірмей баяу және біртегіс қайраған жөн. Пышақтың жүзі қиғаш жағын қайрайды және қайран болған соң екінші жағын 2—3 рет жайын алған дұрыс, сонда жүзі аумай, дұрыс шығады. Ұяшық, саңылау т. б. тесікгерді жасау үшін қашау мен шапқы пайдаланылады. Олардың жүзін әр түрлі етіп шығарады: әдетте, қашауды жүзінің ені тесіктің көлеміне сәйкес болатындай етіп таңдайды.

Бұл ретте қашау мен шапқы сауда орындарына жүзі шығарылмаған күйде түсетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан пайдаланбас бұрын мұқият түрде аспайтын жүзін шығару керек. Олардың жүзін сүргінің жүзін шығарғандай етіп қайрайды.

Қашау мен шайқылық жүзі қаншалықты дұрыс  шығарылғанын былайша анықтайды: тәжірибе үшін керексіз ағашты қашайды, егер тесіктің қабырғасы тегіс болса — жүзінің  дұрыс, ал кедір-бұдырлы болса —  жүзінің теріс болғаны. Мұндай жағдайда аспайтын жүзін қайта шығару керек. Үңгу кезінде белгіленген жерден 1—2 мм ілгерілеу алып, бірге-бірге керекті мөлшерге жақындата қашаған жөн. Сонда саңылаулы жоңқалан газарта өңдегенде бастапқы белгіленген мөлшерге дәл келетін болады. Саңылау жасалғаннан кейін оның аузын тегістейді. Егер ағаттық екінші жағынан тесіл шығатындай саңылау жасау қажет болса, онда екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы бағытта қашаған дұрыс. Сонда саңылаудың екі жақтағы аузы да біртегіс болып шығады.

Қашау кезінде (әсіресе тұтас тескенде) өңделетін детальдың астына ағаш кесіндісін немесе фанера қойған жөн, сонда жұмыс істейтін столдың беті бүлінбейді.

Қазақстандағы ағаш өңдеу зауыттары   

    Ағаштан жасалған бұйымдарды ұзақ пайдалану үшін, оларды шірік алмау үшін, көп жыл сақталуы үшін арнайы өңдеу керек, яғни, антисептикпен ылғалдау керек. Әсіресе далада тұратын ағаш бұйымдар өңделмесе, тез бұзылады. Таз аурулары, ультрафиолет сәулелері және жауын шашын ағашты тез құртып жібереді. Антисептиктер ағаш бұйымдардың пайдалану мерзімін ұзартады. Мысалы, антисептикпен өңделген ағаш шпалдардың пайдалану мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін созылады, электрқуаты және байланыс жүйелері бағаналарының пайдалану мерзімі 12 жылдан 50 жылға дейін, ал ағаш көпірлер мен гидроқұрылыстардың пайдалану мерзімі 10 жылдан 40 жылға дейін ұзарады. Осылардың алдын алу үшін ағашты алдымен зауыттарда өңдеп шығарады.

Қазақстанда ағаш өңдеу зауыттары кеңінен  дамып келе жатыр, сол сияқты «Семей ағаш өңдеу зауытына» тоқталғым келеді.

«Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС 2004 жылы құрылған. Бұл зауыт қеңес  дәуіріндегі Семипалатинск қаласындағы (Қазақстан) «УМИТ» (управление механизации и транспорта) Автобазасы жер көлемінде ашылды. Жер телімі, ғимараттар, қазандық жаңа зауыттың еншісінде қалды. 

         Бірінші күннен бастап зауыт шпал өнімдерін өңдеудің қазіргі заманғы жаңа әдісін пайдаланды. Бұл әдіс бойынша тәулігіне 3000 шпал өңделеді. Ылғалдап өңдеу әдісі; САД – ДВ кептіру, вакуум- атмосфералық қысым. Өңдеу стандарт талаптарына, технологиялық ңұсқауларға сай, 20022.1 ГОСТ бойынша жасалады. Зауыттың жақсы дамыған техникалық инфрақұрылымы, қалыптасқан шикізат жүйесі бар. Қазір зауытта мына бөлімдер жұмыс істейді: 

  • Ағаш бұйымдары цехы 
  •   Жиһаз цехы 
  •   Металл бұйымдар цехы 
  •   Ұста цехы 
  •   Балқытып біріктіру цехы 
  •   Темір ұста цехы 
  •   Пластик терезелер цехы

 

 

         

 

 


 

 

 Дамыған цех жүйесінің арқасында зауыт мердігер және қосалқы мердігер ретінде құрылыс жұмыстарына да тапсырыс алады. Автокрандары, КамАЗдары, самосвалдары мен зауыттың меншік автопаркі бар. Бұл автокөліктер жалға да беріледі. Қыс мезгілінде бұл техника көмір тасу үшін пайдаланылады. «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС Семей қалалық «Теплокоммунэнерго» МӨК қазандықтары үшін қызмет көрсететін жалғыз жеткізуші болып тұрғанына екінші жыл болды. 

        Кәсіпорын бірнеше жыл мемлекеттік сатып алуда белсенділік көрсетуде. Осы шаралардың қорытындысы бойынша зауыт құрылыс, құрылыс - құрастырушы жұмыстарын жүргізуде. Мектептер, су құбырлары жүйесінің, т.б. нысандардың құрылыстары осы кәсіпорынның есебінде.

Кәсіпорынның  мемлекеттік лицензиялары:

- Құрылыс материалдарын, өнімдерін, жинақтарын шығару үшін 18.08.2008 жылы берілген 08 – ГСЛ № 08 – 00928 мемлекеттік лицензиясы;

- Құрылыс – құрастыру жұмыстарын  жүргізу үшін 16.06. 2008 жылы берілген 08- ГСЛ № 08-00772 мемлекеттік лицензиясы;

- Жобалау – зерттеу жұмыстарымен  айналысу үшін 21.01. 2009 жылы берілген 08-ГСЛ № 08-01202 мемлекеттік лицензиясы. 

          2007 жылы «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС отандық тауар шығарушы болып, соның дәлелі ретінде сауда - өнеркәсіп Палатасының куәлігіне ие болды. 2009 жылы шпалдар мен брустар өндірісінде «CT-KZ» пішінді тауарларды өткізуі туралы куәлігін иеленді. 

          2008 жылы аталған зауыт СТ РК ИСО 9001 – 2001 талаптарына сай «Сапа менеджменті жүйесінің» сәйкестік куәлігін алды.

«Семей  ағаш өңдеу зауыты» антисептиктермен ағаш өңдеу саласында бірнеше жыл өзін көрсете білуде. 

Қазіргі таңда шығарылатын өнімдер:

  • Жолдың жоғарғы құрылысына арналған шпал өнімдері
  • 1-інші және 2-нші типті өңделген шпалдар
  • Ағаш бұйымдарға, құрылысқа арналған кесілген және кесілмеген ағаш
  • Телеграф бағандарын ылғалдап өңдеу
  • Көпір брустары
  • Кең рельсті темір жолға арналған бұру ағаш брустары
  • Темір жол бұру тілі брустары

 

         Қазіргі кезде А2, А3, А4, Б2 типті және Р65 1/18, Р50 1/11, Р65 1/9, Р50 1/9, жинақты брустарын жасайды

        А2 жинағы 1- інші типті брустардан тұрады 

        А3 жинағы 1-інші және 2-нші типті брустардан тұрады 

        А4 және Б жинағы 2- нші және 3-інші типті брустардан тұрады 

        1 - інші типті брус магистраль жолдарға арналған 

       2 - нші  типті брус стансалық жолдар мен кіріс жолдарға арналған 

         * Сонымен қатар тұтынушының тапсырысы бойынша жинақтар құрастырылады. 

         «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖҚХ жоғары сапалы өз өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағындағы белгілі компанияларға және шет мемлекеттер компанияларына өткізеді. Соның ішінде:

  • «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ”ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ
  • «ЖЕЛДОРСТРОЙ» АҚ
  • «ЦДС» АҚ
  • «ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ – «ЖЕЗКАЗГАНЦВЕТМЕТ» ӨБ
  • «ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ – «БАЛХАШЦВЕТМЕТ» ӨБ
  • «КАЗКАРГРУПП» ЖШС
  • «ДҮНИЕ» КОРПОРАЦИЯСЫ
  • «САМЕР» ЖШС
  • «ВШПЗ» ЖШС

және  тағыда басқалары.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА  
«Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС 
Осы таблица 20022.5 – 93 ГОСТ сай жасалған.  

          1. Ылғалдап өңдеу 20022.1 ГОСТ бойынша технологиялық ңұсқауға сай ҚЫСЫМ-ҚЫСЫМ-ВАКУУМ әдісімен жасалады. Бұл әдіс шпалдарды, бұру брустарын және көпір брустарын, электрқуаты және байланыс жүйесі бағаналарын ылғалмен өңдеу үшін пайдаланылады. 

          2. Кең рельстерге арналған ағаш шпалдарды, бұру тілі ағаш брустарын, көпір брустарын ылғалдап өңдеу үшін 2770-24 ГОСТ  бойынша таскөмір майы қолданылады. Антисептик жеке резервуарда сақталады. 

          3. Ағаштың ылғалы өңдеу алдында 25%- дан артық болмайды. 

          4. Алдын – ала ауа қысымын 0,2 (2) - ден 0.4.МПа (4кгс/см2) дейін болуы керек. Қылқан жапырақты ағаштың сұйық қысымы 1,2 МПа (12кгс/см2) артық болмауы керек, ал қатты жапырақты ағаштың сұйық қысымы 1.4  МПа (14кг/см2) артық болмауы керек. Бастапқы вакуумның және соңғы вакуумның тереңдігі 0,08 МПа (0,8 кгс/см2) болуы керек. 

          5. Қорғаныс құралдарының температурасы сұйық қысым кезеңінде 90 С кем болмайды.  

          6. Антисептикті бойына сіңіру нормасы – 96 кг/куб.м. 

          7. Ылғалмен өңдеудің тереңдігі – 5мм.  

         «Ылғалмен өңделген кең рельсті теміржолға арналған ағаш шпалдар (1-інші және 2-нші типті)», «Ылғалмен өңделген кең рельсті теміржолдың ағаш бұру тілдері (1-інші және 2-нші типті)», «Көпірлерге арналған ағаш брустар» көрсетілген технологиялық нормативтерге және №78-2004, №8816-2003, №28450-90, №20022.5-93 ГОСТ талаптарына сай жасалады.

 


 
 
Өндірістің технологиялық процесі  төмендегі операциалардан тұрады: 

          1. Шпал артылған (типіне байланысты 130дан – 168  данаға дейін) тар жолға арналған 4 вагонетканы ылғалдап өңдеу цилиндіріне дөңгелетіп жеткізу, қақпағын герметизациялап бекіту. 

          2. Буландыру змеевигінің көмегімен антисептикті жылу алмастыру жабдығында 95-1000С дейін ысыту, бірақ вспышканың температурасынан 50С төмен болуы керек. 

          3. Жүйе ішінде тікелей ауаның циркуляциясымен насос арқылы ылғалдау цилиндіріне ыстық антисептик толтыру. 

          4. ПДВ насосы арқылы 6 кг/см2 дейін антисептикпен сұйық қысым жасау. 

          5. Сұйық қысымның периоды. 

          6. Қысымды түсіру. 

          7. 2 кг/см ауа қысымын жасау. 

          8. 2 кг/см ауа қысымын ұстау. 

         9. Ылғалмен өңдеу цилиндірін антисептиктің қалдықтарынан тазарту. 

          10. Цилиндрден вагонеткаларды шығару.

Ағаш  конструкциялары

Ағаш  конструкциялары бірнеше себептер бойынша қолданылады - өзінің қасиетінен және басқа түрінен басқа, ағаш детальдар, оны неғұрлым тартымды жасай отырып, салудың сәулеттік дизайнын аяқтайды.  
 Ағаш конструкциялары белгілі бір тәртіпте орналасқан ағаш қиындыларынан тұрады.  Қиындылардың конструкциялары қосымша күшейтуге арналған аралық ағаш бөренелермен бекітіледі.  Болат тартылыстар көмегімен конструкцияның желге төзімділігін қамтамасыз етеді.  Ағаш конструкциялар мембранамен немесе қатты жабынмен (ауа тіреуіш құрылғылары секілді), бөлменің жылу және дыбыс оқшаулаушысын жақсартуды қамтамасыз ете отырып, қабырғалар немесе шатыр панельдері секілді   жабылуы мүмкін.  Спорттық нысандарын, ипподромдарды, өнеркәсіптік бөлмелерді, қойма ангарларын, автотұрақтарды және т.б. салу үшін ағаш конструкциялары қолданылуы мүмкін. 

Бөлмеге табиғи ауа ағымы мен келушілер  үшін жағымды атмосфераны қолдай отырып, ағаш конструкцияларын жылжымалы қабырғалары, терезелері мен есіктерін салуға және жаздық уақытта ашуға болады.  
 
Ағаш конструкциялардың негізгі басымдықтары:  

Ағаш станоктарының құрылысы