Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
Мазмұны:
КІРІСПЕ
1. Стилистика және оның проблемасы
1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.
1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.
2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
2.1. Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері
2.2. Метонимияны аударудың ерекшеліктері
2.3. Иронияны аударудың қиындықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Стилистика - тіл мамандарын
дайындайтын факультеттердің
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті - студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре отырып, стильдік қателерді болдырмауға үйрету.
Мектеп оқушыларының сөйлеу
тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын
сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын
орнымен пайдалана білмеу, синонимдік
қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе
штампқа құрылуы, шығарманы жалаң
лепірме патетикаға құрып жазу сияқты
т.б. қателер тән болып келеді.
Мұндай қателер тілдік құралдардың
стилистикалық «реңктерін»
Сондықтан оқушыларда стилистикалық
дағды мен стилистикалық
Тілдік пән ретіндегі стилистиканың предметі (пәні), міндеттері, сипаты, көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стилдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отыратыны да түсінікті.
Зерттеу
тақырыбының өзектілігі. Сөйлеудегі
«жанды тілдің» өзіне тән
Мәтін лингвистикасында
зерттеуді аса қажет ететін
маңызды мәселелердің бірі –
әңгімелеу мәтінінің тілдік
Зерттеудің
мақсаты көркем мәтін мазмұнын
құраушы мүшелердің бірі
- әңгімелеу мәтінін зерттеуге
тірек болатын теориялық
- мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге ала отырып, әңгімелеу мәтінінің тұтас мәтін жүйесіндегі орнын және қызметін, мәтін түрлерімен арақатынасын белгілеу;
- әңгімелеу
мәтінінің көркем шығармадағы
ақпараттық-мазмұндық,
- әңгімелеу
мәтінінің көркем шығармадағы
мағыналық-тақырыптық түрлерін
анықтап, олардың лексика-
-
әңгімелеу мәтінінің тілдік-
1. Стилистика және оның проблемасы
1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б. Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр. Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі. Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді: 1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар; 2) Стиль - тарихи категория; 3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; 4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы. Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады. Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады. Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды. Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті. Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі. Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді. Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.
1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.
Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.
Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль - тарихи категория;
3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы. [1, 41]
Бұл тұжырым стиль жөнінде
айтылған "белгілі бір тілдегі
лексикалық, грамматикалық және фонетикалық
тәсілдердің қолдану
Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады.
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. [6, 208]
Жаңа сөздердің енуі, сөз
мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің
мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан
шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша,
мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі
осы публицистикалық стиль
Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.
Публицистикалық стильде
сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік
себептері жоқ емес: біріншіден,
қазақ тілінде көпшілік ортасында
және ресми ортада сөйлеудің қажетті
болмауынан (тоқырау кезінде казақ
тілінде сөйлемеудің
Публицистика (латынша: publicus
– көпшілік, әлеумет) – қоғам
өмірі үшін маңызды мәселелерді
талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық
стиль қоғамдық талапқа сай жазылған
шығармалардың негізінде
Публицистикалық стиль –
қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте,
бұқаралық ақпарат құралдарында
қолданылатын функциональдық стильдердің
бірі. Публицистикалық стиль
Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.
2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
2.1. Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері
Аудармашы бір қарағанда
бастапқы мәтінде аз көрінетін көркем
сөздермен жиі кездесіп, оларды аударуы
қажет болуы мүмкін. Іс жүзінде
әрбір мәтін стилистикалық
Аударма барысында көп
кездесетін стилистикалық бірлік метафора
болып табылады. Бағзы заманнан адамзат
әлемнің бар кереметін
Мәселен, ағылшын тілінің
ескі түрінен енген «жануарларға»
қатысты метафораларға өзгеше белгілер
тән. Жануарлар мен құстар атауларының
көптеген бөлігі ағылшынның мәдени-тілдік
ұғымдарында «һе», яғни мужской родтағы
бейнені бейнелеу ұғымымен байланысты
болады. Қазіргі таңда ол грамматикалық
жүйе бойынша «іt», яғни средний родқа
жатады. «Не» метафоралық негізі әдетте
ағылшын тілінде Frog, Fish, Caterpillar, Tortoise
сөздеріне тән болса, салыстырмалы
түрде бұл атаулар орыс тілінде
әйел затын білдіріп, грамматикалық
жағынан женский родқа жатады.
Стилистикалық тәсілдермен
‘When we were little,’ the Mock Turtle went on at last, more calmly, ‘we went to school in the sea. The master was an old Turtle – we used to call him Tortoise.’
«Таңғажайып Әлеміндегі
Алиса» ертегісінен алынған
Кейін Тас бақа сәл тынышталып, терең демалып, сөйлей жөнелді: «Кішкене кезімізде біздер теңіз астындағы мектепке баратынбыз. Бізге теңіз тас бақасы сабақ берді. Біз оны Спрут атай деп атайтынбыз».
«Жануарларға» қатысты метафораларды
аударудағы келесі мәселе метафоралық
жағынан эмоционалды-бағалау
- He is a pig.
Ол шошқадай семіз.
- He is a swine.
Ол шошқадай арам.
Бұл жерде ағылшын тілінде балағаттау сөзінің қазақ тілінен айрықша келетіндігін байқауға болады. Ағылшынның баласын Piggy деп семіздігіне қарай лақап атпен атауы Шошқа деп қазақ тіліне жағымсыз жақта аударылады. Дегенмен, ағылшын мәдениетінде бұл ат тек бейнелік-метафоралық, келемеждеу атауын білдіреді. Сонымен, бұл метафораның түрі қосымша категория ішілік түр өзгерісін талап етеді. Мысалы, бұл сөзді аударма барысында Торай деп беруге болады. Егерде, Қой атауы болса, Қошақан деуге болады.
Көп жағдайда ашық метафора бастапқы мәтіндегі сөздермен бірге грамматикалық жағынан да өзгерісті талап ететін құрылымдық өзгерісті талап етеді. Мәселен:
I woke early to see the kiss of the sunrise summoning a rosy flush to the western cliffs, which sight never fails to raise my spirits.
Мен ертерек тұрып мені айнымастан шабыттандырушы көрініс – таң атқанда күн сәулесінен батыстағы жартастың алаулай жөнелгенін көрдім.
Мұндағы бастапқы стилистикалық бірліктің құрылымдық өзгерісі ағылшын және қазақ тіліндегі грамматикалық суреттеу мәдениетіндегі ерекшелікке байланысты. Егерде берілген құрылымды сөзбе сөз аударса, аударма жасанды кейіпте болады: «шыққан күннің сүйгенін батыс жартастарында қызғылт алауды көру, ешқашан көңіл-күйімді түсірмейтін көрініс».
Құрылымдық жағынан кедергілер ағылшын тілінде кеңінен қолданылатын метафоралық эпитетті аударуда туындайды. Мұндай жағдайда әдетте бастапқы метафораны қайта құру немесе қосу/түсіру тәсілдері қолданылады. Мәселен:
On the opposite bank an emerald ribbon of fields and foliage bordered the river; beyond laу the desert, the Red Land of the ancient texts.
Қарама – қарсы өзен жағалауын ағаштар мен даланың көгілдір түсі көмкерді; олардан әрі ежелгі хаттарда Қызыл Жер деп аталатын шөл дала созылып жатыр.
Кейбір жағдайда метафораларды аударуда мәдени түсініктердегі айырмашылықтарға байланысты болады. Мысалы, көптеген жағдайда ағылшынның “black” эпитеті метафоралық мағынада қолданыла отырып, сөзбе сөз аударылуы мүмкін. Өйткені, бастапқы сөз қазақ мәдениетіне сай келеді.
Black day – қара күн, қаралы күн
Black deed – қара іс, т.б.
Дегенмен, кейбір жағдайда ағылшын
және қазақ тілдеріндегі
Black sheep – нашар қой
Black frost – шытынаған аяз, т.б.
Жарнамалық мәтінде кездесетін
метафоралық бірліктерге
SPARKLER. Honeymoons, family outings, golf and tennis holidays… sparklingly spectacular! Discover the Sparkler, favourite of discerning vacationers of America and Europe. All’s 5-star sparkling, from beach, accommodations, dining, sports to service, service, service. Sparkler! Light up your life!
Мұндай жағдайда аудармашы
метафоралық негізді
СПАРКЛЕР – Гауһар тас.
Мұнда барлығы жоғары сынамалы гауһардай
жарқырап көздің жауын алады: бал
айы, жанұялық демалыс, спорт үшін таптырмас
орын... Спарклерден өз гауһарынызды
табыңыз – оны әлдеқашан
Метафоралық бірліктерді
аударудағы қиындық – бастапқы және
аударма тілінде құрылуы
2.2. Метонимияны аударудың ерекшеліктері
Метонимиялық сөз
Метонимия (гректің metonomadzo сөзі, қайта атау деген мағынаны білдіреді) деп – объектілерді салыстыра отырып атауларын алмастырумен байланысты болатын бір заттың атауын екінші затқа ауыстыру немесе өзге атпен атауды айтамыз.
Объектілерді
бір бірімен салыстыра
Бірі сирек қара шашты, келесісі сәнді таралған жирен шашты екі кісі бір біріне күн мен түндей іргелес тұрды. Жирені қауіптен қызықты бірнәрсе тапқандай қиялданып күлсе, қарасы көңілсіз тұнжыраушылық және қайғылы қаспен торығудың бейнесіндей көрінді.
Берілген мысалда бастапқы метонимияны аудару қиынға соқпайды, өйткені құрылымық және мазмұндық жағынан оны аудару тәсілдері қазақ және ағылшын тілдерінде ұқсас келеді.
Метонимияны аударудағы басты қиындықтардың бірі – ассоциацияға негізделген метонимияларды аудару:
а) зат пен оның бір белгісі арасында – метонимиялық эпитет,
ә) бүтін зат пен оның бөлшегі арасында – синекдоха,
б) жалпы мағыналы – белгілік негізге ие жалқы және жалпы есімдер арасындағы – антономасия.
Енді осы тәсілдерге қысқаша шолу жасалық. Метонимияның метафорадан айырмашылығы – оның салыстыруға мүлде келмейтіндігінде. Дегенмен, метонимия зат пен оның белгілі бір қасиеті немесе белгісінің арасындағы ассоциацияға негізделген метонимиялық эпитеттерді құруға қабілетті. Мысалы, «Түймедей қыз оның бар ауыр жұмысын жасады» сөйлемінде заттың белгісі адамға анықтама беріп тұр. Мұндай эпитеттерді екі жағдайға байланысты аудару қиынға соғады: анықтауыш сөз тіркестерінің құрылымын қайта құру мен метонимиялық сөз қолданысын қайта құру. Мәселен, қазақ тіліндегі бұл сөйлемді ағылшын тіліне аударуда метонимиялық сипат сақталмайды: «A button girl did his all dirty work for him». «A button girl» тіркесі ағылшын тілінде мүлде қолданылмайды, өйткені button объектінің өзіндік белгісі жоқ. Осы орайда, бұл жерде қолдануға қолайлы тәсіл тек белгіні объектіге өзгерту, яғни бастапқы бірлікті қайта категориялау. Бірақ, мұнда метонимия арқылы берілген бастапқы мәтіндегі эмоционалдық-бағалау хабарының бөлігі, «түймедей» белгісінің даралығы жоғалады. [11, 24]
Синекдоха (грекше synecdoche – жобалап түсіндіру, ара қатынасын белгілеу) әдетте бүтінді бөлшектеп, жалпыны жекелеп немесе керісінше атау барысында қолданылады. Түрлі тілде «бөлшек – бүтін» категориясының айтылу әдістері мен шектеулері әртүрлі болғандықтан оларды аудару қиынға соғады. Ағылшын тілінде синекдоха белгілі бір сөзде синтаксистік қызметте, кейде ең көркем құралды басқа стилистикалық тіркеспен ауыстыру үшін қолданылады. Мәселен, «These wheels will drive you at your pleasure» сөйлеміндегі «these wheels» тіркесі «this car» тіркесінің орнына синекдоха ретінде қолданылып тұр. Бұл сөйлемді қазақ тіліне «Бұл дөңгелектерді рахатыңызға жүргізесіз» деп аудару арқылы біз жарнамалық айтылымның стилистикалық сарынын жоғалтамыз. Өйткені, мұнда дөңгелек емес, машина жарнамаланып, дөңгелек машинаны астыртын білдіріп тұр. Бұл жерде парафразаны қолданған жөн: «Сіз дөңгелекті серігіңізді рахатыңызға жүргізесіз».
Аудармада антономасияны қолдану бастапқы нұсқаның өзгерісіне әкеліп соқтырады. Антономасияны аударуда белгілі бір аударма тәсілін қолдану тілдік және мәдени айырмашылықтарға негізделеді. «The guards now change at Buckingham Palace to a Lennon and Mc. Cartney» метонимиялық фразасын аударуда есімдерді аудару жеткіліксіз, мұнда метонимиялық тасымал негізін қайта құру керек («tune» және «music»). Өйткені, қазақ тілінің мәдени дәстүрінде метонимияның бұл түрі кең қолданылмайды және бұл есімдерге байланысты өзгеше қабылданады: «Букингем сарайының күзетшілері қазіргі кезде Леннон мен Маккартнидің әуенімен ауысады». Басқа жағдайда осы метонимияны мәдени дәстүрде салыстыра отырып өзгеріссіз жеткізуге болады. «Күзетшілердің» орнына «біздің әкелеріміз, алпысыншы жылғы әнсүйерлер Леннон мен Маккартнидің әуеніне балқиды».
Метонимияның бұл түрі
фирма басшысының атымен аталатын сауда
өнімдерінің атауларында
Some of these idle, shallow writings belong to fuzzy French dreamers, some of pushing American wheeler-dealers.
2.3. Иронияны аударудың қиындықтары
Ирония дегеніміз – бір заттың сыртқы оң кейпіне қарама-қарсы нәрсені ойша топшылау. Кейде ирониялар аудармада қиындық тудыратын тілдік бірліктер арқылы беріледі. Дегенмен, қиын жағдай әдетте әртүрлі мәдениетте дәстүрлі түрде иронияның берілу тәсілдерінің сәйкессіздігімен байланысты болады.
Ирония, сықақты айту формасы, мазмұны және атқаратын қызметі түрлі тілдер мен сөйлеу дәстүрінде әртүрлі тәсілдер арқылы жасалады.
Иронияны ағылшын және қазақ тілдерінде жеткізудің ең оңай тәсілі – «тырнақшаларды» қою.
When I left my public school
I had an extensive knowledge of Latin and Greek literature, knew a certain
amount of Greek and Latin history and French grammar, and had “done” a little
mathematics.
Мен орта
мектепті бітіргенде ежелгі
Иронияның күрделі түрі –
екі сапаны немесе бір тұйық контекстте
бірін–бірі жоққа шығаратын мүмкіндіктерді
қарама-қарсы қою. Мұндай контексттерді
аударудағы қиындық бастапқы мәтінде
екі бірдей ұқсас элементтерді аударма
тілінде өзгерту қажетболған
жағдайда және өзгертілген күйінде
мәтінге толық ирониялық
I went to Balliol University a good classic and a complete ignoramus.
Бұл сөйлемді аудару classic сөзін өзгерту қажеттілігімен байланысты және оның нәтижесінде туындаған балама толық түрде ирониялық сипатты (классикалық филология жөнінде маман, классикалық филология саласында білімдар және т.б.) тудыруға жеткіліксіз болады. Мұндай кезде аудармашыға ирониялық контекстте қарама-қарсы мәліметтерді біріктіруге жағдай жасайтын қосу тәсілінің көмегі тиеді.
Мен Баллиол университетіне классикалық филология саласындағы білімдар және басқа салаларда мүлде сауатсыз маман ретінде аттандым.
Келесі бір айырмашылыққа негізделген иронияны аударудағы қиындық антонимдік өзгеріс қажет болған жағдайда, өз кезегінде айырмашылықтың өзіндік құрылымын өзгертуді талап ету барысында кездеседі.
I knew vaguely that the first chapter of Genesis was not quite true, but I did not know why.
Қазақ тіліне бұл контекстті аудару барысында оның бірінші бөлігі өзгереді және ол екінші бөліктің өзгерісіне әкеп соқтырады.
Мен «Болмыс туралы кітаптың» басы шындықтан ауытқитынын күңгірт ұқсам да, бірақ қалайша екенін түсіне алмадым.
Күрделі
өзгерістер сөйлемнен тысқары
шығатын толық ирониялық

- Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар
- Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
- Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері
- Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері
- Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері
- Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
- Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
- Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі
- Ағаш станоктарының құрылысы
- Ағылшын абсолютизмі
- Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру
- Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)
- Ағылшын және қазақ мақал мәтелдері (табиғат құбылыстары компоненттері бойынша)
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі