Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
Мазмұны:
Кіріспе
- Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
- Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және даму тарихы
- Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі
2. Ағылшын тілінде
талантты және дарынды
2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік-психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау маақсатында жүргізіледі. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Зерттеудің өзектілігі: Таланттылық және дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме? Таланттылық және дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы белгілері, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы болып табылады. Талантты және дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенмен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту мәселесі бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.
Зерттеудің тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды ағылшын тіліне оқытудың ерекшеліктері
Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тілі сабағын оқыту кезеңінде талантты және дарынды балаларды анықтау ,балалар бойындағы таланттылық және дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары және оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігін нақтылау, әрі жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Талантты және дарынды балалардың ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін анықтау.
- Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды оқушыларды оқытудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау , зерттеу.
- Талантты және дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу және оқыту процесін тиімді ұйымдастыру;
- Қабілеттілікті дамытуға арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Зерттеу теориялық - әдіснамалық негіздері: Зерттеу жұмысының ғылыми теориялық негізі ретінде ғылыми – педагогикалық, әдістемелік еңбектердегі «Стрела» (Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру) әдісі, ынталандыру және әсерлендіру (Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу) әдісі, «таланттылық» және «дарындылық» ұғымына берілген анықтамалар мен пікірлер, ой тұжырымдары, көзқарастары негіз ретінде алынды.
Зерттеу обьектісі: Ағылшын тілі сабақтарында талантты және дарынды балалардың қабілетін арттырудағы әдіс – тәсілдер.
Зерттеу әдістері:
- Балалардың таланттылығын және дарындылығын бақылау.
- Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.
- Зерттелетін мәселе жөніндегі әдебиеттерді зерделеу, салыстыру, талдау, бақылау,
4. «Стрела» әдісі, «Бумеранг» әдісі. (рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару)
Зерттеудің тәжірибелік
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Талантты және дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі. Дарындылық үш бағытта анықталды: интелектуалды дарындылық, шығармашылық дарындылық, лидерлік дарындылық. Ағылшын тілі сабағы барысында талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың шығармашылық әдіс –тәсілдері анықталды.
Жұмыстың құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Талантты және дарынды
1.1 Таланттылық және дарындылық
ұғымының мән-мағынасы мен
Бүгінгі таңда дарынды және талантты бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық—адамның өз бейімділігі, шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми – практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беружүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондақтан, дарынды және талантты баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр.
Дарындылық –
баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен
дамып отыратын үздіксіз
Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды және талантты балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт- мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында» - деп нақтылаған.
ХІХ ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған.
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.
А.Құнанбаев адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демекпен . Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен, ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. ХХ ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыс екендігін ұғынып, халықты білімге шақырған болатын.
Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М. Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда – көріп тұрғандай боласың »- деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын.
Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет». Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты сараланған.
Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдірудегі ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С. Ж. Пралиев, Л.К.Керимов, Р.К.Төлеубекова; Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Шалғынбаева, С.Ғаббасов сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Балалар дарындылығын, таланттылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның салдарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.
Бірінші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Дарынды және талантты оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды және талантты оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтіндерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды және талантты баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігіп жасаған жұмысының мәні зор.Олар балаларды рухани азықтандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау керек. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады.
«Қабілетті дарын иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарттары – дарын иелерін таңдай білу қоғамның аз ғана бөлігін құрайтын дарын иелерін таңдаумен бірге, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады.
Дарынды балаларды даралау-бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке бөлуге болады.
- Шығармашылық дарындылық.
- Интеллектуалды, табиғи дарындылық.
3. Лидерлік дарындылық – деп, Отырар ауданының «Шеңгелді» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Ұлсерік Арыстан Жұматқызы өз тәжірбиесімен бөліскен. Осы тұрғыда дарындылық – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғары деңгейінен көрінуіне әсер ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші.
Дарынды және талантты баламен жұмыс жасауда білім ордасының мақсаты - оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасау, олардың қабілеттерін,ерекшеліктерін ашып, дамыту. Ол үшін:
1. оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау;
2. ғылыми – зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерін өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
3. ғылым, техника, өнер саласындағы жетістіктерін танымал ету;
4. шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту;
5. ғылыми ізденудің әдістерін үйрету;
6. шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
7. ғылыми білімнің әр адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру.
Дарындылық және таланттылық ұғымының бүгінгі білім беру үрдісіндегі мәні мен маңызы өте зор. Білім мен ғылымның даму сипатында елімізге өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлғаларды даярлауда интеллектуалды дамыған шығармашыл білім алушылардың рөлі айқын. Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озат технологиялар арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алды.
Бірқатар жас ғалымдар - Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді. Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттеулердің шоғырлануына себепші болды.
70-ші жылдардың басында жеке-
Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті: мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді, өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.
Дарынды балалар,мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны” сезінеді (С. Марленд, 1972).
70-ші жылдардың соңында тек жеке емес, әрі мемлекеттік мектептер даралап оқытуды таңдауға көшті.
80-ші жылдардың басында дарынды балалардың мүмкінідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты. АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі) бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.
Біздің елімізде 20-шы - 30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.
В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді: “Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау, жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”. Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.
Ерте уақыттан бастап, ХІV ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты. Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге, әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген. “Созерцательная деятельность разума” терминін енгізе отырып, ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. “Сананың мазмұнды іс-әрекеті” (ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рахымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен, кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды. Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.
Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық” қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.
Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды. Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.
Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті. Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті” бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер саласында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер, заңгер, геологтар тағы басқа “психологиялық портретін” құрастырды. Х. Уарте талант табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты. Адамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.
Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология, сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.
Осылай, Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы” трактатында этикалық сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне, оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.
Ғылымды дифференциялаумен байланысты (ХІХ ғ.) психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі - англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ.). Ол адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның пайда болуы мен заңдылығы” атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.
- Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
- Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаянын талдай келе, қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.
Э. Мейман (ХVІII-ХІХ ғ.ғ.) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды. Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зерттей отырып, осының негізінде “нышан типтерін” бөлді. Осымен қатар, Мейман табиғи, жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды. Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес, қиял тағы басқа даралық ерекшеліктерді зерттей отырып, олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады, әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін: тәрбие мен дарындылықтың, табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.
Диффренциалды психологияның зерттелу көзі - адамның жекелігі болып табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп, “ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.
В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары, міндеттері) және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша, ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.
Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес, ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине-Симон әдістемесі).
В. Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы принципіне негізделген, қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастырады.
ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты, қазақтың орыс мәдениті негізделуіне, балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады. Осылай, Ы. Алтынсарин “табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз етуге қабілетті, ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп, үйренуге тек білім беру ғана қабілетті” деген. Біз осыны саналы түрде түсінеміз және осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша мектептерге береміз.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген. Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы, ең жоғары пікірде болды, “қырғыз-қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".
Абай Құнанбаев “адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі, бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады”. Ақынның тұжырымы бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады. Осылай, қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке - тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр басында өмір сүрген қоғам қайраткерлері, педагогтары (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және тағы басқалар) маңызды әсер етті. Олардың психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
Ж. Аймауытов өзінің “Психология және мамандықты таңдау” оқулығында эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет, мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.

- Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
- Ағылшын тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыру
- Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері
- Ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану
- Ағылышын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және ұқсастықтары
- Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары
- Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
- Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар
- Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
- Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері
- Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері
- Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері