Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе ......................................................................................................................3

 

1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне берілуі....................................................................................................................5

    1. Бастауышты және баяндауышты бағыныңқы сөйлемдер..................................5
    2. Толықтауышты және анықтауышты бағыныңқы сөйлемдер.............................7
    3. Пысықтауышты бағыныңқы сөйлемдер............................................................10

 

2. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері ................................17

2.1 «Harry Potter and the Order of the Phoenix» шығармасындағы бағыныңқы сөйлемдердің түрлері........................................................................................17

 

Қорытынды..............................................................................................................21

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне аударуда сөйлемдерді оқырманға тұтастай жеткізуі және аудару барысында грамматикалық ерекшеліктерді анықтап білуі.

Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі бағыныңқы сөйлемдер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін, тәсілдері мен амалдарын анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аударуда аударманың тиімді амал-тәсілдерін, жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан айқындау;
  • ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аудару барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы аударма жасау.

Зерттеудің теорриялық маңыздылығы. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне берілу процесіндегі аударма теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның универсалды ұстанымдары мен ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы лингвистика салаларының даму сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады. Зерттеу нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары жалпы аударма теориясы, ағылшын және қазақ тіл білімі мәселелерін жан-жақты сұрыптауға, олардың теориялық принциптерін негіздеуге көмектесе отырып, жаңа ғылыми бағыттардың өзек ала бастауына әсер етеді.

Зерттеудік практикалық мәнділігі. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді қазақ тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда  қолдануға болады. Курстық жұмыста ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тілі ғылымындағы аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен, жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің теориялық курстарында, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын  жасап жинақтау барысында жан-жақты пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің теориялық бағыттары сөз болғандықтан сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, талдау әдістері қолданылды. Жұмыстың екінші тарауы жалпы аударма теориясы мен ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдеріне арналғандықтан онда  жүйелеу, сыни тұрғыдан баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі, жүйелі-кешенді талдау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (тоериялық бөлім), практикалық бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне берілуі

    1. Бастауышты және баяндауышты бағыныңқы сөйлемдер

 

Сабақтас құрмалас сөйлем деп – құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз  болып, екінші сөйлемге бағына байланысуын  айтамыз. Жай сөйлемдердің бірі –  басыңқы, яғни ой тиянақты, аяқталған, ал екіншісі – бағыныңқы, басыңқы сөйлемді толықтырып тұрушы [2, 117 б].

Ағылшын тілінде бағыныңқы  сөйлемдер басыңқы сөйлеммен бағыныңқы шылаулармен, шылаулық сөздермен немесе шылаусыз байланысады. Бұл сөйлемдер қазақ тіліне аударылғанда шартты рай, көсемше және есімше жұрнақтары арқылы аударылады [7, 409 б].

а) Бағыныңқы шылаулар көмекші сөз таптарының қызметтерін атқарып, басыңқы сөйлеммен бағыныңқы сөйлемді байланыстырады. Олар өз бетінше қандай да бір сөз табының қызметін атқара алмайды.

I was out when he came.   

Ол келгенде, мен үйде болған жоқпын.

б) Ағылшын тілінде шылаулық сөздер кейбір есімдіктер және үстеулерден тұра алады. Олар басыңқы сөйлем мен бағыныңқы сөйлемді байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар, өздері де бағыныңқы сөйлемдердің мүшелерінің бірі бола алады [7].

I don’t know what you mean (what –mean етістігіне тура толықтауыш).

Сенің не айтып  тұрғанынды білмеймін.

в) Бағыныңқы сөйлемдер  басыңқы сөйлемдермен шылаулар немесе шылаулық сөздердің көмегінсіз-ақ байланыса  алады [7]. Мысалы:

The book you gave me is very interesting.

Сіз берген кітап  қызықты екен.Had I been there, I should have helped him.

Егер мен сол  жерде болғанда, оған көмектесетін едім.

He said he would call in the morning.

Ол таңертең хабарласатынын айтты.

Ағылшын тілінде қазақ  тілінен қарағанда бағыныңқы  сөйлем басыңқы сөйлеммен үтір арқылы ажыратылмайды.

Бағыныңқы сөйлемдер құрмалас сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің біреуінің қызметін атқарып, жай сөйлемдер сияқты қарапайым сұрақтарға жауап береді. Сол себепті оларды жай сөйлемнің кең тараған түрі ретінде қарасытырады [7, 410 б]. Қанша сөйлем мүшелері болса, сонша бағыныңқы сөйлем түрлері бар:

  1. Бастауышты бағыныңқы сөйлем (Subject clauses)
  2. Баяндауышты/предикативті бағыныңқы сөйлем (Predicative clauses)
  3. Толықтауышты бағыныңқы сөйлем (Object clauses)
  4. Анықтауышты бағыныңқы сөйлем (Attributive clauses)
  5. Пысықтауышты бағыныңқы сөйлем (Adverbial clauses)

 

Бастауышты  бағыныңқы сөйлемдер (Subject clauses) бастауыштың қызметін атқарып, кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Олар басыңқы сөйлемдермен мынадай жолдармен байланысады [7]:

  1. That, whether, if шылаулармен:

That he has made a mistake is strange.

Оның қате жасағаны қызық екен.

Whether they will come today is not known yet.

Олардың бүгін  келетін-келмейтіні әлі белгісіз.That you may meet them at the hotel is quite possible.

Сенің оларды қонақүйде  кездестіріп қалуын біршама мүмкін.

  1. Немесе who (whom), whose, what, which, when, where, how, why сияқты шылаулық сөздермен:

Who saved his life remained unknown.

Оны құтқарған  адам белгісіз болды.

What I know about it is a secret.

Менің бұл жайлы  білетінім – құпия.

What she wanted was sea air.

Оның бар қалағаны – теңіздің ауасы еді.

When we shall start is uncertain.

Біздің қашан  жүретініміз белгісіз.

How this happened is not clear to anyone.

Бұның қалай болғаны  ешкімге беймәлім. Бастауышты бағыныңқы сөйлемдер кейде баяндауыштан кейін тұрады. Бұл кезде баяндауыштың алдына it есімдігі болады [10]. Мысалы:

It is impossible that he has failed the exams.

Оның емтихандардан  құлауы мүмкін емес.

It is strange that he didn’t want to go with them. 

Оның олармен  барғысы келмегені қызық екен.

Бастауышты бағыныңқы  сөйлемдердің бастауыштары қазақ тіліне бастауыш болып аударылмай, Ілік септігінде аударылады және бастауышты бағыныңқы  сөйлеммен басыңқы сөйлемнің  арасында үтір қойылмайды.

 

Баяндауышты бағыныңқы сөйлемдер (Predicative clauses) баяндауыштың қызметін атқарып, бастауыш қандай? ол не? деген сұрақтарға жауап береді. Бастауышты бағыныңқы сөйлемдердегі шылаулар мен шылаулық сөздер де осы баяндауышты бағыныңқы сөйлемдерде қолданылады [7]. 

  1. That, whether, if шылаулармен:

    The suggestion was that no one should interfere.

Ұсыныстың мәні ешкімнің араласпауында болды. 

   The question is whether they will be able to help us.

Олар көмектесе  ала ма деген сұрақ туындады.

    The trouble is that I have lost his address.

Жайсыздықтың  бәрі – мен оның мекен-жайын жоғалтып алуымда.

 The result was that we had not gone there.

Нәтиже – біздің ол жерге барғанымызда.

  1. Немесе who (whom), whose, what, which, when, where, how, why сияқты шылаулық сөздермен:

   The question was why no one had heard the shot.

Неге оқтың  атылғанын ешкім естімеді деген сұрақ туындады.

    The weather is not what it was yesterday.

Ауа райы кешегідей  емес.

   That is why I have come to you.

Сол себепті мен  сізге келдім.

 

    1. Толықтауышты және анықтауышты бағыныңқы сөйлемдер

Толықтауышты  бағыныңқы сөйлемдер (Object clauses) тура немесе жанама толықтауыштың қызметін атқарып, what? не? about what? не туралы? for what? не үшін? деген сұрақтарға жауап береді. Олар бастауышты және баяндауышты бағыныңқы сөйлемдердегідей шылаулар мен шылаулық сөздер арқылы байланысады [7].

Яғни: that, whether, if шылаулармен, who (whom), whose, what, which, when, where, how, why сияқты шылаулық сөздермен байланысады.

  He asked us what we thought of it.

Ол бізден бұл  туралы не ойлайтынымызды сұрады.

   I don’t know whether he will come.

Мен оның келетін  келмейтінін білмеймін.

   They laughed what he said.

Олар оның айтқандарына күлді.

   I have no idea where she lives.

Оның қайда  тұратынын мүлдем білмеймін.

   I’ll ask him to find out where Askar is.

Одан Асқардың қайда екенін біліп беруін сұраймын.

   He told me why he did not come.

Ол неге келмегенін айтып берді.

   Time will show if he is right.

Оның дұрыстығын уақыт көрсетер.

Көп кездерде that шылауы арқылы жасалады, тіпті кейде ол да түсіп  қалуы мүмкін.

I know (that) he was wrong.

Оның қателескенін білемін.

I thought (that) they were joking.

Олар қалжындап  жатқан шығар деп ойладым.

I know that he is in the laboratory = I know he is in the laboratory.

Ол зертханада екенін білемін.

He told us that he felt ill.

Ол өзін нашар сезініп тұрғанын айтты.

He has just gone away saying that he will return in an hour.

Бір сағаттан кейін  келемін деп, ол шығып кетті.

I know (that) he has returned.

Оның қайтіп келгенін білемін.

He said (that) he felt tired.

Ол шаршап тұрғанын айтты.

 

Анықтауышты бағыныңқы сөйлемдер (Attributive clauses) анықтауыштың қызметін атқарып, қандай? қайсысы? с.с.т. сұрақтарға жауап береді. Басыңқы сөйлемдегі бастауышты анықтайтындықтан олар солардан кейін тұрады және мынадай шылаулар арқылы байланысады: who, whom, whose,  which, that (қатыстық сын есімдермен); when, where, why (үстеулерімен) [7].

Егер бағыныңқы сөйлемнің  соңында предлог тұрса, онда ол шылаулық сөзге қатысты болып келеді.

Анықтауыштық бағыныңқы сөйлемдер үш түрге бөлінеді: жекешелеуші, жіктеуші және сипаттамалы.

Жекешелеуші

1. Жекешелеуші бағыныңқы сөйлемдер тек тұлға мен заттарға айтылған және оларды басқалардан ерекшелейтін жеке қасиеттерін береді. Бұл жағдайда анықталушы зат есім белгілі артикльмен қолданылады [7]. Мысалы:

 The man who had called on you left a message.

Сіздің халіңізді  көруге келген адам хабарлама тастап кетті.

I know the man whom you mean.

Сіз айтып тұрған адамды мен білемін.

The reason why he did not come is not clear.

Оның келмеген себебі белгісіз.

The children who live in that house are my son’s friends.

Анау үйде тұратын балалар – менің баламның достары.

Here is the book that you have been looking for.

Міне, сіз іздеген  кітап.

I have found the book that I was looking for.

Мен іздеген кітабымды  тауып алдым.

I know a man who can help us.

 

Мен бізге көмектесе  алатын адамды білемін.

Жекелеуші анықтауышты сөйлемдерде whom, which қатыстық есімдіктері жиі that есімдігімен орын алмастырады.

There is the student that (whom) we saw at the theatre yesterday.

Мынау кеше біз  театрдан көрген студент қой.

That есімдігінің алдында предлог тұра алмайды. Бұл кезде предлог етістіктен кейін, егер толықтауыш тұрса, толықтауыштан кейін тұрады.

The man that you are speaking about is in the next room.

Сіз айтып отырған  адам келесі бөлмеде тұр.

This is the house that I used to live in.

Мен бұрын тұрған осы үй.

Who есімдігі сирек that есімдігімен алмастырылады. Ал whose есімдігі болса, that есімдігімен ауыстырылуы мүмкін емес.

Сөйлемдердің  шылаусыз байланысуы

Егер анықтауышты бағыныңқы  сөйлемдерде which, that, who қатыстық есімдіктері бастауыш болмаса, онда олар түсіп қалуы мүмкін, сөйтіп бағыныңқы сөйлемдер шылаусыз байланысады. Бұл құбылыс сөйлеу тіліне тән. Осындай бағыныңқы сөйлемдер қазақ тіліне есімше болып аударылады [10].

Where is the letter (which) I gave you to read?

Мен сізге берген (есімшенің -ген жұрнағы) хат қайда?

There is the book (that немесе which) we have spoken about.

Біз айтып отырған (есімшенің -ған жұрнағы) кітап осы.

Give me the book which I gave you yesterday. = Give me the book I gave you yesterday.

Мен кеше берген кітапты берші.

There is the girl that (whom) I saw in the restaurant yesterday. = There is the girl I saw in the restaurant yesterday. 

Мен кеше мейрамханада көрген қыз ғой.

He posted the letter that (which) he had written. = He posted the letter he had written.

Ол өзі жазған хатты жіберді.

Тағы мысалдар:

The drawing the engineer gave us helped to understand the task better.

Инженер берген сызбалар бізге мәселені жақсырақ түсінуге көмектесті.

The book the teacher read to us yesterday describes the life of young workers.

 

Кеше бізге  мұғалім оқып берген кітап - жас жұмысшылардың  өмірлерін баяндайды.

Бұл мысалдарда анықтауышты  бағыныңқы сөйлемдердің шылаусыз байланысқанының  белгісі ретінде екі бастауыштың тоғысуы, және екінші бастауыштан кейін етістік жақтық тұлғада келуі болып табылды [10].

Егер түсіп қалатын  шылау сөзінің алдында предлог  тұрса, онда ол бағыныңқы сөйлемнің  соңына кетеді (етістіктен кейін немесе толықтауыштан кейін тұрады): 

This is the house in which we live. = This is the house we live in.

Міне – біз  тұрып жатқан үй.

The house I live in is not far from the institute.

Мен тұрып жатқан үй институттан алыс емес.

Бағыныңқы сөйлемнің бастауышын атқаратын қатыстық есімдігі болса, онда ол түсіп қалмайды.

The man who is sitting there is my brother.

Ана жерде отырған  кісі – менің ағам.

The picture which (that) hangs on the wall was painted by Repin.

Қабырғада ілулі  тұрған суретті Репин салған.

Жіктеуші

2. Жіктеуші бағыныңқы сөйлемдер – тұлға не заттың қай класқа тән екенін білдіретін сөйлемдер. Анықталушы сөз жекеше жақта тұрса, онда ол белгісіз артикльмен қолданылады [7]. Мысалы:

Children who live by the sea usually begin to swim at an early age.

Теңіз жағасында  тұратын балалар көбінесе жүзуді ерте жастан бастайды.

A letter which is written in pencil is difficult to read.

Қаламмен жазылған хатты оқу қиын.Жіктеуші анықтауышты бағыныңқы сөйлемдерде whom, which қатыстық есімдіктері that есімдігімен ауыстырылуы мүмкін.

A letter that (which) is written in pencil is difficult to read.

Қаламмен жазылған хатты оқу қиын.

Сипаттамалы

3. Сипаттамалы бағыныңқы сөйлемдер тұлға не затты (тұлғалар не заттарды) сипаттау үшін немесе олар жайлы қосымша мәлімет беру үшін қолданылады [7].

In the street I met some children, who showed me the way to the station.

Мен көшеде маған  сапаржайға дейінгі жолды көрсеткен  балаларды кездестірдім.His brother, whom I met yesterday, studies at our university.

Оның ағасы, кеше мен кездестіріп қалған, біздің университетте  оқиды.

The manager of our office, who is highly educated man, speaks several foreign .

Білімі жоғары, біздің кеңсенің меңгерушісі бірнеше  шет тілдерінде сөйлейді екен.

Ескерту: сипаттамалы анықтауыш қандай да бір затты біртектес түрлер/клас ішінен ерекшелеу үшін емес, оған қосымша мәлімет беру үшін ғана қолданылады. Себебі айтылып жатқан зат бәріне белгілі болып келеді.

Сипаттамалы анықтауышты сөйлемдерде байланыстырушы есімдіктері түсіп қалмайды, ал that есімдігі whom, which, who есімдіктерінің орнына қолданылмайды, яғни ауыстырылмайды [7].

Жекелеуші және жіктеуші анықтауышты сөйлемдер басыңқы сөйлемнің мазмұнын құртпай түсіп қалуы мүмкін емес, себебі бұл сөйлемдер заттың айрықша қасиеті бейнелейді. Ал сипаттамалы анықтауышты сөйлемдер басыңқы сөйлемнің мазмұнын бұзбай түсіп қалуы мүмкін, себебі олар тек қосымша мәлімет береді [7].

Жекелеуші және жіктеуші анықтауышты сөйлемдер басыңқы сөйлемнен үтір арқылы ажыратылмайды. Сипаттамалы анықтауышты сөйлемдер болса, көбінесе үтірмен ажыратылады [4].

 

    1. Пысықтауышты бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses)

 

Пысықтауышты бағыныңқы сөйлемдер пысықтауыштың әртүрлі қызметтерін атқарып, when? қашан? where? қайда? why? неге? how? қалай? және т.б. сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай былай бөлінеді: (1) мезгіл, (2) мекен, (3) себеп, (4) салдар, (5) қимыл-сын, (6) қарсылықты, (7) мақсат, (8) шартты [10].

Пысықтауышты бағыныңқы  сөйлемдер тек басыңқы сөйлемнің алдында келгенде ғана үтірмен ажыратылады.

  1. Мезгіл бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial verbs of time)

Мезгіл бағыныңқы сөйлемдер when? қашан? how long? қанша уақыт бойы? since when?қашаннан бері? деген сұрақтарға жауап береді. Олар басыңқы сөйлеммен when, till, until, whenever, as soon as, while, as long as, as since, after by the time (that) , before шылаулары арқылы байланысады [7, 438 б]:

Мысалы:

I was there before I came here.

Осында келмей тұрып, мен ана жақта болдым.

When I was going down the road, I met your sister.

Көшемен келе жатқанда, мен сіздің қарындасыңызды кездестірдім.

I won’t leave until you come.

Сен келмей, мен  кетпеймін.

I haven’t seen her since she left school.

Ол мектепті бітіргеннен  бері, мен оны көрмеппін.

After the agreement had been signed, the delegation left Moscow.

Келісімге қолдарын қоя салысымен, делегация Мәскеуден  кетіп қалды.We have not had any news from him since he left Moscow.

Ол Мәскеуден  кеткелі, біз ол жайлы еш хабар алмадық.

I shall stay here until (till) you return.

Сіз келмегенше, мен осында қаламын.Ескерту: Мезгіл (сонымен қатар шартты) бағыныңқы сөйлемдердің бір ерекшелеігі – бұл сөйлемдердің етістік-баяндауыштарының ешқайсысы келер шақта қолданылмауы. Егер бағыныңқы сөйлем келер шақтың іс-әрекетін білдірсе, онда осы шақ қолданылады [7].

I’ll buy that novel when it comes out.

Роман жарыққа  шыққанда, мен оны сатып аламын.

You will be informed as soon as he comes.

Ол келісмен сізге  хабарлайды.

By the time you come, I shall be ready.

Сен келетін уақытқа  дейін, мен дайын боламын.

While you are having dinner, I shall be reading the newspaper.

Сіз тамақтанып жатқанда, мен газет оқып отырамын.

When I come back, I’ll call you.

Мен қайтып келгенде, сізге хабарласамын.

While немесе as және when шылаулары әр түрлі жағдайларда қолданылады. While/as шылаулары іс-әрекеттің созылыңқы болуын білдірсе, when шылауы іс-әрекеттің аяқталған түрін, яғни Simple-да болады [4, 159 б].

While he was explaining all this, the phone rang.

Ол бұлардың бәрін  түсіндіріп жатқанда, телефон шырылдады.

While I was sitting in the garden, he came up to me.

Мен бақшада отқанда, ол менің қасыма келді.

It was late when I went home.

Үйге бара жатқанда, дала тым кеш еді.As I was coming here, I met your brother.

Мен осы жаққа  келе жатқанда, сіздің ағаңызды кездестіріп  қалдым.

He was reading when I entered the room.

Мен бөлмеге кіріп  келгенде, ол кітап оқып отырған.

  1. Мекен бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of place)

Мекен бағыныңқы сөйлемдер where? қайда? from where? қай жақтан? деген сұрақтарға жауап беріп, басыңқы сөйлеммен where және wherever шылауларымен байланысады [7].  Мысалы:

She wanted to live where she was born.

Ол өзінің туған  жерінде тұрғысы келді.

She stood where I had left her.

Ол мен қалдырып кеткен жерде тұрды.

The house stands where the road turns to the left.

Үй- жолдың солға бұрылатын жерінде.

I like to spend my leave where I can shoot.

Аң аулауға  болатын жерде демалысымды өткізгенді жақсы көремін.They went where you sent them.

Олар сіз жіберген жерге кетті.

Wherever he went, he was welcome.

Қайда бармасын, бәрі оны жақсы қарсы алады.

I shall go where my brother lives.

Мен ағам тұрып  жатқан жерге барамын.

They stopped where the road turned to the river.

Олар жолдың өзенге бұрылған жерінде тоқтады.

  1. Себеп бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of cause)

Себеп бағыныңқы сөйлемдер why? неге? деген сұраққа жауап береді [7]. Олар басыңқы сөйлеммен шылаулар арқылы байланысады:

because - себебі

as, since, for - сол себепті

now (that) - қазір енді

Мысалы:

I’m late because I was very busy.

Қолым бос болмағандықтан, мен кешігіп қалдым.

Since you feel tired, you should rest.

Ақыры шаршапсыз, сіздің демалғаныңыз жөн болар.

He walked quickly for he was in a great hurry.

Қатты асыққандықтан, ол тез жүрді.

I went away because there was no one there.

Онда ешкім  болмағандықтан, мен кетіп қалдым.

As there were no porters, we had to carry the luggage ourselves.

Жүк тасушы болмағандықтан, біз өз жүктерімізді өзіміз тасуға тура келді.

Since you have finished your work, you may go home.

Өз жұмысыңызды  бітіргендіктен, сіз үйіңізге бара беруіңізге болады.

Now that he is here, he can help you.

Енді ол осында болған соң, сізге көмектесе алады.

Now (that) he is here, he can help you.

Енді ол осында болған соң, сізге көмектесе алады.

I believe you because I know you.

Мен сізді білгендіктен, сізге сенемін.

  1. Салдар бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of result)

Салдар бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің толық мазмұнынан шығатын салдарды білдіреді. Олар басыңқы  сөйлеммен so that (so… that) – сөйтіп шылауы арқылы байланысады. Сөйлеу тілінде көбінесе so шылауы ғана қолданылады [10], мысалы:

He went to the lecture early so that he got a good seat.

Ол дәріске  ерте барды, сөйтіп ол жақсы орында отыр.

The snow blew in our faces so we could hardly see.

Бетімізге қар  жауғандықтан, біз әрең дегенде көре алдық.

She sat behind me so that (so) I could not see the expression on her face.

Ол менің артымда  отырғандықтан, мен оның бет әлпетін  көре алмадым.

  So шылауы басыңқы сөйлемнің ортасында да тұруы мүмкін:

He was so embarrassed that he could hardly understand her.

Оның қысылғаны  сонша, ол оны әрең дегенде түсінді.

It was so hot that nobody wanted to do anything.

Ыстық болғаны  сонша, ешкімнің ешнәрсе істегісі келмеді.

The ball was so large that the child couldn’t hold it.

Доптың үлкен  болғандықтан, бала оны ұстай алмады.

The weather was so bad that the plane could not start.

Ауа-райының сонша  жаман болғанынан, ұшақ ұша алмады.

Салдар бағыныңқы сөйлемдер  қазақ тіліне сонша үстеуі арқылы аударылады.

  1. Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of manner)

Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдер how? қалай? деген сұраққа жауап беріп, басыңқы сөйлеммен as, that, as if, as though, than, as…as, (not) so…as, the…the шылауларымен байланысады [7]. Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдер қазақ тіліне -дай, -дей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады [2]. Мысалы:

You must know this question as he does.

 

Сен бұл сұрақты  ол білетіндей білуін керек.

I will do as I like.

Нені істегім  келсе, соны істеймін.

He played so well that everybody admired him.

Оның жақсы  ойнағаны сонша, барлығы сүйсіне  қарады.

She spoke as though nothing had happened.

Ол ешнәрсе  болмағандай сөйледі.

You answer as if you did not know this rule.

Сіз бұл ережені  білмейтіндей жауап беріп жатсыз.

1 Ескерту: As if және as though шылаулары:

Егер бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет не жағдай басыңқы сөйлемдегі іс-әрекет не жағдаймен бір мезгілде, қатар орындалса, бағыныңқы сөйлемдерде Past Indefinite (немесе Past Continuous созылыңқы іс-әрекетпен) қолданылады [10].

He spoke as if he knew this question very well.

Ол бұл сұрақты  жақсы білетіндей сөйледі.

They walked slowly up the stairs as though they were carrying something heavy.

Олар ауыр бір  нәрсе көтеріп бара жатқандай, баспалдақтан ақырындар шықты.

As if-тан кейін to be етістігі шартты райда қолданылады, яғни were формасы барлық жақтарда да, жекеше түрде де, көпше түрде де қолданылады.

He loved him as if he were his son.

Ол оны өз баласындай жақсы көрді.

He looked in the direction of the entrance door as if he were waiting for somebody.

Ол кірер есікке біреуді күтіп 

тұрғандай көз жібере қарады.

2 Ескерту: Егер бағыныңқы сөйлемдегі баяндауыш басыңқы сөйлемдегі баяндауыштан бұрын болған іс-әрекетті білдірсе, онда басыңқы сөйлемнің баяндауышы қай шақта тұрмасын, бағыныңқы сөйлем Past Perfect болады [10].

Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері