Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында электрондық құралдарды қолдану тәсілдері.
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
I бөлім. Теориялық бөлімі…………………………………………………...
- Электрондық оқу құралдарының даму тарихы…………………………
1.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері………………………………
II бөлім. Практикалық бөлімі........................
2.1. Интерактивті тақтаны
қолдану тәжірбиесі............
Қортындысы....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе:
Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.
Ағылшын тілді оқытуда
жаңа технологияларды,
Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Зерттеудің мақсаты: мектепте ағылшын тілін оқытудың электрондық құралдарды қолдану. құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Оларға электронды оқу болады. Көп жағдайда электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім, қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып, ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар компьютер, компьютерлік оқу программаларын және ақпарат алмасу желісінің болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-жабдықтық оқу ортасын құрайды.
Оқыту процесінде ақпараттық
технологияларды қолдану
Зерттеудің міндеті: ағылшын тілін оқыту процесінде электрондық құралдарды қолдану тиімділігін көрсету,мектепте ағылшын тілін оқытуда электрондық құралдарды қолдану жолдары.
XXI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп бекерге атамаған. Компьютер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық жағдайы, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік, дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі оның ақпараттық технологиялық даму дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Жалпы білім сапасын жақсарту жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде. Дегенмен, оқыту үдерісінде компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар мен оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған
Зерттеудің обьектісі: Электрондық оқу құралдары және қолдану тәсілі.
Зерттеудің пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау жолдары. Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.
Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.
Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.
Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.
Курстық жұмыстың теориялық маңызы: электрондық оқу құралдарының дамуының тарихын зерттедім,осы тақырыпқа байланысты әдістемелік,әдебиетті зерттеп,ең маңызды мәселелерді шештім. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Ағылшын тілі сабақтарында өзеклігін көрсету мақсатында ашық сабақтар өткізеді. Бұл ашық сабақтар интерактивті тақтасыз өтпейді. Әр ашық сабақта мұғалімдер интерактивті тақтаның барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тырысады. Тақтаның мүмкіншілігі мен мұғалімнің сабақ өту шеберлігі қосылып, өте сапалы, қызықты сабақтың куәсі боламыз.
Жалпы айтқанда интерактивті тақтаны мектепте қолдану өте тиімді. Тақтаны оқу процесінде пайдалану нәтижесі төмендегідей деген қорытындыға келдік: оқушыларға тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғайды; оқушының пәнге қызығушылығы артады, дағды, зейін дамиды; дидактикалық материалдар қоры ұлғайды; өткен материалды қайталау мүмкіндігі туды; сурет, сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды; электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта қолданды. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу – оқушының пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Баланың қызығушылығы мен ынтасының жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін, мұндай мәселе болдырмау үшін мұғалім бар күш - жігерін, шеберлігін салып сабақ өтеді.
Диссертацияның
екінші тарауы «Интерактивті тақтаны
қолдану тәжірбиесі» деп
Оның бірінші тарамшасында тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен материалдарына сипатама берілген. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу міндеті. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, оларға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет.
Алайда, кез-келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты қызықты етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді. Мысалы, мұғалімде ескертулер, тапсырмалар жазу мүмкіндігі бар, сонымен қатар, өткен материалға оқушылардың оны қаншалықты меңгергендігін бақылау үшін қайта келе алады. Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Тіл үйрену барысында тақтаны қолдана отырып, педогогикалық қалыптасқан айтылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларға видео мен ойын бағдарламаларын оқып үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сабақтағы жаңа тақырыпты түсіну тиімділігін қамтамасыз етеді.
Екінші тараудың екінші тарамшасында интерактивті тақта арқылы оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері баяндалады.Тақтаның ерекшеліктері мен артықшылығын айта келе өз тәжірбиемде жеткен жетістіктерімді қоса кетейін. Бұл тәжірбие бірнеше тоқсан бойы жүргілді. Аптасына екі рет ағылшын тілі болатын 6«а» және 6«ә» сыныптарында өткіздім. Әр сыныпта 14 оқушыдан бар. 6«а» сыныбы мультимедиалық кабинетте орналасқан, яғни сынып бөлмесінде Smart Board тақтасы қондырылған. Сондықтан тоқсан бойы ағылшын тілі сабағы интерактивті тақтамен жүргізілді. Ал 6«ә» сыныбы жәй сынып бөлмесінде отырғандықтан, оларға ағылшын тілі сабағы қарапайым тақтамен жүргізілді. Алтыншы сынып материалында жаңа сөздер көп беріледі. Сол жаңа сөздерді 6«а» сыныбында интерактивті тақтаға суреттер мен слайдтар енгізіп, сөздердің жазылуы мен оқылуын әртүрлі түспен ерекшелендіріп жазып қойдым. Оқушылар жаңа сөздерді слайдтар арқылы тез қабылдап, жаттап алды. Келесі сабақта сол сөздерді қайталау мақсатында сөз жұмбақ құрастырдым да оны интерактивті тақтаға енгіздім. Онда барлық тапсырма суреттер бойынша берілген, оқушылар сол суреттердің атауларын ағылшын тілінде жазып, сөз жұмбақты оңай шешті. Бұл оқушылардың жаңа сөздердің тек айтылуын ғана емес оның жазылуына да көңіл бөліп, өз дәрежесінде меңгергенін көрсетеді.
Курстық жұмыстың практилалық маңызы. Электрондық оқу құралдарды қолданатын тәсілдерді анықтап,өзімнің практикалық жұмысыма қолдандым.
Осы жұмысымыз осындай бөлімдерден тұрады: кіріспе сөз,теориялық бөлім,практикалық бөлім,қорытындысы,қолданылған әдебиеттер тізімі.
1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Электрондық оқу құралдарының даму тарихы.
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Білім берудің жүйесінің қай саласы болмасын осы технологияларды кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда. Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің жүйесінің негізі – мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.
Сөздіктерде «Технология»
деген адамдардың нақтылы күрделі
үрдісті өзара байланысқан
Педагогиканың оқыту тәжірбиесінде ақпараттық технологияны қолдану кең өріс тапқан. Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады [3. 42]. Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы білім алушылардың қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, «оқытудың ақпаратттық технологиясы» термині педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілері және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады.
Оқу процесін жаңа ақпараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру «компьютерлік технология» терминін «ақпараттық технология» түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн.
Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.
Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе [4. 19]
Педагогикалық-әдістемелік
оқыту барысында оқу
Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуеметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады [6. 42].
1.2 Электрондық оқу құралдарының түрлері.
Тіл үйрену барысында
жаңа технологияларды қолдана
Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы; тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу; лингвистикалық білім көлемінің артуы; тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы; ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.
Компьютерлік оқытуда
қолдану әсіресе шет тіліне үйретуде
ағылшын тілінен оқу
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.
Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық
– коммуникациялық
Заман талабына сай технологияларды
ауқымы кең, түрлеріде күн өткен
сайын дамып, өзгеріп отырады. Ең
бастысы технологияларды
Қазіргі заман талабына сай мектептерде инновациялық озық технологиямен жабдықталған лингофонды мультимедиялық кабинеттер ашылды. Мұндай инновациялық құралдарды оқу процесіне енгізбес бұрын, мектеп мұғалімдерін арнайы компьютерлік курстарға жіберіп, инновациялық жаңа технологиялармен танысып, меңгергендігі жөнінде сертификат алуына жағдай жасалды.
Осы жаңа
инновациялық технологиялардың
«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, «inter» - өзара, «act» - іс – қимыл жасау. Интерактивті – біреумен (мұғаліммен, сыныптас жолдастармен, т.б.) диалог, әңгіме кезінде бір – бірімен өзара іс-әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді немесе компьютер арқылы, интерактивті тақтаны колданып электронды оқулықпен оқыту болып табылады [8. 5].
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
«Активті экран» бағдарламалық
– техникалық кешенінің дидактикалық
мақсатта пайдалану барысында олардың
негізгі қызметі – жалпы
Интерактивті құралдарды сабаққа
пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі: пән
бойынша базалық білімді
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады [10. 14].
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим
сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын,
яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа
дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының,
Excel электрондық кестесінің құжаттары,
Power Point – презентациясы болуы мүмкін.
Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі
мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат
әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды
қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын
немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету
керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет
салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен
жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты
интерактивті тақтаның Office режимінде
ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық
мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің
бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға
болады, яғни экраннан түсірілген суретпен
емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз.
Мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға
жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып,
оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен
салыстыра алады «тік төртбұрыш» объектісін
жылжыту немесе жою арқылы және дайындалған
материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті
режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде
өткен материалды қайталау қажет, сондай
жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме
жасауға арналған компонентін қолдануға
болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office
құралдары арқылы құрылған құжаттарға,
графиктік редакторлардың немесе программалау
ортасының көмегімен құрылған файлдарға,
интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға
мүмкіншілік береді.

- Ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану
- Ағылышын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және ұқсастықтары
- Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары
- Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу
- Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу
- Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу
- Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы
- Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
- Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері
- Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері
- Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері
- Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
- Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
- Ағылшын тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыру