Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау кезеңдері



Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ»  университеті

Экономика және информатика  факултеті

Ақпараттық жүйелер  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:«Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау  кезеңдері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жумабекова Жанерке

И -10-2 студенті

Қабылдаған: аға оқытушы  Райымбекова А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

 

 

Мазмұны

2

 

Кіріспе

3

1

Программа терезелерімен  жұмыс

4

1.1

Программа терезелерімен  жұмыс

4

1.2

Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу

5

2

Adobe Photoshop графиктік программасы

13

2.1

Adobe Photoshop графиктік программасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі

13

2.2

Растрлық құжатпен жұмыс істеу

14

 

Қорытынды

21

 

Қолданылған әдебиеттер

23


 

 

Кіріспе

 

 

Adobe компаниясы өзінің  ең мықты және атақты графикалық  пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық  графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.

Photoshop CS өзінің жаңартылған  өзгерістерімен графикалық кескіндер  мен суреттерді жеңіл, ұтымды  өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік  береді.  Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Photoshop жаңарған сайын  жұмысқа икемді әрі ыңғайлы болуда.  Оны тағы да бір рет дәлелдейтін бір жай -  енді ыстық клавишаларды өздігінше өзгертуге және реттеуге мүмкіндік бар. Қолданушы программада берілген ыстық пернелерді жаттамай-ақ  өзіне ыңғайлы болған пернелерді түзіп қоя алады.

Тағы бір дәлел болатын жағдай – жаңа Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің түсі мен ол жайлы ақпараттарды көру, әлбетте сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан ерекшеленеді.

Одан басқа Photoshop-та біріктірілген  кескін суреттерді (панорамных изображений) шағаратын жаңа керемет команда пайда болды. Бұл -  Photomerge (фото біріктіру) командасы. Бұның көмегімен кез келген суретті көлденеңінен де, тігінен де  біріктіріп жаңа кескін алуға болады.

Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады.

Web-графиканы әзірлейтін ImageReady пакетіне де көптеген өзгерістер енген. Енді түскен суреттерді Macromedia Flash форматында экспорттауға болады.

Әрине бұл жаңалықтармен Photoshop СS-тың мүмкіндіктері біте қоймайды. Жоғарыда көрсеткендер тек мысал  ретінде ғана. Осылар мен тағы да басқа жаңалықтармен мүмкіндіктерді алда қарастырып өтеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Программа терезелерімен жұмыс

 

1.1 Программа терезелерімен жұмыс

 

 

Алдымен программаға  кіру жолын айта кетейік. Photoshop CS программасында жұмыс істеу алдында программаны жүктеу немесе іске қосу керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу) батырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;

- Осы менюде Все программы қатарында тышқанды шертеміз;

- Енді Adobe Photoshop CS қатарына меңзерді қойып тышқанды сырт еткіземіз:


 

Сурет 1. Бағдарламаға кіру

 

Енді терезелермен жұмысқа  көшеміз:Photoshop CS программасы Windows-тың қолданбалы программалары сияқты экранда екi терезесi болады: PhotoShop программасының басты жұмыс аймағын құрайтын программа терезесi және редакциялайтын бейне орналасқан терезесi. Мұны 2 - суреттен круге болады. Photoshop терезесi, программа және бейне – Windows-тың басқа қолданбалы программа терезелерi сияқты, негiзгi элементтерден құралған. Photohop программасында бiр уақытта бiрнеше терезелермен жұмыс жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан да мұндай жағдайда Windows үшiн Photoshop программасында СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер комбинациялары пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi бере алмайды. Мұндай жағдайда CE Software фирмасының Quickkeys программасы қажет. Программа терезесiн жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту батырмасына тышқанды апарып шертемiз. Егер программаны экранға келтiру қажет болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын тышқанмен шертемiз. Сонымен қатар жұмыс үстеліндегі батырмаларды Photoshop программасынан басқа активтi программаларға өтуге және керiсiнше пайдалануға болады. Қалпына келтiру/үлкейту батырмалары терезе күйiне тәуелдi. Егер батырмада екi кiшкентай шаршы болса (сурет 1), онда ол қалпына келтiру батырмасы.

 

Сурет 2. Photoshop CS  бағдарламасының жұмыс үстелі

 

 

1.2 Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу

 

 

Фотошоп бағдарламасын  неден бастап жазарымды бірәз  ойланып, ең алдымен программа интерфейсінен бастағанды жөн көрдім.Келесі бір екі постта да біраз теориялар болуы мүмкін. айып етпеңдер, алдымен теорияны біліп алыңдар деп мұғаліміміз жұбатушы еді.

Adobe компаниясы өзінің  ең мықты және атақты графикалық  пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен біргеImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.  
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Adobe Photoshop программасы  графикалық объектілерді өңдеу,  өзгерту, сақтауда қолданылатын  пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен  жұмыс істеу, калибровка жасау,  сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген. 
 
 

Сурет 3. Бағдараламаның басты беті

 
Енді әр бөлігіне жеке жеке тоқталып кетейін: 
 

 

Сурет 4. Басты бетің белгілері

 

0. Бағдарлама терезесінің атауы.

        Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.

1.Меню жолы

Терезе атауының төменгі  жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады. Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:

Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;

Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау;

Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;

Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;  
Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;

Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;

Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;

Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

2.Құралдар панелі

Құралдар панелінің  көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан.

 

Сурет 5. Құралдар панелі

 

1.Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар

Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M; 
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M; 
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M; 
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M. 
2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар Лассо(Lasso),Shift+L;Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso),Shift+L;Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L. 
3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C. 
4.Ретуш операциясына қажетті құралдар:

Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;Заплатка (Patch),Shift+J.

5.Бейне бөліктерін көшіру құралдары

Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;

Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.

6. Өшіруге арналған құралдар:

Өшіргіш (Eraser), Shift+E;

Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;

Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.

7. Дәлдікті басқару құралдары

Жуу (Blur), Shift+R;

Дәлдік (Sharpen), Shift+R;

Саусақ (Smudge), Shift+R.

8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар

Перо (Pen), Shift+P;

Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;

Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;

Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;

Нүктені түрлендіру (Convert Point).

9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары

Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;

Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;

10. Комментарий құруға арналған құралдар

Комментарий (Notes), Shift+N;

Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.

11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.

12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар

13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q

Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.

14.Бөлінген облыстардың  орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.

15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W. 
16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар

Фрагмент (Slice), Shift+K;

Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.

17. Сурет салуда қолданылатын құралдар

Кисть (Brush), Shift+B;

Карандаш (Pencil), Shift+B.

18.Бейнелердің алдында  болған жағдайына келтіретін  құралдар Қалпына келтіретін  кисть (History Brush), Shift+Y;

19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары

Градиент (Gradient), Shift+G;

Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.

20. Жарықтылықты басқару құралдары

Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;

Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;

Губка (Sponge), Shift+O.

21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар

Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;

Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;

Горизонталды мәтін  маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;

Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.

22.Векторлық фигураларды  салуда қолданылатын құралдар  Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;

Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;

Эллипс (ellipse), Shift+U;

Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;

Түзу (Line), Shift+U;

Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.

23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар

Пипетка (Eyedropper), Shift+I;

Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;

Өлшеуіш (Measure), Shift+I.

24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

3. Қасиеттер панельі

Ағымдағы құралды баптауға арналған панель

4. Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады.

Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында»орналасады.

 

 

Сурет 6. Басқаруға арналған палитралар

 

5.Бұл да басқаруға  арналған палитралар, жинақтастырылып қойылған

1.Healding Brush (Емдеуші қылқалам) – Phot.CS жаңалықтары.Текстуралық коррекцияда пайдаланылады.

2.Brush  (Қылқалам) – сурет салуға арналған құрал. Қылқаламды негізгі баптау параметр панеліндегі Brush ашылған тізімнен жасалынады. Диаметр-қылқаламның диаметрін орнатады, 1-ден 2500 пиксельге дейін.

Hardness-қылқалам шеттерінің жұмсақтығын анықтайды.

Mode (Бірктіру режимі) – инструменттердің пиксельдерді қосу режимін орналастыру.

Opacity  – пиксельдің мөлдір болмысын орнатады.

Flow (Тығыздығы) – бояудың жағылу барысында тығыздығы беріледі.

Airbrush Capabilites – қылқаламды аэрограф режиміне, яғни балоннан бояу шашу режиміне ауыстырады.

3.Clone Stamp (Штамп) – Alt-ты басып тұрып, қайта салу керек орыннан белгі алып, сол фрагментті қайталау керек орында қылқаламмен сурет саламыз.

а) Brush – инструменттің қылқалам өлшемі және т.б параметрі.

b) Mode – пиксельдерді қосу режимін анықтау. 

c) Opacity – қосылатын бейненің мөлдір болмау деңгейін  анықтау.

d) Aligned (Туралаумен) – клондалатын фрагментті ауыстыру әдісін анықтайды.

4.Pattern Stamp (Фигуралық штамп) - текстурамен сурет салуға мүмкіндік береді. Параметрі: Clone Stamp-пен бірдей. Тек ерекшлігі:

a) Pattern (Үлгі) – бояу ретінде пайдаланылатын текстураны анықтау.

b)Impressionist (Импрессионизм) – бұл параметр орнатылса, бір түсті кең облысқа ауыстыру арқылы бояу жеңілдетіледі.

5.History Brush (Оқиғалық қылқалам) – суреттің модификацияланған бөлігін тарихи қалыпқа келтіреді. Параметрі: Brush-пен бірдей, тек Alt History Brush

тарихи қалыпқа қайтаруда түрлі көркемдік эффектілерді пайдалануға мүмкімдік береді. Параметрі: Style – инструментті қолдау әдісі. Area (Аудан) қылқаламды пайдалану облысы. Spacing (Аралықтар) – жағу арақашықтығы.

6.Eraser (Ластик) –

Параметрі: Brush, Mode,Opacity (Mode). Режимнің үш варианты бар:  Paintbrush – қарапайым түрі. Pencil (Карандаш) өте жұқа жерді өшіруге арналған.

a) Erase to history (Тарихқа өшіру)

7.Bacround Eraser (Фондық ластик) – обьектіні фоннан мажырату үшін пайдаланылады. Параметрі:

а)Discontiguous (Көршілес ем) — ластиктің астында қалған пиксельдің түсімен сәйкес пиксельдің бәрін өшіреді.

b)Contiguous (Көршілес) – ластиктің астындағы пиксельге көршілес пиксельге көршілес пиксельдер өшіріледі.

c) Finol Edges (Шеттерін табу) – контрастқа аса жоғары сезімтал.

d)Tolerаnce (Допуск) – пиксельдің түсінен ауытқу шегі.

e)Protect Foreground Color (Алдыңғы план түсін сақтау) – алдында тұрған пиксельдер түсі өшірілмейді.

f) Sampling (Түс таңдау) – ластиктің әсер ету әдісі. Оның үш варианты бар.

Contiguous (Үздіксіз) – фон түсінің өзгеруіне байланысты өшірілетін түстің өзгерістерге ұшырауы.

Once (Бір рет) – суретті алғаннан басқаларындақ түсті анықтау

Bacround Swath (Фон үлгісі) – фонның бейне түсі өшірілмейді.

8.Magic Eraser (Сиқырлы ластик) – сиқырлы таяқшамен өшіргіш гибриді. Параметрі:Tolerance,Anti aliased,Contiguous,Use All Layers,Opaсity.

Бояу инструменттері

1.Paiint Bucket – суретті түспен немесе текстурамен бояу. Параметрі: Fill-бояу ретінде не пайдаланылатынын анықтайды. Екі варианты бар:

Foreground – негізгі түс. Pattern – текстурамен бояуға арналған өрнек. Mode – пиксельдерді қосу режимі.Opaсity – бояудың мөлдір еместігін анықтау. Anti – aliased – бояу шеттерін тегістеу. Contiguous – түстік жақындығы бойынша тек көрінетін пиксельдерді, әйтпесе суреттегі барлық пиксельдерді бояу.

2.Gradient – екі немесе одан да көп түстердің арасында жұмсақ ауысу бар бояу. Параметрі:

Presets – (Алдын ала  анықталғандар) – дайын градиенттер.

Name – градиенттің бірегей атауы.

Gradient type – градиент типі.Екі нұсқасы бар: 1.Noise (Шу)  және Solid (Біртекті).

Smothness (Тегістеу) – градиенттегі бояудың жұмсақ ауысуы.

Градиент түрлері: Mode – градиенттегі пиксельдерді қосу режимі.

Opacity – градиенттің мөлдір болмысы. 

Суретті түзету инструменттері

1.Blur (Размитие) – бейне бөлігінің контрастын кеміту.

Brush – пайдаланылатын қылқалам.

Mode-пиксельдің өзгеру режимі.

Strength – инструменттің эффектілігі.

Use all Layers – барлық қабаттарды пайдалану.

 

2. Adobe Photoshop графиктік программасы

 

2.1  Photoshop графиктік программасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі

 

Adobe Photoshop программасы  әр түрлі бейнелік және нүктелік  графикалық жұмыстарға арналған  программалардың бірі. Осы програмамен  жұмыс істейтін бейнелерге кітап  және журнал иллюстрацияларын  түрлі фотосуреттер, слайдтар, видиобейнелер, мультипликациялық графиканың кадрларын жатқызуға болады. Үлкен бейнелік мүмкіндіктері бар. Бұл осы әр түрлі саладағы мамандарға арналған көбіне бейнемен жұмыс істейтіндерге. Егер сіз суретші иллюстратор немесе мультипликатор болсаңыз онда сіз өзіңіздің ой қиялыңызға қарай экранда неше түрлі композициялар сала аласыз және оны сақтап, сканерлік бейне түрінде көптеген тәсілдермен трансформациясын істей аласыз.

Егер де сіз суретші  дизайнер болсаңыз, бұл программа  сіздің барлық талаптарыңызды орындай  алмайды. Бірақ сіздің технологиялық процесіңізге  Adobe Photoshop сияқты нүктелі графикалық программаның қосылуы жұмысыңызды едәуір жеңілдетеді. Фотограф немесе ретушер болып баспа саласында істесеңіз онда сізге керекті құралдар: сканер, цифрлік фотоаппарат т.с.с.

Photoshop графиктік программасы  бұл растрлық көріністермен жұмыс  істеуге арналған мамандырылған  программа. Бұл программа басқа  растрлық көріністермен жұмыс  істейтін программаларға қарағанда  мүмкіншілігі өте жоғары.

Photoshop программасының  негізгі артықшылығы:

-   графикалық көріністермен  жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

-   жұмыс кезіндегі  ыңғайлылық пен жайлылық;

- көріністермен жұмыс  кезіндегі жоғарғы функционалдық                                                                                                                                                             мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

-  негізгі сценарийларды  қолданғандағы растрлық көріністерді  жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;

- әртүрлі көркем эффектілерді  жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік                                                                    командалардың көмегі;

- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм.

Кез келген қолданушы  жұмыс істеп отырған программаның жетіспеушілігін білу міндетті. Бұл  практика кезінде кездескен кезде уақытты үнемдеуге көмектеседі және қай кезде бұл программаны қолдануға болады, қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі.

Photoshop программасының  кемшілігі:

-  көп түсті сызық  және орбиталық қисық салуда;

-  симметриялы орналасқан көп көріспен бір уақытта жұмыс істегенде;

-  диалогтық терезесінен  шықпай, әртүрлі фильтрлердің ісін  көруге;

-  қолданған түзету  қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету  командасын ауыстырғанда;

-  Сorel photo- paint файлдық  форматы бар құжатпен жұмыс кезінде;

- қолданушының еркімен  программаның интерфейс элементтерін  түзегенде;

-  мозайкалы суретті  құру кезіндегі көріністі көбейткенде.

 

 

2.2 Растрлық құжатпен жұмыс істеу

 

 

Растрық графикада жаңа құжат құру үшін File (Файл) менюіндегі New (Новый) командасы орыдалады. Бұл команданы орындағаннан кейін диоалогтық терезе ашылады. Осы терезенің параметрлерімен танысайық:

Name (Имя) өрісі (поле) құралатын растрлық құжаттың  атын енгізу үшін қолданылады.

Width (Ширина) параметрінде  өлшеу бірлігі болады. Бұл параметрде кеңдікті өлшеу өлшемін беретін алты нұсқалы тізім берілген:

 

  • Pixels – пикселдер;
  • Inches - дюймдер;
  • Cm – сантиметрлер;
  • Points – пунктер;
  • Picas - пиктер;
  • Colums – колонкалар.

Height (Высота) параметрлерінде де өлшеу бірліктері болады. Бұл параметрде биіктіктің өлшемін береді. Бұл параметрде бес нұсқалы тізім болады.

Mode (Режим) тізімі жаңа құжаттың түсті форматын таңдауда       қолданылады:

Bitmap (Битовый) – ақ-қара түсті

Grayscale (Градации серого) – сұр түстес

RGB Color (RGB) – түсті CMYC моделінің түсті форматы

CMYC Color (CMYC) – RGB моделінің форматы

Lab Color (Lab) – Lab моделінің форматы

Contenents (Содержимое) параметрі үш кнопкадан тұрады:

White (Белый) фонға ақ түс берді;

Background color (Цвет заднего плана) артқы жақтың түсін анықтайды;

Transparent (Прозрачная) мөлдірлік режимін береді.

Бұл әрекетті орындау  үшін File менюіндегі Open… командасы орындалады. Бұл команданы шақырғаннан кейін диалотық терзе ашылады.

Терезеде файлдар тізімі беріледі. Бұл терезеден бір файлды ашу үшін Открыть командасын басамыз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7. Ашу бағдарламасы

 

Менюінде құжатты ашу  үшін тағы бір Open as (Открыть как) командасы  бар. Алдынғы командадан айырмашылығы құжатты ашқан кезде типін  көрсетіп кетуіміз керек.

Прораммада құжатты  сақтау үшін бес команда орындалады. Олар File менюінде орналасады:

Save (Сохранить)

Save a copy (Схранить копию)

Save as…(Сохранить как)

Save for Web (Сохранить для Web )

GIF 89 a Export…(Экспорт GIF 89 a )

Егер құжатты істеп отырған файлда сақтау үшін Save командасын қолданамыз. Save as командасы құжатты бірінші рет сақтағанда және оның бір параметрін (құжат атын, форматын) өзгертіп сақтау кезінде қолданылады.  Бұл команданы орындау кезінде мына параметрлерді көрсету керек:

-   файлды қайта сақтайтындығын көрсету;

-   файл атын көрсету;

-   файл кеңейтілуін  көрсету.

Егер растрлық құжат Internet-те қолдануына арналған болса, Save for Web командасын қолданған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8. Save for Web бағдарламасы

 

Құжатты баспаға шығару үшін Print… (Печатать…) командасы орындалады. Бұл команданың диалогтық терезесінің парметрлерімен танысайық.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 9. Баспаға жіберу бағдарламасы

 

Print Range (Диапозон) режимі. Бұл режим  үш кнопкадан тұрады:

  1. All (Все) – құжаттың барлық парғын баспаға шығару.
  2. Selection (Выделение) ерекшеленген жерді баспаға шығару.
  3. Pages (Страницы) келесі параметрллердің көмегімен құжатты баспаға шығару:

From (От) және To (До) парамтрлері.  Бұлар баспаға шығаратын минимальді  максимальді парқтардың номері  көрсетіледі.

Print Quality (Качество печати) тізімі баспаға шығарған кездегі сапасын көрсетеді.

Copies (Копии) параметрі  баспаға шығаратын құжаттың көшірмесінің  санын көрсетеді.

Space (Цветовое пространство) құжатты баспаға шығару кезінде  түсті профильді таңдау кезінде  қолдануылады.

Post Script Color Managment (Цветовая коррекция) параметрін қолданған кезде баспаға  шығаратын құжат түсті болып шығады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 10. Post Script Color Managment бағдарламасы

 

Ерекшеленген жермен жұмыс кезiнде, қалыңдықпен (Слой) және Paint

Bucket (Заливка), Gradient (Градиент), Line (Линия), Pencil (Карандаш), Airbrush (Аэрограф),  Paintbrush (Кисть),  Rubber Stamp (Штамп),  Smudge (Палец), Focus (Фокус) құралдарымен жұмыс кезiнде пикселдердiң орналастыру режимдерiн қолдануға болады.

Ендi пикселдердi орналастыру режимдерiмен танысайық.

 

Сурет 11. Қолданылған сурет

 

Normal (нормальный) режимi. Бұл режимде берiлген түс толығымен енгiзiлетiн түске ауыстырылады. Барлық өрiстер енгiзiлетiн түске боялады. 3, 7, 10 өрiстерiн есептемегенде. Бұлар берiлген түсте қала бередi, өйткенi енгiзiлетiн пикселдер бұл өрiстерде жалтырайды.

Multiply (Умножение) режим. Бұл режимде берiлген және енгiзiлген түстер «көбейтiледi» сондықтан 6орытынды түс берiлген түстен күңгiрттеу болады. Егер қара түс енгiзсек, 6орытынды түс 6ара болады. Ақ түс берiлген түске әсерiн тигiзбейдi.

Screen (Осветление) режимi. Бұл режим  Multiply  режимiне қарама  қарсы режим. Бұл режимде берiлген  және енгiзiлген түстер «бөлiнедi»,  сондықтан қорытынды түс берiлген  түстен ашық болады. Егер ақ түс енгiзсек, 6орытынды түс ақ болады. қара түс берiлген түске әсерiн тигiзбейдi.

Overlay (перекрытие) режимi. Бұл режим Multiply режимi сияқты  түстi көбейтедi және Screen режимi сияқты  түстi әлсiретедi. Бұл режим свет  пен түстi сақтай отырып, енгiзiлген түс ауыстырылмайды да, берiлген түске 6осылып кетедi.

Soft Light (Мягкий свет) режимi. Бұл режим енгiзiлетiн түске  қарай түстi күшейтедi және әлсiретедi. Егер енгiзiлетiн түс ашық немесе  күңгiрт болатын болса, онда  берiлген түс ашығырақ немесе  күңгiрттеу болып кетедi.

Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау кезеңдері