Акша пайда болуы
КІРІСПЕ
Ақшаны калай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол -жалпылама эквиваленттік роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен керсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?
Ақшанын бірінші қызметі — құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық, тауардын құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай қорсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүделікті байқатады. Сұраным мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға ею мөлшердің яғни тауар құнымен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.
Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құннын тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше — алтыннын құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады. Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі — айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналыдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белтілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.
Американ экономисі Пол Самуэльсонның ойынша: «Ақша — бұл әлеуметтік шарттылық». Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық бағалылыктағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысы жоқ.. Бүрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және олар айырбас құнына ие болады.
Сондықтан
да мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің
сауда-саттығы кезінде алтын
Ен соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді. Номиналистік теорияның алғашкы идеясы Ертедегі Римде пайда болған. Сол кездің өзінде мынадай хабар өмір сұрген: егер король немесе императордың ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болса, кез-келген акшаның түрі, тіпті алтын монетанын өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим императоры Гай Калигулла (37-41 бғ.д.) жүзеге асыруға талпынды. Оған барлық, өкімет билігі қолында сияқты керінді. Ол өзінің жылқысын сенат мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын сүйуді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады.
1. АҚШАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1
Ақшаның пайда болуы
Экономикадағы
ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі
мен рөлін анықтау
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (сол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны(оны өндіруге кеткен еңбек шығындары)болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй,машина)байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде(1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама – қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа туарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауарлардың құнымен (тұз,мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1 қойға,1 қап бидайға айырбасталады;
- құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады(басқаша айтқанда ығыстырылады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алиынға теңестіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынады. Мысалы, солтүстіктіңхалқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б.қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауаралр ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:
- құнның ақшалай формасы ары
қарайғы айырбас нәтижесінде
жалпы балама орнына бір
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
-
ақшаның жалпы тікелей
-
ақша тауардың айырбас құнын
белгілейді. Соның көмегімен тауардың
бағасы анықталады, ол айырбасты
қамтамасыз етеді және әр
-
ақша тауарда жинақталған
1.2 Ақшаның түрлері және атқаратын қызметі
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз – ақшаның белгілеген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға,қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық – заттық ерешеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс)құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.
Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынадай сатыларды өтті:
1)Металдық;
2)Қағаздық;
3)Несиелік;
4)Электрондық ақша;
Металдық ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылады.
Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б.белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларда Римде пайда болды.
Алғашқы монеталар б.д.д VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал б.д.д 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын – соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындары тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралы ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналаған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептелінеді. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызмет атқарады: айналым құралы ретінде және төлем құралы.
Қағаз – ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Олармен бірге несиелік ақшалар әрекет етеді.
Қазіргі
кездегі және нарықтық экономикадағы
ақшаның маңызы мен рөлін өте
толық ашады деп есептей
Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың, бардық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады,ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі болып саналады.Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады,сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады.Ондай тауар болып алтын есептеледі,оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты баолық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынанны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Тауар құнының ақшалай көрінісі баға болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге келетін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық таныған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктері мен сандық өрнектеу керек.
Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол берілген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа унция және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардын аты металл(алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келеді, ал салмақтың масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.
Бағалар
масштабының рөлі мынада, яғни ол өз
ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын
тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді.
Қазіргі таңда бағалар масштабы
баға көмегімен тауар құнын
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар мсаштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.
Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.
Бұл
қызметтің маңызын тауар
Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге несиелік қатынастардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т1 айналымы барысында Т-А және А-Т1 деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатуға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлемқұралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Стаып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды, несиені жаба отырып,тек қана оны аяқтайды.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді:тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде.
Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарды, төлемдер жеделдетіледі және қолма – қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардың әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін жүргізеді.
Қазіргі кезде қоғамда несиелік, электрондық ақшаның дамуы кезінде есеп айырылысудың басым формасы ретінде қолма – қолсыз есеп айырылысу қолданылады, яғни төлем құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма – қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма – қол акшаларды қолданады.
Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржыларын резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақ құралы ретінде әрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі қайтадан Т-А-Т1 айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т1 бөлінуімен байланысқан.
Бірінші
актіде тауар сатылады және ақшаға
айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді
қанағаттандырудан жиі бас
Жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жиналу құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен – күнге төмендей берсе, ақша құнсызданады, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан және жинақтаудан бас тартады.
Жекеленген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде қорлану қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кеплідейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.
Ақшаның жинақтау және қазыналық қызметінің объективті алғышарты бар және ол ақша айналысы заңымен байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан жинақтау және керісінше жылжиды.
Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектеледі.
Ақша барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы өрнектеледі. К.Маркс былай жазған: «Қазына және жаппай төлем құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жаппай құралы өз түсінігі ғана емес, сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар деп есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады.
Қазіргі таңда айналымда алтын монетаның жоқ болуына байланысты, несиелік ақшалар алтынға айырбасталмайды, әлемдік ақшалар ретінде алтын құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылады.
Жаппай сатып алушылық құралы ретінде толыққұнды әлемдік ақшалар елдер арасында өзара қарым – қатынастар және есеп айырысулардың қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді.Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.
1.3 Ақшаның металдық және
номиналдық теориялары
XVII-XVIII ғғ., ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж.Стюарт, А.Смит болып табылады. Бұл теория ақшаның айналымда құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен және ақша болып табылатын баға масштабы мен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төменде көрсетілген:
- ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
- бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталаған бірлікте ешқандай ішкі құны болмайды.
Номинализм
Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекеттік теориясы») басты мақсат – мұрат анық қалыптасты:
- ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
- ақша – бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;
- ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда деп жазады.
1923-1933 жж.экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.
Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда айналымда ыңғайлы толыққұнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді – деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылады.
Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты – алтын стандартты жойып, қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.
Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П.Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырады. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша – жасанды әлеуметтік шарт»- деп жазды.
Номиналистік
Сонымен, номинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылады.
Ақшаның металл теориясы XV – XVIIғғ. Ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда- У.Стэнфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда – А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алиын мен күміске теңеп,тауар шаруашылығындғы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырды.
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады – дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын емнкүмістің келуін қамтамасыз етеді – деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материялдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса;екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып, келуінде деп есептейді.

- Акша реформасы
- Акша реформасы
- Акша саясаты
- Акша туралы тусиник
- Ақаба сулары туралы жалпы
- АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты
- «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
- Акша несие саясаты
- Акша несие саясаты
- Акша несие саясаты
- Акша несия саясаты халқаралық экономика
- Аќшаныѕ негізгі теориялыќ аспектілері
- Акшанын мани
- Акшанын пайда болуы жане мані