Ақаба сулары туралы жалпы
КІРІСПЕ.......................
АҚАБА СУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ
- Ақаба сулары туралы жалпы.........................
.............................. ............... 5 - Ақаба суларын механикалық тазалау
- Ақаба суларын билогиялық тазалау.......................
................... ................ 6 - Ақаба суларды электрохимиялық жолмен тазалау.......................
. ........ 8 - Су шаруашылығы құрылыстарын қорғау жөнiндегi шаралар ескертуі......................
.............................. .............................. ...................... 11
ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Дисперсиялық талдау……….....................
2.1 Өндірістік- тәжірбие
танаптарының мәліметтеріне
ҚОРТЫНДЫ......................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Жұмыстың өзектілігі : Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Қоршаған ортаны
қоғау шаралары маңыздылығы
Кәсіпорынның ақаба
суларының физикалық-химиялық
Қоршаған ортаны
қорғау, су ресурстарын тиімді
пайдалану, ТМД елдердің
Жұмыстың мақсаты:
Су қорларын пайдалунады кезекті түрде алдымызға үлкен мақсат қойып су қорларын қамтмыздап тұру қажет. Ақаба су - өндірісте, тұрмыста және ауыл шаруашылғында пайдаланған кезекті түрде лас аймақтырын болдырмау.
Жұмыстың міндетері
- Су ресурстарын тиімді пайдалануға қол жеткізу
- Ғылыми – техникалық прогресс дамуының казіргі кезеңінде ең көкейкесті мәселесінің бірі – табиғатта ақаба суының қорғау болып табылады.
- Су қоймаларының ластануымен күрес өндірісте тазалау ғимараттарын жетілдіру мен су айналыс жүйесімен қамтамасыз ету жолымен шешіледі. Сондықтан ақаба суларды тазалауды жоғары деңгейде, әрі барынша тиімді жүргізу қажет.
- Ақаба суларды тиісті деңгейде тазалау, суды су қоймаларына немесе топыққа қайта тастағанға дейін қайтара пайдалану
Жұмыстың жаңалығы:
Су қорларының ластануы халық шаруашылығына орны толмайтын зиян келтіреді. Ластанған сулар тұрғындарға, өндірістік және ауыл шаруашылық су тұтынушыларға, құрылымдардың су астындағы бөліктеріне, конструкциялар және жабдықтарға, зиянды әсер етуі мүмкін. Осы себептерден су қорлары қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесіне қазіргі уақытта үлкен көңіл бөлуде. Біздің республикада су қорларын тиімді пайдалану жолдарын іздеуге және оларды ластанудан, сарқылудан қорғауға бағытталған бірқатар зерттеулер жүргізілген. Қазіргі уақытта су қорларын ластану мен сарқылудан қорғау мақсатындда ғылыми тұрғыда негізделген шараларды жасап және оны біртіндеп өндіріске енгізу басты міндет болып табылады
Жұмыстың әдістемелігі:
Ақаба суларының тазарту жұмыстарын атқару.
Жұмыстың тәжірбиелік маңыздылығы
Тәжірбие ретінде ақаба суларын пайдалунадағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, болашаққа таза сумен қамтамасыз ету. Бұл әрекет келешекте үлкен маңызға ие болып, халық экология тұрғысы жақсы қамтамасыз етеді.
АҚАБА СУЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
1.1 Ақаба сулары туралы жалпы мәлімет
Ақаба — суы ағып жатқан арық-атыз бен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. Ақаба суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді, немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жиі қолданылады.
Ақаба су - өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланған, сондай- ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидті және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі бөлімге : шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба сулар шаруашылық- тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік ластанған және шаруашылық ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қтар олардың құрамындағы органикалық заттар, бактериялар, микроорганиздер болады.
Тұрмыстық қызмет
көрсету кәсіпорындарынан және
тұрғын үйлерден шығатын
Ақаба су тұнбасы — ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Тұндырғыш – ақаба сулардан түпке тунатын не қалқыма салынды және майлы заттектерді гравитациялық жіктеп белуге арналған имарат. Тұндырғыш ақаба суды кейін биологиялық тазарту керек болатын жағдайда алдын ала тазарту үшін немесе ақаба судан механикалық қоспаларды ғана ажыратып алу санитариялық тұрғыдан жеткілікті болғанда дербес имарат ретінде қолданылады. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту имараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты тұндырғыштар горизонтальдық, вертикальдық, радиальдық және диагональдық болып сараланады. Вертикальдық және диагональдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 1015 мың текше метрге дейінгі, ал горизонтальдық тұндырғыштар 10—15 мың текше метр, радиальдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады
Ақаба судың түрлері
1) суы ағып жатқан
арықатызбен тоғанды
2) тұрмыстық қоқыстар мен өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнайы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден және т.б. шығарылған сулар), өндірістік (кен казбаларын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған және т.б. сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген, т.б. сулар) болып бөлінеді. Бұл атауға Алматы қалалық конгломератынан шыққан ақаба су жиналатын Сорбұлақ бөгені толық мысал болады.
Ақаба суларды еселеу— ақаба суларын шала тазарту арқылы оның химиялық құрамын шектелген мөлшерге жеткізіп, өзенге құю немесе егістікті суаруға пайдалану үшін және оны әр түрлі мөлшерде таза сумен араластыру. Мысалы, мал қорадан шығатын ақаба сулармен өсімдіктерді суаруға пайдалану үшін оларды таза сумен 1:5, 1:7 қатынасында аралыстырады.
Ақаба сумен суармалау— ақаба суларда болатын тыңайтқыш заттарды пайдалана отырып суармалау тәсілі. Агромелиорациялық, санитариялық талаптарға сай және арнайы өндеуден өткізілген коммуналдық, өндірістік (кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық кәсіпшіліктерінен), аралас және мал шаруашылығы ақаба суларын қолдана отырып арнайы жабдықталған аумақтарда — суармалау алаңдарында жүргізіледі. Мал шаруашылығы шикізаттарын өндеу кәсіпорындарының, инфекциялық ауруханалар мен санаторийлердің, қасапханалар мен ветеринариялық емханалардың ақаба суларын пайдалануға тыйым салынған. Ақаба сулармен суармаланатын аландарда белгілі бір техникалық, жемдік астық, жемдік дақылдар, ағаш бүталар өсіріледі. Алаңның 40—60%ында витаминді ұнтақтар, сүрлем, пішен дайындауға арналған жайылымдық және тұқымдық көпжылдык шөптер өсіріледі. Жер асты суларын ластамау үшін ақаба суларды тазарту шаралары жүргізіледі. Суармалау аумағынан тысқа ақаба суларын ағызуға қатаң тыйым салынған. Суармалау желісі жабық типте жасалады және талаптар мен ережелердің қатаң сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс, қажет болған жағдайда вегетациядан тыс суару камтамасыз етіледі. Санитариялық тұрғыдан алғанда ең тиімдісі ақаба сулармен топырақшілік суармалау болып табылады. Ірі қаралардың бір жерге шоғырлануы мен садыраны шаюда гидравликалык жүйені қолдану мүмкіндігі мол (толық зарарсыздандыру жағдайында) болатындықтан, көбінесе ақаба сумен суармалауға мал шаруашылығы кешендері мен фермаларының ағындылары пайдаланылады. Зарарсыздандырылған мал шаруашылы,қ ағындыларымен суару режімін жобалағанда олардың тыңайтқыштық бағалылығы есепке алынады және таза сумен дайындалған сұйық садыраның мөлшерлері белгіленеді.
Ақаба сулар — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар.
Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады (1- Сурет)
. Табиғи көздерден
су алу – алдағы уақытта
суды пайдалану мақсатында жер
үсті су қоймалары және жер
асты қабаттарындағы су
Халық санының өсуіне байланымты көп елдерде ауыз суға деген сұранысты көбеюіне қарамастан, көлдердің және жерасты суларының ластануы болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мағлұматтары бойынша қоршаған ортада түсетін барлықхимиялық заттардың 80% - ті ерте ме кешпе таза су көздерімен қосылады. Жыл сайын бүіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7 мың км3 таза суларды бүлдіре алады. Су қоймаларының негізгі ластаушылары:
Құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын – шашындар;
қалның қалдықты сулары (тұрмыстық, канализациондық сулар);
өнеркәсіптің қалдықты сулары;
ауылшаруашылығының
қалдықты сулары (үй жануарларының
кешендерінің нәжістері, егіс
далаларындағы тыңайтқыштар
Су қоймаларының
негізгі ластаушысына толық
Адам өмірен де
және табиғи экожүйеге де
Су тұтыну (суды пайдалану) – шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су ресурстарының әртүрлі көздерінен алынған суды пайдалану. Бұған айналымдағы суды тұтыну, сондай-ақ ақаба және коллекторлық–кәріздеу суларын қайта пайдалану енгізілмейді.
Суды айналымда және жүйелі пайдалану – ақаба және коллекторлық–кәріздеу суларын қоса, сумен қамтудың айналымдық және қайталама жүйесін қолдану арқылы алынған таза суды үнемдеу көлемі. Айналымдық пайдалануға коммуналдық және өндірістік жылумен қамту жүйелеріндегі су шығыны жатпайды.
Нормативтік–таза ақаба сулар – су объектілеріне тазартпай бұру бақыланатын тұстамада немесе су пайдалану пункттерінде судың нормасы мен сапасының бұзылуын болдырмайтын ағындылар.
Нормативтік–тазартылған ақаба сулар – тиісті ғимараттарда тазартудан өткен, су объектілеріне тазартылғаннан кейін бұру, бақыланатын тұстамада немесе су пайдалану пункттерінде судың нормасы мен сапасының бұзылуын болдырмайтын ағындылар, яғни бұл ақаба сулардағы ластағыш заттар мөлшері бекітілген жол берілетін шекті ағызуға (ЖША) сәйкес келуі керек.
Ластанған ақаба сулар – жер үсті су объектілеріне тазартылмай (немесе жеткіліксіз тазартылғаннан кейін) ағызылған және құрамында бекітілген жол берілетін шекті ағызудан асатын ластағыш заттары бар ағындылар.
Өндірістік ақаба сулар — өндірістен бір рет пайдаланылып, ластанып шыққан сулар. Олардың құрамында ауыр металдар мен өндіріске тән химиялық улы заттар болады.
Ауыз су, содан кейін ақаба суларды алудың көздері тұщы (жер асты және жер беті) табиғи сулар болып табылады. Ауыз сулар алдын ала тазарту процесі кезінде, элементтік құрамы өзгермей, тотықтырылған өнімдермен элементарлы хлормен, озонмен немесе фторлы агенттерімен байытылуы мүмкін. ( 2-сурет).
Ақаба сулардың құрамын сапалық деңгейде болжауға қиын, элементтік және заттық құрамы жағынан өте күрделі жүйені құрайды. Олар шаруашылық түрлерінің әрекетіне тәуелді, спецификалық қасиеттерге ие, табиғаты органикалық және бейорганикалық компоненттермен ластанады.
Табиғи сулардың негізгі қасиеттерінің бірі элементтердің көптүрлілігі болып табылады. Табиғи сулардағы элементтердің жағдайы – органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі өзара әрекетінің нәтижесіне байланысты.
Табиғи, ауыз су, ақаба суларының бірден бір анализ мәселесі іріктеу техникасына, консервациясына, үлгілердің сақталуына және тасымалдануына ерекше талаптар қойылатын құрамның динамикалық сипаты болып табылады.
Ақаба сулардың
үлгісін іріктеу барысында
- іріктеудің жылдамдығы 0,5 м/с аспау керек;
- үлгі іріктегіш саңлауының диаметрі 9 – 12 мм болу керек;
- жоғары турбуленттілік
(болмаса, жасанды түрде жасау)
Ауыз су үлгісін
іріктеу барысында толық
Ақаба суларын консервациялау қиын, өйткені консервантты енгізу кезінде анализді қиындата түсетін жанама процестерге әкеп соғуы мүмкін. Кейбір жағдайда ақаба суының үлгісін 3 – 40С суытып, сақтаудың барысында, ондағы биохимиялық процестерді баяулатуға болады. Бұл табиғи сулар үшін де қолайлы. Үлгілерді бірнеше сағат ішінде анализдеу қажет немесе тоңазытқышта сақтау қажет.
1.2 Ақаба суларын механикалық тазалау
Ақаба суды механикалық тазалау— тез тұнатын және қалқып шығатын заттектерді техникалық құрылғылармен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ түйірлі (малтатас қүмтас) сүзгіш арқылы іске асырылады
Механикалық тазалау ақаба суларды тордан өткізу, шөктіру және сүзу жолымен ерімейтін заттарды алу үшін қолданылады.
Механикалық тазалауды жеке әдіс ретінде, лас заттардың тазалығын суды өндірісте қайтадан пайдаланатын болса немесе жергілікті және санитарлық жағдайлар бойынша суды су қоймасына тастау мүмкін болған кезде қолданылады.
Ақаба суды мұқият тазалау — бірін бірі толықтыратын механикалық, биологиялық, химиялық тазалау, электродиализ, кейде дистилляция жолымен іске асырылатын шаралар арқылы ақаба суды ластағыштардан толық тазалау.
Ақаба суды пайдалану— тұрмыстық, нөсер немесе өндірістік ақаба су құрамындағы пайдалы құрамды бөліктерді пайдалану немесе бұл суды тазартқан соң егістікті немесе ормандағы екпе ағаштарды суаруға, т.б қолдану.
Ақаба суды табиғи тазалау — судың өздігінен тазаруы барысында немесе суармалау танабының, сүзу танабының, топырақ асты суармалау үлескілерінің, аэробты және анаэробты биологиялық тоғандар мен тотықтырғыш каналдардың көмегімен ластағыштарды ыдырату.
Ақаба суды тазалау— ақаба судағы адам денсаулығына және табиғатқа қолайсыз әсер ететін организмдерді, салынды және еріген заттектерді жою.
Ақаба суды тазалау әдістері — табиғатты және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңызды шараларының бірі. Ақаба суды механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялык (ірілендіру, бейтараптау, хлормен өндеу, т.б.) және биологиялық (суармалау танап тарында, биологиялық бассейнде, биосүзгіште) әдістермен тазалайды.
Ақаба суды тұндыру — өнеркәсіптік және тұрмыстық ақаба суды механикалық қоспалардан тұндыру, сүзу, коагуляциялау және т.б. әдістер арқылы тазалау.
Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау — ағындыларды ластағыштардан физикалық-химиялық әдістермен тазалау. Бұған реагенттік не электролиттік ірілендіру, қышқылдармен және сілтілермен бейтараптау, шайғындау, су буымен айдау, сорбция, суды ультрадыбыспен өндеу, электрхимиялық тотықтыру және т.б. жатады.
Ақаба суды химиялық тазалау — ластағыштарды химиялық агенттер аркылы және заттектердің физикалық-химиялық қасиеттерін пайдаланып жою. Ақаба суды химиялық тазалауға қалқып жүрген және коллоидты заттектерден, фосфордан ірілендіру арқылы тазарту, еріген органикалық заттектерден абсорбция арқылы тазалау және тірі организмдерді жою — суды зарарсыздандыру, яғни хлорлау жатады.
Ақаба судың тұнбасы— құрамында минерал және органикалық қатты заттектері бар ақаба суды тазалау кезінде тұнатын заттектер. Ақаба судың түнбасы жергілікті ауыл шаруашылық және орман дақылдарының тыңайтқышы ретін де, қейде биогаз алуға пайдаланылады. Ортақ ағатын канализация кезінде акаба судың тұнбасының құрамында кебіне улы заттектер (ауыр металдар, т.б.) болады. Мұндай ақаба судың тұнбасын ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолдануға келмейді.
1.3 Ақаба суды биологиялық тазалау
Ақаба суды биологиялық тазалау — заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден тазалау.
Ақаба суды биосүзгімен тазалау — ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.
Ақаба суды жасанды тазалау — арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.
Ақаба суды залалсыздандыру — ақаба судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдерді жою үшін өндеу.
Ақаба суды иіссіздендіру— иісті кетіру және сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде (жанғыш газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.
1. 4 Ақаба суларды электрохмиялық жолмен тазалау
Елімізде
экологиялық өзекті
Ақаба суларды
электрохимиялық жолдармен
Ақаба суларды ауыр металл иондарынан тазалау әдістерінің бірі электрокоагуляциялау, цианидті ерітіндідегі кадмийді жеке электротұнбаға түсіру [1.68-70]. Мұнда барлық үрдістер электродтар көмегімен ақаба судан токтың үздіксіз өтуі арқылы жүреді. Электрохимиялық әдістер ақаба судан бағалы заттарды қарапайым тазалау схемасы бойынша және реагентсіз бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің басты кемшілігі ток шығымы болып табылады. Алайда бұл кемшіліктерді жою мақсатында көптеген ізденістер, ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Электролизерде электрод аралық шекарадан ақаба судың өтуі кезінде судың электролизі, бөлшектердің поляризациясы, электрофорез, тотығу-тотықсыздану үрдістері, электролиздегі өнімдердің бір-бірімен байланысуы жүреді.
Электрохимиялық әдістердің тиімділігі ток тығыздығымен, кернеу, ток және энергия арқылы шығатын кернеуді тиімді пайдаланудың коэффициентімен бағаланады.
Электрохимиялық үрдістердің жүру ерекшелігінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың негізгі ерекшелігі екі немесе бірнеше фазалардың қатысуы. Бұл фазалар металл және электролит ерітіндісі, қатты тұз, газ, бір-бірімен араласпайтын екі сұйықтық және т.б. [2.103].
Ақаба суды электролизерде ерігіш электродтармен тазалау әдісін электрокоагуляция деп атаймыз. Анодты дайындау үшін темір (болат), алюминий, магний қолданылады және осы материалдар катод қызметін де атқарады, ол электродтардың полярлылығын периодты түрде өзгерте отырып қондырғының жұмысын жоғарылатады. Анод ретінде көлденең орналасқан полимер материалынан (полипропилен) дайындалып металл қалдықтарымен толтырылған перфорирленген кассетаны пайдалану ұсынылып отыр. Ерітінді көлемі мен электродтар қатысында электрокоагуляторларда жүретін үрдістер электрод материалының табиғатымен, су құрамында кездесетін ерітінділер
мен қоспалардың рН ортасымен анықталады. Электр өрісін жібергенде металды анод ериді, онда оттегі көпіршіктері бөлінеді:
Me → Men+ + nе-, 2Н2O → O2↑ + 4H+ + 2е-,
катодта су молекуласының артық разряды жүреді және сутегі бөлінеді:
2Н2O+ 2е- → H2↑ + 2ОH−.
Электродтарда бөлініп отырған
газ көпіршіктері қоспаларды флотациялайды
және бір уақытта электрокоагуляциямен
бірге электрофлотация үрдісі жүреді.
Суға өткен металл катиондары, темір немесе
алюминий гидроксид топтарымен кездесіп,
тұнба түрінде металл гидроксидтерін
түзеді де белсенді түрде коагуляция үрдісі
жүреді. Коагулянт тұнбалары мен газ көпіршіктерінің
бір уақытта түзілуі коагуляция және флотация
үрдісінің жүріп отырғанын айқындайды,
сондықтан мұндай қондырғыларды электрокоагуляциялы-
1.5 Су шаруашылығы құрылыстарын қорғау жөнiндегi шаралар ескертуі

- АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты
- «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
- АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу
- АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу
- Ақмола облысы бойынша бюджеттік түсімдер мен жанама салық төлемдерін талдау
- Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау
- АҚ – ның еңбекақы мен сыйақыны жетілдіру
- Акшанын мани
- Акшанын пайда болуы жане мані
- Акша пайда болуы
- Акша реформасы
- Акша реформасы
- Акша саясаты
- Акша туралы тусиник