АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Коммерциялық банктердегі маркетингтік  қызметті ұйымдастырудың негізгі  теориялары

  1.1 Коммерциялық банктердегі  маркетинг қызметінің мәні мен  міндеті    

  1.2 Банктік маркетинг қызметін  ұйымдастыру ерекшеліктері  

  1.3 Банктік өнімдер нарығы

 

2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетингтік қызметін  талдау 

  2.1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетинг қызметінің    саясатын бағалау

  2.2  «Банк Центр Кредит»  Акционерлік қоғамының маркетинг  механизмін  талдау

  2.3 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамындағы клиенттерге қызмет  көрсету саласында маркетингтік  зерттеулердің ерекшеліктері  

 

3 Банктік маркетингтің дамуының  негізгі жолдары 

    3.1 Банктік өнімдер мен  қызметтер нарығында туындайтын  мәселелерді             шешу жолдары

    3.2 Банктік маркетингінің  дамуындағы жаңа тендециялар 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен  және айналымымен қатар өсіп өзара  тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер  ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта  бөлуде арадағы делдал ролін атқарып  өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің  өсуіне жағдай туғызады.

Қазіргі банктік жүйе – бұл кез  келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің  көп бөлігін салымдар, инвестициялар  және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер  халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің  ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.

Курстық жұмыста біз АҚ «БанкЦентрКредит»  маркетинтік жұмыс саласын қарастырамыз.

   «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.  Банктің республикамыз бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылы заңды тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: АҚ «БанкЦентрКредит»  маркетинг қызметін жетілдіру. Қазақстан  Республикасының алдыңғы қатардағы  банктерімен салытыра отырып, ерекшеліктерін анықтау

Жұмыстың негізгі міндеттері:

¾ банк маркетингінің теориялық аспектілерімен танысу; 

¾ қолданыстағы және жаңа банк өнімдерін бағалау және талдау жасау;

¾ банк өнімдері нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

¾ банк өнімдері нарығында туындайтын мәселелерді қарастыру мен оларды шешу жолдарын анықтау;

Курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімі «Коммерциялық банктердегі  маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі теориялары» және оның мақсыты  банктік маркетингтің негізгі теориялық  ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну аталмыш бөлімнің мақсаты  болып саналады.   Міндеті– банктік  маркетингке анықтама беру, банктік  маркетингтің қажеттілігін, оның функцияларын ашып көрсету.

Екішші бөлімі  «Банк Центр  Кредит» Акционерлік қоғамының  маркетингтік қызметін талдау». Мұнда  біз АҚ «БанкЦентрКредит» маркетинг  қызметінің саясатын, механизмін және басқа банктерден ерекшеліктерін қаратырамыз.

Үшінші бөлімі «Банктік маркетингтің дамуының негізгі жолдары», Банк ісіндегі маркетингті дамыту, тиімділігін  артыру мен банк өнімдерін казіргі  сұраныс талаптарына сәйкестендіру  үшін төмендегідей  шаралар қарастырамыз.   

Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері банк істеріне жетекшілік ететін Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі актілері, Қазақстан Республикасы сатистика  Агенттігінің материалдары қолданылады. Жұмыс барысында ғылыми, статистикалық  және экономика математикалық  әдістер  қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Коммерциялық банктердегі маркетингтік  қызметті ұйымдастырудың негізгі  теориялары

 

1.1 Коммерциялық банктердегі маркетинг  қызметінің мәні мен міндеті

 

Банк ісінің коммерциялануы, банктер  санының өсуі маркетингтің негізгі  элементтерін қаржы нарығына тездеп ендіруді талап етті. Бірақ маркетинг  сауда-өндірістік компаниялар арқылы танылған. Батыс елдерінен бір  ерекшелік- біздің елімізде нарыққа  бір мезетте барлық құрылымдар мен  сфералардың көшуімен сипатталады. Бұл банк ісі активизациясын ғана емес, нарыққа бағытталған жаңа банктік  жүйені құруды жеделдететін маркетинг  мәнін арттыра түседі.[1]

Маркетинг – бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым. Нарықтың экономикаға кез келген кәсіпкерлік  нарыққа шығарумен, барлық процестерді  білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталды. Егер дамыған елдерде маркетинг  жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсіпте  тарау алса, оның соңын ала, 40 –  жылдай бұрын маркетинг ірі банктер  аясында қолдауға ие болады. Қазақстандағы  нарықтың экономиканың дамуы мен  прогресі жағдайында банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену –  бұл қажеттілік және банктік менеджменттің  ажырамас бөлігі болып саналады.

Банктік меркетинг толығымен маркетингтің жалпы қағидаларына негізделеді, алуан  түрлі қызметтерді орындайды, «маркетинг»  жалпы түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг  – бұл өндіріспен және бәсекелестік ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен байланысты кәсыпкерлік  қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Банктік маркетингтің ерекше саласы, клиентердің нақты қажеттіліктерін  ескере отырып, банк өнімдерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын іздеу және пайдалануға  бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердің қызмет түрлері  қарау керек.

Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі заманғы банктердегі  маркетинг алдыға қойылған мақсаттарды  орындаудағы өз стратегиясы мен  философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.

Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметтеріне активті және әлеуметтік сұранысты зерттеу мен талдаудан  басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арасында ғана өмір сүреді. Банк өз шығындарының деңгейіне  қатысты олардың бағасын алдын  ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып  және пайда алады.

Банктік маркетинг – бұл сол  аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі. Банктік  маркетинг нақты және әлеуетті клиенттердің анықтауға бағытталған.[8]

Банктік маркетинг пен нақты  қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметі туралы жалпы  түсінікті келесі суреттен алуға  болады.

 

                    

                     Банктік маркетинг – бұл нақты  саяси – қоғамдық

                     және эконоикалық ахуалдарға  қатысты оның

                    қызметінің сыртқы және ішкі  саясаты, стратегиясы мен  

                     тактикасы  

 

 

 

 

Клиенттердің басым       Өмір сүруші әлеуетті               Банк қызметін әзірлеу;

топтарын анықтау           клиенттердің                             игеру; алға жылжыту 

                                            қажеттіліктерін, талап -           және т.б.

                                          тілектерін және құндылық-

                                               тарын анықтау   

 

 

 

          Өнімнің        Тезарада      Өнімді           Жарнама-           Жеңілдік 

         сапасы          жеткізу        пайдалану      лық қолдау        есебінен 

           мен                және            ға өткізу                                     бағаны

          сенімді-         сенімді-       кезіндегі                                    төмендету 

          лігі                 лік                қызметтер

 

Сурет 1.1 Банктік маркетингтің қатынастары

 

 

Банктік маркетинг – капитал  нарығында жалпы және жеке секторында, яғни банктік сфера, несиелік жүйеде, құнды қағаздар нарығында болатын  процестерді есепке алу және зерттеуді  көрсететін банкті басқару жүйесі. Банктік маркетингтің негізгі міндеті  капитал нарығында болып жатқан процестерді талдаудан тұрады, яғни тікелей несие қаржы институтының әрекеті сферасында, әсіресе банктік  секторда, бастапқы екінші, биржадан тыс  құнды қағаздар нарығында. Бұл банк басшысына ең алдымен банктік  қызметті кеңейтуге және сәйкес кірісті  көбейтуге бағытталған икемді шешімдерді қабылдау үшін қажет.

Біздің экономикалық әдебиеттерде «банктік өнім» термині нарықтық экономикасына өту процесінде пайда  болды.  Банктік өнімге банктің  барлық жүзеге асыратын   қызметері  мен операциялары жатады.     

 «Банк» - заңды және жеке тұлғалар  ақшаларының ағымымен байланысты  және сол ақша құралдарына  қызмет көрсететін экономикалық  институт.

Банк өзге қаржы делдалдардан несімен  ерекшеленеді? Біріншіден банктерге  қарыз міндеттерін екі жақты  алмасу тән: олар жеке қарыз міндеттерін  орналастырып, осы негізде мобилизацияға  ұшыраған құралдарды қарыздық міндеттемелерге  апарады және құнды қағаздарды да дәл осылай орналастырады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар қарыздарын қабылдар алады. Үшіншіден  банктер мемлекеттер, өндерістер, халық  арасында ақша құралдарының таратылуына  дәнекер болып, электронды ақшалар  мен пластикалық карточкаларды  шығарады. Банк қызметі өндіріске  тікелей қатыспайтын капитал  көмегімен жаңа қызметтерді жасап  шығаруда жатыр. Яғни банктер өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал болып, екі жақты айырбасқа қатысады. Мұны келесі суреттен көруге болады:

 

 

         Бос ақша                                                                  Несие

           құралдары

      Тұтынушы               Банк                Өндіруші

 

 

     Тұтынушы              Банк               Өндіруші

 

                  Несие                                               Несиені өтеу

 

Сурет 1.2 Тауарлар мен қызметтер

 

 

Аталған суретте құралдарын төлем  төлеу жеделдік және қайтару шарттарында  тарту мен орналастыруға байланысты банк әрекетінің негізгі түрін бейнелейді. Бірақ банк әмбебап өндіріс және қызметтердің  алуан түрлерін жүзеге асырады, мұны клиент пен банк арасындағы байланыс ретінде төменденгі суреттен көреміз:

 

 

   Клиент                                 Банк                                   Клиент

 

Сурет 1.3 Банк пен клиент арасындағы байланыс

 

 

Банктер өзге кез келген өндіруші секілді жеке заңды тұлға болып  табылады, арнайы өнім, қызметтер өндіріп, пайда көреді, өз әрекеттерін жүзеге асырады.[9]

Маркетинг процесі тұтынушы мен  оның қажеттіліктерін толық түрде  қанағаттандырумен аяқталады. Банк өнімінің жаңа түрлерін ұсыну процесі  банк жұмысшыларын, қызмет орындары мен  қызмет көрсету тәсілдерін даярлаудан басталады. Мысалы: банкке кіре берісте  тұтынушы өз әрекетін солдан оңға қарай  бұрылумен бастайды. Егер жаңа өнім түрлері сол бөлікке орналастырсақ  тұтынушы оны бірден аңғарады, сөйтіп тұтыну деңгейі жоғарлай түседі.

 

 

 

            1.  Нарықтық мүмкіндіктер сараптамасы  (маркетингтік зерттеулер)

 

 

 

                          Жеке тұлғалар нарығы           Заңды тұлғалар нарығы

 

 

                                       2. Мақсатты нарықтарды таңдап  алу

 

 

 

                    Нарықты сегменттеу                  Өнімнің нарықта алатын орны

 

 

                                          3. Маркетинг жүйесін жасамдау

 

 

            Өнімнің жаңа түрлерін жасау          Баға саясаты          Алға жылжу

 

                          4. Маркетинг жүйесінің қосымша  қызметтері 

 

 

     Маркетингтік ақпарат    Жоспарлау мен бақылау жүйесі  Ұйымдастырушы 

                                           құрылым

 

Сурет 1.4 Банктегі маркетингтік әрекетті ұйымдастырудың жалпы сызбасы

 

Коммерциялық банктер мен өз қаржылық – несие институттары маркетинг  мақсатары мен міндеттерін жүзеге асыруда клиенттердің қажеттілігіне  бағдарланудың бірінші кезекті  келістерін әзірлеп-жасайды, осыған орай клиент пен банктің мүдделерін үйлестіре  білу маңызды болып саналады [10]

Банктік маркетинг «банк өнімдерін» көбейтуге бағытталған (банк операциялары, қызметтер) қызметтердың нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:

¾ Маркетинг зерттеулерді жүргізу, ақпаратарды жинау, талдау.

¾ Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сатушысы болуы.

¾ Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.

¾ Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.

Банктік маркетинг клиент басты  орын алады. Банктегі басты тұлға  – банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды  немесе қызметтерды көрсетуге тиіс екендігін солар алдын ала  болжайды.

Банк клиентері:

1) Үкіметтік мекемелер.

2) Корпорациялар.

3) Банк-кореспонденттер.

4) Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары, ірі немесе ұсақ кәсіпорындар.

5) Тарст-қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып саналатын заңды және жеке тұлға.

6) Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен операция жасаушылар.

Банк оларды меншікті бағаны анықтау  негізі ретінде пайдалану үшін бәсекелестердің  бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі, оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер  мен көрсеткіштер анықталады және салыстырылады.

Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пассивті маркетингті  пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.

Банктік маркетинг функциялары. Банк маркетингі арнайы функцияларға ие. Ол – банк өнімдерін өткізу бағытындағы  банктің маркетингтік әрекеті түрлерінің қосындысы.

Банктік маркетингтың негізгі функциялары:

¾ ақпарат жинау;

¾ маркетингтік зертеулер;

¾ банктік өнімді шығару мен айналысқа түсіруді жоспарлау;

¾ жарнама;

¾ банк өнімдерін айналымға енгізу;

Маркетингтік зерттеулер банк өнімдерінің  жаңа идеялары мен түрлерін іздеуден бастап оны тұтынушыға жеткізетін аралықты түгел қамтиды. Маркетингтік зерттеулер әрекеттерінің кешенді түрін  қамтиды:

¾ қаржы нарығындағы бәсекелес-банктер мен сатып алу әрекетін зерттеу;

¾ қаржы нарығы мен оның секторлары мүмкіндіктерін талдау;

¾ банк өнімдерін сапасы мен көнектілігіне қарай зерттеу;

¾ банк өнімдерін айналымға ендіру мәліметтерін талдау;

¾ бәсекелестерді зертеу;

¾ қаржы нарығының ең қолайлы сегментін таңдау;

Банк өнімдерінің болуы ол қаржы  нарығындағы бәсекелестіктің тұрақтылығымен сипатталады. Банктің бар әрекеті  жаңа банк өнімін шығаруға бағытталған. Бұдан банктің әрекет көлемі, рентабельділік денгейі, салынған капиталдағы пайда  нормасы және өзге де көрсеткіштер көрінеді.[11]

 

 

 

1.2 Банктік маркетинг қызметін  ұйымдастыру ерекшеліктері

Банктік сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өнімі спецификасына  шартталады. Біздің әдебиеттер мен  тәжірибеде «банк өнімі» деген термин нарықтың экономикаға көшкеннен  кейін пайда болды.  Банк өнімі  бұл банк іске асырған кез келген қызмет пен операция.

Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өніміне байланысты. Ол банк жасаған кез-келген қызмет не операция банк әкімшілігі мен оның барлық қызметтерінің саясатының мақсаты  – клиенттерді тарту, өз қызметтерін  тарату сферасын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын түсімді көбейту болып  табылады. Осыдан келіп мәні мен  мақсаты қаржы нарықтарында бәсекелестігі  күшейіп бара жатқан банк маркетинг  жұмысының тиімділігі келіп шығады. Маркетинг – үлкен дайындықты, терең және жан-жақты талдауды қажет  ететін, банк бөлімшелерінің басшысынан төменгі бөліміне дейін белсенді жұмыс істеуді қажет ететін банк философиясы мен стратегиясы. Маркетингтік бағыт банктің өз өніміне емес, алдымен клиент сұранысына икемделуін талап етеді. Сондықтан нарықты  жете зерттеп, өзгеретін талғамдарды  талдау, банк қызметтерін тұтынушылар  сұранысын білу аса қажет.

Маркетингтік әрекет аясында жаңа өнімдерді қолданысқа енгізу барысында  банк жоғалтатын шығын көлемін білу де маңызды. Банк бағалы ресурстарды  қолданатындықтан, оларды нарықтың  ең түсімді сегменттерінде қолданған  жөн.

Банктік маркетинг банк клиенттерінің  шаруашылық жағдайын максималды түрде  есепке алатын, оларға одақтастар табу ерекшелігі бар есептеудің жаңа түрімен  байланыстырылады.

Сөйтіп банктік маркетинг бір  мақсатты орындауға, бағытталады:

¾ шаруашылықтағы уақытша босаған ақша құралдары мен кірісті дұрыс пайдалану.

¾ Банктерде маркетинг аясында келесі принципті жүзеге асыруы керек:

¾ Нақты нарықтың мақсатқа жету үшін барлық қызметкерлердің қосыла жұмыс істеу.

¾ Маркетинг әрекетінің кешенділігі (жоспарлау, талдау, жүйелеу, бақылау).

¾ Маркетингтің преспективті және ағымдағы жоспарлауының біртұтастығы.

¾ Қабылданып жатқан маркетингтік шешімдерді бақылауға алу.

¾ Банктегі әр қызметкер жұмысының жан-жақты әрі белсенді болуына қолдау көрсету.

¾ Қызметкерлердің үнемі өз санатын көтеруге қызығушылық танытуын қамтамасыз ету.

¾ Банк коллективінде жайлы психологиялық климат құру.

Маркетинг – банк әрекетін басқарудың нарықтық концепциясы, ол экономикалық коньюнктура нарығы, клиенттер сұранысын  зерттеу мен банк қызметтерін  соған сәйкес икемдеуге бағытталған. Маркетинг мақсаты – сұранысты  құрылымдау мен дамыту. Банк жұмысы жоспары мен қабылданатын шешімдердің  нақтылығын қамтамасыз ету, банк қызметтері, нарықтық үлес пен пайданың өсуін  қадағалау.

Банктегі маркетингтің негізгі  міндеттері:

¾ Үнемі өзгеріп тұратын қаржы нарығы шарттарында банк жұмыс рентабельділігін қамтамасыз ету.

¾ Банктің қоғамдық имиджін сақтау.

¾ Клиенттер ұсынысын максималды қанағаттандыру. Бұл іскерлік қатынастардың тұрақтануының кепілі.

¾ Банк коллективінің коммерциялық ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселелерін кешенді шешу.

Банктік маркетингтің негізгі тәсілдері- клиентпен сөйлесу, акционерлік  дивиденттер келуін қадағалау, өзге несиелік және банктік емес мекемелермен салыстырғанда осы банк қызметтер  ерекшелігін клиентке ұғынықты жеткізу, қызметтерді сатуға қызметкерлердің  материалды қызығушылығын туғызу.

Пассивті маркетинг- БАҚ-қа клиентке тиімді болатын банк қызметтері туралы жариялау.

Банк сферасындағы маркетинг мәні банк қызмет сферасында әрекет ететіндігімен  анықталады. Шын мәнінде, банк өнімі-банк қызметтерінің актив және пассив операциялар бойынша кешенді  жиынтығы.

Маркетинг стратегиясын құрлымдау  кезіде банк қызметтерінің де бір  қатар ерекшеліктерін есепке алу  керек:

¾ қызметтердің абстрактілі мінездемесі;

¾ қызметтер сапасының тұрақсыздығы;

¾ қызметтерді сақтамау;

Банк қызметтері ассортиментінің  құрылымы туралы шешім оны алғаш  құрып, банк әмбебап әлде арнайы бола ма деген шақта қабылданады. Банктің  негізгі қызметтері екеуінде де бірдей, сондықтан тұтынушылар назарын  аудару үшін ағымдағы ассортименттің аса үлкен маңызы болады.

Дамыған елдерде банктер өз тұтынушыларына үш жүзден астам қызмет түрін ұсынады. Қызметтер ассортименті толығымен  қалыптасқан деп есптелінеді  сандықтан нарықа жаңа өнім шығару көп  шығын қажет етеді және ол нарықтағы әсерін бәсекелестердің  жылдам қарекеті себебінен төмендейді.

Банктік маркетингтің жалпы қағидалары келесідей түрде берілген:

¾ нақты мақсаттарға жетудегі барлық банк қызметкерлері әрекеттерінің бағдарланушылығы;

¾ жоспарлауды, талдауды, реттеуді, бақылауды қамтитын банк қызметі процесінің кешенділігі;

¾ маркетингті болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;

¾ қабылданатын шешімдерге бақылау жасау;

¾ жұмыскерлердің шығармашылық белседілігін ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру;

¾ ұжымда табысқа жету үшін қызығушылықты арттыру.

Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмендегідей маркетинг мақсаттарына қол жеткізу маңызды болып  саналады:     

1) нарықты зерттеу және сұранысты қалыптастыру;

2) банк қызметтеріне сұранысты ынталандыру;

3) қабылданатын шешімдер жоспарларының негізділігі;

4) клиенттерді тарту және клиенттерді ұстап тұра білу;

5) банк кірісін көбейту және нарықтағы үлесін ұлғайту.

Маркетингтегі келесідей нақты  міндеттерді шешу кезінде мақсаттарға  жету мүмкін болады:

¾ банктің тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

¾ табысқа жетудегі  кепілдік ретінде банк өнімділігін қамтамасыз ету және клиенттер арасындағы беделін көрсету;

¾ көрсетілетін қызметтерді көлемі, құрлымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;

¾ ұйымның міндеттері мен оның әлеуметтік проблемаларын шешу. [7]

1.3 Банктік өнімдер нарығы.

 

«4-р» маркетинг үлгісі элементтерінің бірі нарық болып табылады. Нарық-әлдебір  өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды  тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды  да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар  мен тұтынушылар қызығушылықтары  бір-бірімен астасып жатады. Басқаша  айтқанда, өнімдер мен қызметтер  нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге  арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде  берілген. Нарықтың қатынастар әрдайым  нақты болады, олар белгілі бір  банк өнімдері мен қызменттерін сату-сатып  алу жиынтығына бағытталған. Нарықтың болуы үшін келесідей шарттар  қажет:

¾ нарық субъектілері ретінде көрінетін екі жақтың болуы;

¾ -бұл жақтың әрқайсысы екіншісіне тұтынуға қажетті затты не қызметті ұсынуға құқығы бар;

¾ жақтардың әрқайсысы тауар туралы мәлімет алып, оны қабылдауға не бос тартуға құқығы бар;

¾ серігіңе деген сенім мен өзің ұсынып отырған құнға эквивалентті зат не құзметті алу;

Нарықтың әрекет ету шарттамаларын  оның негізгі принциптері де айқындай түседі:

¾ Сәйкес келісім-шарт арқылы сатушының сатып алушыны және керісінше сатып алушының сатушыны ерікті түрде таңдауы: Бірақ бұл нарықтың

¾ экономикалық заңдарын сақтамау, мемлекеттік салық оргаты, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк тарапынан аталған процесс бақылауға алынбайды деген сөз емес;

¾ өнімді ақшаға оңай ауыстыру;

¾ несиелерді жоспарлап таратудың мүлдем болмауы;

¾ сұраныс пен ұсыныс қатынасынан көрінетін құн заңының ерікті түрде өз күшіне енуі, кей жағдайларда аталған процеске мемлекеттің жетекшілік етуіне рұқсат беріледі;

¾ банк сферасы күшінің талдануы, заңды және жеке тұлғалардың негізгі талаптарын қанағаттандыруға қажеті өнім көлемі, құрлымы мен түрлерін жасамдау қабілеті;

¾ банк қызметтерін көрсетудің дамыған инфрақұрлымының болуы;

¾ ақша құралдары, балансты тауарлық ресурстары бар тұтынушылар ұйымының болуы;

Осыдан өнім нарығының негізгі  функциялары шығады:

¾ сұранысты анықтап, ұсыныс жасау, ұсынысқа сандың және сапалық сәйкестік болуын қамтамасыз ету;

¾ тауарлық ұсынысты құрлымдау, яғни банк өнімдерінің белгілі бір жиынтығын қалыптастырып, тұтынушылардың оларды алуына жағдай жасау;

¾ жасамдау нарығын іздестіріп, қарым-қатынастарды ұйымдастыру банк өнімдерін табу;

¾ шығындар өтелгеннен кейін пайда табуға бағытталған экономикалық әсерді жасамдау;

Банк қызметтін – банктің  клиент мүддесін үшін белгілі бір  іс-әрекеттерді орындауын сипатауға  болады. Кез келген банк өнімінің негізінде  қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

«Қазақстан республикасы банктер  және банктік қызметтер туралы»  Заңға сәйкес банктер мынадай  операцияларды орындай алады:

¾ ақылы негізде депозиттерді тарату;

¾ клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

¾ қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

¾ инвестицияланатын қаражаттар иелерінің несие иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

¾ заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, векселдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификатарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

¾ төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

¾ ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;

¾ тауар тасмалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

¾ банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиеттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

¾ клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

¾ коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, содай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

¾ клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалау қағаздарды басқару);

¾ банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;  [13]

2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетингтік қызметін  талдау 

 

  2.1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетинг қызметінің    саясатын бағалау

 

Банк қызметтерін көбейту және оны дамыта түсу банктің стратегиясының бірқатар негізгі мынадай алғышарттарына негізделеді: тиімділікті анықтау, тұжырымдама, қызметтерді сату, нарықты  зерттеу, кадр саясаты және т.б.

Банк саласындағы маркетингтің ерекшеліктері банк өнімдерінің  ерекшеліктеріне байланысты туындайды. Біздің экономикалық әдебиетте «банк  өнімі» термині нарықтық экономикаға  көшу барысында ғана пайда болды. Банк өнімі дегеніміз банк жасайтын кез келген қызмет немесе операция болып табылады.

Нарық жағдайында жұмыс істейтін қандай да болмасын кәсіпорын, банк үшін - тауарлар мен қызметтерді сату маңызды  міндет. Банк басшылығы саясатының мақсаты тұтынушыларды Тарту, өз қызметтерінің аясын кеңейту  және нарықты жаулап алу, түсіретін  пайданы өсіру. Әрбір банк қызметкері маркетингтің негізгі қағидаларын  өз жұмысында қолдана алуы үшін білгені  жөн. Бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер банк қызметтерінің сан  алуан түрлерін қолдануы тиіс. Мысалы батыс елдердегі банктер 200-ден  астам қызмет ұсынатын болса, біздің қазақстандық банктер небары 80 қызмет түрін ұсынып отыр.

Қазір банктердің көпшілігі тұтынушыларды  тартудың жаңа жолдарын қарастыруда. Бұл  мақсатқа олар маркетингті табысты  түрде қолдана алады. 

 Банктегі маркетинг – бұл  банктің стратегиясы мен философиясы.  Ұйымдағы маркетингтік ыңғай  таныту банкті өз өнімдерінен  тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағыттайды. Сондықтан банк қызметін  тұтынушылардың өзгеріп отырған  қажеттіліктерін талдап отыру  қажет.

АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты