Акша және инфляция
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
4 |
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ |
6 |
|
6 |
1.2 Инфляцияның типтері |
9 |
1.3 Инфляция мәні және түрлері |
10 |
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ |
12 |
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері |
12 |
2.2 Ақша жүйесінің түрлері |
13 |
2.3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі |
16 |
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ |
19 |
3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат |
19 |
3.2 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу |
29 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
31 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
33 |
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады.Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтылығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес» емес, «реттеу» терминін қолданған жөн. Реттеудегі басты мәселе- инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де едәуір болып отыр. Осынын барлығы осы елдердегі, сонын ішінде Қазақстандағы инфляция мен ақшалық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін,түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен, Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен, инфляцияны реттеудің ақшалық құралдарын жетілдірунегізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетумен анықталады.
Зерттеудің мақсаты ақша және инфляция болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
-Қазақстан Республикасындағы ақша және инфляцияның теориялық аспектілері;
- ақша жүйесі және оның қазақстандағы қалыптасуы;
- Қазақстан Республикасында инфляцияға қарсы саясатты және ақша жүйесін жетілдіру жолдары.
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның зерттеудің объектісі болып табылады.
Зерттеудің пәні. Қазақстан Республикасындағы ақша және инфляцияның оңтайландыру жолдары.
Зерттеудің әдістері. Зерттеліп
жатқан жұмыс тақырыбы бойынша Қазақстан
және Ресей экономистерінің, ғалымдарының
еңбектері қолданылды. Зерттеудің әдістік
және теориялық негізі іргелі тұғырнамалар
және болжамдар болып келеді. Эмпирикалық
негізі ретінде Қазақстан
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазақстан Республикасының
Курстық жұмысының практикалық
құндылығы ретінде оқушылар мен
жоғарғы оқу орны студенттері
үшін «Қауіпсіздік мәселелері», «Әлемдік
экономика және халықаралық экономикалық
қатынастар» пәндердің
Зерттеудің құрылымы. Пәннің анықтамасынан және құрастырылған міндеттерден бұл жұмыстың құрылымы шығады. Ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, мәні, зерттеу әдісі, ғылыми жаңалығы, және құрылымы көрсетілген.
Бірінші бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша және инфляцияның теориялық аспектілерін талдауға арналған негізгі сипаттамаларын береді.
Екінші бөлім ақша жүйесі және оның қазақстандағы қалыптасуын қарастыруға мүмкіндігін береді.
Үшінші бөлім компания Қазақстан Республикасында инфляцияға қарсы саясатты және ақша жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Қорытынды бөлімінде көзделген мақсат –міндеттердің орындалуы жайында сөз қозғалды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі
Инфляция- ақшаның құнсыздануынан
тауарлар мен қызметтерге бағаның
жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын
құбылыс.Бүгінгі таңдағы
Медальдің екі жағы сияқты,ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан ұғымдар.Инфляцияны кредиттік ақшаның «сырқаты» деп айтуға болады. Ерте заманда(алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған, яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі
MV=PQ инфляцияның «феноменін»
Алтын монеталық стандарт
жойылғаннан кейін ақша айналымында
мүлдем басқа жағдайлар орын алды.Айналымға
алтынға айырбасталмайтын қағаз
ақшалар шығарылды. Бұл алтын
монета айналымы кезіндегі И.Фишердің
теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы
«автоматты» механизмнің іс-
К.Маркстың классикалық анықтамасы
бойынша: «...ақша – тауардың айырбастық
құны,ол тауардың өзіндік құнынан
бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке
тауар» деп айтқаны инфляцияның
шығу тегін түсінуге шамалы болса
да жарық түсіреді. Егер осы берілген
анықтаманы негізге алатын болсақ,
онда ақшатауардың құнынан бөлініп
шығумен бірге, өзінің өзіндік құнынан
айырылған тауар.Сондықтан
Инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар нарығында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды.Инфляция – бұл нарықтардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық конъюктурасына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу қажет [2].
Айталық, экономиканың конъюктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса,онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені және қандай жағдайларды жатқызуға болады?
Инфляция күрделі әлеуметтік
– экономикалық феномен, оның пайда
болу себептері көбінесе бір жақты
айтылмайды. Инфляция негізінен шаруашылықта
қалыптасқан әртүрлі
Алайда бағаның өсуі айналымдағы
тек қана ақшаның шектен тыс болуынан
болған жоқ. Бағаның үнемі өсу
процесі ХХ ғасырдың басынан байқалады.Барлық
дамыған капиталистік елдерде тауарлар
мен қызметтер бағасының деңгейі ХХ ғасырда
елеулі түрде өсті(мысалы, АҚШ-та бөлшек
сауда бағасы 17 есе өсті).Ғалым-экономистер
бұл құбылысты олигополистік бағаның
қалыптасуынан деп есептейді.Қазіргі
нарық – көбінде олигополия түрінде қалыптасқан.Осы
күнгі ірі фирмалар белгілі бір деңгейде
нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне
өзі баға белгілей алады.Фирма – олигополия
бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін
түсірмеуге ұмтылады,нарықта қалыптасқан
баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.Бағаның
төмендеуімен өз нарығындағы жағдайды
«бұзып алмау» мақсатында ірі фирмалар
ұсыным икемділігінің артуына кедергі
жасауға тырысады.Қалыптасқан өндіріс
түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою
арқылы олигополиялық фирмалар жалпы
сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны
мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға
ұмтылады.Төртіншіден, ұлттық экономикалардың«ашыла»
«Инфляцияны тосу»механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [4].
Өндірушілер де шикізат пен
материалдарға және энергияға бағаның
өсуін болжап,өздерінің
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы қалыптасады.Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан [5].
Сонымен, соңғы жылдары Батыс елдеріңде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға – еңбекақы», «инфляцияны тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және тағы басқалары болды.Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
1.2 Инфляцияның типтері
Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептері және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі.Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері және тағы да басқа атаулармен атайды.Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін толық ашады.Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы – өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын үрдіс. Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе–теңсіздік.Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты айналымсаласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдық сипатынан шығатын макро- және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімділіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады.Көріп отырсыздар, инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізінде сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.
Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атаймыз. Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды [6].
Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің қосымша ақша эмиссиясын жүргізу.Бюджет тапшылығының негізгі себептері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімділік , нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді.
Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуына байланысты емес,керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы, трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру сияқты шаралар сұраныс инфляциясының өсуіне әкеп соғады [7].
Мемлекеттік шығыстардың өсуі.Кейбір өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе әскери – өнеркәсіп кешенін ақшаландыруға бағдарланған.Бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтыншылар сұраныстарының нысандарына жатпайды.Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға кететін ақшалар тұтынушылар нарығында тауармен қамтамассыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскери шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен мемлекетік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі.Мысалға,мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік шығыс: дотациялаудың,жеңілдіктердің алуан түрлері,әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі.
1.3 Инфляция мәні және түрлері
Сұраныс инфляциясының басқа
да себептері болуы мүмкін.Ол әр
елдің экономикасына
Шығарылған өнім мен көрсетілген өнім өлшемінің қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді.Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты,өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:
Кәсіподақтар және қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз кезегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарлатады, өнімін қымбаттады. Ал өнімнің қымбаттығы өндірісті әрі қарай дамытып, оны ұлғайту мүмкіндік бермейді.Нәтижесінде жалпы ұсыныс қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі.Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын өсіреді.Айтылғыан процестер ақыр аяғында «инфляциялық спиральдің» пайда болуына әкеледі:бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді;
Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады: а) бюджет, салық салу,ақша-кредит саясатындағы заңдар базасының кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі; б) экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы; в)құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.
Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының
көзі болып отырғандар:энергия
Сонымен, инфляция толық ауқымды қарқынмен дамып отырған жағдайда, әдетте жоғарыда көрсетілген инфляцияның екі типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі күшейтіп, байланысып кездесіп отырады.Осылайша ақша массасының шектен тыс көбеюі экономикада жоғары сұраныстар тудырады, ал осыған жауап ретінде тауарлар мен қызметтер нарығында баға өседі.Сұраныс инфляциясынан болған өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляцияның одан әрі тереңдеуіне алып келеді.
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
Ақша жүйесі – қандай
да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың
тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген
формасы. Әлемдік өркениеттегі ақшажүйелерінің
жекеленген элементтері ежелден
белгілі әрі олар құнның ақшалай
формасы – ақшаның пайда
- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- ақша айналымын ақша – несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша бірлігі – барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында бұрыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:
Ақша бірлігі Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.
Теңге мен алтын немесе
басқа да құнды металдар арасында
ресми арақатынас белгілейді. Барлық
төлем түрлеріне олардың
Қазақстан Республикасы Ұлттық
банк банкноттары мен тиындары Ұлттық
банктің сөзсіз міндеттемелері болып
табылады әрі оның барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын
– валюталық активтердің
Ақша – несие айналымының тетігі – ақша – несиелік реттеу құралдарының, ақша – несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Ақша – несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
- ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі боынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
- ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативті;
- мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;
- банктерге несиелер;
- валюта нарығындағы интервенция;
- айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшерлеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
- ресми есептік мөлшерлеме.
Валюта бағамы – бұл
басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген
бір елдің ақша бірлігінің бағасы.
Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың
тәртібі «Валюталық реттеу туралы»
ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы
баға белгілеудің негізінде
2.2 Ақша жүйесінің түрлері
Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады:тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп – төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр. Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.
Биметаллизм – баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі. Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді;
- егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты валюта жүйесі;
- «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.
Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм – ХVІ –
ХVІІ ғасырда кеңінен тараған, ал
Батыс Еуропа елдеріне ХІХ ғасырда
пайда болды. Алайда, биметаллизм
дамыған тауар өндірісінің
Монометаллизм – ақша жүйесі. Онда бір металл жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда – 1871 – 1873 жж., Жапонияда – 1897ж., АҚШ-та – 1990 ж. белгілейді. Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839 – 1843 жж. Ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болады. Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монметаллизмнің үш түрі бөліп көрсетілген: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын – девиз стандарты.

- Акша жуйесiнiн тусiнiгi жэне типтерi
- Акша жуйеси
- Акша жуйеси
- Акша жуйеси жане еволюциясы
- Акша каражаттары
- Акша каражатттары
- Акша нарығы
- Акціонерні товариства
- Акціонерні товариства в новій моделі господарювання
- Акціонерні товариства, закономірності формування та розвиток
- Акша агымдары
- Акша агымдарын жоспарлау
- Акша айналысы
- Акша жане банк