Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау
2 «Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау
2.1 Банктің қаржылық қызметіне сипаттама
«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 19 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді [16].
Банктің тарихына тоқтала кететін болсақ, 1993 жылы Павлодар қаласында (Павлодар облысы) Қазақстанның алғашқы аймақтық банктерінің бірі – «ЕртісБизнесБанк» АҚ негізі болып қаланды.
1999 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ мен «Семей қалалық банкі» АҚ бірікті. Бас офисі Павлодар қаласында орналасқан жаңа «ЕртісБизнесБанк» АҚ Алматы, Астана, Екібастұз, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында да филиалдарын ашты.
2001 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ негізгі акционерлері ауысты. Банктің жаңа акционерлерінің қатарына кірген компаниялар: «Алматықұс» ААҚ, «Астық Астана 2030» ЖШС, «Байт Корпорациясы» ЖШС және «Жаңа Ғасыр-НС» ЖШС. Аймақаралық деңгейден республикалық деңгейге ауысуды және атауын «Альянс Банк» деп өзгертуді қамтитын тұрақты өсу стратегиясы қабылданды. «ЕртісБизнесБанк» ААҚ жаңа менеджменті республиканың банктік саласының жетекші мамандарынан құралды [17].
2002 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ «Альянс Банк» ААҚ болып қайта тіркелді (13 наурыз). Бас офисі Павлодар қаласынан Алматы қаласына (наурыз-сәуір) көшті. Банктің Петропавл қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) филиалы ашылды, жарғылық капиталы 2,1 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды, алғаш рет Ресей банктер тобынан 6 миллион АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған заем тартылды, сондай-ақ 3 миллиард теңге сомаға бірінші субординацияланған облигациялар шығарылды. Жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банк» ААҚ Қазақстан Республикасының он ірі банкінің қатарына кіріп, активтерінің өсу динамикасы бойынша көш бастаушы болды. Өсім көлемі 167%.
2003 жылы Банктің Қарағанды (Қарағанды облысы), Атырау (Атырау облысы) қалаларында филиалдары және Зыряновск қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) өкілдігі (есептік-кассалық бөлім мәртебесімен) ашылды. «Альянс Банк» АҚ on-line режімінде бизнесін орталықтандыруды аяқтаған Қазақстандағы екінші банкке айналды. «Тұрақты» болжаммен алғашқы «E+»/«Ba3»/«NP» кредиттік рейтингтері, сондай-ақ жетекші «Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігінен «E+» деңгейінде қаржы тұрақтылығы рейтингісіне ие болды. 10 миллион АҚШ доллары сомасында шетелдік банктер тобынан синдикатталған заем тартылды. Жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банк» АҚ Қазақстан Республикасының ең ірі сегіз банкінің қатарына енді және активтерінің өсу динамикасы бойынша қатарынан екінші жыл көшбасы болып келеді - 131%.
2004 жылы Банктің Жезқазған (Қарағанды облысы) және Талдықорған
(Алматы облысы) қалаларында өкілдіктері
(есептік-кассалық бөлім
2004 жыл қорытындылары бойынша
«Альянс Банк» АҚ Қазақстан
Республикасының ірі алты
2005 жылы Қостанай (Қостанай облысы), Ақтау (Маңғыстау облысы), Жезқазған (Қарағанды облысы), Шымкент (Оңтүстік Қазақстан облысы), Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Орал (Батыс Қазақстан облысы) қалаларында филиалдары және Алматы қаласында (Алматы облысы) екінші филиалы ашылды. «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі «Альянс Банк» АҚ «Ва2» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер рейтингісінің болжамын «тұрақты» дегенді «оң» деп өзгертіп, «Е+» қаржы тұрақтылығы рейтингісі болжамын «оң» деп растады. «Fitch Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі «Альянс Банк» АҚ шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша рейтингісін «В+» деңгейінен «BB–» деңгейіне, қолдау рейтингісін «4» деңгейден «3» деңгейіне көтерді. 2005 жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банк» АҚ Қазақстан Республикасының бес ірі банкінің құрамына кірді және төртінші жыл қатарынан активтерінің өсу динамикасы бойынша көшбасы болып келеді – 178 %.
2006 жылы Банк Талдықорған (Алматы облысы), Алматы (Алматы облысы, Алматы қаласындағы үшінші филиал – «Алатау»), Ақтау (Маңғыстау облысы), Талғар (Алматы облысы), Тараз (Жамбыл облысы) қалаларында филиалдарын ашты. 2006 жылдың шілдесінде Банк Қазақстанда активтер және меншік капиталы мөлшері бойынша (2006 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша) төртінші болды. Активтер 521 969 млн. теңгені, меншік капиталы - 37 155 млн. теңгені құрады. Таза пайда 2005 жылы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары 2 104 млн. теңгені құрады. «Казпочта» АҚ-мен бірлесіп зейнеткерлерді кредиттеу жөніндегі жоба шығарылды.
2007 жылы мамырында Альянс Банкі Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес процесін дербес басқару мүмкіндігін алды.
Осы кезге дейін пайдаланылған «Альянс банк» АҚ байланыс арналарына тоқтамастан, халықаралық VISA International төлем жүйесімен тікелей қосылуды белгіледі. Осы қадам Банкінің төлем карталары үшін транзакциялық операциялар бойынша тарифтердің кешенді төмендеуін хабарлауға мүмкіндік туғызды.
Альянс Банкі Лондон қор биржасына (GDR) ғаламдық депозиттік қолхат түрінде 17,4% жай акционерлік капиталды орналастырды. Ұсыныстың жалпы құны 704 млн. АҚШ долларын құрады.
2008 жылы Альянс Банкі тұтынушылық несиелеу моделін түзетті және дербес тұтынушылық несиеден жақсы несиелік тарихы бар клиенттерге жаңартпалы кредит карталарын беруге көшті. Меншік процессинг орталығын жетілдіруді ойдағыдай аяқтады.
Альянс Банкінің төлем карталарының қызметі «Компас плюс» ресей компаниясынан толығымен қазіргі күнгі жоғары технологиялық бағдарламалық-аппараттық Tranz Ware плтформасына аударылды. Бұл қадам ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге, сондай-ақ банктің барлық карточкалық жүйелерінің және эквайрингтік құрылғылардың тұрақтылықтан бас тартуын арттыруға мүмкіндік берді.
2009 жылы ақпанда Альянс Банкінің басты акционері – «Сеймар Альянс» Қаржы корпорациясы банк акцияларының бақылау пакетін «Самұрық-Қазына» қорына сату туралы келіссөздер жүргізуді бастады.
Наурызда экономиканы қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Альянс Банкі ҚР Үкіметінің шешімі бойынша шағын және орта бизнесті, үлестік құрылысты және жоғары білім беруді қолдауға бағытталған қаражатты игеру жөніндегі операторлардың бірі болды. Жиынтығында осы бағдарламалар бойынша банк жыл ішінде шамамен 50 млрд. теңге мемлекеттік қаражатты игерді.
Сәуірде Альянс Банкі әлемдік қаржы дағдарысынан туындаған өтімділік проблемасына байланысты борышты қайта құрылымдау ұсынысымен кредиторларға жүгінді.
Желтоқсанда Банкінің жалпы жиналысында кредиторлардың көпшілік дауысы (95,1%) Қайта құрылымдау жоспарын қабылдады. Өзгелердің қатарында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен және халықаралық қаржы институттарының тобымен Банкінің акционерлік капиталына енуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
31 желтоқсанда, келісімдер шеңберінде,
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
2010 жыл 10 ақпан Альянс Банкі меншік қаражаты есебінен шағын және орта бизнеске (ШОБ) кредит беруді қайта бастау жөнінде хабарлады.
30 наурыз Альянс Банкі берешекті
қайта құрылымдаудың
Берешекті қайта құрылымдау жоспары бойынша барлық шараларды орындау нәтижесінде Альянс Банкі капиталды 547,9 млрд. теңгеге ұлғайтты, ал оның меншік капиталы едәуір 50 млрд. теңгені құрады.
Қайта құрылымдау нәтижесінде борыш мөлшері 4,5 млрд. АҚШ долларына (есептелінген пайыздарды қоса) 1 млрд. 80 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды, оның ішінде: 850 млн. доллар – еуробондтар бойынша ескі борыш, 85 млн.-нақты сауда қаржыландыру, 145 млн. бағынышты облигация.
Барлық шаралардың аяқталуымен «Альянс Банкі» АҚ акциялары төмендегідей бөлінді:
Жай : 67% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», 33% - кредиторлар.
Артықшылықты: 67% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», 33% - кредиторлар.
1 сәуір Банк тұрғындардан және заңды тұлғалардан депозиттер қабылдауды қайта бастады.
17 мамыр Жеке тұлғаларды несиелеуді қайта басталды.
2011 жылы мамырда Альянс Банкі
ШОБ секторының клиенттеріне
борышын өсімпұлсыз және
Акция шарттарын өз кәсіпорындарының кредит тарихын қалпына келтірген және негізгі борыш бойынша 730 млн. теңгеде сомасын өтеген 229 клиент пайдаланды.
«Альянс банк» АҚ қазақстандық нарықта проблемалық бөлшек қарыздардың пулын сату бойынша ерекше мәмілені аяқтады. Банк капиталына нәтиже сәйкес 14 миллиард теңгені құрады, сонымен қатар осы мәміленің арқасында проблемалық қоржын едәуір азайды.
Осы жылдың қыркүйек айында «Альянс банк» АҚ-ы ШОБ қаржыландыру үшін Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Азия Даму Банкінің серіктесі болды. Бағдарлама шеңберіндегі қарыз қайта құрылымдау кезінен бастап сыртқы қаржыландыруды тарту бойынша алғашқы сынақ болды.
Қараша айында «Альянс банк» АҚ-ы 9 ай үшін 16,6 млрд. теңге мөлшеріндегі пайдамен ХҚЕС бойынша есепті бекітті. ХҚЕС бойынша меншік капиталының тапшылығы 78% қысқарды.
2011 жылғы өзінің сыртқы
Альянс Банкінің мақсаты - банкілік қызметтердің алдыңғы стандарттарына сәйкестене әрбір клиент үшін сенімді серіктес болу.
Банкінің даму перспективаларының көрінісі:
- корпоративтік басқарудың дамыған жүйесімен және халықаралық деңгейдегі тәуекел-менеджмент жүйесімен коммерциялық тиімді, тұрақты және транспарентті банкілік ұйым;
- активтер мөлшері бойынша Қазақстандағы ең ірі жеке банкілердің бестігіне кіретін жүйе құрастырушы банк;
- тұрғындарға қызмет көрсету, ЗТ операциялық қызмет көрсету және ШОБ қаржыландыруды орталықтандырумен нарықтың барлық сегменттерінде жұмыс істейтін әмбебап банк.
Бүгінгі күні «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде алтыншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттар бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеу әмбебап
қаржы институты ретінде дамуда.
«Альянс Банкі» АҚ төмендегілерге қатысушы болып табылады:
- Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына;
- Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына;
- Қазақстандық қор биржасына (KASE);
- Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына;
- S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың халықаралық банкаралық жүйесі;
- Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы;
- VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің негізгі мүшесі.
«Альянс Банкі» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген.
«Альянс Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының 51 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 108 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 953 банкомат, оның ішінде 322 қолма-қол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 135 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 696 POS-терминал есептелінетін көлемді эквайрингтік құрылғы желісіне ие.
Банкіге төмендегідей рейтингтер берілген:
- Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі:
"В-" контрагентінің ұзақ мерзімді кредит рейтингі;
"С" контрагентінің
қысқа мерзімді кредит
Ұлттық шкала бойынша Банкіге "kzBB-" рейтингі берілді;
Рейтингтер болжамы - "Стабильный".
Артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш: "B-" рейтингі;
Бағынышты борыш: "CCC" рейтингі.
- Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі:
"B-" шетел валютасындағы
эмитент дефолтының ұзақ
"B-" ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР, "Стабильный" болжамы;
B-" шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР;
"E" жеке рейтингі;
Артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш: "B-" рейтингі, "RR4" активтердің қайтымдылығы рейтингі;
Бағынышты борыш: "CC" рейтингі, "RR6" активтердің қайтымдылығы рейтингі [19].
Банктің қаржылық қызметін талдау – банк қызметінің қаржылық экономикалық нәтижелерін зерттеу, банктің дамуының негізгі бағыттарын анықтау және қаржылық шаруашылық үрдестерінің негізгі факторларын, үрдістерін және арақатынастарын анықтауға бағытталған арнаулы білімдердің жүйесі. Қаржылық қызметін талдаудың негізгі ақпарат көзі, әрі банктің жағдайын кешенді түрде көрсететін негізгі құжаттың бірі - банк балансы.
Банк баласының негізгі бағыттарының бірі банктің активті операциялары. Банк активтерінің құрылымы баланстық актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтер сапасы активтік операциялардың түрлендіруіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Банк активтік операцияларын негізгі төрт топқа бөліп талдайды: кассалық операциялар, бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар, несиелік операциялар және басқа да активтер [20].
«Альянс банк» АҚ-ның активті операцияларына тоқталайық. 2010 жылдың 31 желтоқсанында Банктің жиынтық активтері 427,584 млн.теңгені құрады, өткен жылмен қарағанда 45,4%-ға төмендеді.
2009 жылы банк активтерінің
Кесте 2
«Альянс банк» АҚ-ның активтерінің өзгеру қарқыны
АКТИВ: |
2008жыл |
2009 жыл |
2010 жыл | |||
млн.тнг. |
үлес % |
млн.тнг. |
үлес % |
млн.тнг. |
үлес % | |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ақшалай қаражаттар жəне олардың эквиваленттері |
60 855 |
0,81 |
15 388 |
3,7 |
18 991 |
4,45 |
Банкілердегі шоттар жəне депозиттер |
6 318 |
0,84 |
2 702 |
0,64 |
700 |
0,2 |
Əділ құны бойынша бағаланған қаржы құралдары, пайда мен шығынның құрамында көрсетілген өзгерістер |
201,973 |
27,0 |
16 369 |
3,9 |
21 716 |
5,69 |
Басқада активтер |
5,940 |
0,79 |
17,340 |
4,13 |
7 928 |
1,85 |
Активтер жиыны |
748,308 |
100 |
419,094 |
100 |
427,584 |
100 |
Кесте 2 мәліметтері бойынша 2008 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша банктің ссудалық портелі 433,475 млн.тенгені құраса,
2009 жылы 243707 млн. тенгеден 2010 жылы 244 748 млн. тенге, яғни активтердің 58,24%-ын құраған (Сурет 5) қараңыз.
Сурет 5. «Альянс банк» АҚ-ның активтерінің құрылымы
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің көрсеткіші есепті жылда 2008-2009 жылдармен салыстырғанда 4,45%-ға өскен. Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттары мен депозиттері 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 2 702 млн. тенгеге азайып, есепті жылда 700 млн.тенгені құраған. Сату үшін активтер көлемі артқан, сатуға арналған активтердің мөлшері 2008 жылға қарағанда 97657 млн. тенгеге өсіп, 2010 жылы 23,9%-ды, яғни 102199 млн. тенгеге тең болды. Негізгі қаражаттары мен бейматериалдық активтері 2008 жылы 34 197 млн.теңгені құраса, 2009 жылы 25012 млн. тенге болып, есепті жылда 25012 млн.теңгеге, яғни 26,9%-ға төмендеген. Банктің пайданың салығы бойынша ағымдағы талаптары 2008 жылы 2 741 млн. тенгені құраса, 2010 жылы 1123 млн. тенге, яни 0,27%-ға 2009 жылға қарағанда 919 млн. тенгеден өскен. Ал банктің басқа активтерінің көрсеткіші 2008 жылы активтер жиынының 0,75%-ы болса, 2009 жылы 4,13%-дан 2010 жылы1,85%-ға төмендеген.
Қорытындылайтын болсақ активтер жиынының 2008 жылы өсіп, 2009 жылдан бастап төмендеуі «Альянс банк» АҚ-ның жалпы банктің ссудалық портфелінің 244,7 млн.тенгеге төмендеу салдарынан болды.
2.2 Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау
Несиелік операциялар коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені:
- біріншіден, олардың қолайлы атқарылуы негізгі табысты алуға әкеліп, банктердің тұрақтылығы мен сенімділігіне әсерін тигізеді, ал несиелендірудегі қолайсыздықтан олардың банкроттыққа ұшырауға әкелуі мүмкін;
- екіншіден, банктер өзінің және тартылған ресурстарды, еліміздің экономикасының дамуына инвестицияларды несиелендіру үшін жинақтауға арналған;
- үшіншіден, бұл қызмет оның жағымды атқарылуы жағдайында, өзінің барлық қатысушыларына пайда әкеледі: несиелік ұйымдарға, қаржы алушыларға және жалпы қоғамға, сонымен қатар, қазіргі жағдайда несиелендіру процесі банкроттыққа және ликвидтілікті жоғалтуға әкелетін тәуекелді активті операциялардың бірі болып табылады [21].
Несиелік портфель коммерциялық банктің белгілі бір мерзіміне баланс бойынша несиелік қарыздың қалдығы болып табылады. Банктің несиелік портфеліне жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер немесе клиенттерге берілген несиелік портфелмен банкаралық несиелер кіреді.
Банктің несиелік портфелінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың бірі болып банктік қызмет көрсету нарығының ерекшелігі табылады. Бұл жерде әр банк таңдап алған нарықтарының негізгі клиенттерінің қарыздың құралдарға қажеттілігін есептеуі тиіс екені айтылып тұр.
Несиелік портфелді басқару несие тәуекелділігінің минимизациясына немесе оның алдын - алуға бағытталған банк қызметінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Несиелік портфельді басқарудағы коммерциялық банктің соңғы мажаттары болып мыналар табылады:
- ссудалық операциялардан пайда алу;
- банктің өтімділігін сақтау.
Несиелік портфельді басқару элементтері мыналар:
- несиелік портфельді басқарудың ұйымдастырушы құрылымы;
- несие саясатының стратегиясы мен тактикасының өңделуі;
- несие процесін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың болуы;
- несиелік портфельдің сандық және сапалық мінездемелерінің жақсаруы мақсатында оны талдау.
Несиелік портфельді басқарудың ұйымдастырушы құрылымының негізінде, несиені беру бойынша әртүрлі дәрежедегі жетекшілердің жауапкершілігін айқын бөлістіру, несие келісімінің шарттарын несиенің көлеміне, оның тәуекелділік дәрежесіне және басқа да сипаттамаларға байланысты өзгеріп тұратын компетенцияны шектеу принципі жатыр.
Несие портфелін тиімді басқару үшін жалпы алғанда банк бойынша, сондай-ақ банктің құрылымды бөлімшелері бойынша оның салалық және сандық сипаттамалары жөнінде талдауы қажет.
Несиелерді ұсыну банктің негізгі экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған.
Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1 жыл көлемі мерзімінде беріледі. Банктің несие портфеліне банктік ссудалардың алуан түрлерін жатқызады.
Банктік ссудаларды несиелендірудің мажатына қарызданушылардың типтеріне қызмет ету сферасына байланысты классификациялауға болады. Банктік ссудалар келесі критерияларға байланысты топтастырылады:
- қарыз алушылардың типтері;
- қолдану мерзімі;
- қамсыздандыру сипаттамасы;
- қолдану шарттары;
- өтеу әдісі;
- пайыз ставкасының сипаттамасы;
- пайызды төлеу әдісі;
- несие берушілердің саны;
- ссудаларды өткізу шарты;
- несиелендіру обектілері [22].
Несиелік операцияларының бір түрі экономика салары бойынша берілетін несиелер. «Альянс банк» АҚ-ның осы сала арқылы берілген несиелерін талдайық. 2008 жылы құрылысқа берілген несие 27,9%, яғни 96 228 млн. теңгеден 2009 жылы 113 729 млн. теңгеге өсіп, есепті жылда 86 959 млн. тенгені, яғни 26,8%-ды құраған (Кесте 3 қараңыз).
Кесте 3
Экономика салалары бойынша несиелік операцияларды талдау
Экономика саласы |
2008 жыл, |
2009 жыл, |
2010 жыл, | |||
млн.тнг |
үлес % |
млн.тнг |
үлес % |
млн.тнг |
үлес% | |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Құрылыс |
96 228 |
27,9 |
113 729 |
29,7 |
86 959 |
26,8 |
Кесте 3 жалғасы
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Мұнай-газ өндірісі |
45 014 |
13,1 |
56916 |
14,8 |
59 441 |
18,4 |
Шағын және орта кәсіпкелік қызметтері |
48 963 |
14,2 |
42151 |
11,0 |
44 331 |
13,8 |
Сауда |
34 072 |
9,9 |
31978 |
8,3 |
40 863 |
12,8 |
Жылжымайтын мүлік операциялары |
32 623 |
9,5 |
56413 |
14,7 |
27 121 |
8,4 |
Ауыл шаруашылығы |
8 484 |
2,5 |
4 486 |
1,2 |
11 611 |
3,6 |
Металлургия |
9 125 |
2,6 |
10790 |
2,8 |
9 856 |
3,0 |
Қаржылық қызмет |
21 904 |
6,4 |
21640 |
5,6 |
8 005 |
2,5 |
Көлік өнеркәсібі |
12 175 |
3,5 |
15534 |
4,0 |
7 941 |
2,5 |
Тамақ өнеркәсібі |
4 138 |
1,2 |
3978 |
1,0 |
6 969 |
2,2 |
Қаржылық сектор |
8 786 |
2,6 |
5526 |
1,4 |
3 407 |
1,1 |
Химиялық өнеркәсіп |
2 405 |
0,7 |
4494 |
1,2 |
3 010 |
0,9 |
Пошта мен байланыс қызметтері |
461 |
0,13 |
502 |
0,13 |
401 |
0,1 |
басқалары |
20 151 |
5,77 |
15394 |
4,17 |
12 464 |
3,9 |
Кесте 3 мәліметтері бойынша мұнай газ өнімдері 2008 жылы 13,1%, ал 2009 жылы 14,8%-ды құраса, 2010 жылы 18,4%-ға өскен. 2008 жылы шағын және орта кәсіпкерлік қызметтеріне берілген несие 14,4%, 2009 жылы 11%-ға төмендеп, есепті жылы 13,8% болды. Сауда несиелері есепті жылы 12,8%, ал 2009 жылы 8,3%-ды құрады (Сурет 6 қараңыз).
Сурет 6. «Альянс банк» АҚ-ның ссудалық портфельдің құрылымы
Ал жылжымайтын мүлік операцияларына берілген несие 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-дан 8,4% төмендеген. Ауыл шаруашылығына 2010 жылы 3,6%-ға өсті, ал металлургия несиелері 3,0%-ды құраған. Есепті жылы қаржылық қызмет несиелері 2008 жылға қарағанда 6,4%-дан 2,5-ға төмендеген, көлік өнеркәсібі 2,5%, яғни . 7 941 млн.теңгеге, тамақ өнеркісібі 2,2%, 6 969 млн. тенгеге, қаржылық секторға берілген несие 1,1%-ды, яғни 3 407 млн. теңгені құраған. Ал химиялық өнеркәсібі 0,9%, пошта мен байланыс қызметтері 0,1% болды. Басқа салаларға білген несие 2008 жылы 5,77%, яғни 20 151 млн.тенге болса, 2009 жылы 15 394 млн. теңгеден есепті жылы 12 464 млн. теңгеге, 3,9%-ға төмендеген.
Осы көрсеткіштерді қорытындылайтын болсақ экономикалық салалары бойынша берілетін несиелер ішінде құрылыс саласына алынатын несиеге деген сұраныс көп екен.
Банк корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу кезінде қазіргі заманғы банк өнімдерінің толық жиынтығы мен олардың қызметінің кешенді жүзеге асуын ұсына отырып, ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас орнатуға ұмтылуда.Клиенттердің корпоративтілігі банкте ашылған банктік шоттар, активтер, банктік (ағымдағы) шоттардағы орташа айлық қалдық көлемі, сондай-ақ маңызды болып табылатын жағымды несие тарихымен және іскери беделімен анықталады [18].
Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеудегі негізгі басымдылық сапаны жоғалтпай, салалық және географиялық әртараптандыру көрсеткіштерін сақтай отырып, несие қоржынын кеңейтіп, клиенттік қорды арттыру. Сондай-ақ клиенттердің жаңа арнайы топтарын есепке алу арқылы корпоративтік нарықтағы «Альянс банк» АҚ-ның қаржы өнімдері желісінің бәсекеге қабілетін арттыру.
Банк пайыздық және пайыздық емес табыстар арасындағы корпоративтік бизнеске қатысты операциялар жиынтығының орташа табысын ұстап тұруға, сондай-ақ табыстың жалпы құрылымындағы құжаттамалық операциялар мен комиссиялық сыйақылардың үлесін және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға ұмтылуда.
Енді корпаративтік несиелер мен жеке тұлғаларға берілген несиелерді талдайық. (Кесте 4 қараңыз).
Кесте 4
«Альянс банк» АҚ-ның несие түрлерінің құрылымы
Несие түрлері |
2008 |
2009 |
2010 | |||
млн.тнг |
үлес,% |
млн.тнг |
үлес,% |
млн.тнг |
үлес,% | |
Корпоративтік несиелер |
344 528 |
49,0 |
383 532 |
55,0 |
322 376 |
51,8 |
Жеке тұлғаларға берілген несиелер |
358 737 |
51,0 |
314 350 |
45,0 |
299 862 |
48,2 |

- «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау
- Альянс компанії Nokia з корпорацією Microsoft та повернення у ряди лідерів
- Альянсы, консорциумы и совместные предприятия как форма межфирменного инновационного сотрудничества
- Алюминиевая посуда
- Алюминиевая промышленность Российской Федерации
- Алюминий
- Алюминий
- Альтруизм – нормы и патологии
- Альтруизм у детей дошкольного возраста
- Альтруизм у детей дошкольного возраста
- Альтруистическое поведение
- Альфонс Бертильон и его вклад в криминалистику
- Альфортиоз лошадей
- «Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы