«Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы

Кіріспе

 

Кез-келген елдің дамуы – саудамен байланысты. Сауда саттықпен ұзақ айналысып  келген елдер тарихта бастаушы орын алған. Көптеген экономисттер мен талдаушылар  өтім рыногын талдап, болжаулармен шұғылданады. Жариялаулардың және ғылыми жұмыстардың көпшілігі импорттық  тауарлары және өндірістің өзіндік  өнімдерінің сауда ұйымдары туралы сұрақтарға арналған. Басқару жүйесінде  кез-келген, тіпті ірі сауда фирмасы  болсын маркетингтік зерттеулер өткізу міндетті. Өйткені, бұл зерттеулер сұраныстың зерттеу мақсатымен, бағаның құрылуы  және жарнамалар, тауарлық ассортиментін  жоспарлау туралы сұрақтарға жауап  береді. Басқаша айтқанда – сауда  саттықта барынша көп пайда алу  мақсатымен құрылған комплексті есеп процесі.

Ақпараттық  технологиялардың қарқынды алға басуына  байланысты Қазақстанда адамдардың ісін немесе еңбегін жеңілдету үшін арналған барлық практикалық қызмет облыстарында қазіргі заманға сай  ЭЕМ-лары іске қосылған. Қазіргі таңдағы  есептеу жүйелерінің қуаттылығын 80-ші жылдардагы орташа және үлкен қуатты есептеу жүйелерімен салыстыруға  болады. Өндірістерде, офистерде, білім  беру мекемелерінде әбден жетілдірілген  математикалық және бағдарламалық  қамтулармен қамтамасыздандырылған  ЭЕМ-лары адамдардың күнделікті жұмысына үлкен көмек көрсетуде. Іс-тәжірибеде көрсетілгендей өндіріске ЭЕМ-ң  сауатты, ойланып және жан-жақты  енгізуі өзінің тиімді әсерін тигізуде, әсіресе біркелкі жұмыста үлкен  үлесі бар. Мұндай жұмыс тез, тура және аз шығындармен орындалады. Компьютер  тез-арада еңбек ұйымын сапалы жаңа деңгейге көтереді, және адамдар аз уақыттың ішінде өздерінің жұмысын  ЭЕМ-сыз істей алмайтынына көздері  жетеді.

Кез-келген сауда фирмаларының қызметінде тауардың сатып алу – сату жолы арқылы табысты орындалуына сауда операцияларының  көлемін талдау қажет. Оған кіретіндер сауда операцияларын бекіту, бухгалтерлік есеп, айналым құжаттарын жүргізу. Пайда  түсіру бағытын жоғарылату үшін сауда  қызметін міндетті түрде талдау қажет. Бұл жұмыстың көп бөлігі, ақпараттың өңделуі және оның ары қарай талдауы  қолмен жасау керек болады. Жоғарыда айтылғандарды еске ала отырып, фирма  қызметінің барлық компоненттерін біріңғай автоматтандырылған жүйеге біріктірген  жөн болады. Бұл автоматтандырылған жүйенің міндетті құрама бөліктерінің бірі қаражаттық және бухгалтерлік есептеудің ішкі жүйесі, талдау және тауар айналымын  есептеу, маркетинг және жоспарлау, сонымен қатар администрациялау және кадрлық саясаттың ішкі жүйелері.

Бұл жұмыста  қазіргі заманға сай офистің  шартын қанағаттандыратын нақты  бағдарламалық және апқараттық есептерді  шешуге және коммерциялық компанияның  жүйесін басқаруға арналған ақпараттық жүйе көрсетілген.

Нарықтық  экономикада несие банк жүйесінде  маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы  алатын орны елеулі екендігіне ешбір  күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге  болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының  жұру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Несиенің  маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына  байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған  жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік  операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары  мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

Сонымен қатар  несие қатынастарының нақты көрінісін  несиенің формалары мен түрлері  сипаттайды. Несиенің негізгі екі  формасы: коммерциялық және банктік  несие болады. Бұл екі несие  бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету  аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі  экономикалық қатынас ретіндегі  несиеден келіп шығатын белгілі  бір қасиеттерге ие.

Қазақстан республикасының  қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде  үлкен өзгерістер болып отыр. Несие  толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда қазақстанда  күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің  экономикасының дамуы мемлекеттің  несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие  қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “несие”  деген сөздің өзі, латын тілінен  аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына  алған міндетін орындауға сенім  көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен  несиелік мекемелердің қанат жаюымен  ұштасып, сол арқылы қазақ даласының  қойнауының капиталын кеңейтуге  мүмкіндік береді.

Тақырыптың  өзектілігі: Соңғы онжылдақта қоғамның ақпараттану мен адам қызметінің барлық салаларына жаңа ақпараттық технологиялардың тереңдеп ену үрдісі принципиалды түрде жаңа деңгейге көтерілді. Озықты ақпараттық технологияларды ғылым және білім саласында кең ауқымда пайдалану, өз алдына ақпараттық қорларға қол жеткізу әдістері мен мүмкіндіктерін дамытуға барынша септігін тигізді. Сондықтан, жоғарғы жылдамдықты, озықты ақпараттық технологияларды дамыту мен қолданысқа енгізу мәселелеріне аса назар аудару қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі таңда  дүниез жүзінде компьютерлік анықтама-ақпараттық жүйелер кең тараған, олар арқылы аз уақыт ішінде өзіне қажетті  ақпарат алуға болады. Барлық жүйелер  ақпаратты ұзақ сақтау және ақпарат  өңдеу функцияларымен тығыз байланысты. Фактіге негізделген ақпарат факторға айналып, қызметтің әрбір сферасының тиімділігін анықтайды.

Ақпараттық толассыз мәліметтер өсті және ақпаратты өңдеу жылдамдығына талаптар көбейді, сондықтан қазір  көптеген операцияларды қолмен істеуі мүмкін емес, олар ең перспективалық компьютерлік технологияларын қолдануын қажет етеді. Әрбір административті шешім кезектегі жағдайы және оның өзгеруінің мүмкіндік перспективалары ашық және дәл бағалауды қажет етеді. Әрбір ақпараттық жүйенің негізіне мәліметтер базасы жатады, ол компьютерлік өңдеуге арналған мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

Осындай мәліметтерді өңдеуді жабдықтайтын программа мәліметтердің қорын  басқару жүйесі деп аталады (МҚБЖ). Қазығұрт аудандық қаржы бөлімі озықты ақпараттық технологияларды пайдалана  отырып, ақпараттарды қабылдау, өңдеу, сақтау және желі арқылы жіберу қызметтерін  артқарады. Қазығұрт аудандық қаржы  бөлімі аудан қаражатын басқаруға, аудан әкімияты уәкілетті еткен  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекеме болғандықтан, өз құзырындағы мәселелері бойынша  белгіленген заң тәртібімен актілер  шығара алады.

Зерттеу заты: Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану, аудан бюджеті міндеттемелерінің  жиынтық жоспарын, түсімдермен қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту, жылдық соммаларды айма-ай бөлу бағасына талдау жасап бюджеттік қаржының игерілуіне мониторинг жүргізу, қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізудің тиімділігін, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін анықтау, аудан бюджетінің орындалуы туралы есептерді дайындау негізгі алғышарттары болып табылады.

Зерттеу объектісі: «Альянс Банк» АҚ мемлекеттік мекемесі.

 

1 «Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы

 

    1. «Альянс Банк» туралы жалпы ақпарат

 

«Альянс Банк»  акционерлік қоғамы алдыңғы қатарлы  қазақстандық банктердің бірі болып  табылады және банктік қызмет нарығында  табысты жұмыс істеп келе жатқанына 15 жыл болды.

Бүгінгі таңда  «Альянс Банк» АҚ активтері мен  меншік капиталының көлемі бойынша  еліміздегі банктердің бестігіне кіреді және бизнестің барлық саласы бойынша, бөлшек нарықтың артықшылықтарын қоса алғанда, оның ішінде карточка бизнесінде және ШОБ субъектілеріне несие беру бойынша әмбебап қаржы институты  ретінде дамып келеді.

«Альянс Банкі» АҚ активтері 2008 жылдың бірінші алты ай қорытындысы бойынша аудит  жасалған шоғырландырылған есептілікке  сәйкес, 1 069 096 млн. теңгені, міндеттемелері –899 979 млн. теңгені, меншік капиталы – 169 117 млн. теңгені құраған. 2008 жылғы бірінші жарты жылдағы таза пайда 10209млн. теңгені құрады.

2008 жылдың  мамыр айында Халықаралық Euromoney қаржы басылымы «Альянс Банкі»  АҚ-қа «2008 жылғы корпоративтік  басқарудағы әлемнің алдыңғы  қатарлы банктері» санатындағы  «Қазақстандағы бөлшектік банкинг  саласындағы ең үздік серіктес»  атағын берді. 

1993 жылы - Павлодар  қаласында (Павлодар облысы) Қазақстандағы  бірінші региональды Банктердің  бірі – «Иртышбизнесбанк» ААҚ-ы негізі қаланды (ҚР Ұлттық Банкінде 14 мамырда тіркелген, лицензия 2 шілдеде бекітілген).

1999 ж - «Иртышбизнесбанк»  ААҚ «Семипалатинский городской  банк» ААҚ-мен бірікті. Жаңа  «ИртышБизнесБанк» ААҚ Павлодар  қаласындағы басты кеңсесі Алматы, астана, Екібастұз, Павлодар, семей  және Өскемен қалаларындағы филиалдарды  басқарды.

2001 ж –  «ИртышБизнесБанк» ААҚ-ң негізгі  акционерлерінің ауысуы. Оның құрамына  «АлматыҚұс» ААҚ, «АстықАстана - 2030» ЖШС, «Байт Корпорациясы»  ЖШС және «Жаңа ғасыр - НС»  ЖШС енді. Банктің регионалдық  деңгейден республикалық деңгейге  ауысуы және банк атын «Альянс  Банк» етіп өзгерту және даму  стратегиясы қабылданды. «ИртышБизнесБанктің»  жаңа басқармасы республиканың  банк саласындағы мықты мамандарынан  тағайындалды.

2002ж –  «ИртышБизнесБанк» ААҚ-мын «Альянс  Банк» етіп қайта тіркеу (13 наурыз). Бас кеңсенің Павлодар қаласынан  Алматы қаласына көшуі (наурыз-сәуір). Петропавл қаласында банк филиалы  ашылды (Солтүстік Қазақстан обл.), негізгі капитал 2,1 млрд. Теңгеге  өсті, банк тарихында бірінші  рет Ресейлік банктер тарапынан  синдицирленген несие (6 млрд. доллар) және 3 млрд. Теңге қаржыға субардинирленген  облигациялардың бірінші шығысы  іске асты. Жыл нәтижелері бойынша  Альянс Банк ҚР-ның ірі 10 банкінің  құрамына енді және активтер өсуінің динамикасы бойынша (168%) көшбасшы болды.

2003 ж –  Банк филиалдарының Қарағанды  (Қарағанда обл.), Атырау (Атырау обл.) қалаларында ашылуы. Зыряновск қаласында  банк өкілділігінің ашылуы (есеп-айырысу  кассаларының бөлігі ретінде). Альянс  Банк on-line режимінде бизнесті орталықтандыру  бойынша Қазақстанда екінші орында  тұрды. Е+ / Ва З/NP бірінші кредиттік  рейтингтер «тұқрақты» деген  болжаммаен алынды, және де MOODY'S Investors Service алдыңғы қатарлы рейтингтік  агенттіктерімен Е+ деңгейіндегі  қаржы тұрақтылығының рейтингі  алынды. Батыс банктері тарапынан  10 млн. Доллар көлемінде синдицирлі  несие қаратылды. Жыл көрсеткіштеріә  бойынша Альянс Банк ҚР-ң 8 ірі  банктерінің қатарына кірді және  еінші жыл қатарынан активтер  өсімі динамикасы бойынша –  130% көшбасшылық етті.

2004ж –  Жезқазған (Қарағанды облысы), Талдықорған  (Алматы облысы) қалаларында банк  өкілдіктері ашылды (есеп айырысу  – кассалық бөлімі ретінде). Банктік  АЖ-ң автоматтандыру және сертификаттау  бөлігінде бухгалтерлік есептің  халықаралық стандарттарға келуі  жүзеге асырылды. Visa International халықаралық  шығуы басталды. Банк Қазақстанның  ипотекалық несиелерін кепілдендіру  қорына бірінші болып мүше  болды. Қазақстандық банктер тобына  Альянс Банк қатысуымен «Бірінші  кредиттік бюро» ЖШС ұйымдастырылды. MOODY'S Investors Service халықаралық агенттігі Альянс банктің шет ел валютасында ВаЗ ұзақ мерзімді депозитті рейтингі және FSR E+ қаржылық тұрақтылық рейтингін «тұрақтыдан» «позитивтіге» ауысу болжамдарын өзгертті. Шет ел банктері синдикатынан 23,5 млн.доллар көлеміндегі кезекті синдирленген несиесі қаратылды. 2004 ж көрсеткіштер бойынша Альянс Банк Қазақстан Республикасының 6 ірі банктерінің қатарына енді және үшінші жыл қатарынан активтер өсімі динамикасы бойынша көшбастап тұрды – 138%.

2005 ж –  Альянс Банк The banuer құрамында экономикасы ауысып жатқан мемлекеттер ішіндегі 50 өте жылдам дамушы мемлекеттер рейтингінде 1 орындағы банк болып қабылданды. Наурыз айында банк активтері 1 млрд.долларға өсті. Ақтау және Қостанай қалаларында филиалдар ашылды. Халықаралық агенттіктерден жаңа рейтингетер қабылданды: Fitch Raitings + “B+” және MOODY'S Investors Service – “Ba2” «тұрақты» деген болжамдар 40 млрд.теңге көлеміндегі бірінші облигациялық бағдарламаны шығару және іске асыру туралы шешім қабылданды. 27 шетелдік банктер мен қаржылық институттар қатысуымен 80 млн.доллар сомасында синдирленген несие қаратылды, бұл несие Альянс Банктің клиенттерінің экспорттық және импорттық контракттарын қарпжыландыруға бағытталған еді. Қазақстан нарығында бағалы қағаздардың кастодиалды қабілетін жүзеге асыру лицензиясы алынды. Банктің 15 млн.доллар көлеміндегі сомаға еврооблигауияларды сәтті орналастыруы. 2005 ж-ң 1-ші жарты жылдық нәтижесі бойынша Альянс Банк қазақстандық банктер рейтингінде активтер көлемі бойынша міндет төлемдері және капитал бойынша 5-ші орын алды. 2005-ж 1 шілде күні, есеп беру бойынша банк активтері 225,5 млрд.теңгені, міндеттемелер – 208,5 млр.теңге, жеке капитал – 17 млрд.теңгені құрады. «Euromoney» журналы «альянс Банк» АҚ-мын аймаққа қызмет көрсету бойынша ең мықты банк деп танылды – Best Retail Bank in Kazakhstan. Корпоративті басқару бойынша көшбасшы банк ретінде танылды – Leading Bank in corporate Governance. Қараша айында жалпы сомасы 170 млн.доллар синдицирленген несие қаратылды.

2006 ж –  қайта құру және даму еуропалық  банкімен Қазақстан кіші бизнес  аясында кредиттік келісімі жасалды.  ЕБРР кредиттік желісі бойынша  бірінші транс сомасы 5 млрд.долларды  құрады. Ақпандағы «Қазпошта» АҚ  бөлімшесімен берілген кредиттердің  жалпы көлемі 10 млрд.теңгеге жетті.  Көптеген нсие туралы келісімге  қол қойылды. Шымкент, Орал, жезқазған,ақтөбе  қалаларында филиалдары ашылды.

Қаңтар 2006 ж  – қайта құру және Даму Еуропалық  Банкі мен «альянс Банк» АҚ ортасында кредиттік келісімге  қол қойылды. ЕБРР кредиттік желісі Қазақстандық микро және кіші өнеркәсіптердің  және ауылшаруашылығы секторын қаржыландыруға көзделген. Бірінші трас сомасы 5 млн.доллар құрайды.

Ақпан, 2006 жыл  – Қазпошта бөлімшесі арқылы берілген кредиттің жалпы көлемі 10 млрд.теңгеден асып кетті.

25 ақпанда  ҚР қаржы нарығын және қаржылық  ұйымдарды бақылау және басқару  агенттігі негізгі активті «Альянс  Банк» АҚ болып табылатын банктік  холдингтің Seima Ihvestment Group атағын иемденді.

Наурыз, 2006 ж  – Қайта құру және Даму банкі  мен Альянс Банк арасында кредиттік  келісімге қол қойылды.

Қайта құру және даму банкі «альянс Банк»  АҚ-на кіші және орта бизнесті қаржыландыру сомасына 5 жыл мерзімге 10 млн.доллар көлеміндегі кезекті несиені  берді.

«Альянс Банк» АҚ Bankgellschaff Berlin AO банкімен 46 млн.доллар көлеміндегі Schuldschein (Шульдшайн) синдицирлі несие туралы келісімге қол қойды. Ол несие екі жылға және Германияның заңшығарушы ұйымдарының шарттары бойынша 1,85 % маржейге берілді. Келісім шартта 17 инвестор қатысты, және ол ALB Finanse B.V. (Нидерланды) мұрагерлік категориясы арқылы жүзеге асты.

Сәуір, 2006ж  – Альянс Банк 150 млн.доллар соммасына  мерзімсіз гибридті ноталардың эмиссиясын 2016 жылы 19 сәуір күні төлеп аяқтау мүмкіндігіне сәтті орналастырды. Ноталар  Еуропа және Азия инвесторлары арасында Халықаралық «S» Ережесіне сәйкес «Бағалы қағаздар туралы заң» бойынша  орналасқан.(АҚШ,1993). Келісім-шарт бойынша  біріккен лид-менеджерлер және біріккен букранерлер ретінде Credit Suisse Bank жәнеә UBS қатысты.

Мамыр, 2006 жыл – Шымкент, Жезқазған, Орал, Ақтөбе қалаларындағы арнайы презентациялар.

2006жыл 31 мамыр нәтижесіне байланысты Seimar Investment Group Қазақстандық инвестициялық компаниясы «Альянс Банк » АҚ 12,8% дауыстық акцияларды иемденген және де бұл акциялардың көлемін болашақтағы миноритарлы акционерлерден сатып алу арқылы өсіру көзделіп отыр. Осылайша, Seimar Investment Group қазіргі таңда «альянс Банк» АҚ-ң акциялар бақылау пакетін басқарады және оның негізгі жеке меншіктеушісі болып табылады.

Маусым, 2006 жыл  – 2006 жылдың 15 маусымында «Альянс Банк»  АҚ-ң Азияның Даму Банкімен (АДБ) 50 млн.доллар көлеміндегі біріншілік кредитін 5 жылдық мерзімге алу туралы шартқа қол қойды. Бұл Азияның  Даму Банкінің басқару кепілдігісіз берілген несиесі болды (бас кеңсесі  Филлипин астанасында орналасқан), және де бұл Қазақстанның жеке саласын  қаржыландырудың бірінші жобасы болып табылады.

Шілде, 2006 жыл  – «Альянс Банк» АҚ 2006 ж 30 маусымына  байланысты Қазақстандағы активтер көлемі мен жеке капиталы бойынша 4-банк болып есептелді. Активтер 521 969 млн.теңгені, ал жеке капитал 37155 млн.теңгені құрады. Жеке капиталдың өсу себебі болыпбанкке акционерлердің салған құралдарының өсуі болып табылады. 206 жылы 1 шілдесінде банктің кредиттік портфелі лн.теңгені құрады және жыл басымен салыстырғанда 2 есеге өсті. Таза пайда көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 2 есеге, яғни 2104 млн.теңгеге өсті. «Қазпошта» АҚ-мен бірігіп, зейнет жасындағыларға несие беру бойынша жоба іске қосылды.

Тамыз, 2006 жыл  – 23 тамыз нәтижесіне байланысты «Альянс  Банк» АҚ филиалдың желісі Республиканың 27 қаласындағы 19 филиал және 114 бөлімшелерді құрады.

Қыркүйек, 2006 жыл – Compass Plus ресейлік компаниясының  бағдарламалық өнімдерінің қорына құрылған жаңа процессингтік орталықтың VISA төлемдік жүйесінің EMV карталарды эмиссиялау және эквайринг бағдарламалары бойынша  сертификация сәтті аяқталды.(TransWare Online,TransWare Cms, TransWare Card Factory, TrasWare Fround Analyser, TransWare Messaging Gate).

«Альянс Банк»  АҚ 350 млн.доллар сомасында 9,25% купонмен еурооблигациялар Альянс Банктің 2006 жылы наурызда негіздеген несие бағалы қағащдар эмиссиясы бағдарламасы аясындағы  екінші шығыс болып табылады. Берілген этаптық жүзеге асырудың біріккен лид-менеджерлері және біріккен ұйымдастырушысы ретінде IP Мorgan және Credit Suisse Bank шықты.

«Альянс Банк»  АҚ жеке тұлғаларды несиелендіру бойынша  Қазақстанда нағыз көшбасшыға айналды. Банктің 1 қыркүйек 2006 ж нәтижесі бойынша  кредиттік портфель көлемі 208,4 млрд.теңгені  құрады, яғни жыл басынан 3,8 есеге  өсті. Жеке тұлғаларды несиелендіру нарығында  «Альянс Банк» АҚ үлесі 18,2% құрады. Қаңтар айынан тамыз айына дейінгі  Қазақстандағы кредиттің 30%-нан көбі «Альянс Банк» АҚ тарапынан берілген.

3-тоқсан  нәтижелері бойынша «Альянс Банк»  АҚ бірінші жартыжылдықта жеткен  жетістіктерін сақтап тұрды –  активтер көлемі және жеке  капитал бойынша 4-ші орын. 01.10.2006ж  нәтижелер бойынша активтер 672 млрд.теңгені,  ал жеке капитал 44,5 млрд.теңгені  құрады.

Қазан, 2006ж  – Орал қаласындағы филиалында «Альянс  Банк» АҚ-ң миллионыншы клиенті  тіркелді.

Қараша, 2006 ж  – 2006ж 1 қарашасында «Альянс Банк»АҚ 300 млн.доллар көлеміндегі синдицирленген несиені қарату туралы келісімге  қол қойылды. Несие 3 транштан құрылды. А транш 370 күндік мерзіммен ЛИБОР-дан  жоғары 110 базистік пункттері ставкасы бойынша, В транш 2 жылдық мерзімге ЛИБОР-дан  жоғары 175 базистік пункттері ставкасы А және В транштарын бір және екі  жылға сәйкесінше ұзарту мүмкіндігімен. Несиенің негізгі ұйымдастырушысы  ретінде Citibank N.A. ING Bank PIC қатысты.

«Альянс Банк»  АҚ акционерлері директорлар кеңесінің  жаңа құрамын және банк тарихындағы  бірінші тәуелсіз директоры –  Стюарт Лейтон мырзаны тағайындады. Директорлар кеңесінің жаңа құрамына алдын қабылдаған шешімдерге сәйкес «Сеймар инвестициялық тобы»  ЖШС-ң ірі мүшесі марғұлан Сейсембаев мырза, Жомарт Ертаев мырза, Азамат Ержанов  мырза, Қанат асылов мырзалар тағайындалды.

2006 жылдың 13 қарашасынан бастап «Альянс Банк»  АҚ 200млн.доллар көлеміндегі несиелік  облигациялардың төлем төлем  құқықтарын секьюритизация бағдарламасы  аясындағы екі транш эмиссиясын  сәтті аяқтады. Шығарылым 2006 А  сериясы 10 млн. АҚШ долллапры  көлемінде 2006В сериялы облигациялар  траншынан тұрады. Екі транштың  да төлем мерзімі 7 жыл. Берілген  іске асырудың неғұрлым маңызды  аспектісі болып бұл транзакцияның  көшбасшы сақтандыру компанияларымен  бәсекелесе алатын жаңа потенциалды  кепілдіктерді ашуы, себебі бұл  тарихтағы девирсицирленген төлемдік  құқықтардың бірінші секьюризациясы. Бұл алынудағы Дамудағы мультиұлттық  банк ретінде Азия Даму Банкі  кепілдеген.

«Альянс Банк»  АҚ-ң VISA INTERNATIONAL халықаралық төлемдік жүйесіндегі қатысушының жаңа статусы  «Альянс Банк» АҚ-на клиенттерге  қызмет көрсетудің анағұрлым ыңғайлы  және тиімді шарттарын ұсынуға және карточкалық өнімдер саласын  және қосымша қызметтер саласын  кеңейтуге мүмкіндік береді. Принципиалды мүшелілік төлем жүйесімен тікелей  есеп айырысуға мүмкіндік береді. VISA потенциалын қазақстандық нарықта  Банктік карточкалық өнімдерінің  қозғалысында кеңірек қолдануға  мүмкіндік береді.

«Жыл таңдауы» фестивалінде жеңімпаздарды марапаттаудың жетінші шетінде халықты сұрақтау және экспертті комиссия шешімі бойынша осы жылы Альянс Банк бірден екі номинацияға бойынша 1-ші орынды алды – «Қазақстандағы нөмірі 1 экспресс кредит - 2006» және «Қазақстандағы нөмірі 1 тұтынушылық несиелендіру - 2006».

«Euromoney» халықаралық  іскерлік басылымы «Альянс Банк»  АҚ-на «2006 жылғы Еуропа дамушы мемлекеттерде  корпоративті басқарудың Көшбасшы Банкі» атағын берді. Бұл марапат Альянс Банкіне екінші жыл қатарынан  берілді.Осылайша, Альянс Банк өз көшбасшылығын  басқару басқару транспаренттігінде және банкті басқару тиімділігінде  көрсетті.

2006 жыл, желтоқсан  – Қазақстандағы ең сәтті инвестициялық  компаниялардың бірі Сеймар инвестициялық  тобы жаңа финанстық холдинг  SAFC (Seimar Alliance Finansial Corporation) құрды. Seimar Investment Group-ң Қазақстанның қаржы саласындағы барплық бүгінгі таңдағы активтердің бір холдингке бірігуі топтың дамуының жалпы стратегиясында логикалық қадамға айналды.

SAFC-ң негізгі  стратегиялық мақсаттары: 2010 жылға  дейін Қазақстанда және орта  Азияда активтер көлемі, капитализация  және түсімділік бойынша көшбасшы  қаржылық топқа айналу, көтерме  нарық сегментінде ең үлкен  нарықтық үлеске ие болу, өз  клиенттеріне банктік және басқа  қаржылық қызметтердің толық  жиынтығын ұсыну және қаржылық  өнімдерді дистрибуттаудың ең  ірі көпканалды желісін құру.

2006 жылдың 1 желтоқсанынан бастап SAFC басқарушы  директоры орындығына Бертран  Госсар мырза отырды.Оның әемдегі  көшбасшы көтерме банктердегі  15 жылдық еңбек өтілі – Франция,  польша, Чехия, Венгрия,Тайланд, Ресей  және Қазақстан мемлекеттеріндегі  керемет еңбек өтілі SAFC және  Альянс Банкіне мемлекеттің қаржылық  саласындағы көшбасшы қадамдарын  бекем етуге жәрдем берді.

2006 жылдың 15 желтоқсанынан бастап Альянс  Банкі Visa Platinum элиталық пластикалық  карталарды шығаруға кірісті.

2006 жылдың 28 желтоқсанында Альянс Банк Қайта  Құру және Даму Еуропалық Банкімен  келісімге қол қойды. Еуропалық  Қайта Құру және Даму Банкінің  несиелік желісі жеке тұлғаларға  ипотекалық несиелерді ұсынуға  бағытталған. Несиелік желінің  соммасы 3 млрд.теңге және төлеу  мерзімі 10 жыл. Бұл Еуропа Қайта  Құру және Даму Банкінің Альянс  Банк үшін берілген бесінші  несие болып табылады. ЕҚҚДБ-ң  Альянс Банкті қаржыландыруы  банктің резиденттер үшін ипотекалық  несиелер портфелін ұлғайтуға  және ипотекалық несиелеудің  стандарттарын жақсартуға мүмкіндік  береді. Ипотекалық несиелерін стандарттау  Қазақстанда ипотекалық несиелердің  екінші нарықтық дамуына салымын  салады.

 

 

    1. «Альянс Банк» АҚ-ның миссиясы

 

Альянс Банктің  миссиясы қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін  сапалы банк өнімдерінде қанағаттандыруда. Миссия Банк ұжымы қызметінің негізгі  себебі ел және Банктің барлық клиенттері мен әріптестері үшін пайдалы  болуы тиіс екендігін белгілейді. Мұндай пайдалы болудың салдарынан Альянс Банк әділ сыйақы ала алады.

Банк философиясы  үйлесімділік, әділдік, бейсаясаттық, сенімділік, даму және ақылға қонымдылық қағидаттарына негізделеді. Банк ішінде де, сол сияқты қоршаған ортамен  өзара қарым-қатынастар үйлесімділігі  әділдікті, сенімділікті және бейсаясаттықты қажет етеді.

Банктің даму мақсаты – Банк, оның клиенттері мен серіктестері үшін тәуекелдің ішкі және сыртқы факторлары төмендетілетін жағдайға қол жеткізу болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізуге өзіндік  өрістеу мен прогреске күнделікті ұмтылыс қана көмектеседі. Дамудың әрдайым күшті барынша жұмсауды талап ететінін, үнемі қиындықтарды жеңу үдерісі екенін жақсы түсінетіндіктен Банк өзінің күнделікті жұмысында өзін-өзі бағалау мен өзіндік тәртіпке көп көңіл бөледі.

Банк банктік  бизнестің жазылмаған қағидаттарын құрметтейді, олардың бастысы –  әділ әрі адал бәсеке жүргізу болып  табылады. «Альянс Банкі» АҚ қазақстандық және халықаралық нарықтардағы барлық банктерге құрметпен қарайды  және сындарлы сұхбатқа әрқашан дайын. Банк өз қызметін жүзеге асыруда өзінің барлық клиенттері мен серіктестерінің  мүддесін есепке алады.

Банк қызметінің кемеліне жеткен кезеңі келді, қазіргі  экономикалық жағдайлар оны жетістіктері мен табыстарын қайта қарауға  итермеледі. Санның көптігінен сапаны арттыру керектігін түсіне отырып, басшылық жаңа мәселелерді шешу үшін Банктің стратегиясына өзгеріс  енгізді. Бұл кезеңде банк қызмет көрсетуге, сондай-ақ ішкі жұмыстарға қатысты қызметінің сапасын арттыруға  бағытталуы тиіс.

Бүгінгі таңда  Альянс Банкі өзін нарықтың тапсырыстарын  жеткілікті түрде қанағаттандыратын  және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін жоғары технологиялық және инновациялық қаржы институты ретінде  танытуда. Банктің стратегиясы негізгі  бес ұғымға негізделеді: Инновациялық, Технологиялық, Бизнестің тиімділігі, Клиенттерге белсенді қызмет көрсету  және Қызмет көрсету сапасының жоғарылығы.  
Бүгінде Альянс Банкі әмбебап қаржы институты бола отырып, өз қызметі үшін басқа да әдістер қолдануда. Оның жаңартылған стратегиясы бес негізгі қағидатқа негізделеді: Инновациялық, Технологиялық, Бизнестің тиімділігі, Клиенттерге белсенді қызмет көрсету және Жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Инновациялық  – Банк стратегиясының басты бағыттарының бірі болып табылады және өнімдер  желісінен бастап, қызметкерлерді оқытуға  дейін негізгі ұстаным болу керек  екендігін білдіреді. Банктің мұндай әдісі тиімділігін бірнеше рет дәлелдеді, мәселен, Альянс жеке тұтынушылық несие беру туралы шешім қабылдады, сондықтан болашақтағы біздің табысымыздың негізі бүгінгі инновациялар болмақ.

Бөлшектік банктік  қызмет нарығында көш бастаушы болу үшін біз ірі шетелдік бөлшектік  банктер қолданатын ең жаңа технологиялармен жабдықтануымыз қажет. Уақыт жағынан  және материалдық шығындарды азайту үшін Банк «Best-in-class» әдісін қолдануда, бұл басқа банктер пайдаланған  және тамаша ұсыныс жасаған, өз санатында  тамаша бағдарламалық қамтамасыз етуді  енгізуді білдіреді. Жаңа технологиялар  Банкке сатылым арналарын, салыстырмалы түрде алсақ, мысалы, интернет- және мобильді банкинг сияқты баламалы сату арналарын кеңейтуге мүмкіндік береді, ал оның клиенттері өздеріне ыңғайлы әрі тәуліктің кез келген уақытында банктік қызметтің барлық түрін пайдалана алады.  

Қазіргі экономикалық жағдайда Банк стратегиясының басты  бағыттарының бірі – бизнестің тиімділігін  үнемі арттыру болып отыр. Бұл Альянс Банкінің қолдағы барлық ресурсын, оның ішінде қызметкерлер, сатылым арналары, ақпараттық жүйелер және бизнес үдерістерді барынша тиімді пайдалануға ұмтылу дегенді білдіреді.  

Бәсекелестік  күресте жеңу үшін біз клиенттердің тапсырыстарын біліп, олардан озық болу үшін клиенттерге белсенді қызмет көрсетуіміз керек. Өнімдерді дайындау барысында біз нарықтың пайдаланылмаған  көздерін тауып, оның көш бастаушысы болуымыз қажет.

Клиенттерге сапалы қызмет көрсету – бұл Банктің жаңартылған стратегиясының басты бағыты. Банк бірнеше жылдар бойы екі миллионнан астам клиенті бар кеңейген клиенттік базаны жинап алды. Осы негізге орай Альянс Банкі өз бизнесін құрады, оның болашақ табысы клиенттердің Альянсқа қаншалықты адал болатындығына байланысты. Сондықтан Банк барлық клиенттердің  Альянс Банкіне риза болуы үшін клиентке қызмет көрсету сапасын барынша жоғары дәрежеге көтеруге, клиенттерге тез, қарапайым және оңтайлы қызмет көрсетуге ұмтылады.

Бөлшектік бизнес.

Альянс Банкі  клиенттердің тәуекелін диверсификациялаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жоғары табысты бағыттардың бірі ретінде  бұрынғыдай бөлшектік бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі. Бұл бағыттағы жұмыстың төмендегідей тиімділігін арттыру – оның ұжымының бірінші кезектегі мақсаты болып табылады.  Бөлшектік бизнестің даму стратегиясына жұмыстың бірнеше басты бағыттары енеді:

  • клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ Банктің бөлшектік өнімдерінің кросс-сатылымын кеңейту үшін қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалану;
  • ішкі бизнес үдерістерді жетілдіру, бұл барлық бизнес үдерістердің аудитін жіті жүргізуді, жұмысқа кедергі келтіретін факторларды көрсету және жою, сондай-ақ уақытты үнемдеуге және банктің жұмысын тездетуге мүмкіндік беретін жұмысты айтарлықтай жеңілдететін әрі автоматтандыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологияларды пайдалануды қажет етеді;
  • жоғары технологиялық өнімдерді сатуға назар аудару, бұл жеке тұлғалардың дәстүрлі банктік қызмет көрсетуден банктік операцияны жүргізудің басқа арналарын пайдаланатынын білдіреді;
  • кешенді оқытуға бағытталған қызметкерлердің кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастыру арқылы қызметкерлерді дайындау сапасын арттыру;
  • клиенттерге жаңа бәсекеге қабілетті өнімдер желісін ұсыну есебінен депозиттік базаның тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
  • клиентердің проблемалы қарызын талап ету бойынша жұмыстар.
«Альянс Банк» акционерлік қоғамының технико-экономикалық сипаттамасы