Антарктиданың табиғаты

Тақырыбы:”Антарктиданың  табиғаты”

 

Жоспар

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

І  тарау Антарктиданың  ашылу  тарихы

1.1  Географиялық  орны........................................................................................5

1.2  Антарктиданың  зерттелуі...............................................................................8

ІІ тарау Табиғат  жағдайлары  мен  табиғат байлықтары

2.1 Жер бедері........................................................................................................19

2.2 Геологиялық құрылысы мен  пайдалы қазбалары........................................20

2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21

2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23

2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24

ΙΙΙ тарау Антарктиданың  экологилық проблемалары

     3.1Антарктиданың  қазіргі экологиялық проблемалары...................................28

     Қорытынды.........................................................................................................30

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31

       Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32

    Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32

    Сурет В..............................................................................................................,,,,,33

    Сурет Г...................................................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

                                                            Кіріспе

 

Ертедегі  гректер   солтүстікте  туатын  Жетіқарақшыны  “Арктикос”- деп  атап,     кейінен  бүкіл  солтүстік  өңірді  Арктика  деп  атаған.  Ал  оған  қарама-қарсы  жатқан  Оңтүстік  өңірді Антарктика  деп  атаған.  Бұлардың дәл  ортасында  біздің  планетамыздың  солтүстік  және  оңтүстік  нүктелерін  (полюстері)  жатыр.  Осы  екі 90 полюстерде  барлық  ойша  жүргізілген  географиялық  меридиандар  түйісіп,  нүктеге  айналады. 

Антарктида-Арктиканың  орталық  бөлігін  алып  жатқан  Оңтүстік  полярлық  полюс  құрлық.  Антарктида  жер  шарының  оңтүстік  поляр  аймағы болып  табылатын   Антарктиканың  орталығында  орналасқан   бірден-бір  материк. 

Ежелгі  Гондвана  материгінің  құрамында  бірге  болғанына  қарамастан,  Антарктиданың  қазіргі  табиғат  жағдайлары  оңтүстік  жарты  шардың  басқа  материгіне  ұқсамайды.  Ол  айырмашылықтар  материктің  оңтүстік  поляр  аймағындағы  орнымен  түсіндіріледі.  Антарктида  басқа  материктерден  алшақ  орналасқан,  олардан  орасан  зор  мұхит  айдындары  арқылы  бөлініп  жатыр.  Антарктида  жағалауындағы  өте  салқын  мұхит  сулары  материкті айнала  қозғалатын  Батыс  желдерінің   шеңберлік  ағыс  жүйесін  құрайды.  Антарктида  жалғас  Тынық,  Атлант  және  Үнді мұхиттары суларының  шеткі  бөліктері  негізгі  мұхит  айдындарынан  осы  шеңберлік  суық  ағыс  арқылы  бөлініп  жатады.  Сондықтан  мұндағы  судың  беткі  температурасы  мен  тұздылығы,  тіршілік  дүниесі  құрамы  жағынан  аталған  мұхиттардан  үлкен  айырмашылық  жасайды.  Сондықтан  Антарктида  жағалауындағы  мұхит  сулары  шартты  түрде  Оңтүстік  мұхит  деп  аталады.  Материк  пен  оның  жағалауындағы теңіздер  табанына дейін  қалың  қайраңдар  мұздықтармен  құрсалған.   

Антарктиданың  жалпы  жері  13974  мың  км (шельеф  мұздықтар  мен  олар  арқылы  құрлыққа  қосылып  жатқан  аралдары  және  1582  мың  км-дей  мұз  күмбездерін  қоса  есептегенде). Материктің  ауданы 12,4  млн  км,  ал  қайраңдық  мұздықтар  мен  көршілес  аралдарды  қоса  есептегенде  14  млн  км-ге  жуықтайды.Оңтүстік  Америкаға  қарай  ұзынша  келген  енсіз  Антарктика  түбегі  созылып  жатыр.  Антарктиданың  ұзындығы  30  мың  км-дей  асатын  жиек  сызығы    бүкіл  өн  бойына  дерлік  биіктігі  бірнеше  ондаған  метрге  жететін  тік  жар  тосқауылдар  мұз  болып  келеді.  Антарктида  жер  шарындағы  ең  биік  құрлық.  Оның  мұз  жамылғысының  орташа  биіктігі 2040 м,  яғни  қалған  барлық  құрлықтардың  орташа  биіктігінен  (730м) 2,8 м  есе  артық.  Антарктида  мұз  астындағы  жер  бетінің  орташа  биіктігі  410 м.

Антарктиданың  негізгі  ерекшелігі,  жорамалданып  жүргендей,  неогеннен  бері  көлемі  біресе  кішірейіп,  біресе  ұлғайып  тұратын  материктің  мұздық  қалың  жамылғысы  болып  табылады.  Материктің  мұз  сауытын  Мұзды  Антарктида,  ал  оның  астында жатқан  құрлықты-Тасты Антарктида  деп атайды.  Бүкіл материкті қалың мұз басып жатыр.  Оның  территориясының 02-03  процентінде ғана  мұз қабаты  жоқ.  Бұл биік  тау шыңдары,  ал  кейде мұз құрсауының  жоғары  жағын қар басып жатқан  аспандаған  тау  сілемдері,  немесе  антарктикалық  көгалды  алқаптар  деп   аталатын  мұз  қабатынан  жақында  ғана  босаған  шағын  көлемді  жағалау  алаңдар.  Мұздықтар  күрделі  тау  құрылымдарын  жасырып  жатыр.  Ұлы  антарктикалық  мұз  қалқанының  ең  қалың  жері  қазіргі  дерек  бойынша  4200 метрден  астам,  ал  оның  көлемі  24  млн  км шамасында.  Оның  мұзы  бүкіл  дүние  жүзі  қалыңдығының  50 м  мұз  қабаты  боп  жабуға  толық  жететінін  айтсақ,  бұл  мұздың  жалпы  көлемі  туралы  өзінен-өзі  түсінікті  болар. 

Егер  Антарктиданың  мұздық  сауыты  ери  бастаса,  ол  біздің  планетамыздың  барлық  өзендерін,  қазіргі  өзендердегі  бар  суды  есепке  алғанда,  500  жылдан  астам  уақыт  қоректендіруге  жетер  еді,  ал  дүние  жүзілік  мұхиттық  деңгейі  мұздық  суынан  60  метрден  астам  көтерілген  болар  еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау  Антарктиданың  ашылу  тарихы

 

1.1 Географиялық  орны

 

Материктің  мұз  сол  материктің  өзінің  бетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оған  жанасып  жатқан  көптеген  аралдарды,  сондай-ақ  шелльфті  мұздықтар  түзеп,  көршілес  теңіз  бассейндерін  де  жауып  жатады.  Кей  жерлерде  мұздар  теңіз  деңгейінен  недәуір  төмен  жатыр (-2555 м).  Материктің  мұздықтардың, шелльфті  мұздардың  жамылғысы  астындағы  құрлықпен  жанасып  жатқан  аралдар  ауданы  13,974 мон км. (Сурет А)   

Антарктиданың   географиялық  географиялық  орнына  байланысты  мынадай табиғат  ерекшеліктері  бар:

Жерінің  99%-ын  қалың  мұз  жауып  жатыр,  мұздың  орташа қалыңдығы  1720 м-ге    жуық,  ең  қалың  жері  4300 м (Шмидт  жазығы);

Антарктида-Жер  шарындағы  ең  биік  материк,  оның  мұз  жамылғысы  мен  қоса  есептегенднгі  орташа  биіктігі  2040 м.

Материктегі  мұздың  жалпы  көлемі 24  млн . Км  бұл  дүние  жүзіндегі  тұщы  су  қорының 80%-ын  құрайды.

Антарктида- Жер  шарының  суықтық  полюсі,  мұнда  1983  жылы  ғаламшарларымыздағы  ең  терең  температура (-89,2 С) тіркелген;

Материктің  ең  биік  нүктесі  биіктігі  5140  м  болатын  Винсон  тауы,  ал  теңіз  деңгейінен  ең  төмен  жатқан  жері  Бентли  ойысы (-2555 м);

  Антарктида  сөнбеген  жанартаулар  бар,  олардың   ең  ірісі  Эребус  жанартауы  (3794м);

Оңтүстік  полюс  үстінде  таңның  атуы  мен  күннің  батуын  жылына  бір  рет  қана     байқауға  болады.

Ертеде  халықтар  арасында  оңтүстік  жер  шарының  үлкен  материгі  бар  деген  лақап  тарап,  оны  дүние  жүзінің  геогрофтары,  теңізшілері  ұзақ  уақыт  іздеген.  Бірақ  Антарктида  сыры  ғасырлар  бойы  ашылмай,  ғылыми  жұмбақ  болып  қала  берді.  Жер  шарының  алтыншы  материгін  ашып  анықтау  жұмысты  оның  белгісібес  материгіндегі асқар  тауын,  құлазыған  шөлдерін,  оларды  қоршап  жатқан  мұхиттар  мен  теңіздердібелгілегеннен  кейін  жедел  қолға  алынды. 

Тарих  1502  жылы  Америго  Веспуччи  қатысқан  Португалия  экспедициясы  тұңғыш  Антарктида  суында  болды  деп  есептеді. ,  экспедицияның  осы  сапарында  Оңтүстік  Георгия  аралын  ашты.  Бірақ  оның  жолы,  дәл  қай  жерлермен  жүзгені  осы  күнге  дейін  белгісіз.  1520  жылы  Антарктика  суына Магеллан  кемесі  жақын  келді.  1526  жылы  теңізші  Франциско  Осеса   басқарған  испан  кемесі  Отты  Жер  аралының  оңтүстігін  аралап  шықты,  1548  жылы  пират  Ф. Дрейк  басқарған  ағылшын  кемесі де  сол  маңда  болды. Оның  өзі  де  белгісіз  жерде қалайда табамын деген үмітте  болады.  Шетел теңізшісі-- географтары алтыншы материкті Джемс Кук ашады десті. Ол  үш  жыл бойы  оңтүстікке  аттаныс жасады,  қайтсе  де  кемесін құрлық жиегіне тоқтатамын  деген ниетпен екі рет поляр  шеңберінде  болды.  1774 жылы 72 10/ оңтүстік ендікпен 100-120 батыс байлық арасында суда қалқып жүрген  айсбергтерді  көріп, кейін  қайтты. Д. Кук  қайтып  оралған соң << Мен  болған  жерден  әрі  оңтүстікке  ешкім  бара  алмайды,  оңтүстік  материгі  жоқ >> дегенді  айтты. Әрине, ол  кезде  атақты ағылшын теңізші-географның  бұл  пікірі теңізшілерге әсер  етпей  қоймады.Бұдан  кейін де  көпке  дейін жұрт Антрактидаға  экспедиция жібермеді,  тіпті оны  географиялық  карталарда да  көрсетпейтін  болды.

Ф.Ф. Беллинсгаузен (1779-1852) және  М.П. Лазарев (1788-1851).  Өткен  ғасырдың  басында  дүние  жүзі  жаратылыс  тану,  география  ғылымдары  жер  шарын  ғылыми тұрғыдан  зерттеп,  жаңа  жер-Антарктиданы  ашу  мәселесін  қолға  алды.  Бұл  сапардағы  көптеген саяхаттылар,  жиһанкез-теңізшілер  асқан  ерлік  көрсетті.  Олар  жер  шарын  құрлық  пен  де,  су  мен  айналып  шығуға тырысты.  Тіпті  саяхаттылардың  кейбіреулері  сәтсіздікке  ұшырап,  елге  қайтып  оралмады.              Антарктиданы  тұңғыш  ашу  ер  жүрек  теңіз  жүзушілері-Ф.Ф.Беллинсгаузен  мен  М.П.Лазеровтың  үлесіне  тиді.  Бұларға  басшылық  еткен  атақты  теңізшілері  И.Ф.Крузенштерн, Г.А.Сарычев, В.М.Головнин  тағы  да  басқалар  болды. 

1819  жылы  орыс  флоты   география  ғылымына  әлі  белгісіз  Антрактида  материгін  ашып,  Оңтүстік  полюс  суларын  зерттеу  үшін  бірінші  Орыс-Антарктида  экспедиция  ұйымдастырылды.  Бұл  экспедицияға  арнап  Кронштадт портында   “Восток”  және  “Мирный”  деген  екі  кеме  жасалды.  Экспедиция  бастығына  әрі “Востоктың ” командиры  Беллинсгаузен, “Мирныйдың”  командирине  Лазеров   тағайындалды.

Фаддей  Фаддеевич  Беллинсгаузен  1779  жылы 18  тамызда  Эстониядағы  Эзель  аралында  туған.  Кронштадттағы  теңіз  корпусында  тәрбиеленіп,  кейіннен  ағылшын  кемелерінде,  Балтық  теңізінде  қызмет  істеді.  Ал  1803  жылы  атақты  теңізші  Головниннің  басшылығымен  жер  шарын  сумен  айналып  шыққан  “Надежда  кетесінде  істеді”.  1806  бұл  экспедиция  оралғаннан  кейін  он  үш  бойына  Балтық  теңізін  де,  Қара  теңізінде  әр  түрлі  кемелердің  командирі  болды.  1819  жылы  майда  Петербургте  Антарктида  экспедициясын  басқаруға  тағайындалды.  Қара  теңізде  болған  шайқастарға  қатысты,  адмирал  атағын  алды.  Ол  теңіз  қызметімен  шұғылданды.  Оның  басшылығымен  Балтық  теңізінде жаңадан бірнеше гранитті  гаваньдар мен порттар іске  қосылды және  теңіз қызмет індегі  адамдардың  тұрмысын  жақсартуға  көп жұмыс жасады.  Сол кездегі ең  үлкен орыс  кітапханасы Кронштадттар  теңіз кітапханасын  ашты.

Беллинсгаузен  өмір  бойы  география  мәселесімен  шұғылданды,  дүние  жүзін  айналып  шұғуға  саяхаттарын  жазып,  жаңа  ашылған  жерлерді картаға  түсірді.

Беллинсгаузен  география  қоғамының  толық  мүшесі  болды.  Ол  орыс  флоты  тарихында  өшпес  із  қалдырды.  Орыс  теңізшілерінің  беделін  көтерді.  Сонымен  бірге  оның  оңтүстік  теңіздерде  жүзу  орыс  океанорафия,  океанорафия  ғылымының    даңқын  шығарды. 

Батыл,  ер  жүрек,  өз  ісін  жақсы  білетін  командир,  тамаша  теңізші,  геогроф  ғалымы  штурман  Беллинсгаузен  1852  жылы  25 қаңтарда  қайтыс  болды.  Кронштадтта  атақты  адмиралға  ескерткіш  орнатылды.

Михайл  Петрович  Лазеров  1788  жылы  3  қарашада  Владимир  қаласында  туған.1804  жылы  Москвада  теңіз  корпусын  бетіріп, “Суворов ” кемесінің  командирі болды.  1819жылы Мирный  кемесіне  командир  болып  тағайындалды.  Орыс  теңіз  мектебін  құрды.Нахимов,  Корнилов  сияқты  атақты  орыс  адмиралдарын  оқытып  тәрбиеледі.  Лазарев  1851жылы  11апрельде  қайтыс   болды.  1870жылы  Севастополь  портында  Лазарев қа  ескерткіш  орнатылды.

1819жылы  16 июльде  бірінші   Орыс-Антарктида  экпедициясы   жолға  шықты.  Кроншдт  портынан  шыққан  “Васток” “Мирный”  кемелері  Копенгаген,  Порстмут, Канар,  Рио-де-Жанейро  порттарын басып өтіп,  екінші  ноябрьде  онан   әрі Антакрктидаға қарай сапар шекті.  Бірақ 1820  жылы  16  январьда  Антарктидаға  не  бары  25  километр  қалғанда  соқыр тұман кедергі жасап,  кемелер оңтүстікке  өтіп  кетті.  Олар  осылай  бірнеше  рет  жақындап  келіп  қайтты.  Ақырында  екі жылдыан  аса, яғни  751  күнде  50  мың  миль,  теңізде  жүзіп,  Антарктиданы   тапты,  содан   1821  жылы  24  июльде  Кронштадт  портына  қайтып  келді.

Міне,  ер  жүрек  орыс  теңізшілеррі  Жер  шарының  алтыншы  құрлығы-Антактиданы  осылай  ашты.  Олар  осы  сапарында  жүрген  жерлерінің  ауа  райын, жердің  бағытын,  ауаның  қысымын,  ылғалдылығын,  сондай  ақ  алтыншы  материк  жағалауының  физикалық-географиялық  жағдайларын  зерттеді.

Ағылшындар  Антрактиданы  капитан Кук ашты  деп пайымдаған,  бұл   дұрыс емес. Оны дәлелдеу  үшін  академик  Ю. М. Шакальскйдің  төмендегі салыстырма цифраларын  келтірейік. Ол  былай деп жазды: Кук Оңтүстік  жарты шарда 1003 күн болды, оның  ішінде 60 оңтүстігіне  қарай  небары 75 күн,  мұз  маңында   80  күн  жүзді,  ал  Беллинсгаузен  экспедициясы  535  күнге  созылған  сапарында  60  оңтүстігінде  122 күн  болды  да, өте  қиын, қауіпті  мұз  айспебергтері  араларынан  100  күн  дегенде  жүзіп  өтіп,  бүкіл  Оңтүстік  полюсті, Антрактида  жерін  айналып  шықты.

Бәрібір, ағылшындар  не  десе  о  десін, шындыққа  жүгіну  керек! Антрактиданы  орыс  ғылымдары  ашқаны  анықталды.

Енді  АҚШ  бастаған  капитализм  елдері  Антрактиданы  зерттеп   пайдаланбақшы. Себебі,  Антрактида  жері  өте  бай, әрі  екі  құрлыққа  жақын: Оңтүстік  Америкаға -3100 км  Африкаға – 3980 км.  Осы  күнгі  полярлық  самолетке  ол  қашық  емес.  Антрактида  әбден  зерттеліп  оның  сыры  толық  ашылғанда  Оңтүстік  полюс  арқылы  самолеттер  ұшатын  болды.

Сөйтіп,  ағылшын  теңізшісі  Джемс  Куктың: “ алтыншы  материк  жоқ, болса  да  оны  адам  баласы  зерттеп  біліп  пайдаға  асыра  алмайды”, -дегенін     тарих  жоққа шығарды.

 

1.2  Антарктиданың   зерттелуі

 

Антарктика  және  Антарктида  деген  түсінік  бір  мағынада  емес.  Бірнеше    -Үнді  мұхиты  мен  Атлант  мұхитының,  Тынық  мұхиттың  суы   қосыл  келіп,  қоршап  жатқна  орасан  үлкен  көлемді  аймақ.  Екінші-оның   орта  шенін  тұтар  алып  жатқан  Оңтүстік  полюсі  бар  құрлық.

Сөйтіп,  Антакрктида  дегеніміз,  Солтүстік  полюсті   қоршап  жатқан   Солтүстік  Мұзды  мұхитқа   қарама- қарсы,  Оңтүстік  полюс  маңдағы  құрлық. Бұл  жер  шарының  екі  полюсіндегі  Арктика  мен  Антарктида  сыртқы    физикалық-географиялық  және  ішкі  құрылысы   жағынан бір-біріне  қарама-қарсы.  Біріншісі,  құрлыққа  жақын   келіп,  жылы  ағыс  әсер  тиетін  Солтүстік   Мұзды мұхиты болса; 

екіншісі,  құрлықтан   қашық,  терең   мұхиттармен   қоршалған,  жылы  ағыс  бармайтын  құрлық.  Ол  табиғаты  қатал,  әлемнің  түпкіріндегі  жер  шарының  алтыншы  құрлығы,  оны  ең  алдымен  үш  мұхит:  Үнді  мұхит,  Атлант  мұхиты,  Тынық  мұхит  қоршап  жатса;  екіншіден,  ол  қалың   мұз  құрсауында  жатыр,  үшіншіден  онын  ауа  райы  қолайсыз,  өте  суық   болып    кеқан    бейне  “асу  бермес асқар  тау”,алынбайтын   қамал”  сияқты  болып  келді. Сондықтан  да  Антарктида  ұзақ  уақыт  ғылымға  белгісіз  болып,  оның   сыры  ашылмады.  Оны  жоғарыда  айтылғандай,  XIX ғасырдың  басында  Ф.Ф.Беллинсгаузен  мен  М.П.Лазеров  басқарған  орыс  экспедициясы  ашты. Бұл  экспедицияның  жұмыс  қорытындысы  өте  маңызды  болды; біріншіден,  Антрактиданы   ашты, оған  жол   салды, Куктың  дәлелі  жоққа  шығарды.  Асқан  ерлік  көрсетіп,  елге  оралды. Екіншіден,  ұлы мұхиттардан көптеген  аралдар мен материк жиектерін ашты. Бұл аралдар мен жиектер Петр I, Александр I Жері  және  Лесков, Высоцкий, Заводский, Восточный, Средний, Заподный  деп Ермолов,  Кутузов,  Остен-Сакен,  Беллинсгаузен,  Лазарев т.б  белгілі адамдардың  атымен  аталды.

Үшіншіден, өте  бағалы  географиялық, гидрологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Антрактиданың  жер  жағдайын,  ауа  райын, мұзын, су  ағысын, жануарларын  алғаш  анықтады.

Антрактида XIX ғасырдың  аяқ  кезі  мен  XX ғасырдың  бас кезіне дейін басқа құрлықтар зерттелмей  келді.  Дегенмен  кейінгі кезде Антрактидаға  аттанғандар да  аз  емес.  Халықаралық келісім бойынша Антрактида  үстіміздегі ғасырдың  бас   кезіне  дейін ешбір мемлекттің  меншігіне кірмей,  барлық  елді  зерттеп пайдаланатын  ортақ жер болып келеді.  АҚШ бұл келісімді бұзып, өзі, кейінірек кейбір Антрактида  байлығын  жеке  иемденіп,  онда  соғыс базасын салуға  жанталасуда.  Бұған дәлел 1928-1929 жылдары Антрактидаға  аттанған американ  адмиралы  Р. Бэрдің  бірінші  экспедициясын,  1933-1935  жылдардағы екінші,  1939-1941 жылдардағы  үшінші, 1946-1947 жылдардағы  төртінші соғыс экспедицияларын  айтуға  болады. Оның  экспедицияларында 1000-нан  астам  жарақаттанған  адам,  танктер, самолеттер  т.б соғыс қаруы болды.

Сондықтан, Совет  үкіметі 1950 жылы  7 -ші  июнде   бұл  мәселе  туралы  Америка  Құрама  Штаттарына, Англия, Франция, Норвегия, Афстралия, Аргентина және  Жаңа  Зерландия  елдеріне  миорандум  тапсырды.  Онда  Антрактиданы  тұңғыш  рет  орыс  теңізшілері  ашқаны, оны  игеру  мәселесі  СССР  келісімсіз  шешілмейтіндігі  көрсетілді.

Осыдан  кейін  олар тарихи  шындықты  мойындауға  лажысыз  көнді. Қазір  Антрактиданы  осы  күнге  ғылым  мен  техника  табыстарын  қолданатын  тұрақты  экспедициялар  зерттеп  жатыр.  Оған дүние  жүзінің  көптеген  елдері  қатысуда. Олар  келілісілген  тәртіп  бойынша  секторларында   зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді  және  бір- бірімен  тығыз  байланыс  жасап, біріне -бірі   көмектесіп  тұрады. СССР  ғылым   академиясының  Антрактидадағы  комплексті  экспедициясы  аса  маңызды  табыстарға  ие  болып  отыр. 1946 жылдан  бастап “Слова”  кемесі  бастаған  совет  кемелері  Антрактика  суынан  кит  аулайды. “Слова ” кит  аулайтын  үлкен кеме.  Оны су  үстіндегі салмағы 30.000 тонна, ұзындығы   150 м , ені 21,6 м,төрт  полубасы  бар, онымен  киттерді  көтеріп кемеге  салады. “ Слова” кемесіне  жүкті толық тигенде суға  12 метр батып тұрады.  Жүзу  шапшаңдығы  сағатына  - 22,2 км.

Антрактика  суының  алыбы  - кит.  Киттің  бірнеше  түрі  бар.  Жасыл  киттің  салмағы  – 90 -120 тонна, 20 тонна  май  береді.  Киттің  еті,  майы  жеңіл  өнеркәсіпке, тамақ  өнеркәсібіне кеңінен  қолданылады. 1956  жылы   5 январьда  “Обь”  дизель – электроходы Антрактидадағы  Савед  секторындағы  “Депо  бухтасында”  болды, 20  январьда  66,33,06  оңтүстік  ендікте  93,00  шығыс  бойлықта  советтік  поляр  авиациясы  ұшып,  бақылау  жұмысын  жүргізді. Казір   онда “ Восток”, “Мирный”, “Пионер”, “Комсомол”, “Восток- 1”, “Полюс” т.б станциялары үнемі зерттеу жұмыстарын  жүргізуде,  Бұл экспедициялардың  игілігі   мол тамаша  ғылыми  еңбектері жыл сайын басылып шығып, совет халқына,  басқа елдерге де  кең тарап,  Антрактида  байлығымен,  онда  жүріп  жатқан  тамаша  істермен  таныстырып  отыр.

Ғылым  мен  техника  өршіп  дамыған, атом  қуатын  менгеріп  космосқа, жұлдыздарға  ұшып  жатқан  біздің  ғасырымызда  планетамыздың  зор  көлемді  алтыншы  материгі  “ақтандақ” болып  қала  беруі  мүмкін  емес.  Оның  байлығын  әр  жақты зерттеп  біліп меңгеруді  дүние  жүзі  ғалымдары  ертеден  -ақ  көксеген. Мәселен: 1882  жылы     Австрия  ғалымы  Карл  Вейпрехт  ұсынысымен  I  халықаралық полярлық  жыл  құрылды.  Мұнда  дүние  жүзілік география  ғылымы  ол  кезде  белгісіз  Арктиканы  зерттеумен  шұғылданды.  Бұл  мәселе  жылдан  кейін  қайта  қойылып, II халықаралық  полярлық жыл  құрылып,  тағы  да  Арктика  зерттеле  түсті. Бұған  біздің еліміз белсене  қатысты.  Бұдан  кейін  планетамыздағы   процестерді  бір-біріне  байланысты  түгелдей  қамту  үшін  1957  жылы III халықаралық  геофизикалық  жыл  құрылды. Ол барлық  жыл  мерзімінде  жер  бетіндегі  процестерді  толық  қамту  үшін  1957  жылдың  июлінен  1958 жылдың  декабріне  дейін  созылды.  Сонымен бірге дүние жүзілік зор маңызы  бар ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу үшін  арнайы  Халықаралық геофизикалық  комитет құрылды.

Халықаралық  геофизикалық  жылдың  жұмысына  не  бары   66 мемлекет  қатысты, олардың  ішінде  16 мемлект  Антрактида   ұғымдасқан   түрде ғылыми   зерттеу жұмыстарын   жүргізіп  жатыр. Олар – СССР, АҚШ ,Англия,  Франция,   Норвегия,  Австралия,  Жаңа   Зерландия,  Аргентина,  Чили,  Бельгия,  Жапония   және   Оңтүстік  Африка  Республикасы,  сонымен қатар Чехословакия  мен Польшаның,  Австия  мен Мексиканың   ғалымдары   Антарктидада  өздерінің базасы,  станциялары болмағандықтан   басқа елдердің  ғалымдарымен  бірлесіп  істейді .

Оның  уставы  комитетте  бір  ауыздан  хабарланды.  Уставтың  бірінші  пунктінді  “Антарктида  жері  ғылым   үшін,  бейбітшілік  үшін   зерттеледі”,- делінген.  Демек  онда  ешбір  ел  атом  қуатын  қолданып  “бақылау”  жүргізе  алмады.

Қазір  жоғарыда  аталған  мемлекеттер  келісім  бойынша  Антарктидадағы  өздеріне  белгіленген  жерлерінде(секторларында),осы  күнгі  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  пайдаланатын  базаларын,  станцияларын орнатып,  оның  бүкіл  жағалауынан  бастап  орталығына  дейін(полюске  дейін)  шабуыл  жасап,  орнығып,  зерттеп,  табысқа  ие  болуды.

СССР-де  Антарктиданы  зерттеу  жұмыстарын  Мемлекеттік  океанорафия  институты  мен  Балық  шаруашылығының    ғылми-зертеу  институты  басқарады. Бұлар  Антарктиданың  ауа  райыын,  мұзын,  жер  бедерін,   жалпы  геологиялық, географиылық  жағдайын,  кен  байлығын  комплексті  түрді  зерттеп  жатыр.  Антарктида 1502  жылдан  1969 жылға  дейін  зерттелсе  де,   осы  күнге  дейін  басқа    материктей  жер  шарының  алтыншы   материгі  туралы   географиялық  материал  толық  емес.

Дкгенмен  кейінгі  кездегі  зерттеу  деректеріне  қарағанда,  Антакрктида  жерінің  жалпы  көлемі  14,2  млн.  шаршы  км,  яғни  ол  бүкіл  Европа  жерінде  үлкен.  Оны  түгелдей  дерлік  қалың  мұз  басып  жатыр.  Мұздың   қалыңдығы  300-1000  метірге  жетеді,  егер  ол  еритін   болса дүние  жүзілік  құрлықтың    көп  жерін  су  басар  еді.Анттарктида  жері  асқар  таулы  әрі  өте   биік  келіді.

Жалпы  материктің  теңіз  деңгейінен  орташа  биіктігі-2200м.  Сондықтан  онда  ауа  райы  өте  суық,  жылдың  орташа  температурасы-9-11,  көбінесе  30-60,  кей жерлерінде  61  1-63  9,  тіпті 80-қа  жеткендігі  анықталды.  Жел өте қатты соғады- жылдамдығы   секундына 30-40  метр.  Жел қарды үріп,  сағатына  125км   жылдамдықпен  алай- түлей дауыл соққызады.  Жылдың   ылғалы  жер бетіне  үнемі  қар  күйінде  түседі  де  Антарктида  мұзын  қалыңдата  береді.  Осының  саларынан  мұз  таулар(айсбергтер)  теңіздерге  сырғып   көшіп  отырады.  Өсімдігі,  жануарлар  аз. 

Тұтасқан  мүк  пен  қына-  төменгі  сатыдағы  өсімдіктер.  Әзірге  бойы  3-4  см-ден  аспайтын   екі  ғана  гүлді  өсімдік  табылды.   Бүкіл   материкте  не   бары  1600  өсімдік  түрлері  бар  деп  есептелді,  жануарлардың  түрлері   тіпті  аз.  Мұнда  кит,  тюлень,  балық,  пингвин,  тағы   басқа  теңіз  жануарлары  кездеседі.  Антарктика  суы-ежелгіден  киттің  көп    өсіп  дамыған  аймағы.  Айталық,  1940 жылдан    1952   жылға    дейін,  12  жылдың  өзінде-ақ  Антартика  суынан  мол  кит  ауланыпты.

Антарктида  кенге  де  өте  бай.  Онда  мыс,  қорғасын,  қалайы,  темір,  графит,  алтын,  күміс,мүндай   тағы  басқа сарқылмас кен   байлығы бар екендігі   андыталды.  Сан алуан сапалы  ғасырында Антакрктида байлығы игеру қиын   емес! 

Бейбітшілік  туын  жоғары  көтерген  Совет  Одағы  зерттеп  жатқан  Антакрктида  байлығын  терең   зерттеп, оны   бүкіл   адамзаттың  игілігіне  айналдыруға   күш  салып  отыр.

Антарктиданың  совет   дәуіріндегі   зерттелуі.  Қазір  Антарктида  материгінде    жаңа  техникамен  жабдықталған  көптеген  станциялар  жұмыс  істейді.  Олардың  үштен бірі—совет  станциялары.  Олар  бір-бірімен  байланысты.  Антакрктиданы  зерттеуге                                  

1955  жылы  аттанған  бірінші  Совет    экспедициясы  --”Обь”  кемесі  1956  жылы   5қаңтарда  алтыншы  материк   жағасындағы  мұз  тауларында(айсбергтер)  жетіп  тоқтатылды.  Оның  тоқтаған  жері  68'26  оңтүстік  ендік  пен    92'43  шығыс  бойлық.  Совет  зертттеушілері  бұл  араға  “Достық”  және “Правда”  деп  аталатын  станцияларын  орнатып,  осы  материкті  ашқан  Беллинсгаузен  кесісінің  атымен  “Мирный”  экспедиция  базасын  құрды.  Бұған  қатысушы  ғалымдар,  ұшқыштар  тағы  да  басқалар  аса  ауыр  жағдайда  “Обь”  дизель  кемесімен  жеткізілген  мыңдаған  тонна  экспедиция  жабдықтарын  ( жыймалы  үй,  станция,  самолеттерді)  түсіріп  алып,  осында  қыстар  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  “Мирный”экспедиция  базасы  Антакрктидағы  ең  үлкен,  ең  жақсы  жабдықталған  база.  Мұнда  оны  Мирный  қаласы  деп  те  атайды.

Антакрктидағы  тұңғыш  экспедицияны  СССР  Ғылым  академиясы  ұйымдастыруының  басшысы  Одағының  Батыры,  география  ғылымының  докторы  Михайл  Михайлович  Сомов-та  не  бәрі  400  адам  жұмыс  істеді.  Америка  экспедициясының  ұшқыштары  Антрактида  мұздарының  ортасында  жасыл  алаң  (оазис)  көрді.  Оны  зерттеп “Мирныйден”  бір  топ  совет  ғылымдары  көптеп  барды.Өйткені  соншалықты  суық  Антрактида  мұздарының  арасында  көкорай  шығын  ғылымға  ғажайып  жұмбақ  болды.  Оны  зерттеушілер  географ  ғылымдар:

  А.  Авсюк,  К.  К.  Марков,  П.  А.   Шумский,  О.  С.  Воронов,  метеолоктер:  А.М.  Гусев,  Н.  П.  Русен,  географттер:  Л.  Д.  Долгушен,  Е.  С.  Короткеевич,  биолоктер:    М.  Е.  Винокрадов.  Олар  бұл  “оазисті”  кім  әртүрлі  ойлағандай,  жанар  тау  жылығының   әсерінен   емес,  жергілікті    микро    әсерінен  пайда  болған  деп  тапты.  “Мирный”  станциясы  Антрактида   материгін  зерттей  отырып,  тағы  да  бір  станция  ұйымдастыру  ұшін  полюске   екі   трактормен  адам    аттандырды.

Олар   өте  ауыр  жағдайда  жиектен  400  км   ап   барып теңіз   деңгейін  2700  м биіктіке  “Пинер” станциясын  орнаты.  Альпинизмге бегі  сіңген  мастер,   физика-математика  ғылымының доктор  А.  М.  Гусов,  ғылым-географ Л.  Д.  Долгушен,  радист  Е.  Т.  Петров  және   тракторшы Н.  Н.  Кудряшевтар  сонда  қыстап  қалды.

“Миный”  станциясы  қазір   қалаға  айналды.  Оған   совет   кемелері   көптеген    керек-жарақ,  экспедиция   жабдықтарын,  зерттеу  жұмысын   жүргізетін  совет  ғылымдарын,  ер  жүрек   ұшқыштарын,  мамандарын   жеткізді.   Онда   қандай  қиындық болса да  жеңе  отырып,   Антарктидадағы   “Мирныйдан” полюске қарай 635  км  жерде   орнатылған  ұшінші  “Восток-1”   полярлық  станциясы,  860   км  қашықтықтан “Комсомол”   станциясы зерттеу жұмыстарын   жүргізуде.  Содан-ақ  совет   адамдары  1957  жылы  Антакрктида   жүрегін  1410  км  ішкерлеп  барып,  “Восток”  станциясын  орнатып,  онда  тұнғыш  рет  Совет  туын  тікті.

Бұл  шабуыл  өте   ауыр   әрі  қиын  еді.  Мысалы,  1958  жылы  25  августа  “Восток”  станциясында  термометар87,4  градус  суықтықты  көрсеті.  Өткені  бұл   жер   шарындағы  ең  суық  жер-алтыншы  материк  -Антарктида.

Совет  ғылымдары  “Восток”  станциясы  теңіз  деңгейінен  3570  м   биіктікте  тұратын,  станция  астындағы   мұздың   қалыңдығы  1830  м екенін  анықталды.

Антакрктида  адамзат   игілігі  үшін   бейбіт    мақсатта  зерттеле   бермек.

Арктика  мен  Антакрктиданың  белгілі  бір  шекарасы  жоқ,  олардың  ауа  райына,алып  жатқан  көлеміне,  су  ағынына    мұз  ығуына  әр  түрлі  көрсетеді.  Ертедегі  ғалым  Пифей,  бізлің  заманымызға  дейінгі  325  жыл  бұрынАрктиканы  жел  мен  су  араласқан   белгісіз  теңіз  деп  білген.  Орта  ғасырда  да  дін  әсері  салдарынан  Арктика  дұрыс  танылмады,-ол  жер  шеті,  қараңғы-түнек,  онда  керемет  адамдар  тұрады,  олардың  денесі  адам,  басы  ит,  әйелдерінің  сақалы  бар  деген  теріс  түсінікте  болды. 

Ұлы  географиялық  ашылулар  кезінде   солтүстік  туралы  әр  түрлі  теріс  көзқарастар  болды.  Бірақ  ол  кезде  ешкім  Арктиканы  зерттеп,  ашып  білеміз  деген  мақсат  қойған  жоқ.  Ол  кездегі  желкенді  кеме,  нашар  техника  Арктиканы  зерттеуге  мүмкіндік  бермеді.  Кейінгі  ғасырларда  елдердің  экспедициясы  солтүстікті  Арктиканы  ашпақ  болды,   оларды  зерттеп,  байлығын  игермек  болды.  Жер  шарының  солтүстігін  Мұзды  мұхит  алып  жатыр.  Табиғаты  қатал  бұл  аймақты  зерттеуге  адам  баласы  ертеден-ақ  көңіл  бөлген,  талай  ғалымдар,  зерттеушілер  оған  сапар  шеккен.  Солтүстікті  алғаш  зерттеушілер  скандинавиялық  тар  және  орыстар  еді.  Скандинавиялық  Исландия,  Гренландтя,  Солтүстік  Америка  жағалауын,  орыстар-Вайгач,  Жаңа  жер  және  Азияның  солтүстігіндегі  аралдарды  алғаш  рет  ашты.  Бұдан  кейін  солтүстікті  зерттеу  бірте-бірте  ұлғая  берді.  Еліміздің  солтүстік  бөлігін  зерттеу  тарихы  ертеден  басталған.  Шамамен  VIII-IX  ғасырларда  орыстар  солтүстік  теңіздерден  балық  аулай  бастаған.  XI-XII  ғасырларда  новгородтықтар   үнемі  Ақ  теңіз   жағалауынан  балық  аулап,  одан  әрі  солтүстікке  және  шығысқа  қарай  жүзіп,  тіпті  Уралдан  асып  Мангезей  қаласына  барып  келіп,  жүрген.  Кейіннен  бұл  елсіз,  иесізжағаларға  норвегиялықтар  бірте-бірте  орнығып  қалады.  Сөйтіп  норвегиялықтар  Ақ  теңіз  бен  Баренц  теңізін,  Солтүстік  жағалауды,  Солтүстік  Урал  маңын  бұрыннан  білген.  1748  жылы  норвегиялықтар  Москва  мемлекетіне  қосылған  соң  Солтүстік  Уралдан  асып  Сибирьді  және  Солтүстік  жағалауды  зерттеу  жұмысы  мүлде  күшейді.  Бірақ  зерттеу  жұмысы    ның  ең  қызу  қолға алынған кезі  Петр  кезеңінен басталады.  Талаша ғалым М.В.Ломоносов солтүстікті зерттеу ерекше  маңызға ие.  Ол  Солтүстік су  жолымен Қытайға және  Үндістанға  барудың жоспарын  жасады.  1725  жылы   солтүстік өңірді  толығырақ зерттеу  үшін  “Бірінші  Камчатка”  экспедиция  ұйымдастырылды.   Бұл  өте  қиын,  әрі  жауапты  экпедицияның  бастығына  Витус  Бернгты  және  оның  орынбасарлығына  22  жасар  офицер  Алексей  Чириков  тағайындалды.  1733  жылы  “Екінші  Камчатка”  экспедициясы  құрылды.  Оған  ғалымдар,  суретшілер,  студенттер  қатысты.  Экспедицияға  қатысушылардың  еңбегі  өте  қатты  бағаланып,  оны  “Атақты  Солтүстік  экспедициясы”  деп  аталды.  Олар  Солтүстік  Мұзды  мұхитты,  Арктиканы,  Солтүстік  теңіздерін,  оған  құятын  өзендердің  сағаларын  ашты,  Азия   материгінің  солтүстік   шекарасын,  бұл  өңірді  мекендейтін  халықтардың  тарихын,  мәдениетін,  әдет-ғұрпын  зерттеді.  Осы   экспедицияға  қатысушылар  және  Отанымыздың  солтүстігін   зерттеуде  елеулі  еңбек  сіңірген  Семен   Дежнев,  Владимер  Атласов,  Витус  Беринг, Семен  Челюскин,  Дмитрий  Лаптев  және  басқаларының  есімін  жұртшылық  есінде  сақтауда.

Антарктиданың табиғаты