Антикризисное управление. 63

МАЗМҰНЫ

          КІРІСПЕ

1 Нарық жағдайында  кәсіпорынды дағдарысқа  қарсы басқарудың  теориялық аспектілері

    1. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері
    2. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі,оған әсер ететін факторлар 
  1. Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
    1. ЖШС өндірістік шаруашылығын талдау
    2. ЖШС дағдарыстың алдын алу жолдарын талдау
 

3.Нарық  жағдайында кәсіпорынды  дағдарысқа қарсы   басқаруды жетілдіру  жолдары

3.1 Нарық жағдайындағы  дағдарыстың кәсіпорынға әсер  етуінің ықтималдылығын болдырмау, алдын алу

3.2 Шет елдік  тәжірибесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

        Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы  басқару дегеніміз – ол кәсіпорынның  қаржылық ресурстармен капитал  айналымымен және қаржылық қатынастармен  басқару  жүйесі. Дағдарысқа қарсы  басқару - әртүрлі көзқараста болады:     функционалды көзқарас бойынша; қаржылық менеджмент ол басқару жүйесі; институционалды көзқарас бойынша; қаржылық менеджмент ол басқару органы;  ұйымдастырушылық - құқықтық қөзқарас бойынша ол кәсіпкерлікті реттеуші экономикалық категория ретінде қарастырылады.  Дағдарысқа қарсы басқару субъектілеріне жататындар қаржы қызметін жүзеге асырушы мамандар тобын, яғни қаржылық менеджмент жерлер, ал қаржылық менеджмент объектілеріне ақша қаражаттары, қаржылық ресурстар, капитал айналымы және қаржылар жатады. 

           Ал, банкроттық дегеніміз – заңды  және жеке тұлғаның қаражат  жоқтығына байланысты өзінің  борышқорлық міндеттемелерін төлеуден  бас тартуы. Банкрот кәсіпорынның  қызметін жабуға немесе оны  мәжбүрлеп таратуға апарып соқтырады, мұның өзі несиегерлердің талаптарын өтеу үшін мүлікті сатуға ұласады.                                                   

       Нарықтық экономиканың қалыптасуы  ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін  кәсіпорындардан ғылыми–техникалық  прогресстің,  кәсіпкерлік белсенділіктің негізінде өндіріс тиімділігін арттыруды талап етеді.

     Қазақстандағы кәсіпорындарды дамыту, мейлінше олардың  дағдарысқа қарсы бейімділігін күшейту  мемлекеттің басты назарында. Бұл  мәселеге қатысты пікірлерін Қазақстан  Республикасының Президенті өзінің биылғы халыққа Жолдауында айтып өтті:

     «Біз  Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен  озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса  өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге, дағдарыстың алдын-алуға қабілетті ұйымдары мен кәсіпорындары болуын қалаймыз» [2].

     Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға салмақ салынады. Кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету жүйесі дағдарысқа қарсы басқарудың озық тәжірибелерін, экономикалық қауіпсіздік шарттары мен параметрлерін, ғаламдану жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың маңызын, қосымша құн тізбегіндегі алатын орнын ескере отырып, дайындауды қажет етеді.

     Ұйым  дамуындағы дағдарысты болдырмау мәселелері бойынша көптеген сұрақтарды кеңінен  зерттеу қажет. Осы жағдайда ұйым дағдарысының диагностикасын бағалау көрсеткіштері, дағдарысқа қарсы басқаруды банкроттықты басқарудың негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан ұйымның дағдарыс үрдістерін реттеудің шаруашылық қызметке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың дамуын қамтамасыз ету бағыттары, бойынша мәселелер жан-жақты қарастыруды талап етеді. Үдемелі қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылыр зердесінен шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды.

     Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломда келесі міндеттер  анықталды:

– ұйым дағдарысына қатысты анықтамаларды зерттеу және олардың мазмұнын ашу;

– дағдарысқа қарсы басқарудың банкроттықты болдырмауға тигізетін әсерін анықтау;

– дағдарысты мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік тәжірибелері негізінде бағыттарын айқындау;

– ұйымның дағдарыс ықтималдылығы диагностикасын анықтау әдістемесін дайындау; 

     Бүгінгі танда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайындагы еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.

     Қазіргі уақытта елімізде банктердің дамуы соңғы 18 жыл шамасында көптеген реформалық процестерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге қол жеткізді, дегенмен еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешуі қажет. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсак олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек рейдерлік операцияларды максат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық жағдайлардың нашарлауына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қйын жағдайда болуына әкелді.

     Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде  қалыптасу мен дамуының стратегиясы» деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: «меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика құру... ».Әлемдегі соның ішінде еліміздің экономикасында болып өткен дағдарыстың салдарына байланысты Елбасының 2009ж. 6 наурыздағы «ДАҒДАРЫСТАН — ДАМУҒА» атты кезекті халыққа жолдауының маңызы зор.   Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ арине. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. 
Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түспегені белгілі. Тұралап қалған экономи-каны қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. 
Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. 
Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. 
Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық.

     Белгіленген максатқа жету үшін зертеу жұмысының  келесі міндеттері анықталды:

  • дағдарысқа    қарсы   қатысты    анықтамаларды    зерттеу   және 
    олардың мазмұнын ашу;
  • дағдарысқа  қарсы  басқарудың  экономикалық тигізетін әсерін 
    анықтау;
  • ғаламдану    жағдайындағы    кәсіпорындарының     экономикалық 
    дағдарысқа қарсы басқару бағдарларын негіздеу.
  •       әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі дағдарыстан шығу тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.

     Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптаскан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзкарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

     Дағдарыс қандай терендікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бұны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек етпейді. Сонда бұндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек прагмативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың кажеттігі қанша? Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өршуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бұл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы баскару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уакыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қаупін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

      Қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан құрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қалыптастырды, жеке меншікті жойған қоғамдык - экономикалық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бұрындары «өсім қиындықтары», «даму проблемалары», «тұрып қалу» терминдері жиі колданылып келді, кейіннен олар «дағдарыс түсінігіне» ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.

     Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тенденцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

     Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы баскару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей ұйымда да пайда болып және ол әрқашан жалпы экономикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай немесе тек дағдарыстың экономикалық аспектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған. 

    1. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері

     Дағдарысқа  қарсы (антикризистік) бағдарламаның  мақсаттары қаржылық шаруашылықтың  кризистік бағасының өндіріске  нашар әсер ететін факторлардың анализдерінен  шығады.

      Қаржыны дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасының  мақсаттары:

1.Төлей  алмаушылықты шеттету.

 Сыртқы  және ішкі міндеттерді қысқарту  және ақша ресурстарының көлемін  көбейту арқылы іске асады:

- Ұйымдық  структураны және тұрақты ұстанымдарды    қысқартуларды оптимизациялау.

- Процесті  өндірісті автоматизациялауда өзгермелі ұстанымдарды қысқарту және негізгі және көмекші бөлімдердің персоналдарын қысқарту;

-  Кредиторлық  қарыздарды барынша ұзарту және  рестуктуризациялау;

- Дебиторлық  қарыздың айналымдарын жеделдету  сенімсіз дебиторлы қарыздар- қазіргі  кездегі салық заңына сай дебиторлық қарызды қайтару және дебиторлық қарызды валды шығынға қатынастыру мақсатында сотқа беруге байланысты коммерциялық кредит периодын қысқарту;

- Сұраныстарға  дайын өнімдер арқылы тауарлы  материалды бағалылықтар запастарының  мөлшерін нормализациялау. Толықтай өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан, дайын полиграфиялық өнім қайта өндейтін кәсіпорындардан өту керек. Осыдан пайда болған шығындар болашақтағы салықтық табыстарды қысқартады;

2. Қаржылықтұрақтылықты  қайта құру-даму кезіндегі өзіміздің қаржылық ресурстарымызды реттеу деңгейі тұтынушының қаржылық ресурстарының деңгейінен кем болмағанда ғана орындалады.

      Қаржылық  тепе-теңдікке қол жеткізу үшін мынандай шараларды қолдану керек:

    - Нәтижелі  бағалық мақсат жүргізу, жеңілдіктер  жүйесін қолдану және өнімнің нарыққа өту әдістерін қолдану арқылы таза кірістің өсуі.

    - База  мен салық салу ставкаларының  төмендеуінің легальды схемасын  қолдану нәтижесінде шаруашылық  процестегі салықтық процесті  оптимизациялау.

    - өндірістің  дамуға бағытталған таза ьабысты көбейту мақсатында кәсіпорынның кризисті дамуына адекватты дивидентті саясатты орындау.

    - Ескерген  және қолданылмайтын жабдықтарды  жөндеу.

    - Кәсіпорынның  өз қаражаттарының өсуіне байланысты  нәтижелі эмиссиялы саясат құру.

    - Керекті  негізгі және айнымалы қаражаттарды тарту.

3. Нарықтық  бағаның өсуіне бағытталған стратегиялық  қаржылық стабилизация және экономикалық  өсу.

      Экономикалық  өсудің үлгісі 4 фактордан тұрады.

    - Бағалық  саясатты және операциялық рычакты  қолданумен пайда болатын сату  ретабельдегінің өсуі.

    - өндірістік  дамуға кетіп жатқан таза табыс  бөлігінің өсуі

    - нормативтік  активтерден тыс түрлерін қысқарту  арқылы алынатын актив айналымын  тездету. Ағымдағы активтердің   нормативін қысқарту үшін математикалық  экономикалық модельдерді қолдану керек- транспортты есеп, заностарды басқару.

    - Қаржылық  леверидж коэффициенті оптимальды  мәніне жетпесе ғана мүмкін.

Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы стратегиясының мақсаттары:

    - Меншік  немесе зайымдау қаржы көздерін  оңтайлы біріктіру негізініде 

    - олардың өтімділігі мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету,

    - Негізгі,  инвестициялық және қаржылық  қызметте барлық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға қажет пайда  мен рентабельділіктің сәйкес  деңгейін алу.

   Бұл үшін мемлекет өзінің басты  мақсаты деп, макроэкономикалық реттеу мен инфляциямен күрес.  Бұл үшін қажет:

    - Барлық  деңгейдегі экономикалық және  қаржылық көрсеткіштер жүйесі, сондай-ақ  экономиканың базалық салаларын  қолдау жасау керек;

    -  Кәсіпорынға өзінде жоқ меншікті  айналым қорларын табуға жағдай  туғызу;

    - Займ  қаражатын пайдалану бойынша  кәсіпорын мүмкіндіктерін кеңейтетін  экономикалық шараларды қабылдау. Бұл үшін ҚР Ұлттық банкінің  есептік ствкасын әлемдік деңгейде  дейін төмендету керек;

    - Төлемсіздікті  қысқарты немесе осымен байланысты  есеп айырысулардың тиімсіз формаларын қысқарту бойынша коммерциялық несие, вексель, чек сияқты нарықтық құралдарды еңгізуі керек;

    - Салықтық  саясатты өндіріс пен инвестицияны  ынталандыруға бағыттау керек;

    - Кәсіпорынның  өтімділігі мен төлем қабілеттілігін  анықтау керек;

    - Кеден саясатын ұлттық өндіруші мен бәсекелестік қабілеті бар тауарларды қорғауға бағыттау керек;

         Банкроттықтың  алдын-алу стратегиясын  таңдау мен кәсіпорынны ң нарықтық  механизмді енгізу шараларының  тиімділігі кәсіпорындағы қаржыларды  басқару жүйесінен тәуелді болады.

         Бұл жүйенің негізі – қаржылық  талдау, оның қорытындысы бойынша  кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайына  үнемі баға береді.Бұл талдаудың  негізгі бағыттары келесідей:

    - Кәсіпорын  мүлкінің және оның қалыптасу  көздерінің сондай-ақ капитал  құрылымы көрсеткіштерін бағалау,

    - Айналым  қорларының жағдайын бағалау,  оның жеткіліктілігін анықтап,осы  негізде қаржылық жағдайды бағалау,

    - Кәсіпорын  өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің  дәрежесін анықтау,

    - Рентабельділік  тенденциясы көрсеткіштер жүйесі  негізінде анықтау.

         Кәсіпорын банкроттылығының алдын-алу  стратегиясына ықтималдылық пен  төлемқабілеттілігі проблемаларын  шешуге бастысы болып айналым  қорларын кәсіби деңгейде басқару  болып табылады.Бір жағынан бұл  айналым қорларын ынталандыруға  бағытталса, екінші жағынан бұл қорлард материалдық активтер арасында орналастырылады.Бұл жерде қаржылық тетік ретінде пайдаланылатын несиемен байланысты дұрыс таңдаған несие саясаты маңызды рөл атқарады.

         Айналым қорларын басқарудың  бір бөлігі болып дебиторлық  және кредиторлық қарызды басқару табылады. Мұндай басқарудың маңызды элементі бролып тауарлық вексельдерді белсенді пайдаланылады.

          Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының  бір мақсаты пайда алу мен  рентабельді жұмысты қамтамасыз  ету.Мұның егізінде «шығын, түсім,  пайда» өзара байланысының талдауы жатыр, ал бұл кәсіпорында басқарушылық есепті кеңінен пайдалануды білдіреді.

          Шығындарды өнімнің өзіндік құнына  еңгізудің екі негізгі әдісі  бар: калькуляциялық және маржиналды.Екінші  дәстүрлі емес әдіс біріншісінен  шығындардың өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты айналмалы және тұрақты болып өзгерумен ерекшеленеді.Сонымен бірге, онда тек айналмалы шығындар негізінде өнім бірлігінің толық емес өзіндік құны анықталады.Мұның барлығы кәсіпорынның талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығы туралы түсінік береді.Маржиналды әдіс операциялық тетікті пайдалануға, яғни маржиналды табыстың өткізуден түскен пайдаға қатынасымен анықталады.Кәсіпорынның қаржылық қызметіне ақшалай ағымдарда басқаруға көп көңіл бөлінуі керек.Бұл жерде негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметтегі ақшалай қорлардың барлық келуі мен кетуін дәл анықтап,олардың ұлғаю, кему себептерін талдауы керек.Бұл облыстағы маңызды факторлардың бірі болып қаржылық нәтижеге міндетті түрде әсер ететін уақыт факторы.

         Кәсіпорынның стратегиясындағы  бағыттардан басқа амортизациялық, инвестициялық, дивиденттік саясатқа, бағалы қағаздар нарығында саясатқа  ерекше көңіл бөлу керек.

   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  бағалау немесе баланстық қанағаттанарлықсыз құрылымын анықтау кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына болжамды түрде талдау жүргізілді, оның мақсаты кәсіпорынның төлемқабілеттілігін оынң балансының құрылымы негізінде анықтау.

1.2 Дағдарысқа қарсы  басқарудың тиімділігі  және оған әсер ететін факторлар 

     Басқару дамуы әрдайым оның тиімділігінің  өсуімен бірге қатар жүруі  мүмкін. Ал басқару тиімділігінің өсуі оның потенциалының, яғни оң өзгерістер мүмкіншілігімен, қажетті ресурстардың болуымен және оларды қолдану ортасының болуымен анықталады (кесте 1). Потенциал өзгерісінде және басқару тиімділігінде дағдарыстың пайда болу қаупі жатыр. 

1 –кесте -  Ұйымның және басқару дамуының белгілері мен факторлары 

Дамудың белгілері мен факторлары
Басқаруды дамыту –  өзгерістер: Ұйымды дамыту – өзгерістер:
  • Ұйымдардың
  • Персоналдың
  • Басқару технологиясының
  • Потенциалдың
  • Мақсаттардың
  • Әдістеменің
  • Концепцияның
  • Мотивацияның
  • техникалық қарулардың
тиімділіктің
  • қызмет масштабының
  • қызмет құрылымының
  • өнімнің
  • технологияның
  • ресурстардың
  • өнімділіктің (тиімділіктің)
  • пайда мөлшерінің
  • өндірістік қуаттың
  • имидждің
  • капиталдың үстемелілігінің
  • нарықтағы орнының
 

     Дағдарысқа  қарсы басқару басқа басқарулар сияқты тиімді және тиімді емес болуы  мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқарудың тиімділігі оның дағдарысты жағымды  қолданудағы локализациялаумен және оны жеңілдету шараларымен анықтылады. Бұндай тиімділікті нақты есептік көрсеткіштер арқылы көрсету қиын, бірақ оны басқарудағы жалпы баға беру кезінде болжап, көру керек.

     Дағдарысқа  қарсы басқару тиімділігін анықтайтын басты факторлары – оларды түсіну және дифференциациясы, оны талдауға және жүзеге асыруға көмектеседі.

     Дағдарысқа  қарсы басқарудағы кәсіпқойлық  және арнайы дайындық. Бұл жағдайда тек басқарудағы жалпы кәсіпқойлылығы айтылмайды, сонымен қатар бұнда  дағдарысқа қарсы басқарудың ерекшеліктерін көрсететін кәсіпқойлық білімдер мен дағды айтылады.  Бұндай кәсіпқойлық арнайы дайындық процесі кезінде, сындық жағдайлардағы басқару өнерін дамыту  мен мақсатты бағытталған аккумуляциялау кезінде туады. Соңғы жылдары Ресейде дағдарысқа қарсы басқаруларды дайындауға көп уақыт бөлініп жатыр, олар дер кезінде мекемені дағдарыстық жағдайдан аз шығындармен шығара алады. Олардың кәсіпқойлық дайындықтары дағдарыстық жағдайларға бет алған.

     Сонымен қатар, қарапайым мәселелерді де дайындауда олардың дағдарыстық жағдай кезінде басқару қабілетіне де назар аудару керек. Дағдарысқа қарсы басқару қандай да болмасын басқарудың керекті элементі болуы керек немесе ол стратегиялық, креативтік, өндірістік, экологиялық, қаржылық болуы керек. Табиғатпен берілген және арнайы дайындық процесі кезінде жиналған басқару өнері дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің факторының ішіндегісіне айрықша ерекшелеу керек. Көптеген дағдарыстық жағдайларда адамның жеке басқару өнері дағдарыстан шығуының басты факторы болып келеді. Сондықтан да, дағдарысқа қарсы басқару үшін менеджерді психологиялық тестілеуден өткізіп, олардың ішінен тек дағдарыс жақындауын тез сезетін және экстремалды жағдайда ұйымды сауатты басқара алатындарын таңдау өте қажет.

     Тәуекелді шешімдерді жобалаудың әдістемесі. Бұндай әдістеме құрылуы, өңделуі керек, өйткені олар басқарудың бұндай қасиеттерін анықтайды – уақыттылық, мәселенің толық баяндалуы, нақтылық, ұйымдастырушылық маңыздылық. Бұл қасиеттер дағдарысқа қарсы басқаруды аса маңызды орынға ие.

     Жағдайды  ғылым жағынан талдау, тенденцияларды болжау. Бұл факторлар дағдарысқа қарсы басқаруға өз ықтималдарын тигізеді. Болашақты көру келе жатқан ие болып жатқан дағдарысты көз алдында  ұстап тұруға мүмкіндік береді.

     Дағдарысқа  қарсы басқарудың тағы да басты факторларының бірі – корпоративтілік, ол фирмада немесе ұйымда түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін. Корпоративтілік – бұл ұйым жұмысшыларының мақсаттарын қабылдап, түсіну, оларды іске асыру үшін көп жұмыс атқару, бұл ішкі патриотизм мен ынталылық. Корпоративтілік – дағдарысқа қарсы басқарудың тірегі. Бірақ ол өз-өзімен пайда болмайды, ол басқару нәтижесі, сонымен қатар басқару механизмінің құралы болып келеді. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің тағы бір факторы – көшбасшылық. Көшбасшылықтың көптеген түрлері мен модификациясы бар, ол тек менеджер тұлғасымен анықталмайды, сонымен бірге қалыптасқан жұмыс стилімен, басқару персоналының құрылымымен, менеджерге деген сенімдлікпен, білім беделімен анықталады. Көшбасшылыққа бел асу дағдарысты жеңуде немесе оның жеңілденуінде басты рольді ойнайды. Бірақ ол үшін көшбасшылықты іздеу және құру қажет. Бұл құлаққа ерекше естілгенімен, түсінікті болады, егер көшбасшылық – бұл тек менеджер тұлғасы емес, сонымен бірге ол басқаруды ұйымдастыру мен бүкіл жүйені сипаттау екендігі ескеріледі.

     Дағдарысқа  қарсы басқару тиімділігінде  жеделділік пен басқарудағы иілгіштілік  орасан зор роль атқарады. Дағдарыстық  жағдайда тез және қайсарлы амалдар, жеделдік шаралар, өзгеріп жатырған жағдайларды басқарудың өзгеруі, дағдарыстың  жағдайларына бейімделуге мұқтаждылық туады. Баяулық көрсету бұл жағдайда нашар роль атқаруы мүмкін.