Қаржы жүйесі. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ------5
І.. Қаржының
мәні, атқаратын қызметі және ролі ------------------------------
І.1 Қаржы
ұғымы, мәні мен қажеттілігі-------------------
І.2 Қаржының
атқаратын қызметі ------------------------------
ІІ.
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
------------------------------
2.1. Қаржы
жүйесі мен инфлияцияның өзара байланысы---------------------
2.2. Қазақстандағы
инфляция деңгейі-----------------------
2.3.ҚР
инфляцияға қарсы саясат-------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдрын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдарды құрайтындардың аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономиканың) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы
туралы ғылымда және қаржыны зерделеу
кезінде танып білудің негізгі
әдісі – материалистік
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Зерттеу тақырыбының мақсаты:
Қаржының мәнін, оның даму заңдылықтарын, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалатынын анықтау.
Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Зерттеу
жұмысының құрылымы: Берілген курстық
жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан
және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І. Қаржының мәні атқаратын қызметі және ролі
1.1.Қаржының ұғымы, мәні мен қажеттілігі
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.
"Қаржы"
ұғымы мемлекетпен бірге бір
уақытта қоғамның таптарға
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) — компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысын құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталантыру қоры, амортизаииялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы —шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған
құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл
құрылымның қызметі экономикалық қатынастар
жиынтығын туғызып,
ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте
құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады.
Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жұмсалады.
1.2.
Қаржының атқаратын
қызметі
Рыноктық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
- бөлу,
- реттеу,
- ынталандыру;
- бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;
қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы
ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде
бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі
рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың
құбылмалы тиімділігімен
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектлері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса керсетеді. Ақша қаржының іс-өрекет етуінің міндетгі шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс қүралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі қүн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сойтіп, ол акщалай қаражаттардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік қатынастардьщ бір белігі ретіңцегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізіңде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдык өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сииаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының түрлі мақсатты акша қорларының қозгалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өдніріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша қаражаттары экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың — бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-қимылына тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшеліхпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аудары-латын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.т.), яғни баламасыздықпен сипатгалады. Салалық кдржыларда қор-лардағы ақша қаражаттарыньщ ішкішаруашылық мақсатгы оқшау-лануының үқсас қағидаты қодданылады.
Сөйтіп,
қаржының қаралған өзгеше белгілері
бүл экономика-лық категорияны
ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан
мүлтіксіз бөліп алуға
Қаржы — бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтыгы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан жеттіліктерін қанагаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоәамдық дамудың қажетті-ліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мумкіндіктерін пайдалана алмаса, мем-лекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметгік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамсыз ете алмайды.
Мемлекет,
дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық
процестерді реттеу жөнінде едәуір
экономикалық функцияларды орындайды,
соңдықтан мемлекеттің
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезенде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бүл ресурстар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатьш қара-жаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектор қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде "қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар " деп аталынатындарды — мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық, сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі — өзінің мәні жағынан мынадай түрлі үғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтыгы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтыгы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
"Жүйе"
термині өзара байланысты
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына
байланысты мемлекет, шаруашылық
жүргізуші субъектілер,
Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі сфераны қамтиды:
1)
мемлекеттік бюджетке
2)
кәсіпорыңдардың
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінін арасында алдыңгы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы бо-лып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера) болып бірінші кезекте мемлекеггік бюджеттен көрінетін метекеттіқ қаржысы болып саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материал-дық өндірісте нақтылы өнім — коғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатывдықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың (уй шаруашылыгының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше болігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарынын шаруашылық жүргізуші субъек-гілерінің оңдірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Каржы қатыиастарының буындарына тән болып келетін тиісті ортапықтандырыяеан және орталықтандырылмаган ақша қорларының жиынтыгы қаржы жүйесінің екінші бөлігін қүрайды.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы — бұл қаржы қатынастарының әр турлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттік бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік кредит;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржылаға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашьшық жургізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды кұрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүкгелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Қаржы рыногы — рыноктық экономиканың калыптаскан элементтерінің бірі. Өз аясына капитал рыногын, валюта рыногын ғана емес және бағалы кағаздар рыногын ендіреді. Бұл рыноктарды өз кұрамына енгізудің мақсаты — еркін козғалыстағы акша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік коғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеде қаржы рыногының кызметін мемлекеттік бюджет, банктің ңесие жоспары, министрліктің каржы жоспары т.б. тетіктер аркылы жүргізілген.
Экономикалык реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіп қаржы ресурстарын калыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша кысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың кажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізгі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына кажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігін кыскартты.
Қаржы рыногы - өзінің инфракұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттык ағымдармен ерекшелінеді. Қаржы рыногын кұру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы кағаздар эмиссиясы жане оның курсының өзгеруі, инфракұрылым мен ақпаратты камтамасыз етуді жатқызамыз. Рыноктық экономикаға өтуде каржы нарығын дамыту несие -қаржы жүйесін қайта құруды талап етеді.
Әлемдік тәжиірибе көрсеткендей, нарықтык экономикаға екі түрлі қаржылык катынастар әсер етеді бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен баска денгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бір бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.

- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесінің мәні
- Қаржы жүйесінің ұғымы
- Қаржылық бақылау агенттігінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарына жүргізген бақылауларына талдау
- Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары
- Қарапайым актілерді белгілеп көрсету
- «Қарасу ет» ЖШС-нің шұжық өнім өндірісінің экономикалық тиімділігі және оны жетілдіру жолдары
- Қарбыздың құрылымы
- Қаржалық тәуекелді басқару
- Қаржалық тәуекелді басқару
- Қаржыаралық қатынастар – қаржы реттеудің негізгі құраушысы ретінде
- Қаржы және инфляция