Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары
КІРІСПЕ
Қаржылық бақылау жалпы
қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша
және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес
пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және
атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің
және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық
субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау
жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде
қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру
және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Нарық экономикасы жағдайында қаржылық
бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің
бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі
қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты
пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасында
мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке
салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық
бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше
нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.
"Қаржылық бақылау және
басқарушылық аудит”
Нарықты экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, обьектілері,функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.
Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың,
мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептемелері мен
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу,Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді.
Аталған оқу құралы қаржылық- несиелік, инвестициялық,тексеру – бақылау, мемлекеттік құқықты қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң және экономикалық жоғары оқу органдары мен колледждерге, бизнес-мектептерге арналған.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: -- жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
- қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
- Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
- Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.
I тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ
- Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылықты қызмет; ол қаржыны басқарудың функциялық элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретінде қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау функциясы қашаннан тән.
Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі-құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және заңдылығын, мемлекеттік қаржы қорларын пайдалану мен бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері мен заңды тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.
Қаржылық бақылау –заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық маңызды нысандарының бірі.
Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік пен муниципалдық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.
Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол-қолдануның белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы. [2]
Қаржылық бақылаудың ең негізгі мақсаттарының бірі-кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстарын, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында қалыптастыру жйне пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдірестер болып табылады.
Алайда қаржылық бақылаудың объектісі тек ақша қаражаттарын ғана тексерумен шектелмейді. Түпкілікті қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдіресі ақша қатынастарымен ортақтастырылатындықтан ол елдің материал, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі-оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексеруде кіріктіреді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа үдірістері бейнелеп көрсетіледі.
Мемлекттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкелетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және оларды бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау службалары, олардың жұмыскерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Қаржылық бақылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады:
- қаржы ресурстарына қажеттілік пен ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорларының мөлшері арасында теңгерімділікке жәрдемдесу;
- мемлекеттік бюджет алдында қаржылық міндеттемелердің уақыттылығы мен толымдылығын қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстарын өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнім, қызметтер рентаьельділігін арттыру жөнінде ішкіөндірістік резервтерді анықтау;
- кәсіпорындара, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде материалдық құндылықтар мен ақша ресурстарын ұтымды жұмсауға, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен есептемені дұрыс жұргізуге жәрдемдесу;
- түрлі ұйымдық-құқықтық нысандарға жататын кәсіпорындардың қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік актілерін, соның ішінде салық салу саласындағы актілерді сақтауды қамтамассыз ету;
- кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің, соның ішінде валюталық операциялар бойынша жоғары қайтарымына жәрдемдесу және басқалары.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдалық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығайады.
Қаржылық тәртіп-бұл мемлекеттің, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және падаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақтылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме ережелерінің сақталуын тексеру.
Қаржылық бақылаудың функциясы өндіріс үдерісіне, бөлуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.
Бірақ бұл қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:
a) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;
б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;
в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттемелеу.
Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдауымен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.
Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты.
Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:
- мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру;
- заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- экономикалық субъектілердің бухалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;
- бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау;
- кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;
- қаржылық ресурстардің резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің, қызметтің пайдалылығын арттыруды анықтау;
- ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалану және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдіруге ережені сақтауды тексеру;
- Қаржылық тәртіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын алу шаралары және оны жоюды анықтау.[1]
- Қаржылық бақылаудың түрлері
Қаржылық бақылауды мыныптау субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, субъектілері, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) жалпы мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болыр ажыратылады (1-сызбаны қараңыз).[2]
1-сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныптамасы
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жалпымемлекеттік
Мемлекеттік
Сыртқы тардың, партиялардың, бұқаралық
Ішкі қозғалыстардың, ғылыми-техникалық,
Ведомстволық
Ішківедомстволық
Аудиторлық бақылау
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік және ведостволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің байланысқан гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру.
Сыртқы бақылау – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, маслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекет қаржылық бақылау.
Сытрқы бақылауды:
1) республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2) жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Ішкі бақылау-уәкілетті орган және ішкі бақылау службалары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
Ведомстовалық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведрмствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттері мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, меншік сақталымдылығын, бухгалтепрлік есептің дұрыс қойылуын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстовалық қаржылық бақылау алдвын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі-ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары.
Қағамдық қаржылық бақылау-бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.
Аудиторлық бақылау (аудит) – бұл кәсіпкерлік қызмет түрлерінің бірі-тәуелсіз аудиторлық ұйым мен кәсіпорын, компания, банк, сақтық компанися иесінің жасақан келісімшарт негізінде қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін тексеру.
Қаржылық бақылаудың негізгі түрлері:
- Ревизия-мемлекеттік, ведомстволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірілген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдылығын, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.
Субъектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.
Ревизияның ауқымы өкілетті органның нақты мақсатымен және оны өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.
Ревизия-ведомстволық, жоспардан тыс, жоспарлы, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.
- Аудит классикалық түсінікте-сол жұмыс істемейтін дипломды тәуелсіз аудитормен жүзеге асатын қаржылық бақылаудың сыртқы тәуелсіз түрі. Оның мақсаты білікті маманның белгілі бір критериге сәйкестілік деігейін белгілейтін және экономикалық іс пен оқиға туралы объективті, толық, анықты, алдын ала ойластырылмаған пікір мен қорытындыларды тапсырыскерге немесе сол қорытындыларды алуға мүдделі пайдаланушыға беру.
Аудиттің түрлері, нұсқалары, теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық және ұйымдық негіздері мен тұрпаттары қаржылық бақылаудың нысаны мен қаралатын бағыттарына байланысты білімнің тереңделуіне орай нақтыланып, толықтырады.
- Дерек көздері жөніндегі аудит пен ревизияны өткізудің негізі болып құжатты және нақты бақылауды айырады.
- Құжатты бақылаудың мәні-барлық шаруашылық операцияларын құжаттардың деректері бойынша тексеруде. Тексеруші құжатты құрастыру тәртібі мен кәсіпорындағы құжат айналымының сызбасын жақсы білуі қажет.
- Нақты бақылау-бұл объектінің нақты жағдайын, ресурстардың барлығын, есеп айырысу жағдайы мен олардың есеп деректеріне сәйкес келуін тексеру. Бақылаудың бұл түрі тексеруліші объектінің нақты жағдайын, яғни оның табиғи күйіндегі деректері (қайта есептеу, өлшеу, зертханалық талдау және т.б.) бойынша тексеру.
- Қаржылық бақылауды мерзім бойынша өткізудің түрлері бойынша айырмашылығы мынада:
- Алдын ала бақылау-шаруашылық операциясы жасалудан бұрын алдан ала өтетін бақылау. Ол ескерту сипаттамасына ие.
- Жедел бақылау шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметінің ауытқуын өз уақытында анықталуына, сондай-ақ уақытында соған сәйкес шешім қабылдауға көмектеседі.
- Ағымдағы бақылау қысқа уақыт аралығында өткізіледі. Ол шаруашылық жағдайындағы жылдам өзгерістерді реттеуге мүмкіндік береді.
- Кезектегі бақылау кәсіпорынның өткен кезеңіндегі қызметін терең зерттеумен ерекшеленеді, ол алдын ала, жедел және ағымдағы бақылауды өткізуде байқалмаған жетіспеушіліктерді ашуға көмектеседі.
- Кешенді, тақырыптық, есептік, жалпылай, ыңғайласпа және басқа да тексерудің түрлері қаржылық бақылау мен басқарушылық аудиттің тақырыптары мен сұрақтары қаралған.[3]
- Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйімен орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қыржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында саыстыру және басқалары. Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құн салығы, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, үрдістерін бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады. Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру-бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салаө есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру-бұл бақылауға жататын объектінің шаруышылық-қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудің дұрыстығын тексеру және т.б.[1]
Экономикалық талдау-бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметтін түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары-банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы- шаруашылық қазметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі-тексеріс-кейінгі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы- шаруашылық қазметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.
Тексерістердің тәсілдері:материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылы ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлық, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер. Көрсетілген тәсілдер тексерістің қойылған мақсаттарына қарай қолданылады.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, қйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді, бұрынғы тексерістер мен тексерулердің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады, ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірісті қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілеттіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты жұмыскерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немеске тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру. Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтың жвй тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйідердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кіналі адамдарға шара қолданылады.
Рынокқа өту жағдайларында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ещқандай бақылау кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық үдерістерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүогізуші субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары тарапынан қос бақылаудың қарамағында болды.
Басқарудың әкімшілік нысанынан рыноктық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.
Рыноктық қатынастар жағдайларында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтараушылық насынындағы эконмикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірде барлық келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділеттілікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндігін реттеу құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу үдерісіне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.

- Қаржылық бақылау және аудит
- Қаржылық бақылау және аудит
- Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе
- «Қаржылық берешектермен жұмыс істеу жөніндегі орталығы» АҚ – ның Орал қаласындағы филиалының іс – қызметін жетілдіру
- Қаржылық дағдарыстың пайда болуының сыртқы және ішкі факторлары
- Қаржылық есеп
- Қаржылық есеп беру
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесінің мәні
- Қаржы жүйесінің ұғымы
- Қаржылық бақылау агенттігінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарына жүргізген бақылауларына талдау