Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе

1-Бөлім. Қаржылық бақылау мағынасы және оның мәні мен жүйесі

 

1.1. Бақылау  мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері

 

Өндірістік күштердің  өркениетті дамуы тәжірибесі мен  әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам  қатынастары өндіріс үдерістерін  басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерлерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы мен оларға бекітілген жекеменшікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет. Бақылау басқару тетігі болғандықтан басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық және саяси заңдылықтары қоғамдағы белгіленген заңдылықтармен анықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.

Бақылау қоғамдық даму үрдістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі объектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.

«Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған. Француз тілінен аударғанда «бақылау» сөзі бірнәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.

Бақылау мәселелерін  жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы қажетті деректерді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.

Ревизиялық-бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект, объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.

Бұл бақылау – басқарылушы  объектілердің жұмысын тексеруші  және бақылап отыратын, әрі басқарушы  тетік екенін білдіреді. Қаржылық бақылау  объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкідік береді.

Ал, шындығында, жалпы  айтқанда бақылау жоқ, тек нысаны мен нақты мазмұны ғана бар. Бақылаудың мынандай негізгі түрлері анықталған: әкімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, атқарымдық, мемлекеттік, муниципиалдық, ведомстволық және т.б. Бақылау элементтері мақсатқа жету үдерісінде өзара сәйкес келе отырып, бақылау жүйесін құрайды.

Бақылау элементтері  оның жетістікке жету мақсатында біртұтас бақылау жүйесін құрайды.

Бақылау жүйесі мынандай элементтерден тұрады:

а) бақылау субъектісі (кім бақылайды);

б) бақылау объектісі (кімді бақылайды);

в) бақылау заты (нені бақылауды);

г) бақылау принципі;

д) бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды);

е) бақылау техникасы  мен технологиясы;

ж) бақылау үдерісі;

з) бақылау жүргізу  үшін бастапқы деректерді жинау мен  өңдеу;

и) бақылау қорытындысы  мен оған жұмсалған шығын;

к) бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъект;

л) бақылау қорытындысы  бойынша қабылданған шешім.

Тереңдетілген тексеру  жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын, әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктердің болу мүмкіндігін болжайды.

Басқару үдерісі бақылаудың белгілі бір міндеттерін, түрлерін, әдістемелерін, принциптерін және техникасын жүзеге асыра отырып, басқару субъектілерінің  алға қойылған мақсаттарын пайдалы  жүзеге асырылуына кепілді бағыт  береді.

Қаржылық бақылаудың салалық қызметі әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық және т.б. бақылаулармен  қабар келіп қалуы мүмкін. Оның басты себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз  байланысты болғандықтан, қаржылық бақылауды  одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерінің басқа да көріністері мен қорытындылары пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қаржылық  бақылаудың пәні, функциялары,

мақсаты және мәселелері

 

Әміршілдік-әкімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі бағытта екенін байқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік-қаржылық құжаттардың сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті органдарға уақытында бағыттаушы шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор маңызға ие.

Қаржылық бақылау –  ұлттық өнімнің жалпы түсімінің  соған сәйкесті қаржы қорына негізделген  бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға  жұмсалуын тексеруге бағытталған  ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау функциясы қашаннан тән.

Қаржылық бақылаудың пәнін анықтауда мақсаты, функциясы  және оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.

Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі нормативтік-құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және заңдылығын, мемлекеттік қаржы қорларын пайдалану мен бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері мен заңды жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.

Қаржылық бақылау –  заңдылықты сақтауға, меншікьі қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол – қолдануының белгілі бір  ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы.

Бақылаудың қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді  тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік  жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен  бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.

Бірақ бұл мүмкіндік  қоғамдық қатынастар мен белгілі  бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:

а) ерекше қаржылық бақылау  органдарын құру;

б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;

в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттемелеу.

Қаржылық бақылау функциясы  өндірістік ресурстарды басқару  құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.

Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестиуияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желіліре  мен контингенттерін, қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.

Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:

  1. мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру;
  2. заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  3. экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;
  4. бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау.
  5. Кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;
  6. Қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің, қызметтің пайдалылығын арттыруды анықтау;
  7. Ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтауды тексеру;
  8. Қаржылық тәртіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын алу шаралары және оны жоюды анықтау.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылаудың негізгі  міндеті адамдардың жұмыс тәжірибесінде  даму мен қайта жетілдіруді ұтымды пайдалану үшін оның пайда болу заңдылығын анықтау мақсатында қандай да бір объектіні ғылыми зерттеу болып табылады.

Ғылым тұжырымдамасы  тұрғысынан қарағанда қаржылық бақылау  теріс құбылыстарды анықтау мен  жоюға, өндірістік күштерді дамытуға және қоғамға қажетті өнімді өндіруді кеңейтетін және қаржылық-экономикалық қатынастарды өз уақытында реттейтін экономикалық білім оның серпінді жүйесі болып табылады.

Экономикалық ғылымның саласы ретінде қаржылық бақылау - өндірістің кеңейтілген мәселелерін зерделей отырып, ұлттық экономикадағы барлық салалардағы қаржылық тетіктерді оңтайландыруға, барлық деңгейдегі елді аймақтағы, мемлекеттік құрылымдарды, ұйымдарды және мекемелерді, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді қалыптастыруды және пайдалануды бақылаудың құралы ретінде қызмет етеді.

Қаржылық бақылау өзінің дамуында қаржы, бағаның құралуы, ақша айналымы және кредиттеу, қаржылық менеджмент, банк ісі, экономикалық талдау, аудит, статистика, маркетинг, логистика, ұйымдастырушылық тәртіп, басқару құрамы және т.б. арқылы атқарымдық экономикалық ғылыммен тығыз бірігеді.

Эклномикалық әдебиетте  қаржылық бақылау ғылыми-практикалық  тәжірибенің және бухгалтерлік есеп, қаржылық менеджмент, қаржылық құқық  пен шаруашылық қызметінің талдау синтезі  ретінде жиі түсіндіріледі.

Қаржылық бақылау іргелі ғылымның заңдары мен қағидаларын, оның ішінде философия мен экономикалық теорияны шығармашылықпен пайдалана отырып, адамдардың өмірдегі маңызды қажетін қанағаттандыру үшін өндіріс жүйесіндегі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үдерістерін оңтайландыруда, практикалық ұсыныстарды қамтамасыз етуде қоғамдық маңызды роль атқарады.

Қалыптасудағы нарықтық тетіктер бизнестің жағдайы туралы деректерді өңдеп және жинауды алдыңғы  қатарды әдістерге ие болу қажеттілігіне  себепші болады. Экономикалық ғылымның қазіргі жіктеліміне орай және олардың ақпараттық мазмұны, есептікталдау жәнешаруашылық субъектілерін басқаруыдң бақылаулы атқарымы үш қатардағы ғылым салаларының: бухалтерлік есеп, экономикалық талдау және қаржылық бақылау түрінде бір блокты құрайды. Бұл тарихи әдіснамалық және ақпараттық аспектілерде өзін-өзі ақтаған.

Қазіргі уақытта шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқаруды  ақпараттық және бақылау-талдаумен  қамтамасыз етудегі еңбек саралаудың объективті үдерісі жалғасуда.

Кеңес дәуіріндегі кеңістіктің  өтпелі кезеңнің басында бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылық және басқару, қаржылық бақылауды соған сәйкес басқарушылық аудит, жалпы аудит, бақылау мен қаржылық есеп берудің аудиті, сыртқы және ішкі бақылау, операциондық, атқарымды, технологиялық аудит және т.б. деп бөлінуі жақсы қабылданды. Бұл дамыған елдердің өткізілім аясын басқарудағы, талдаудағы және бухгалтерлік есептің бақылауы атқарымындағы, қаржылық бақылаудағы экономикалық талдаудағы үдерісті тұжырымдары мен алдыңғы қатардағы тәжірибесін молынан тиімді пайдалану қажеттілігінен туындаған.

Кез келген бизнесті ойдағыдай  ұйымдастыру – қалыптасқан жағдайда бақылау мен жүйелі талдаусыз  мүмкін емес, дұрыс қабылданған шешімдерге байланысты. Бизнесті ұйымдастыруды  жақсартуға қажетті резервтерді  анықтау үшін басқарушының шешіміне байланысты болған қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы нақты ақпаратқа ие болу қажет. Құбылыстың өзара байланысы мен жағдайын түсініп, бизнесті дамытудың келешегі мен жағдайын зерделеуге экономикалық талдау мен қаржылық бақылаудың арнаулы әдістерін кешенді қолдану негізінде ғана қол жеткізуге болады. Деректерді өз уақытында бақылау мен талдау өткізу сараланған бағаны білуге мүмкіндік беріп, оған әр түрлі қатысушылардың-инвесторлардың, қарыз берушілердің, жеткізушілердің, тұтынушылардың, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін есепке алып, бизнестің тиімділігін арттырудағы жолын анықтайды.

Қаржылық бақылаудың аралас салаларына экономикалық бағалау, аудит, соттық-бухгалтерлік сарап пен  тексеру де жатады. Оның әрбіреуі осы бағыттағы ашылу үдерісіне сәйкес қаралатын қаржылық бақылаумен белгілі бір ұқсастығы мен айырмашылығы бар.

Қаржылық бақылау қоғамдағы  кері құбылыстар мен үйлесімсіздікті  ашып, ынтымақтас елдедің, немесе мемлекеттердің, аймақтардың, салалардың, адамдар тобының, заңды және жеке тұлғалардың қоғамның экономикалық әлеуеттілігін оңтайлы пайдалануы мен қаржылық ресурстардың қозғалысын тиімді басқару негізінде өндіріс үдерістерін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі.

Қаржылық бақылаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынандай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:

    1. Бақылау қызметінің субъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведостволық пен сыртқы ведостволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік;
    2. Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, техникалық, экономикалық, басқарушылық техникалық, экологиялық, заңдылық және т.б.;
    3. Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкішаруашылық;
    4. Бақылау нысаны: аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу, шолулы талдау, қаржылық-бухгалтерлік сараптама;
    5. өткізу мерзімі: алдын ала, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуліктік;
    6. қамту толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камеральдық, операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктеулі, бір және көп мәнді;
    7. бақылаудың түрлері: орындалудың бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;
    8. бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғайласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;
    9. бақылаудың кезеңдігі: бір жолғы, қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.

Әкімшілік-әміршілдік жүйедегі жоғарғы органдар өз басқарылымындағы төменгі буындардың оларға бағыныштылығын, соған сәйкес әрбір төмен тұратын буынның берілген бұйрықты сапалы орындағаны жөнінде ақпарат жинау үшін тексеру қызметін жүргізілуін және оның өткізілген нәтижесі бойынша ұйымдық шараларды қабылдауын қатаң талап ететін.

Нарық экономикасында сатылас  есеп берудің элементтері белгілі бір дәрежеде ол да қалады. Бірақ, сатылас қана емес, компанияның серіктестерімен, кредиторларымен, акционерлерімен және т.б. деңгейлес байланыстары жөнінде нақты ақпараттардың қажеттігі туындайды. Мұнда қаржылық бақылаудың басқа түрі – оның ішінде тәуелсіз аудиттің қажеттігі пайда болады.

Қаржылық бақылаудың маңызды нысаны – тексеру мен  аудит болып саналады. Оның арасында бақылауды өткізудің бір-біріне ортақ ұқсастығы бола тұра, оларда арнаулы ерекшеліктері бар. Мыналар  бас ерекшеліктерінің белгілері болып қызмет етеді:

  1. мақсат қою;
  2. құқықтық негіздер;
  3. гносеологиялық тамырлар;
  4. әдіснамалықпен келу;
  5. басқарушылық және тәжірибелік міндет;
  6. принциптер;
  7. өткізудің қорытындысы.

Қаржылық бақылаудың негізгі түрлерін айқынырақ қараймыз:

1. Ревизия-мемлекеттік, ведостволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірілген  қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдалаған, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.

Субъектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.

Ревизияның ауқымы өкілетті органның нақты мақсатымен және оны  өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.

Ревизия – ведомстволық, жоспардан тыс, жоспарлы, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.

2. Аудит классикалық  түсінікте-сол кәсіпорында жұмыс  істемейтін дипломды тәуелсіз  аудитормен жүзеге асатын қаржылық бақылаудың сыртқы тәуелсіз түрі. Оның мақсаты білікті маманның белгілі бір криреиге сәйкестілік деңгейін белгілейтін және экономикалық іс пен оқиға туралы объективті, толық, анықты, алдын ала ойластырылмаған пікір мен қорытындыларды тапсырыскерге немесе сол қорытындыларды алуға мүдделі пайдаланушыға беру.

Аудиттің түрлері, нұсқалары, теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық  және ұйымдық негіздері мен тұрпаттары қаржылық бақылаудың нысаны мен қаралатын  бағыттарына байланысты білімнің тереңдеоуіне орай нақтыланып, толықтырылады.

3. Дерек көздері жөніндегі  аудит пен ревизияны өткізудің  негізі болып құжатты және  нақты бақылауды айырады.

3.1. Құжатты бақылаудың  мәні – барлық шаруашылық операцияларын  құжаттардың деректері бойынша  тексеруде. Тексеруші құжатты құрастыру тәртібі мен кәсіпорындағы құжат айналымының сызбасын жақсы білуі қажет.

3.2. Нақты бақылау –  бұл объектінің нақты жағдайын, ресурстардың барлығын, есеп айырысу  жағдайы мен олардың есеп деректеріне  сәйкес келуін тексеру. Бақылаудың  бұл түрі тексерілуші объектінің нақты жағдайын, яғни оның табиғи күйіндегі деректері бойынша тексеру.

 

 

4. Қаржылық бақылауды  мерзім бойынша өткізудің түрлері  бойынша айырмашылығы мынада:

4.1. Алдын ала бақылау  – шаруашылық операциясы жасалудан  бұрын алдан ала өтетін бақылау. Ол ескерту сипаттамасына ие.

4.2. Жедел бақылау шаруашылық  жүргізуші субъектінің қызметінің  ауытқуын өз уақытында анықталуына,  сондай-ақ уақытында соған сәйкес  шешім қабылдауға көмектеседі.

4.3. Ағымдағы бақылау  қысқа уақыт аралығында өткізіледі. Ол шаруашылық жағдайындағы жылдам өзгерістерді реттеуге мүмкіндік береді.

4.4. Кезектегі бақылау  кәсіпорынның өткен кезеңіндегі  қызметін терең зерттеумен ерекшеленеді, ол алдын ала, жедел және  ағымдағы бақылауды өткізуде  байқалмаған жетіспеушіліктерді  ашуға көмектеседі.

5. Кешенді, тақырыптық, есептік, жалпылай, ыңғайласпа және  басқа да тексерудің түрлері  қаржылық бақылау мен басқарушылық  аудиттің тақырыптары мен сұрақтары  сәйкес келетін осы кітаптың  келесі бөлімдерінде қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қаржылық  бақылаудың субъектісі,

объектісі және компоненті

 

Қазақстан Республикасында  бұрын болған қаржылық бақылау жүйесі экономиканы басқаруда әміршілдік-әкімшілік  әдістеріне негізделген еді. Сондықтан  қаржылық бақылау жүйесінен құрылуы  мен тиімді атқарылымы мәселелері нарықтық экономикаға сәйкес жоғары дәрежеде көкейкесті болып қала береді.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылуымен, яғни субъектіні, объектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компоненттерімен, оладың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы мойындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар саналады:

    1. Бақылауды жүзеге асыратын мамандар – бақылау субъектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.
    2. Бақылау объектісі. Ол күрделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау объексітінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.
    3. Бақылаудың әдістемесі, яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және оны қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни, бақылаудың тапа-теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.

Нарықтық экономикалы  дамыған елдердің қаржылық бақылау  органдарының тәжірибесін талдаудың  көрсетуі бойынша, ревизиялық-бақылау жұмыстарының тиімділігін көтеру үшін мыналар ең маңызды бағыт болып саналады:

а) бақылауды жүзеге асыратын мамандардың жоғары дәрежелі болуы;

б) бақылау объектісі  туралы бастапқы толық және анық деректері;

в) пайдаланатын әдістер  мен техниканың жетілдірілуімен  қамтамасыз етілген бақылаудың турашыл, сапалы, жедел және кешенді түрлері;

г) бақылау атқарылымының  орындалуына құқықтық кепілдеме беретін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.

Жоғарыда келтірілген  бақылау қызметінің тиімділік факторларын  ресурстық-әлеуеттік келуімен, яғни, бақылаушы органдардың әлеуеттігін  пайдалану деңгейімен анықтауға  болады.

Бақылаушы органның әлеуеттілігі өндіріс күшін, әдіснамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етіп, әртүрлі жақтарын белгілейтін бірнеше компоненттерден тұрады:

    1. Шебер, төселген компонент (басшылар, мамандар мен қосымша қызметкерлер), санатты.
    2. Ақпараттық-технологиялық компонент.
    3. Ғылыми-құқықтық компонент.
    4. Ұйымдастырушылық құқықтық компонент.

Бақылаушы органдардың  жұмысының тиімділігін үнемі  зерттеп, кемшіліктерді анықтап, олардың  құрылымы мен компоненттерін жетілдіріп, белгіленген талап деңгейінен және бақылау объектісінің атқарылымының белгілі бір мөлшерінен ауытқуды ескертіп, органдардың әлеуеттілігін көтерудегі қиындықтарды жеңу қажет.

Мысалы, 2000 жылдың 2-3-қарашасында  Мәскеуде өткен ТМД елдерінің  қаржылық бақылау органдарының жоғарғы  басшыларының жиналысында жоғары қаржылық бақылау органдарының басшылары Кеңесі құрылды. Ынтымақтас елдердің жоғары қаржылық бақылау органдарының қызметінің сапасын біріккен күшпен көтеру қажеттігі піскендіктен осы Кеңес құрылды. Бұл органға ТМД елдеріндегі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерін күшейту шараларының атқарылымын жүктеген. Одан басқа ТМД елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының басшылары Кеңесі мен ынтымақтас елдердің бақылаушы органдары идея және тәжірибе алмасуды бақылау ісін дамытудың біріккен шаралары арқылы қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ мамандарды кәсіптік шеберлікке оқыту, қаржылық-экономикалық құжаттарға үнемі ревизия жүргізу және ТМД атқарушы органдарының жұмыстарын талдауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаржылық бақылау жүйесі елдің бюджеттік, қаржылық-кредиттік және әлеуметтік-экономикалық аясын қамтуы керек. Ұйымдық құрылымдардың жұмыстарын жүйесіздікке және құқықтық белгісіздікке әкелетін, бақылаушы органдардың қызметін шектейтін нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау орынды. Бақылау шараларын өткізудің, қаржылық заң бұзушылықты жіктеудің, айып салу мен басқа да санкцияларды қолдану тәртібінің материалдық және қылмыстық жауапкершіліктің, оған қоса әкімшілік шараның әдістемесін жетілдіру қажет.

Экономиканы басқару  аясындағы реформаларды тереңдету  шамасында Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға толық жауап беретін қаржылық бақылаудың жетілдірілген тұжырымдамасын құру мәселесінің көкейкестілігі өсе түседі. Қаржылық бақылау жүйесіндегі қалыптасқан тәжірибені үдерісті халықаралық тәжірибемен байыту үшін терең зерттеу қажеттігі туындайды және тұжырымдаманы ғылыми жетілдіру қажеттілігі өте өткір сезілуде.

Бұл ТМД елдерінің  әлеуметтік-экономикалық дамуының бүгінгі  талабына ең жоғары дәрежеде жауап  беретін қаржылық бақылаудың осындай моделін құрып және оны реформалаудың жолдарын анықтап, теориялық жаңғыртылуын талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Бөлім. Қаржылық бақылаудың  халықаралық тәжірибесі: нысандары, әдістері мен олардың бейімделу мүмкіндіктері

 

    1. Қаржылық бақылау жүйесінің нарық шарттарына сәйкес

реформалау  проблемалары

 

  Халық шаруашылығын кешенді басқару жүйесінің қайта құрылуы мен нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған терең өзгерістер бақылау органдары құрылымның қайта ұйымдастырылуының алғышарты болды. Жаңадан мемлекеттік, қоғамдық және тәуелсіз бақылау- талдау қызметтері, шоттық палаталар, парламент комиссиялары, экономикалық құрылымдардың қызметін қадағалау жөнінде  үкіметтік және ведомствалық комиттер қоғамдық, муниципалды, тәуелсіз аудиторлық пен консалтингтік ұйымдар.  

Көптеген қоғамдық –  көпшілік пен саяси бақылау органдары  таратылды, солардың ішінде партиялық  бақылау, халықтық бақылау, бақылау  жөніндегі ведоствоаралық комиссиялар, т.б. Республикалық және ведомстволық бақылау – ревизиялық қызмет орындары мен жете білмейтін мамандар саны қысқарды.

Аудиттің құрылу (типтері, мақсаттары әдістері) -  әлі де қазіргі уақытқа дейін аяқталмаған ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін, аудитордың кәсіби міндеттерін түсіну үшін, кәсіби аудит дегеніміз не және оны қалай жүргізу қажеттігін анықтап алу қажет.

Нарық экономикасына  өту кезеңінде шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қызметін басқаруда  маңызды құралдардың бірі – бақылау  болып қалады. Ерекше бөліп атап айтсақ, жаңа шаруашылық бақылау жүйесінің  қалыптасуына болған себеп ТМД елдерінде нарық қатынастарының дамуы ішкі және сыртқы кәсіби аудитті қалыптастыруда алғышарт құрады. Кеңес дәуірінен кейінгі аумақтарда тәуелсіз бақылаудың дамуына, қаржы – шаруашылық бақылаудың қайта ұйымдастырылуына негіз болған принциптер мыналар:

Қаржылық бақылау: теория және тәжірибе