Қаржылық есеп берудің құрамы

Мазмұны 
 
Кіріспе 
 
I Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

 
1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы......................................................... 4

1.2 Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар......................... 7

1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары................................................... 8

 

ІІ Бөлім. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау және дайындық жұмыстары

 

2.1. Объектілерді түгендеу  жұмыстары................................................... 10

ІІІ Бөлім Қаржылық есеп беруді жасау

 

3.1. Қаржылық есеп беруді  пайдаланушыларды жіктеу......................... 13

3.2. Стандарттар және қаржылық  есеп беруді дайындау ережелері..... 14

3.3. Бухгалтерлік есептің  тұжырымдамалық негізі................................ 15

3.4. Қаржылық есеп беру  элементтері...................................................... 16

3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі  туралы есеп беру........................ 19

3.6. Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп беру....................... 20

3.7. Қаржылық есеп беруге  жасалған түсініктеме жазба........................ 22

 

 

 

 

Қортынды

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

Қасымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Менің курстық жұмысымның  тақырыбы «Қаржылық есеп беру».  Соған сәйкес Қаржылық есеп  беру деп кәсіпорынның өткен  кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін  кешенді түрде сипаттайтын барлық  көрсеткіштер жүйесін айтамыз.  Есеп беру процесін жасау есеп  жұмысының соңғы сатысы болып  табылады.

 Қаржылық есеп берудің  мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және  пайдалы ақпараттарды беру болып  табылады. Қаржылық есеп берудің  пайдаланушыларының қатарына потенциалды  инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ  мемлекеттік органдар кіреді.

 Қаржылық есеп беру  заңдар мен принциптер негізінде  жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының  Бухгалтерлік және қаржылық есептілік  заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.

 Және де бұл тақырыпқа  сай мынадай бөлімдер қарастырылады:

І. Қаржылық есеп берудің  сипаттамасы мен маңызы

ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау  бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары

ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау

ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау.

 Бухгалтерлік есеп  шаруашылық қаражаттарының құрамындағы  және оларды жабу көздеріндегі  болған барлық өзгерістерді, шаруашылық  процестерін және олардың нәтижесін  толық және дер кезінде көрсетуге  арналған. Есеп мәліметі қолда  бар нақты шаруашылық қаражаттарына  және олардың жабу көздеріне  сәйкес келуі тиіс, бірақ іс  жүзінде есеп мәліметтері шын  мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық  орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық  табиғи азаюдың, тасымалдаудың,  қайта іріктелудің нәтижесінде,  өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс  көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу  кезінде жіберілеген қателіктерден,  т.б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда  бар құндылықтардың мәліметін  есеп мәліметтерімен салыстырып  отыруды қажет етеді және ол  есеп айырысуды анықтау үшін  қажет. Тексерудің мұндай түрін  түгендеу деп айтамыз.

 Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп беру.

Есеп беру 4 БЕС талаптары  бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі  қызметін жүзеге асыру нәтижесінде  алынған ақшалай қаражат ағыны  туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың  эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды  басындағы және аяғындағы ақшалай  қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының  Бухгалтерлік және қаржылық есептілік  заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.

 

 

 

1.1 Қаржылық есеп берудің  маңызы.

 
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін  белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету  жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің  қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама  беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

 
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған  байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені  оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік  береді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы  – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын  және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын , баланстың өтімділігін  көрсететін көрсеткіштер жүйесімен  сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы  құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық  айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

 
Қаржылық есеп берудің деректері  бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша  толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік  береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын  өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын  активтерді анықтауға мүмкіндік  береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының  мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел  пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты  пассивтерді анықтауға болады. Мұның  өзі нарық жағдайында , бәсекелес  – кәсіпорындардың ортасында  жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте  маңызды.

 
 
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару  шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы  жағдайын анықтаү кезінде өте  маңызды болмақ.

 
Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.

ҚР-ның президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы  заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» жарлығына сәйкес:

Бухгалтерлік баланстан;

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;

Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.

 
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме  хаттардан сондай ақ басқа да қосымша  ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге  негізделген немесе солардан алынған  және солармен бірге оқылатын диаграммалардан  тұратын қаржылық есепті меншік формасы  мен қызмет түріне тәуелсіз заңды  тұлғалар құрастырады.

Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны  мен форматы бухгалтерлік есептің  тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі  және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.

Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып  табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген  есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде  құрылады.

Баланс «Актив», яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен  құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал  мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.

Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені  туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді: 
 
Активті; 
Жеке меншік капитал және міндеттемелер;

 
Қалған екі элемент табыс пен  шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.

Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.

ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы  № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға  келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық  және қаржылық қызметтер шегіндегі  негізгі арналарын көрсетеді. 
 
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.

Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық негізі ретінде  қабылданған БҰҰ-ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі  бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек. 
ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

 
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен  кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады. 
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

 
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды. 
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде  жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы  – мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін  субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.

Қаржылық есепті жасау үшін есептік  уақыт болып есепті кезеңдегі  календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық  жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға  дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен  кешіктірілмей тапсырылуы керек. 
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.

Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде  артады екен. Қазіргі заманғы білікті  бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін –  тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық  та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті. 
Түсініктеме хат.

БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік  хат та кіргізілген. 
Оның құрылымы экономика саласының ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылуы қажет. Түсінік хаттың бір басты мақсаты – бүкіл бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылар алдында кәсіпорын қызметінде орын алған проблемаларды анықтау, айналыс құралдарының айналысының кеміп кетуін айту, рентабельділіктің тмендеуі мен жоспардың орындалмау себептерін «негіздеу». 
 
1.2 Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар. 
 
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың , өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоас алғанда , мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалад. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарның қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің батырмасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін. 
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар , мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең , ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.

Қаржылық есеп беруді толтыруға  қойылатын талаптар : көрсеткіштердің  қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы  және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салстырмалылығы. 
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны /мекеменің/ басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

 

 

1.3 Қаржылық есеп берудің  мақсаттары.

 

Қардылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:

1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық  шешімдерді қабылдауға;

2. Субъектінің алдағы ақшалай  түсімін бағалауға және олардың  түсімі мен жыл 

ұстасуы; 
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;

4. Басшы органдардың жұмысын  бағалауға.

 
Қаржылық есеп берудің сапалық  сипаттамалары :

 

1. Түсініктілік - қаржылық есеп  беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға  түсінікті 

болуға тиіс.

2. Орындылық - пайдалануға өткен  , қазіргі және болашақ оқиғаларды  бағалауға, растауға немесе түзетуге  көмектесіп, экономикалық шешімдерге  ықпал ету. 
3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру.

4. Шынайы көрсету – сенімділікті  қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық  жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай  қаржылардың қозғалысы және тағы  басқа операцияларды шынайы көрсетуі  тиіс.

5. Мәннің формадан артықшылығы  – операциялар мен басқа оқиғаларды  шынайы көрсету тек заңды формада  ғана емес, экономикалық заңдылығына  сәйкес есептеп ұсынуы қажет.

6. Бейтараптық - қаржылық есеп  берудегі ақпараттың сенімділігін  қамтамасыз ету, яғни күні бұрын  теріс түсініктеме болмауы керек.

7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар  әдейі арттырылмауы үшін талап  етілетін есептеулерге сақтық  деңгейін ұстау. 
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет.

9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда  ақталуға келмейтін тежеу болған  жағдайда өзінің орындалғандығын  жоғалтуы мүмкін.

10. Пайда мен шығын арасындағы  баланс – ақпараттан алынатын  пайда, оны алуға кететін шығыннан  артып түспеуі тиіс.

11. Сапалық сипаттаулар арасындағы  баланс - қаржылық есеп беру тепе  – теңдік немесе салалық сипаттары  арасында байланыс болу қажет.  Қаржлық есепті жасаушылар кәсіби  пайымдау мен әртүрлі жағдайларды  садыстырмалы маңыздлығын анықтайды. 
12. Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Қаржылық есеп берудің  баптарын бағалау


«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланлатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрлтайшылары /меншік иелері/ жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойнша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің /жұмыстың, қызметтің/ өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

 
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау  мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын  қызметінің мерзімінен аспайтындай  болып белгіленеді.

 
“ Негізгі құралдар” бабы бойынша  қолданыстағы , консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша  мәліметтер көрсетіледі . Бұл бап  бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң  меншігіне сатып алынған жер  учаскелерінің құны да көрсетіледі . Аталған бап бойынша негізгі  құралдардың бастапқы құны және тозуы  және қалдық құны жеке – жеке көрініс  табады . Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі . Негізгі  құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша  анықталған бастапқы құны мен қайта  есептеу коэффициенттері негізгі  құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады . Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту  жолымен қалпына келтіруқұнына  дейін қайта бағаланады . Негізгі  құралдар қайта бағалағаннан кейін  негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады / яғни қалпына келтіру құны баланстық  құнға айналады / . Есеп беруде негізгі  құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі . Сонымен , баланстық “Негізгі құралдар “ деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың  ақпараты қажет :

 

2411 – “ Жер” , 2412 - “ Үйлер мен ғимараттар” , 2413 – “ Машиналар мен жабдықтар , беріліс құрылғылар” , 2414 – “ Көлік құралдары” , 2415 – “Басқалар “,2421 - “ Үйлер мен ғимараттардың тозуы” , 2422 – “ Машиналар мен жабдықтардың , беріліс құрылғылардың тозуы “, 2423 – “ Көлік құралдарының тозуы “, 2424 – “Басқалардың тозуы “.

 
Ұзақ мерзімді инестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының ұзақ мерзімді инвестициялары , басқа кәсіпорындардың  активтеріне ( бағалы қағаздар – акцилар , облигациялар ) Қазақстан Республикасының  аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталдарына салымдар , сондай – ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады . Баланстың “ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады : 1220 – “Еншілес серіктестіктерге инвестициялар” , 1230 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар” , 1240 – “Басқалар “.

 

Есеп берудің “Тауарлы – материалдық  қорлар (ТМҚ)” бабын толтырған  кезде ІІ бөлімдегі 1310 – “ Материалдар” , 1340 – “Аяқталмаған өндіріс” , 1330 – “Тауарлар” деген бөлімшелердің ақпараттары қолданылады . 
Баланстың пассивіндегі “Бөлінбеген кіріс” бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі .Бұл бап бойынша көрсеткіштер 5 “ Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян )” , “Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі ( жабылмаған зиян )”,  “ Жиынтық кіріс (зиян )” жинақтамалы шоттарның деректері негізінде толтырылады .

 

2.1. Объектілерді  түгендеу жұмыстары

 

Аяқталмаған құрылысты  түгендеу барысында оны бар-жоқтығы және заттай көлемі тексеріледі,сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтайтау, құрылс монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек, тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.

Аяқталмаған күрделі  жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, онң көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.

Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді, сақтандыру куәлігін қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» ресімдейді. Кассаны түгендеу ШЖС-нің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операияларды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп берумен құжаттар және бланкілерді түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда бар ақша қайта есептеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі. Түгендеу басталғанша оларға сүргі алынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кіреді және «кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сома қалған жоқ» деген қолхат алады. Ақша қайта есептелінбегеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады. Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме, касса талапқа сай жарақталған ба, сейф кілттерінің дубликаты қайда сақталады.

Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша  банкпен есеп айырысу бюджетпен, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай несие берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қағаздық шоттан көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек.

 Баланстан берешектің  есептен шығаруын тексеріп, 3 жылдың  ішінде өндіріп алу мүмкіндігін  бақылауды жүзеге асыру аса  қажет.

 Егер есеп айырысуларды  түгендеу дебиторлық және кредиторлық  және берешектер сомасы және  негіздеу және қысқарту, айыппұл  төлеуге, тұрақсыздық төлеміне  және күмәнді қарыз бойынша  резерв пайда болуына жол бермеу  үшін төлем мерзімін нақтылау  мақсатында жүргізіледі.

 Тексеруге жататындар:

  • есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу – ҚР заңында белгіленген іссапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына, субъектінің кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес шаруашылық, өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру және шағын кәсіпорындарға 24 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есеп беруі» стандартына сәйкес тексеріледі;
  • кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу – тексеру барысында ағымдық, корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады. Ақшалай кредит сомасынң есептелу мерзіміне және пайыз төлеміне сәйкес тексеріледі;
  • сатып алушылар және тапсырыс берушілермен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді. Мынаны есте ұстау керек: талап қою мерзімі 3 жылды құрайды, талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру сәиінен басталады. Талап қою мерзімі біткен дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады немесе резерв құрылмағаннан болса, онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып, салық салғанда түзетуге кіреді.
  • Еңбекақы бойынша субъектінің қызметкереге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы тексереді;
  • Есептеудің дұрыстығ, мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері – жинақтаушы зейнетақы қоры үшін ұсталымдар, сондай-ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы;
  • Алдағы кезең шығндары – құжат бойынша шотта көрініс табатын сома, сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді;
  • Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша.

 Инвестицияны түгендеуде құнды қағаздарға жұмсалған шығынд растайтын құжаттар, олардың дұрыс ресімделуі, құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы, уақыттылығы және құнды қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі.

 Материалдық емес активтерді түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы, субъектінің оны пайдалану құқын растайтын құжаттардың (патент, лицензия, тауарлық таңба т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі.

 Материалдық емес активтерді  қабылдау-тапсыру актілерінің қолда  бар болуы және уақтылы жасалынуы,  олардың бастапқы құны, амортизациялық  аударымның анықталуы мен есептелуі  және басқа да аса қажетті  деректер тексеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау

 Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеідегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

  • Ішкі;
  • Сыртқы.

 Сыртқы пайдаланушылар  екі категорияға бөлінеді:

  • Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар:
  • Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
  • Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
  • Субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар:
  • Салық органдары;
  • Реттеуші органдар;
  • Статистикалық органдар;
  • Басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары)

 

3.1.Қаржылық есеп  беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:

  • Берілген инвестиияларға байланысты тәуекеклді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияларды сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға жне субъектінің дивидент төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;
  • Тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер; 
  • Тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушлар мн басқа сауда кредиторлары;
  • Сатып алушылар. Олар субъекттің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе олардың субъектіге ұзақ мерзімді келісімдері туралы ақпарат қажет;
  • Қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, жалдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;
  • Ресуртарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін жне ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;
  • Көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушыларды қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.
Қаржылық есеп берудің құрамы