Ақша – несие саясатының ресурстары
Қазақстан
Республикасының Білім және
АЛЬ-ФАРАБИ атындағы Қазақ ұлттық университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Ақша – несие саясатының ресурстары
Қабылдаған: Тұраров Д.Р
Астана 2006
Жоспар
Кіріспе.......................
1. Ақша несие
саясатының теориялық
1.1 Ақша-несие саясатының
мәні және мақсаты.............
1.2 Ақша -несие саясатының
ресурстары....................
1.3 Ақша- несие саясатының
құралдары.....................
2. Қазақстан Республикасының
ақша-несие саясатының
2.1. Орталық банктің ақша айналу
жүйесін басқару...............
2.2 Ақша-несие саясатын
2.3 Қазақстан Республикасының
ақша-несие саясатының
3. Ақша-несие саясатының механизімі мен құрылымдарын жетілдіру.
3.1 Салыстырмалы қатаң ақша
саясаты және салыстырмалы
3.2 Ақша–несие саясатының табыстау
механизмі және оның салық-бюджет,
валюта саясаттарымен байланысы.....................
3.3. Шетелдік ақша–несие
саясаты тәжірибесін пайдалану
және жетілдіру жолдары.............
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады:
Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады,
мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды,
коммерциялық банктердің міндет-
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мултипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаты.
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмыс бастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру;
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты . Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде , тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
-қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру
мөлшерлемесі деңгейін
-ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасының белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
-валюталық нарықтағы басқыншылық;
-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
-ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Пайыз саясаты. ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пе ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен
күресудің тағы да бір маңызды
факторы-шетел валютасына деген
артық сұранысты төмендету
1.2Ақша -несие саясатының ресурстары
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын және оның анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері:
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
- рекстрикциялық ақша-несе саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты;
Рекстикциялық ақша-несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
1.3.Ақша-несие саясатының құралдары.
Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты- теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға- шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру динамикасы – 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280%-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы 52,5%, 1996 жылдың қыркүйегінде-30%, 1997 жылы -24% құрады.
Қаржы операцияларының
барлық түрлері бойынша пайыздық
мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық
банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
бойынша индикативті
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиеге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемлері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы «Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша төлей алмау тәуеклін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген
«Қазақстан Республикасының
Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипикаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлше,р 2,21, ал 1 шілдеде -3,1 есеге жетті. Ақша-несие сасатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994жылдың 1 қазанынан ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгеге азайтылды. 1995-1996жылдары арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге сақталынды.
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын бантердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға , 1996 жылы 15%-ға дейін төмендейді.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың депозиттері бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.
1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын, құрады, ал жыл аяғында -48,4%
1995 жылы банктердің 13,5%-ы
резервтік талаптардың
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резрвтердің банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады. АҚШ-та міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ –тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің федералды банк жүйесінің Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коомерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенделегінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осыцндай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді.
ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында ФРЖ міндеті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.
Ақша –несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пйдаланылады.
Несие ореациялары Ұлттық
банкпен Қазақстан
Директивті несиелердің айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы Министрлігі және Экономика Министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық оргондарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.
Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1995 жылдың ақпанан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.
1994 жылғы ақпан-көкек
айларындағы, кәсіпорындардың
Төлемсіздікті шаруашылық аралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешшсе , екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды – бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционнан өткізгенде Қаржы Министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,6-2,3 млн. теңгеден. 1994 жылы желтоқсан айында- 171,7 млн., ал 1996 жылдың маусымында – 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда – 55,65% -дан 1996 жылдың ортасында 92,92 % -ға дейін өсті.
Аукциондық несиелер бір айдан үш айға, кейін алты айға жейін берілді.
1995 жылғы қаржы нарығының жаңалығы – банкаралық қаржы платасы ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды.
1995 жылы Ұлттық банк
арқылы ломбардтық негізде
1995 жылы орталық несиелер
бойынша банктердің қарыздарын
қайта құру процесі басталды,
бұл позитивті бағаланды,
Ашық нарықтағы операциялар.
Бұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссясын тоқтатау және банктердің несиелік экспанциясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді- бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қлма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта
бағалы қағаздармен операциялар
жүргізу формасы бойынша
Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса , банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
1995 жылдың ортасынан
бастап, Ұлттық банк өзінің жеке
меншік бағалы қағаздар
Ақша саясатының құралы
ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта
операцияларды пайдалануға
Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы –өтімділікті қамтамасыз ету саясаты . Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 жылы жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стеризациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерінбір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.
2.1 Орталық банктің ақша айналу жүйесін басқару.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттык банктің эмиссиялауы мен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасы ресми ақша бірплігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды. Оладың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық Банк Қазақстан
Республикасының валютасын
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық банктерге ақша жинауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді.Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды. Эмиссия –мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.

- Ақша-несие саясатының теориялық негізі
- Ақша-несие саясатының теориялық негізі
- Ақша-несие саясатының теориялық негізі
- Ақша–несие сясаты
- Ақшанын пайда болуы және мәні
- Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
- Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
- Ақша-несие саясаты
- Ақша-несие саясаты
- Ақша-несие саясаты
- Ақша-несие саясаты
- Ақша-несие саясатының ерекшіліктері
- Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты
- Ақша-несие саясатының негізгі құралдары