Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 1.1 1.2 1.3 2 2.1
2.2 |
Ақша-несие саясатының теориялық негізіАқша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары Саясаттың құралдары, типтері Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі |
4 4 6 8 13 13
29
33 34 |
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Ақша-несие саясаты ел ішіндегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар инфляцияны төмендетеді және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың әр бөліміне тоқтала кетсек:
1-бөлім. Ақша-несие
саясатының теориялық
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты.
Курстық жұмыстың жазылу
мақсаты Қазақстан
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ақша-несие саясатының теориялық негізін;
- Ұлттық банкпен жүргізілетін ақша-несие саясатының бағыттарын;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қазіргі кезде жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдарын қарастыру және талдау.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.
Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Әр бөліміне тоқтала кетсек:
1-бөлім. Ақша-несие
саясатының теориялық
2-бөлім. Қазақстан
Республикасының Ұлттық
1 Ақша-несие саясатының теориялық негізі
1.1 Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын және оның анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері:
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
- рекстрикциялық ақша-несе саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты;
Рекстикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмыс бастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру;
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас бағамы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу) және жанама (міндетті резервтер нормалсының өзгеруі, есептеу мөолшерлемесінің өзгерісі, ашық нарықтағы операциялар) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін, ресми
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасының белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда
несиелік операциялардың
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Пайыз саясаты. ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пе ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен
күресудің тағы да бір маңызды
факторы-шетел валютасына деген
артық сұранысты төмендету
1.2 Саясаттың құралдары, типтері
Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру динамикасы – 2010 жылы қаңтар-ақпан айларында 170 %, ал наурыз-тамыз айларында 200 % құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 2010 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 180 %-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 2010 жылдың аяғында ол 130 %, 2011 жылы 5,2 %, 2011 жылдың қыркүйегінде – 3 %, 2011 жылы – 2 % құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиеге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге
берілетін несиенің көлемін реттеу
үшін, банктің өз міндеттемлері бойынша
төлей алмау тәуекелін
1996 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коомерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20 % көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1997 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15 %-ға дейін төмендеді.
Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1997 жылдың бірінші жартысында ақша мультипикаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1997 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1997 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша-несие сасатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1997 жылдың 1 қазанынан ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге дейін азайтылды. 1998-1999 жылдары арасындағы ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге сақталынды.
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын бантердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1998 жылы резервтік талаптардың нормативі 20 %-ға , 1999 жылы 15 %-ға дейін төмендейді.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың депозиттері бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.
1998 жылдың басында
жалпы банктер арасында
1998 жылы банктердің 13,5
%-ы резервтік талаптардың
1.3 Ақша-несие саясатының шетелдік тәжірибесі
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, себебі резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады. АҚШ-та міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің федералды банк жүйесінің Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенделегінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді.
ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында ФРЖ міндеті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.
Ақша–несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.
Несие операциялары Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1997 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1997 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75 % несиеге берілген еді. Сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. тенге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17 % несиесін құрады.
Директивті несиелердің айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы Министрлігі және Экономика Министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1997 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.
Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1998 жылдың ақпанан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.
1997 жылғы ақпан-көкек
айларындағы, кәсіпорындардың
Төлемсіздікті шаруашылық аралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды – бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ұлттық банк 1997 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционнан өткізгенде Қаржы Министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,6-2,3 млн. теңгеден. 1997 жылы желтоқсан айында – 171,7 млн., ал 1999 жылдың маусымында – 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1997 жылы маусымда – 55,65 %-дан 1999 жылдың ортасында 92,92 %-ға дейін өсті.
Аукциондық несиелер бір айдан үш айға, кейін алты айға дейін берілді.
1998 жылғы қаржы нарығының жаңалығы – банкаралық қаржы платасы ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды.
1998 жылы Ұлттық банк
арқылы ломбардтық негізде
1998 жылы орталық несиелер
бойынша банктердің қарыздарын
қайта құру процесі басталды,
бұл позитивті бағаланды,
Ашық нарықтағы операциялар.
Бұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы бар барлық коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспанциясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді – бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта
бағалы қағаздармен операциялар
жүргізу формасы бойынша
Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
1998 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар партфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол – 386,6 млн теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы үлесі 6,8 % құрады.
Ақша саясатының құралы
ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта
операцияларды пайдалануға
Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы
операциялар арқылы – өтімділікті
қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің
валюталық нарықтағы
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
2.1 Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

- Ақша-несие саясатының теориялық негізі
- Ақша–несие сясаты
- Ақшанын пайда болуы және мәні
- Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
- Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
- Ақшаның жалпы түсініктемесі
- Ақшаның қажеттілігі
- Ақша-несие саясаты
- Ақша-несие саясаты
- Ақша-несие саясатының ерекшіліктері
- Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты
- Ақша-несие саясатының негізгі құралдары
- Ақша – несие саясатының ресурстары
- Ақша-несие саясатының теориялық негізі