Ақшаның қажеттілігі

МАЗМҰНЫ 
 
 

Кіріспе................................................................................................................... 

Негізгі бөлім......................................................................................................... 

І тарау. Ақшаның шығу тегі............................................................................

1.1. Ақшаның  пайда болуы, мәні және қызметі.................................................

1.2. Ақшаның  даму тарихы................................................................................... 

ІІ  тарау. Ақшаның қажеттілігі..........................................................................

2.1. Ақшаның  жалпы эквивалент ретіндегі түсінігі...........................................

2.2. Ақша  – экономикалық категория..................................................................

2.3. Қазіргі заманға ақшаның түрлері..................................................................

2.4. Қазақстанның  валютасы – Теңге................................................................... 

Қорытынды........................................................................................................... 

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

Экономиканың  даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбаста алатын қасиеті, оның айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың бұл сатысына құнның жай, кездейсоқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген. Қоғамдық өмір дамыған сайын, айырбас операциялары жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажеттілігі пайда болды. Ақшаның тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды.

Ақшаны  қалай түсінуге болады? Құн түрінің  дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл  техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?

Бара- бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырылған алтын, күміс  кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте – бірте ол айырбаста қолайлы денгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен бастап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында металдық ақша айналымы жұйесі қалыптасқан.

Осылайша  ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне  жалпылама айырбас құралының  рөлі тән, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа  ие болған құбылыс.

Ақша  адамдарға ежелден таныс. Бірақ  оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зертеп келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан – жақты ашып, жауап берді.

Ақша  – тауарлы өндірістің өнімі. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты өмірімізге  елеулі жаңалықтар еніп жатыр. Солардың бірі Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгені енгізу болып табылады. Ақша бірлігіміз теңгенің тұрақтылығы, оның айналымда еркін жүруі өзекті мәселе. Сондықтанда тауар айырбасы нәтижесінен туған ақшаның пайда болуын, даму тарихын осы курстық жұмыста қарастырдым.

Курстық жұмыстың негігі мақсаты – ақшаның пайда болуы, мәні және қызметіне тоқталып, оның қазіргі кездегі тарихының қажеттілігін қарастыру болып табылады.

Бұл жұмыстың бірінші тарауында ақшаның мәні және даму тарихы эволюциясына тоқталамыз.

Ал екінші тарауда ақшаның қажеттілігі  – эквивалент түсінігі және экономикалық категория ретіндегі түрлері  қарастырылады. Сонымен қатар ақшаның қазіргі кездегі түрлері: қағаз ақша, монеталар, электронды, несие, вексель, биметализм, монолитализм, банкнота, чек түрлеріне тоқталамыз.

Осылайша  Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге, оның мәні жайлы қарастырамын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І ТАРАУ. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

    1. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
 

Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы  біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі  грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі  шарт, адамдар арасындағы саналы келісім  нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан. Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, "тауар құны қатынасында қорытындыланатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады".

Тауардың  айырбасталу кезеңінде көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты,сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұнда айырбас алғашқыда кездейсоқ бірегей сипатқа ие болды:

Т               Т экв.

(1 қойға  = 1 қап астық) экв

Бұл мысалымызда  бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (1 қап астық) айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде болғаны, ал бір қап астық оның эквиваленті болып табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен жеткізуге алып келеді. Айырбаста екі ғана емес, оданда көптеген тауар түрлері қатысады. Құнның – толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасады. 

                    Т(1 қой)   Т1  (1 қап астыққа) экв.

                                     Т2 (1 балтаға) экв.

        Т3 (5 құмыраға) экв.

        Т4  (2 гр. алтынға) экв.

Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып  табылады, қойға қайта деген қоғамдық еңбек шағындарын куәландырады.

  Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, сондай-ақ айырбаста қиындықтар туындайды.

Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ  астық иесіне қой керек емес, оған балта қажет, ал балта иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп түскен сайын, қиындықтар да түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ (жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.

Т1  (1 қап астыққа)          = 1 қойға (экв)

                                     Т2 (1 балтаға)

        Т3 (5 құмыраға)

        Т4  (2 гр. алтынға)

  Кейініректе жалпылама  эквиваленттік рольді  игілікті металдар (алтын,  күміс) атқара  бастады, себебі  оның өзіне тән  бірқатар артықшылығы  болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталынатындығы, ең маңызды артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені болып табылады. Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:

Т1  (1 қап астық)                                                          Т2 (1 балта) 

 

А ( 2 гр. алтын)  (тауар делдал –  жалпылама эквивалент)

 

Т4  (1 қой)                                                                         Т3 (5 құмыра)

  Ақшаны қалай түсінуге  болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?

Ақшаның бірінші қызметі  – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі  ерекше мүдделікті байқатады. Сұраным  мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға екі мөлшердің яғни тауар құнымен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.

Егер  тауар бағасы тауар құнына  қарайлай өссе, онда алтын құнының тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше – алтынның құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады.

Сөйтіп  тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.

Екінші  қызметі – айналым  құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып ақша белгілері арқылы атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.

Үшінші  қызметі – төлем  құралы. Бұл қызметті тауарды-ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде ақшаны қарызға бергенде,салықты, жер рентасын, жалақыны, девидентті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

     Несие  қатынастарының дамуымен байланысты жаңа айналым құралы

- несие ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық карточка, "электрондық ақша". Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.

         Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтрады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлік құралдары қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең бастысы - өзара есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.

Төртінші  қызметі – қазына жинау қорлану  құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина жабдықтары немесе ұзақ мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) тауарларды сатып алу үшін қолданылады. Ақшаның қазына түрінде қолданылуы әрбір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Бұл рольді толық бағалы ақша (алтын) орындайды. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

Бесінші қызметі – ақшаның  әлемдік ақша түрінде  болуы. әлемдік ақша алтын және өнеркәсіп  дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

әлемдік аренада ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының ролі бірінші  орында болады. Бұл алдымен халықаралық  несиенің дамуымен түсіндіріледі. Халықаралық  аренада ақша өзінен  - К. Маркстің бейнелеп айтуындай, - "ұлттық шекпенің" алып тастайды және өзінің ең алғаш түріне енеді – игілікті метел қаймағы түрінде болады. 

    1. АҚШАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

 Қоғамдық  дамудың алғашқы қауымдық құрылысы  жағдайында бір қауым өз тұтынуынан  ауысқан өзінің қандайда бір  қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оларды өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату – сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз – сату, сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түріндеайырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі – тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түрінде ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдар қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құныболып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қасиетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбастау құны деп атайды.

Айырбас құнын тауарлар сатылағанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны яғни тұтыну құндары айырбасталудың пропорциясы, ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

Айта  кететін жәйт, кез-келген пайдалы  зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың еңбегі жоқ. Құн дегеніміз – тауар  өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамының негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, не болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті. [5]

Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясын негізін қалаушылар XVII ғасырдағы ағылшын экономисі У.Петти, XVII ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, ХІХ ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д.Рикардо болды ал еңбек теориясына басты үлесті ХІХ ғ. К.Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбек ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнның – қайшылықтары болғанмен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді. [10]

Тауардың  ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұрақа жауап іздейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалары үшін еңбек  ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархалдық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мүнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып алу кезінде, яғны нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны, бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.

Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас  қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды  зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болады. К.Маркстің сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол – ақша". Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесіне бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі. [1]  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  ТАРАУ. АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 

2.1. АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКВИВАЛЕНТ РЕТІНДЕГІ ТҮСІНІГІ.

Ақшаның өмір сүруіндегі объективтілі қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының  болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас  құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық  социализмнің негізін қалаушы Томос  Моор өзінің "Жаңа алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау ... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың аландаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндеріде ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алыстанылатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді".

Ол аздай  Т.Моор тағы былай деді: "Қай жерде  барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес".

ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс көз қараста  болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Мұндай  ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кездеақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келеді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энеогетикалық бірліктерді – энедаларды пайдалануды ұсынды.

Осыған  байланысты К.Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенменде коммунизм – ол қиял, сондықтанда ақша болған, олар бар жерде бола береді. [9]

Ақша  тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша  жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда басқа барлық тауардың құны бейнеленеді  және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек  өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде  алтынға бекітілген. Алтынның басқа  барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".

Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сипатқа ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тат баспайды, тек қана "патша арғында" (2/і тұзды және1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады – электроникадан бастап зергерлік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курнатына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк жуық 4 мың жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. ХХ ғасырда 60мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы – ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін өндірілген.

Ресей ХІХ ғғ 20 – жылдарында алтын өндіруден 1 ші орын болды. Өткен ғасырдың 40 жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40% - ды құрады.

Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет  етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеу қажает.

Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасы алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құралдардың өмірі сияқты: олар 400 С ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР – да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.

Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда. Қазақстанда 160 алтын кен  орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс  істеп тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.

 Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге                                      электронды – есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады. [8]

Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары  әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда ал химиктер еңбектенді. Ежелге Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт ізденумен сыеақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынандай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий - 45%) червондық алтын алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған метал табиғи алтын мен өзінің бағасының төмен болуымен байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергерлік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша – зат емес, ол – қоғамдық қатынас".

Олар  шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар  болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек  еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға  олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған  заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты. [8]

Ақша  кез келген тауар құның білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы  мәнің К. Маркс "индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризиммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екендігін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға  болады. Себебі адамның қоғамдағы  еңьектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық  етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда  болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас  қатынасының бір жағына тұрады да, ал екінші жағына бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде қарсы тұрады. [10]

Тауарлар  дүниесінің тауар және ақша болып  екіге бөлініуі оның тұтыну құнымен  құнының, яғни тауарды ішкі қарама –  қарсы жинақтарының қайшылығының шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге кере болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде таур өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез – келген қажетті тұтыну құның алуға мүмкіндік туады.

Қорыта  айытқанда, құнның ақшалай формасына  пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы өндірісінің  ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездей соқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты. [6] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. АҚША – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар  арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрседағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

  • жалпыға тікелей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез-келген материалдық  құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің  елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты жалпыға тікелей айырбастау ақшаның пайдалану көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және тағы басқа.

Еңбектің  сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын  анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым – экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылынқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындаушы, ерекше тауар ретінде өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді. [2]

Ақшаның қажеттілігі