Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
Кіріспе.
1. Ақшаның пайда болуы және мәні.
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы.
1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы.
1.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары.
2. Несие ақшалар.
2.1. Несие ақшалар.
2.2. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы.
2.3. Ақша жүйсі жөнінде түсінік, оның элементтері мен негізгі типтері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Ақша жүйесін бір орталықтан жоспарлау теориясы нарықтық қатынастарға өту негізіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланыста. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рай мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялар мен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды. Ақша және несие теориясы, несиелеу және ақша айналысының негізі, ақша және несие жүйелері, халықаралық несиемен айырысу мен валюта қатынастары.
Жаңа банктік механизмді құру өркениетті елдерде қабылданған нарықтық қаржылық құрылымдардың көп жылдық тәжірибелеріне сүйенетін коммерциялық банктердің қызметтерін қалпына келтіруді талап етеді. Сондықтан да шаруашылықтың әртүрлі жағдайында бейімділігі мен тиімділігі әлдеқашан байқаған әрі қатаң бәсекелік күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемісі болып табылатын; ақша қаражаттарын жұмылдыру, несиелеу және айырысу түрлеріне қатысты шетелдік тәжірибелерді зерттеудің маңызы зор. Ақша және несие теорисы, несиелеу және ақша айналысының негізі, ақша және несие жүйелері, халықаралық несие-есеп айырысу мен валюта қатынастары. Қазақстан ұлттық банкі мемлекеттік ақша несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты:
Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қөамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие бұл айналыстағы ақша жиынын, көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
1. Ақша айналысының сипаттамасы.
1.1.Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әртүрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігінен алынуына және тағы басқаға байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымыарасыдағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, Ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айнасыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату – сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, тағы басқаның көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мыс алы кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақаша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
-
-
-
1.2.Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы.
Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантелистер жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен бірдей деп санау, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нығыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нығыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М.Сперанский болып табылады. (1771-1839ж). Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХ ғасыр теоретиктерімен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналасының тар мағынада қолданылуы ХХ ғасырда дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы ХІХ ғасырдың екінші жартысында алтын монета стандартының Германияда 1871-1873 жылдары енгізілуімен байланысты болды.
Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды ғана емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Оталық банктің банкноталары да аталады екен. Ол кездері ақшаның металдық (банк) теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Хард халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981-жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру натуралды айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің жоғалуы, тағы басқа пайда болады.
Сонымен ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, оның ішінде мемлекеттке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.
Қазіргі жағдайдағы аглтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінде қызмет етуімен, несие қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болап қала беруімен сипатталады.
Адамзат құнның әртүрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әртүрлі тауарлар қолданысынан кейін адамзат металл ақша айналысына қол жеткізеді. Металдың ақша ретінде қызмт етуінен барып, одан бірте –бірте монеталар пайда бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қоладан жасалған пластиналар, кейіннен екі жағында суреті бар, 1 және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды.
Көпестер класының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі. Мемлекет сынаманы, массасын, типін ремедиумді эмиссиялау ережесін және тағы басқасын белгілейді.
Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.
Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.
Осылай біздің эрамызға дейін ІІІ-ІІ ғасырда Римде мыс монометаллизмі, Ресейде 1843-1852 жылдар аралығында – күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса Қазақстан да, алтын монометаллизмі 1897 жылы ІІ Николай патша тұсында енгізді.
Түрікше «акче» сөзі, қазақша «ақша», яғни «ақ» сөзінен күміс монетаның түсіне қарап шыққан.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шығарды. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгісынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминилердің құймаларынан жасайды.
1.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар , олардың айналыс заңдылықтары.
Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің ақшалардың металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексесь, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:
- ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың
көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;
- бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. Адам Смиттің (1723-1790) айтуынша, ақша – бұл айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
- қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
- басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнопптың еңбегінде жақсы берілген. Оның ережелері төмендегідей құрылды:
- ақша-(мемлекеттік) құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік
биліктің туындысы.
- ақша-мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол
мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып
табылады.
- ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы.
Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.
1929-1933 ж.ж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж.М.Кейнс (1930 ж.) алтын ақшаларды «жабайылық сарқыншағы», «арбаның бесінші дөңгелегі» деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениетті ақшалар қарапайым түрінде қалып, Кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.
Ақшаның номиналдық теориясы жағында белгісіз американ экономисі П.Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналуда деп сендіреді. «Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық».
С.М.Борисовтың «Золото в экономике современного капитализма» атты монографиясында қызықты пікірлер беріледі. Автор барлық тауарларға қарсы тұратын жалпыға бірдей эквивалент ретінде, алтын туралы ережені қайта (құру) қарау керектігін айтады. Сондай-ақ мұнда алтынның қағаз ақшалар ықпалымен мүлде ішкі айналыстан шығып қалғандығына сілтеме жасалады. С.М.Борисовтың айтуынша «Ұлттық ақша жүйелерінде қағаз ақшалардың мәні артып отыр, себебі олар барлық тауарлар қозғалысына қызмет етуде, осы ақшалар ғана тауар әлеміне қарсы тұра алады және тауарлар бағаларын меншікті қағаз масштабында бейнелей алады» делінеді.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының обьективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктерімен байланысты.
Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғасырға тән, яғни ол кездегі теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.
XIII ғасырда Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды. Ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл төрт бұрышты пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі болды. Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.
XVII ғасырдың алдындағы капиталистік тауарлы өндірістің дамуымен қағаз ақшаның қолданылуы өріс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстік Американың Британиялық отар елдерінде 1716 жылы Францияда, 1795 жылы АҚШ-та, 1762 жылы Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қоғаз ақшалар 1769 жылы II Екотерина тұсында пайда болды. Халық арасында оларды «катенька» деп атады, себебі оның бетінде императордың суреті болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде болды.
Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған – толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есесінен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.
2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
3. Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы.
Ресей патшасы Алексей Михаиловичтың тұсында, яғни 1654-1662 ж.ж. құны толық емес мыс тиындар соғылды. Бағасы 12 тиын мыстың фунтынан – 10 сомдық монеталар соғылды. Олардың нақты құрамы номиналдың 1-2% -ын құрады. Бұл айырбас процесінің бұзылуына,халықты қатты толқуға, шаруалар, кәсіпқойлар, саудагерлер ақшаның құнсыздануынан көп зардап шекті. Осыған байланысты 1862 жылы Ресейде «мыс көтерілісі» деп аталған көтеріліс болды. Мыс монеталарын (қағаз(ақ)) жасау тоқтатылды. 100 мыс тиынның орнына 1 күміс тиын айырбасталды.
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін соғысты қаржыландыруға көптеген мөлшерде «континентальдық ақшалар» шығарды.
Осыған байланысты, К.Маркс атап көрсеткендей: «Өзінің айналыстағы делдалы ретінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғанга бір жапырақ қағазға дейін жұқарды».
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
Қағаз ақша – мемлекеттің өз шығымдарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны – бір жапырақ жай қағаздарға айналады.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда 1993 жылы ең ірі купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар шығарылған болатын.
Алтынның белгілері ретінде қағаз ақшалар пайда болды. Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы мемлекетпен ерікті түрде белгіленіп, бірақ оның құны көрсетілмеді.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар қорлану қызметін де атқара бастады.
Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес шығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның барлығы бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдемақыны көтеріп отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейнше баға өсе береді. Баға – жалақы – баға ... деген тізбек айнала береді. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
2.1. Несие ақшалар.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар – бұл нисие негізінде алтанның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және «төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады ».
Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель,банкнота,чек, несие карточкалары жатады.
Вексель – бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымның қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма – қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауға иеленеді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз – кәсіпорындардың бір – бірін банктерді жанай өтуі арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарды қарызға беру жолымен жүзеге асады.
Сатып алушы – кәсіпорын, тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді.Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшер-лемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алмады.
Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай Вексельді қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі кредитор – вексель берушінің үшінші тұлғаға қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін, оның қойған қолы түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады.Вексель бойынша төлем овальмен қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда «аваль ретінде саналсын» деген жазу болады.
Сонымен, вексель – несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бірнеше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.
Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма – қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:
-
-
-
-
Қолма-қол ақшаларда мұндай шектеулер жоқ.
Дамыған елдерде вексель айналысы кеңірек дамыған. Ресейде революцияға дейін және революциядан кейін, яғни 1930-жылға дейін вексель пайдаланылып келген болатын, сөйтіп 1930-1932 жылдары несиелік реформалау нәтижесінде коммерциялық несиелеу тоқтатылды, сонымен бірге вексель де жоғалды.
01.01.1991 жылдан бастап КСРО-ның кәсіпорындар туралы заңға сәйкес 27-бапта, кәсіпорындарға вексельді пайдалану арқылы несиелеуге рұқсат берілді. Бірақ инфляция жағдайында тауарларды қарызға, вексельді кепілге алып беру арысы енгізілмейді.
Қазақстанда несиелік вексель республика ішіндегі шаруашылық аралық (несиелік) есепке алу нәтижесінде пайда болды, яғни қалыптасқан несиелік қалдық есебінен кәсіпорындарға салық, жалақы, мерзімді және төлеу мерзімі өтіп кеткен банктік қарыздар бойынша есептеуге рұқсат берілді, ал қалған сома жеке шотта сақталады. Осы сомаға қағазсыз вексель рәсімделді.
Үкіметтің 3 ай мерзімге арнап шығарған қазыналық векселі. Ол номинал бағасы бойынша банкке сатылып, уақыты жеткенде номиналды құны бойынша қайта сатып алынады. Бірақ не несиелік, не қазыналық вексель несиелік ақшаларға жатпайды.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол ХVІІ ғасыр соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл соманы банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл «банктік хат» банкнота деп аталады және ол пайдалануға ыңғайлы болып келді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез-келген уақытта сақталып жатқан металға айырбасталады.
Банкнота өзінің мәні жағынан – бұл бенкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген: вексельдік және алтындық. Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады.
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялары тәртібінде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкноталардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады.

- Ақшаның мәні мен атқаратын қызметі
- Ақшаның пайда болу тарихы
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
- Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
- Ақшаның жалпы түсініктемесі
- Ақшаның қажеттілігі
- Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
- Ақшаның қызметі
- Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы