Ақша қаражатар есебі
Мазмұны
Кiрiспе
I-ТАРАУ. 1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
II-ТАРАУ. Кассадағы және есеп
айырысу шотындағы қолма-қол
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
2.3 Субъектінің оперативтік
кассасындағы қолма-қол
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
III-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
IV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi
V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебi
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кiрiспе
Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.
Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.
Ι-ТАРАУ.
1.1Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4 № «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.
Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:
1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын ;
2) Шетелдiк валютадағы
қаражаттардың қолда бары мен
қозғалысын есепке алу үшiн
заңды тұлғаларға валюталық
3) Бюджеттiк мекемелерге,
олардың бюджеттен тыс
4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Ақшамен есеп айырысу
2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау.
3) Есеп айырысу, түлеу
тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның
немесе фирманың ақшалай
Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:
1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.
2) Ақша қаражаттарының
қолда бары мен қозғалысын
және есеп айырысу
3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.
4) Белгiленген мерзiмдерге
ақша қаражаттары мен есеп
айырысудың жағдайына
5) Кассадағы, есеп айырысу
шотындағы және банктегi басқа
шоттардағы ақшалардың бар
6) Есеп айырысу – төлем
тәртiбiнiң сақталуына, материалдық
құндылықтар мен қызметтер
Ақша қаражаттарының есебінің
аудиті
3.1. Ақша қаражаттарының есебі аудитінің
мақсаты мен міндеті.
Транзиттік экономика жағдайында функционалды
аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы
активтің ең жылжымалы және толық өтімді
элеменнтері қатарына жататын ақша мен
оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысыын
тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар
қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы
учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі
бүрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды
жүргізу заңнамалық, жалпы ммлекеттік,
ведомствалық және басқа нормативті актілермен
жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан
төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге
дайындық кезінде қабылданған заңдардың,
стандарттардың, бухгалтерлік есептің,
аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық
бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру
ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу
қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның
төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен
бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы
анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету
қажеттілігіне байланысты проблемалық
сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық,
әдіснамалық, қаржылық, есептік, экономикалық
мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін
қарастырған жөн. Студент ағымдық, корреспонденттік
шоттар мен кассадағы ақша қозғалысының
бастапқы құжаттары негізінде аналитикалық
есеп құжаттарын толтырып, оларды есеп
регистрлеріне тіркеуі керек.
Есепті жазу барысында ақша қаражаттары есебінің ұйымдастырылуы, жағдайы туралы мәліметтер есеп мәтінінде баяндалғаннан кейін, келесідей толтырылған бастапқы құжаттар мен есеп регистрлерін тіркеу қажет:
• кассалық кіріс ордері КО-1;
• кассалық шығыс ордері КО-2;
• кассалық кіріс құжаттарын тіркеу журналы КО-3;
• касса кітабы КО-4;
• кассирдің ақшаны қабылдап алуы мен өткізуін тіркеу кітабы КО-5;
• №1 журнал-ордер;
• №2 журнал-ордер;
• №3 журнал-ордер.
Барлық қажетті есеп регистрлері мен бастапқы құжаттар негізінде кассалық операциялар мен есеп айырысу шотындағы операциялардың жүргізілуін тексеру керек. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен, алынған аванстар, есеп беруге тиісті тұлғалармен, қойылған талаптар, басқа да дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру керек.
Ақшалай операциялар мен кассалық операцияларды тексеру бойынша аудиторлық қорытынды дайындау керек. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебін, «Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі» №7 ҚЕХС пайдалана отырып, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының кірісі мен шығысына талдау жасау керек.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды
тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы
әдістері арқылы жасалса да, бұл операцияларды
уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл
аударатын төлеу циклінің функционалдық
аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз.
Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына
сай бағыты ақшаны басқарудың функционалдық
аудитінінің ерекшетәсілдерін анықтау
мен ізденістерін талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі
функционалдық аудитінде экономикалық
талдау, бақылау мен статистиканың классикалық
әдістерімен қатар сарапшылық бағалау,
жай және күрделі процент есептеулері,
дисконттау, интегралды, сараланған және
матрицалық тәсілдер, желілік, желілік
емес және өсіңкі бағдарламалау әдістерін,
операцияларды, ойын теорияларын, шешім
қабылдау және т.б. кеңінен қолданылуы
керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс
тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару
мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру
мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі
резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация
мен төлемді тездету, флоутты, электронды
ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін,
бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп
шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс
және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды
қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға
мүмкіндік береді.
Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы
циклін функционалды аудитін өткізгенде
мынларды анықтайды:
-
касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы; -
касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы; -
бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді; -
касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дүрыстығын кім, қашан және қалай тексереді? -
Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма? -
Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай? -
Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық-ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қлдау жолға қалай қойылған?
Осыларға сүйене келіп, төменгі кестеде
ақша мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі функционалды аудитін
өткізу бағдарламасының ықтимал нұсқаларының
бірі келтірілген:
Кесте №2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
| |
| |
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы
бөлігі – қолма-қол ақшамен жасалатын
операциялар – міндетті тұтастай тексеруді
талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен
қызмет бабын теріс пайдалану – касса-банк операцияларын
бақылаудың маңызды міндеті.
Іс-тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері
бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы
мен шот төлемдері процесіндегі қызмет
бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар
былайша жіктеледі:
-
Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражаты тікелей ұрлау. -
Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену. -
Кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу. -
Ақшаны жалған құжаттар бойынша негіссіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандық -
Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негіссіз иелену. -
Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы-кассалық ақпараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету.
Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар
кассирді дұрыс іріктемеу,тәжірибесіз
және сенімсіз, кассаны жүйелі тексермеу,
ішкі бақылаудың нашарлығы және тағы сол
сияқты салдарынан болады.
Төлем циклінің функционалды аудитінің
күрделі учаскелерінің бірі – кассалық операцияларды
тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық
операцияларды кім және қалай атқаратынын
білу керек. Тексерудің қорытындылары
аудитор, бас бухгалтер және кассир қол
қоятын акті жасаумен рәсімделеді. Ақшалай
қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және
басқа құндылықтардың артық шығуы немесе
кем шығуы анықталған жағдайда кассирден
жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай
қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор
кәсіпорын басшысына кассирді тексеру
анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы
мәселе қояды.
Жол-жөнекей ақша есебі аудитінде бухгалтерлік
есепте саналатын сомалардың шынайылығын,
контрагенттер аударған, алайда тексерілетін
кәсіпорынның есеп шотына есепті айда
түспеген сомалардың қалайша көрсетілуін
тапсыру керек.
Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың
алдын алу үшін мыналар талап етіледі:
-
банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негіздемелермен үнемі салыстыру; -
жабдықтаушылармен құжаттарды қарама-қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру; -
дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.
Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметін сараптау
іс-тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы
тұжырым жасауға және олардың ақшасын
басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды
әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу
циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері
мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін
салыстыру қажет. Сонымен бірге көшірмелердің
өңделетіндігін, құжаттардың нөмірленетінін,
ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті
расталғандығын тексеру керек. Алынған
ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға
болады:
Кесте №3
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
| |
Сол уақытта қолма-қол емес ақшалай, қаражаттың
қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің
ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды
айқындау қажет. Бұл мақсаттар үшін шығатын
мәліметтерді мынадай пішінде көрсетеді:
Кесте №4
|
|
|
| ||||
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тағы бір өрескел қате – ақшаны кәсіпорын
кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор
бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде
жасалған төлемді дебиторлық борышты
өтеу сомасы мен касса есебіне алынған
сома арасындағы айырмашылықты анықтауы
керек.
Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін
мұқият зерттеп, бақылау және оның әр түрлі
қажеттіліктерге шығыс жағдайларын анықтау
керек. Бұл мақсаттар үшін мәліметтер
жинау мен өңдеуді мынадай кесте көмегімен
іске асырады:
Кесте №5
|
| |||||||
|
| |||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тексерудің жеке объектісі – нақты мақсаттарға,
сонымен бірге еңбекақы төлеуге, іссапар
шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге және
т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған
ақша қозғалысы .
Тексеруде ақша алу мен істен шығу туралы
мәліметтерді салыстыру қажет. Мұндай
ақпаратты мынадай кестеде орналастыруға
болады
Кесте №6
|
|
|
| ||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кәсіпорынның кассадағы ақшасы қозғалысын анықтап,
оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы
мен толықтығын, мынадай кестені тіркеуді
қолдана отырып, техникалық және мазмұнды
қателерді табу үшін бухгалтерлік есепте
операциялардың көрсетілуі дүрыстығын
тексеру керек:
Кесте №7
|
|
|
| ||||
№ |
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі
функционалды аудит бағдарламасын түп-түгел орындау
үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар
тізбесін тексеруші аудитор кәсіпорындағы
нақтылы жағдай мен көлем циклі функционалды
аудиттің қойған мақсаттарына сәйкес
қалыптастырады. Тестілеу ішкі бақылаудың
жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын
қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте
кассалық операцияларды түгел және анық
сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік
береді.
Мұндайда төлеу циклі мен ақша басқарудың
тиімділігін бағалаудың балдық, индекстік
немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы
мүмкін. Мысалы, бағалаудың балдық тәсілінде
«иә» жауабы үшін ақша қозғалысын ұйымдастыру
деңгейіне байланысты 1-ден 3 балға дейін
қойылады, ал «жоққа» - 0 балл. Субъектінің
ақшасын аудару жағдайын тестілеу қорытындыларын
жалпы бағалауда қойылған балдар сомасы
бойынша: 50 балға дейін өте төмен; 54-65 төмен;
66-80 орта; 81-90 жоғары; 91балдан жоғары өте
жоғары.
3.2.Касса операцияларының аудитi
Кассада сақталатын ақша 451 «Ұлттық валюта
түрінде кассадағы қолда бар ақшалар»
және 452 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы
қолда бар ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы
қолда бар ақшалар» шоттарында ескерілуге
тиісті. Осы шоттардың дебитіне кассаға
түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық
есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар
бойынша жазбалар кірістік және шығыстық
кассалық ордерлер негізінде жасалады.
Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру
бағдарламасы төменгі кестеде ұсынылады:
Кесте №8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілер мыналар:
-
кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның ксіпорында жолға қойылмауы; -
кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы; -
кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің барлығы – ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелген жұмыс жазбаларының болмауы және т.б. -
кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру; -
кассир ауысқанда кассаға ревизияны сырт көзге ғана өткізу; -
штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе; -
кассирмен толық материялдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы; -
мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтіндей кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.
Касса мен кассалық операциялардың аудиті
негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол
ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы
кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға
есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды
тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға
болады:
1.Кассаны түгендеу аудитордың тексеру
орнына келгенінеде бірден өткізіледі.
Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды
анықтауы тиіс: кәсіпорында басшысының
кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен
тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты
жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы
бар ма, бұл бұйрық орындала ма? Кассаны
кенеттен тексеру актілері бар ма және
олардың мазмұны қандай; тексерілетін
кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше
кассир қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін
кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе
өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет
етумен қоса атқарады ма, кассирді тағайындау
туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі
кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік
туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды
жүргізу ережелерімен танысты ма?
2. Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда,
аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті:
тексеру құрамында кәсіпорынның кассир
мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге
тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған
тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің
қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру
кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге
рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар
тоқтатылады.
3. Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе
бірнеше касса болғанда олардың барлығын
аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде
қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір
кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа
кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу
мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.
4. Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен
соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде
есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша
ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік
және шығыстық құжаттар касса есебіне
кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде
кіріске алынбаған және есептен шықпаған
ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат
береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі
түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.
5. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды
және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде
ақша қозғалысы туралы операцияларды
көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.
6. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде
немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан
түгел қайта санау жүргізіледі.
7. Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын
(пошта маркілері, мемлекеттік баж маркілері,
вексельдік маркілер, жолақы билеттері,
төленген авиабилеттер, төленген, бірақ
әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге
берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай
құндылықтар мен басқа да құндылықтар
бойынша жүргізіледі.
8. Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады:
алдымен кассир, сосын комиссияның басқа
мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық
процедураның дұрыс өтуіне бақылау жасауға
тиіс. Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша
ескеріледі.
9. Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды
тексеру керек: бұл құжаттар іс жүзінде
бар екендігін, билеттер мен жолдамалар
кімдерге арналған және қандай қаражат
есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың
есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі
кітапта жазылуы тиіс. Ақшалай құжаттардың
түсуі мен есептен шығарылуы кассалық
кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен
рәсімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша
жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы
бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге
тапсырады.
10. Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада
ішінара төленген тізімдемелері болуы
мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге
оларды белгіленген тәртіп бойынша жабуды,
оларға кірістік ордер рәсімдеуді және
кассирге оны есепке енгізуді ұсынуға
тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру
кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме
бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе,
бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі
мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара
төленген шығыстық кассалық құжаттар
ретінде актіге жазылады. Мұндай жағдайда
әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай
реттік нөмір бойынша және оның жалпы
сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба
кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың
қолдарымен расталады.
11. Тиісті тәртіппен рәсімделмеген кассалық
шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ
әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы
құжаттар ретінде есепке алынбайды және
кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді.
Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны
тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен,
қашан, қандай мақсаттарға және қандай
сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды
атап өтеді. Кассада бар барлық ақша мен
басқа құндылықтар осы кәсіпорынға тиесілі
деп саналады, өйткені кассада басқа субъектілердің
ақшасы мен басқа құндылықтарын сақтауға
тыйым салынады.
12. Ақша мен басқа құндылықтарды санау
аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік
есепте жазылып қойылған қалдық жайлы
мәліметтермен салыстырылады.
13. Ақшалай қаражатты тексеру жасайтын
аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша
сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту
мен күзет-өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру
жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді.
Мұндайда анықталған бұрмалаулар түгендеу
актісінде көрсетіледі.
14. Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары
бар болуын тексеру қорытындылары комиссияның
барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен
рәсімделеді. Ол үш данада жасалады: бір
данасы кәсіпорын бухгалтериясына беріледі,
екіншісі кассирде қалады, үшіншісі аудиторда
сақталады. Ай соңында актіде есептелген
барлық ақшалай қаражат енімді сақталуда
тұр деген кассирдің қолхаты келтіріледі.
15. Кем шығу табылған жағдайда
аудитор кассирден кем шығудың пайда болу
себептерін жазбаша түсіндірме жазуды
сұрайды. Елеулі кем шығу немесе қызметті
теріс пайдалану анықталғанда аудитор
бұл жайында кәсіпорын басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша
қызметтен босату және істі тергеу органдарына
беруді ұсынады.
Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі
кассаны тексергенде кассадағы барды
түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол
шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды
қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын
лауазымды қызмет адамының қолхатымен
бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең
қарапайым түрі болып саналатын қаражаттықымқырудың
бүркемеленбегендері де болуы мүмкін.
Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны
бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы
салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа
заңсыз операцияларды уақытша заңсыз
қарызға ала тұрумен де байланысты болуы
ықтимал. Мұндай бұрмалаулар мен қызметті
теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау,
кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі
бақылаудың нашарлығының салдары болып
табылады.
Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған
соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен
немесе кірістік операцияларды жасырумен
байланысты. Есеп шоттан алынған ақшаны
кассаға кіріске алмау жағдайлары өте
жиі кездеседі.
Аудитор банктен чек бойынша аалынған
ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын
чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен,
банк көшірмелерімен және кірістік кассалық
ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі
тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған
қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін
тек қана түбіртектері бойынша тексергенде
қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері
бойынша да жасау қажет. Егер көшірмелерде
тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса,
сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен
ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер
алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы
жазбаларды көшірме мәліметтерін салыстыру
керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын
банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды
талап етеді. Сондықтан есеп көшірме мазмұнына
байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға
көшірме алуды сеніп тапсыруға болмайды.
Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне
сәйкес кәсіпорында қолма-қол ақшаны қабылдау,
кәсіпорын басшысының жазба өкімімен
бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол
қойған кірістік кассалық ордерлер бойынша
ғана жасалады.
Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын
жабу, материалдарға, пәтер ақысын төлеу
және т.с.с. тәртібімен кірістік кассалық
ордерлер бойынша алынған ақшаны кіріске
алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды
өтелмеген берешегін талдау мен тексеру
арқылы ашылады. Есеп шотардағы төленген
соманы иемдену нәтижесінде ешқандай
берешекті мойындамайтын тұлғалардың
өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін.
Мұндай адамдар мен есепті жүйелі түрде
салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау
оңды нәтижелер бере алады. Сондай-ақ,
кірістік құжаттарды тіркеуді тексеру
мен тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен
салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды
тәсілі болып табылады. Кірістік ордер
бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін
жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық
одерлерді төлеушінің қолына төленгенге
дейін тіркеудің болмауы немесе толық
еместігін, уақытылы салыстырмау мен борышты
өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі
бір нөмір берілетін кассалық одерлерді
тіркеу журналында кірістік және шығыстық
одерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға
төленбеген кірістік одерлерді қайтаруды
бақылау жазбалардың анық сенімділігін
арттырады және қызметті теріс пайдалануды
болдырмайды.
Басқа кәсіпорындардан алынға ақшаны
иемдену болдырмау, ең алдымен, барлық
мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз
есеп айырысу ісін талап етеді. Тәжірибе
көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті
теріс пайдалануды туындатады.
Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары
байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге
тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы
қолма-қол ақша алған немесе салған кәсіпорындармен
есептесулерді салыстырған жөн.
Басқа кәсіпорындардан ақшалай сома алуға
арналған сенімхаттарды тіркеуді және
сенімхаттарды іс жүзінде қолдануды тексеру
де қызметті теріс пайдаланудың бір жолы
болып саналады.
Ақша мен шығыстарды есептен шығару жөніндегі
кассалық операциялар мүмкіндігінше тексерілуге
жататын барлық кезең ішіндегі кассалық
есептерге тіркелетін құжаттар бойынша
тексеріледі. Тексеруде кассалық операциялар
бойынша есептік құжатаманың мынадай
пішіндері қолданылады: КО-1 «Кірістік
ордер», КО-2 «Шығыстық кассалық ордер»,
КО-3 және КО-3а «Кірістік және шығыстық
құжаттарды тіркеу журналы» пішіндері.
Ақша қабылдау мен берудің ордерсіз рәсімделетін
құжаттары, КО-4 «Кассалық кітап», КО-5 «Кассир
қабылдаған және берген ақша кітабы» пішіндері,
есептік регистрлер қолданылады.
Мұндайда кассалық құжаттарды рәсімдеуге
назар аударылады: әрбір құжатты алушылардың
қолхаттары бар ма, құжаттар – кірістік
– «Алынды» мөртабанымен, шығыстық –
«Төленді» мөртабанымен, ай-күні, жылы
көрсетіліп, жабыла ма, оларды тазартып
өшіру мен түзету іздері жоқ па? Тексеру
іс-тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда
кассалық құжаттар сапасыз жасалатынын,
көбіне кірістік және шығыстық құжаттарда
кассаға ақша салған немесе кассадан ақша
алған жауапты адамдардың қойылған қолдары
және басқа да міндетті деректемелердің
жоқ екендігін көрсетеді. Мұндай құжаттардың
күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар
– негізсіз деп саналады. Егер мұндай
жәйттар анықтаса, аудитор шұғыл шаралар
қолдану мақсатымен кәсіпорын басшысын
және бас бухгалтерді бұл жайында хабардар
етуге тиіс.
Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды
анықтау керек: бұл ұйымда кірістік және
шығыстық ордерлерді тіркеу журналы белгіленген
түрде жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар
журналда тіркелген бе, кассалық ордерлерде
қалдырылып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай
қаражаттың түсуі мен жұмсалуы жөніндегі
операциялардың барлығы нөмірленуге,
жіппен қайымдалуға, сургучты мөрмен басылуға
тиісті парақтар саны кәсіпорын басшысы
мен бас бухгалтердің қойылған қолдарымен
куәландыруға тиісті кассалық кітапта
жазылған ба? Кассир жұмыскүні соңында
сол күнгі операциялардың жиынтығын кассалық
кітапта есептеуге және келесі күнге ақша
қалдығын шығаруы тиіс. Ол кассалық кітаптағы
жазуларды екі парақта бір мезетте көшірме
қағаз арқылы жүргізуге тиіс. Кітаптың
бір парағы жыртылмалы, оны кассир күн
соңында басқа барлық кірістік және шығыстық
операциялар бойынша санақ ретінде тапсыруы
тиіс.
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті.
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын
тексеруге көп назар аударуды талап етеді.
Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес
кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын
қызмет көрсететін банк мекемелерінде
сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен
есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік,
жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер
алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен,
шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап-тілекпен
байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы
банк мекемелері арқылы есеп айырысулар
есептесудің қолма-қол ақш

- Ақша қаражаттар
- Ақша қаражаттар аудиті
- Ақша қаражаттардың есебі және аудиті
- Ақша қаражаттар есебі
- Ақша қаражаттар есебі
- Ақша қаражаттар есебі
- Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі
- Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
- Ақша жүйесі және түрлері
- Ақша жүйесі мен айналысы
- Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
- Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
- Ақша жүйесінің түсінігі және оның негізгі типтері
- Ақша каражаттарының есебі