Ақша жүйесі және түрлері

Жоспар

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1.АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ…………………………........5 

1.1 Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ...........................................5

1.2 Ақша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері....................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША  

    ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ………………………………………11

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы………..11

2.2 ҚР заңдастырылған ақша белгілері ............................................................12

2.3 Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі ...............................17

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ...19

3.1 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ақша-кредит саясаты…………..19

3.2 Қазақстан Республикасы экономикасының 2010 жылға арналған  

       дамуының сценарийлік нұсқасы......................................................................20

3.3 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған

        ақша-кредит саясаты………………………………………………………….23

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..27

ҚОСЫМША……………………………………………………………………….28 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

        

     Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақшаның негізін тауарлы шаруашылық құрайды, ал оның негізін қоғамдық еңбектің бөлінісі құрайды. Еңбек бөлінген соң (алғышқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы) адамдар арасында айырбастау қажеттілігі туындайды,  яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны және айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген жағдайда көрінеді.

Ақша  тауардан  дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен  тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

     Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғаты емес. К.Марк айтқандай: ″ Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ″

     Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиеттінің бірігумен көрініс табады:

  • жалпыға бірдей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

     Жалпыға бірдей айырбасталу формасы – кез келген материалдық құндылыққа айырбасталу мүмкіндігінің көрсететі. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты (кәсіпорындар, жер, орман, жер асты сатылады) бұл формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

     Ақшаның айырбас құнының дербес формасында ақша тікелей тауарларды өткізумен байланысты емес. Бұл формада олар несие беру, бюджеттің  кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б. арқылы қолданады.

     Еңбектің сыртқы заттык  өлшемі формасында ақша тауарды өндіруге жұмсалған еңбектін өлшеу мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

     Қоғамның дамуы мен байланысты алтынның төлем құралы ретінде рөлі жылдан-жылға азаюда, себебі алтынның өндірілуі жалпы өндіріс көлемінен қалуда ( демографиялық өсүімен байланысты). Сол себептен алтындық ақшалар орнына қағаз ақшалар келді.

     Жекеленген елдердің ішінде бүгінгі күнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – ( қағаз белгілері) қағаз және несие ақшалары қызмет атқарады.

     Әр бір мемлекет өзінің заңңамасына сәйкес ақша жүйесін бекітеді, яғни қандай ақша белгілері айналымда жүретінін. Егер мемлекеттің ақша жүйесі тұрақты дамып отырса, онда сол елде ақша айналымы да тиімді жүргізіледі. Демек, кәсіпорындар да, халықта өздерінің тіршілігін жетілдіріп отырады.

  • ақшаның экономикалық мәнін ашу, қызметтерін анықтау;
  • ақша жүйесінің құрылымын белгілеу;
  • ҚР ақша белгілерін қарастыру;
  • ҚР ақша айналысын жүргізу нысандарын қарастыру;
  • ҚР ақша жүйесін жетілдірудің бағыттарын анықтау.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ  МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері

     Ақша жүйесі – қандай да  бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың  тарихи қалыптасып,заңмен бекітілген  формасы.Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелденбелгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты.Ұлттық ақша жүйесі XV-XVII ғасырлардан қалыптаса басталды.

     Ақша жүйесі өз эволюциясында  ақша – тауар қатынасының даму  деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан  көптеген өзгерістерге ұшырады.Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар.Ол мынадай элементтерді қамтиды:

  • ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
  • ақша бірліктерінің атауы;
  • ақша белгілерінің түрлері,оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
  • ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
  • ұлттық валюта бағамы,оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі;

Ақша  жүйесін ұйымдастырудың принциптері  мыналар:

  • ақша жүйсінің орталықтандырылған басқару принципі.Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
  • тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
  • ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принципі,ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек,алайда инфляцияның дамуына жол бермеу қажет;
  • ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі.Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
  • эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
  • орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

     Әр елдің өзінің калыптасқан  ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің аткаратын негізгі қызметтері аркылы орындайды.

     Ақша-несие айналымының тетігі – ақша-несиелік реттеу тікелей және жанама құралдарының,ақша-несие тұрғысынан реттеуш органдарың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіеді.

     Ақша-несие саясатының негізгі  құралдарына мыналар жатады

ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша  сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері

Ұлттық  банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативі 

Мемлекеттік құнды қағадарды сату және сатып  алу бойынша ашық нарықтағы операциялары

Банктерге несиелер 
 
 
 

1.2 Ақша жүйесінің түрлері 

     Әр елдің өзінің калыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің аткаратын негізгі қызметтері аркылы орындайды.

     Телем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — ақша айналымы деп аталады.Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің заңды бекітілген формасында жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымынын болуы ("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер"); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты "қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалык мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп коймай, сол сияқты қаржы және несие катынастарына да қызмет етеді.Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толык бағалы) ақшалар және құндык белгілер (толык бағалы емес акшалар).

     Қағаз ақшалар (қазыналык билеттер) - бюджет тапшылығы жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген бағамы бар кұнның белгісін білдіреді.Қағаз ақшалар тек кана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста үлғаюы мемлекеттің каржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының колайсыздык жағдайы жатады.

Несиелік  ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың  уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның  төлем құралы қызметін аткаруымен де байланысты келеді. Бұл акшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; колма-колсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.Сонымен, нағыз акшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен накты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы болып табылады.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардын, пайда болуы IX - X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да коса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ.екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы арқасьшда толық бағалы ақшалар барлық бес кызметті де бірдей атқарады.Ал, алтын айналысы тұсында кұнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған. Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.Жоғары кұнды алтын акшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымы ынталандырмады.

 Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері болған:

  • металл акшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни казынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендету барысында булінуі;
  • бағалы металдарды өндірудің қағаз акшаларды шығаруға карағанда өте қымбатқа түсуі;
  • эмиссиондык табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында казынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

     Жай банкнота - бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылатын Орталық банктің билеттерін білдіреді. Бірақ та олар металлға алмастырылмайды, яғни өз кезегінде банктің активтерімен ғана қамтамасыз етіледі.

     Қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірак олардың белгілі бір дәрежеде тауарлык немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ак олар қағаз-ақша айналысының заңдылыктарына бағынады.

     Қазіргі кезде банкноталардың эмиссиялануының келесідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:

  • шаруашылықты банктік несиелеу жолымен;
  • мемлекетті      банктік      несиелеу,      яғни      мемлекеттік      қарызды
  • міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында;
  • активті төлем балансы бар елдерде (Германияда, Жапония және т.б.) ресми валюталық резервтерінің өсуі жолымен.

Бюджет  тапшылығын жабу максатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін  ғана болып, соғысушы елдер өздерінің  шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) - номинальдық құны накты құнынан, яғни олардын, өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.

Оған мыналар  жатады:

  • құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгілері.

     Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді:

  • қағаз ақшаларға
  • несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар - бұл нағыз акшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста  жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда  болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардын айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

Несиелік  ақшалардың мынадай түрлері бар: векселъ банкнота, чектер, және несиелік карточкалар.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала  келісілген мерзімде және белгіленген  жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.

Вексельдің екі  түрі болады:

1)жай вексель

2)аудармалы вексель.

     Жай вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі ал аудармалы вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығынан білдіреді. Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы туралы қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардын көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант, вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.Жай вексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері болып табылады.Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық  вексель - белгілі бір соманы қарызға  беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель — бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық  вексель - кейіннен банкте оларды есепке алу максатында бір біріне беріледі.

Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген  қарыздық міндеттемені білдіреді.

     Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:

  • абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі көрсетілмейді;
  • даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылған дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
  • айналымдық,   яғни   баска   бір   тұлғаларға   аударып   жазу   арқылы (индоссамент) төлем кұралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды;

     Банкнота - қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталык банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем кұралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие:

М (міндеттеме) - Т (тауар).Сонымен ақша, айналыс  құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті  сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы акша массасы тауар  массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.

  • тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
  • мемлекетке қатысты каржылық міндеттемелер;
  • банктік   ссудалар,   мемлекеттік   және   тұтыну   несиелері   бойынша қарыздық міндеттемелер;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік және сот алдындағы және баскадай міндеттемелер.

      Ақшаның төлем құралы кызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар  атқарады. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША  ЖҮЙЕСІНІҢ  

    ЖАҒДАЙЫН  ТАЛДАУ 

2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы 

    КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын еңгізумен аяқталды.КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 Ұлттық банктер  бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО ның бұрынғы республикалары өздерінің ішқі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан « қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украина, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.1992 ж. шілде айында орталық банктердің корресподенттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақта өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, еңгізілген де ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рублдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам  - меншікті валюталарының шығаруы екен осы бастан белгілі боды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия , 1992 ж. қазанда Литва, 1992ж. қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын еңгізе бастады. 1993 ж. мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын еңгізді. Бұл жерде соңғы болып еңгізген қатарына (1995 ж. Таджикстанды қоспағанда) Түркменистан, Узбекистан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазақстандың рубль, аумағын қалпына келтіруге деген ұнтылысынан еш нәтиже шықпады.

     Ресейдегі ақша реформасы ескі үлдегі ақшаларды ТМД елдеріне , оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.1992 ж. 1 жартысында-ақ ҚР-ның жетекшілері ендігі жерде рублден күтер үзіп, өз валютасын шығаруға бет жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Харисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөтіп, 1993 ж. 1,3,5,10,20,50 100 теңгелік ақшалар ҚР жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.1993 ж. 12 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР Ұлттық валютаны еңгізу туралы » Жарғыға қол қойды. Осы Жарғымен 1993 ж. 15 қарашада сағат 8.00 ден бастап ұлттық валюта – теңге еңгізілді.КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және  банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18.00 де аяқталды.Қома-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен  міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 руб. айырбас бағамы бойынша жүргізілді.Кәсіпорындардың баланстарындаға рубльмен берілген активтермен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептеленді. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтермен пассивтерді қайта есептеу кезеңде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.ҚР Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын : 1 доллар тең 4,70 тийын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес бағамен жалақы да өсті. 

2.2. ҚР ұлттық ақшаның белгілері 

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес: 

  1. Қазақстан Республикасының ақша бөлгісі теңге болып табылады.
  2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
  3. Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол төлеп және қолма-қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

     Мәселе мынада — "өтімділік" дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады — "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".Шындығында, активтердің көпшілігі әлуетті ақшалар болып саналады, бірақта, әрине, ол үшін әртүрлі жараңдылық дәрежеде. Кез келген нақтылы активтің, міне, осы қабілеттілігі төлем құралы рөлінде көрінеді, сонымен ол өзгеше ақша рөлін ойнайды, сондықтанда ол экономика теориясында "өтімділік" деген ат алды.Тікелей тәжірибенің бізге көрсетіп отырғанындай, өтімділік — нарықтық экономика активтерінің нақтылы қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез келген актив төлем құралы бола алады. Бар мәселе сол активтерді басқа активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды "трансакциялық шығындар" деп атайды).Айтылғандарға қарап, барлық активтерді өтімділіктің азаю дәрежесіне қарап орналастыруға болады. Осынау ұзын қатардың бір полюсін трансакциялық шығындары болымсыз активтер иеленеді; олардың арасында қолма-қол ақша (банкноттар мен монеталар) "чемпион" болып саналады, себебі олардың тікелей басқа активке нөлдік шығынмен айырбастауға боларлық ерекшеліктері бар — барлық сатушылар әрқашанда және қандай мөлшерде болмасын сізден ондай активті қабылдауға даяр. Қысқартып айтқанда, қолма-қол ақша — ол абсолютті өтімді актив.Басқа полюсінде рыноктік сұраным жоқ және болмайтын да (мысалы сіздің беторамалыңыз) абсолютті өтімліліксіз актив орналасады.Ол полюстер арасында қалған басқа активтер орналасады. Бұған қарап мынаны түсінуге болады — өтімділігі жоғары болған сайын ол ақшаға жақындай түседі, ақшаға жорық жасалынады.

     Өтімділік кез келген әлеуметтік айыру активінің үш ерекшелігін қамтыйды (яғни, қажеттілік туған жағдайда басқа құндылыққа айырбастауға болғандай субъектіге жататын құндылықтарды):

  • активті төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі;
  • "сенімді" активті төлем құралына айналдырудың жылдамдығы мен жеңілділігі;
  • өзінің "уақыт пен кеңістіктегі" алғашқы атаулы құнын сақтаудағы актив қабілеттілігі.

     Көптеген адамдардың өздеріндегі бар активтерді "әлуетті қол-ақша" ретінде бағалаулары кездейсоқтық емес, оны олар көбінесе өтімділіктің нақтылы дәрежесіне түзету жасау арқылы істейді (қолма-қол ақшаға айналдыру).

     Активтердің өтімділігі — экономикалық агенттің нарықтық мәртебесіне маңызды сипаттама болып табылады: ол өтімділік активтерін неғұрлым көп иеленген сайын, оның алдынан солғұрлым экономикалық мүмкіндіктер мол ашылады.Сонымен, иелігінен айырылған кез келген нарықтық (яғни, сұраным бар) актив іс жүзіңде төлем құралы рөлін ойнай алады және сонысымен бірге, мейлі шығындарымен, бірсәттілік, бір-жолғы ақша рөлінде көрінеді деп қорытуға болады.Мұндай жағдайда ақша массасының мөлшерін қалай анықтауға болады? Өтімділік мәні жөніндегі білім бұл сұраққа жауап беруге көмектеседі: ол — төлем (айналым) құралы сипаттамасына өтемділіктің қай дөрежесінің енетіндігіне байланысты.Сірә, егер, тек абсолютті өтімділік мойындалса, онда төлем құралына тек қолма-қол ақша ғана жатқызылатын болады; егер жоғары өтімділіктегі активтер болса, онда ақша массасының көлемі ұлғаяды.Ақша массасы мөлшерін қалай анықтау керек, бұл мәселе оңай шаруа емес; егер осы масса ауқымы шешуші макрозкономикалық мәні бар деп санайтын монетаристер пікірі дұрыс болса. онда реітеуге не жататындығын анықтау керек. Өтімділік көзқарасы "ақша агрегаттары" негізіне — олардың жалпы мөлшерін есептеу мақсатындағы өтімділік активтерін топтауға жатады.

     Нарықтық құндылықтардың әртүрлі дәреже бойынша топтамасы "ақшалар агрегаттары" деген атқа ие болды. Себебі олар ақшаның санын немесе акша сияқтыларды (қажеттілік жағдайда ақша орнына жүретін жоғары өтімділіктегі активтерді) көрсетеді.

          Дәстүр бойынша біз өлі күнге дейін "ақшаны" банкнот және теңге түрінде білеміз. Ал көптеген елдерде ақшаның негізгі бөлігі талап етіп алынатын банк есепшотына жазылатын чек формасында болады. Міне, сондықтанда "М1"(1-сурет) қолма-қол ақшаны ғана емес, сонымен бірге "талап етіп алатын банк есепшотын да" қамтиды.

Ақша жүйесі және түрлері