Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университеті
«Экономика» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:«Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы»
Орындаған:ФК – 03 – 3 тобының
Ақтау – 2005 жыл.
Ақша жүйесі және қазіргі ақша айналысы.
Кіріспе.......................
І Бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы.
1.1. Ақша айналымы туралы ұғым
және оның құрылымы......................
1.2. Қолма – қол ақша айналысы және қолма – қолсыз ақша айналымы...........7
1.3. Металл ақша айналысы..........
ІІ Бөлім. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.
2.1. Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм
жүйесі........................
2.2. Монометаллизм жүйесі..........
2.3. Банкноталар мен қағаз ақшалар
айналысы жүйесі және оның сипаттамасы...................
ІІІ Бөлім. Ақшаның айналыс теориялары және дамуы.
3.1. Ақшаның металдық
теориясы......................
3.2. Ақшаның номиналистік
теориясы және қағаз ақшалар,
олардың айналыс заңдылықтары..
3.3. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының
құрылымы......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Осы
курстық жұмыстың тақырыбы “
Бірінші
бөлімде “Ақша айналымы”, “
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде материалдық өндіріс пен ақша айналысы заңдарының бұзылуының салдары ретінде қаралып, ақша реформасының механизмі, оны жүргізудің алғы шаралары, тәртібі ине нәтижесі көрсетілген.
Курстық
жұмыстың үшінші бөлімінде
І Бөлім. Ақша айналымы.
1.1. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы.
Көптеген
шетел басылымдарында ақша
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
- Қолма – қол ақша да, қолма – қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқарады. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды – техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді;
- Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жұйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал – жабдықтарын бөлуді көрсетті;
- Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
- Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
- Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді;
- Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек мембанк монополды құқықпен шығарды;
- Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеу мен көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс – шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті беймемлекеттендіру және т.б.) ақша айналымында айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Шын мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма – қол ақша айналысы”.
Нарықтық
экономика үлгісі жағдайындағы
ақша айналымына тән
- ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
- қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
- ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
- ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
- ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
- қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымы бір – бірімен тығыз байланыста жүреді;
- қолма - қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма – қол емес ақша белгілері коммерциялық банктер шығарады.
Сонымен,
ақша айналымы деп қолма –
қол және қолма – қол емес
түрінде үзіліссіз қозғалыста
жүретін ақша белгілерін
Ал металл
ақша жүйесінде әрі тауар, әрі
ақша айналымы ретінде олардың
құны айналымда жүрді.Себебі
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлімі. Демек ақша айналысы деген бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың айырысуын қамтмамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.
1.2. Қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымы.
Айналыста тек қолма – қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер/қағаз ақшалар/және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құраған мен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма –қол ақша халықтың ақшалай табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР – ның ақша өлшемі – теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма – қол емес ақша формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлға болса, ақша кәсіпорындары мен ұйымдардың касасына түседі де, ал клиент жек тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара есептесу, негізінен, қолма – қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы, дивиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с.с. түрінде) беріледі.
Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздармен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қорыта
айтқанда, ақша коммерциялық банктердің
төлем – касалық бөлімдерінен
клиенттер арқылы айналысқа
Қолма –
қол емес ақша айналымы (төлем
айналымы) – ол банктегі шот
иесінің жазбаша бұйрығы
Есеп айырысу
операцияларын жүргізу үшін әр
түрлі шоттар қолданылады.
Айналыстағы
ақша алма – кезек біресе
айналыс құралы, біресе төлем
құралы қызметін орындайды.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма – қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазіргі мәселе елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма – қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы
дамыған мемлекеттерде ақша
Қолма –
қол ақшасыз есеп айрысуды
ұйымдастыруға әр елдің тарихи
және экономикалық дамуының
1.3. Металл ақша айналысы.
Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қол өнер кәсібінің бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка – “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт – қадақ – орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы
түрі – құйма металл, оның формасы
да әр түрлі болған (шыбық, сым,
табақша және т.б.). Салмақты металл
құймалары айырбаста алып
Біртіндеп металл
ақшаның түрі де, салмағы да
өзгерген. Мысалы, ертедегі Римде
ақша орнына белгілі бір
Қоғамда еңбек бөлінісінің
дамуының жоғары сапасында
Метал ақшалар толық
құнды және толық құны жоқ
(немесе кембағалы) ақша болып
бөлінеді. Толық құнды ақша деп
монетада көретілген құн (
Ақша айналысында
майда ақшаның үлес салмағы
аз. Дегенмен майда ақшаны
ХХ ғ. 70 жылдары алдыңғы
деноминация (көрсеткішін
ІІ Бөлім. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.
2.1. Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – XVII ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген
элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс еңгізді.
Ақша жүйесінің типі:
ақша – ерекше тауар ретінде
жүруіне, яғни жалпыға ортақ
эквивалент болуына немесе
- металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
- несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырып, айналыста тек белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс металдардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.
- Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылады.
- “Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс – жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.
Биметаллизм
жүйесі Батыс Еуропа
Биметаллизм
жүйесі өскелең капиталистік
шаруашылықтың талабын
заңында айтылған “жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады”
деген қағиданың өмірдегі көрінісі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
2.2. Монометаллизм жүйесі
Монометаллизм
– ол жалпы эквивалент ретінде
тек бір ғана металл (не алтын,
не күміс) қолданылатын ақша
жүйесі. Айналыстағы құн белгілері
монеталар алтынға немесе
Патшалық
Ресейде күміс монометаллизм
1839 – 1875 жж., жүргізілген ақша
реформасының нәтижесінде
Алғашқыда
алтын монометаллизм ақша
Құн белгілерінің
алтынға айырбасталу
Алтын монеталы стандарт (үлгі) – оған негізгі төмендегі белгілер тән:
- елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол қашаның барлық қызметтерін атқарады;
- алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
- айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
- алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығуға және елге әкелуге, сондай – ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын
монеталы стандарт
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің саудадағы қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие ақшларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатысқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды. Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға тұсті.
Алтын
құймалы стандарт – оның алтын
монеталы стандарттан
Алтын дивизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның дивиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын дивизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланасы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығы бірқалыпта сақтау дивтздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарлауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын дивизді стандарткезінде бір елдің валютасы басқа бір елдің валютасына тәуелді болады.
1929 - 1933
жж. әлемдік экономикалық дағдарыс
нәтижесінде барлық
1944 ж. Бреттон – Вудсте құрылған халықаралық валюта еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын дивизді стандартты, шын мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорның азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын долларлы стандарт та айналыстан шықты.
1976 –
1978 жж. Ямайка Халықаралық жүйесі
алтынның айналыстан шығуын
2.3 Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның сипаттамасы
Қазіргі
жағдайда бұрын қалыптасқан
Қазіргі
қағаз – несие ақшалары
- алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның қазына қорына құрылуы (ол қор, негізінен, банктерде сақталады);
- банктердің несиелік операцияларының негізінде қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін шығаруы;
- қолма – қол ақшасыз айналымының дамуының нәтижесінде қолма – қол ақша айналысының қысқаруы (әлемдік экономикада бұл екі айналымның орташа ара қатынасы 1:3 қатынасына тең);
- мемлекет тарапынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және дамыту.

- Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
- Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
- Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
- Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
- Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
- Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
- Ақша жүйесі және түрлері
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы
- Ақша жүйесі және ақша айналымы туралы мәлімет