Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Кіріспе

 

 

“Ақша жүйесі:түсінігі және оның элементтері ” тақырыбындағы осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасы-ның 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады.Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Ақша ертеден адамзат  пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар  бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Ақша - адамзаттың ойлап  тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.

Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ «бай» болғымыз келеді.

Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді, өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да, өз келбетін жоғалтады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған  ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: ақшаның пайда болуына, қызметтері мен маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақша жүйесінің және оның элементтерін, сонымен қатар ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы туралы ұғымдарының теориялық және практикалық негіздемесін беру және Қазақстан Республикасының ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызын қарастыру;
  • Ақша жүйесінің қызметтерін анықтау;
  • Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасын зерттеу;
  • Қазіргі кездегі теңгенің рөлін қарастыру.

Ал екінші бөлімде  қарастырылып отырған ақшан жүйесі және оның элементтеріне бет бұрдық. Сонымен қатар ақша жүйесінің сипаттамасы мен даму тарихына  үлкен мән берілген.

Ал ақырғы бөлім Қазақстан  Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды.Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамның ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына,инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Ақшаның мәні және  қызметтері

 

 

1.1 Ақшаның пайда болуы  және жаратылысы

 

 

Ақшаның  пайда болуын б.ғ.д. 7 ғасырға жатқызады. Бұл кездерде өмір сүрген тайпаларда белгілі бір  затты тұтынуда артықшылық пайда болды. Ол затты олар басқа затқа алмастыра алды. Көбінесе тайпалар малды, бағалы тастар, металды үлкен ауқымда пайдаланды. Менің ойымша зат ақша ретінде белгілену үшін ол ең алдымен сатушылар мен сатып алушылар арасында қолдау табу керек. Ақша қоғамның өзімен анықталады. Қоғамның айырбас ретінде қабылдай тын ның бәрі ақша деп танылады.

Ақшаны пайда болу тарихының екі концепциясы бар: біріншісі-рационалистік, екіншісі – эволюциялық.

Рационалистік тұжырымдама  бойынша ақша айырбасқа қатысатын адамдар арасындағы жалпыға ортақ бірліктің қажеттігіне байланысты келісім болғандығымен түсіндереді. Аристотель өзінің «Никомахтың этикасы» атты жұмысында былай деп жазады: «Айырбасқа қатысатын барлық заттың баламасы, не бағамы болуы тиіс... Айырбас жасау үшін белгілі шарттылыққа негізделген бірлік болуы қажет».

Эволюциялық тұжырымдамаға  сай ақша тауарлар әлемінен бастау алып, ұзақ тауарлық айырбас барысында  тауарлар әлемінің арасынан ақша роліне барынша лайықты болған тауарды  жеке-дара бөлініп шығуынан басталады. Ақшаның пайда болуының эволюциялық тұжырымдамасын біршама толығырақ қарастырайық.

Қоғамдық дамудың алғашқы  қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым  өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда  кездейсоқ кездескенде басқа  бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі - тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

Бірақ кез келген зат  тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Ақшаның пайда болуы туралы концепциялар

 

Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзен-дер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз - тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі - еңбек.     Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды.Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары.Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарлар ға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн – еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясының негізін қалаушылар ХVІІ ғасырдағы ағылшын экономисі У.Петти, ХVІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының - тұтыну құны мен құнының - қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.

Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа  жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам  дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.

Осылайша, мынадай қасиеттері бар тауар бөлініп шықты:

1) Ұзақ сақталатындығы.

Ақша ретінде сақталғыштығы  төмен затты алу мұлде тиімсіз  екенімен келісетін шығарсыз, себебі біршама уақыттан соң ол бұзылып  өзінің ролін атқара алмайтын болса  оның қажеті шамалы емес пе?

2) Жинақтылығы (яғни, көлемі  кішкентай болғанымен құнының жоғары болуы).

3) Экономикалық бөлінгіштігі.

Кез келген пропорцияда  бөліне алмаса ол онда ақша ролін атқара алмайды.

4) Табиғатта аз кездесетіндігі.

Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары  да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта  тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша" Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Ақша қасиеттері

Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа  тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі- барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.

 

 

1.2. Ақшаның қызметтері 

 

 

Жоғарыда айтылғандай, бір тауарды екінші тауарға айырбастау мүмкін болмаған кезде, оның иесі өз тауарын  басқа бір, көбірек тараған, құндырырақ тауарға айырбастады, сонан соң, сол тауарды өзіне керек тауарға айырбастайтын болды.

Осылайша бір тауардың құнын екінші бір тауардың құнымен  баламалап анықтайтын құнның жалпыға  бірдей нысаны пайда болды. Алғашқы  кезде жалпы құнның баламасының  міндетін әртүрлі тауарлар орындады. Бара-бара, ол міндетті орындау үшін көбірек пайдаланатын бірақ тауар іріктеліп алынды.

Бұл жөнінде К.Маркс  былай деген: "Натуралдық нысаны балама нысанымен қоғам бойынша, тұтасып кеткен ерекше тауар, ақшалай  тауар болып табылады, яғни ол ақша болып жұмыс істейді". Осыған байланысты ақшаның мәнін былай деп келтіруге болады. Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

Ақша - тауардың ерекше қасиеті, оның кез келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші болып табылады. Мысалы, құнды товарға салса, оның ақшалай көлемі күн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.

Ақшаның мәнін көрсетуші  оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да (нарық жағдайында да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:

1) Ақша құнды өлшеуші  ретінде.

2) Ақша, айналым құралы  ретінде.

3) Ақша төлем құралы  ретінде.

4) Ақша қорлану құралы  ретінде.

5) Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

Айта кететін нәрсе, көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады.

Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Олай болса, тауар өндіру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшін алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейің солардың көмегімен керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны екі элементтен тұрады. Біріншісі, жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен жанадан шығарылған өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің құны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының құны да, тірі еңбек күшінің құны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Сондықтан әрбір өндірушінің өндірген бір түрлі тауарларының, өзіндік құны әртүрлі болады. Алайда, кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.

Осыдан біз ақшаның  құн құралы ретіндегі атқарымын  көреміз.

Ақша айналым құралы ретінде. Барлық тауарлар, қай жерде  шығарылғанына қарамастан, қандай меншіктің  шығарғанына қарамастан, керекті  уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуға тиісті. Сонымен қатар, әрбір тауар өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға жаңадан құрал саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы төлейді, және басқа да шаруашылықтың қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп, өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жалғастырады (ұдайы өндіріс).

Сонымен, ақшаның айналым  құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның  тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады. Осылайша ақша үздіксіз айналымда жүреді.

Бұл атқарымның өзіне  тән бір ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне-бірінің қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушыға қарай қозғалады.

Айта кететін бір  жайт, осы айналымның құралы ретінде  жұмыс істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес. Өйткені, олай болған күнде айналымдағы ақшаның саны көбейіп, сапасы азайып, құнсыздандыруына апарып соғады. Басқаша айтқанда, айналымда жүрген ақшаның саны (ақшаның көбейуі) осы атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер, ақша айналымы тезірек жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды. Керісінше, айналымның қозғалысы баяулап кетсе, айналымда көбірек ақша жүруі керек.

Ақша төлем құралы ретінде. Бұл атқарымға тауардың қозғалысы мен ақшаның қозғалысындағы айырмашылық тән. Өйткені, тауар, оны сатып алушының қарауына, ақшаның, сатушының қарауына түсуіне қарағанда, әлдеқалай көп түседі. Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім бойынша тауардың құны алдын ала төленетін болса, ақша сатушыға ертерек түседі. Сөйтіп, келтірілген екі нұсқада да тауар мен ақшаның қозғалысы екі бөлек.

Тарих тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретіндегі атқарымда  тауарды несиеге берумен байланысты пайда болған.

Бұл жөнінде К.Маркс  былай деп жазған: "Бір тауардың иесі өзінің қолда бар тауарын сатады, ал басқа біреу оны сатып алады, тек ақшаның өкілі ретінде, тіпті болашақ ақшаның өкілі ретінде. Сатушы несие беруші болады да, сатып алушы қарыздар болып қалады".

Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп және оны қайтарғанда, қаржы органдарымен ақшалай қарым-қатынаста (салық бөлімдері), халыққа қызмет ететін кәсіпорындар мен көрсетілген қызметі үшін есеп ажырасқанда, жеке тұлғаларға еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады. Көбінесе жоғарыда айтылған төлемдер қолма-қол ақшасыз, яғни бір шоттан екінші шотқа аудару арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақша тек, есеп ажыратушылардың бір жағы (біреуі) жеке тұлға болғанда ғана қолданылады.

Ақшаның осы атқарымында, қолма-қол ақшасыз есептесетін жеке тұлғалардың үлесі қаншалықты төмен болса, қолма-қол ақшамен есептесетін заңды тұлғалардың үлесі соншалықты төмен (егер есеп ажыратудың барлық ережелері бұзылмаған болса).

Ақшаның төлем құралы ретінде атқарымының жоғарыда айтылған айналыс құралы ретіндегі атқарымынан айырмасы, бұл атқарымды, ұлттық ақшамен қатар, басқа елдердің ақшалары да орындай алады. (сақтық кассаларға ақша салып, оны қайтып алғанда, экспорттық және импорттық мәмілелер жүргізгенде, басқа елдермен және олардың азаматтарымен басқа да төлемдер жүргізгенде).

Ақша қорлану құралы ретінде. Бұл атқарымды, айланыс  құралы, болмаса төлем құралы ретінде  айналыста жүрген ақшалар емес, айналысқа  қатынаспай жүрген ақшалар ғана орындайды. Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша, банкілердегі есеп шоттарда қалған жеке және заңды тұлғалардың ақшасы кіреді.

Ақшаның қорлану кұралы ретінде атқарымын орындайтын артық  ақша (бос ақша) табыстық шығыннан көбірек  болған күнде ғана пайда болады. Ол ақшалар алдағы кезде орын алатын (күтулі) көлемді шығындардың қоры ретінде сақталады. Сонымен ақшаның бұл атқарымы, несиелік қарым-қатынастың пайда болуына, оның әрі қарай дами түсуіне әсер ететін алдыңғы жағдай туғызады.

Осының арқасында шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың уақытша артық (бос) ақшасы, басқа шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беріледі (қарызға беріледі). Сөйтіп ақшаның бостан-босқа пайдасыз жатуына, сонымен бірге оның инфляцияның әсерінен құнсызданып кетуіне жол берілмейді. Тек мынандай жағдайларға сүйену керек:

- несиеге берілген ақша кедергісіз іске пайдаланылады;

- несиенің уақытында қайтарылуына күмән жоқ;

- несиеге берген ақшадан жоғарғы деңгейде пайда түседі.

Дүние жүзілік ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның алтын тепе-теңдігі  жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз, қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келген. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына қызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғаларымен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, марка, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оны өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.

 

 

1.3 Ақшаның қажеттілігі  және оның экономикалық маңызы

 

 

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына  негізделеді. Кез келген тауар айналысында  ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.  
         Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасындағы тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды.  
         Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.  
        1) Құнның жай және кездейсоқ формасы. 
        2) Толық немесе жалпы формасы.  
        3) Жалпылама формасы.  
        Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.  
        Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатынасуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.  
       Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:  
      - жалпыға тікелей айырбасталу; 
      - айырбас құнының дербес формасы; 
      - еңбектің сыртқы заттық өлшемі.  
      Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақшаның объективті қажеттілігі  тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша - кез келген тауар айналысының  құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар  және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Әйтсе де адам өміріне  ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта  әр түрлі ойлар айтылуда.

"Ақша - зат емес, ол  қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер  адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның кажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.

Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.

Сонымен қатар қазіргі  кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

 

 

2.1 Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы

 

 

Әрбір мемлекеттің өзіне  тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:

Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық  құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;

Несие ақшалары және қағаз  ақша айналысы, бұл жүйеде атына  сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері  жүреді.

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.

Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын  толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

Қатар жүретін валюта жүйесі-онда   алтын  мен  күміс  монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

Қос валюталы жүйе – онда металдардың  санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.

“Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын  мен күміс монеталар заңды  төлем құралы деп саналғанмен  іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

Биметаллизм жүйесі Батыс  Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

Биметаллизм жүйесі өскелең  капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған  қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.

Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы  тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

Монометаллизм – ол жалпы  эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері  мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.

Патшалық Ресейде күміс  монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген  ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген  ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

Алғашқыда алтын монометаллизм  ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында  Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж.,  Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та  1900ж. енгізілді.

Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері