Ақша қаражаттар және есеп айырысу

Кіріспе

 

  Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе,  ақшаның  нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.

Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.

Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.

Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе,  ақшаның  нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына аса назар аударған жөн.

Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау; осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.

   Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың мақсаты зерттелініп жатқан ұйымның ақша қаражаттар есебінің 2007ж 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес жүргізілетінін қадағалау және ХҚЕС көшуге байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

  Көрсетілген мақсатқа  жету үшін зерттеу барысында  төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Ақша ұғымы және оның нарықтық жағдайдағы  мәні ;
  • Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру ерекшеліктері;
  • Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру;
  • Халықаралық стандарттарға көшудегі ақша қаражаттар есебінің    ерекшеліктері;
  • Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі;
  • Есеп айырысу шотындағы ақша есебі;
  • Кассадағы ақшаның есебі;
  • Ақша қаражатының аудиты.

Курстық жұмыстың пәні мен объектісі. Зерттеудің пәні ақша қаражаттар есебі мен аудитін және оның ХЕҚС бойынша өзгешеліктерін зерттеу және жетілдіру болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде «К – Елдос ЛТД» ЖШС мәліметтері алынды.

Дегенмен де, атап өту керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының айналым ұзақтығына ықпал ете алады.  

Ақша, несие туралы ғылым – экономикалық қатынастардың өрісін саралайтын экономикалық білімдердің іргетасы. Несиенің шаруашылық саласында қаржы –қаржатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар. Несиенің өріс алуын өнім өндіру саласынан қарастырмай, тауар айырмасымен шұғылданушылар қызметімен аңықтау керек. Сондықтан қаржыгерлер, менеджерлер, экономикалық ілімді басшылыққа алып отыратын түрлі мамандар үшін  тауар- ақша, валюта – несие қатынастары әрекетінің құр – сырын  меңгеру абзал борыш болмақ.

Экономикалық өмір тірішілігінде ақша – несие,  қаржыландыру, қорлану саласында бағалы қағаздардың мәні мен маңызы зор. Бағалы қағаздар өз иеленушісіне  кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз ету, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық даму процесінде елеулі рөл атқарды. Бағалы қағаздардың әр бір түрін әрекет ету ұқпалы өзіндік ерекшелігі, ақша – несие жүйесінде, қаржыландыру қызметі жағдайында айқындалады.

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

  1. Ақша қаражаттар және есеп айырысу.
    1. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі

 

Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.

Ұйым 1070 «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотында жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруащылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.

Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операцилары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.

Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет.

Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай – ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады.

Ұйымның төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым тауарлы – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады.

Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне кассаға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үш күн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған тауарлы – материалдық құндылықтар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады.

Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді.

Күн сайын немесе ұйымдағы арадағы келісім шарқа сәйкес белгіленген мерзімде банк оның есеп айырысу шотынан көшірме қағазын беріп отырады. Оған айғақ ретінде банк көшірме қағазға есеп айырысу шотына ақшаны тіркеу және есептен шығару үшін негіз болған анықтамалық құжаттарды қоса салады. Көшірме қағазда есеп айырысу шотындағы бастапқы және соңғы қалдық операциялар сомасы көрсетіледі. Бухгалтерия көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексеріп, қате кеткен жағдайда банкке оны хабарлайды. Келіспеушілік сомасы көшірмені алғаннан бастап он күн ішінде қабылданады. Банк көшірмесі тексерілген кезде сомалардың қасына корреспонденцияланатын шоттың нөмірі қойылады.

Көшірме қағаздар өңделіп болғаннан кейін, оның мәліметтері шаруашылық операцияларын тіркеу журналына, одан тікелей журнал – ордерлерге түсіріледі.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы ұйымды жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеа айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі тиіс:

  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен тәсілі.
  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.
  4. Тауарларды, материалдарды жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі мен олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы жайлы хабарлау.
  5. Басқада керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген» және «өтелінбеген» деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонынмен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсететін банкке келісім шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы «өтелінген аккредитив» болып саналады.

Ал сатып алушы ұйым мен жабдықтаушыға қызмет көрсететін банк арасындағы аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім шарт жасалынып, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл «өтелінбеген аккредитив» қатарына жатқызылады.

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы ұйым тауарларды жөнелтіп жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банкке табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте қаралған шарттардың барлығын қанағаттандыратын болуы шарт. Егер шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді.

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1070 шотқа, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1040 шоттың; банктердің несиелері есебінен аударылса, 3010 шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен аударылған сома 3310 «жеткізушілермен есеп айырысу» шотының дебетіне 1070 шоттың кредитіне жазылады.

1070 «Чек кітапшаларындағы ақшалай қаражаттар» шотында чек кітапшаларындағы ақшалармен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақша жабдықтаушылардан алынған тауарлы – материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе көрсеткен қызметтер үшін есеп айырысуға арналған. Ұйым чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш береді, осы өтінішпен қатар чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талабы тапсырмасын ұсынуы тиіс. Чек кітапшасын алғанда депоненттелген сомаға мынадай жазу беріледі: Дебет 1070 «Чек кітапшасындағы ақша» шоты, Кредит 1040,1050, 3010, 3020

Банк чек кітапшасының тиісті жеріне чек кітапшасы берілген ұйымның немесе жеке адамға берілсе, оның аты – жөнін жазады. Чек кітапшасындаға ондағы жұмсалмаған соманың мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушы мен есеп айырысуға болады.

Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған  басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

 

 

Ұйымның есп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.

Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Ұйымдарда нақты ақшалар мен қатар пошта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталынады. Олар 1070  «Банктердегі арнаулы шоттағы ақшалар» шотында есепке алынады. Сонымен қатар бұл шотта ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсалуы тиіс қаржылар, ұйымның демалыс – ағарту, демалыс лагерлеріне бөлген қаржылары есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Несиелік қатынастар есебі 

Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын, сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.        Экономикалық категория ретінде кредит - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Несиегер – қарызды  беретін несиелік қатынастың бір жағы. Несиегер – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілері болып табылады.      Қарыз берушілерге:банктер,банктік емес мекемелер, мемлекет,шарушылық субъектілері және халық жатады.

Несие экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталды. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлі;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми – техникалық прогресті жеделдету.

Несиені қайта бөлу қызметі кез келген  елдің ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несие бұл қызметтің көмегімен  экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Кредиттің бұл қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік  негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы,яғни ол нарықтық механизімі негізінде жүзеге асырылады.

Несие айналыс шығындарын үнемдеу қызметтінің іс жүзіне асу несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни кредиттің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызмет іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми – техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталды. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаналық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырады.

Несиенің түрлері – ол ұйымдастыру-экономикалық нысандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:

  • Несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім өндіретін шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат, жанар-жаңар майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
  • Экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие түрлері болады;
  • Несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге, мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
  • Несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде қарызға алған сомасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан несие ақылы құн категориясы.

Дегенмен, бұрыңғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге беріледі. Достық несие де – ақысыз несие түрі.

Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.

Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі:

  • Айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
  • Негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
  • ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетні несие;
  • өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
  • жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
  • төлем несиелері.

Қамтамасыз етілуі бйынша:

  • жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен, мақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
  • ішінара қамтамасыз етілген;
  • Қамтамасыз етілуі болмайтынбанкілік.

 Қайтарылу мерзімі  бойынша:

  • Қысқа мерзімді;
  • Орта мерзімді;
  • Ұзақ мерзімді.

Өтелу тәртібі бойынша:

  • Бөліп-бөліп төлеу;
  • Бір жолғы өтеу;
  • Кезең сайын бір қалыпты өтеу.

Тәуекелді деңгейі бойынша:

  • Субстандартты;
  • Стандартты;
  • Күмәнді;
  • Сенімді;
  • Сенімсіз;
  • Ұзартпалы.

Ақылылығы бойынша:

  • Қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;
  • Жоғары пайыздың мөлшерлемесі;
  • Төмен пайыздың мөлшерлемесі;
  • Пайызсыз.

Салалық бағыты бойынша:

  • Сауда-саттық несиесі;
  • өнеркәсіп несиесі;
  • ауыл шаруашылық несиесі;
  • құрылыс несиесі.

Ашылатын шот түрлері бойынша:

  • жай ссудалық шот бойынша несие;
  • арнайы ссуда шоты бойынша несие;
  • контокоррренттік шот бойынша несие;
  • овердрафт бойынша несие;

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құндықағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша; шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие – ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде берілекді.

Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымның оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

Овердрафт несие ұйымның шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖШС «К-Елдос ЛТД» серіктестігінің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
    1. ЖШС «К–Елдос ЛТД» жалпы сипаттамасы

 

ЖШС «К–Елдос ЛТД» 2004 жылы 14  шілде айында құрылған. Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.

  Бұл мақсаттарға жету  үшін келесі қызмет түрлерін  жүзеге асырады:

  • Ауылшаруашылық, мал шаруашылық өнімдерін және халық тұтыну тауарларын өңдеу және сату
  • Құрылыс материалдарын , канцеляриялық тауарларды сатып алу және сату
  • Қамтамасыз ету, өткізу, сауда – саттық және коммерциялық қызметі
  • Қоғамдық тамақтану пунктері, автожуу, дәріхана, базар,сауда үйлері, ресторан, фирмалық дүкендер жүйесін ашу
  • Сауда – делдалдық, көтерме – даналап саудалау
  • Тұрғын – үй, офистер және өндірістік жайлар салу
  • Авто жолдарын салу
  • Жобалық, сметалық, транспорттық, заңгерлік, тұрмыстық және басқа да қызметтер
  • Автокөлік бағыттарын ашу
  • Жолаушыларды тасымалдау
  • Автотұрақтар, техникалық қызмет станциясын ашу
  • Халық пен ұйымдарға тұрмыстық, транспорттық қызмет көрстету
  • Жөндеу – құрылыс монтаждық және электормонтаждық жұмыстары, күрделі құрылыс
  • Делдалдық қызмет
  • Сыртқы экономикалық қызмет, экспорт–импорт операциялар
Ақша қаражаттар және есеп айырысу