Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

I.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................................................5

    1. Ақша қаражаттарының мәні және түрлері………………………………..5

1.2. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын  бөлу механизмі және есептеу  әдістері…………………………………………………………………………14

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары  ағымын жоспарлау…………………20

II. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ……………25

    1. Ақша қаражаттарын басқару……………………………………………25
    2. Ақша қаражаттарын тарту саясаты……………………………….…….27
    3. Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың  тиімділігін  арттыру  жолдары………...……………………………..…33

III.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ.………………………………………………………….……..37

3.1. Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру………………………..37

3.2.Қазiргi кездегі шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың ақшалай ағындарын тиiмдi басқаруы бойынша инновациялық шешiмдер……....…40

ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................45

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша А

Қосымша Б

Қосымша В  

Қосымша Г

Қосымша Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқашаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және  ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.

“Кәсіпорынның ақша ағымы» түсінігі біріктіріліп, жалпыланған; оның құрамына шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін әртүрлі ақша ағымдары енеді.

Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарга негізделген:

1) Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.

2) Теңгерілімділікті   қамтамасыз   ету   ұстанымы.   Басқарудың   біртүтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге жэне де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.

3) Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бүл ұстанымды жүзеге асыру үшін кэсіпорынның қаржылық инвестицияларын жұмсау арқылы оларды тиімді пайдалану қажет.

4) Өтімділікті қамтамасыз ету үстанымы. Бұл үхтаным қарастырылып отырған мерзімнің эрбір уақытша интервалы арасындағы жағымды және жағымсыз ақша ағымының сэйкес синхронизациясын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты - кэсіпорынның дамуы барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін жэне олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау.

Ақша ағымын тиімді басқаруда келесі негізгі ережелер жоғары роль атқарады:

  • ақша ағымдары шаруашылық қызметтің барлық салаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
  • ақша  ағымын  тиімді  басқару  кәсіпорынның стратегиялық 
    дамуы барысында қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;
  • ақша ағымын оңтайлы құру: төлемдерді жүзеге асырудағы 
    кез-келген қателік еңбек өнімділігі мен дайын өнімді өткізу 
    деңгейінде кэсіпорын қорын құруға жағымсыз әсерін тигізеді;
  • ақша  ағымын  басқару  кэсіпорынның  капитал  айналымын 
    жылдамдатудың негізгі қаржылық түтқасы болып табылады;
  • ақша     ағымын     тиімді     басқару     кәсіпорынның     төлем 
    қабілетсіздігі тәуекелін төмендетеді.

Ақша қаражатын басқаруда келесі жұмыс атқарылады:

  • ақша қаражатының айналым уақытын есептеу;
  • ақша ағынын талдау және болжау;
  • ақша қаражатының оңтайлы дэрежесін анықтау;
  • қаржылық бюджетті құру.

Ақша ағынының қозғалысын талдау есеп беру кезенінің мэліметтері бойынша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ағымдағы іс-эрекет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызметі, ақша қаражатымен байланысты өзге де операциялар. Ақша қаражатының қозғалысын талдау екі тэсілдің біреуімен жүзеге асырылады: тура эдіс, жанама эдіс.

Ақша ағынын болжау дегеніміз - ақша қаражатының қозғалысын талдау схемасы бойынша, бірақ болжап отырған кезеңде ғана, ақша қаражатының мүмкін болатын түсімі мен жылыстауын есептеу. Болжау статистикалық мэліметтер жэне деректік мэліметтерді талдау негізінде жүргізіледі.

Мен бұл курстық жұмысымда негізінен нарықтық экономика жағдайындағы байланысты компанияның ақша қаражаттарының  қалыптасу ерекшеліктері мен даму жағдайы, оның экономикалық мәні, олардың қызметтері мен міндеттері және басқаруды жоспарлауды, яғни компанияның ақша қаражаттарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін дамытуы мен оны жетілдірудің жолдарын қарастырғалы отырмын.    

 

I. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

    1. Ақша қаражаттарының мәні және түрлері

 

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік формасы мен түтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мэнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Бірішіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нэтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, эр адамның еңбектегі, яғни коғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем қүралы қызметін атқарғаны.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар түлыну қүны түрінде айырбас қатынасының бір жағында түрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша түрады.

Тауарлар дүниесінің тауар жэне ақша болып екіге бөлінуі оның түтыну құны мен қүнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның түлыну қүнының біреудің қажетін өтеуге керек болған-дығы. Бүл бір жағынан, ал екінші жағынан оның қүнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған қү_н енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті түтыну қүнын алуға мүмкіндік туады.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарыңда сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Үлттық банкісінін нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бүл келтірілген мәлімет заңды түлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісім шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды түлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бүл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары тенгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі жән сол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен үйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бүл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды түлғалар үшін, соңдай-ақ занды түлғаның оқшауланған бөлімшелері үшінде ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айыфысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экононикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.  Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің нөмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың мемлекеттік салық қызнетінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырнаны үсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін үсынуды; инкассалық жарлыны үсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысаңдары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады. Төлеушімен алушылар өзара есеп айырысу нысаңдарын келісім-шарт негізінде анықайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жүмысты және тауарлы-материалдық қүндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға аддын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы үсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да қүжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап   10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғаңда ғана орындауға қабылданады. Төлем қүжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретіңде де үсынуы мүмкін. Бүл қүжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі-данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол койылып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем қүжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рүқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бүрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем қүжатын үстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті үстаушыпың ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып белінеді. Біріншісі - депозиттермен қамтылған, ал екіншісі — қамтылмаған болып бөлінеді. Бүл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойыншада. Чекті қолданумен байланысты банкпен чек берушінің міндеті мен қүқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бүл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке түлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек үстаушылардың қүқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем қүжаттарына қол қою қүқына ие түлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз   болып   қалатындықтан   чекте   жазылғандарды  түзету  және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектін түбіртегінде қиғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек үстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке үсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнің есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

       Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша  - қаражаттары, сондай-ақ  фирма әрекеттері  негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

 Кәсіпорынның белгілі бір  уақытқа алынған жалпы капиталы  тұрақты, алайда уақыт өте келе  ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның  капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік  үнемі өзгерістегі шарттарға  тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет/4,270б./.

 Ақша қаражаттары – бұл  кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті  қалыптастыратын және қызметті  таңдаудағы еркіндік беретін  активтердің ең өтімді категориясы /5-238б./ .

 Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.

 Пайда алуға бағытталған  кәсіпорын қызметі өнімді өткізу  процесінде дебиторлық қарызға  айналатын ақша қаражаттарының  түрлі активтерге ауысуын  талап  етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау  процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.

Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді /5,240б./.

Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл  ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі  берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады /5,245б./ .

  Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша  «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі – ақша қаражаттарының таза қолданысы,  ал пассив – таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.

   Германиядағы ғалымдардың  түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп  қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық  аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады /5,246б./.

 Ресейде «ақша ағымдары»  түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру  құрамына енген қосымша № 4 «ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»  атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.

 Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары  ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.

Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады. /6,147б./

 Кәсіпорын және корпорация  қызметіндегі ақша қаражаттарының  және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.

Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты – кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету /7,238б./.

Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:

  • тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
  • пайда;
  • ақша қаражаттарының ағымы.

Осы көрсеткіштердің шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:

  • Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
  • Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
  • Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
  • Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және  инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде,  эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
  • Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық      түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді /3,277б./. 

Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.

 Мұндай саясат нәтижесі болып:

  • банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
  • кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.

 Ақша ағымдары дегеніміз  – бұл есепті немесе жоспарланған  уақыт барысындағы кәсіпорынның  алатын және төлейтін ақша  қаражаттарының көлемі /5-179б./ .

 Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды. 

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.

      Нарық заманының  экономикасында ақша қаражаттары  өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.

Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:

  • ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
  • қолма-қол ақша ағымын талдау;
  • ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
  • ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.

      Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс  активтерді, меншікті және қарыз  капиталын қоса алғандағы басты  бағыттарды қамтиды.

       Кәсіпорын үшін  ақша ағымын басқару келесі  себептерге байланысты маңызды  болып табылады:

  • баланс өтімділігін реттеу;
  • қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
  • уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
  • экономикалық өсуді жоспарлау.

Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді /8, 189б./.

 




 



 

 

 

Сурет 1.  Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы

 

 Жоғарыда тұрақты қаржылық  жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын  ағымдық қызметке бағыттаған  кәсіпорынның байланыс схемасы  көрсетілген. Ақша қаражаттарының  қозғалу бағыты бойынша екі  ақша ағымын көрсетуге болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы – кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады.

 Жүзеге асырылу түрлері бойынша  ақша ағымын қолма-қол және  қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз  ақша қаражаттары – бухгалтерлік  есеп шоттарында жазылу арқылы  жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша  қаражаттары – қолда бар ақша  қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады.

 Айналыс аясына байланысты  ақша ағымы ішкі және сыртқы  болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның  конрагенттерінен келіп түскен  және оларға төлеуге жұмсалатын  ақша қаражаттарын құрайды. Бұл  операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі /3,305б./.

 Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның  ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен  қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды  қайта тіркеу, материалды құндылықтар  бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді /Қосымша Б/.

 Ақша қаражаттарының түсіміне  және жұмсалу көлеміне байланысты  артықшылықты, оптималды және дифицитті  ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша  қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі /9,221б./ .

 Жоспарланған ақша ағымын  болжап, оны ақша қаражаттарының  қозғалысы бюджетіне алдын ала  кіргізуге болады. Кәсіпорында жүйесіз пайда болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі.

  Қалыптасудың үздіксіздігіне  байланысты тұрақты және дискретті  ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты  ақша ағымы қарастырылып отырған  уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады /5.241б./ .

 Көлемді есептеу әдісі бойынша  жалпы және таза ақша ағымын  көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.

 Таза ақша ағымын келесі  формула бойынша анықтайды:

 

  ЧДП=ПДС–ВДС                                                                                   (1)

 

Мұндағы, ЧДП – есепті кезеңдегі таза ақша ағымы;

ПДС – есепті кезеңдегі келіп түскен ақша қаражаттарының                       сомасы;

ВДС – есепті кезеңдегі төленген ақша қаражаттарының сомасы.

Бірдей уақыт аралығында жүзеге асырылатын ақша қаражаттарының түсімі немесе жұмсалуы бірқалыпты уақыт интервалындағы тұрақты ақша ағымын білдіреді, әлемдік тәжірибеде бұл аннуитет түсінігіне сәйкес келеді /3, 245б./.

Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру