Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ  АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ..............................................................................................................................6

1.1 Ақша қаражаттарының  түсінігі............................................................................6

1.2 Ақша қаражаттарының  функциялары.................................................................8

2 АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ  ЕСЕБІ...............................................................11

2.1 Ақша қаражаттарының  құжаттық ресімделуі...................................................11

2.2 Касса операцияларының  есебі............................................................................14

2.3 Банктердің арнаулы  шоттарындағы ақшалар есебі..........................................20

3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ  АУДИТІ.............................................................27

3.1 Төлеу циклінің және  ақша қозғалысының аудиті............................................27

3.2 Кассалық операцияларды  тексеру.....................................................................33

3.3 Банк операцияларының  аудиті...........................................................................38

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................45

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

РМҚ Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен

 

Тақырыбы : «Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті».

 

 

 

                                                                                      Орындаған :

                                                                                УиА-10к/о тобының студенті

                                                           Оналбаева Д.Ж.

                                                             Ғылыми жетекші:

                                                                             Оқытушы: Нұрғалиева Ә.Қ.

                                                                    Комиссияның құрамы:

  Кафедра орынбасары  э.ғ.к.,   проф. Гельманова З.С.

  Аға-оқытушы Ильина Т.Ф.

                                                           

                                                                          

 

Теміртау, 2013 ж.

КІРІСПЕ

 

Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады.

Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті үзекті болып есептелінеді.

Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит  әдістемесі департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың,яғни субъектілерінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардың түрлі операциялық және инвестициялық  қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі,кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның ,яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді»делінген.Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар,субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге)тапсырады»делінген [1].   

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында,сондай-ақ материалдық құндылықтарды,негізгіқұралдарды,тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі байланысты түрлі операциялар пайда болады.Әрбір кәсіпорын,ұйым,мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп,жабдықтаушы ретінде болатын болса,екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың,фирмалардың арасында алашақ және берешек  операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі.Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  • Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
  • Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс,тиімді пайдалануды бақылау.
  • Есеп айырысу,төлеу тәртібін бақылау,кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

 

 Барлық   шаруашылық   жүргізуші  субъектілер  өз  ақша  қаражаттарын  банкі  мекемелерінің  тиісті  шоттарында  сақтап  және  міндеттемелері  бойынша  төлемдерін,  әдетте,  осы  мекемелер  арқылы  ақшасыз  нысанда,  ал  қажет  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкісінің  нормативті  құжаттарымен  белгіленген  шегінде  нақты  ақщамен  есептесуді  жүзеге  асырады [2]. 

Курстық жұмыстың мақсаты – ақша қаражатының кәсіпорын үшін маңызын талдау, оның кәсіпорында жүргізу тәртібі мен қозғалысын құжаттық рәсімдеу және аудитін талдау, кассаның құрылымын талдау, кассалық кітапты жүргізу, касса бойынша есеп беру тәртібі, синтетикалық есебін талдау.

Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу, тексеру.

Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен байланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.

Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:

-    Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұнын талдау;

-    Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін және аудитін талдау.

Курстық  жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып есеп жөніндегі нормативтік актілер, осы зерттеліп отырған мәселе бойынша оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды. Сонымен қатар аудит және қаржылық есеп берудегі алғашқы құжаттары мен есеп жүргізу жөніндегі тізім көрсеткіштері пайдаланылды.

 

1 НАРЫҚ ШАРТТАРЫНДАҒЫ  АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ РӨЛІ

1.1 Ақша қаражаттарының  түсінігі

 

Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны- белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны- мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын  мен күміске жататындығын айтқан.

Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар  құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады» [3].

Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды.Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері- жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады.

Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі . Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мао өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан (көлемнен) артық болатын жағдай  туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің « тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды. Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы  күштердің  (факторлары) салдарынан өнім өндірушілер өздерін  бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің  артығына ауыстырып алатын болды [4].

Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:

- Натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.

- Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық  туды.

Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар қиыншылықтары болды. Олар:

-  Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің  іздеп жүрген тауары  бар өндіруші  табылуы керек. Және, сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт.  Мысалы, егін егуші  адам өзінің өндірген бидайын, теріге ауыстырғысы келсе, қолында терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет.  Басқаша айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара  керекті тауарлар  болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде кездесе бермейді.

-  Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде  олардың құнын ескеру керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап бидайға, оның құнына баламалы тауар іздеу керек. Бұда оңай іс емес.Міне, сондықтан да, бара-бара  тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы, көптеген түрлі- түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп ( таңдап) алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның құны екі кило бидай болса, бір өгіздің құны-бес қап бидай т с с. Бұл мысалда, ақшаның міндетін бидай атқарады.

Жалпы ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып  табылады. Тауар- бұл сату немесе айырбастау үшін  жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың  тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы обьективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез- келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып  алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажетті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

Ақша қаражаты – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар [5].

Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар – шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

–Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;

–Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген [6].

Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар – шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

 

 

1.2 Ақша қаражаттарының  функциялары

 

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

 Ақша құн өлшемі  ретінде. Құнның өлшемі қызметі  тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады [7].

Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

 Ақша құн өлшемі  қызметін идеалды, оймен ойлау  арқылы орындайды. Яғни тауардың  құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына  дейін орындалады, сонымен құнның  тауар формасынан ақша формасына  айналуы үшін тауардың бағасын  белгілесек жеткілікті.

 Құн өлшемі және  баға масштабы ретіндегі ақша  қызметтерінің арасында едәуір  айырмашылық бар. Құн өлшемі –  мемлекетке тәуелді емес ақшаның  экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға масштабы заңды спатқа  ие бола отырып, мемлекет билігіне  тәуелді және құнды емес тауар  бағасын көрсету үшін қызмет  етеді.

 Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде  тауарларды өткізудегі делдал  болып табылады.

 Тауарлар бір қолдан  екінші қолға ауыса отырып, өзінің  тұтынушысын тапқанға дейін ақша  үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу дәне сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

 Айналыс құралы ретінде  ақша қызметтерінің ерекшеліктері  мыналар:

- тауар мен ақшаның  қарама-қарсы қозғалысы;

- оны идеалды ақшалар  емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

- ақшаның бұл қызметінде  тауарларды айырбастау өте тез  орындалатын болғандықтан, оны нағыз  ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар  – ақша белгілері орындайды.

 Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен  байланысты. Бірақ ақша қозғалысы  міндетті түрде тауар қозғалысымен  бір уақытта тоғысуы тиіс емес.

Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады [8].

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп тоатауға болады:

- тауарларды және қызметтерді  төлеуге байланысты міндеттемелер;

- еңбек ақы төлеуге  байланысты міндеттемелер;

- мемлекетке қатысты  қаржылық міндеттемелер;

- банктік қарыз, мемлекеттік  және тұтыну несиесі бойынша  борыштық міндеттеме;

- сақтандыру міндеттемелері;

- әкімшілік-сот сипатындағы  міндеттемелер және басқалары.

 Ақша – қорлану  және жинау құралы ретінде. Ақшаның  төлем және айналыс құралы  қызметтері ақшалай қорлардың  құрылуын талап етеді. Ақшаның  қорлануының қажеттігі Т –  А – Т айналымының екі актілерге  Т – А және А – Т айрылуымен  байланысты.

 Қазына жинау қызметінің  қажеттігі тауар өндірісімен  байланысты болды. айналым капиталын  немесе тұтыну заттарын алу  үшін ең бастысы жинау қажет.Металл  ақшалар айналысы тұсында қазына  жинау тек қана ақша айналысын  реттеуші ролін атқарған болатын.Өндірістің  және тауар айналысының кеңеюі  барысында металл ақшалар қазынадан  айналысқа шығын отырды немесе  керісінше [9].

Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасынреттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады.

Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді.

1998 жылы 1 қаңтарда қазақстан  Республикасы Ұлттық банкісіндегі  монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн теңгені құрады.

 Дүниежүзілік ақша  қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда  болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің  пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационналдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды.

Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды.

 Егер де елдің ішінде  ақша ұлттық ақша бірліктері  формасында қызмет етіп жүрер  болса, ал одан тысқары жерде  К. Маркстің айтуынша: "ақшалар  өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл  формасын киеді", яғни жалпыға  бірдей эквивалент формасына  өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ  ЕСЕБІ

2.1 Ақша қаражаттарының  құжаттық ресімделуі

 

Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:

  • шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;
  • есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
  • ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
  • кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
  • есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.

Мекемелер қаржылық-шаруашылық қызметтері барысында қажетті үзіліссіз өзара есеп айырысу қарам-қатынастары пайда болады, яғни:

– жабдықтаушылармен олардан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін;

– сатып алушылармен оларға жөнелтілген тауарлық-материалдық қорлар үшін;

– көлік мекемелерінен тауарлық-материалдық қорларды жеткізгендері үшін;

– қаржы органдарымен салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша;

– басқа да мекемелер, кәсіпорындар, ұйым және тұлғалармен әртүрлі шаруашылық операциялар бойынша;

– жұмыскерлермен және қызметкерлермен енбекақы және т.б. бойынша.

Ақшалай қаражаттардың бухгалтерлік есебінің жоғарыда көресетілген міндеттерін ойдағыдай орындау үшін кассалық тәртіпті өте қатал сақтау қажет.

Бұл айтарлықтай дәрежеде ақшалай операциялармен шұғылданатын барлық лауазымды тұлғалардың есеп беру тәртібін қатал сақтауына негізделінеді.

Мекеме басшысы мен бас бухгалтері лауазымды тұлғалардың кассалық, тауарлық немесе аванстық есеп берулерді тапсыру мерзімдерін бұзуды, ақшалай кассалық құжаттарын ресімдеудегі ұқыпсыздықты, банктегі ағымдағы шотынан салт ақшалар алатын чек кітапшаларының сақталуына және қолданылуына бақылауды нашарлатуды, банктің өткізілген немесе байланыс мүшелері арқылы аударылған түсімдер тиісті шоттарға есепке алу мерзімдерін бұзуды қатаң тоқтатулары керек. Мұндай бұзушылықтар кассалық тәртіпті сақтауға бақылауды нашарлатуға әкеледі және ақшалай қаражаттарды ұрлау мен теріспайдалану үшін жағдайлар туғызады [10].

Кассалық тәртіпті қатаң сақтау үшін алдын-ала бақылаудың үлкен маңызы бар. Оны мекеменің басшысы мен бас бухгалтері кассалық құжаттарды ресімдеу және қол қою кезінде жүргізуге, сонымен қатар ақшалай қаражаттарды пайдаланудың заңдылығын, экономикалық және шаруашылық мақсаттарға сәйкестігін, оларды жұмсау мөлшерлерін (нормаларын) сақтауды алдын ала сақтандыруға міндетті.

Ақшалай қаражаттардың сақталуын және орынды пайдалануын қамтамасыз етуде, сондай-ақ кейінгі бақылау да зор рөл атқарады. Ол кассалық есеп беруді қабылдауда, кассадағы ақшалай қаражаттар мен ақшалай құжаттарды түгендеуде және есептік жазулардың дұрыстығын тексерген кезде жүзеге асырылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары ( мерзімі бір жылдан кем) және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады.

Ақшатүсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалуға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді [11].

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі ( Қосымша1).

        — негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;

— инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;

— қаржыландыру жөніндегі қызмет.

Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.

Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:

— тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;

— сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;

— тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;

— қызметкерлерге ақша төлемдері;

— ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;

— шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемдер.

Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:

— негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе төлемдері;

— меншікті капиталды немесе басқа кәсіпорындардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;

— басқа кәсіпорындарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз;

  • басқа кәсіпорындарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақшатүсімдері.

Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.

Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:

— акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;

— акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардыңтемін төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;

        — қамтамасыз  етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, вексельдерді, облигацияларды, 6acқa да қысқа мерзімді және ұзақ, мерзімді займдарды шығарудан түскен aқшa түсімдері;

        — алынған  займдарды өтеу есебінее aқшa төлемдері;

қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақмерзімді жалмен байланысты aқшa төлемдері мен түсімдері [12].

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей әдіс және жанама әдіс.

Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті