Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.
Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.
Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.
Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.
Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді.
Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады.
Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.
Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады.
Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.
Кәсіпорындағы жүйелік
есеп, талдау және ақша қаражаттарының
қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы
және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы
мен төлемқабілеттілігін
Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты – кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:
- тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
- пайда;
- ақша қаражаттарының ағымы.
Осы көрсеткіштердің шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:
- Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
- Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
- Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
- Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
- Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.
Мұндай саясат нәтижесі болып:
- банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
- кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.
Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі.
Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.
Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.
Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:
- ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
- қолма-қол ақша ағымын талдау;
- ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
- ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.
Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.
Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:
- баланс өтімділігін реттеу;
- қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
- уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
- экономикалық өсуді жоспарлау.
Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сурет 1. Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Жоғарыда тұрақты қаржылық жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын ағымдық қызметке бағыттаған кәсіпорынның байланыс схемасы көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалу бағыты бойынша екі ақша ағымын көрсетуге болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы – кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады.
Жүзеге асырылу түрлері бойынша ақша ағымын қолма-қол және қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз ақша қаражаттары – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылу арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша қаражаттары – қолда бар ақша қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады.
Айналыс аясына байланысты ақша ағымы ішкі және сыртқы болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның конрагенттерінен келіп түскен және оларға төлеуге жұмсалатын ақша қаражаттарын құрайды. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі.
Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды қайта тіркеу, материалды құндылықтар бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді.
Ақша қаражаттарының түсіміне және жұмсалу көлеміне байланысты артықшылықты, оптималды және дифицитті ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі.
Жоспарланған ақша ағымын болжап, оны ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетіне алдын ала кіргізуге болады. Кәсіпорында жүйесіз пайда болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі.
Қалыптасудың үздіксіздігіне байланысты тұрақты және дискретті ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты ақша ағымы қарастырылып отырған уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады.
Көлемді есептеу әдісі бойынша жалпы және таза ақша ағымын көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.
Таза ақша ағымын келесі формула бойынша анықтайды:
ЧДП=ПДС–ВДС
Мұндағы, ЧДП – есепті кезеңдегі таза ақша ағымы;
ПДС – есепті кезеңдегі келіп түскен ақша қаражаттарының сомасы;
ВДС – есепті кезеңдегі төленген ақша қаражаттарының сомасы.
Бірдей уақыт аралығында жүзеге асырылатын ақша қаражаттарының түсімі немесе жұмсалуы бірқалыпты уақыт интервалындағы тұрақты ақша ағымын білдіреді, әлемдік тәжірибеде бұл аннуитет түсінігіне сәйкес келеді.
Ақша ағымдарын тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:
- анықталған уақыт бойынша олардың көлемі (ай,тоқсан,жыл);
- олардың негізгі элементтерін;
- ақша қаражаттарының ағымын қалыптастыратын қызмет түрлерін;
- қарастырылатын кезең бойынша ақша ағымының жалпы көлемінен басқадай түрлерін бөлек интервал бойынша қарастыру;
- ақша ағымының қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы маңызды факторлар.
Кәсіпорынның өтімді ақша қаражаттарының ағымы – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы таза несие ұстанымының өзгерісін білдіреді.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және есептеу әдістері
Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті
көлемде меншікті капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы мақсатқа жетуде ең маңыздысы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен кетуін тиімі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу.
Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын қарекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді.
Ақша ағымдарын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылық тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдардың мерзімі азайту және кәсіпорынның шаруашылық қырекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәеуелділігін төмендетуді жүзеге асыруға болады.
Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.
Ақша қаражатының ағымы
үш түрлі қарекет бойынша
- ағымдық;
- инвестициялық;
- қаржылық.
Қалыпты қызметін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарда ағымдық қызметіндегі ақша қаражаттарының ағымы инвестициялық және қаржылық қызметке бағытталуы мүмкін. Мысалы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен зайдарды өтеуге, сонымен қатар займдарды берушілерге пайыздарды төлеу.
Негізгі қызмет бойынша ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарының негізгі бағыттары
Түсімдер |
Шығыстар |
|
1. Жабдықтаушылар мен 2. Еңбекақы төлеу 3. Әлеуметтік сақтандыруға және
бюджеттен тыс қорларға 4. Салық бойынша бюджетпен есеп айырысу 5. несие бойынша пайыздар төлеу 6. аванстар |
Негізгі қызмет пайданың басты көзі болғандықтан ол ақша қаражаттарының негізгі көзі болуы тиіс.
Негізгі қызмет – кәсіпорынның негізгі кірістерінің көзі болып табылатын қызмет және инвестициямен, қаржымен байланыссыз басқа да қызмет түрлері.
+
АҒЫМДЫҚ
ҚЫЗМЕТ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
Сурет 2. Ақша қаражаттарының қозғалу схемасы
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді пайдадан мүлікті сату-сатып алумен байланысты. Инвестициялық қызметпен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы болашақта ақша қаражатының кірісі мен пайда табуды қамтамасыз ететін ресурстарды сатып алуға шығындарды көрсетеді.
Инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстарының негізгі бағыттары:
түсімдер |
шығыстар |
|
|
Инвестициялық қызмет уақытша ақша қаражатының шығысына алып келеді.
Қаржылық қызмет кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыз құрылымының көлемі мен құрамын өзгертетін қызмет болып табылады.
Кәсіпорын қаржылық қызмет атқарған кезде акционерлерден ресурстарды алады (акция эмиссиясы), акционерлерге ресурстарды қайтарады (дивидендттерді төлеу), несие алады және несие бойынша төлемдер жүргізеді.
Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстарының негізгі бағыттары
түсімдер |
шығыстар |
|
|
Қаржылық қызмет негізгі және инвестициялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету және ақша қаражатын ұлғайту үшін керек.
Кәсіпорынның негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметтері арасындағы байланысты келесідей көрсетуге болады:
Ұзақ мерзімді активтерді алуға
кеткен ақша қаражаттары
Ұзақ мерзімді активтерді
алуға кеткен
ақша
қаражаттары
Сурет 3. Кәсіпорынның негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметтері арасындағы байланыс
Тәжірбиеде ақша ағымын есептеудің екі әдісі қолданылады: тікелей және жанама.
Тікелей әдіс – экономист-бухгалтерлерге, қаржыгерлерге түсінікті ең қарапайым есеп жүргізу әдісі болып табылады. Бұл бухгалтерлік есеп регистрларымен байланысты (бас кітап, журнал-ордер) және ақша қаражаттарының түсімі мен шығуына бақылау жасау және көрсеткіштерін есептеу үшін қолайлы. «Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы» атты тоқсандық есеп берудің түрі осы тікелей әдіс негізінде құрылған. Осылайша, бүкіл кәсіпорын немесе оның жекелеген қызмет түрлері бойынша түсімдердің төлемдерден артуы ақша қаражаттарының кірісі болып табылады. Ал, төлемдердің түсімерден артуы шығын болады.
Кесте 1
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы аналитикалық есептілік
Көрсеткіштер |
Базалық жыл |
Есепті жыл | |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Кезең басына арналған ақша қаражаттарының қалдығы |
= |
= |
І. |
Ағымдық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы Өнімді өткізуден түскен түсім(ақшалай және ақшалай емес формада) |
+ |
+ |
2. |
Мүлікті сатудан түскен түсім |
+ |
+ |
3. |
Жеткізушілер шоттары бойынша төлемдер |
- |
- |
4. |
Еңбекақы төлемдері |
- |
- |
5. |
Бюджетке және мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға жарналар |
- |
- |
6. |
Банк ссудалары бойынша |
- |
- |
7. |
Өзге де түсімдер мен төлемдер |
+,- |
+,- |
8. |
Ағымдық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-) |
= |
= |
ІІ |
Инвестициялық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы |
||
9 |
Негізгі құралдарды сатудан түскен түсім |
+ |
+ |
10 |
Негізгі құралдарды алу |
- |
- |
11 |
Өзге де баптар |
+,- |
+,- |
12 |
Инвестициялық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-) |
=(+,-) |
= (+,-) |
ІІІ |
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы |
||
13 |
Банктік несие |
+ |
+ |
14 |
Бюджеттік несие |
+ |
+ |
15 |
Несиелерді жабу |
- |
- |
16 |
Бағытты қаржыландыру |
+ |
+ |
17 |
Ұзақ мерзімді қаржыландыру |
+ |
+ |
18 |
Өзге де баптар |
+,- |
+,- |
19 |
Қаржылық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-) |
=(+,-) |
=(+,-) |
20 |
Түскен ақша қаражаттары, барлығы |
= |
= |
21 |
Төленген ақша қаражаттары, барлығы |
= |
= |
22 |
БАРЛЫҒЫ, ТҮСІМ (+), ШЫҒЫН (-) ақша қаражаттары |
= |
Жоғарыда қаражаттарының қолданылуын талдау кестесі көрсетілген. Кесте ай немесе тоқсан бойынша құрылуы мүмкін. Ол үшін бас кітапты, журнал-ордерді, аналитикалық есеп көрсеткіштерін есепке ала отырып жасайды. Берілген форма ақша қаражаттарын оперативті басқаруға мүмкіндік беретін тікелей әдіс негізінде жасақталған.
Ұзақ мерзімді қызмет нәтижесінде ақша ағымын тікелей есептеу әдісі кәсіпорынның өтімділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал оперативті басқаруда тікелей әдісті қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуға ақша қаражаттарының жеткілікті болуына қатысты бақылау жүргізуде қолданылады. Бұл әдіс кемшілігі алынған қаржылық нәтиже мен ақша қаражаттарының абсолютті көлемінің өзгеруі арасындағы байланыстың ескерілмеуі.
Жанама әдіс аналитикалық жағынан қолайлы. Ол алынған пайда мен ақша қаражаттарының арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарын жанама әдіспен есептеу, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша нақты ақша қозғалысын көрсетпейтін таза пайда көрсеткіші бойынша жргізіледі. Сондай-ақ, жанама әдіс қызмет түрлері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын талдауға негізделген және кәсіпорынның пайдасының нақты қайдан келетінін, қайда салыну керектігін көрсетеді.
Жанама әдіспен құрылған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, есепті уақыттың басына және аяғына арналған бухгалтерлік баланстар арасындағы байланыс құралы болып табылады. Себебі, ақша қаражаттараның шоттар бойынша есебі өзгеруінің өзге баланс баптары өзгеруіндегі айырмашылығын ашады.
Пайданың ақша ағымына айналуына бірнеше түзетулер қатары енгізіледі. Шаруашылық операциялар және ақша қаражаттарының қозғалысы жасақталу уақытына ақшалай емес факторлардың және уақытша келеңсіздіктің әсерін азайтады. Ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операциялар мысалы ретінде, материалдық және материалдық емес айналымнан тыс активтерге алмастырылған акция және облигация эмиссиясы жатады, немесе бір капиталдық активтердің екіншісіне ауыстырылуы.
Шетел тәжірибесінде
ақшалай емес операциялар ағымдық
қызметке қатысты бартерлік келісіммен
ұсынылады. Мұндай келісімдерді ақша ағымдарын
жанама әдіспен есептеу кезінде
түзетулер талдауы жолымен
Кәсіпорынның таза пайдасының өсуіне әсер ететін нақты түзетулер келесідей:
- негізгі құралдар және материалдық емес активтер бойынша аударылған амортизация;
- запас қалдықтарының азаюы;
- дебиторлық қарыздың қысқаруы;
- болашақ кезең шығындарының азаюы;
- жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасындағы кредиторлық қарыздың өсуі;
- бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың алдындағы кредиторлық қарыздың өсуі;
- өзге де қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуі;
- алынған материалдық құндылықтар бойынша ҚҚС төмендеуі;
Таза табыстан алынады:
- негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы;
- запастарды өсіру;
- дебиторлық қарызды жоғарылату;
- кредиторлық қарызды жоғарылату;
- өзге де қысқа мерзімді міндеттемелерді қысқарту;
- өткен жылғы бөлінбеген пайданы пайдалану;
- резервтік қор қаражаттарын пайдалану;
- болашақ кезең шығындарын өсіру;
- алынған құндылықтар бойынша ҚҚС қалдығының өсуі.
Егер есепті кезең нәтижесі бойынша шығын алынған болса, онда жанама әдісте есептемелер оның көлеміне негізделіп жүргізіледі.
Ақша қаражаттарын оперативті басқаруда жанама әдісті қолдану артықшылығы, ол қаржылық нәтижелер мен меншікті айналым қаражаттары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді анықтап, олардан шығу жолдарын қарастыруға болады.
Әдіс кемшіліктері:
- ішкі қолданушылармен аналитикалық есепті жасаудағы жоғарғы еңбектілік;
- бухгалтерлік есептің ішкі көрсеткіштерін қарастыру қажеттілігі (бас кітап);
Аналитикалық жұмыс жүргізудегі екі әдіс бірін-бірі толықтырып, есепті кезең бойынша кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты түсінік береді.
Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
Ақша қаражаттары ағымы – бұл кәсіпорынның есепті және жоспарланған уақыттағы алатын және төлейтін ақша қаражаттарының жиынтығы.
Ақша қаражаттарының қозғалысын жоспарлау бухгалтерлік есептің кассалық әдісі негізінде құрылады. Яғни, барлық түсімдер мен төлемдер ақшаның кассаға нақты төленуі немесе банктің есепті шотына аударылуы негізінде есепке алынады.
Ақша қаражаттарының ағымы болжамы, өзімен бірге кассалық әдіс негізінде құрылған пайда және шығындар туралы есепті ұсына отырып, жоспарланатын түсімдер мен шығыстар құрылымын ашады.
Ақша қаражаттары ағымының есебін құру және болжамдау келесілерге әкеледі:
- ақша қаражатының қажетті көлемін анықтау;
- сату көлемін болжамдау;
- ақша қаражаттарының түсімін болжамдау;
- ақша қаражаттарының төлемдерін болжамдау;
- есепті кезең соңына арналған бос ақша қаражатын анықтау;
- үлкен көлемде қолданылмай тұрған бос ақша қаражатын азайту.

- Ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу
- Ақша қаражаттары туралы есеп
- Ақша қаражаттары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны
- Ақша қаражаттары түсінігі
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
- Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
- Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаттарының қозғалысы
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп