Ақша саясаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.Саяси жүиенің мәні..........................
2.Саяси жүиенің құрылымы мен атқаратын қызметі.......................
3.Саяси жүйелердың типологиасы...................
4.Қазақстан республикасының саяси жүйесі........................
ҚОРТЫНДЫ......................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Саяси биліктің қызмет атқару зандылықтарын, саяси өмірдің мәнін,оның тұтастығын және баска салаларымен байланысын танып білуге “қоғамның саяси жүйесі” ұғымының маңызы ерекше. Бұл тақырып қоғамның саяси жүйесі деген не, оның қүрлымы мен атқаратын қызметі қандай деген мәселелерді басты назарда үстайды.
1.Саяси жүйенің мәні.
2.Саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын қызметі.
3.Саяси жүйелердың типологиясы.
4.Қазақстан республикасының саяси жүйесі.
1.Саяси жүйенің мәні.
Қазақта “Жүйелі сөз-жүйесін табады, жүйесіз сөз-иесін табады”деген мақал бар. Шынында да, халқымыз ылғый да қабылданған шешімінің, атқаратын істің, айтылған сөздің қисынды, тиянақты, жүйелі болуына үлкен көңіл бөлген.
Жүйелік талдау теориясы бойынша:
1) жүйе көптеген элементтер мен бөліктерден құралады;
2) ол бөліктр өзара байланыста бола отырып тұтастық құрайды;
3) жүйенің шегі бар;
4) жүйенің кызмет атқаруы үш циклден тұрады: кіру, өңдеу және шығу.
Сөйтіп, жүйенің мынадай анықтамасын беруге болады.
Жүйе дегеніміз - қүрылымы күрделі, құрамындағы бөліктері өзара байланысқан әрі бағытталған тәуелді байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде іс-әрекет атқарып, дамып отыратын құбылыс. Жүйе, Оның негізінде материалдық жүйені түрлі таптар мен әлеуметтік топтар олардың мүдделерін бейнелеп, іске асуын камтамасыз ететін түрлі институттар (мемлекеттік органдар, мекемелер) мен механизмдер және олардың арасындағы өзара тығыз да ретті байланыстар құрайды. Коғам құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жіктеуге болады.
Саяси өмір-қоғамдағы қондырмалық мәнге ие болатын, өз алдына дербестік таныта алатын кіші жүйе болып табылады. Саяси жүйе-саяси өмір саласының тұтастығын кызмет атқаруын және салалармен байланысын камтиды. Саяси саланы жүйелік зерттеп, теориясын түзген Американың белгілі саясаттанушы ғалымдары Дэвид Истон мен Габриэль Ллмонд болатын.
Д. Истон саяси саланы өз алдына дербес, ішкі қүрылымдық бөліктерінің өзара байланысына, сырттан келетін сан түрлі әсерлерге сәйкес үнемі іс-қимылда болатын, өзгеріп отыратын динамикалық жүйе ретінде қарастырады. Г.Алмонд бұл мәселеге құрылымдық-функционалдык түрғыдан келіп, саяси жүйені азды-көпті күштеу тәсілін қолдана отырып біріктіру және бейімделу функция- ларын аткаратын өзара байланыс жүйесі ретінде қарастырады.Ал Маркстік ағым саяси жүйені таптык көзқарас тұрғысынан бағалайды, оны үстем таптық мүддесін бейнелейтін және оны қорғауды басты мақсат ететін саяси механизм ретінде аныктайды. Саяси жүйе туралы басқа да көзқарастар бар.
Сөйтіп саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруға арналған түрлі элементтер мен механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысы өзара карым-қатынасын тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен өміршеңдікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың, ұйымдар мен козғалыстардың, т.б. іс-әрекеттері реттеліп отырады.
2.саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын қызметі
Саяси жүйе өзінің біртүтастығына карамастан қызмет атқару барысында, басқа салалармен байланыс үстінде үнемі қозғалысқа түсіп, өзгеріп отырады дедік. Оның шекарасы, қамтитын аумағы тарихи дәуірге, қоғам сипатына карай жылжымалы. Сөйтсе де қандай бір саяси жүйені алмайық, оған тән оның мәндік негізін анықтап, тұрақтылығын баянды ететін құрылымдык бөліктері бар.
Саяси жүйеның қүрылымын анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Соның ішінде орыс ғылымы М.Х.Фарушкин ұсынған жіктеме соңғы кезде саясаттанушылардың оң ықыласына ие болып отыр.
Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік. Себебі, түптен келгенде бүкіл саяси жүйе саяси билікті камтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың мүддесіне катысты.
Саяси жүйенің құрылымы:
1.саяси институттар,
2.саяси қатынастар,
3.саяси принсиптер мен нормалар,
4.саяси сана мен мәдениет
саяси институттар:
-тікелей саяси институттар
-жанама институттар
-саяси емес құрылмдар
тікелей саяси институттар:
1.мемлекет;
2.саяси партиялар
Саяси жүйенін құрълымы негізінен алғанда элементтердін төрт түрлі тобынан құралады:
-саяси институттар (үйымдар мен мекемелер);
-саяси катынастар;
-саяси принциптер мен нормалар көне саяси сана мен саяси мәдениет.
Жүйе құрамьнда саяси биліктін қызмет атқаруы саяси институттар арқылы жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді: тікелей саяси институттар, жанама саяси институттар және саяси емес құрылымдар. Мемлекет пен саяси партиялар тікелей саяси институттар болып есептеледі. Себебі саяси билікті хылқтар жүргізеді. Саяси билікті үстап тұру, жүргізу немесе ол үшін күрес мемлекет пен саяси партиялардың қызметінің мазмұны. Мемлекет пен саяси партиялар арнаулы тарауда қарастрады.
Жанама сияси институттарға саяси процестерге қатысатын. саяси билікке азды-көпті ықпалы бар, бірақ негізінен алғанда түрлі таптар мен топтардын әлеуметтік мүдделерін корғаумен шұғылданатын бұқаралық ұйымдар, мәселен, касіподақтар, жастар одағы, корпорациялар сияқты ұйымдар жатады. Олар билік тұтқасының жүргізіп отырған сясатына өз көзқарасын білдіреді, онын алдына нақты талаптар қояды. Қажет болтан жағдайда қысым да жасайды. Билік тұтқасын куаттағанда онын шешімдерінін жүзеге асуына белсене ат салысады.
Саяси емес құрылымдардын, ұйымдық негізі, ішкі тәртібі, ұйымдасу және басқару жүйесі бар. Олар саяси билікке қатыспайды. Алайда, қоғамдық процестер өтпелі кезендерді бастан өткергенде, бүкіл халыққа қатысты принципті саяси мәселелер күн -тортібіне қойылғанда, сондай-ақ, демократияландыру қарқын алып, көпшіліктің саяси белсенділігі арта түскен жағдайларда, олардың саяси мәнді мәселелерді көтеріп, саяси билікке ықпал жасауға мүмкіндігі бар. Оларға түрлі ерікті қоғамдар, шығармашылыкқ одақтар, т.б. жатады. Мәселен спорт қоғамдары, ардагерлер одағы, жазушылар одағы т.б.
Саяси жүйенін, құрамындағы маңызды тарамдардың бірі –саяси қатынастар Олар - саяси билікті жүргізу барысында немесе оған байланысты қалыптасатын қоғамдық катынастардың бір саласы. Саяси қатынастарды үш топқа жіктеуге болады. Ең әуелі таптардың, топтардың, ұлттар мен мемлекеттер арасындағы саяси мәнді қатынастар. Олар саяси жүйенін негізін құрайды және түрлі саяси ұйымдардың кызмет атқаруының көрінісін табады. Бұл қатынастарға, сондай-ак, таптар мен топтардың ішкі қарым-қатынасы, ұлтаралық қатынастар да жатады. Саяси қатынастардың екінші тобы саяси билік жүргізу барысында басқару органдарының қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык, саяси және рухани процестерге жасайтын ыкпалы негізінде қалыптасады. Бұл қатынастар арқылы саяси жүйенің әлеуметтік бағыт-бағдарын, билік жүргізудің амал-тәсілдерін сипаттауға болады. Үшінші топка саяси жүйе құрамындағы түрлі саяси ұйымдар мен мекемелердің өзара қарым-қатынасы жатады.
Саяси принциптер мен нормалар саяси жүйенің нормативгік негізін құрайды. Саяси режимдер бір-бірінен осы принциптер мен нормалардың мәндері арқылы ажыратылады. Олар саяси кдтьтнастарды реттеп отырады, саяси институттардың іс-қимылын, бағыт-бағдарлық өзара байланысын анықтайды.
Саяси принциптер мен нормаларды да бірнеше топқа бөлуге болады:
1) қүқықтық нормалар: конституция, оған негізделген зандар және түрлі нормативтік актілер;
2) жарғылық (уставтык) нормалар -саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметін, ішкі тәртібін анықтайды;
3) калыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптар;
4) адамгершілік нормалары мен принциптері, ар-ұждан, сөз бен істің бірлігі, бөтен пікірге құрметпен карау, өз ісіңе жауапкершілікпен қарау.
Қысқасы, саяси принциптер мен нормалар арқылы белгілі алеуметтік мүдделер мен саяси сенімдер ресми мойындалып, бекімін табады.
Саяси жүйенің маңызды құрамдас бөлігі – саяси сана мен саяси мәдениет. Олар тұтас саяси өмірдің бейнесі ретінде нақты саяси және әлеуметтік практика негізінде қалыптасьты, бұл саяси жүйенің қызмет атқарушысына елеулі ықпал жасайды. Саяси сана мен саяси мәдениетті арнаулы тарауда қарастырамыз.
Саяси жүйенін құрылымын талдай отырып оның біртұтас құбылыс ретінде қызмет атқаруында акпараттық байланыстың ерекше роль атқаратынын айта кету орынды. Оған саяси билікті түрлі деңгейлері мен буындарының арасындағы ақпараттың толықтығын, шыншылдылық нақтылығын және дер кезінде жетіп отыруын камтамасыз ететін байланыс жүйесі, сондай-ақ бұқаралық акпарат кұралдары - теледидар, радио, газет-журналдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси шешімдерді, атқарылып жатқан істің жәй-күйін көпшілікке жеткізу арқылы caяси мәдениеттің қалыптасуына, жұртты жұмылдыруға үлкен ықпал жасайды.
Саяси жүйенін мәні оның атқаратын қызыметтерінен (функцияларынан) көрініс табады. Айта кететін бір жай caяси жүйенің функцияларын анықтауда да әртүрлі көзқарастар бар, Көптеген саясатганушылар бұл ретге осы мәселені тереңірек зерттеген Г.Алмондтың түйіндеріне көбірек назар аударады. саяси алеуметтендіру, азаматтардың саяси санасын калыптастыру билік шартына қойылатын талаптарды сүрыптау; заңдар мен нормаларды шығару, оларды қолдануды үйымдастыру жиі бакылау мәселелерін алға тартады. Демеқ әртүрлі пікірлерді жинақтай келе саяси жүйенің басты функциялары негізінде, мыналарды атауға болады:
]) Саяси жүйе - қоғамның ахуалының, сыр-сипатының, кайшылықтарының бейнесі. Одан экономикалык, демографиялық құрылымдар мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
2) Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың ішіндегі бірінші кезектегі маңыздылары анықталады.
3) Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады (консенсус, тұрақтылык, тұтастык).
4) Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын камтамасыз етеді.
3. Саяси жүйелердың типологиясы
Ортақ мәнді белгілері болғанына қарамастан әрбір қоғамның өз ерекшеліктерін халықтың бойына сіңірген өзіндік саяси жүйесі болатыны даусыз. Сондықтан да алуан түрлі саяси жұйелерді салыстьтрмалы түрде қарастырып жіктеуге, топтастьгруға және типтік түрлерін анықтауға болады. Бұл ретте де саясат туралы ғылымда саяси жүйелерді әртүрлі өлшем тұрғысынан жіктеудің орыны бөлек.
• Маркстік тәсіл, мәселен қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып қүл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік саяси жүйелерді ажыратадьт.
• Биліктің әлеуметтік негізіне карай әскери және азаматтық, ұлттық-демократиялық және буржуазиялық-демократиялық саяси жүйелерді бөлуге болады.
• Саяси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына карай демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық жүйелер есебінде қаралады.
• Саяси жүйелер өзінің ұстаған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланулы жүйелер болып бөлінеді.
• Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем, азаматтық-қоғам жетілмеген, Ксрісінше, осы заманғы жанғырып, жаңарған дүиеде дамыған азаматтық қоғамның саяси рольдері нақтыланған.
• Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтакдырылған және жергілікті билік буыңдарына және т.б.болып бөлінеді.
Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г.Алмонд жасаған жіктемесіне ой тоқтатады. Ол басты өлшем ретінде саяси мәдениет айырмашылығын басшылыкқа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін жіктейді: англо-американдык; коятннентальды-еуропалык; индустриландырылмаған және жарым-жартылай иңдустрилаңдырылған; тоталитарлык.
Алғашқы типке АҚШ, Англия, Канада және Австралия мемлекетгерінің саяси жүйелері топтастырылған. Бұл жүйелер тұрақтылықтың, жоғары деңгейімен, биліктің тармақталуымен сипатталады. Саяси мақсаттар мен оларға жету жолдарын барлық саяси күштер қуаттайды. Сөйте тұра партия- oл мүдделі топ өз мақсатын айқын біледі, жүйе құрамыңда нақты өз орындары бар,Халық үшін басты маңызды нәрсе - жеке бостандық, әл-ауқаттың жеткіліктілігі және қауіпсіздік.
Саяси жүйенің континенталді-европалық типіне Франция, Германия, Италия сияқты елдерді жатқызуға болады. Мүңдағы саяси мәдениет ескі мен жаңаның қоспасы деуге болады. Ондағы көп партиялар қоғамдағы едіәуір ыкдалы идеологиялар мен ескі дәстүрлерді басшылыққа алған.
Азия, Африка және Латын Америка елдерінің көбінің саяси жүйелерін индустрияландьгрылмаған немесе жартьтлай индустрияландырылған деп аталатын типке жаткьізуға болады. Бүл елдердің саяси мәдениеті Батыс еддеріне тән қасиеттердің, этностық дәстүрлердін, Дінни ғұрыптардың коспасы. Билік айқын тармақталмаған, әскерилер мен агатараттағы бюрократтар заң шығару міндетін жиі-жиі өз мойындарына алады, сот ісіне де қол сүгады. Түрақсыздьгқ басым, күштеу әдісі үстем. Көпшіліктің саясатка араласуы іс жүзінде шектеулі. Тоталитарлық жүйені арнаулы тақырыпта қарастырамын.
4.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Қандайда саяси жүйе болмасын, оның заңдық негізі, яғни конституцияға негізделген болуы керек.
Республика Конституциясында, Қазақстан мемлекетіне мынандай анықтама берілген:
Мемлекеттік құрылыс нысаны - унитарлық мемлекет;
Мемлекет басқару нысаны – президенттік республика;
Мемлекеттік саяси режим – демократиялық режим.
Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып табылады. Оны бүкіл халық сайлайды. Президент - мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы. Ол ішкі және сыртқы саясат тетігін қолында ұстайды, қарулы күштердің бас қолбасшысы. Үкімет құрамын өзі тағайындайды, парламенттен тәуелсіз. Қазақстанның атынан халықаралық қатынастарда өкілдік ететін лауазымды тұлға. Ол халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды. Парламент қабылдаған заңдарды бекітеді, келіспеген жағдайда қайта қарауға жібереді. Конституцияға сәйкес заң шығару өкілеттігіне және Парламентті тарату құқығына ие.
2007 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінің дамуындағы жаңа кезең басталды: бұл күні ҚР «Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы өзінің күшіне енді. Жаңа өзгерістер бойынша:
1. Президент өзінің біршама құзіретін Парламентке берді. үкімет бұрын, негізінен, Президент алдында жауапты болса, ендігі жерде Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі Конституциялық заңмен бекітілді. Президенттің өкілеттілігі 7 жылдан – 5 жылға қысқарды. Осы заңның 42 бабының 5 тармағында мынандай толықтыру берілген: «Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Бірінші Президентіне қатысты емес». Мәжіліс депутаттары тепе-теңдік жүйесі бойынша сайланады. Сенаттың мүшелерінің саны президенттің квотасының 7 ден 15 депутатқа артуы есебінен көбейетін болды;
2. Праламент Мәжілісі депутаттарының саны 77 – ден 107 мүшеге дейін көбейтілсе, сенаторлар саны 8 адамға көбейді. Сонымен Қазақстанның заң шығарушы органы 116 мүшеден 154-ке артты. Мәжілісте 107 депутат, Сенатта 47 депутат болмақ;
3. Заң бойынша елдегі аз этникалық топтар мен диаспоралар мүдделерінің жоғары заң шығарушы билік тармағы дәрежесінде қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халықтары Ассамблеясына 9 депутаттық орын беру межеленген;
4. Үкіметтің , яғни атқарушы биліктің парламент алдындағы жауапкершілігінің күшеюі жаңа баптардан анық байқалады. Егер 1995 жылғы Конституцияның мәтінінде Үкіметке сенімсіздік вотумын жасау үшін Парламент мүшелерінің үштен екісінің дауысы керек болса, енгізілген өзгерістерге сай, ендігі жерде жай ғана көпшілік болуы жеткілікті. Бұдан былай министрлерге әр апалата жеке-жеке сенімсіздік көрсете алады;
5. Орталық сайлау коммиссиясы, Конституциялық кеңес, Есеп комитеті сияқты маңызды мемлекеттік ұйымдардың үштен екі мүшелері енді тек Парламент келісімімен тағайындалатын болды. Сондай-ақ, партиялық тізімде жеңіске жетіп, парламентте көпшілік дауыс алған партия елдің Премьер – Министрін тағайындайды;
6. Мәжілістің 98 депутаты партиялар тізімімен түскен депутаттардан құралса, 9 депутат Қазақстан халықтары Ассамдлеясы өкілдерінен сайланады;
7. Конституциялық өзгерулерге сәйкес, жергілікті әкімдер Мәслихаттардың келісімімен тағайындалатын болды. мәслихат әкімнің кандидатурасы осы облысты басқаруға сәйкес емес деп есептесе, Президенттен басқа кадрды ұсынуды өтіне алады. Жаңа заң бойынша Мәслихаттарға әкімдерді алу мәселесін де көтере алатын құқық берілді. Ендігі жерде әкімге сенімсіздік білдіру бұрынғыдай мәслихат депутаттырының үштен екі бөлігін қажет етпейді, жай ғана көпшілік болса жетіп жатыр. Мәслихаттардың өкілеттілік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылды;
8. Сот жүйесі жетілдіріледі. Тұтқынға алу ендігі жерде сот шешімімен жүзеге асырылады. Сот қызметіне мамандар іріктеуді жүзеге асыратын Әділет Біліктілік Коллегиясы таратылып, оның құзырындағы міндеттер Жоғары Сот Кеңесіне жүктелетін болды. Осылайша соттың құрамын сапалы судьялармен жасақтауда Жоғары Сот Кеңесінің тәуелсіз орган ретіндегі беделі арата түседі;
9. Азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау жүйесі жітілдіре түскен. Жоғарыда айтылғандай ендігі жерде тұтқынға алу тек қана сот шешімімен жүзеге аспақ. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолданбау туралы конституциялық норма енгізілді. Ендігі жерде өлім жазасы адам өліміне әкеліп соққан ланкестік әрекеттерге және соғыс кезінде жасалған аса ауыр қылмыстарға ғана қолданылады;
10. Конституциядағы Мәжіліс депутаты ешқандай да императивтік мандатпен байланысты емес деген қағида алынып тасталды. Ендігі жерде Мәжіліс депутаты өзін ұсынған партияның ұстанымымен санасатын болмақ, партиядан шыққан жағдайда, депутаттық мандаттан айрылу көзделген. Алайда бұл қағиданың Сенат депутаттарына қатысы жоқ.
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар халық билігінің іске асуына көмектесетін саяси жүйенің негізгі буындарының қызметтерін жандандырып, Қазақстан қоғамын демократияландырудың Конституциялық базасын күшейте түседі деп күтілуде. Елдегі саяси жүйе өзінің дамуының жаңа сатысына көтерілді . осынау өзгерістер барысындағы елдегі Президенттік басқару жүйесі ендігі жерде президенттік-парламенттік басқару жүйесіне өтумен ерекшеленбек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының бүгінгі саяси жүйесін нақты бір типке жатқыза қою қиын. Тоталитарлық жүйеден кеше ғана шықтык, Оның салдары әлі жойыла қойған жок, Дегенмен, Ангилия-Американдық жүйеге ұмтылудамыз, сондай-ақ, континентальды-еуропалық жүйеге тән сипаттардың да, азиялық ерекшеліктердің де бар екенін айтқан жөн Қазақстан Республикасы, Ата заңымызда атап керсетілгендей, "Өзін демократиялық, зайырлы, қүқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат казынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылык; бүкіл халықтын, игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістерімен, оньң ішіңде республикалық референумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу" (1-бап). Ең бастысы Қазакстанның саяси жүйесі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық болып табылатын президентгік басқару нысанындағы демократиялық жүйе есебі қалыптасып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. САЯСАТТАНУ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы .
Ұлықпан сыдықов, Қаз ҰТУ.Алматы ,1996 ж
2. САЯСАТТАНУ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы .
Ұлықпан сыдықов, Қаз ҰТУ.Алматы ,2006 ж
3.САЯСАТТНУ.Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.
Жамбылов.Д.Ә ҚазҰТУ.Алматы,2003ж
5.Егемен Қазақстан ;10-қаңтар,2005жылы,7бет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Қоғамдық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы Қоғамның саяаси жүйесі.
20
№ | Жұмысты орындау сапасы | баға диапазоны |
1 | Орындалған жоқ | 0% |
2 | Орындалды | 0-50% |
3 | Материалды өзіндік жүйелендіру | 1-10% |
4 | Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау | 0-5% |
5 | Қосымша ғылыми әдебиетті пайдалану | 0-5% |
6 | Орындалған жобаның ерекшелігі | 0-10% |
7 | Жобаны қорғау | 0-20% |
20
Оқытуш Кенебаев Г.Ж
Студент Мапила
Мамандығы 050704
Тобы ВПБт-04-2қ
АЛМАТЫ 2007
20

- Ақша саясаты және оның элементтері
- Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері
- Ақша теориясы
- Ақша теориясы
- Ақша теориясы
- Ақша теориясының дамуы
- Ақша теориясының эволюциясы
- Ақша - өндірістік категориясы ретінде
- Ақша реформасы
- Ақша реформасы
- Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы
- Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері
- Ақша саясаты
- Ақша саясаты