Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы

            І-ШІ ТАРАУ. АҚША РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 

1.1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі 

      Ақша  – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға  бірдей  балама  рөлін  атқаратын,  кез-келген  тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ереше тауар. Капиталистік қоғамға дейінгі формацияларда ақшаның рөлін түрлі тауарлар, мысалы, аң терісі, астық, мал атқарды. Тауар өндірісінің дамуына байланысты жалпыға бірдей балама рөлін асыл металдар – алтын мен күміс атқара бастады. Одан  әрі ақша белгілері – қағаз ақша, құны толымсыз шақалар, меншікті құны  жоқ, бірақ алтын мен күміс ақшаның орнын басқан тағы сол сияқтылар  айналысқа түсті. Ақша  айналысы – ақшаның айналыс құралы ретінде және  тауар айырбастау барысында төлем төлеу, көрсетілетін қызметтер мен  орындалатын жұмыстарға ақы төлеу құралы ретінде қолда бар ақша және қолда жоқ ақша нысандарында қозғалысқа түсуі. Елдің ақша айналысын  ұйымдастырудың мемлекет белгілеген нысандары оның ақша жүйесін құрайды. Мемлекет ақша өлшемін (теңге, сом, рубль, доллар, марка, т.б.)  баға ауқымын, айналыстағы ақша белгілерінің түрлерін, олардың шығарылу  тәртібін, ақшамен қамтамасыз ету сипатын, қолма-қол ақшасыз төлем  айналымының нысандарын, ұлттық валюта бағамын айқындайды. Белгілі бір  уақыт кезеңінде айналыста жүрген ақшаның саны ақша массасын құрайды.  Ақшаның негізгі функцияларын атқаратын нәрселердің бәрі: айналыс құралдары, құн өлшемдері, жинақ қаражаты ақша болып табылады. Айырбас  құралы ретінде ақша қоғамның баспа-бас айырбас мәмілесінің  қолайсыздығынан құтылуға, оның географиялық маманданудың және  адамдардың арасындағы еңбек бөлінісінің жемісін пайдалануына мүмкіндік береді. Құн өлшемі ретінде ақша түрлі игіліктер мен ресурстардың  салыстырмалы құндарын өлшеу үшін пайдалануға қолайлы. Ақшаны жалпы  балама ретінде пайдалану кез-келген өнімнің бағасын ақша бірлігі арқылы  көрсетуге мүмкіндік береді, мұның өзі кез-келген мәмілеге қатысушылардың  түрлі тауарлардың (қызметтердің) салыстырмалы құндылығын оңай  салыстырып анықтауына мүмкіндік туғызады. Ақшаның сатып алуға жарамдылығын қолдау елеулі дәрежеде ақша ұсынымын мемлекеттік  реттеудің тиімділігіне байланысты. Жинақ құралы ретінде ақша байлықты  сақтаудың қолайлы нысаны болып табылады. Ақшаның кез-келген қаржы міндеттемесін қанағаттандыру үшін пайдалануға болатын артықшылығы  бар. Жақсы жолға қойылған ақша жүйесі өндірістік қуаттарды толық пайдалануға, халықтың жұмыс пен қамтылуына септігін тигізеді, керісінше,  нашар жолға қойылған ақша жүйесі өндіріс, баға, жұмыспен қамтылу  деңгейінің күрт төмендеуінің басты себебіне айналып, ресурстардың  бөлінуін (пайдаланылуымен) бұрмалайды.   

      Тауардың  айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге  ие болады: алғашқысы  жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы  қауымдық қоғамда  бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан  малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен  айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді  айырбастау  үшін  экономикалық  негіз  пайда бола бастады. 

      Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны  куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар  өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?

      Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін,  нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға  деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы  мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымына да  тәуелді. Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүдделікті  байқатады. Сұраным мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға екі мөлшердің яғни тауар құны мен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.

      Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құнының  тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады.  Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше – алтынның  құны  төмен болса, тауар бағасы жоғары болады. Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын  (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.

      Екінші  қызметі – айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол  түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды.  Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша  ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша  белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер  баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы  тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік  (сақтық) қор ретінде қажет.

      Үшінші  қызметі – төлем құралы. Бұл қызметті тауарды – ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты,  жер рентасын, жалақыны, диведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде  атқарады. Несие қатынастарының дамуымен байланысты жаңа айналым құралы – несие ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы,  чек, пластикалық карточка, «электрондық ақша». Несие ақшалардың болуы  қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептесу  мүмкіндігін қарастырады.

      Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол  ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық  салдарға соқтырады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлік  құралдары қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең  бастысы - өзара есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы  мығымдала түседі.

      Төртінші  қызметі – қазына жинау қорлану құралы. Ақша айналысын  тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе  ұзақ мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) тауарларды  сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін  нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Бұл ролді толық бағалы ақша  (алтын) орындайды. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін  маңызды.

      Бесінші қызметі – ақшаның әлемдік  ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік аренада ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының ролі  бірінші орында болады. Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен   түсіндіріледі. Халықаралық аренада ақша өзінен – К.Маркстің бейнелеп  айтуындай, - «ұлттық шекпенін» алып тастайды және өзінің ең алғашқы   түріне енеді – игілікті металл қаймағы түрінде болады. Тарих  куәландырғандай, монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып  есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д. VII-ші  ғасырда ойып - өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған. «Деньги» ұғымы түркілердің – күміс металлды «теңге» деп атауынан шыққан. Ол XV-ші ғасырдың  басында Әмір Темірдің (хан) басқару кезеңінде дайындалған. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар XII-ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал  XIII-ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған. Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар: 1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды  алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық  қызметтерін атқарады. 2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі.  Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін  айналымнан ығыстырады. Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің)  биметаллизм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI – XIX  ғасырларда Батыс Еуропа  елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі  жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы  өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп  биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып,  бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы  металға еркін айырбасталады. Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі – алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін  қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен  сипатталады. Екіншісі – алтын кесек стандарт. Ол Англия мен Францияда  бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн  өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алатын кесегі  стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі – алтын девиздер  стандарты. Ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды  алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929 – 1933  жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін  тоқтатты. XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте  несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар  жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі,  банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын  жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша  эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту;  ақша айналымын мемлекеттік реттеу. Қазіргі кезде қағаз және несие  ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды. Ақша массасы  дегеніміз не? Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің  жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады. Ақша массасы құрылымының  белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша  құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары  жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады. Жинақтап  айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы  тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағ ақша мен айырбас монетасы  емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен     (25%-дай),  ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы  жүреді. Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады.  Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және  т.б.  жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті  төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз  депозитінен қажетті соманы сатушының есепшотына аудартады немесе  қолма-қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді.  Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары,  басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар,  инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша  айналымының аталған компоненттері «квази-ақша» деп аталады. Ақша  айналымы құрылымындағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы  квази-ақшалар. Профессор П.Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер  деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясы анықтау үшін  маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде  оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін  айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге  алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады.  Өтімі төмендеу болатындарға – үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер  оларды «мұздатылған» құралдар деп атайды) жатады. Жоғрыда  айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымында мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1мағынасындағы ақшаны басқаша «іскерлік ақша» деп те  атайды. Бұл қолма-қол ақшамен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды.  Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және  қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1 – дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел  жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы  салымдармен салыстырғанда жоғары пайыздық табыс табады, бірақ олар  салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан  мерзімдік жинақ есепшоттардағы ақшаларды сатып алу және төлем  қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы  тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2 – лердің айырмашылығы   М2 – де квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол  аудару да оңай шаруа емес. Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша  агрегаттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол  маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны  біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категориялы ақша, бағалы  қағаздар мен несиелер деген қағидасына негізделді. Алайда ақша,  инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы  қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы  қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті  салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата  алады. Бағалы қағазды сатудан  түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы  есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша  саясатының  нысанасы  ретінде оң  қызмет  атқарады. 1 – кестеде АҚШ-тағы ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымының  динамикасының  өзгерісі  көрсетілген АҚШ-тағы  ақша  массасы  және  оның  жылдық  өсу  қарқыны,  млрд.  долл

    жыл    М1/М2      М1    Өсімі  %      М2    Өсімі  %
   1960

   1970

   1980

   1981

   1982

   1983

   1984

   1985

   45,5

   34,4

   25,4

   24,6

   24,6

   24,1

   23,5

   23,4

    141,8

    216,6

    414,8

    441,8

    480,8

    528,0

    558,5

    626,3

    0,6

   5,2

    6,6

    6,5

    8,8

    9,8

    5,8

  12,1

   312,3

   628,2

    1631,4

  1794,4

    1954,9

    2188,8

    2371,7

    2654,1

    4,9

    6,6

    8,9

    10,0

    8,9

    12,0

    8,4

    8,1

 
 

      Бұл деректер АҚШ-та 1960–1985 жылдар арасында ақша массасының  едәуір өскенін көрсетеді. Осы кезде М1 көлемі 44 есеге, ал М2 көлемі 8,5  есеге артқан, демек квази-ақшалардың өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан  әлдеқайда жоғары болған.  

      1.2. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның  конверциялану мәселелері 

      Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша  айналымының экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар  айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Aa) сай болады және  мынандай формуламен анықталады:              

                                                     

мұндағы ∑Стауар бағасының сомасы;

А – бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.

      Рынок жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш  фактордың стихиялы өзара іс-әрекетімен - айналатын тауардың массасымен,  олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.

      Алайда  ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап қоймай,  төлем құралы қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған  айналым үшін қажетті ақша саны формуласы (Аa), кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей түрге ие болады: 

                                                

мұндағы Аа айналымда болатын ақша саны;

                БС - өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы;

                Н несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы;

                 Т - мерзімі келген төлемдер;

                 ӨЕ - өзара есеп айырысу;

                 Ш - бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшандығы

      Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының  арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете алмайтын ақша  бірлігінің пайда болуы инфляцияны білдіреді – ақшаның сатып алу  қабілетінің төмендеуі, құнсыздануы. Бұл тауар бағасының жасырын немесе  ашық өсуіне алып келді.

      Экономикалық  тұрғыдан инфляция дегеніміз не? Инфляция (латынның  inflatio - қампиған деген сөзі) - қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда  болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы  баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық бағаның арнайы  көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі.

"justify">      Инфляция  – кешенді себептерден туындайды  және олардың ең  маңыздысы мыналар  болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы  және оларды  жабу  үшін  қағаз ақшалар шығарылады;  мемлекеттің өндірістік  емес  шығындар  (әсіресе әскери  шығындар)  деңгейінің  жоғарылығы  тұтыну  игіліктерін  шығаруды  арттырмайтын  және  адам  еңбегі  шығынымен  тікелей  байланысты;  тауар  тапшылығы,  оның  сұранымды  ұсынымнан  алшақтауға  алып  келуі  және  осының  негізінде – бағаның  өсуі;  бірқатар  өндірушілердің  монополиялық  жағдайда  болуы,  олардың  өзінің  өніміне  тұтыну  сапасын  арттырмай-ақ  немесе  барынша  өте  қымбат  өнімді  шығарумен  жүзеге  асырылуы;  жалақы  өсуінің  еңбек  өнімділігі  өсуінен  алшақтығы  және  басқада  бірқатар  себептер.  Бұл себептер  мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін  және  артық ақша  эмиссиясының  (эмиссия – айналымға ақша  мен бағалы  қағазды  шығару)  пайда  болуына  көмектеседі.

      Инфляцияның  бірнеше  түрлері  бар.  Баға  өсуі  қарқыны  көзқарасы  тұрғысынан  инфляцияны  төмендегідей  түрге  бөлуге  болады:  а)  баяу;      ә)  қарқынды;  б)  ұшқыр.  Баяу  инфляция  кезінде  бағалар  баяу  (жылына  10%-дан  аздау)  өседі.  Инфляция  2-3%  болған  жағдайда,  нарық  үшін  орынды  құбылыс  болып  табылады.  Мысалы,  1992-ші  жылы  инфляция:  Францияда – 2,7%,  Германи мен АҚШ-та – 3,8%  болды.  Қарқынды  инфляция  кезінде баға  жылдам,  ырғи-ырғи  (жылына  20-дан  200%-ға  дейін)  өседі.  Мұндай  инфляцияға  жол  бермеу  керек,  себебі  ол  өте  ауыр  әлеуметтік-экономикалық  салдарға  ұшындырады  (тұрғындардың  өмір  деңгейі  төмендейді,  кәсіпорын  күйзеліске  ұшырайды  және  т.б.).  Ұшқыр инфляция  кезінде айналымдағы ақшаның саны  мен баға  астрономиялық жылдамдықпен  (500-1000%)  өседі.  Қоғамның  экономикалық  тарихында ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалдары баршылық  (инфляция  Боливияда 1985-ші  жылы – 3400%,  Аргентинада  1990-шы  жылы – 2000%  болған).  Аргентина  экономикасын  ауыл  шаруашылығы  құтқарды.  Бұл  сала  басқасына  қарағанда елде  басым  болып,  уақыттың  белгілі  кезеңін  нарықтық  қатынастарынсыз-ақ  өмір  сүруге  мүмкіндік  туғызады.

      Шетел  ғалымдарының  ойынша,  «баяу  инфляция»  экономиканы  «көңілдендіруге»  әсерін  тигізеді  және  күрделі  қаржының  өсуіне  ықпал  етіп,  жұмыссыздар  армиясын  жоя  бастайды.  Американ  экономисі  А.Манның  айтуынша,  бағаның  қалыпты  әрі  ұзақ  көтерілуі  шаруашылық  жағдайын  жақсартады  және  тұтыну  қабілеттілігін  арттырады.  Шынында  да  инфляцияның  бірінші  кезеңінде,  қағаз  ақша  қарқынын  қамтамасыз  ету  олардың  эмиссия  қарқынынан  («сұлама»  инфляцияны  айтамыз)  қалған  кезінде,  арнайы  инфляциялық  конъюктура  пайда  болып,  тауар  бағасының  өсуі  уақытша  өндірісті  ұлғайтып,  тауар  айналымын  ынталандырады.  Алайда  ақшаның  құнсыздануының  деңгейіне  қарай  инфляция  өндіріс  пен  айналым  процесін  ұйымдастыруды  тезірек  бұзатын  әсерлерге  («қарқынды»  инфляция)  тап  болады.  Сөйтіп,  несие-қаржы  және  валюта  жүйесінің  («гиперинфляция»)  толық  бұзылуына  алып  барады.

      Рыноктық  инфляциялық  тепе–теңдігінің  қандай  түрді  қабылдануына  байланысты  инфляция  типтерін  ашық  және  басылыңқы  деп  айырамыз.  Ашық  инфляция  еркін  баға  құрылымы  экономикасына  тән  және  тауар  мен  қызмет  көрсетуге  үнемі  бағаның  өсуін  байқатады.  Егер  микроэкономикалық  тепе-теңдік  сұраным  жағына  қарай  бұзылса  және  тұрақты  бағаның  өсуімен  байқалса,  онда  бұны  ашық  инфляция  дейміз.  Ашық  инфляция  жекелеген  тауар  нарығында  бағаның  кезеңмен  төмендеуіне  толық  сай  келеді  немесе  тіпті  болмағанда  олардың  өсуін  баяулатады.  Демек,  ашық  инфляция  нарық  механизмін  кәдімгідей  өзгертіп,  оны  аса  бұзбайды.

      Басылыңқы  инфляция,  оны  кейде  жасырын  инфляция  деп  те  айтады.  Ол  бағаны  реттейтін  (жалақыда  болуы  мүмкін)  экономикаға  тән,  яғни  жалпылама  мемлекеттің  бағаны  бақылауымен  жүзеге  асатын  инфляция.  Сондай-ақ  ол  тауар  тапшылығы,  өнім  сапасының  төмендеуінде,  ақшаның  қорлану  мәжбүрлігінде,  көлеңкелі  экономика  дамуында,  бартерлік  іс-әрекетте  байқалады.

      Басылыңқы  инфляция  мемлекеттің  тауарлық  бағаны  сұраным  мен  ұсыным  тепе-теңдігінен  төмен  болуын  қолдау  арқылы  пайда  болады.  Мұнда  ақша  жалпылама  сатып  алу  құралы  және  тауар  мен  қызмет  көрсетуді  үлестіру өлшемі  болуды  тоқтатады.

      Қазақстан  Республикасында  1992-ші  жылға  дейін  жасырын  инфляция  басым  болып,  ол  кейінірек  ашық  қарқынды  инфляциялық  сипатқа  ие  болып,  сосын  ұшқыр  инфляцияға  айналды.  Республикада  1993-ші  жылы  инфляция  2260%  құраса,  1994-те - 1258%,  ал  1995-тің  аяғында  «теңге»  тұрақтана  бастап,  инфляция  төмендеді  және  60,3%-ға  қысқарды.  Инфляция  1996-шы  жылы  28,7%-тың  маңында  болса,        1997-ші  жылы – 11,2%,  1998-ші  жылы – 1,9%,  1999-шы  жылы – 17,8%,  2000-ші  жылы – 9,8%  құраса,  ал  2003  жылдың  аяғында 5,9%-ға  тұрақтады.

      Рыноктық  экономиканың  бөлінбес  бөлігі  болып – валюталық  нарық  болып  табылады.  Бұл  шетел  валютасын  сатып  алу – сату  операциясы  бойынша  (банкнот,  қазыналық  билет  пен  монета  түріндегі  ақша  белгілері)  экономикалық – қаржы  қатынастар  жүйесі.  Валюталық  операцияға  қатысу делдалдық брокерлік биржа арқылы  жүзеге  асады.

        Валюта – бұл  ақша  бірлігі  және  оны  тауар  құны  мөлшерін  өлшеу  үшін  қолданылады.  «Валюта»  ұғымы  үш  мағынада  қолданылады:  а) сол  елдің  ақша  бірлігі  (Қазақстан  теңгесі,  АҚШ  доллары,  Ресей  рублі,  Жапония  иені,  Ағылшын  фунт  стерлингі  және  т.б.)  және  оның  әртүрлі  типтері – алтын,  күміс,  қағаз;  ә) шетел мемлекетінің  ақша  белгісі,  шетел ақша  бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және  халықаралық есептеуде  қолданылатын – шетел валютасы;  б) халықаралық (аймақтық)  ақша  есептеу бірлігі және  төлем құралы  (евро).

      Валюта  қолдану  саласы  мен  тәртібіне  қарай  былай  бөлінеді:

      а) еркін  конверсияланатын  (толық  қайтарымды)  және  ол  кез-келген  шетел  валютасына  белгілі  баламамен  шексіз  айырбасталады;

      ә) барлық  валюталық  операция  бойынша  ішінара  (ішінара  қайтарымды)  конверсияланатын;  конверсияланбайтын  (қайтпайтын,  тұйық) – тек  бір  елдің  шеңберінде  айналымда  болатын;

      б) басқа  шетел  валютасына  айырбасталмайды.  Еркін  конверсияланатын  валютаға:  АҚШ  доллары,  Ағылшын  фунт  стерлинг,  Швейцария  франкісі  және  Жапон  иені  жатады.

      Көптеген  дамушы  елдердің  ұлттық  валютасы  тұйықталған  болып келеді.  Біздің  ұлттық  валютамыз  «теңгеге»  келетін  болсақ,  ол  әлемдегі  бірден-бір  конверсияланбайтын,  тұйық  валютаға  жатады.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  ғалым-экономистері  «теңгенің»  конверсиялануына  қол  жеткізуін  қарастыруда.  Олар  экономикалық  реформаны  тереңдету  жолдарын  іздестіруде.  Шетел  мамандарының  ойынша,  қазір  теңгенің  конверсияланбауы  төмендегідей  себептермен  түсіндіріледі:  а) валюталық  курстың  жоғарылығы;  ә) ішкі  бағаның  рационалды  болмауы;  б) тауардың  конверсияланбауы.  Соңғысын  тек қана  тұтыну  нарығын баланстандыру  жолымен  жоюға  болады.

      Рыноктық  экономика жағдайында  ұлттық  валюта  теңге нарықтың  қалыптасуына  және  онда  бәсекенің болуына көмектеседі,  ішкі  бағаны  нақтылайды,  отандық өндірісті әлемдік  деңгейге  көтеруді  қамтамасыз  етеді,  дәйекті  сыртқы  экономикалық  мамандануды  жүзеге  асырады.  Осы  кезде  капиталдың  халықаралық  ынтымақтасуының  жаңа  түрі  пайда  болып,  елдің  халықаралық  инвесторға  айналуы  басталады.

      Ұлттық  валюта  теңгенің  енгізілуі  Қазақстан  Республикасы – егеменді  мемлекетінің  барлық  атрибуттарының  толық  безендірілуінің  соңғы  қадамы  болады.  Қазақстанның  көп  ғасырлық  тарихында  алғашқы  рет  өзінің  ұлттық  ақша  бірлігі – теңгеге  ие  болды.  Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  шешім ең  дұрыс шешім болып табылады.

      Барлық  елдерде  валютаны  конверсиялау  жетістік  ретінде  қарастырылады,  прогрессивті  өзгерістер  нәтижесін  жүзеге  асырушы  және  тұрғындардың  өмір  деңгейін  көтеруге  бағытталады.  Ашық  экономикалы  қоғамда  валютаны  конверсиялау  ұлттық  экономиканы  әлемдік  шаруашылықпен  байланыстыруда  интеграциялық  факторларды  құрудың  басты  тетіктеріне  айналады.  Өзінің  тауарлы  массасын  балама  емес  айырбастан  және  экономикалық  егемендікті құрудың басты белгісі бола  алды.

      Валютаны  конверсияландыру  дегеніміз экономиканың  әлемдік  рынокта  бәсекелестік  қабілеттілігін  жасау,  ал  валюта-қаржы жүйесін сыртқы  сауда  мен  валюта-несие  қатынастарын  халықаралық  стандартқа  сай  қайта  құру.  Қазақстан  Республикасында  өндірістің  тұрақты  құлдырауы  кезінде  бюджет  тапшылығының  барынша  аса  ұлғаюында  және  үздіксіз  инфляцияда  теңгенің  қажетті  конверсиялану  шарты  мыналар  болмақ:  а) өнімнің  технологиялық  профилінің  импортты  ауыстыратын  өндірісінің  міндетті  дамуын  қалыптастыру;  ә) мемлекеттің төлем  балансын  жетілдіру;  б) инфляцияның қарқынын  төмендету.  Мемлекет  қандайда  бір қатаң ақша  саясатын  жүргізуге тырысады,  осы факторларды ескермей  теңгенің  конверсиялануына  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Экономиканы  көтеру  керек,  себебі  ол  сыртқы  сауданың  технологиялық  профилінің  негізі  болып  табылады.  Бұл  ұлттық  валютаның  конверсиялау  мәселесін  шешуге  мүмкіндік  жасайды. 

      Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  жағдайы  тұрақсыздануда  және  оның  тезірек  жөнделуі  үшін  жылдар  керек,  себебі  оның  ар  жағында  нақты  тауар  массасы  жоқ.  Тіпті  кез-келген  әлем  елдеріндегі  алтын  қорының  болуы  ұлттық  валютаға  абсолюттік  кепілдік  бере  алмайды.  Халықаралық  Валюталық  Қор  (ХВҚ),  Бүкіләлемдік  банк,  Азиялық  банк,  Еуропалық  даму  және  қайта  құру  банктері  біздің  валютаны  қолдайды.  Алайда  шетелден  келген  көмек  ұлттық  жетістігімізге  оң  салдар  жасауы  екіталай.  Жаңа  технологиялы  ірі  инвестиция  бұл  басқа  шаруа,  себебі  ол  өндірістің  құлдырауын  жоюға  көмектеседі.  Тауар  өндірушілер  үшін  жұмсақ  валютаның  курстық  арақатынасын  анықтауды  қалыптастыру  әкімшілдік  емес  нұсқауды  ұлғайту немесе  өнім  өндіруді  қарастыру керек.  Кейінірек  төлем  одағының  дамуымен  толық  қанды  валютаны  құру  сауалы  тууы  әбден  мүмкін,  себебі  соның  негізінде  елдер  біріктіріледі.  Нәтижесінде  қандайда  болмасын  бір  килирингтік  валюта  болуы  мүмкін,  сонда  біркелкі  ұлттық  банк  құрылады.  Бір  жағынан – экономикалық  саясаттың  жалпы  бағытталуы  мемлекеттің  қатаң  әрі  іргелі  ақша-несие  саясатын  шектен  жүргізілген  болса,  екінші  жағынан – барлық  шаруашылық  субъектілері  өзінің  қаржы  нәтижесі  қызметіне  жауапкершілікті  күшейтеді.

      Валюта  қаржылық  және  тауарлық  конверсиялану  жағдайында  жүзеге  асады.

      Қаржылық – бұл  шетел  мемлекеті  валютасына  конверсиялануы.

      Тауарлық  – бұл  кез-келген  тауарды  шығу  тегіне  қарамай-ақ  алу  мүмкіндігі.

      Сондай-ақ  валютаны  конверсиялануы  бойынша  – сыртқы  және  ішкі  деп  жіктейміз.  Сыртқы  конверсиялану  – бұл  елдің  ішінде  ұлттық  валютаны  қолдануға  шектеудің  болмауы  және  оның  шетел  азаматтарынада  (резиденттер)  солай  болуы.  Әрине,  бұл  жағдайда  ішкі  нарықтық  механизм  ұлттық  валютаның  (еркін  таңдауы  бойынша)  кез-келген  валютаға,  тауар  массасына,  әртүрлі  бағалы  қағаздарға  (мемлекеттік  және  жеке)  конверсиялану  кепілдігін  береді.

      Сыртқы  экономикалық  байланыстар  бойынша  (шетел  валютасын  сатып  алу,  төлем  және  импорттық  іс-әрекеттер)  резиденттердің  валютаны  қолдануына  шектеу  болған  жағдайда,  онда  ішкі  конверсиялану  орын  алады.  Алайда  практикада,  көптеген  конверсиялану  түрлері  аралас  түрінде  өткеріледі. 

      Әрбір  ұлттық  валютаның  басқа  елдің  ақша  бірлігінде  бағасы  болады.  Бұл  валюталық  немесе  айырбастау  курсы  болып  табылады.  Басқаша  айтсақ,  валюталық  курс – бұл  ұлттық  валюта  бірлігінің  саны және  ол  шетел валютасы  брлігіне  айырбасталу мүмкіндігі.  Айырбастау  курсының  төмендегідей  түрлері бар. 

      Номиналды  айырбас  курсыбұл  ұлттық  валюта  мен  шетел  валютасы  бірлігі  санының  арақатынасы,  ол  тіркелген  ретте  және  қалқымалы  негізде жүзеге  асады.

      Нақты  айырбас  курсыбұл  екі  елдегі  баға  деңгейінің  арақатынасын  ескеретін  айырбас  курсы.  Номиналды  айырбас  курсының  салыстырмалы  елдегі  баға  индексі  арақатынасына  бөлгендегі  жекелеген  ретте  есептелініп  шығарылады.

      Қалқымалы  айырбас  курсы – халықаралық  есептесу  жүйесі,  онда  елдер  ішкі  нарықты  салмақтандыру  мақсатында  айырбас  курсын  өзгерту  құқына  ие  болады.

      Тіркелген  айырбас  курсыбұл  жүйе,  онда  ұлттық  валютаның  шетел  валютасына  қатынасы  арнайы  бекітіледі  және  өзгертілмейтін  болып табылады.  Валюта  курсы сұраным мен ұсынымның  оған  деген арақатынасымен  анықталады.  Сұраным  мен  ұсынымның  әсерінен  валюталық  курстың  едәуір  ауытқуы,  оның  күшті  және  әлсіз  валютасы  үшін  де  тән.

      Оны  қысқаша  белгілі  график  көмегімен  бейнелеуге  болады,  онда  ол  сұраным  мен  ұсынымның  өзара  іс-әрекетін  бейнелейді. 

Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы